Бөлім: Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым
6.1.2.1-әдеби шығармада көтерілген
әлеуметтік –қоғамдық мәселені
идеясы арқылы түсіндіру.
«Менің атым – Тәуелсіздік» өлеңінің авторы Ерлан Жүніс небары 6 жасында
ел тарихын түбегейлі өзгерткен оқиғаның куәсі болғанын жырына арқау етеді.
Тәуелсіздікпен бірге еліне келген оң өзгерістер авторды бей-жай
қалдырмайды. Темір құрсаулар босап, аз ғана халқының сөз бостандығына қол
жеткізгенін автор ерекше тебіреніспен жырлайды.
Ерлан Жүністің өмірінде анасының рөлі зор. Бойына барлық ізгі адами
қасиеттерді сіңіріп өсірген анасына деген құрметі ерекше. Ерлікті айтқан,
үйретпеді ол ездікті,
Ұстатқан қалам, ұстатпады ол кездікті,
«Құлыным, сенің тарихың басқа» деген тек,
Ол, бәлкім, менен Сөз күтті! – деген жолдардан автор жесірліктің тауқыметін
тартса да адами бейнесінен ажырамаған анасының ерлігін мадақтайды.
Тәуелсіздік ше?
Ол – менің тегім, ұлдарыма оны дарыттым.
Тәуелсіздік – мен, ол – менің асқақ аңызым, – берілген үзіндіде автор өзін
Тәуелсіздікке балайды. Сол арқылы ел егемендігін қаншалықты бағалайтынын
жеткізеді.
«Менің атым – Тәуелсіздік» өлеңі арқылы автор жас ұрпаққа азаттықтың
қадірін ұғындырып, тәуелсіздіктің мағынасын түсіндіру қажет деп есептейді.
Ол үшін өткен тарихты ұмытпай, егемендіктің қадірін түсіну қажет.
2-тапсырма, 99-бет.
Идеясы:
Себептері:
Дәлелдері: