The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by zidan_pf, 2021-11-30 06:24:05

жинақ 30 жыл

жинақ 30 жыл

«В ПОИСКАХ ЖИЗНИ»

Бекет Аружан, 12
Техника: digital коллаж

50

«ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚАСТЕРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚ»

Күндердің бір күнінде Арман мектептен келе жатып, атасын
кездестірді. Арманның көңіл-күйі жоқ, жабырқаулы жүзін байқаған
атасы:

– «Балам-ау, бет-жүзіңде бұрынғыдай күлкі үйірілген күйіңді
күні-бойы байқап жүрген жоқпын, тап бір тауды тұман басқандай
қанжыраулы жүзіңнің мәні неде?» – деп атасы өз баласынан
таңырқағандай, таңқалғандай сұрады. Сонда Арман:

– «Ата-ау, бүгін сабақта қазақ тілі пәнінің мұғалімі бізге
«Тәуелсіздік жолындағы қасіреттің жемісі» тақырыбы төңірегінде
әдеби эссе жазуды ұсынған болатын, алайда мен, ме-е-ен (басын төмен түсіріп) қалай айтсам
болады екен, тәуелсіздік алудың ел үшін маңызын түсінбегендіктен жаза алмадым», деп іштей
атасының алдында ұят екенін сезінгенінен бе, әлде мұғалімнің ұрысқанынан ба жылап жіберді.
Атасы Арманды құшақтап:

– «Арман, бетіңдегі жасыңды сүртіп, айналаға қарашы, не көріп тұрсың?» – деді атасы.
– «Ата, сізді түсінбей қойдым, алдымда ауылымызды, құстардың ән салғанын көріп
тұрмын...» – деп атасына жалт-жұлт қарады.
– «Балам, дұрыстап қарашы, біздің айналамызда бәйтерек іспеттес тамыры тереңде
жатқан, ұзын бойлы емен ағашын көріп тұрсын. Емен ағашын – Тәуелсіздіктің нышаны деп
қарастыруға болады. Емен ағашының бетінде жыраларды көріп түрсің бе, балам?» – деп атасы
баласынан сұрады.
– «Иә, ата, көріп тұрмын, ата-ау, ағаш бетіндегі жыралардың Тәуелсіздікпен қандай
байланысы бар?» -деп ботадай қара көзімен атасының әжім жүзіне аң-таң қарағандай болды.
– «Ағаш бетіндегі жыралар -адамның үнемі осы емен ағашын шабуға талпынысының
нәтижесі мен ауылымыздағы климатына, үнемі болып жатқан құрғақшылықтарға байланысты
пайда болған. Тап осылай емен ағашы бар іштегі көрген қиыншылықтарын, оттай жанып,
зулап, жанының ауруын жыралармен көрсеткен екен. Міне, осы емен ағашы тәріздес
халқымыздың тәуелсіздігі, егемендігі үшін ата-бабаларымыз қанды қырғында, сұрапыл
соғыста терімен, қанымен елі, туған жері үшін күрескен, намысты қолдан бермеген батыр
бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы тарихымен сабақтастығын көріп тұрмыз. Ата-
бабаларымыз Отанымызды кескілескен жоңғар шапқыншылығынан қорғады, КСРО одағының
құрамында Германияда фашизмге қарсы соғысты, тұтас мемлекет болып қалыптасып,
тәуелсіздігін алу мақсатында үкімге қарсы 1986 жылы желтоқсан айында Желтоқсан
көтерілісіне қатысты, Семей полигонындағы ядролық бомба сынағын кешірді. Сондағы
бабаларымыздың мақсаты – «болашақ ұрпаққа жарқын болашақ сыйлау, біздің басқан шоқ
табанымызбен болашақ ұрпақ баспауы тиіс, қателіктерімізді қайталамай, болашақта туған
жерін қорғайтын ер-азаматтарымыз үшін жан тігуге әзірміз» атты ұранымен соғыс алаңына
шығып, жанын тіккен. Жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресте қазақ жерін жоңғар
хандығының басқыншылығына төтеп берген, қазақ жерінің намысын таптамай, кең-байтақ
өлкемізді өмірінің соңына дейін қорғаған – Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай,
Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Жасыбай, Есет, Малайсары, Баян, Олжабай, Қожаберген,
Түгел, Бөлек, Шақантай, Төленді,Қошқарбай, Байболат секілді батырларымызбен

