The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by aida.baiturina, 2022-10-24 05:12:23

БАСҚА ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ Кобдабаева Б. Ж.

Жаңа 6 Өткен Тапсырмалар Сұрақтар
тақырып тақырыпты арқылы бойынша
қайталау. студенттердің жауап беру,
ты Пән бойынша танымдық тапсырмалар
хабарлау студенттердің тұрғыдан ой- ға тез және
білімін тексеру. өрісінің жан-жақты
Жаңа 35 Студенттердің дамуын жауап беруге
көпшілік қадағалау. дағдылану.
сабақты алдында сауатты - Блиц-тест.
сөйлеу, білу Студенттер
түсіндіру дағдысын Жаңа тақырып тыңдайды,
дамыту, өз сөзін бойынша қажетін
Бекіту қорғай білуді студенттерге жазып
үйрету. тапсырмалар алады.
35 А. Құнанбаев орындату. Тапсырмала
туралы мағлұмат 1) рды ауызша
беріп, оның Хронологиялы орындайды.
шығармаларына, қ кесте Дәптермен
қарасөздеріне, толтыру (өздік жұмыс.
«Ескендір» жұмыс). Тақтамен
поэмасына 2) Асыл жұмыс
тоқталу. сөздердің жасайды.
Поэма туралы жалғасын тап.
түсінік 3) Түсініксіз Сұрақтарға
сөздермен жауап беру
Білім керуені жұмыс жасау
Сұрақтар Абай 4) А.
шығармашылығ Құнанбаевтың
ына өлеңдері мен
байланысты: шығармалары
1.Абай қай н табу.
жылы, қашан, Сұрақтар қою.
қай жерде Абайдың
туды? Ескіше қанша қара
сөздері бар?
Абай алғашқы
өлеңдерін қай
ақынның
атынан
жарияланып

51

Сабақты 6 туған жылы отырды? Жауап беру
қалай аталады? Абай туралы
2. Абайдың ең алғаш
шын аты кім? мақала жазған
3. Абайдың кім?
әкесінің, Абайдың шын
шешесінің, аты кім?
әжесінің Абайдың
аттарын атап қанша күйі
беріңіз. бар?
Аттарын ата.
Студенттердің Абайдың
білімін бағалау, аяқталмаған
сабақты поэмасы.
қорытындылау.
Блиц-тест

қорытындылау

Бағалау 2 1. Студенттердің Тыңдайды.
Абай жауаптарын
Құнанбаевтың бағалау

өмірі мен
шығармашылығ
ы бойынша
білімдерін
топтастыру
арқылы
тиянақтау.
2. 5 жолды өлең
стратегиясымен
қорытындылау.

Берілген
жауаптары

бойынша
бағалау.

Үй Үйге тапсырма Тапсырма беру Тапсырманы
тапсырмасыны 2
ң берілуі беру. «Абай бойынша жазып алу.

әлемі-терең, сұрақтарды

аспалы биік» талқылау.

52

тақырыбына
ойтолғау жазу

Жинақтау
«Өмірлік ахуалды талдау» әдісі арқылы тақырыпты сабақты жинақтау
Оқытушы жаңа тақырыпқа байланысты тақтадағы ілінген қағаздарды топқа
таратады және қосымша материалдар үлестіріледі
Студенттердің мақсаты берілген сұраққа өз ойларын жеткізе отырып
тақыртыпты сипаттау арқылы жинақтайды

Бағалау
Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ
Бағалау парақшаларын тарату
Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату
Өзін өзі топпн бағалайды

Рефлексия
Стикерлерді толтыру
Студенттерге стикер толтыруды ұсыну
Ұсынылған стикерді толтыру

ҚОРЫТЫНДЫ

Білім берудің инновациялық технологиялары мұғалімнен терең
теориялық, психологиялық, әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті,
студенттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.

Қазақ тілін үйренуге деген студентдің ықыласын, қызығушылығын
арттыруда түрлі көрнекіліктерді пайдалану, әсіресе, магнит таспасы,
фонохрестоматиялар, оқытудың бірнеше формаларын пайдалану,
оқытушының сабақ өтудегі шығармашылық әдіс-тәсілдерінің үлкен мәні бар.
Орыс, қазақ аудиторияларында сабақ беретін оқытушы, ең алдымен, екі тілді
- қазақ , орыс тілдірінің грамматикалық құрылысын, лексикалық дыбыстық
жүйесінің айырмашылығын, ұқсастығын, әсерін жақсы білуге тиіс. Мұндай
ерекшеліктерді білмей тұрып сабақ беру өте қиынға түседі.

