The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Akbota Pazylbek, 2024-02-02 22:33:49

Бала құқықтары туралы конвенция

Бала құқықтары

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ "Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті" КеАҚ Арнайы педагогика кафедрасы Пазылбек А., Амантай А., Меңдеш А., Набиева Ә., Оразғали Г., Сағдатова А. 6В01901- Арнайы педагогика Алматы, 2024


МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ....….....................................................................3 Баптарға қысқаша сипаттама............................5 Терминдер мен анықтамалар............................20


КІРІСПЕ Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер,Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген қағидаттарға сәйкес қоғамның барлық мүшелеріне тән қадір-қасиетін, теңдей және ажырамас құқықтарын тану жер бетінде бостандықты, әділдікті және бейбітшілікті қамтамасыз етудің негізі болып табылады деп есептей отырып,Біріккен Ұлттардың халықтары Жарғыда өздерінің адамның негізгі құқықтарына, жеке адам баласының қадір-қасиеті мен құндылығына деген сенімін қуаттағанын және кең ауқымды бостандықта әлеуметтік прогреске және өмір сүру жағдайларын жақсартуға жәрдемдесуге бекем бел буғанын назарға ала отырып,Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясында және Адам құқықтары туралы халықаралық пактілерде жария еткен құқықтар мен бостандықтардың бәріне және әрбір адамның нәсілі, түр-түсі, жынысы, тілі, діні, саяси немесе өзге де сенім-нанымдары, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегі, мүліктік жағдайы, туылуы сияқты белгілері немесе өзге де жағдайлары бойынша қандай да бір айырмасыз ие болуға тиіс екендігіне келіскендігін тани отырып,Біріккен Ұлттар Ұйымының Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясында балалардың ерекше қамқорлық пен көмекке құқылы екендігін жариялағанын еске ала отырып,отбасына қоғамның негізгі ұясы ретінде және оның барлық мүшелерінің, әсіресе балалардың өсіп-жетілуінің және игілігінің табиғи ортасы ретінде, қоғам шеңберінде өз міндеттерін мойнына толық ала алатындай


қажетті қорғау және жәрдем көрсетілуі тиіс екендігіне кәміл сене отырып,баланың жеке басы толық және үйлесімді дамуы үшін оның отбасы аясында, бақыт, махаббат және түсінушілік ахуалында өсуі қажет екендігін тани отырып, бала қоғамда өздігінше өмір сүруге толық дайын болуға және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген идеалдардың, әсіресе, бейбітшілік, қадір-қасиет, төзімділік, еркіндік, теңдік және ынтымақтастық рухында тәрбиеленуге тиіс деп санай отырып,баланы осындай ерекше қорғауға деген қажеттіліктің 1924 жылғы Бала құқықтарының Женева декларациясында және 1959 жылғы 20 қарашадағы Бас Ассамблея қабылдаған Бала құқықтары декларациясында қамтылғанын және оның Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясында, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактте (атап айтқанда, 23 және 24-баптарда), Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактте (атап айтқанда, 10-бапта), сондай-ақ балалардың игілігі мәселесімен айналысушы мамандандырылған мекемелер мен халықаралық ұйымдардың жарғыларында және тиісті құжаттарында танылғанын назарға ала отырып,Бала құқықтарының декларациясында "бала туылғанға дейін, сондайақ туылған соң да тиісті құқықтық қорғауды қоса алғанда, оның тәні мен ақылесінің жетілмегендігіне байланысты арнайы қорғау мен қамқорлықты қажет етеді" деп көрсетілгенін назарға ала отырып, балаларды қорғауға және олардың игілігіне қатысты, әсіресе балаларды ұлттық және халықаралық деңгейлерде тәрбиелеуге және асырап алуға беру кезінде, Әлеуметтік және құқықтық қағидаттар туралы декларацияның ережелеріне, Біріккен Ұлттар Ұйымының жасы кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүргізу жөніндегі ("Пекин ережелері") Минимальды қалыптық ережелеріне және Төтенше жағдайлар мен қарулы жанжалдар кезінде әйелдер мен балаларды қорғау туралы декларацияның ережелеріне сілтеме жасай отырып,дүниежүзінің барлық елдерінде аса ауыр жағдайларда өмір сүріп жатқан балалар бар екенін және мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді қажет ететіндігін мойындай отырып, баланы қорғау және оның үйлесімді дамуы үшін әрбір халықтың дәстүрлері мен мәдени құндылықтарының маңыздылығын тиісті түрде ескере отырып,әрбір елде, атап айтқанда, дамушы елдерде балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын тани отырып келісті.