51

мақтануымыз тиіс! Соғыс алаңында қаншама қазақ даласынан шыққан аты тарихта алтын
әріптерімен жазылған Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков, Сабира
Мұхамеджанова өзінің батылдығымен ел ішінде танылған. Желтоқсан көтерілісіне қатысып,
халқымыздың егемендігі үшін жанын пида еткен құрметті тұлғалар екенін естен, жадыңнан
шығармағайсың, балам-ау! Ал Германиядағы фашизмге қарсы соғыс алаңында лаулап жатқан,
отқа толы жас жүректерін алып кеткен, тарихта неміс жұртының бодандығынан азат еткен,
қазақ халқының аспаннан түскен аққан жұлдызы-Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова,
Мәншүк Маметова елімізге бейбітшілік пен тыныштық әкелген Ұлы Отан Соғысының
батырлары деп білеміз! Соғыс кезінде талай ана жылап, талай ақын жыр төккен», - деп атасы
баласына қарап, маңдайынан иіскеді.

–«Ата, ата, мен Тәуелсіздік тақырыбында өлең жазсам болады ма?» – деп атасынан
рұқсатын алып, өз өлеңін жазып, алғаш ақындық өнерін көрсеткен сатыларының бірі болған
еді.
Арман бақшаға шығып, емен ағашының түбінде тұрып, өз өлеңін оқи бастады:

– «Тәуелсіз ел – Қазақстан,
Қырандай көкте самғап, гүлдей бер, өсе бер!
Қазағымның тәуелсіздігін жеңіп алған,

Ата-бабаларымыз армандаған,
Туған жерім, кең далам!

16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні,
Естіледі қазағымның бұл үні.

Осыдан 30 жыл бұрын
Ата-бабамыздың басынан өткен оқиға,
Қиын болды қазағымның тәуелсіздігін жеңіл алудың тарихы да!
Қандай қасірет көрсе де ата-бабамыз,

Алдына мақсат қойды-
«Қазақ жерін сақтап қалуымыз қажет!»-деп,

Орындалды көптен күткен арманымыз,
Көтерілді қазағымның беделі!»

– деп өз өлеңін аяқтады.
– «Бәрекелді балам, талабына нұр жаусын, қарағым!» – деп атасы көзіне жас алды.
–«Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда – тәуелсіздіктің көк
туы. Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз. Арманымызды алға
аппарат қанатты пырақтарымыз бар! Лайым бетімізден жарылқасын! Үлкен жолдың үстінде
бізді ата- бабаларымыздың аруағы желеп-жебеп жүрсін!» – деп Елбасы, ҚР еңбек сіңірген
құрметті тұлғалардың бірі – Н. Назарбаев айтқандай, 1991 жылы 16 желтоқсан күні
Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды
қабылдап, қазақ халқы мемлекет болып қалыптасып, өз туын биік шыңдарға көтерген,
бүкілхалықтық арманы мен қиялынан- бүгінгі күннің айнымас айнадай шындығына айналды.
Қазіргі таңда еліміздің гүлденіп, мемлекеттер қатарына кіріп, туын биік көтергені, бойында
рухани күштің пайда болып, қазақ халқының биік шыңдарды бағындыруы- бабаларымыздың
қанды қырғында, сұрапыл соғыста көрген азабының жемісі деп білуіміз парыз екендігін
ұмытпа! Ал енді балам, қазіргі күннен бастап Тәуелсіздіктің ауыр жүгін сезініп, түсініп, осы

52

күнді ұлы мейрам ретінде тойлауымыз-біз үшін міндет, балам»-деп атасы өз сөзін аяқтап,
атасы мен баласы үйге кірді.

Тоқтар Махаббат, 9 «В»

АЗАТТЫҚТАН АСҚАН ҚАЗЫНА ЖОҚ

Қазіргі таңда, жүзден астам ұлт тәуелсіз Қазақстан
Республикасын құрайды. 16 желтоқсан күні тәуелсіздігімізді
тойлаймыз. Жыл сайын, бейбіт, көгілдір аспан астында, тәуелсіз елде
тұруымызды тілейміз. Сол сәтте: “Азаттықтан асқан қазына бар ма?”
– деген сұрақ ойымызға келеді. Сонда неліктен азаттықтың құны
басқасынан жоғары?

