The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by makar13022016, 2022-05-12 03:51:52

Практикум 2

Практикум 2

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы
«Қостанай педагогикалық колледжі» КМҚК

Брахметова А.А.

«БИОЛОГИЯ» ПӘНІНЕН ЗЕРТХАНАЛЫҚ
ПРАКТИКУМ

1 курс студенттеріне арналған

Костанай, 2022 год

Биология ғылымы-эксперименталдык ғылым. Студенттердің биологияға деген

қызығушылығын дамыту ҥшін зертханалық және практикалық сабақтардың маңызы

орасан зор. Зертханалық, практикалық сабақ кезінде білім алушылар бҧрын сабақта

алған білімдерін практикада ӛз бетімен жҧмыс жасау кезінде ҧштастырып, білім

деңгейін кеңейте алады.

Практикалық жҧмыстардың негізгі мақсаты- теориялық білімді терең меңгеріп,

эксперимент жасау дағдыларын дамыту. Бҧл сабақтар білімді бекітуге және

нақтылауға себепші болады. Практикалық жҧмысқа студенттер теориялық білімін

алғаннан кейін ғана кірісе алады, себебі теориялық білімін терең меңгеру жасалған

жҧмыстың нәтижесін дҧрыс тҥсінуіне мҥмкіндік береді.

Зертханалық практикумда биология курсының негізгі бӛлімдері бойынша
тапсырмалар берілген. Тапсырмалардың жеңіл нҧсқасы берілгені маңызды және
бірінші курс студенттері ҥшін жарамды. Зертханалық жҧмыстарды орындауға қажетті
әрбір бӛлімнің басында методикалық нҧсқаулар мен теория бойынша қысқаша ақпарат
бар, содан кейін жҧмыс барысын ӛткізу реті бойынша куңес берілу мен қатар
теориялық ҧстанымдарда қысқаша тҥсіндірілген. Зертханалық жҧмысты орындауға
байланысты мәселелер жӛнінде және қосымша ақпарат алу ҥшін студенттерге
әдебиеттер мен ресурстар кӛздері анықталған. Зертханалық жҧмыстарды орындауға
қажетті қҧрал-жабдықтар болмаған жағдайда оларды кӛрсетілімдермен немесе
электрондық нҧсқалармен алмастырылған. Әрбір зертханалық жҧмыстың соңында
жаңартылған білім бағдарламасы бойынша бағалау критерийлері мен дескрипторлар
берілген.

1-бөлім. МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОХИМИЯ

№ 1 зертханалық жұмыстың теориялық бӛлімі.
Су жасушаның қҧрамында едәуір болады, яғни жасушаның 75%-ға жуығы судан тҧрады.

Судың мӛлшері әр тҥрлі жасушада тҥрліше. Оның мӛлшерінің кӛп болуы жасушадағы зат алмасу
әрекетінің белсенділігіне байланысты. Мысалы, эмбрион жасушаларының 95%-ы, ми
жасушаларының 80%-ға жуығы су болса, ал белсенділігі тӛмен ескі жасушаларда 60%-дан аспайды.
Тірі жасушадағы судың қасиеттері, оның молекуласының қҧрамына байланысты. Су
молекуласындағы бір атом оттек екі атом сутекпен берік ковалентті полюсті байланыс тҥзетіндіктен,
оның молекуласы кеңістікте бҧрыш жасай орналасады. Оттек атомы сутектің электрон бҧлттарымен
араласады да, молекуланың беріктігін арттырады. Бҧл беріктіктің, әсіресе жасушадағы зат алмасу
процесін реттеудегі рӛлі ерекше. Мҧны судың мынадай биологиялық қасиеттерінен байқауға болады:
 Су молекуласы ӛзара (когезия) және басқа заттардың (адгезия) молекулаларымен белсенді
қосылысады. Су молекулаларының беттік керілу қасиеті олардың бір-бірімен сутектік байланыс
арқылы қосылуына негізделген. Электр заряды бар судың полярлы молекулалары кез келген
заттармен байланыса алады. Соның нәтижесінде, суда еріген минералды заттар ӛсімдік
жасушаларындағы ҧсақ тҥтікшелер арқылы топырақтан ӛсімдіктің тамыры арқылы басқа бӛліктеріне
дейін кӛтеріледі.
 Су – еріткіш. Заттар басқа сҧйықтықтармен салыстырғанда суда жақсы ериді, сондықтан су
заттардың алмасуына тікелей қатысады. Полярсыз (гидрофобты) қосылыстар – липидтер, бензин,
толуол, керосин және т.б. іс жҥзінде суда ерімейді немесе ӛте нашар ериді. Мҧндай қосылыстар мен
судың арасында беттік бӛліну қалыптасады, оны кҥнделікті тҧрмыстан май мен судың арасындағы
беттік бӛлінуден кӛруге болады.
Полярлы (гидрофильді) қосылыстар – суда еріген тҧздар, қышқылдар мен негіздер ион тҥрінде
кездеседі. Иондар кӛптеген биологиялық катализатордың – ферменттердің әрекетін реттейді, ал

оларсыз тіршіліктің болуы мҥмкін емес. Иондардың биологиялық мембраналар арқылы қозғалуы
жҥйкелік қозудың берілуін қамтамасыз етеді. Ал олардың топырақтағы концентрациясы ӛсімдіктің
қалыпты ӛсуіне мҥмкіндік береді. Иондардың жасушада жҥріп жатқан зат алмасудағы осыншама рӛлі
су молекуласы арқылы ӛтеді. Демек, су – әмбебап еріткіш.

 Судың жылу ӛткізгіштік қасиеті жоғары. Жылу ӛткізгіштік ол белгілі заттың бойымен
жылудың таралу мҥмкіндігі. Тірі организмде жҥріп жатқан химиялық реакциялардың нәтижесінде
бӛлінетін жылудың белгілі бір мӛлшері (энергияның бір тҥрден екінші тҥрге айналу заңдылығын
еске тҥсіріңдер) денедегі су арқылы біркелкі таралып және сыртқы ортаға шығарылып отырады.
 Су жоғарғы температурада қайнайды. Судың қайнау температурасы жоғары болғандықтан,
жер бетіндегі судың қайнап кетуі және сутектік байланыстың ҥзілуі ӛте сирек кездеседі. Сондықтан
тірі жасушадағы судың мӛлшері сыртқы ортаның температурасына қарамастан тҧрақты болады. Бҧл
тҧрақтылық тірі организмдердің қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз етеді.
 Судың булануынан дене салқындайды. Судың булануына кӛп энергия кеткендіктен, оның
осы қасиеті кӛптеген тірі организмдердің денелерін салқындатуға пайдаланылады. Мысалы, адам
мен жануарлардың денесінің салқындауы терлеу (булану) арқылы іске асады.
 Судың қату температурасының әсері. Егер судың кристалдары тірі организмнің
ҧлпаларында пайда болса, онда олар тіршілігін жойған болар еді. Алайда қысқы ҧйқыға кететін
кӛптеген жануарлардың жасушаларында мҧз кристалдарының пайда болуына жол бермейтін табиғи
антифриздер болады. Ал қҧстар мен сҥтқоректілердің температурасының жоғары болуы олардың
тіршілігінің сергек болуын қамтамасыз етеді. Демек, тірі организмдердің тіршілігінде судың
атқаратын рӛлі ӛте зор. Сондықтан да ол тіршіліктің кӛзі болып табылады.

Су молекуласы тіршіліктің кӛзі дедік, оны емдік қасиетінен де кӛруге болады. Мысалы,
Оңтҥстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш емдеу-сауықтыру орнының суы – бауыр, бҥйрек және
асқазан ауруларын емдеуге қолданылады. Сол сияқты Алматы қаласының маңындағы Ақсай суы да

емдік сусын болып табылады.

Зертханалық жұмыс №1. Тақырыбы: Жердегі тіршілік үшін судың маңызы

Мақсаты: Судың қасиеттерін анықтау.

