Дәрістердің толық мәтіні Түркістан жеріндегі алғашқы адамдардың іздері мен қоныстары 1. Түркістандағы палеолит мәдениетінің негізгі ошақтары 2. Түркістандағы қола дәуірі ескерткіштері 3. Сақ-сармат дәуіріндегі Түркістанның этно-саяси келбеті Түркістан алқабын ежелгі адам баласы бұдан 1 миллион жылдай бұрын мекендеген. Мұны аймақта және Қаратау сілемдерінде жүргізілген археологиялық зерттеулер айғақтап отыр. Жалпы, адамның өмір сүру дәуіріне байланысты жер тарихындағы төрттік (антропогендік) дәуір бұдан 2 миллионнан аса жыл бұрын басталған. Бұл кезде Қазақстанда ірі палеогеографиялық өзгерістер болып, тау түзілу үдерістері жүрген. Төрттік дәуірде климат талай рет өзгерді. Томал антропогеннің алғашқы кезеңдерінде климат біршама жылы болды. Палеонтолог мамандардың зерттеулері ерте плейстоценде Түркістан шұраттарында мосбах жылқысы, мерк мүйізтұмсығы, алып түйе, трогентериев немесе вюст піліне туыстас піл, плейстоцен есегі, Шетензак бизоны, арқар, страус, теңіз хайуанаттар мен ұсак кемірушілер тіршілік еткендігін көрсетіп берді. Орман пілі өзендер аралығындағы ормандар мен қалың бұталар арасын, бизон, эласмoтерия, жалпақ маңдайлы бұлан, марал, бұғы өзендердің тоғайлы түбектері мен шөбі биік жазықтықтарды, алып түйелер шөлді жерлерді, жылқылар далалы аймақтарды мекендеді. Бұлар ежелгі адамның негізгі аңшылық нысаны еді. Түркістан маңындағы Қошқорған, Шоқтас ескерткіштерінен тас құралдарымен қатар осы кезде тіршілік еткен түз аңдарының сүйектері де аршып алынған. Бүл ескерткіштер әзірге Оңтүстік Қазақстандағы ең көне дәуірлерді қамтитын археологиялық нысандар болып табылады. Ескерткіштердің ерекшелігі сол, олар травертиндік сақина құрған су көздерінде орналасқан және тас құралдары — жергілікті "микроиндустрия" кешенін құрайды. Травертинді ескерткіштер Еуразияда өте аз. Олардың абсолют мерзімі біздің заманымыздан бұрынғы 1 миллион жылдардан біздің заманымыздан бұрынғы 200 мың жылдықтар аралығында. Қошқорған фауналық кешені мен тас артефактілерінің ең ерте кезеңі 500-750 жылдарды қамтиды. Тас құралдары өзектас, өзектас пішінді бұйымдар, леваллуа жарықшақтары, үшкіртастар, малта тас сынықтары, тас тіліктері мен жаңқалары, қырғыш, теңізібойы заттардан тұрады. Мұндай еңбек құралдарын ежелгі адамдар аңшылықта, күнделікті тұрмыста пайдаланған. Ашель мустье және кейінгі палеолит дәуірлеріндегі ескерткіштер Қазақстанның Оңтүстік аудандарынан көптеп табылған. Мысалы, Шәуілдірден батысқа қарай 10 км жердегі Ақсу— Арыс тұрағынан тас жаңқа, қол шапқы, өзектас, теңізі бойынан бұйымдар жинастырылған. Сондай-ақ, Арыс, Шаян, Арыстанды теңіздері бойынан өзендер бойынан палеолит дәуіріне жататын ескерткіштер ашылған. Көбінде леваллуа техникасы ұзақ жылдар бойы сақталып келген. Әсіресе назар аударуға лайық бірегей ескерткіштердің бірі — Уәлиханов турағы. Ол 6 мәдени қабаттан тұрады. Қазба барысында бірнеше мың тас құралдарынан басқа жануарлар сүйектері, ошақ орындары ашылған. Тұрақты адамдар мусе скерткіштер. Бүл кезде тас құралдарын жасаудың палеолиттік дәстүрі өз жал ғастығын тапты және шаруашылық қаракетке байланысты жаңа құралдар (трапеция және сегмент пішінді, теңізіб.) пайдаланылды. Адам бұрынғысынша жануарларды аулады және әр түрлі өсімдік тағамдарын (жабайы жаңғақ, жидек, жабайы сәбіз) және кейбір өсімдіктердің түйнектерін теруді кәсіп етті.