Желтоқсан оқиғасын еске алғанда ересек болсын, қария
болсын, жүрегі сыздамай, бойында қорқыныш ұяламайтын адам жоқ
шығар. Бұл көтерілісті бастаған жастар ауыр соққыны өздеріне алып,
біздің бүгін сезінетін азаттықтың құндылығын көрсетеді. Оның
қаншалықты қиын жолмен қолға түскенін тарихтан өткеннен кейін, осы жолды қайтадан өтпеу
үшін, бейбітшілік пен тәуелсіздікті сақтауға бар күшімізді саламыз. Болашақта да бейбітшілік
құндылығын ұмытпау үшін, өмірін құрбан еткен қаһармандардың ерлігін келесі ұрпақтарға
жеткізіп отыру керек деп ойлаймын.
Сонымен қатар, азаттық бізге таңдау және ойлау бостандығын береді. Алдымызда
мыңдаған мүмкіндіктер ашады. Ал ең бастысы, біздің дауыс беруге құқығымыз бар. Біз
армандаймыз, мақсат қоямыз, оған жетуге тырысамыз. Өз ойымызбен, пікірлерімізбен бөлісе
аламыз. Қалаған оқу орнына түсіп, қалаған жұмысты таңдай аламыз. Әр адам жекеленген
тұлға ретінде дамиды, тең құқыққа ие болады. Әр адам ерекшелене алады, ұлты, тілі, діні басқа
болса да, бәрі бір аспан астында, тәуелсіз мемлекетте өмір сүреді. Ойланып қарасақ, ойлау
бостандығы, құқық, бәрімізге белгілі, бәрімізге тән заттар сияқты. Бірақ дәл сол сәтте, әлемнің
түкпірінде өзінің сөйлеу құқығынан да айырылған адам бары әбден мүмкін.
Қорытындылай келе, Желтоқсан көтерілісінде ерлік көрсеткен қаһармандарды болашақ
ұрпақ ешқашан ұмытпауы қажет. Себебі олар силаған азаттық баға жетпес қазына. Оның
құндылығы бізге ашылатын мүмкіндіктермен, оған жету қиындылығымен бағаланады.

Шалбай Фариза, 9 «В»

53

MY FRIEND IS MY SUPPORT

I would like everyone to know about the magic of friendship. As for
me, if anyone had a good friend to rely on, there would be no such thing as
war or crime in the world. But what is friendship really?

Many people think that all the people they communicate with and
know are their friends. Yet, for the most part this is not the case. Not
everyone is capable of being called your friend. Some people you call friends
may spread rumors about you, betray you, or try to humiliate you. True
friendship won't do it. A true friend will be with you no matter what.
Unfortunately, we don't live in a black and white world . Everyone has a
bad side, no matter how right a person is. That's what people are for.
Nobody's perfect and that's alright. No joy without alloy.

I would like to tell you about my wonderful friend. She was always been there for me when I
felt bad . Probably, it may seem that we often walked or saw each other, but there is one big minus-
the distance. Most likely, this is the "alloy". Despite the fact that we were in different cities, we knew
what was going on in each other's lives, because friendship has another component-trust. You can't
be in a good relationship without trust. I only tell my thoughts to people I can rely on. We had a
fight about three years ago. I never met someone like her after this long time, although I used to think
that everyone's expendable. This was not the case at all. No words to describe how much I suffered
. About the fact that I didn't tell you a lot and that this friendship ended so abruptly. Maybe it's my
pride, my principles, but I only wrote to her recently. And you know what? I didn't regret it. It may
not be the same as before, but these thoughts no longer torment me. I learned a lot from that. Any
occurrence brings a great experience. I finally understood what friendship is. No matter how many
people you meet along the way, when a friend turns away from you, it really hurts. I think it was fate
that we once again restored our companionship, which I am incredibly happy about. I believe that
friendship is truly extraordinary. When it ends it's terribly painful, but is it worth all the warm
memories together? My friend is my hope and strength.