Осыған орай қазақ тілін өзге тілді ұлттарға оқыту әдістемесін әлем
әдістемесіне сәйкестендіру мақсатында оқытудың әртүрлі технологиялары
жасалып, тәжірибелерге енгізілуде. Жан - жақты ізденістің нәтижесінде білім
беру саласына келген жаңа технологиялардың бірі – интерактивті оқыту
әдістері.

Интерактивті оқыту студенттердің еркін тілдік қатынасқа түсуіне,
танымдық, қатысымдық, сондай-ақ топпен тіл табыса әрекет ету
қабілеттерінің жетілуіне, қойылған проблемаларды оң шеше алуына, әрбір
мәселеге деген өз ой-пікірін дұрыс, анық, дәлелді жеткізуіне ықпал етеді.
Сонымен қатар әрбір студент ортақ мақсатқа негізделген әрекеттерді
орындау барысында жүзеге асатын тілдік қатынаста, біріншіден, өз мүддесіне
сай тілдесімнің мақсаты мен маңызын анықтауға, екіншіден сөзінің қисыны
мен дәлдігін мөлшерлеуге, үшіншіден пікірін дәлелді, дәйекті, түсінікті
жеткізуге дағдыланады. Студенттердің белгілі бір табысқа жетуіне,

53

танымдық қызығушылықтарының дамуына, дүниетанымдық көзқарасының
қалыптасуына, коммуникативтік мәдениетін тәрбиелеуіне, өзін-өзі
бағалауына септігін тигізеді, студенттердің сабақта ізденуіне, жеке тұлғалық
қасиеттерінің дамуына, шешімді таңдаудағы еркіндігіне жол ашады, түрлі
жағдаяттардан жол тауып шығуға үйретеді. Осы мақсаттарға жету үшін
сабақтың ұйымдастырылуы, әдістері, педагогикалық ұстанымдары дұрыс
болуы тиіс. Қазақ тілін интерактивті оқыту технологиясының дидактикалық,
психологиялық талаптар негізінде ұйымдастырылуы мұғалімнің шеберлігіне
байланысты.

Қоғамымызда болып жатқан оң өзгерістер білім беру жүйесінде де
білімді, саналы, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру ісіне
деген қатаң талап қойып отыр. Әлемдік аренада бәсекелестікке қабілетті
мемлекеттің дәрежесіне жету үшін, бүгінгі жас ұрпақ зияткерлік
құзырлықты, өз бетімен білім алуға қабілетті, озық технологияларды жетік
меңгерген, жеке тұлға ретінде толық қалыптасқан мәдениетті азамат болуы
тиіс. Осындай тұлға қалыптастыру үшін алдымен әр мұғалім психолог болуы
шарт. Өйткені, әр баланың психологиясын жақсы білмейінше, оларға білім
беру де, дұрыс тәрбие беру де мүмкін емес. Яғни, студенттің жеке тұлға
ретінде мінезіне, психологиялық ерекшеліктеріне, тұлғалық қасиеттеріне,
сана -сезіміне, ой-өрісіне де көңіл бөлу қажет. Сонымен қатар интерактивті
оқыту әдістері арқылы студенттердің қазақша сөздік қорын молайтып,
сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру лингвистикалық білім негізінде
жүргізіледі.

Интерактивті оқыту технологиясының моделі: проблемалық шығарма
әдістері, презентация, пікірталас, топпен жұмыс, миға шабуыл әдісі, сыни
тұрғысынан ойлау әдісі, викториналар, мини зерттеулер, іскерлік ойындар,
рөлдік ойындар, тренинг т.б. Инновациялық технологиялар оқытудың
интерактивті әдістерін ұтымды қолданумен байланысты. Қай әдісті қолдану
түрлі себептерге: сабақтың мақсатына, қатысушылар мен мұғалімнің
тәжірибесіне, олардың талғамына байланысты.

Интерактивті оқыту не береді?
Студентке:
- Мотивацияны арттырады;
- Терең ойлауға үйретеді;
- Серіктестік қарым- қатынасқа үйретеді;
- Төзімділікке, тілектестікке, әдептілікке баулиды.
Шағын топқа:
- Өз ұстанымын дәлелдеуге үйретеді;
- Топтың бірлігін қалыптастырады;
- Тартысты жағдайларды шешуге және ымыраға келуге үйретеді;
-Өмірлік құндылықтарды қалыптастырады.
Оқытушыға:
- Оқушыларға деген сенімділік қатынасты қалыптастырады;
-Оқу процесін қалыптан тыс ұйымдастыруды белсендіреді.