Бӛлім А. Тыйындар
1. Тыйынның бетіне қанша тамшы су сыйады деп ойлайсыңдар?
Гипотезаңызды жазыңыз:
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
2. Тамшуырды пайдаланып, әрбір тамшысын санап, тиынға су тамшыларын баяу тамызыңыз.
Монетаның бетіне қанша тамшы су сыйды?
___________________________________________________________________________________
3. Бҧл процедура судың қандай қасиетімен байланысты?
___________________________________________________________________________________
4.Монета толып кетпей тҧрып, сол сәтте қандай болатынын суретін салыңыз.
Бӛлім B. Қағаз қыстырғышы
1. Шыны толып кеткенше толтырыңыз.
2. Қағаз қыстырғышты су бетіне қойыңыз. (Нҧсқау: саусақтарыңызды суға тигізбеңіз)
3. Теңгерілген кезде қағаз қыстырғышты тҥртіңіз. Не болып жатыр?
___________________________________________________________________________________
Қағаз қыстырғышты қайтадан бекітіңіз. Суға бір тамшы жуғыш зат қосып, не болғанын жазыңыз. Бҧл
судың қасиеттері туралы нені айтады?
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Бӛлім С. Ергіштік
1. Aкесеге 30 мл су қҧйыңыз. 2 ас қасық тҧзды алып C стаканына салыңыз, содан кейін
араластырыңыз.
Тҧзбен не болатынынбайқаңдар? Неліктенбҧлайболды?
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
2. B стаканына 30 мл су қҧйыңыз. Добавить капель масла в чашку B таканына 5-10 тамшы май
қосыңыз.
Майға не болғанынбайқадыңыз ба? Неліктен бҧлай болды?
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________

Бӛлім D. Жылу сыйымдылығы
1. Жағажайға барғанда, қайсысы тез қызады, қҧм ба, әлде мҧхит па?
___________________________________________________________________________________2.
Кҥн батқанда (және тҥн батқанда) қҧм мен мҧхиттың температурасына не болады? Что происходит с
температурой песка и океана, когда солнце садится (и наступает ночь). (Кеңес: Тҥнде не жылы
болады?) Мҧның оған не қатысы бар?
__________________________________________________________________________________

Бағалау критерийлері:
1. Судың биологиялық қызметтерін біледі.
2. Судың қасиеттерін дҧрыс тҥсіндіре алады.

Дескрипторлар:
1. Судың беттік керілуінің тҥсіндіре алады.
2. Судың тірі ағзалар ҥшін маңызын тҥсіндіре алады.
3. Судың жылусыйымдылық қасиетін біледі.
4. Судың жылуӛткізгіштік қасиетін біледі.

№ 2 зертханалық жұмыстың теориялық бӛлімі.

Ақуыздардың екінші және ҥшінші реттік қҧрылымдарына жауапты байланыстар (сутектік,
дисульфид кӛпіршесі, т.б.) әлсіз болғандықтан, оңай ҥзіліп, ақуыздардың кеңістік қҧрылымдарының
қайтымсыз бҧзылуы ақуыздың денатурациясы деп аталады. Денатурацияға ҧшыраған ақуыз ӛзінің
биологиялық функциясын атқара алмайды (denatuze — табиғи қасиетінен айырылуы). Қыздыру,
радиация, ортаның ӛзгеруі, кейбір химиялық әсерлерден, шайқап сілкуден ақуыз
денатурацияланады. Жҧмыртқаны пісіргенде альбумин ақуызының, сҥт ашығанда казеиннің
ҧюынан, олардың кеңістік қҧрылымдары бҧзылады. Шашты химиялық бҧйралаудың, теріні илеудің
негізінде де ақуыздардың денатурациялануы жатады.

Қыздырғанда денатурацияланатын немесе айырылып кететін болғандықтан, ақуыздардың
нақты балқу температуралары болмайды. Кейбір ақуыздар, мысалы, тауық жҧмыртқасының ақуызы
суда ериді, кейбіреулері суда ерімейді. Ақуыздар ерігенде, басқа да ЖМҚ сияқты коллоидты
ерітінділер тҥзеді.
Айнымалылар:
Тәуелсіз айнымалы – ізденіске ықпалды, әсерлі фактор, бҧл факторды, сіз эксперимент барысында
ӛзгерте аласыз.
Тәуелді айнымалы – тәуелсіз ӛзгерістің ӛзгеруі нәтижесінде ӛзгеретін, ӛзгеріс. Бҧл ӛзгерісті, сіз
эксперимент барысында ӛлшейсіз, есептейсіз.
Басқарылатын айнымалылар –экспериментке әсер ететін, қалған барлық факторлар және бҧл
ӛзгерістің ӛзгеруі эксперимент нәтижелерін ӛзгертеді, бҧлар эксперимент тазалығына әсерін
тигізеді.Осылайша, жҧмысты жоспарлау және орындау барысында ӛзгерістердің тҧрақтылығын
қамтамасыз ету қажет және басқарылатын айнымалылардың ӛзгермеуіне кӛз жеткізу керек.

Зертханалық жұмыс № 2. Тақырыбы: Нәруыздардың құрылымына әртүрлі жағдайлардың
(температура, рН) әсері

Мақсаты: Тҥрлі жағдайлардың нәруыздар қҧрылымына әсерін зерттеу.
Болжам:

_______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

Жұмыс барысы
Тәжірибе 1. «Спирттың ақуыз қҧрылымына әсері»

http://bambookes.ru/stuff/laboratornye_raboty/khimija/laboratornaja_rabota_14_svojstva_belkov/9-1-0-2597
Видеоэкспериментті қарап тәжірибе нәтижесін кестеге жазыңдар

Тәжірибе 2. «Температураның ақуыз қҧрылымына әсері»
1. Су моншаларында суды 20/40/60°С температураларға қыздыру;
2. Жҧмыртқа ақуызы ерітіндісі бар сынауықтарды су моншасына салу.
3. 5-7 минут ҧстап тҧру.
4. Салыстырып қорытынды жасау.
Бақылау нәтижелерін кестеге тҥсіріңдер немесе видеоэкспериментті қарап тәжірибе нәтижесін
кестеге жазыңдар.
Тәжірибе 3. «Қышқылдардың ақуыз қҧрылымына әсері»
Видеоэкспериментті қарап тәжірибе нәтижесін кестеге жазыңдар
Тәжірибе 4. «Ауыр металдар тҧздарының әсерінен денитурациялану»
Видеоэкспериментті қарап тәжірибе нәтижесін кестеге жазыңдар

Деректер мен нәтижелер
 деректерді жинау (кесте тҥрінде, сипаттама бақылаулармен қоса);
 деректерді талдау (талдау әдісі, формулалармен қоса);
 ӛңделген деректердің презентациясы (деректердің графикалық тҥрге кӛрсетілуі).

Тәжірибе атауы Қосылатын зат Байқау

Қорытынды: Байқалған нәтиженің тҥсінігін беріңдер. Нәруыз денатурациясының себебін,
денатурация дегеніміз не екенін жазыңыз. Ренатурация ҥдерісі мҥмкін бе ия/жоқ және неге?

_______________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

Алған білімін қолдану. Сұрақтарға жауап бер
1. Неліктен дәрігер науқасқа аурған кезде қызуды тҥсіретін дәріні ҧсынады, тҥсіндіріңдер?
2. Сілекейдегі ақуыз-амилаза ферменті крахмалдың мальтозаға дейін ыдырауына қатысады. Винегрет
дайындағанда неліктен сірке қышқылын кӛп мӛлшерде қолданудан аулақ болу керек?
3. Ауыр металдардың тҧздары (қорғасын, кадмий) жеңіл кӛліктердің пайдаланылған газдарының
қҧрамында бӛлінеді. Адам ағзасына тҥсудің қауіптілігі қандай?

