Педагогикалық технологиялардың даму динамикасы. Ынтымақтастық педагогикасы (технология), Ізгілендіру принциптері. Ш.А.Амонашвилидің жеке ізгілікті технологиясы Орындаған-Сансызбаева Нурия Ерболқызы Балнұр
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы. Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық əдіснамалық құралдар жұмысының жүйелі жиынтығы мен тəртібі. Педагогикалық технология – кешенді үдеріс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалардың шешімін басқаруды қамтиды Педагогикалық технология–педагогтардың басқаруымен жүзеге асатын оқытудың тəсілі. Бұл арада мұғалімдердің жұмысы– оқушыларды белсендіру, ынталандыру, оқу əрекетін тиімді ұйымдастыру қызметінде көрінеді.
В. Беспалько-«педагогикалық технология дегеніміз – тəжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын əдіс-тəсілдер – оның құрамды бөлігі ғана, оқыту үдерісін жүзеге асырудың мазмұндық техникада педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі)» Б. Т. Лихачев-«педагогикалық технология – бұл оқытудың формасын, əдісін, тəсілін, тəрбиенің құралын жинақтауды анықтайтын психологиялық-педагогикалық құрылғылардың жинағы» Г. К. Селевко-«педагогикалық технология» түсінігін 3 аспект бойынша қарастырады: - ғылыми: педагогикалық технология – жобаланған педагогикалық үдерісті жəне оқытудың əдісі мен мазмұнын, мақсатын оқытатын, педагогикалық ғылымның бөлімі; - бейнелеулі іс-жүргізу: оқытудың жоспарланған нəтижесіне жету үшін əдістер мен құралдарды, мазмұны мен мақсатының жиынтығын бейнелейтін үдеріс; - нақтылы іс-жүргізу: технологиялық үдерістерді жүзеге асыру, педагогикалық, əдістемелік жəне тұлғалық құралдарды жинақтау. В. В. Воронов-«педагогикалық технология – бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт»
В. М. Монахов-«педагогикалық технология – оқыту үдерісін ұйымдастыру мен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-əрекеттің моделі» В. Н. Бордовская жəне А. А. Реан-«педагогикалық технологиялар бұл білім беру үдерісіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс-əрекеттеріне, мақсат-мазмұн əдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақтылы идея негізінде жасалынады» Г. М. Құсайынов-«педагогикалық технология əдеттегі түсініктерден басқа. Ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тəрбиелеудегі мақсаттары мен нəтижелерге жетумен сабақ беру үдерісі емес, ол кəсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің жəне өзара оқыту үдерісі, ол білім берудің мазмұны мен оқу жоспарының бағдарламаларында ескерілген іс-əрекеттердің сол түлерін меңгеру жұмыстарының əрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады» В. А. Сластенин-«педагогикалық технология деген: ол қатал ғылыми жоспарлау жəне дəлірек айтқанда, педагогикалық əрекеттің жетістігін қамтамасыз ететіндігін елестету»
Ресейдің білім беру академиясының академигі Шалва Александрович Амонашвили өзінің эксперименттік мектебіндеынтымақтастық педагогикасын əзірлеп, жүзеге асырды. «Мектеп өмірі» технологиясы оның педагогикалық іс-əрекетінің өзіндік қорытындысы болып табылады. Ш.А.Амонашвили технологиясының мақсаттық бағыттары: - Баланың тұлғалық қасиеттерін ашу арқылы бекзат адам тəрбиелеу жəне дамыту, қалыптасуына ықпал ету. - Бала жүрегі мен жан дүниесін ақ пейілдендіру. - Баланың танымдық күшін дамыту жəне қалыптастыру. - Терең жəне толық көлемді білім алып, дағдыларды қалып- тастыру үшін жағдай туғызу. - Тəрбие идеалы – өзін-өзі тəрбиелеу. Ерекшеліктері: • ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады; • бала психикасы дамуға, есеюге жəне еркіндікке құштарлығын қалыптастыру; • əсемдікті, əдемілікті сезіну, қабылдау; • рухани жетілдіру; • ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау; • ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу; • оқыту мен тəрбиелеудің бірлігі.