1 бап: Бала жайлы анықтама Өз елінің заңына сай 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып табылады, және ол осы Конвенцияда бекітілген құқықтарға ие. 2 бап: Кемсітушілікті болдырмау Әрбір бала нәсіліне, терінің түсіне, жынысына, тіліне, дініне, әл-ауқаты мен әлеуметтік шығу тегіне қарамастан, осы Конвенцияда көрсетілген барлық құқықтарға ие. Ешкімді кемсітуге болмайды. 3 бап: Баланың мүдделерін қорғау Шешімдерді қабылдау барысында үкімет балалардың мүдделерін барынша қамтамасыз етіп, оларға ерекше қорғау мен күтімді көрсетуі тиіс. 4 бап: Құқықтарды іске асыру Үкіметтер елдегі әрбір баланың Конвенцияда бекітілген құқықтарды пайдалана алуы үшін барлық жағдайды жасаулары қажет. Бала жайлы анықтама Баланың мүдделерін қорғау Кемсітушілікті болдырмау Құқықтарды іске асыру


5 бап: Жанұяда баланы өсіру мен баланың қабілеттерін дамыту Үкімет баланың даму ерекшеліктерін ескере отырып, ата-аналардың баланы тәрбиелеудегі құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін құрметтеуі тиіс. 6 бап: Өмір сүру, аман болу және даму құқығы Әрбір баланың өмір сүруге құқығы бар, және үкімет баланың психикалық, эмоциялық, ақылой, әлеуметтік және мәдени деңгейін қолдай отырып, оның аманесен, сау болып дамуын қамтамасыз етуге міндетті. 7 бап: Аты-жөні мен азаматтығы Әрбір бала туылғанда аты-жөні мен азаматтығын алуға құқылы,


cондай-ақ өз ата-аналарын білуге және олардың қамқорлығына сүйенуге құқылы. 8 бап: Даралықты сақтау Үкімет баланың өз даралығын сақтау құқығын құрметтеуі тиіс, оның ішіне есімі, азаматтығы және отбасылық байланыстары кіреді. Егер бала олардан айырылған жағдайда, үкімет оған барынша тез қалпына келуге көмектесуі керек. 9 бап: Ата-анасымен айырылысу Бала ата-анасынан айырылмауы қажет, оны тек оның мүддесін қорғау үшін ғана жасауға болады. Мысалы, егер бала тиісті ата-аналық күтім алмаса немесе ата-анасы балаға қатігездік көрсететін болса. Егер бала ата-анасының біреуінен, не екеуінен айырылатын болса, ол олармен үнемі түрде көрісіп тұруға құқылы (тек ба-


ланың мүддесіне қайшы келетін жағдайлардан басқа). Егер үкіметтің шешімі нәтижесінде бала ата-анасының біреуінен, не екеуінен айырылатын болса, онда үкімет балаға оның атаанасының мекен-жайы жөнінде ақпаратты беруге міндетті (тек балаға зиян келтірілетін жағдайлардан басқа). 10 бап: Жанұяның қайта бірігуі Егер бала мен оның ата-анасы әртүрлі елдерде тұратын болса, онда олар қарым-қатынастарын жалғастыруы үшін елдер арасындағы шекараларды өтіп тұруға мүмкіндіктері болуы қажет. 11 бап: Заңсыз түрде жүру және қайтару Үкімет балалардың елден заңсыз түрде алып кетілуіне тыйым салуы тиіс.


12 бап: Баланың көзқарасы Бала өзіне қатысты барлық мәселелер бойынша көзқарасын еркін білдіруге құқылы. Үлкендер балалардың пікіріне құлақ асулары қажет. 13 бап: Ой-пікірді еркін білдіру Бала өз пікірін еркін білдіруге, кез-келген ақпаратты іздеуге, алуға және таратуға құқылы, тек бұл басқа адамдарға зиянын келтірмеуі керек, мемлекеттік қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті бұзбауы қажет. 14 бап: Ой, ар-ұждан және дін бостандығы Үкімет баланың ойлауға, арұждан және дініне қатысты бостандығын құрметтеуі тиіс. Ата-аналар немесе қамқоршылар балаға осы құқық жайлы түсіндіріп беруі керек.


15 бап: Қауымдастық еркіндігі Балалар өзі қалаған топтарға қосылуға немесе топтар мен ұйымдарды құруға құқылы, тек бұл басқа адамдарға зиянын келтірмеуі керек, мемлекеттік қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті бұзбауы қажет. 16 бап: Жеке өмір құқығын қорғау Әрбір баланың жеке өмірге құқығы бар. Ешкім оның абырой-беделіне нұқсан келтіруге, сондай-ақ рұқсатсыз оның үйіне кіруге және оның хаттарын оқуға құқығы жоқ. Бала өзінің ар-намысы мен абыройына заңсыз қол сұғудан қорғау алуға құқылы. 17 бап: Пайдалы ақпаратқа қолжетімділік Әрбір бала ақпарат алуға құқығы бар. Үкімет бұқаралық ақпарат құралдарын балалардың рухани және мәдени дамуына ықпалын