Бағалау критерийлері:
1. Температураның ақуыз қҧрылымына әсерін зерттейді
2. Спирттың ақуыз қҧрылымына әсерін зерттейді
3. Қышқылдардың ақуыз қҧрылымына әсерін зерттейді
4. Ауыр металдар тҧздарының нәруыз қҧрылымына әсерін зерттейді

Дескрипторлар:
1. Гипотезаны тҧжырымдайды 10б
2. Зерттеу нәтижелерін кесте тҥрінде кӛрсете алады 10б
3. Сипатталған бақылауларды тҥсіндіреді 20б
4. Белок қҧрылымына факторлардың әсері туралы қорытынды қҧрастырады және қортынды
сҧрақтарына жауап береді. 30б
5. Нәруыз денатурация туралы білімдерін қолданады 30б

№ 3 зертханалық жұмыстың теориялық бӛлімі.

Тағам ӛнімдерінде нәруыздың болуын сапалық реакция арқылы анықтайды. Оның белгісі
ретінде 1) тҥсті реакциялар; 2) тҧнба реакциясы байқалады.
Пептидтік байланысқа Биурет реакциясы.

Биурет реакциясы - пептидтік байланыстың (-CO-NH-) сілтілі ортада мыс сульфатымен
боялған комплексті байланысты тҥзу қабілеттілігі, ал тҥстің қарқындылығы полипептидтік
тізбектің ҧзындығына байланысты болады.

Ксантопротеин реакциясы (грек.ксанты-сары) қҧрамында бензол ядросы бар нәруыздар
концентрлі азот қышқылымен сары тҥс береді.

Нәруыздың санын анықтау ҥшін спектрофотометрлік әдісті қолданады.
Спектрофотометр (спектр, метр сӛзінен (гр. photo's — жарық және гр. metreo - ӛлшеймін) —
жарық толқынының ҧзындығына байланысты екі монохроматты жарық ағымдарының
интенсивтіліктерінің қатынасын ӛлшеуге арналған оптикалық аспап. Спектрофотометрлік әдіспен
нәруызды анықтауароматты аминқышқылдарының (триптофан, тирозин, аз кӛлемде фенилаланин)
максимум 280 нм ультракҥлгін жарықты жҧтылуына негізделген.

Қабаты 10 мм қалыңдықтағы кюветаны қолданғанда 1 мг/мл ерітіндідегі белок
концентрациясы оптикалық тығыздығы 280 нм 1 тең болатыны туралы шешім қабылданған.

Практикалық жұмыс№ 3. Тақырыбы: Биологиялық объектілерден нәруызды сандық және
сапалық реакциялармен анықтау

Мақсаты: Биологиялық объектілерден (жҧмыртқа, ірімшік, ҥрмебҧршақ) нәруызды сандық және
сапалық реакциялармен анықтау
Гипотеза:______________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Айнымалылар:

Айнымалылар Факторлар Бақылау қалай жүзеге
асады
Тәуелсіз
Тәуелді
Бақыланатын

Материалдар мен құрылғылар:
 Жҧмыртқанәруызы, ірімшік, ҥрмебҧршақ
 NaOH, 10% ерітіндісі;
 CuSO4, 1% ерітіндісі,
 концентрлі азот қышқылы
 ҥгіткішті ҥккіш
 сынауықтар
 пышақ
 ақ плитка
 спектрофотометр
 кюветалар

Қауіп-қатерді бағалау.

Менің әдісім Қауіп-қатер деңгейі Менің әдісім үшін қауіп-қатерді
үшін қауіп-қатерді азайту шаралары:

бағалау:

Жұмыс барысы.
Сапалық реакция үшін:
Ӛнімдерді (ірімшік, ҥрмебҧршақ) 1 гр етіп ӛлшеңіз. Біркелкі қалыпқа келгенше ҥккіште езіңіз,

сынауыққа салыңыз және оған 3 мл дистилденген су қҧйыңыз. Ал жҧмыртқа альбуминін бірден 3 мл

мӛлшерде сынауыққа қҧйыңыз. Биурет реакциясын жҥргізіңіз. Алынған нәтижелерді Кесте-1 ге

енгізіңіз.
Ӛнімдерді (ірімшік, ҥрмебҧршақ) 1 гр етіп ӛлшеңіз. Біркелкі қалыпқа келгенше ҥккіште езіңіз,

сынауыққа салыңыз және оған 3 мл дистилденген су қҧйыңыз.Ал жҧмыртқа альбуминін бірден 3 мл
мӛлшерде сынауыққа қҧйыңыз. Ксантопротеин реакциясын жҥргізіңіз. Алынған нәтижелерді Кесте-2
ге енгізіңіз.

Сандық реакция үшін:
Берілген ҥлгілерден (ірімшік, ҥрмебҧршақ) 1 гр ӛлшеп, біркелкі қалыпқа келгенше ҥккіште
езіңіз, сынауыққа салып, нӛмірлеп, ҥстінен 3 мл дистилденген су қҧйыңыз.Ал жҧмыртқа альбуминін
бірден 3 мл мӛлшерде сынауыққа қҧйыңыз.
Кварцтелген кюветаға 3 мл нәруыз ерітіндісін қҧйып, СФ 260 нм мен 280 нм оптикалық
тығыздығын ӛлшейді. Алынған нәтижелер негізінде формула бойынша белоктың санын анықтайды:

Алынған нәтижелерді Кесте-3 толтырыңыз және әртҥрлі ӛнімдердегі белок мӛлшерінің
гистограммасын тҧрғызыңыз.

Деректер мен нәтижелер

Кесте 1. Биологиялық объектілерге жҥргізілген биурет реакциясының нәтижесі

Сынауық № Сынауықтағы ерітінділердің тҥсі

тәжірибеге дейін ... тәжірибеден кейін …

1 Ірімшік

2 Ҥрмебҧршақ

3 Жҧмыртқа
нәруызы

Кесте 2.Биологиялық объектілерге жҥргізілген ксантопротеин реакциясының нәтижесі

Сынауық № Сынауықтағы ерітінділердің тҥсі

тәжірибеге дейін ... тәжірибеден кейін …

1 Ірімшік

2 Ҥрмебҧршақ

3 Жҧмыртқа
нәруызы

Кесте 3.Биологиялық объектілерге жҥргізілген спектрофотометриялық әдіс нәтижесі

Сынауық № 260 нм 280 нм Белоктың мӛлшері, мг/мл

1 Ірімшік Гр
2 Ҥрмебҧршақ афик 1.
3 Жҧмыртқа
нәруызы

Әртҥрлі ӛнімдердегі нәруыз мӛлшері.

Талқылау
_______________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________
Қорытынды: (гипотезаның расталуы немесе теріске шығуы, мақсатқа жеткен қорытындылар)

_______________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

Бағалау критерийлері:
1. Заттарға зерттеу жҥргізе алады
2. Ақуыздың химиялық қҧрамын анықтайды
3. Ақуызды анықтау ҥшін сапалық реакцияларды зерттейді

Дескрипторлар:
1. Болжам жасайды, зерттеу жҥргізеді
2. Зерттеу нәтижелерін жазады, қортынды жасайды
3. Ақуызды анықтау ҥшін сапалық реакцияларды біледі
4. Әртҥрлі ӛнімдердегі нәруыз мӛлшерін график тҥрінде кӛрсетеді
5. Гипотезаның расталуы немесе теріске шығуын дәлелдейді.

2-бөлім. ЖАСУШАЛЫҚ БИОЛОГИЯ
№ 4 зертханалық жұмыстың теориялық бӛлімі.

