The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Meruert Maral, 2024-04-04 09:03:22

Оң қол - Төлен Әбдік

кітап

1 «Адам жанын тазартатын жазушы» Төлен Әбдік Библиографиялық құрал Талшық с., 2023 ж Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық кітапханасы


Құрастырушы:             Айтқұлова.Г.Т. Библиограф            Адам  жанын  тазаратын  жазушы Төлен  Әбдік  [Библиографиялық құрал]   / Құраст: Г.Т.Айткулова.‐ Талшық, 2023. –  18 б.


3 Құрастырушыдан Əдістемелік - библиографиялық бөлімі библиографиялық құрал құрастырып, оқырман назарына ұсынылып отыр. Танымал жазушы, белсенді қоғам қайраткері Төлен Əбдікұлы қалың оқырмандарға да əдеби ортағада кеңінен танымал. Оның талантының ерекше екендігіне оның тереңнен толғап, жүректен қозғап жазған шырайлы шығармалары дəлел. Жазушының алғашқы жарияланған əңгімелерінен, соңғы жазған романдарына дейін, жұртшылықтың жүрегінен жол тауып, оқырмандардың сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Қаламгер Т. Əбдікұлының жазған пьесалар бойынша спектакльдер қойылды, сценарийлары бойынша кинолар түсірілді. Бұл туындылардың бəрі де көпшілік көңілдерінен шығып, ел құрметіне бөленді. Т. Əбдікұлының шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуі, өмірдің мəн - мағынасына философиялық тұрғыдан қарауымен ерекшеленеді. Библиографиялық құралда жазушының Төлен Əбдіковтің өмірінен деректер берілген, өмірбаяны мен еңбектерінің жəне жазушының туралы жазылған əдебиеттер тізімі енгізілді. Мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары мен шығармаларының тізімі хронологиялық ретпен орналасқан. Библиографиялық құрал студенттерге, жазушының шығармашылығын зерттеушілерге, əдебиетті сүйетін оқырман қауымға арналған.


Талантты тұлға Төлен Əбдікұлы Жазушы Төлен Əбдікұлы 1942 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы, Айса Нұрманов шаруашылығына қарасты Көлқамыс ауылында дүниеге келген. 1960 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Университетті аяқтаған соң, «Қазақстан пионері», «Жалын» альманахының редакцияларында қызмет жасады. 1977 жылы «Қазақфильм» киностудиясының сценарий бойынша редакция коллегиясының бас редакторы болып тағайындалды. 1979-1989 жылдары Қазақстан КП Орталық комитетінің мəдениет бөлімі нұсқаушысы, сектор меңгерушісі болды. 1989-1991 жылдары «Қазақ əдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы болып тағайындалды. 1994 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың басқаруымен ҚР Президентінің мəдениет саласындағы көмекшісі болып тағайындалды. 1997 жылдан күні бүгінге дейін Төлен Əбдікұлы Президент əкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет етеді. 1973 жылдан бері Жазушылар одағының мүшесі. Оқырманын ойға жетелейтін, дүние сырына тереңірек үңілдіретін, шығармаларын қазақ баласы сүйініп оқитын жазушының қаламынан «Көкжиек» (1969), «Күзгі жапырақтар» (1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат» (1980), «Оң қол» (2002) атты əңгімелер мен повестер жинақтары, «Өлара» (1985), «Ақшоқыда қыс қатты» (1987) романдары таңдамалы шығармаларының екі томдығы (1992) жарық көрді. «Біз үшеу едік» атты қойылымы республика театрларында үздіксіз жүріп жатыр. Кинодраматургия саласында да атсалысып, «Қыз Бəтіш пен Ерсейіт повесті бойынша «Өтелмеген парыз», «Белгісіз ұлдың тағдыры» атты көркем фильмдердің сценарийлерін дайындады. Шығармалары бірнеше шет тілдеріне аударылып орыс тілінде «Истина» атты кітабы екі рет басылып шықты. Т. Əбдіков грек аңыздары «Эллада ерлерін» (1977) қазақ тіліне аударған. Бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002). Халықаралық Ф. Кафка атындағы Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлығының лауреаты (2003). Еуропалық алтын медальдің (2003), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (2004). Қаламгер кино өнері мен театр өнеріне де өзіндік үлес қосқан, онда да айтарлықтай табысқа жетті. Төлен Əбдіков - іскер, ізденісі мол қоғам қайраткері. Еліміздің егемендігін бекітіп, тілін, дінін, мəдениетін өркендетуге үлкен қоғамдық үлес қосып қоғамдық қызметтер атқарып келеді. 4