54

Сондықтан да орыс тілді аудиторияларда сабақ беретін оқытушылар
міндетті түрде екі тілдегі айырмашылықтар мен кейбір ұқсастықтарды білуі
қажет. Күнделікті жұмысымызда алдымыздан шығып жүргендіктен екі
тілдегі өзгешеліктер мен ұқсастықтар қандай деген мәселеге тоқтала кеткен
орынды.

Студенттерге қазақ тілін оқыту ұстаздан аса шеберлікті, көп ізденуді,
тиянақты білімді қажет етеді.

Үлгерімі төмен деңгейдегі студенттерге тіл үйретудің өзіндік
қиындықтары мен проблемалары жеткілікті.Үлгерімі төмен студенттің сөздік
қоры таяз болғандықтан оның ауызекі сөйлеуі дамуында қиындықтар
туындайды.

Біріншіден, студент алғашқы сабақтарынан бастап түсініп оқитын болу
керек. Түсініп оқу дегеніміз баланың оқыған әрбір сөзін белгілі затпен
байланыстыра алуы, оқығанына мағына бере білуі, оқыған сөздерінің бір-
бірімен байланысын және өзара қатынасын түсіне білуі, сондай-ақ шағын
мәтіндерді өз деңгейлеріне сай құрастыра білуі, осы әрекеттердің барлығы
жүзеге асқан жағдайда ғана студенттің қазақ тіліне деген қызығушылығы
ояна түседі.

Студентті түсініп оқуға бейімдеудің алғашқы жолы алдын-ала, баланың
қандай актив сөздерді білетіндігін және қолдану шеберлігін анықтау. Яғни,
белгілі бір мөлшерде жаңа сөздерді меңгеріп, ауызекі дұрыс сөйлеуге,
сауатты дұрыс жазуға дағдылануы тиіс. Актив сөздерді пайдаланып үлгерімі
төмен студент сөз тіркестерін және сөйлемдерді құрай білуге бейімделеді.

Студенттің есте сақтау қабілетін дамыту үшін жаңа сөздерді, бұрыннан
таныс сөздер мен түрлі дамыту жұмыстары арқылы байланыстырып,
күнделікті қайталап отыру керек. Төмен деңгейдегі студентті оқыту
барысында қабылдаудың тұтастық заңдылықтары мен даралық
ерекшеліктерің дұрыс байланыстыру арқылы білім сапасын арттыруды
жүзеге асыруға болады.

Бүгінгі күні бәріміз жақсы білеміз, студенттерді оқытудың сапасын
жетілдіру жолдарының бірі – білім беруді саралау. Оқу орыс тілінде
жүргізілетін аудиторияларда қазақ тілі пәні бойынша осы тұрғыда қандай іс-
шаралар іске асырылып жатыр.

Мемлекеттік тіліміз қарқынды даму үстінде болса да тіл мәселесі
айналасындағы мәселелер аз емес. Қазіргі таңда туындап жатқан
қиындықтарды жеңудің қандай жолдары бар. Өзге тілді аудиториялардағы
мәселе, бағдарлама, оқулықтар жөнінде бәріңіздің де хабарыңыз бар.

Қазіргі білім беру жүйесінде оқу тәрбие жұмысын түгелдей қайта құру
жұмысы жүріп жатыр. Қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылардың міндеті –
алдында отырған әр студенттің психикалық – физиологиялық даму және
қалыптасу ерекшелігін білумен бірге мұғалімнің студенттермен қарым-
қатынасының негіздерін де білу қажеттігі туып отыр. Педагог кадрларды
қазіргі заман талаптарына сай дайындау, әрі мамандығын үздіксіз жетілдіру –
мұғалімнің шеберлігінің басты белгісі – оның психологиялық жоғарғы
әзірлігі болып табылады.

55

Психология, педагогика, әдістемені жетік білген шебер мұғалімдер
оқытуда көп қателік жібермейді.

Сондықтан ана тілінен сабақ беретін мұғалім – біріншіден, психолог
болу керек. К.У. Ушинский өзінің «Ана тілі» оқулығын жасауда баланың
психикасын жете білуіне мән бергені соншалық, ол өзінің дидактикалық
пікірлерін, сол кезде жаңа дамып келе жатқан психология ғылымның
жетістіктеріне негіздей отырып жасаған.