Жасуша мембранасы– клетканы қоршаған ортадан бӛліп тҧрады және клетканың ішкі
аймақтарын (бӛліктерге) компартменттерге бӛледі. Компартменттерде химиялық реакциялар және
метаболизм процестері жҥреді. Клеткада, кейбір химиялық процестер тек қана мембраналарда
жҥреді.
Мембрана қҧрылысының бірнеше модельдері бар. Қазіргі кезде Сингера және Николсонның «сҧйық -
мозайкалы» моделі қолданылуда. Бҧл ғалымдардың айтуынша мембранадағы липид молекуласы
биқабат тҥзеді. Тҥзілген липидті биқабатта белок молекуласы жҥзіп жҥреді. Белок молекуласының әр
тҥрлі деңгейде енуі нәтижесінде, ерекще мозайка тҥзіледі, сондықтан модельдің аталуы осыған
байланысты
Биологиялық мембрананың келесі қағидалары белгілі:
Клетка мембранасының қалыңдығы 5 – 10 нм.
2. Мембрана – бұл липопротеинді құрылым, липидтердің және белоктардың сыртқы жағына
көмірсу компоненттері бекінеді.
3. Липидтер спонтанды биқабат түзеді және олардың полярлы басы мен полярсыз құйрықтары
болады.
4. Мембраналық белоктар әртүрлі қызметтерді атқарады.
5. Көмірсу компоненттері, мембрана үстінде комплекс түзеді, олар гликокаликс деп аталады және
сезіну механизміне қатысады

Мембрана липидтері сҧйық және борпылдақ жағдайда болады. Сҧйық мембрана жағдайы–
тасымалдау және байланысуды қамтамасыз етеді. Липидті биқабат ӛзіндік жиналу, жартылай сіңіру
және диэлектронды қасиеттерге жауап береді. Ӛзіндік жинақталу, зақымдалған клетка мембранасын
қалпына келтіреді, ал диэлектронды қасиет зарядтармен қамтамасыз етеді. Сондықтан мембрананың
ішкі және сыртқы қабатындағы потенциал әртҥрлі болады. Бҧл мембрана потенциалы деп аталады.
Биологиялық мембрананың негізгі қызметінің біреуі – бҧл тасымалдау болып табылады. Мембрана
арқылы тасымалданудың 4 тҥрі белгілі, олардың екеуі белсенді және екеуі белсенсіз. Белсенді
тасымалдану, энергияны қажет етеді, ал белсенсіз тасымалдану, энергияны қажет етпейді. Плазмалық
мембрана арқылы тасымалданудың қарапайым тҥрі: осмос және су диффузиясы. Егер
диффузияланатын заттың молекулалары басқа молекулалармен кешен жасамай қозғалса, ондай
диффузияны қарапайым диффузия дейді.Одан басқа жеңілденген және алмасу диффузиясы бар.
Жеңілденген диффузия тасымалдағыш молекулалардың қатынасуымен болады. Тасымалдағыш
заттың Х молекуласы тасымалданатын заттың А молекуласымен қосылып бір кешен АХ қҧрайды.
АХ кешені жасушаға қарай диффузияланады (15 а-сурет). Жасушада А молекулалары босайды, ал Х-
қосалқы заттың молекуласы бастапқы орнына қайта оралып,басқа молекуламен қосылады

Практикалық жұмыс№ 4. Тақырыбы :Түрлі факторлардың жасуша мембранасына әсер
етүінін зерттеу.

Мақсат:
_______________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Гипотеза:
_______________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Тәуелді шама: _______________________________________________________

Тәуелсіз шама: _____________________________________________________

Бақылалмалы шама: ____________________________________________________

Материалдар мен жабдықтар: қызылша, пышақ, дистилдегенсу, термометр, ӛлшеуіш цилиндр,
тҥтік, Петри табақшасы, қағаз майлықтар, сулы жылытқыш, ақ қағаз, хромотограф.

Жұмыс барысы:

1. Қызылша кесектерінен қыры 1 сантиметр текше пішінді кесіңіз. Оларды 100 мл дистилдеген
суы бар ыдысқа салыңыз.

2. Тҥтіктін ҥстіне температураларын белгілеңіз: 20, 40, 60, 80 °С. Әр тҥтікке 5 см3
дистилдегенсуды қҧйып әр тҥтікті сәйкес сулы жылытқышқа бес минутқа салыңыз.

3. Текше пішінді қызылша кесектерін тҥтік ішінен алып қағаз майлық ҥстіне салыңыз.
4. Текше пішінді қызылша кесектерін қайта тҥтік ішіне салып сулы жылытқышта 20 минутқа

қалдырыңыз.
5. 20 минут ӛткен соң пигмент су ішінде жақсы ерітілу ҥшін ақырын сілкеңіз. Содан кейін текше

пішінді қызылша кесектерін Петри табақшасына салыңыз.
6. Тҥтік ішіндегі тҥс тереңдігін сипаттаңыз. Оның ыңғайлы болуына тҥтік артына ақ қағазды

қойып бақылаңыз.
7. Алынған деректер боынша кестені толтырыңыз.

Кесте 1.1 Тҥс тереңдігі (тҥсі)
Температура
20°С
40°С
60°С
80°С

Температура мен қызылша кесектерінен шыққан пигментінің арасындағы байланыты
сипаттаңыз.
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_____________________________________________

*Спектрофотометр болған кезде, тҥрлі температурадағы жарықтың жҧтылуын ӛлшеңіз.
Ӛлешуді бастау ҥшін біріншіден дистилдеген сумен теңестіріңіз.
Алынған дерек бойынша кестені толтырыңыз.

Кесте 1.2 Жарықтың жҧтылуы
Температура
20°С
40°С
60°С
80°С

Температура мен жарықтың жҧтылуының арасындағы байланысты сипаттаңыз.
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_____________________________________________

Пигмент пен температура арасындағы байланысты кӛрсету ҥшін графигін қҧрыңыз.

Сҧрақтар:
1. Жасуша мембранасының функцияларын атаңыз.

______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
___________________________________________________

2. Су температурасы жасуша мембранасының ӛткізу қабілетінежәне қҧрылысына қалай әсер
етеді?
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
___________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
___________________________________________________

3. Ӛлшеу барсында мҥмкін болатын қатені аңықтаңыз.
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
___________________________________________________

4. Берілген практикалық жҧмысының дәлсіздігін азайту ҥшін қандай модификация ҧсынуға
болады?
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
___________________________________________________

Қорытынды:__________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
___________________________________________________

Температура Бақылау Колориметрді оқу (жарықты% жіберу)
(C)
A үлгісі B үлгісі C үлгісі Орташа

0 анық 100 98.5 99.0 99.2

ӛте ақшыл 95.0
22 қызғылт 93.9 95.0 96.0

42 ӛте ақшыл 80.1 77.0 76.9 78.0
қызғылт

635. қызғылт 26.3 29.9 31.0 29.1

87 қара қызғылт 0.7 0.7 1.0 0.8

93 қызыл 0,0 0,1 0,0 0,0

Ресурс: https://www.youtube.com/watch?v=LCYBEl9vdgg

Бағалау критерийлері:
1. Заттарға зерттеу жҥргізе алады
2. Тҥрлі факторлардың жасуша мембранасына әсер етҥін зерттейді.

Дескрипторлар:
1. Жҧмыс мақсатын жазды 5б
2. Гипотезасын тҧжырымдады 10б
3. Пигмент пен температура арасындағы байланысты кӛрсету ҥшін графигін қҧрды. -25б
4. Бӛлінген пигмент саны мен температура арасындағы байланысты сипаттады-20б
5. Қортынды жасады.-20б

3-бөлім. ЗАТТАРДЫҢ ТАСМАЛДАНУЫ
№ 5 зертханалық жұмыстың теориялық бӛлімі.

