МЕНІҢ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҒЫМ ІлімтәліпҚарақат
Педагог дегеніміз - бұл мамандықты игеріп, диплом алған адам емес, барлық қиындықтарға қарамастан, өзінің бүкіл өмірін жаңа ұрпақ тәрбиесі мен біліміне арнаған адам. Иә, өмірде әр түрлі мамандықтар бар, олардың әрқайсысы өзінше маңызды және қызықты. Бірақ педагогика - бұл ерекше қызмет. Мұнда тек білім жеткіліксіз болады, бұл қызмет тынымсыз еңбекті талап етеді.
БАСТАУЫШ БІЛІМ — БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ САТЫСЫНДА МЕҢГЕРТІЛЕТІН ДАҒДЫЛАР МЕН ҰҒЫМДАРДЫҢ ЖИЫНТЫҚ АТАУЫ. БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ САТЫСЫНДА ОҚУШЫ ӘРІП ТАНЫП, ЖАЗА БІЛУГЕ, ДҰРЫС, ЖАТЫҚ ОҚУҒА, ӨЗ ОЙЫН АУЫЗША, ЖАЗБАША ЖЕТКІЗЕ БІЛУГЕ, МАЗМҰНДАУҒА ҮЙРЕНЕДІ. ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНЕ ДЕЙІН БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ІСІ БАСТАУЫШ ХАЛЫҚ УЧИЛИЩЕЛЕРІ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛДІ. БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ КЕЗЕҢІНДЕ ОҚУШЫ АЛҒАШҚЫ ҒЫЛЫМИ МӘЛІМЕТТЕРДІ ҰҒУҒА ЫНТАЛАНЫП, ҚАЖЕТТІ ДАҒДЫЛАРДЫ ИГЕРЕДІ, ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІ МЕН ТАНЫМЫ ҚАЛЫПТАСАДЫ. АНА ТІЛІНІҢ, МАТЕМАТИКАНЫҢ, ТАБИҒАТТАНУ ПӘНДЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІН БІЛУГЕ, ОНЫ ӨМІРГЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІН АЛУҒА ДАҒДЫЛАНАДЫ. СОНДАЙ-АҚ, БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ ПАТРИОТТЫҚ, АДАМГЕРШІЛІК, ДЕНЕ, ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІН БАЛА БОЙЫНА СІҢІРУ КӨЗДЕЛГЕН.
МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАҒАН ЖАС БАЛА ЕРТЕҢГІ ЕЛ ТҰТҚАСЫ ДЕСЕК, ОЛАРДЫ ПАРАСАТТЫ, САНАЛЫ АЗАМАТ ЕТІП ТӘРБИЕЛЕУ – ӘРБІР ҰСТАЗДЫҢ БОРЫШЫ. БҮГІНГІ МҰҒАЛІМ КІШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ТЕК БІЛІМ БЕРІП ҚАНА ҚОЙМАЙ, ОЛАРДЫ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИ-КАНЫҢ НӘРЛІ ҚАЙНАРЫМЕН СУСЫНДАТУ, ӘРБІР ОҚУШЫ БОЙЫНДА ҰЛТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ, АДАМГЕРШІЛІК, СЫПАЙЫЛЫҚ ПЕН КІШІПЕЙІЛ-ДІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА, БАЛА-НЫҢ ЖАН ДҮНИЕСІН РУХАНИ ҚАЗЫНАЛАРМЕН БАЙЫТУҒА, ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘДЕТҒҰРПЫН, САЛТ-ДӘСТҮРІН МЕҢГЕРТУГЕ ТИІС.ПӘНДІ ОҚЫТУҒА ЖАЛПЫ ДАЙЫНДЫҚ ОҚУ ЖОСПАРЫН, БАҒДАРЛАМАСЫН ОҚЫП-ҮЙРЕНІП, КҮНПАРАҚТЫҚТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР ЖАСАУДАН ЖӘНЕ САБАҚТЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫН – ОҚУ БӨЛМЕСІН, КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР, ОТҚ, ҚҰРАЛСАЙМАНДАРДЫ, ПРИБОРЛАРДЫ Т.Б. РЕТТЕУДЕН ТҰРАДЫ (ҚҰРАЛАДЫ). БҰЛ ДАЙЫНДЫҚ, ӘРИНЕ, ОҚУ ЖЫЛЫ БАСТАЛМАЙ ТҰРЫП ЖАСАЛАДЫ.
