The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Елубаева Жансая, 2022-06-02 17:48:22

Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық оқыту
технологиясы

Орындаған:Елубай Жансая
Тобы:ДоиВк-91

Проблемалық оқыту технологиясы
дегеніміз не?

Проблемалық оқыту- оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып,білімді шығармашылық
тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе.

Проблемалық оқытудың мақсаты-ғылыми таным нәтижелерін,білімдер жүйесін ғана
меңгеріп қоймай,сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзіне де,процесінде
меңгеру,балалардың таным дербестігін қалыптастырып,оның шығармашылық қабілеттерін
дамыту.

Проблемалық оқытудың ерекшелігі-мұнда тәрбиеші білімді дайын түрде баяндап
бермейді,балалардың алдына проблемалық міндет қояды.Шешімді және шешу құралдарын
оқушы өзі іздестіру керек.

Зейіннің дамуына Шығармашылық
жағдай жасайды белсенделігі артады

Сөздік қоры Проблемалық Білім алушыны өз
толықтырылады. оқыту бетінше ойлауға

көмектеседі.

Танымдық іскерлікті
дамытады.

Байқампаздықты Өзіне баға беру
дамытады әрекеті

Білімді игеру
қарқыны тездетеді

Проблемалық оқыту технологиясының
пайдасы

- Балалардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
- Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
- Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
- Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.

Проблемалық оқытудың кемшіліктері:

- Балаладың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
- Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.

Проблемалық оқыту бірнеше сатыдан
тұрады:

Проблемалық жағдайды аңғару
Жағдайды талдау негізінде проблеманы тұжырымдау
Болжаулар ұсынуды, оларды алмастыру және тексеруді қамтып
проблеманы шешу
Шешімді тексеру.
Бұл процесс ойлау актісінің үш фазасымен ұқсастық бойынша өрістейді
(С.Л. Рубинштейн бойынша), ол проблемалық жағдайда пайда болып, проблеманы
аңғаруды, оны шешуді және соңғы ой тұжырымын қамтиды.

Проблемалық технологияны іске
асыру үшін:

Ең маңызды тапсырмаларды таңдау;

Оқу барысында проблемалық оқытудың -
ерекшеліктерін анықтау;

Проблемалық оқытудың қолайлы жүйесін құру,
оқулықтар және әдістемелік құралдар мен
нұсқаулар шығару;

Мұғалімнің шеберлігі және жеке
көзқарасы

В.Оконь проблемалық оқыту
«Проблемалық жағдай тудыру,
проблема көтеру, қойылған
мәселелерді шешуде оқушыларға
қажетті көмек көрсету, ол
шешімдердің дұрыстығын
оқушылардың дәлелдеуі,
оқушылардың меңгерген
білімдерін жүйелендіру және
бекіту үрдісіне басшылық жасау
сияқты іс-әрекеттердің
жиынтығы деп есептеген.

Ғалым И.Я.Лернер проблемалық оқытуды қарастыра отырып, проблемалық оқытудың
маңызы «Оқушы оқытушы жетекшілігімен жаңа танымдық және тәжірибелік
мәселелердің шешімін табуға қатысыуында»,- деген ой түйіндейді

Проблемалық оқытудағы баланың шығармашылық
іс-әрекетін былай тұжырымдауға болады:

I. Оқу материалының мазмұнын талдау, саралау.
II. Проблеманы ашу, өнім жасаушы шығармашылық еңбекке қол жеткізу.
III. Қорытынды жасау, өзіне-өзі баға беру, саралау.

Проблемалық оқытуға негізделген тапсырмалардың қай түрі болмасын, балалардың
шығармашылық іс-әрекетін талап етеді, ол тапсырмалардың барлығы –балалардың
шығармашылық қабілетін дарынын дамытуға бағытталады.
Проблемалық оқыту технологиясы дұрыс іздене білгенде, ол өнімді,нәтижелі
қорытынды береді.

Қорытынды:

Проблемалық оқыту - бұл дидактикалық және педагогикалық практиканың заманауи
даму деңгейін көрсетеді. Ол білім алушылардың жалпы дамуының тиімді құралы болып
табылады. Оның «проблемалық» деп аталуы да сол, себебі білім алушылар барлық оқу
материалын меңгеру арқылы ғана өз бетінше проблемаларды «шешеді». Бұл жерде
мұғалімнің түсіндірмесі де, білім алушылардың репродуктивті қызметі де,
тапсырмаларды қою және жаттығуларды орындау да бар. Бірақ оқу процесін
ұйымдастыру проблемалық принципке негізделеді, ал оқу мәселелерін жүйелі түрде
шешу - оқытудың осы түрінің сипатты белгісі. Бұл ретте барлық әдістер жүйесі
оқушының жалпы дамуына, оның жеке қабілеттерін дамытуға бағытталғандықтан,
проблемалық оқыту шынайы дамытушы оқыту болып табылады.


Click to View FlipBook Version