The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Табиғи газдан алынатын өнімдер

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by aiymgulbaizakova, 2024-04-05 05:11:58

ХИМИЯ ПӘНІНЕН КІТАП

Табиғи газдан алынатын өнімдер

Табиғи газдардан алынатын өнімдер Орындаған:Байзакова Айымкүл, Нысанбек Бахыткүл


Жоспар 1.Табиғи газға жалпы сипаттама 2.Табиғи газға жататынар 3.Табиғи газдың Қазақстанда өндірілуі 4.Табиғи газдан алынатын өнімдер 5.Қазақстандағы табиғи газдарды өндіру бойынша статистика 6.Табиғи газдың қолданылуы 7.Қорытынды 8.Пайдаланылған әдебиеттер


Табиғи газ — Жер қойнауларында органикалық заттардың анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған газдар қоспасы. Табиғи газ пайдалы қазбалар қатарына жатады. Табиғи газ қабаттарда (жер қойнауларында) орналасқанда газтәрізді күйде - жекелеген шоғырлар (газ кендері) түрінде немесе мұнай-газ кенорындарының беткі бөлігіндегі арнайы газды қабат (шапка) ретінде немесе мұнайда, кей жағдайда суда ерітілген күйде де болады. Қалыпты жағдайда (101,325 кПа және 15 °C) табиғи газ тек газтәрізді күйде болады. Сондай-ақ табиғи газ табиғи газ гидраттары түрінде кристалл күйінде де кездесе береді. Таза табиғи газдың иісі мен түсі болмайды. Табиғи газға жалпы сипаттама


Табиғи газдың негізгі бөлігін метан (CH4) құрайды — 92-ден 98 %-ке дейін. Табиғи газдың құрамына ауырырақ көмірсутектер - метанның гомологтары кіре алады.: этан (C2H6), пропан (C3H8), бутан (C4H10). Сондай-ақ басқа да көмірсутек емес заттар да кездесіп жатады: сутек (H2), күкіртсутек (H2S), көміртек диоксиді (СО2), азот (N2), гелий (Не). Табиғи газға жататынар


Табиғи газдың Қазақстанда өндірілуі Қаз Мұнай Газ ұлттық мұнай газ холдингінің құрамына кіретін ҚазТарансГаз ұлттық компаниясы АҚ өзінің 2007 ж өндірістік шаруашылық қызметін жеткілікті деңгейде табысты деген тұрғыда сипаттады. Қазақстанның көршілері табиғи газды өндірумен пайдалануда. Жоғары деңгейлі мемлкеттер болып табылады. Сондықтан географиялық орналасуына байланысты біздің еліміз арқылы газдың транзиттік бағыттары өтеді. Осыған байланысты Қазақстанның транзиттік әлеуметтілігі тиімді әрі ұтымды пайдалану қажет. Қазіргі таңда табиғи газды Қазақстандық тұтынушыларға ҚазТрансГаз Алматы және ҚазТрансГаз аймақ акционерлік және компанияның еншілес кәсіпорындары жеткізіп беріп отырады. Қазіргі кезде республикамызда көптеген газ қорлары барланды. Бірақ 2/5 бөлігі Қарашығанақ кен орнының үлесінде. Келесі ірі кен орындарына Қашаған, Имашев, Жаңажол жатады. Газдың негізгі қоры көбінесе мұнай-газ кен орындарында мұнаймен бірге кездеседі. Оңтүстігімізде Шу-Сарысу газ алабы біртіндеп қолға алынып, игеріле бастады.


Қарашығанақ Қазақстандағы табиғи газ кен орындары Жетібай Қаламқас


Ацетилен Галоген туындылары Карбамид Еріткіш Еріткіш Бояулар Пластмассалар Жасанды талшық Маргарин Отын Дәрі-дәрмек Аммиак ТАБИҒИ ГАЗ Синтез газ CO+H2 Метанол Сутек Жағу Күйе ОтынЭлектрод Типография бояуы Резеңке Тоңазытқыш Тыңайтқыштар


Табиғи газдың қолданылуы Қолдану кезінде толықтай жанып кететін бірегей қазба жағармай болып табылатын табиғи газ қорларын игеру арқылы біз энергия тасымалдаушыларға деген өсіп келе жатқан жаһандық сұранысты қанағаттандыруға және атмосфераға СО2 шығарындыларын азайтуға өз үлесімізді қосудамыз. Газ энергиямен қамтамасыз етіп, үйлерімізді, кәсіпорындарды және бүтін өнеркәсіп салаларын жылытады. Ол жел қуаты мен күн энергиясы секілді жаңартылатын энергия көздеріне керемет қосымша бола алады. Сонымен бірге, табиғи газды атмосфераға көміртегі шығарындыларын азайта отырып, кемелер, автокөліктер, автобустар мен поездерге жағармай ретінде қолдануға болады.


Қорытынды Табиғи газды көмірмен салыстырғанда электр энергиясын өндіру кезінде СО2 көлемдерінің жартысы және атмосфераны ластайтын басқа заттардың оннан бір бөлігі ғана пайда болады. Әлемдегі табиғи газдың қорлары мол. Егер оны тұтыну көлемі қазіргі деңгейде сақталса, табиғи газдың қазба қорлары 230 жылға жетер еді. Табиғи газ өзге табиғи жанармайларға қарағанда бірқатар айқын артықшылықтарға ие. Газбен жұмыс істейтін электр станциясын көмірмен істейтін станцияға қарағанда іске қосу мен тоқтату әлдеқайда тезірек. Бұл ерекшеліктің себебінен табиғи газ тек қана күндіз және жел соғып тұрған кезде қол жетімді жаңартылатын энергия көздеріне тамаша қосымша болып табылады.


Пайдаланылған әдебиеттер 1.Мұнай және газ геалогиясы және кәсіптік технологиялық терминдердің түсіндірме сөздігі / Анықтамалық басылым-Алматы: 2003 жыл 2.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. 3.Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет. 4.https://www.freepapers.ru/43/tabii-gaz-zhne-onyfizikaly/238019.1617845.list1.html 5.https://student.zoomru.ru/him/tabii-gaz/183493.1500807.s1.html


Click to View FlipBook Version