Егер текше жағы а тең болса, онда текше кӛлемі а3 тең болады,бір жақтың ауданы –
тиісінше а2, сәйкесінше алты жақтың ауданы (текше бетінің ауданы) - 6а2.
Санаймыз:

а123456

S=6а2 6 24 54 96 150 216

V=а3 1 8 27 64 125 216

S/V 6 3 2 1,5 1,2 1

Біз не кӛреміз? Текше ӛлшемінің ӛсуімен (жасыл жол) оның бетінің ауданы
(сары жол) біртіндеп ӛседі (6-дан 216-ға дейін). Және текше кӛлемі (кӛк жол) ӛседі (1-
ден 216 - ға дейін). Барлығы ӛседі, бірақ кӛлем бетке қарағанда жылдам ӛседі. Бҧны
беттің кӛлемге қатынасын кӛрсететін қызыл сызық арқылы кӛз жеткізуге болады: ең
кішкентай текшедегі кӛлемнің бір бірлігіне бетінің алты бірлігі, яғни ең ҥлкен текшеге
тек біреу ғана сәйкес келеді.
Мҧны қалай бағалауға болады? Кӛлемнің әрбір бірлігі-бҧл бір "адам", ал беттің
бірлігі-адам тыныс алатын терезе. Сонда
* 1 жағы бар текшеде бір адам тҧрады және ол 6 терезе арқылы дем алады;
* 2 жағы бар текшеде 8 адам тҧрады және олар 24 терезе арқылы дем алады);
* 3 жағы бар текшеде 27 адам тҧрады және олар 54 терезе арқылы дем алады;
және т. б.; сіз адамдарға дем алу қиын және ауыр екенін байқайсыз ба?

Текшенің ауданы мен бетін есептей алмайтын балалар үшін бірдей
Енді 4 текшеден шаршы жасаңыз. 4 адам, 16 терезесі, әрқайсысына 4. Егер
екінші қабат қойсаңыз, яғни 2×2×2 суперкубик жасау, онда адамдар 8, ал терезелер –
24, әрқайсысында 3 болады. Сізге адамдардың бӛлмесін желдету қиын ба?
К-текшелер саны, С-сыртынан қалған Тараптар саны
Бҧл тақырып кҥрделі және тҥсініксіз. Менің студенттерімнің кӛпшілігі оған
тҥсінбейді, ал жай ғана ережені есте сақтайды: организм неғҧрлым кӛп болса, оның
беті кішірейеді және керісінше. Бірақ әлі кҥнге дейін жаттап алу емес, тақырыпты
мҧқият тҥсіну керек, сондықтан сізге ӛзіңіздің жеке текшелеріңізді (сіз әлі кҥнге дейін
барлық қҧпияда ойнайсыз) алып, барлығын ӛзіңіз санауды ҧсынамыз. Кӛлем мен
беттік аудан ара қатынасы ережесі біздің биологиялық шаруашылығымызда жиі
қолданылады. Міне, бірнеше мысалдар бар.
Мегаворобье туралы ілім
Құс массасы-тығыздыққа кӛбейтілген кӛлем, ал қанаттар алаңы-бұл бет. Демек,
қҧс ӛлшемінің ҧлғаюымен оның салмағы (текше функциясы) қанаттар ӛлшеміне
(шаршы функциясы) қарағанда тезірек ӛседі. Баяу ӛсіп келе жатқан қанаттарға, тез
ӛсіп келе жатқан массаны кӛтеруге қиын болады.
Практикалық жҧмыс: торғайды алып, оның ҧзындығын 10 есе ҧлғайтамыз. Бҧл ретте
қҧс салмағы 1000 есе (103), ал қанаттар алаңы – тек 100 есе (102) артады. Ҧша
алмайтын қҧстар, жыртқыштар ҥшін тиімдірек болады. Торғайды ҧша алатындай ету
ҥшін екінші қадам қажет: қанаттар алаңын тағы 10 есе ҧлғайту.

Неге ірі жануарлар терлейді

Организммен ӛндірілетін жылу мӛлшері жасушалардың санына, яғни
кӛлемге байланысты. Қоршаған ортаға жылу дененің беті арқылы беріледі.
Демек, дене мӛлшерін жоғарылату арқылы жылуды ӛндіру (текше функциясы) жылу
беруден (шаршы функция) қарағанда тезірек ӛседі.. Сондықтан ірі жануарларға суыту
қиын, олардың қызып кету қаупі бар (және керісінше, ҧсақ аңдар ҥшін ҥнемі ауырып
қалуы қаупі бар).
Ҥлкен ӛлшемі бар піл ӛте айқын, ӛте ҥлкен бетке ие. Бірақ кӛлеміне қатысты оның беті
ӛте аз. Артық жылудан қҧтылу ҥшін піл ҥлкен қҧлақты пайдаланады. Олар жақсы есту
ҥшін емес (жақсы есту, мысалы, жыртқыштарда-оларда қҧлақтары кішкентай), ал
жылу беретін дененің бетін ҧлғайту ҥшін қажет.

Бҧл жерде балалар:мынадай сҧрақ қою мҥмкін " неліктен піл оңтҥстікте-Ҥндістан
мен Африкада тҧрады?". Жауап: Ӛкінішке орай, біздің салқын ендіктерде піл
жеткілікті сіңіру таба алмады (және ол қыстың уақытында қайда жасырынады?)
Мамонттар (пілдің туыстары, салқын жағдайда ӛмір сҥрді) жылуды ҥнемдеді: олар
қҧлақ пен жҥннің қалыпты мӛлшері (сҥтқоректілерге сәйкес) болды.

Бҧл суретті салған кезде әйел бірнеше рет піл – типтік бӛтен адам деп
шағымданды, тек оған қараңызшы! Шынында да, орысттар ҥшін пілдер -ӛте
қарапайым аң, тіпті туған, бірақ бҧл тек қана Корней Иванович Чуковскийдің
талантының арқасында: "піл-щеголиха, стопудтық купчиха, және Жираф –
телеграфпен шифрлаған маңызды граф". (Чуковский К. И. "Крокодил") Чуковскийден
айырылған басқа елдердің тҧрғындары пілдерді мҥлдем басқаша қабылдайды: "оның
тҧмсықтары ағаштар секілді, қҧлақтары желкенді, ҧзын хоботы кӛтеріледі,
қорқынышты, Жыланды лақтыруға дайын, кішкентай кӛздері қабынған сияқты".
(Скромби С. "бағалы жҥктерді жеткізу: маман кеңестері»)

Нұсқау: Жасуша бетінің ауданының қатынасы мен диффузия
Неліктен жасушалар қішкентай?Неліктен белгілі бір мӛлшерге жеткеннен кейін олардың ӛсуі

тоқтатылады?Кӛптеген биологиялық қҧбылыстарда, соның ішінде сіңірілу мен диффузияда
жасушаның беттік ауданының оның кӛлеміне қатынасы маңызды рӛлді ойнайды.

Текшенің беттік ауданының оның кӛлеміне қатынасының анықталу жолы:
Беттік аудан= ұзындық х ені х қабырғалар саны
Көлем = ұзындық х ені х биіктік

Бҧлтәжірибедесіз должны будете увидеть диффузию вещества в агаровые блоки.
Тәжірибебеттікаудан мен кӛлемарасындағыбайланыс пен оныңдиффузияныңжылдамдығынаәсерін
кӛрсетеді.

Практикалық жұмыс№ 5. Тақырыбы : Жасушаның беттік аудан мӛлшерінің кӛлемге
қатынасын анықтау.

Мақсат:Беттікауданмен кӛлем арасындағыбайланыс пен оның диффузияның жылдамдығына әсерін
кӛрсету.
Гипотеза: __________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

Материалдар және құрал-жабдықтар:

1 жҧп қауіпсіздіккӛзілдіріктері

1 жҧпрезеңкеқолғаптары

1 стақан, 250 мл

1 миллиметрліксызғаш

1 пластикалыққасық

1 пластикалықпышақ

Қағазмайлықтары

2,25 л 0,1% НСl

1,5 л фенолфталеин агар

Жұмыс барысы

1. Пластикалық пышақты пайдаланып, агарды 3 см, 2 см және 1 см ӛлшемінде ҥш текшеге

(бӛлікке) кесіңіз;

2. Текшелерді стақанға орналастырыңыз және текше толығымен орналасқанша 0,1%

НСlқосыңыз. Уақытты жазып алыңыз. Текшені 10 минут ішінде араластыру ҥшін пластикалық

қасықты пайдаланыңыз.