5 Жазушының қаламгерлік талантына нəр берген «қазақ руханиятының ең ежелгі, киелі бөрі» Торғай оқырмандары да жазушының əр шығармасын асыға күтеді. Төлен ағама Төңкерілген төбелер, Көқалаттың жерінде. Тектілікті көргенмін, Төлен келді дегенде. Тектілікті көргенмін, Төленінің бойынан. Тəттілерді тергенмін, Төлені бар тойынан. Сымбатты бір жас жігіт, Күлімсіреп тұратын. Тентек біткен басбіліп, Ел назарын бұратын. Төлен келсе жай жүріп, Өткізбейтін уақытты. Туған жерде ой түріп, Сан қуанды, қамықты. Қабырғаны жағалап, Қашықтығын білдірді - ол. Туған жерге ғаламат, Ғашықтығын білдірді - ол. Оқығанмын «оң қолын», Оң қолыма алып мен. Қыр асырып қой соңын, Оңашада қалып мен. Түкпірінде жүректің, Шағын ауыл шаттанған. Таудан биік төбелер Төлен ізін ап қалған. Тірлік билеп ерікті, Туған жер тұр алыста. Туған елдің келіпті, Төлені де - 60-қа! Сағыныштың сазы де, Аға жүрек мұздаса. Асуларға алдағы, Алқынбай жет, 100 жаса! Мұрат Женісұл


6 Төлен Əбдіктің шығармалары Əбдікұлы. Т. Парасат майданы [Мəтін] : Таңдамалы / Т. Əбдікұлы. - Алматы : Раритет, 2012. - 616 б. Жазушының шығармаларында негізінен тіршілік ағысының тереңіне, құпиясында үнілу, өмір шындығын философиялық тұрғыдан пайымдау басым. Адам тағдыры қоғам бейнесінің айнасы іспетті. Кейіпкердің күйзелісі тек психологиялық құбылыс ретінде ғана емес, замана болмасының бет бейнесін аңықтайтын рухани өлшем ретінде қарастырылады. Автор «Парасат майданы» повесі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Əбдікұлы. Т. Айтылмаған акиқат: Повестер мен əңгімелер.— Алматы: Жалын, 1979.— 256 бет. Талантты жазушы Төлен Əбдіков танымды көркем туындыларымеи оқыр ман қауымға көптен таңыс. Автордың кезінде жұртшылық жылы қабылдаған повестері мен əңгімелеріндегі Сейсенбай, Ерғабыл, Өтегендер — халықтың асыл қасиеттерін бойына дарытқан жақсы көненің кездері, бүгінгі жас ұрпақ өнеге етер моральдық биіктерге толайым таразы. Əкелердің адамшылық дəстүрі — ең үлкен мұра болып қала бермек.


7 Əбдіков Т. Таңдамалы: Роман жəне повестер.— Алматы: Жазушы, 1991.— 512 бет. Жазушы Төлен Əбіковтың «Өліара» романы қазақ даласындағы коллективтеңдіру кезеңін баяндайды. Шығармада аумалы-төкпелі шақтағы ел тағдыры шынайы көрініс тапқан, кейіпкерлері де дара, табиғи болмыстарымен есте қалады. Автордың кезінде жұртшылық жылы қабылдаған повестеріндегі халық өкілдері — бүгінгі жас ұрпақ өнеге етер моральдық биіктерге толайым таразы. Əкелердің адамшылық дəстүрі — ең үлкен мұра болып қала бермек. Мерзімді басылымдарға жарияланған мақалалар Əбдікұлы Т Араку тайпасын өзім ойлап таптым [Мəтін] // Парасат. - 2021. - № 7-8 шілде-тамыз. – 19-24 бет. Бұл мақалада жазушының шығармалары туралы жалпы сөз болды. Жəне де мақалада əдебиетің ерекше орын алатын жайлы сөз козғалды. Қазіргі таңда жастардың кітапты оқулары, одан кейін қазақ тіліңде сөйлеуі, қазақ тілінде кітаптары шығуы мəселелеріне тоқталды. Тек қана əдебиет те ғана емес кино саласына да өз үлесін қосты. Төлен Əбдікұлы драматург, жазушы, көркем əдебиетте өз үлесін қосып, жетістіктерден көріне білді. Сыбанбай С Алашқа ортақ ақын [Мəтін] // Парасат. - 2022. - № 3-4 наурыз-сəүір . - 14-15 бет. Төлен Əбдікұлы туралы жалпы естеліктеріне шолу жасап, қағаз бетіне түсірді. Яғни осы мақалада ақынның диалог ретінде ойы дамып, өзінің көргенің тілдескенің барынша тырысып, əдебиет тілінде жеткізді. Өзінің досы ретінде жақын тартып адамдарды мейірімділігің көрсете білді. Əр естеліктері ұзын жолдай жалғасып, өз орнымен жайғасты жəне мəңгілік есте калатындай өз жүрегінен орын таба білді.