Палеолит заманындағы фаунаның жойылуы адамдарды жаңа кәсіптерді меңгеруге мәжбүрлейді. Мезолит дәуірінің ескерткіштері Қазақстанда аз зерттелген. Соған қарамастан Түркістан алқабынан бірнеше мезолиттік кешендер ашылып отыр. Олар Шілік ауылдық әкімшілігіне қарасты жерлерден анықталған Қысып түзету техникасының жетілдірілуі жаңа технологиялық әдістерді (тегістеу, бүрғылау, аралау) игеруге алып келді. Мұндай өзгерістер Түркістан оазисі мен оған іргелес аймақтардағы Дермене—1, 2, 3 тұрақтары, Шілік, Тасқотан, Қараүңгір ескерткіштер материалдарынан да байқалады. Әсіресе Қараүңгір неолиттік тұрағынан осы дәуірге қатысты ең көп және көрнекті материал алынған. Тас пен сүйектен жасалған құралдардан басқа қыш ыдыстар сынықтары да көптеп табылған. Мұндай заттар табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына өндіруші шаруашылық келгендігінен хабардар етеді. Сондай-ақ, бұл кезде кен кәсібі мен тоқымашылықтың, егіншіліктің бастамалары шықты. Сөйтіп, Оңтүстік Қазақстанда тас дәуірі үзіліссіз, үздіксіз дамыды. Біздің заманымыздан бұрынғы 5 мың жылдықтар шамасында басталған неолит дәуірінде шаруашылықта зор өзгерістер болды. Еңбек құралдарын өндіру барған сайын мамандандырылды. Палеолиттік пышақ тәрізді тілікшелер және мезолиттік микролиттерден бастап кейінгі палеолиттің соңғы кезіне дейін мекендеген. Табылған дөңгелек өзектастар, тас жаңқалары, екі жағы өнделген шапқы құралдар, үшкіртастар, қырғыштар мен жонғыш қырғыштар, кескіштер шақпақ тас пен халцедоннан жасалған. Оңтүстік Қазақстанда палеолиттік тұрақтардың көп болуы, бұл жер ежелден адам баласы өмір сүруге қолайлы өңір болғандығын айғақтайды. Түркістан алқабындағы қола дәуірі мәдениеті әзірге толыққанды зерттеле қойған жоқаласы жалпы Қазақстанның баска аудандарымен салыстырғанда Оңтүстік Қазақстан қола дәуірінің ескерткіштері анағұрлым аз зерттелген. Ұзақ уақыттағы ізденістер нәтижесінде Қаратаудың солтүстік баурайындағы Таутары, Төле би ауданындағы, Бүргіліктегі қорымдар материалдары ғана толымды сипатталып анықталған. Таутары қорымындағы қабір үстіндегі құрылыстар қырынан орнатылған тақтатастармен немесе жерге қазылмай-ақ қойылған тастармен белгіленген. Жерлеу орындарының дені — тік бұрышты, шаршы тәрізді, сопақша немесе шеңбер түріндегі қоршаулар мүрдені көбінесе өртеген. Кей ретте шұңқырларға жерлеп, бетін тақтатаспен жапқан. Мүрде жанына бірден беске дейін ою-өрнегі бар қыш ыдыстар қойған. Сондай-ақ, қабірлерден қола мен алтыннан жасалған ұсақ бұйымдар, әшекейлік заттар (моншақ, сырға, сақина, салпыншақ, қаптырма т.б.) да табылған. Алынған материалдар мұндағы мәдениетті Андронов мәдени-тарихи қауымдастығына жақындатады. Сонымен қатар Шардара өңіріндегі Жамантоғайдағы оба үйіндісінің астындағы үш қабір кейінгі қола дәуіріне жатады. Mүрделердің жанынан қыш ыдыстар, қола пышақ пен төрт кырлы біз табылған. Соңғы жылдары алынған мағлұматтар ғылым айналымға әлі толымды түрде түсе қоймауы өңірдегі қола дөуірі мәселелерін тиянақты шешуге мүмкіндік бермей отыр. Әзірге Оңтүстік Қазақстан қола дәуірінің кейбір қырлары толық зерттелмесе де, бүл өңірден сол замандағы жарқын ескерткіштердің табылуы, мұнда өзіндік мәдениет болғандығын айғақтайды. Б.з.б. I мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың тарихында және шаруашылық өмірінде бірқатар маңызды өзгерістер болды. Бұл өзгерістер темірден жасалған құралдарды пайданала бастауымен байланысты болды. Қоғамда мүлік теңсіздігітоптардың шығуына негіз болды. Сондықтан қоғамда болып жатқан әлеуметтік жіктелу процесі, әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыратын күшті дүниеге әкелді, ол күш - мемлекет.