БАЙҚАҢЫЗ: НСl дененің тітіркенуін тудыруы және киімді ластау мҥмкін. Теріге / кӛзге

тиюден сақтаныңыз; ішпеңіз. Контакт болған жағдайда, ағынды суға 15 минуттай дереу

жуыңыз.

3. Алынған деректерді толтыру ҥшін кесте сызыңыз.Беттік ауданның кӛлемге қатынасын

анықтау келесі формула бойынша жҥзеге асырылады:

Беттік ауданның кӛлемге қатынасы= беттік аудан /көлем

4. Қолғапты киіңіз және шыныдан текшелкрді алу ҥшін пластикалық қасықты пайдаланыңыз.

Сҥзгі қағазына малыңыз. Текшелерді қҧрғағанша қоя тҧрыңыз.Әрбір текшені екі бӛлікке

кесіп, бақылауыңызды жазып алыңыз. Әр 3 текшедегі HCl диффузиясының дәрежесін

ӛлшеңіз.

Деректер және нәтижелер

А= Текшенің Беттік аудан (см2) А3 = кӛлем (см3) Беттік
ӛлшемі 6А2 ауданның/кӛлемге
(см) қатынасы

3 см

2 см

1 см

0,01 см

Қатынас беттік аудан / кӛлем тҥрінде жазылуы мҥмкін может. Қатынас қарапайым формада
болуы тиіс (мысалы 3:1 немесе 24:8)

Деректерді талдау және талқылау
1. Агар текшелерін ӛлшемінің кему ретімен орналастырыңыз.Оларды беттік ауданның кӛлемге
қатынасының кему рету бойынша орналастырыңыз.Агар текшелерінің ӛлшемдері мен беттік
ауданның кӛлемге қатынасы арасындағы қандай байланыс бар?
_______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
2. Қайсысының беттік ауданы кӛбірек қабырғасы 3 см текше немесепияз қабығы жасушасының
мӛлшеріндей микроскопиялық текше? Кӛлеміне қатынасы бойынша қайсысының беттік ауданы
кӛбірек?
_______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________

3. НСlагарғадиффузияланганына не нәрседәлел бола алады? Барлық текше ҥшін диффузияның
жылдамдығы бірдей болғандығын не нәрсе дәлелдейді. Тҥсіндіріңіз.
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
___________________________________________________

4. Текшенің ӛлшемі артқанда беттік ауданның кӛлемге қатынасы қалай ӛзгерді?
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
Қорытынды

1. Кӛптеген жасушалардың және микроорганизмдердің ӛлшемдері 0,01 см-ден
аз.Диффузияның жылдамдығы мен жасуша ӛлшемінің арасындағы байланыс қандай?

_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________

2. Неліктен ҥлкен ағзаларда жасушалар саны, саны аз бірақ кӛп жасушаларға қарағанда
кӛбірек болатындығын тҥсіндіретін гипотезаны ҧсыныңыз.

_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
Бағалау критерийлері:

1. Берілген екі жануардың беттік аудан мӛлшерін және кӛлемін дҧрыс есептейді
2. Ол осы екі жануарлардың зат тасымалдауы туралы дҧрыс тҧжырым жасайды.
3. Жасушаның беттік аудан мӛлшерінің кӛлемге қатынасын анықтайды.

Дескрипторлар:
1. Гипотезасын тҧжырымдады 10б
2. Деректер мен нәтижені жинап кестені толтырды -25б
3. Деректерді талдап талқылады-20б
4. Қортынды жасады.-20б

7-бөлім. ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚ ПЕН ӚЗГЕРГІШТІК ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
№ 6 зертханалық жұмыстың теориялық бӛлімі.

Ӛзгергіштікті зерттеу әдістері. Тіршілік ӛкілдерінің арасында байқалатын ӛзгергіштікке
сипаттама беру ҥшін зерттеудің арнаулы әдісін керек етеді. Себебі ӛзгергіштікті және индивидтерде
зерттеу олардың әр тҥрлілігінің салдарынан дҧрыс нәтиже бермейді.

Белгілердің ӛзгергіштігін зерттейтін арнаулы ғылым биометрия («биос» – ӛмір, «метрео» –
ӛлшеймін) деп аталады. Бҧл биология мен математиканың жапсарынан пайда болған, оның
математикалық негізі – ықтималдықтар теориясы. Биометрия – ӛзіне тән әдістері, зерттеу тақырыбы
бар дербес терминологиясы және бейнелері мен ерекше мәселелері бар, ең бастысы ерекше есептері
бар ғылым. Егер былайша анықтама берсе, биометрия дегеніміз – биологиядағы топталған
қасиеттерге математикалық талдау жасайтын ғылым деп деп тҥсіну керек.

Вариациялық статистика. Вариациялық статистика (лат. «вариацио» – ӛзгеру, грек. «статос»

– кҥй). Биометрия жеке қҧбылыстардың ерекшелігін зерттемейді, себебі жеке объект – топ емес.

Белгілі бір объектілердің тобы жиынтық қҧрайды. Жиынтық жеке бірліктерден немесе мҥшелерден
тҧрады. Жиынтыққа кіретін мҥшелер (бірліктер) саны жиынтық объектісі деп аталатын (n) әріпімен
белгіленеді. Жиынтық бірлігі белгілермен сипатталады. Мысалы, ірі қара малдың сҥттілігі, оның
майлылығы, тірі салмағы, дене мӛлшері; ӛсімдік жемістерінің саны және мӛлшері, салмағы,
сабағының және жапырағының ҧзындығы т.с.с.
Зерттелетін белгінің мӛлшерін бір жиынтық бірлігі бойынша варианта (франц. «варианте», лат.
«вариане», «вариантис»,– ӛзгергіш) деп атайды да (V) әріпімен бейнелейді.
Жеке варианталар арасындағы айырмашылық ӛзгергіштік немесе вариация (тегінен айнуы) деп
аталады.
Зерттеуге алынған объектілерге қойылатын басты талаптардың бірі – олардың біркелкілігі, яғни, бір
тҥрдің немесе бір іріктеменің (сорттың) ӛкілдері болуының қажеттілігі.
Біркелкі дарақтардың біршама жиынтығын статистикалық жиынтық деп атайды. Бҧл екіге
бӛлінеді: жалпы статистикалық жиынтық және дара статистикалық жиынтық деп.
Жалпы статистикалық жиынтықты мынадай мысалдамен ӛрнектеуге болады: 1 гектар жерде ӛсіп
тҧрған бидайдың сабақтарының ҧзындығын, дәндерінің санын, масақтарының, гҥлдерінің санын
және тағы басқа кӛрсеткіштерін ӛлшеу, санау арқылы табатын болсақ , бҧл жалпы статистикалық
жиынтықты сипаттайды.
Ал, дара статистикалық жиынтықты сипаттау ҥшін жоғарыдағы мысалдардағы бір гектар жерде ӛсіп
тҧрған бидайды бірін қалдырмай ӛлшеу, санау міндетті емес, алдын – ала белгіленген жерлерден
белгілі мӛлшерде (50 немесе 100 масақ) алып, оның сабағының ҧзындығын немесе басқа
кӛрсеткіштерін табу керек.
50 немесе 100 масақты ӛлшеуден, яғни дара жиынтықтан алынған мәлімет егер дҧрыс жҥргізілген
жағдайда, жалпы статистикалық жиынтық қасиеттерін сипаттай алады.
Тәжірибе жасағанда, ғылыми – зерттеу жҧмыстарын жҥргізгенде алынған сандық мәліметтерді
статистикалық ӛңдеуден ӛткізу ҥшін жалпы статистикалық жиынтыққа жататын барлық дарақтарды
зерттеп шығу мҥмкін емес. Әсіресе, бҧл жалпы статистикалық жиынтыққа жататын дарақтар саны
кӛп болғанда тіпті қиындай тҥседі. Бҧл ҥшін адам кҥші де, уақытта жетпейді.Сондықтан да, жалпы
статистикалық жиынтықтың зерттеліп отырған белгілері бойынша сипаттама беру ҥшін дара дара
статистикалық жиынтыққа жҥгінеді.

