The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by ulanduisebayeva, 2021-04-01 09:43:06

02.04.2021 қаз т 5Т1 (1)

02.04.2021 қаз т 5Т1 (1)

5-сынып
Қазақ тілі

Пән мұғалімі:
Дуйсебаева Улан Абдикамаловна

Сәуірдің екісі

9-бөлім: Аспан әлемінің құпиялары
Сабақтың тақырыбы:

Сырлы да сиқырлы аспан әлемі

Сабақтың оқу мақсаты:

5.Т/А4. Тірек сөздер мен
жетекші сұрақтар арқылы негізгі

ойды анықтау.
5.ӘТН4. Сан есімнің мағыналық
түрлерін ажырата білу, зат есім

орнына қолдана білу.

Ширату. Жұмбақ шешу

Әйнектей көгілдір,
Теңіздей тым мөлдір.

Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан.

Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді.

“Ойтүрткі”
Ғарыш деген не? Қандай қызықты
ақпарат білесіз?
Аспан әлемі туралы не білесіз?
Галактика дегенді қалай түсінесіңдер?
Қандай аспан денелерін білесіңдер?
Жұлдыздар деген не? Шоқжұлдыз деп
нені айтады?
Жұлдыздар неге кішкентай болып
көрінеді?









Жазылым.
2-тапсырма.151-бет.

Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлеңде не туралы айтылғанын
тұжырымдап жаз.

Ақшам түссе Қанат Батқан мөлдір көлге
Ашық көкке қарап, Секілді алтын теңге,
Күбірлетіп ернін, Көрінеді анық
Жатыр жұлдыз санап. Темірқазық елге.
Оған таныс еді Білмепті бұл бұрын,
Жұлдыздардың көбі. Байқалды тек бүгін,
Шашыраған көкке Жұлдыз санау деген
Көбіктей құс жолы. Жұмыс екен қиын.
(Қастек Баянбай)

Тілдік бағдар. Сан есім.

Сан есім – қазақ тіліндегі тоғыз сөз
табының бірі. Заттың санын,
мөлшерін, ретін білдіріп,

қанша?неше?нешеу?нешінші? деген
сұрақтарға жауап беретін сөз

табын сан есім дейміз. Мысалы, екі,
бір, алты, алтыншы, төртеу,
төртінші, төрттен аса, төрт-
төрттен.

Тілдік бағдар. Сан есім.

Сан есімімдер зат есіммен
тіркесіп қолданылады. Сан есім
де сын есім секілді заттанғанда

көптеледі, жіктеледі,
тәуелденеді, септеледі.



Қосымша тапсырма.
1-тапсырма.

Мәтінді мұқият оқып, тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықта.
Бұлтсыз ашық түнде аспаннан жапырылған жұлдыздарды көресің. Енді кейбірі солғын
жарық нүктеге ұқсайды. Енді бірі бірде күшейіп, бірде әлсіреген отты елестетеді. Шынында
да, олардың әр қайсысы Күнге ұқсас жанып тұрған орасан газ шарлар. Ең ірілері күннен
ондаған есе, тіпті жүздеген есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар.
Жай көзбен қарағанда аспан әлемінде 3 мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі замандағы
ең жаңа құралдармен есепке алғандарының саны бірнеше миллион. Ғалымдардың
болжауынша, жұлдыздардың жалпы сан миллиардтан асып кетеді.
Жерге ең жақын жұлдыз – Күн. Оның төңірегінде ірі аспан денелері, планеталар, айналып
жүреді. Грекше «планета» – адасушы жұлдыз деген сөз.
Ғаламшарлар — өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Бірақ түнде жылтырап
көрінеді. Ол күн сәулесіне шағылысуынан солай көрінеді. Ғаламшарлардың айналасында
серіктері айналып жүреді. Жер серігі - Ай. Күн және күнді айналып жүретін ғаламшарлар
мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды. Күн жүйесі – Әлем кеңістігінің немесе
Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне
кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады.
Жерді қоршаған бүкіл дүние – ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады.
Адам ерте кезден-ақ Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда
ашылды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет
ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. Ол — Ю. А. Гагарин.

2-тапсырма.

Тыңдалым мәтінінен сан
есімдерді теріп жаз.

Оқу тапсырмасы :
Сан есімдерді қатыстырып

5 сөйлем құрастыр.
Ережені жаттау.

Кері байланыс


Click to View FlipBook Version
Previous Book
2021 Mid Year Open Enrollment Guide
Next Book
2021 Catalog