Қазақстан территориясында алғашқы мемлекеттік бірлістіктер б.з.б. I мыңжылдықта пайда болды. Сақтар. Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Герадот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, даилер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б. Герадоттың айтуынша: «Сақтар-скиф тайпалары, бастарына тік тұратын, төбесі шошақ тығыз кийізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған». Парсы жазбаларында сақтарды (1 Дарийдің «Бехистун жазбасы», Сузінің, Ксеркстің «Дәвтер туралы жазба»). «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында («Авеста») «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сактарда негізінен, әскери қоғам болды. Сақ тайпалары үш топқа бөлінген. 1)Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін, Сырдарьяның орта ағысын мекендеген 2)Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайя) Қара теңіздің солтүстігінен, Арал маңын яғни Сырдария мен Амудария өзендерінің төменгі ағысын мекендеген. 3)Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) Мұрхаб анғарын мекендеген. Сақтардың шаруашылығы Сақтар, негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығының үш түрі болды: 1)Көшпелі мал шаруашылығы. Батыс және Орталық Қазақстанда өріс алды. Жылдың суық мезгілін көшпелі сақтар құм жоталарының баурайына орналасқан қыстауларға немесе іріліуақыты өзендер жағасында өткізді. Олар бір жерде ұзақ отырып қалмай, мал жайымен келесі қыстауға, қолайлы жайылымдарға қарай орын ауыстырып отырды. 2)Жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысатын сақтар малды қыстатып шығаратын тұрақты қоралар салды. Олар жыл сайын малдарын осы қора-жайларға айдап әкеліп отырды. Шаруашылық кәсібінің бұл түрі орманды дала оңірінде және биік таулы жерлерде кең тарады. Мұндай жерлер Тянь-Шань және Алтай тауларының баурайы, Жетісу, Шығыс Қазақстан аймағы болды. Қыстау маңындағы жерлерде тары, арпа, бидай өсірді. Пішен дайындалып, малды қолда ұстаудың мүмкіндігі туды. Енді сақтар қыстауларда ұзақ уақыт тұру үшін ағаштан, тастан жылы тұрғын үй салатын болды. 3)Сақтарда шаруашылықтаң үшінші түрі- Отырықшы егін және мал шаруашылығы– Оңтүстік Қазақстанда, Сырдарья, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойында, табиғи су қорлары мол жайылымдары көп жерлерде кеңінен тарады. Бұл жерлерде суғармалы және тәлімі егіншілік басым болды. Сақтарда мал шаруашылығының, негізігі бағыты қой өсіру еді. Олар қылшық жүнді қойлармен қатар, биязы жүнді қойда өсірді.