тигізетін материалдарды таратуға ынталандырып, балаларға зиян келтіретін ақпаратқа тыйым салуы қажет. 18 бап: Ата-ананың жауапкершілігі Ата-аналар бала тәрбиесі мен дамуына бірдей жауапты. Үкімет ата-аналарға баланы тәрбиелеу мен дамытуда көмек көрсетіп, сондай-ақ балалар мекемелерінің желісін дамытуды қамтамасыз етуі керек. 19 бап: Қатыгездік пен немқұрайлықтан қорғау Үкімет баланы ата-аналар немесе басқа адамдар тарапынан болатын зорлық-зомбықтың барлық түрлерінен, немқұрайлылық пен қиянат көрсетушіліктен қорғауы қажет, сондай-ақ ересектерден қатыгездік көрген балаға көмектесуге міндетті.


20 бап: Отбасысыз қалған баланы қорғау Егер бала отбасынан айырылған болса, онда ол үкімет тарапынан арнайы қорғау мен көмек алуға құқылы. Үкімет балаға қажетті тәрбие мен күтімді қамтамасыз ету үшін оның тілін, дінін, мәдениетін құрметтейтін адамдарға баланы тапсыра алады. 21 бап: Асырап алу Бала асырап алған жағдайда үкімет оның ең жақсы мүдделерінің сақталуын, оның заңды құқықтарының бұлжытпай орындалуын қадағалауы қажет. Бала асырап алу кезінде ел ішінде де, шетелде де бірдей ережелер, кепілдіктер мен нормалар қолданылуы қажет. 22 бап: Босқын балалар Басқа елден келген балаларға үкімет ерекше қорғауды, олардың мектепке барып, білім алуын, та-


мақтануын, отбасына оралуын қамтамасыз етуі керек. 23 бап: Мүгедектігі және ерекше қажеттіліктері бар балалар Ақыл-ой немесе физикалық тұрғыдан ерекше қажеттіліктері бар әрбір бала қоғамда барынша лайықты өмір сүруге құқығы бар. Үкімет мұндай балаларға сабақ оқу, ем алу, еңбекке дайындалу, демалу, барынша тәуелсіз болуға, яғни толыққанды өмір сүру мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек. 24 бап: Денсаулық пен денсаулық сақтау Әрбір бала өз денсаулығың сақтау үшін дәрігерлік көмек алуға, таза су ішуге, таза және қауіпсіз ортада өмір сүруге және толыққанды тамақтануға құқығы бар. Барлық ересек адамдар мен балалар денсаулықты сақтау жайында толық ақпаратпен қамтамасыз етілуі тиіс.


25 бап: Қамқорлыққа алынған балаларды мерзімді бағалау Үкімет қамқорлыққа алынған әрбір баланың өмір сүру жағдайы мен ахуалы жайлы үнемі тексеріп отыруы қажет. 26 бап: Әлеуметтік қамсыздандыру Үкімет жағдайы нашар отбасылардағы балаларға ақшалай немесе басқалай көмектесуі керек. 27 бап: Өмір сүру деңгейі Балалар өздерінің толыққанды дамуы үшін тамаққа, киімге және қауіпсіз тұрғын жайға құқығы бар. Үкімет бұл құқықты жүзеге асыруға мүмкіндіктері жоқ отбасылар мен балаларға көмектесуі тиіс. 28 бап: Білім алу Әрбір бала білім алуға, мектепке баруға құқылы. Бастапқы білім алу тегін болуы тиіс. Ал одан кейінгі берілетін білім әрбір бала үшін


қолжетімді болуы керек. Мектепте бала құқықтары толық қорғалып, оның адами қадірқасиеті құрметтелуі керек. Балалардың мектепке үнемі баруын үкімет қадағалап, бақылайды. 29 бап: Білім алудың мақсаттары Білім беретін мекемелер баланың жеке тұлғасын, дарынын, ақыл-ой және физикалық қабілеттерін ашып, оларды дамытуға көмек көрсетуге міндетті. Сондай-ақ баланы өзінің және басқалардың құқықтарын біліп, құрметтеуге, ата-анасын сыйлауды үйретуі тиіс. 30 бап: Аз ұлттар мен байырғы халықтарға жататын балалар Басқа елден келген баланың өз тілінде сөйлеуге, өз дінін ұстануға, халқының әдет-ғұрыптарын сақтауға құқығы бар.