8 Сыбанбай С Адам жанын тазаратын жазушы [Мəтін] // Қазақ əдебиеті. - 2022. - № 36. - 16 қыркүйек. – 1-5 бет. Бейілхан Е Ұрпақтар сабақтастығын үндестірген Қаламгер [Мəтін] // Қазақ əдебиеті. - 2022. - № 36. - 16 қыркүйек. – 8 бет. Медетбек Т Төлен Əбдік [Мəтін] // Қазақ əдебиеті. - 2022. - № 36. - 16 қыркүйек. – 7 бет.


9 Жазушының өмірінен фото суреттер Төлен Әбдіктің жастық шағы Ақын‐жазушы, драматург Ақылбек Шаяхметтің шығармашылық қызметінің 50 жылдығына арналған кеште


10 Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлымен Белгілі журналист, публицист Шархана Қазығұлдың «Оңашадағы онлайн ойлар кітабынын тұсаукесері


11 Төлен Әбдік – Түркі әлемі әдебиетінің жыл адамы «Қостанай таңы» облыстық газетінің тілшісі Қасқырбай Қойшымановтың Төлен Әбдікпен сұхбаты


12 Литература ‐ «духовный стержень» двух народов атты кездесу Төлен Әбдікұлының 70 жыл шығармашылық кеші


13 Шығармалары: 1. Əбдікұлы. Т. Айтылмаған акиқат: Повестер мен əңгімелер [Мəтін] / Т. Əбдіков. — Алматы: Жалын, 1979.— 256 бет. 2. Əбдікұлы. Т. Парасат майданы [Мəтін] : Таңдамалы / Т. Əбдікұлы. - Алматы : Раритет, 2012. - 616 б. 3. Əбдіков Т. Таңдамалы: Роман жəне повестер [Мəтін]/ Т. Əбдіков. — Алматы: Жазушы, 1991.— 512 бет. 4. Əбдіков Т. Өліара Роман [Мəтін] / Ред: М.Қаназов.— Алматы: Жазушы, 1991.— 512 бет. 5. Əбдік Төлен // Қазақстан Ұлттық энциклопедия [Мəтін] / Бас.ред:Ə.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы.- 1998. – 1 Том: А-Ə. - 599 бет Мерзімді басылымдарға жарияланған мақалалар: 1. Тұғыр мен Ғұмыр: Проза [Мəтін] / Төлен Əбдікұлы // Жалын . - 2011. - № 2. - 2-31 б. 2. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде [Мəтін] / Төлен Əбдікұлы // Егемен Қазақстан. - 2009. - 23 қаңтар. – 3 б. 3. Ғылымды меңгерген дінбасы немесе дінді игерген ғалым [Мəтін] / Т. Əбдікұлы // Қазақ əдебиеті. - 2007. - 14-20 қыркүйек. – 3 б 4. Жанна Д, Арк феномені: Тəуелсіздік толғауы [Мəтін] / Төлен Əбдікұлы // Егемен Қазақстан. - 2001. - 21 наурыз. – 1-2 б. 5. «Оң қол» менің өзге шығармаларыма обал жасап жүрген секілді... [Мəтін] / Төлен Əбдікұлы // Қазақ əдебиеті. - 2000. - 22 қыркүйек. - 4 б. 6. Сөз маржаны: Мақал-мəтелдер [Мəтін] / Төлен Əбдікұлы // Қазақстан мұғалімі. - 1992. - 9 қазан. 7. Қайырсыз жұма: əңгіме [Мəтін] / Төлен Əбдікұлы // Қазақ əдебиеті. - 1991. - 19 шілде. - 8-13б.