Сақтар тұрмысында жылқы өте бағалы саңалды. Тез семіретін және қысқы тебінге төзімді жылқы түрімен бірге, салт мінуге арналған жүйрік сәйгүліктер өсірді. Ал шөлді және шөлейтті жерлерде айыр өркешті түйе өсіруді қолайлы көрді. Сақтардың ұйымдық сипаты және әлеуметтік құрылымы Сақ тайпалары одақтарының басында көсемдер тұрды, оны патша деп атады. Патшаларды тайпа көсемдерінің кеңесі сайлады. Тайпа көсемдерін оның барлық мүшелері сайлайтын болған. Тайпа ішіндегі аса маңызды ішкі және сыртқы істер халық (вече) жиналысында талқыланып отырды. Оған әйелдер де қатысқан. Қоғамның осындай саяси үйымын Ф. Энегельс әскери демократия деп атады. Себебі ол кезде соғыстың мәні зор еді. Соғыс тайпа үшін жайылымдық жер мен мал тартып алудың және өздерін сыртқы жаудан қорғап отырудың құралы болды. Көсемдер әскер басы болды да, билік жүргізді. Олар тайпаны қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ол өз тайпасы атынан бітім немесе келісім жасады. Патшалар (көсемдер) рулар мен тайпаларға жайылымдарды, көшіп қонатын жерлерді бөліп берді; ол жерлерді пайдалану тәртібін белгіледі. Жер үшін таласарды шешіп, рулар мен тайпалар арасында қарулы қақтығыстар болмауын қадағалады. Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған. Патшалар жауынгелер тобынан шықты. Сақтар б.з.б. 519-518 жылдары парсылармен соғысып, I Дарийдің әскеріне қарсы ерлікпен шайқасады. Сақтар парсылармен бірге Грекия, Египет жеріндегі соғысқа қатысады. Сақтың әйел патшасы Тамирис парсы патшасы Кирдің әскерін женген (б.з.б. 530 ж.). Сақ қоғамының адамдары үш әлеуметтік топқа бөлінді. Олардың әрқайсына бір түс тән болды: 1) жауынгерлер (қызыл) 2) абыздар (ақ) 3) басқа қауым адамдары (сары, көк) Сақтарда қолөнер мен сауда дами бастады. Шеберлер ер-тұрман, әшекей, найза, семсер акинақ, қанжар, жебенің ұштарын т.б. жасаған. Қолөнер жақсы дамыды. Мыс, алтын, күміс, қорғасын т.б. металдарды көп пайдалаған. Сонымен бірге теріден, ағаштан, қыштан ыдыстар жасаған. Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Европа халықтарымен тығыз байланыс жасап тұрды. Сауда Жібек жолы және б.з.б. I мыңжылдықтағы «Дала жолы» арқылы дамыды. Сақ өнерінде аңдық стиль болды. Олар аңдар мен әр түрлі аңыздардағы жануар бейнесіндегі құбыжықтарды бейнелейтін еді. Аңдық стиль б.з.б. VII ғасырда Алдыңғы Азияда дүниеге келді. Арыстан бейнесіндегі «өмір ағашы» сақтарда ең көп тараған. Сақтар әр түрлі жануарлар бейнесіндегі құдайға, табиғат күштері күнге, желге, әр түрлі құбылыстарға табынды. Мысалы, күн күркіреу құдайы қабан бейнесінде бейнеленген. Олардың түсінігінше, әлем үш бөліктен құралған: 1) жер астындағы әлем
2) орта жер әлемі 3) аспан әлемі Шырықрабат– апасияқтардың («су жағасын мекендеген сақтар») астанасы. Бұл қала қазіргі Қызылқұм шөлінде орналасқан. Сақтардың археологиялық ескерткіштерінің бірі – Бабыш Молда қаласы. 1969 жылы Алматы облысы Есік қаласынан табылған Есік қорғаны – б.з.б. VIII-III ғасырлардағы сақ моласы. Бұл молада бай жас сақ жауынгері жерленген, оның барлық киімі алтынмен қапталып киіндірілген. Сондықтан ол «Алтын адам» деп аталған. Онымен бірге қару– жарақ, басқа да шаруашылық құралдар көмілген. Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді[2]. Антикалық жазба дерек көздері мен археологиялық мағлұматтар Түркістан алқабында біздің заманымыздан бұрынғы 1-мың жылдықта өмір сүрген тайпалар көрші елдермен өркениетті мәдени-экономикалық байланыстар орнатқандығын нақты көрсетіп берді. Көне парсы, элам және аккад тілдерінде құрастырылған Дарий мен Ксеркс патшаларының жазбалары, көне ирандықтардың зороастриялық дін кітаптарының жинағы — Авестo, әсіресе грек және латын тілдеріндегі ежелгі грек-рим авторларының (Геродот, Гекатей Милетский, Арриан, Диодор, Плиний, Страбон, т.б.) шығармалары байырғы халықтардың тарихын түзуде маңызды рөл атқарады. Бірақ басты дерек көздерін археологиялық мағлұматтар береді. Сырдария алабындағы сақта рескерткіштерінің бірі Шірікрабад саналады. Сондай-ақ 1877 жылы "Әмудария көмбесі" көне өнер туындылары аталған өзен бойынан табылды. Ол 180-нен астам алтын мен күмістен жасалған бұйымдар мен 1000-нан астам теңгелерден тұрады. Заттар көне грек, иран, сақ мәнеріндегі ою-өрнектермен салынған. Археологиялық қазба жұмыстары Әмудария көмбесіндегі заттар Отырар алқабындағы көне тайпалардың мәдениетімен тығыз байланыста дамығандығын аңғартады. Көне жазбаларға қарағанда Ахемен әулетінің патшалары сақтардың әр түрлі тайпаларымен жауласып, бірде жеңіп, бірде жеңіліп Әмудария көмбесі отырған. Сақтар парсы әскерінің құрамында грек-парсы соғыстарына қатысты.
