ТАБЫСТЫ АДАМ: ОЛ ҚАНДАЙ? Қасен Алина, 211-топ
Жоспары: 1.Ата аналарға бала тәрбиесінің маңызы. 2.Табысты адам деген кім? 3.Инклюзивті білім беру. 4.Инклюзивті білім беру “Отбасы- мектеп -қоғам” ынтымақтастығының маңыздылығы. 5.Бала тәрбиесіндегі қарапайым ереже.
Жиналысттың мақсаты: Инклюзивті білім берудің ата аналарға маңызын түсіндіру және ұғындыру. «Отан отбасынан басталады» демекші ата - аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе ата - аналар мен ұстаздар боп. атсалысақ, алар асуымыздың болары сөзсіз Отбасы - адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір суретін орны. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. жаман әдеттерді бала отоасында уйренеді Баламыз өмірден өз орның тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбисін көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық! Жиналысттың мақсаты: Инклюзивті білім берудің ата аналарға маңызын түсіндіру және ұғындыру.
Табысты адам-үнемі өз алдына өмірлік мақсаттар қойып, оларға қол жеткізетін адам. Өзіне, біліміне, қабілетіне, іс-әрекетіне сенімді адам. Бірінші,нені қалайтыныңызды білу. Табандылықпен ең жақсы дос болу керек. Тәжірибемен дос болып одан үміт үзбеу керек. Сәтті болу дегеніміз, сіз өткенге қарап, қол жеткізген және жасаған барлық нәрселеріңізге еш өкінбестен толықтай қанағаттануға болатындығын білдіреді. Табысқа жетудің басты белгілерінің бірі-сіз қандай мақсатқа тап болсаңыз да, қол жеткізуіңіз керек мақсатқа жету. "Сәттілік" сөзі маған "егер сізде сенім болса, онда сіз мақсатқа жете аласыз"деген сөзді еске салады деп айтқым келеді. Сөздің анықтамасы бұл сәтті орындау немесе жетістік деп айтады. Менің ойымша, бұл өмірдегі қиындықтар мен сынақтарды жеңудің тікелей нәтижесі, сондықтан ол болмайды. Егер сіз артқа қарап, сәтті өмір сүрдіңіз деп айта алсаңыз, онда басқа ештеңе маңызды емес.
Инклюзивті білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналықпедагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ – БАЛАЛАРДЫҢ ЖЫНЫСЫНА, ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ, ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРАТЫН ЖЕРІНЕ, ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ АҚЫЛЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫНА, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ҚАРАМАСТАН, САПАЛЫ БІЛІМ АЛУ ЖӘНЕ ӨЗДЕРІНІҢ ПОТЕНЦИАЛДЫҚ ДАМЫТУ МҮМКІНДІГІНЕ ИЕ БОЛУ. ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУ - БАРЛЫҚ БАЛАЛАРҒА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА, МЕКТЕПТЕ ЖӘНЕ МЕКТЕП ӨМІРІНЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУҒА, АДАМДАРМЕН ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСЫНА ҚАЖЕТТІ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ.
Инклюзивті білім беру “Отбасы- мектеп -қоғам” ынтымақтастығының маңыздылығы. Біздің алдымызда тұрған негізгі міндет-олардың әлеуметтенуі мен бейімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету. «Бәріне бірдей мүмкіндік» принципін ұстанатын инклюзивті білім беру жүйесі негізінде, ерекше балаларды қалыпты балалармен бірге оқыту мен тәрбиелеу болып табылады. Ерекше балалармен түзету жұмыстарын жүргізудегі негізгі бағыттардың бірі оларды қатарластарымен, ересектермен дұрыс қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. Олардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру және бала өзінің жалғыз емес екенін, ортаның шектемей қабылдауын сезінуі қажет. Нәтижесінде балалар арасында жолдастық, өзара көмек, тілектестік сезімдері пайда болады. Ал ерекше балаға бұл әлеуметтік ортаға бейімделуінің ең маңызды сатысы десек қате болмас. Келесі маңызды фақтор, ол ата-ананың рөлі болып табылады. В.А.Сухомлинский «Тек ата-анамен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағытты беруі мүмкін» -дейді. Демек, ата-ана бала тәрбиесінде балаға ықпал етуші бірден-бір фактор болып есептеледі. Баланы кішкентай кезінен өзін қоршаған адамдардың қарым-қатынасынан үйренген тәжірибесі оның психикалық дамуының іргетасы болатынын және кейінгі тағдыры осыған байланысты анықталатынын терең түсіне бермейміз. Яғни, жанұя баланың психикалық дамуының негізгі ошағы болып табылады. Осыған байланысты ерекше баланы оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде ата-ана мен туыстарының рөлі мен жауапкершілігі бірнеше есе өсіп отырады. Ол тек баланы өмірлік қажеттіліктерімен қамтамасыз етуден ғана тұрмайды, оны үнемі сүйіспеншілікпен қамқорлық аясына алу, сезімталдықпен қолдау қажет.