31 бап: Демалыс, бос уақыт пен мәдени өмір Әрбір баланың демалуға, ойнауға, сондай-ақ мәдени және шығармашылық іс-шараларға қатысуға құқығы бар. 32 бап: Балалар еңбегі Үкімет баланы қауіпті және зиянды жұмыстан қорғауы қажет. Жұмыс баланың білім алуына, рухани және физикалық дамуына кедергісін келтірмеуі керек. 33 бап: Есірткіні заңсыз қолдану Үкімет жасөспірімдердің есірткі секілді зиянды заттарды заңсыз қолдануына жол бермеуі керек, және осыдан қорғау үшін қолдан келгенше баланы барынша қорғау қажет, және балалардың есірткіні өндіруде және таратуда қатысуына жол бермеуі тиіс.


34 бап: Сексуалдық қанаушылық Үкімет балаларды сексуалдық зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорғауға міндетті. 35 бап: Сату, адам саудасы және ұрлау Үкімет балалардың ұрлауына, контрабанда арқылы сатылуына жол бермеу үшін бар күш-жігерін салуы қажет. Ата-аналар балаларға бейтаныс адамдармен сөйлеспеуді ескертуі керек. 36 бап: Қанаудың (пайдаланудың) басқа да түрлері Үкімет балалардың пайдаланылуына жол бермеуі тиіс, оларға зиян келтіретін кез-келген әрекеттерден қорғауы қажет. 37 бап: Азаптау және бостандығынан айыру Үкімет әрбір баланы қатыгездіктен, жазықсыз қамалуынан қорғау қа-


жет. Еркіндік пен бостандығынан айырылған бала жақын адамдарымен хабардар болып отыруы қажет. 38 бап: Қарулы қақтығыс Үкімет 15 жасқа толмаған балаларға әскерге баруға, соғысқа қатысуға рұқсат етпеуі керек. Соғыс болып жатқан жерлердегі балалар ерекше қорғау мен күтім алуы қажет. 39 бап: Қалпына келтіру күтімі Егер бала қатыгездіктен, қанаудан жапа шексе, онда үкімет ол балаға көмек көрсетіп, денсаулығын қайта жақсартуға қолдау көрсетуі қажет. 40 бап: Заңды бұзушы балаларға құқықтық көмек Заңды бұзған балалар қажетті көмекке жүгінуге және оларға әділетті түрде қарауға құқығы


бар. Оларға қоғамның жақсы азаматы болуға қажетті көмек көрсетілуі тиіс. Түрме тек соңғы шешім болуы қажет. 41 бап: Ең жоғары нормаларды қолдану Елдің заңы балалардың құқықтарын осы Конвенцияға қарағанда жақсырақ қорғайтын болса, онда сол елдің заңы бірінші кезекте қолданылуы қажет. 42 бап: Ұстану және өз күшіне ену Үкімет бала құқықтары туралы Конвенция жайлы ақпаратты кеңінен таратуы қажет. 43-54 баптарда ересек адамдар мен үкіметтер бірлесе отырып балалардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін қандай әрекеттер жасауы қажет жайлы ақпаратты қамтиды.


Бала – он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам. Баланың заңды өкілдерi – ата-анасы, бала асырап алушылар, қорғаншысы, қамқоршысы, патронат тәрбиелеушiсi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың орнында қамқорлық жасайтын, бiлiм, тәрбие беретiн, баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғайтын адамдар. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, атаанасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала. Жетiм бала – ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты атаанасы қайтыс болған бала. 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 40-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Мүгедек бала – тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам. Қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың құқығы мен мүддесiн қорғаудың құқықтық нысаны. Қамқоршылық – он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi балалардың құқығы мен мүддесін қорғаудың құқықтық нысаны. Терминдер мен анықтамалар


Патронат – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген адам (патронат тәрбиелеушiсi) жасасатын шарт бойынша азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берген кездегi тәрбиенің нысаны. Баланың әлеуметтiк бейiмделуi – өмiрлiк қиын ахуалға тап болған баланың қоғамдағы құндылықтарды, мiнез-құлық ережелерiмен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтiк ортаның жағдайларына белсендi түрде бейiмделу процесi, сондай-ақ басынан кешiрген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесi. Бала құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар – бұл ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, балаларды әлеуметтiк қолдауды, әлеуметтiктұрмыстық, медициналық-әлеуметтiк, әлеуметтiкпедагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызмет көрсетулер мен материалдық көмек көрсетудi, өмiрдегi қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтiк оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабiлеттi жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудi жүзеге асыратын ұйымдар. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар – мемлекет белгiлеген әлеуметтiк қызмет көрсетулердi, нормалар мен нормативтердi қамтитын, балалар өмiрiнiң сапасын қамтамасыз ететiн негiзгi көрсеткіштер. Өмiрде қиын ахуалға тап болған балалар – қалыптасқан мәнжайлардың салдарынан тiршiлiк етуi бұзылған және бұл мәнжайларды өз бетiмен немесе отбасының көмегiмен еңсере алмайтын балалар.


Click to View FlipBook Version