Александр Македонский (қаласы Ескендір Зұлқарнайын), селевкилер әулеті де сақтарға қарсы соғысты. Дегенмен, парсы және грек дерек көздеріндегі тайпаларды Орталық Азияның осы заманғы картасына орналастыру туралы мәселе өлі түбегейлі шешілген жоқаласы бұған қатысты ғалымдар арасында түрлі болжамдар бар. Ғалымдардың көпшілігі біздің заманымыздан бұрынғы 7—4 ғасырлардағы Қазақстан аумағына тайпалар мен тайпалық топтарды былайша орналастырады: оңтүстікте тиграхауда сақтары тұрған, бүл ар грек дерек көздерінде массагеттер деп аталды, сондай-ақ мұнда дахтар (дайлар) тұрды, ал батыста — савроматтар (ежелгі аорстар), Орталық аудандарында — исседондар, солтүстік-шығыста — аримаспылар мекендеген. Бұлардын барлығы тілі жағынан туысқан және мәдениеті жағынан жақын сақ және сармат тайпаларының этникалықаласымәдени бірлігіне кірген. Оңтүстік Қазақстанды мекен еткен сақтарда отырықшылық мал шаруашылығы басым болды. Олар Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендері бойында, Қаратау жотасының баурайларында кеңінен тарады. Сондай-ақ суармалы егіншілік те дамыған. Сақ обаларынан шыққан мал сүйектері олардың осы заманғы қазақтың құйрықты және ұяң жүнді, өсімтал тұқымдарына жақын қой өсіргендігін көрсетіп берді. Жылқының екі түрін өсірді. Оның жабы (берк) түқымдасы қазақ жылқысына ұқсас еді. Сақ заманында қола дәуірінде кең тарай бастаған Қаратау жотасы мен Шу-Іле тауларындағы (Арпаөзен, Қойбағар, т.б.) жартастағы суреттер де айғақтайды (қаласы Қаратау шимайлы тастары). Сақтар заманынан бізге жеткен сақ "пирамидалары" немесе "патша" обалары байырғы сақтар мәдениеті жайлы мол мәлімет береді. Қараспан маңындағы Қарауылтөбедегітопырақ үйіндісінен тұрғызылған обаның диамал 110-120 метрді құрайды. Биіктігі 16 метрдей. Мұндай ірі обалардың салынуы Оңтүстік Қазақстан жері сақтардың басты орталытарьшың бірі болғандығын аңғартады. Пайдаланылған әдебиеттер 1. А.Ювалы, С.Әбушәріп, С.Сыздықов. Түркі халықтарының тарихы. Түркістан. 2004 ж 2. Аманжолов К.Р.Түркі халықтарының тарихы. 1 том. Алматы «Білім». 2002 ж 3. Қазақ СССР тарихы. Бес томдық. 1 том. Алматы. «Наука»1977 ж. 4. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы. «Білім». 1944 ж Дәріс 2.Үйсін мемлекеті. 1. Үйсін мемлекетінің орналасқан территориясы 2. Үйсіндер мен ашина тайпаларының өзара этникалық байланыс мәселесі 3. Ежелгі үйсіндердің материалдық мәдениеті Қытай жазбаларына сүйенсек, үйсін, юзчжилер (ұлы жүз) тайпалары. Жетісудағы тиграхаудсақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары Орталық Азияның түкпірінен келген. Біздің заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырда яғни б.з.б. 160 ж. шамасында Жетісуға көшіп келіп, сақ тайпаларын бағындырды. Үйсін – сақтар мен ғұндардан кейін өмір сүрген ірі тайпалық одақтардың бірі.Үйсін тайпасының одағы Балқаштан Ыстықкөлге дейін – қазіргі Жетісу өлкесін жайлаған да, қаңлы тайпаларының одағы Қаратау мен Сырдарияның орта саласында болған. Бұлар түркі тілінде сөйлеген. Бірақ, көне қытай хроникаларында жазылып қалған бірен – саран жеке сөздер болмаса, ол дәуірден сақталып қалған ешқандай жазу ескерткіштері әзірге беймәлім.