Д. Ушинскийдің осындай пікіріне сүйенген қазақтың тұнғыш педагогы
Ы. Алтынсарин өзінің жазған Хрестоматиясында баланың жас ерекшелігі
мен өзіндік ерекшелігін ескере отырып былай деген;

Мұғалімнің жұмысы – балалар. Егер балалар бірдемені түсінбейтін
болса, онда оқытушы олардың көкейіне қондыра алмағын үшін өзін-өзі
кінәлауға тиіс.

Қазақ тілі мұғалімінің, яғни, менің міндетім мәдениетті түрде білімімен,
іскерлігімен қазақ тілінің мемлекеттік тіл жететіндей тиімді (оптималды) жол
іздеу.

Оқу орыс топтарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні жүретін
аудиторияларда студенттерге қазақ тілінен үйретілетін сөздер біріншіден,
белгілі бір тақырыптарға, екіншіден сөз таптарға қатысты болады, сол
себептен қазақ тілі мен әдебиет сабағы әрі тілдік, әрі әдебиеттік оқу
материалдарын қамтиды. Кейбір грамматикалық түсініктемелер, жаттығу
шарттары орыс тілінде берілетіндіктен, салыстырмалы грамматикаға
байланысты мәліметтер де қамтылады. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер
көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Әр түрлі жаңа технологияларды қазіргі
мұғалімдер өз тәжірибелерінде қолданып жүр. Сонымен қатар орыс
топтарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні жүретін аудиторияларда қазақ
тілін үйретуде пән бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың
маңызы зор. Қазақ тілінен аудиториядан тыс жұмыс студенттердің білімін
тереңдетуге, ой-өрісін кеңейтуге, олардың тілді үйренуге ынтасын, құмарлық
сезімін оятуға көмектеседі. Орыс тілді тұлғаларды қазақ тілінде сөйлеуге
үйрету, оны оқыту әдістемесін жетілдіру- бүгінгі күннің аса маңызды
мәселесі. Білім беру тәжірибесінде білім мазмұнын жетілдіру, үшін оқыту
процесінің тиімді жолдары, жаңа әдістері жан-жақты қарастырылуда. Қазақ
тілін нәтижелі үйрету үшін, оның оқыту әдістемесін жетілдіре түсіну-үлкен
мәселе. Жалпы педагогиканың әдістерінен әр пәннің өзіне тән әдістері
шығады. Тіл дамыту - қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша әрбір сабақтың
ең негізгі мақсаттарының бірі болатындығы осы жұмыста дәлелденді.

56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы

14 желтоқсандағы «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан жаңа
саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы.
2. Қазақстан Республикасыны «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі
Заңы. – «Егемен Қазақстан» 2007, 15 тамыз. №254-256.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
20122016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 Қаулысы).
5. Нарқұлова Б.А. Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану
әдістемесі дисс. авторефераты. –Алматы, 2006.
6. Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу
7. құралы. –Алматы: Print-S, 2005.
8. Күзекова З.С. Екінші тіл ретінде қазақ тілі оқулығы теориясының
9. лингвистикалық негіздері. – Алматы. ТОО «Издательство LEM». –
2005.
10.Досмурзаева А.С. Қазақ тілін орыс бөлімдерінде тірек сызбалар арқылы
оқыту әдістемесі. Дисс. Алматы. –2002. 19. Оразбаева Тілдік қатынас:
теориясы мен әдістемесі. –Алматы: РБК, 2000. .
11.Досмаханова Ә.А.Қазақ тілін мультимедиалық бағдарлама арқылы
оқыту әдістемесі (гуманитарлық колледждердің орыстілді топтары
үшін). Дисс. автореф. – Алматы, 2008.
12.Беляева М.В. Текст как цель и средство обучения иностранному языку //
ИЯШ. -2009. - №7. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы
№7-8 2015 жыл
13.Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев зияткерлік мектебі»
3-деңгей
14.Досымбекқызы Ж. Жаңа кезендегі қазақ тілін оқытудың басты
бағыттары. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде»-Алматы №6,
2005 жыл

57

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Орыс тілді аудиторияларда қазақ тілі мен әдебиет пәнін жаңа әдіс-тәсілдер
арқылы жүргізу принциптері
Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне интерактивті оқытудың дидактикалық
негіздері
Сөйлесім әрекетінің түрлерін меңгертудің интерактивті әдістері
Сабақ жоспарының үлгілері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

58


Click to View FlipBook Version