Бейсенбина Адель, 10 «С»

НЕПРОСТОЙ ПУТЬ НЕЗАВИСИМОГО КАЗАХСТАНА

«История - сокровищница наших деяний,
свидетельница прошлого, пример и поучение
для настоящего, предостережение для
будущего.»
М. де Сервантес

Становление любого государства таит в себе много подводных
течений и рифов. История знает много примеров, когда огромные
империи и государства приходили в упадок, на их месте
образовывались новые ценой огромных людских потерь, сломанных судеб, разоренные,

54

слабые и зависимые от сильных соседей, терзаемые непрекращающимися гражданскими
войнами. В этот период для любого молодого государства одним из самых важных факторов
выживания являлись лидерские качества человека, стоящего во главе страны, и народ,
стремящийся к независимости и свободе.

Нашей республике всего 29 лет, даже для человека это не так уж много. Но оглядываясь
назад, понимаешь какой нелегкий путь становления прошла наша страна. 18 миллионов
человек живет на территории, занимающей 9 место в мире по площади, на земле, в которой
находится вся таблица Менделеева, в государстве, обладающем ядерным оружием, в стране,
граничащей с супердержавами. Добавьте к этому развал экономики и социальную
напряженность. Каким неутомимым, сильным характером должен был обладать лидер и народ
такого государства, какой взвешенной должна была быть политика и первые шаги на пути…

Начало девяностых, начало независимости Республики Казахстан. Республики никому
не известной, никак не обозначенной на карте мира. Этому государству многие предрекали
крах. И всё, вполне вероятно, так и произошло бы. Сегодня некоторые деятели критикуют
время правления первого президента, но я абсолютно уверенна, что Нурсултан Абишевич
Назарбаев – это крупная историческая личность, чье видение происходящих процессов и
помогло создать сегодняшний Казахстан.

Первым шагом на пути становления, было принято абсолютно верное решение –
закрыть Семипалатинский полигон и отказаться от ядерного оружия. Это первый и
единственный случай в мировой практике, когда государство и народ сделало выбор в пользу
безъядерного статуса. Была проведена титаническая работа по делимитации Государственной
границы Республики Казахстана. Это позволило молодому государству на долгие годы
сохранить мир и стабильность. Не лучшим примером разногласий является российско-
украинский вопрос, как мы знаем демаркация, начавшаяся 17 мая 2010 года так и не была
завершена.

Взяв на вооружение модели реформ других стран и наложив их на национальный
контекст, нам удалось создать собственную. Международная политика, направленная на
достижения международных гарантий суверенитета и независимости нашего государства,
установила дружественные отношения с зарубежными странами. Более 139 стран официально
признали и установили дипломатические отношения с нашей страной. Казахстан стал
активным членом ООН, а также сотрудничает с другими влиятельными организациями,
такими как: Евросоюз, ОБСЕ, ШОС, ОИК, ОДКБ, СНГ, ОПЕК, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО и т. д.

Сегодня наша страна признана в мире, как центр межкультурного и
межконфессионального диалога. Казахстан – региональная держава, обладающая прочными
позициями в мире с последовательной и предсказуемой внешней политикой.

Сегодняшнее поколение растет без войн и голода, в стране с развитой рыночной
экономикой и с демократическими институтами. Возродился дух казахского народа, его
сознание, мышление и духовные ценности. Не переставая верить в будущее государства, был
создан на сегодняшний день безопасный и единый Казахстан. Сейчас у нашего поколение есть
все, для того чтобы развиваться и получать хорошее образование.

Мир не стоит на месте и постоянно меняется. Перед нами встанут новые задачи и новые
вызовы. Предыдущие поколения сделали очень много для нас, мы получили огромную
территорию, богатую полезными ископаемыми и самое главное историей и духовными

55

ценностями. Наша задача – продолжить начатое и достигнуть новых высот. Смотря на все это,
можно с уверенностью сказать, что у нашей страны большой потенциал. В будущем я вижу
свою страну в десятке мировых держав, которая будет центром духовного и
межнационального согласия, где живут амбициозные, образованные, счастливые люди.

Мухаметгалеева Жанель, 10 «В»

ОТАНЫМ МАҚТАНЫШЫМ

Туған жердің көркіне сан қарадым,
Бір өзіңнен іздеп жүріп бақ табамын.

Тәуелсіз Қазақстан елім менің
Өзіңді жырға қосып мақтанамын

Қазақ болып туғаныма мақтанам,
Қастерлі атты қадірлеймін, сақтанам
Қазақ деген – халқым, өзім ата – анам.
Бауырларым, тұлпарлырым таптаған.