Сондықтан үйсіндер мен қаңлылардың тілі туралы түркологияда күні бүгінге дейін әлі анықталмаған, бірақ, қалай болса да, әйтеуір қазақтын ең ірі тайпаларының бірі –«үйсін» деп аталады. Үйсін тайпасы жөніндегі ежелгі қытай жазбаларында мәліметтер мен деректер олардың бір кезде Іле өңіріне келіп қоныстанғаннан кейінгі уақытта аса күшті тайпалық мемлекет ретінде тарих сахнасына шығып, өз тұсында едәуір ықпалды болғанын айтады. Енді біз сол жөнінде жазылған кейбір тарихи деректерге тоқталайық. Осы орайда ежелгі қытай деректеріне сүйенсек, үйсін тайпасы қытай жазбаларының ескі дәуірлердегі кітаптарында өте жиі кездеседі. Мәселен, ертедегі қытай хандары кезінде (б.з.б. 475-221 жылдары) , Чин хандығы билік құрған кезеңде (б.з.б. 221-206 жылдары), Хань хандығы билік құрып тұрған уақытта (б.з.б. 206 жылдан бері қарай) жазылған Қытайдың терістігі мен Батыс өңірлерінен мағлұмат беретін тарихи жазба деректерден табуға болады. Онда үйсіндер ұлы жүз тайпаларын талқандап, олардың елін бостырып, жерін тартып алғаннан кейін, Іле және Ыстықкөл өңіріне келіп мекендейді. Осыдан кейін олар аса күшті бір мемлекет құруды бастаған. Қытай жазба деректерінің анықтауына қарағанда, сол тұстағы үйсін тайпасының қоныстанған және өздеріне бағынышты етіп алған территориясы батыста Шу, Талас өзендерінен бастап, шығыста Ерен қабырғаның сілемі болған Богда тауына дейін созылып жатқан. Ал солтүстігі Балқаш көліне жетіп, Ыстық көлге дейінгі аралықты қамтыған. Ежелгі үйсіндердің материалдық мәдениеті біршама толық зерттелген. Іле, Талас және Шу аңғарларындағы қоныстар мен қорымдарда жүргізілген археологиялық қазба жұмысы барысында табылған материалдар біраз мәліметтер береді. Олар үйсіндердің тұрғын жайларының сипатын, олардың ішкі көрінісін елестетуге, еңбек құралдары мен қару-жарағын білуге, керамиканың эволюциясы мен оның негізгі үлгілерін зерттеуге мүмкіндік туғызды. Жоғарыда ертедегі үйсіндердің жартылай көшпелі, жартылай отырықшы өмір салты қыстауқоныстар мен қала үлгісіндегі бекіністі қалалар салынуына себеп болғаны туралы айтылып кетеді. Үйсін мемлекетінің Чигучен (Қызыл Аңғар) деген астанасы болды. Батыс және Шығыс Хань хандығы дәуірінде үйсіндер Батыс аймақта өте ықпалды орында болған. Сол кезде олардың түтін саны 120 мың, халқы 630 мың, әскерлері 128 800 еді. Батыс аймақта ғұндардан соң ең белді жұрт солар болатын. Хань патшасы Хань У-ди Цзян Цянь елшінің ұсынысына сай, Үйсіндермен құда-жекжаттық қатынаста болып, ұзақ уақыт бойында барыс-келіс жасап тұрды, сондай-ақ бірлесіп ғұндарды талқандап, Батыс аймақта Балқаш көлінің шығысынан бастап тура Оңтүстікке – Памир жоталарына дейінгі жерлерді бірлікке келтіру жеңісіке қол жеткізді. Батыс Хань хандығы заманында үйсін жұрты Іле өзенінің оң – сол қанатын мекендейтін. Бұл олардың ежелгі қонысы емес еді. Үйсіндердің бұрынғы мекенінің қайда болғандығы жөніндегі пікір таластар күні бүгінге дейін жалғасуда. Нанди бидің кезінде үйсіндердің мекені Дуньхуан мен Цилян-Шань алқабы болғаны да тарихи шындық. Чжан Шоуцзие «Тарихи жазбалардың нақтылы мәні» кітабында «үйсіндер Чжанго дәуірінде Гуачжоуды мекендеген» деп өте дұрыс көрсетеді. Ол тағы да: «Үйсін түбін қуғанда сақ нәсілінен» дейді. Үйсіндер иузейлер тарапынан Дуньхуан өңірінен қуылған кезде өте ауыр зардаптар шеккенімен, тұқымымен бір жолата құрып біткен жоқ. «Тарихнамада, Перғана баянында» айтылатындай, ғұндар үйсіндердің бала Күнбиін бағып алғаннан кейін, ол барған сайын атпалданып, әскер бастап, сол елге көп еңбек сіңіреді. Тәңірқұрт Күнбидің тоз-тоз болған бұқара-жұртын оның қол астына қайтадан жиып беріп, Батыс өңірді ұзақ уақыт өз әмірінде ұстайды. Бұдан Дуньхуан өңірінен тағы да көптеген жұртының үркіп, батысқа кеткендігін байқаймыз.