Бірақ ол баланың өзінің өмірлік тәжірибесін меңгеруіне жағдай жасау үшін өзіндік белсенділігін қолдау және қалыптастыруға бағытталған болуы керек.Баланың әлеуметтік дағдылары жас және жалпы даму деңгейіне қарай мүмкіндігінше ересек адамдар мен балалардың арасында өзара іс-әрекет арқылы қалыптасады. Ерекше баланы тәрбиелеп, әлеуметтендіру үшін мәдени-гигиеналық дағдылар мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысын қалыптастырудың маңызы зор. Осылардың барлығы ерекше баланың дамуына оң ықпалын тигізеді деп есептеймін. Келесі баланың өміріндегі негізгі фактордың бірі мектептің рөлі деп сеніммен айтуға болады. Жалпы білім беретін мектептер ерекше балалар үшін тәрбие институты болуы керек. Инклюзивті білім беру жағдайында білім беру үрдісін жүзеге асыратын мектеп ұжымы әр баланың жеке ерекшеліктерін есепке алу маңыздылығын түсіну қажет. Бұл ең алдымен баланың мектепке бейімделуіне және оқуында қиындықтар бар балалардың сапалы білім алуы үшін маңызды болып табылады. Балаға нәтижелі көмек көрсету, олардың оқудағы қиындықтарына сәйкес жеке дамыту бағдарламаларын құру үшін, алдымен нені дамыту қерек екендігін анықтап алу қажет. Бұл оқушының қазіргі қиындықтарын жоюға ғана емес, сонымен қатар келешекте пайда болуы мүмкін қиындықтардың алдын алуға көп көмегін тигізеді. Ерекше балаға білім беру үшін көп еңбек, ұстаздық жылы сезім мен кішіпейілік керек.Оларға қарапайым түсініктерді жеткізу оңай шаруа емес.Ұстаз ізденісі әр баланың жан-дүниесіне үңілуден басталады. Бұл балаларды зерттеу ол нені жақсы көреді, нені ұнатпайды, кімді құрмет тұтады, немен айналысқанды ұнатады т.б. сұрақтарға жауап алудан басталады.Түрлі әдістер арқылы баланың психикалық қүшті және әлсіз жерлерін анықтаған соң, нәтижелі көмек көрсетуге болады. Осы орайда, мұғалім мен арнайы мамандардың жұмысы арасында тығыз байланыс жүргізілуі қажет, бұл оқуында қиындықтары бар балаларды оқыту үрдісін нәтижелі етуге мүмкіндік береді.
Бала тәрбиесіндегі қарапайым ереже: Бір қарапайым ережені әрқашан есте ұстаған жөн. Табысты бала бұл өзін -өзі бағалауы қалыпты, бақытты, балалық шақта аналар мен әкелердің әсерінен пайда болатын қорқыныш пен қорқынышсыз адам. Ата -аналар бастама көтермейтін және өз пікірін қорғамайтын мойынсұнғыш және сабырлы балаларды жақсы көредіү Бірақ ондай ыңғайлы бала табысты балардың қатарынан көрінбеуі ықтимал. Себебі, бұндай тәрбие өз кезегінде баланың болашаңына көп кедергі келтіреді. Ол пірін айта алмайтын, өзінеғ сенімсіз баланы тәрбиелеп жатқанын ерте түсінулері керек. Бұны ертерек көріп, алдын -алу керек.
Жиналысты қорытындылай келе мына видео рөликке назар аударсаныздар: https://youtu.be/rAh3ds1ntxU?si=zVjkIJKYF_Nqce0L Сергіту сәті: https://youtu.be/bgILVAv509Y?si=NCYw-HVm3hggquJ5
Назарларыңызға рахмет!