Вариациалық қатар. Белгінің сандық кӛрінісін вариант деп атайды. Варианты латынның V
әріпімен таңбалайды. Вариациалық қатарда ең ҥлкен вариант- максимальды вариант, ал ең кіші
вариант- минимальды вариант деп аталады, таңбаланулары: Vmin, Vmax. Вариациалық қатар қҧру
ҥшін жиынтықтағы вариантардың ішінен минимальды және максимальды вариантарды тауып,
белгілейміз де, олардың айырмасын табамыз, оны Rv деп белгілейміз, бҧл ӛзгергіштік амплитудасы.
Вариациалық қатарды тӛменнен жоғарға ӛрлеу бағытымен тҥземіз. Бҧдан кейін әрбір варианттың
қанша рет кездесетіндігін табамыз, жиілікті f деп белгілейміз. Жиіліктін қосындысы бақылау санына
тең болу керек.

Вариациалық қисық. Мода, медиана. Вариациалық қатарды график арқылы ӛрнектеуді
вариациалық қисық деп атайды. Графиктін кӛлденеңіне кластардың мәнін, тігіне жиіліктің мәнін
орналастырамыз. Егер зерттеуге алынған материал біркелкі болса, есептеу, ӛлшеу жҧмыстары
мҧқият, дҧрыс жҥргізілсе, график қалыпты бір тӛбелі қисық болып шығады. Вариациалық қатарда ең
жиі кездесетін вариант Мода деп аталып, Mo таңбаланады . Вариациалық қатардын дәл ортасында
орналасқан вариант медиана деп аталып, Me таңбаланады.

Варианттарды кластарға топтастырудың ережесі. Гистограмма құру. Варианттарды
кластарға топтастырғанда мынадай ережелердің орындалуы шарт:

1) әрбір вариант тек бір кластың ғана қҧрамына кіру керек. Мысалы 5-9, 10-14, 15-19, ал егерде
5-10,10-15,15-20 бҧл қате болар еді, себебі вариантар 10,15,20 бір емес екі кластың қҧрамына
еніп тҧр

2) Барлық кластардың мӛлшері бірдей болу керек. Кластың молшері « » деген әрпімен
таңбаланады.
5-9 – =5
10-14 – =5
15-19 – =5

3) Вариациалық қатардағы кластардың саны 5-6 аз, 10-15-тен кӛп болмау қажет
4) Ең бірінше және ең соңғы кластар толық болмауы мҥмкін
Вариациялық қатардағы кластардың санын анықтау ҥшін ӛзгергіштік амплитудасын (Rv) ӛзің
тағайындап алған кластың мӛлшеріне ( ) бӛлу керек.
Арифметикалық орта.Арифметикалық орта деп – ауытқуларының оң және теріс мәндерінің
қосындысы 0 – ге тең болатын шаманы айтамыз. Арифметикалық ортаны М әрпімен таңбалайды
және мынадай фМормулаwарқыbлlы табады
-тҥзету ∑ , шартты ортадан басқа варианттардың ауытқуын- деп белгілейді.

Вариантар кластарға топтастырылған жағдайда ірі кластың орталық мәнін әрпімен таңбалайды,
оны табу ҥшін шеткі варианттарды, әр кластың, қосып 2-ге бӛлу керек

Орта квадраттық ауқыту немесе сигма

√∑

Вариация коэффициенті.Вариация коэффициентінің мәні неғҧрлым кӛп болса, зерттеліп отырған
ӛзгерткіштінде кӛп болғаны. Жанадан шығарылған сорттар мен тҧқымдарда варияция коэффиценті
ӛте аз болу шарт. Вариациалық коэффициенттінің мәні процентпен кӛрсетеді, ал формуласы

Арифметикалық ортаның қателігі.Сигма ӛте маңызды статистикалық кӛрсеткіш арифметикалық
ортаның қателігін табуға кӛмектеседі. Арифметикалық ортаның қателігін мынадай формула арқылы
табады m= n-бақылау саны



Тәжірибе дәлдігі. Тәжірибе дәлдігі мынандай формуламен ӛрнектеледі
Егер
Р болса, тәжірибе ӛте дәл болғаны
Р болса, тәжірибе дәл болғаны
Р -тен жоғары,5-тен кем болса, тәжірибе дәлелдігі орташа
Р болса, тәжірибе дәлелдігі нашар болғаны
Р болса, алынған деректер қате, тәжірибе қайыра қою деген сӛз
Варияциялық қисықты, гистограмманы қҧруға және арифметикалық ортаны, оның қателігін,
сигманы, вариация коэффициентін, тәжірибе дәлдігін табуға арналған жаттығу есебі.

Vmin=
Vmax=
RV=

Кластар саны= М=
Mo=
Me =
Кластар

m=

0х осінде- V(варианттарды) белгілейміз

0у осінде-f(жиілігін) белгілейміз

Зертханалық жұмыс № 6. Тақырыбы: Лавр ағашы жапырағы мен үрмебұршақ тұқымының
кӛлемдері бойынша вариациялық қатар мен вариациялық қисық орнату. Реакция нормасын

орнату.

Мақсаты: Лавр жапырақтары мен ҥрмебҧршақ тҧқымдарын пайдалана отырып, вариациялық қисық
сызық пен вариациялық қатар қҧру.
Болжам:Егер лавр жапырақтары мен ҥрмебҧршақ тҧқымдары арқылы вариациялық қисық сызық пен
вариациялық қатар сапалы қҧрылса, берілген реагенттердің қаншалықты модификациялық ӛзгеріске
ҧшырағанын анықтай аламын.
Құрал- жабдықтар:лавр жапырақтары 50 дана,
ҥрмебҧршақ тҧқымдары60 дана, сызғыш, таразы,қағаз, қарындаш.
Қауіп кӛзі:

Қауіп кӛзі Ықтималдығы Алдын алу
Қағаз Тӛмен беттерді абайлап ашу

Қалам, қарындаш Тӛмен сілтемеу, қатты баспау

лавр жапырағы Орташа Жҧмыс істеу барысында лавр
жапырақтарын абайлап ҧстау.
Себебі кептірілген жапырақтар

сынып кетуі мҥмкін.

Теориялық матрица:
Ӛзгергіштік қҧбылысы бҥкіл тірі организмге тән қасиет. Бір тҥрге жататын дарақтардың арасындағы
айырмашылықты өзгергіштікдеп атайды.
Модификациялық өзгергіштікдеп гендердің, хромосомалардың,генотиптің ӛзгеруіне байланыссыз,
қоршаған орта факторларының әсерінен белгілі бір гендердің кӛрінуін, осылай фенотиптің ӛзгеруін
айтады. Сыртқы орта факторларына: температура, ылғал, жарық, қоректік заттар, т.б. жатады.
Сандық өзгергіштікті статистикада санау, ӛлшеужәне химиялық анализдер арқылы зерттейді.
Сандық ӛзгергіштік екіге бӛлінеді: ҥздікті және ҥздіксіз. Ҥздікті ӛзгергіштікті санау арқылы
зерттейді, ал ҥздіксіз ӛзгергіштікті санау, ӛлшеу,химиялық анализдер жасау арқылы зерттейді.
Ҥздікті ӛзгергіштікте особьтардың арасы бҥтін санға тең болу керек, ал ҥздіксіз ӛзгергіштікте
зерттелінетін обьектілердің арасы бӛлшек сандарға да тең болуы мҥмкін.
Зерттеуге алынған обьектілерге қойылатын басты талаптардың бірі – олардың біркелкілігі, яғни, бір
тҥрдің немесе бір сорттың ӛкілдері болуының қажеттілігі.