Ата-баба үміттері ақталған,
Даналығы, ұлылығы сақталған

Егеменді Ұлы Отан өзіңсің,
Өзек жарды ұміттерді ақтаған

Атақ – даңқым қазақ елім арайлым,
Келешекті нұрландырсын арай күн.
Желбіресін көк байрағым көгімде,
Мақтанышпен әрқашанда қараймын!

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ АРНАУ

Жарқырап таңы атты арманы асқақ елімнің
Бостандыққа қолы жетті егеменді елімнің,
Көк байрағы желбіреп бар әлемге танылды
Батырлары «менмін» деп, тарихқа да жазылды

Қырандары самғасын, қанаттары талмасын,
Күн көзін де ешқашан қара бұлттар шалмасын

Егеменді елімнің 30 жылын тойлаймыз,
Қазақстан еркіндігін жырлаймыз.

Тиылмасын ешқашан сәбилердің күлкісі,
Күллі әлемге танылсын ағалардың ұлы ісі
Арманы қазақ елінің – көк тудың желбірегені,

56

Кең байтақ туған жерімнің бесік боп әлдилегені.

Тәуелсіз 30 жылды құттықтап жырға қосамын,
Алдамса қара түнектің құрсауынан босадың,
Үміт күт, жас өркеннен қаситетті туған жер,
Бабалардың жалғасы, мен патриот боламын!

Халмаан Әсел, 12 «В»

Солтүстіктің бойтұмары
(Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан Шоқан Уәлихановтың әжесі

Айғанымның қонысы туралы бір үзік сыр)

Менің туған жерім ұшса құс қанаты, шапса ат тұяғы жетпейтін
кең байтақ, ұлан-ғайыр - Қазақ жері. Бүгінде Қазақстанның Солтүстік
қақпасы атанған, ақ қайыңдар өлкесі, Ресеймен шекаралас өңір –
Солтүстік Қазақстан облысы, менің кіндік қаным тамған мекен. Осы
өлкеде батыр аналарымыз қаншама нар тұлғалы бабаларды дүниеге
әкелді. Бұл мекенде қол бастаған батыр да, суырып салма ақын да, ел
бастаған дана да дүниеге келіп, бүгінде тарихтың қойнауынан еліміздің
шежіресін шертіп отыр. Сырлы сезімнің ақыны Мағжан, сөз зергері
Ғабит, асыл сөздің иесі Сәбит, аққан жұлдыз Шоқанды дүниеге әкелген
киелі топырақта тарихтың ең қымбат жәдігерлері сақталған. Соның бірі,
әрі бірегейі – «Айғаным қонысы».
Бұл қоныс - қазақтың маңдайына біткен аққан жұлдызы Шоқан Уәлихановтың әжесі
Айғаным ханшанікі. Тарих беттеріне үңілсек, халқымыздың ұлы ханы Абылайдың кемеңгер
келіні, Уәли ханның өмірлік серігі, биліктегі ақылшысы, Шоқандай ұлы тұлғаның ақ
жаулықты әжесі Айғанымды жерлес жазушымыз Сәбит Мұқанов өзінің “Аққан жұлдыз”
романында: «...биік, талдырмаш бойлы, аршыған жұмыртқадай аппақ өңді, үлкен қара көзді,
ортасы көтеріңкілеу қыр мұрынды, кең маңдайлы, қою қара қасты, қайқы кірпікті,
бұрымдарын көбейте өрген, түрегеп тарқатқанда денесін тізесіне дейін жауып кететін бұйра
қара шашты қыз!» - деп суреттейді.
Айғаным әжеміз Уәлі ханның өмірлік серігі бола тұра, оған қазақ даласын билеуде, әсіресе,
ішкі-сыртқы саясатта шешімдер қабылдауда қол ұшын созған. Бірақ өмірдің
заңдылығымен Уәлі хан өмірден озғаннан кейін Айғаным ханша қазақ жерін билеуге тәуекел
етеді. Менің ойымша, әр қазақ баласы Айғаным Сарғалдаққызына бас ию керек. Себебі Ресей
мемлекеті қазақ халқына байланысты шешімдерін осы ханшамен шешкен, қазақ
жұртшылығына ең алғаш егіншілік мәдениетін алып келген, ұн таратын диірмен салғызған,
халқының діни дамуы құлдырамасы үшін мешіт-медресе салғызған, қазақ даласына
геодезиялық зерттеу жүргізген орыс ғалымдарына көмектескен осы Айғаным анамыз болатын.
Өз ұлтының хас баласы қазақтар мен орыстардың достық қарым-қатынастарының нығаюына
ұмтылғандықтан Ресейдің патша үкіметі Айғаным ханшаны пір тұтқан.