14 Мақалалар, сұхбаттар, əңгімелер: 1. Адам басшыға емес, заңға бағынуы керек [Мəтін] / сұхбаттасқан Арман Асқарұлы // Парасат. - 2014. - № 4. - 2-3 б. 2. Исабеков, Дулат .Əдебиетті журналистика алмастырған [Мəтін] / Дулат Исабеков // Таң - Шолпан. - 2010. - №1. - 12 б 3. Сегізбаев, Кəдірбек. Қатарың сиремесін, қаламдасым [Мəтін] / Кəдірбек Сегізбаев // Қазақ əдебиеті. - 2009. - 20-26 ақпан. – 7 б. 4. Танабаева, Гүлмира. Төлен Əбдікұлының шығармашылық нысаны [Мəтін] / Гүлмира Танабаева // Қазақ тілі мен əдебиеті. - 2008. - № 9. – 3 б. 5. Өз тілінде сөйлей алмайтын мемлекетті толыққанды мемлекет деп айтудың өзі мүмкін емес [Мəтін] / сұхбаттасқан Айгүл Аханбайқызы // Айқын. - 2008. - 13 мамыр. -1-3 б. 6. Жастықты аңсау маған тəн мінез емес [Мəтін] / əңгімелескен Назира Байырбек // Қазақ əдебиеті. - 2002. - 6 қыркүйек. - 12 б. 7. Жанұзақова, Құралай. Мəңгілік майдан [Мəтін] / Құралай Жанұзақова // Жұлдыз. - 2008. - № 4. - 196-199 б. 8. Жамандықты жеңу үшін өзімізді-өзіміз жеңе білуіміз керек [Мəтін] / сұхбаттасқан Аягүл Мантаева // Қазақ əдебиеті. - 2006.- 18 тамыз. - 6 б. 9. Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы [Мəтін] / сұхбаттасқан Сауытбек Абдрахманов // Егемен Қазақстан. - 2005. - 29 қазан. Жазушы туралы мерзімді басылымдардағы мəліметтер: 1. Жəрімбетова, Н. «Оң қол» фильміне оң баға берілді [Мəтін] : жазушы Төлен Əбдіктің «Оң қол» əңгімесі бойынша түсірілген фильм жайында / Н. Жəрімбетова // Егемен Қазақстан - 2017. - 10 ақпан. - 12 б. 2. Құрманғалиев, Қ. Төлен туралы толғаныс [Мəтін] : жазушы Төлен Əбдікұлы туралы / Қ. Құрманғалиев // Қазақ əдебиеті. - 2012. - қыркүйек. - 10-15 б. 3. Мұхамбетқалиұлы, Қ. Адамзат қайда барасың? [Мəтін] : [жазушы Төлен Əбдіктің «Парасат майданы» повесті туралы ойлар] / Қ.Мұхамбетқалиұлы // Қазақ əдебиеті. - 2003. - 7 қараша.