Белгінің сандық кӛрінісін вариант деп атайды.
Тӛменнен жоғары немесе жоғарыдан тӛмен бағыттарда орналасқан варианттар вариациялық
қатартҥзейді.
Вариациялық қатарды график арқылы ӛрнектеуді вариациялық қисық деп атайды.
Модификацияға ҧшырамайтын белгі не қасиет болмайды, бірақ организмнің әрбір белгісінің
ӛзгеруінің белгілі бір шегі болады, оны ӛзгергіштіктің реакция нормасы деп атайды. Организмдегі
әр тҥрлі белгілердің реакция нормасы тҥрліше болады.

Жұмыс барысы:
Тәжірибе 1

1. 50 дана лавр жапырағын таңдамай, талғамай санап аламыз;
2. Жапырақтардың ҧзындықтарын ӛлшеп,әр жапырақтың ҧзындығын жазып аламыз;

8; 5; 7; 10; 7; 5; 11; 11; 6; 7;
7; 7; 6; 7; 9; 8; 7; 9; 7; 6; Vmax= 11 см
7; 5; 6; 8; 6; 5; 5; 6; 7; 8;Vmin= 3см

3; 5; 3; 5; 4; 8; 7; 7; 5; 9;

10; 6; 10; 5; 7; 6; 7; 5;7; 5.

3. Вариациялық қатарды тӛменнен жоғары ӛрлеу бағытымен тҥземіз;

4. Бҧдан кейін әрбір варианттың жиілігін, яғни әр варианттың дара жиынтықта қанша рет
кездесетінін табамыз;

VP

32

41
5 11
68
7 15
85
93
10 3
11 2

Σ= 50

5. Вариациалық қатардың мәліметтерін кестеге жазамыз:
Кесте1 Лавр жапырағының вариациялық қатары

Лавр жапырағының 3 456 7 8 9 10 11
ұзындығы (V) см 2 1 11 8 15 5

Кездесу жиілігі (P)

33 2

6. Белгі ӛзгергіштігі- жапырақ тақташасы ҧзындығының сызықтық – графикалық кӛрінісін
сызамыз.

Сызбанұсқа1 Лавр жапырағының вариациялық қисық сызығы

Вариациялық қисық

20

15

10 Вариациялық
қисық

5

0
3 4 5 6 7 8 9 10 11

7. Вариациялық қатардың маңызды бір статистикалық кӛрсеткіші – орташа арифметикалық шама.
Оны табу ҥшін мына формуланы қолданамыз:

М=((3*2)+(4*1)+(5*11)+(6*8)+(7*15)+(8*5)+(9*3)+(10*3)+(11*2))/50 = 6,74см
Мҧндағы n-вариациалық қатар нҧсқаларының жалпы саны, X- нҧсқа, Р-нҧсқалардың кездесу жиілігі,
∑- қосынды (жинақтау) белгілері, М- белгінің орташа мӛлшері.
Тәжірибе 2
1. 60 дана ҥрмебҧршақ тҧқымын таңдамай, талғамай санап аламыз;

2. Ҥрмебҧршақ тҧқымының салмағын ӛлшеп, әр тҧқымның салмағын жазып аламыз;

0,30; 0,36; 0,42; 0,41; 0,34; 0,34; 0,34; 0,20; 0,32; 0,30; 0,21; 0,33; 0,36; 0,23; 0,29;

0,32; 0,09; 0,29; 0,34; 0,31; 0,28; 0,40; 0,35; 0,36; 0,34; 0,33; 0,24; 0,23; 0,36; 0,38;

0,36; 0,40; 0,37; 0,15; 0,21; 0,14; 0,32; 0,12; 0,29; 0,27; 0,38; 0,21; 0,36; 0,39; 0,41;

0,23; 0,36; 0,29; 0,33; 0,38; 0,31; 0,37; 0,35; 0,35; 0,38; 0,36; 0,23; 0,28; 0,30; 0,17.

Vmax=0.42

Vmin=0.09

Rv = Vmax-Vmin Rv=0.42-0.09=0.33
Мҧндай жағдайда әрбір вариантты бір класстың есебіне жатқызып, вариациялық қатар тҥзу ҥшін
олардың бәрін тізіп жазу мҥлдем мҥмкін емес. Ол ҥшін варианттарды класстарға топтастыру
қажет.
Класстар саны=Rv/l
мҧндағы l – класс мӛлшері
Вариациялық қатардағы класстар саны 5-6дан аз, 10-15 кӛп болмауы қажет.

l=5
Класстар саны = 33/5=7
3.Варианттар кластарға топтастырылған жағдайда кҥрделі вариациялық қатарларда шартты орта
әдісі арқылы арифметикалық ортаны табамыз;

Кластар V W(ортасы) Р (жиілік) а(ауытқу) аР(жиілікпен ауытқудың кӛбейтіндісі)
0,09 – 0,13 0,12 3 -3 -9
0,14 – 0,18 0,16 2 -2 -4
0,19 – 0,23 0,21 8 -1 -8
0,26 4 0 0
0,24 – 0,28 0,31 15 1 15
0,29 – 0,33 0,36 22 2 44
0,34 – 0,38 0,405 6 3 18
0,39 – 0,42 0
Σ=60 Σ= 56

4. Арифметикалық ортаны бҧл жолы мынандай формула арқылы табамыз:
M=w+вl

мҧндағы в – тҥзету мәні

в=ΣaP/n
в=56/60=0,93
есептеуге алынған варианттар бӛлшек сандар болғандықтан, ал тҥзетудің мәні бҥін
сандарға арналғандықтан біз жоғарыда шыққан тҥзетудің мәнін бӛлшек санға
айналдыру ҥшін 10-2кӛбейтеміз.
в=0,93х 0,01=0,0093

М=0,26+0,0093х5=0,26+0,0465=0,3065≈0,31

5.Кластарға топтастырылған вариациялық қатарды графикалық ӛрнектеді гистограмма деп атайды.
Гистограмманы вариациялық қисыққа айналдыруға болады, ол ҥшін әрбір кластың ортасын тҥзу
сызықтармен қосамыз. Гистограмманы вариациялық қисыққа айналдыру нәтижесінде қалыпты қисық
сызық шығады.

Сызбанұсқа 2 ҥрмебҧршақ тҧқымының вариациялық қисық сызығы

Вариациялық қисық сызық

25

20

15 Вариаци
ялық

қисық
10 сызық

5

0

Қорытынды:Модификациялық ӛзгергіштік дегеніміз сыртқы орта жағдайларының әсерінен
организм фенотипінің ӛзгеруі. Осы зертханалық жҧмысты орындау барысында соған кӛз жеткіздік.
Яғни, жапырақтардың ҧзындығы сондай-ақ ҥрмебҧршақ тҧқымының салмағының әр тҥрлі екендігі
байқалды. Бҧл – жапырақтардың, тҧқымның ӛсіп-дамуына орта жағдайлары, кҥннің тҥсуі, қоректік
заттар мен судың тамыр арқылы жеткізілуі және т. б. бірдей әсер етпейтіндігіне байланысты болатын
ӛзгергіштік. Сонымен қатар, біз тәжірибе жҥргезе отырып, лавр ӛсімдігінің жапырақ тақтасының
және ҥрмебҧршақ тҧқымының қҧрылыс ерекшелігін қарастырып, оларға вариациялық қатар мен
вариациялық қисық сызық қҧру барысында тҧқым қуалайтын қасиеттерін және модификациялық
ӛзгергіштікке ҧшырағанын анықтадық.

Бағалау критерийлері:
1. Модификациялық ӛзгергіштікті зерттейді
2. Вариациялық қатар қҧрастырады
3. Вариациялық қисық сызығын сызады

Дескрипторлар:
1. Гипотезаны тҧжырымдайды 10б
2. Зерттеу нәтижелерін кесте тҥрінде кӛрсете алады 10б
3. Сипатталған бақылауларды тҥсіндіреді 30б
4. Арифметикалық ортаны формула арқылы таба алады 30б
5. Қортынды жасайды 20б


Click to View FlipBook Version