57

Сөз етіп отырған «Айғаным қонысын» І Александр Айғаным ханшаға үлкен ілтипат
көрсетіп, арнап салдыруды әмір еткен екен. Ғалым Шоқан атамыз сол үйде дүние есігін ашқан
болатын.

Қазақ халқының нар тұлғасы Шоқан Уәлиханов үшін оның данагөй әжесі халық
даналығының сарқылмас бұлағындай болған. Айғаным әжеміздің аққан жұлдызымызды
мүшел жасына дейін өсіруі, оның бала жүрегіне халқымыздың аңыз әңгімелері мен бесік
жырларын айтуы арқылы ұлтжандылық сезімді кұюы, өскенде кіндік қаны тамған ұлы
даласын ұмытпасы үшін таудың шыңына өзінің атын жазғызғаны, немересінің ұлы тұлға
атануында көп үлес қосқаның дәлелі. Тағы бір тарихи деректерде: «Шоқан 12 жасқа толғанда
Айғаным әжеміз ақ жаулықты Зейнеп анамыз қарсы болса да, оны ұлан-ғайыр қазақ
жерімізбен шекаралас Ресей еліне оқуға жібереді» - делінеді.

Әр сөзі бір-бір алтынға татитын әйгілі, кемеңгер, терең ойлы, ұлтжанды Айғаным
анамыздың қонысы осынау кең-байтақ қазақ жеріміздің солтүстігінде Ақмола облысы мен
аңыздар мекені Көкшетау қаласымен шекаралас қасиетті Айыртау деген елді мекенде
орналасқан. Ішінде алтыннан да қымбат сыр сақтаған қонысымыздың шығу тарихы Айғаным
ханша билік жүрген кезде болған. Ресей елінің таққа отырғалы жатқан патшасы біздің елімізге
келуіне орай топырағы киелі Сырымбет деген өлкеде Айғаным ханшаның қонысы салынды.
Деректерге сүйенсек, Айғаным қонысы сол кездің стилінде, ағаш қорғанмен қоршалған
барлық қажеттіліктер ескеріліп салынған. Ғимараттардың барлығы ағаш бөренелерден
салынып, қазақи нақыштағы оюлармен безендірілуі І Александрдың ханшайымға деген
сыйластығы ғана емес, біздің де ұлтымызға деген құрметі деп білемін. Алайда қонысты қазақ
халқының дәстүрінен хабарсыз казактар салғандықтан олар мешіттің құбыласын теріс жаққа
қаратып салғаны да белгілі.

Марғұлан Сәрсембеков атамыздың жазбаларында Айғаным анамыздың өте білімді
адам екені және оның 6 тіл білгені (орыс, парсы, араб, шағатай, француз) туралы деректер бар.
Сондықтан болар, Айғаным анамыз қонысының жанынан қосымша 5 бөлмелі мектеп үйін
салдырған және ол қазақ жеріндегі алғашқы қазақ мектептерінің бірі болған дейді-мыс.
Иә, киелі қазақ жерінің әр бұрышы жас ұрпаққа тарихтың қойнауынан сыр шертіп
тұрады. Бүгінде Еліміздің қиырында Ресей Федерациясымен шекаралас біздің өңірдің
тарихында өте маңызды нысан – «Айғаным қонысы» екі елдің достығының сан ғасырлық куәсі
іспетті.

ХХІ ғасырға азат, тәуелсіз ел ретінде қадам басқан қазақ елінің жұлдызын жарқыратып,
әлемдік өркениет көшіне ұмтылған халықтар санатына қосуды мұрат тұтады. Бірақ бұның
барлығы халқымыз өзінің тарихын танымай жүзеге аспайды. Себебі кешегі өткенді білмей
ертеңгі жарқын болашақ құрылмайды.

Алтай Дильназ, 9 «D»

58


Click to View FlipBook Version