Бастауыш білім беру мұғалімі - өте қажетті және маңызды мамандық болып саналады. Бұл мамандық қаржылық артықшылықтан басқа (біліктілігін арттыру кезінде және еңбек өтілі артқан сайын мұғалімнің жалақысы артады), жұмыс нәтижесінен, оқушылардың жетістіктерінен және ата-аналардың қолдауынан туындайтын қанағаттанушылық сезімін сыйлайды - бұлар осы бағыттағы жұмысты атқаруда айтарлықтай маңызды құндылықтар болып саналады.
Қазіргі заман мұғалімінің ең басты ерекшеліктерінің бірі оқушыларға рухани тұрғыдан ықпал жасауды күшейту, сол арқылы еліміздің нағыз белсенді азаматын және отанды қорғаушысын тәрбиелеп шығару. Бұл үшін мұғалім табиғат, қоғам, адам, айнала қоршаған дүние туралы ең жаңа ғылыми біліммен қаруланған болуы шарт. Мұғалім еңбегі өте ептілікті, сезгіштікті, шыдамдылықты талап етеді. Мұғалім бала жанын сезе білуге бейім болуы керек. Мұғалімнің балаға шынайы сезіммен, құрметпен қарауы, балада да мұғалімге деген сенімін тудырады. Мұғалім еңбегінің ерекшеліктері оның баламен үнемі қарым-қатынаста болуымен сипатталады. Сондықтан мұғалімнің жалпы дәрежелі болуы оның интеллектуалдық мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды. Мұғалім өз заманының білімді, мәдениетті адамы бола отырып, оқушыны оқи білуге, білім ала білуге үйретеді.Бұл дағдылар пән бойынша білім, нақты дағдылар, сауаттылық пен тәжірибені қамтиды.
МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДАҒЫ ЖОЛЫМ Қазір таңда ҚызПу университетінде білім алып жатырмын,2курс студентімін,мамандығым бастауыш мұғалімі.Мен бұл мамандықты өз еркіммен қалап түстім,мамандығым өзіме қатты ұнайды.Жалып бұл мамандықта қалай таңдадым? Ең алдымен мен мектеп қабырғасында білім алып жүргенде мен медицина саласына түскім кклген яғни,дәрігер болуды қаладым,күндер өтіп жатты мен Ұбт тестына дайындалып жүрдім, мектепте 8 наурыщ мерекесіне орай біз мұғалімдердің орнына сабақ өтетін болдық,сол кезде мен бастауыш сыныбына түстім,менде қорқыныш болды,мен балаларға тақырыпты түсіндіріп кеттім,сергіту сәтін ұйымдастырдым,түрлі ойындар арқылы сабақ өткіздім.Сол кезде менің ойыма неліктен мұғалімдік жолды таңдамасқа деп ойландым,себебі,балалардың кіршіксіз таза көңілі,қуануы маған үлкен бір бақытты сезіндірді,маған балалармен жұмыс жасаған ұнайды.Өзімді мұғалімдікжолда еркін сезіне алдым,осылайша ұбт дайындығым одан сайын күшейтін осы жолды таңдадым. МЕНІҢ
ЗАМАНАУИ ҰСТАЗ Ал жаңашыл ұстаз қандай болуы керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл — әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Өмірдің көшінен қалмау, яғни білімі мен біліктілігін әрдайым жетелдіріп, жаңа инновациялық технологияларды меңгеріп отыруы керек. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.
Әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі — өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз — бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
Болашақта Менің оқушыларым менен алған шамшырақтарын ары қарай жаға алатынын, өмірде пайдалана алатынын, жақындары мен қажет ететіндерге ұсына алатындықтарын білемін. Мүмкін олар ғалым болмайтын шығар, бірақ олар нағыз адам болып шығады. Мен оларға сенемін.
THANK YOU VERY MUCH