Бастауыш мектептегі ынтымақтастық педагогикасының жеке тұлғалық тұрғысынан қарау ережелері, баланың өмірде құбылыс ретінде қызмет ететін өз жолының болуы, бала табиғат пен ғаламның жоғары шығармашылығы болғандықтан, шексіздік пен мықтылықты көрсететіндігі, баланың дамуға, үлкеюге, бостандыққа деген ынтасы – осының барлығы негізгі концептуалдық ережесі болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық оқу, жазу мен ауызша сөйлеу іс-əрекеттері, жоғарғы математикалық ұғымдарды түсініп, оны өмірде қолдана білу, кез келген іс-əрекетті жоспарлау, батылдық жəне шыдамдылық, ана тілімен қатар шетел тілдерін меңгеру, рухани байлық, табиғатты аялай білу сияқты білім, білік, дағдыларын қалыптастыру үшін арнайы əдіс-тəсілдер керек. Ондай əдіс-тəсілдерге ізгілік, даралай оқыту бағыты, қарым-қатынас шеберлігі, оқу іс-əрекеті, жанұялық педагогика қоры жатады. Таратып айтатын болсақ, бала бақыты, таңдау бостандығы, танып- білу қуанышы, балаларға деген махаббат сезімі; жеке тұлғаны жəне өзін танып-білу, қабілеттерді дамыту, табыс педагогикасы; өзара қарым-қатынас жасау тəртібі, жариялылық; квазиоқу жəне квазижазу, оқу жəне жазу үдерісінің материалдануы, балалардың əдеби шығармашылығы; жанұядағы салт-дəстүр, геронтология, ата- аналар сенбіліктері.
Ш.А.Амонашвилидің технологиясында негізгі орынды баланың іс-əрекетін бағалау алады. Бағаны қолдану шектеулі, сандық бағалау орнына сапалық бағалау қолданылады, демек мінездеме, қорытынды пакет, өздік талдау жасауға, өзін-өзі бағалауға машықтандыру. Ізгілендіру технологиясындағы жұмыс түрлерін қарастырайық. Сабақ – тек оқу үдерісі емес, шығармашылық, ойын сабақ түріндегі балалар өмірінің жетекші формасы. Сөйтіп, оқытудың тиімді əдіс-тəсілдерін өз орынында қолдану арқылы тұғаның бойындағы қабілеттерін аша отырып, рухани құндылықтарын байыта түсуге толық мүмкіндік туғызуға болатындығы анықталды.
Кез келген сабақты өткізгенде өмірлік, эстетикалық, адамгершілік тағылымдар болады. Тағылым ажырамастай ұштасқанда ғана ол тəрбие сабағына айналады. «Кітапты сүйіңдер.. ол сіздерді... үйретеді...» М. Горькийдің бұл сөздерін бастауыш сынып мұғалімі өзінің оқушыларына əрдайым айтып отырады. Бастауыш сынып оқушылары қандай да бір ертегіні оқып шығып, оның талқылауын оқушылардан күтіп отырмай, қайта талқылау арқылы жаппай оқып шығуға итермелеу қажет. Талдау арқылы талдау үшін жағдай жасалады. Ертегіні түсініп оқып шығуға мəжбүр ететін кітаптағы бетті тауып, оған қоса қызықты етіп талдап шығу керек. Бастаған бет бүкіл ертегіге баурап кететіндей болуы керек. Сабақта бастауыш сынып оқушыларын ертегіні оқуға қарай жетелеу керек. Тəжірибелі бастауыш сынып мұғалімдерінің ең негізгі сыры – ертегі кітабын тезірек ашып, бəрін соған бағындыру. Сыныппен тілдесу – кітаптағы ертегіні сөйлетпейінше қыңыр тірлік. Сабақтың міндеті, ертегі кітабын түгел қамту емес, қайта ішінара талдау арқылы оған ықылас туғызу. Кез келген бастауыш сынып мұғалімі сабақ барысында оқушыларды қызықтыра отырып, баурап əкету принципін қалыптастыруы керек.
Назарларыңызға рахмет!