15 4. Жазушы Төлен Əбдікұлы Франц Кафка атындағы алтын медалдің иесі [Мəтін] : // Таң шолпан. - 2003. - 3 б. 5. Əбдіхалық, Ж. Төленнің парасат майданы [Мəтін] : жазушы Төлен Əбдікұлының «Парасат майданы» кітабы туралы / Ж. Əбдіхалық // Егемен Қазақстан. - 2002. - 13 қараша. - 4 б. 6. Кекілбайұлы, Ə. Талантты ұрпақтың тағылымды келбеті [Мəтін] :[ жазушы Төлен Əбдікұлының шығармашылық кешінде сөйлеген сөзінен / Ə. Кекілбайұлы // Егемен Қазақстан. - 2002. - 29 қараша. 7. Дəулетбаева, Б. Құпия есіктің құлпын ашқан қаламгер : жазушы Төлен Əбдікұлының шығармашылығы туралы [Мəтін] / Б. Дəулетбаева // Қазақ əдебиеті. - 2002. - 22 қараша. 8. Кекілбайұлы, Ə. Адамстанға саяхат [Мəтін] : жазушы Төлен Əбдікұлы алпыста / Ə. Кекілбайұлы // Егемен Қазақстан. - 2002. - 4 қыркүйек. 9. Тұрғалиева, О. Пенделік мұң мен періште үміт жаршысы [Мəтін] : [ жазушы Т. Əбдікұлының шығармашылығы туралы] / О. Тұрғалиева // Жалын. -1997. - № 7. - 252-265 б. 10. Құрманғалиев, Қ. Сырбаз суреткер [Мəтін] : [жазушы Төлен Əбдікұлының шығармашылығы жайында] / Қ. Құрманғалиев // Қазақ əдебиеті.- 1992.- 4 қыркүйек. - 12 б. 11. Əлім, Қ. Төленнің Торғайдағы тойы [Мəтін] : [ жерлес жазушы Төлен Əбдікұлының мерейтойы] / Қ. Əлім // Егемен Қазақстан. - 1992. - 29 тамыз. 12. Елубай, С. Таланттың тоғысқан шағы [Мəтін] : [жазушы Төлен Əбдікұлының шығармашылығы жайлы] / С. Елубай // Парасат. - 1992. - № 8. – 13б. 13. Ақсұнқар С Жазушы [Мəтін] // Қазақ əдебиеті. - 2022. - № 36. - 16 қыркүйек. – 8 бет. 14. Қорғанбек А Дақпыртсыз даңқ [Мəтін] // Қазақ əдебиеті. - 2022. - № 36. - 16 қыркүйек. – 9 бет. 15. Мұхамеджанов Е Тұңғиық [Мəтін] // Қазақ əдебиеті. - 2022. - № 36. - 16 қыркүйек. – 9 бет. 16. Бейілхан Е Ұрпақтар сабақтастығын үндестірген Қаламгер [Мəтін] // Қазақ əдебиеті. - 2022. - № 36. - 16 қыркүйек. – 8 бет. 17. Сейл А Құнды естеліктер ескірмейді [Мəтін] // Қазақ əдебиеті. - 2022. - № 36. - 16 қыркүйек. – 8 бет. 18. Жеңісұлы Е Сұңғыла [Мəтін] // Қазақ əдебиеті. - 2022. - № 36. - 16 қыркүйек. – 7 бет. 19. Медетбек Т Төлен Əбдік [Мəтін] // Қазақ əдебиеті. - 2022. - № 36. - 16 қыркүйек. – 7 бет.


16 20. Нұржеке-ұлы Б Əділдіктің бəйгесінде ат оздырып келеді [Мəтін] // Қазақ əдебиеті. - 2022. - № 36. - 16 қыркүйек. – 7 бет. 21. Исабеков Д Төлен қазақтың философиялық прозасын дамытты [Мəтін] // Қазақ əдебиеті. - 2022. - № 36. - 16 қыркүйек. – 6 бет. 22. Сыбанбай С Адам жанын тазартатын жазушы [Мəтін] // Қазақ əдебиеті. - 2022. - № 36. - 16 қыркүйек. – 1-5 бет. 23. Қуанышұлы А Жақсы адамның жолдан таюы үлкен трагедия [Мəтін] // Қазақ əдебиеті. - 2022. - № 41. - 21 қазан. – 4-5 бет. 24. Жылқыбай Д Басты мотив – Оралу [Мəтін] // Қазақ əдебиеті. - 2022. - № 36. - 16 қыркүйек. – 9 бет. 25. Сыбанбай С Алашқа ортақ ақын [Мəтін] // Парасат. - 2022. - № 3-4 наурыз-сəүір . - 14-15 бет. 26. Əбдікұлы Т Араку тайпасын өзім ойлап таптым [Мəтін] // Парасат. - 2021. - № 7-8 шілде-тамыз. – 19-24 бет.


17 Мазмұны: 1. Құрастырушыдан.....................................................................................3 2. Талантты тұлға Төлен Əбдікұлы.............................................................4 3. Шығармалары..........................................................................................5 4. Мерзімді басылымдарға жарияланған мақалалар................................6 5. Мақалалар, сұхбаттар, əңгімелер........................................................... 6. Жазушы туралы мерзімді басылымдардағы мəліметтер................6 7. Төлен ағама (арнау өлең)........................................................................8 8. Төлен Əбдіктің шығармалары...............................................................9 9. Жазушының өмірінен фотосуреттер.................................................10


18 СҚО Ақжар ауданы 150200 Талшық а, Әлия Молдағұлова көшесі, 1 Ақжар аудандық кітапханасы e‐mail: [email protected]


Click to View FlipBook Version