Үйсіндердің мәдениеті, наным-сенімдері. Үйсіндер ертеде аспанға, жерге, күн мен айға және басқа да аспан денелеріне сыйынған. Күнді құдіретті Тәңірге балап, киіз үйлердің есігін шығысқа қаратып тігіп, күннің шығуына ерекше ықылас білдіретін. Үйсін қағаны сол үшін өзін Гуньмо (Күнби) атады. Сөйтіп, «Гуньмо» (Күнби) деген сөздің мағанасы «күндей биік әмірші» деген ұғымды білдіреді. Өйткені үйсін қабірлерінің дөңгелек немесе жартылай дөңгелек пішінде тастан үйіп жасалуы күнге, айға тәу ету ұғымының бір көрінісі. Үйсіндер мен қаңлылардың арасында табиғатқа табыну, ата бабаның аруағын құрметтеу сияқты діни наным сенімдер көп тараған. Олар табиғаттан тыс құдіретті күш бар деп сеніп, құрбан шалған. Сонымен қатар олар күнге, айға, жұлдызға табынған. Үйсіндер б.з.д. ІІ ғасырда Жетісуға көшіп келіп, сақ тайпаларын бағындырып, олардың құрамына келіп қосылған осы сақ тайпалары үйсіндердің қатарын көбейтіп, күш қуатын арттырды. Нәтижесінде үйсіндер батыс өңіріндегі ең қуатты мемлекетке айналды. Олар егіншілікпен айналыспағандықтан, шөбі шүйгін жерлерге көшіп-қонып жүретіндіктен шаруашылықтын көшпелі,жартылай көшпелі түрі басым болды. Алдыңғы және кейінгі хань патшалығы дәуірінде үйсіндердің шекарасы төменгідей болған. Олардың шығысы Манас өзенімен, солтүстігі Тарбағатай тауынан тура батысқа – Балқаш көліне дейінгі жерлермен, батысы Балқаш көлінен оңтүстікке Шу, Талас өзендеріне орта бөлігіне дейін созылған өңірлермен, шығысы Янжидің батысындағы Тянь-Шань тауының орталық жайлымды алқаптармен шекаралас болды. Кеңестік дәуірдегі ғалымдар үйсіндердің шығыс шекарасы Тянь-шань тауымен шектесетіндігн айтады. Қытай шекарасы ішінде жатқан үйсіндердің байырғы қоныстары туралы олар біле бермейді. Неше ондаған жылдардан бері археологтар Іле өзенінің төменгі ағысынан, Шу аңғарынан, Ыстықкөл ойпатынан, Нарын өзені, Алматы маңы, Іле өзенінің солтүстік жағы еліміздің Тоғызтарау, Күнес өзендерінің бойынан көптеген үйсін молалары мен олардың көне жұрттарын тапты. Мұның бәрі алдыңғы және кейінгі хань патшалықтары мен үйсіндердің қимыл көлемі Батыс Тянь-Шань аймағы мен Іле өзенінің оң, сол қанатына, сондай-ақ Балқаш көлі мен Тарбағатай тауының күнгей етектеріне дейінгі байтақ территорияға кеңейгендігін түсіндіреді. Үйсін және кангюй мемлекеттері өмір сүрген уақытта б.з.б. ІІ-біздің заманымыздың І мыңжылдықтын бірінші жартысында Жібек жолы қызу пайдаланыла бастаған кезде, мұнда Рим шынысы мен теңгелер, қытай жібегі, айнасы мен лакталған ыдыс - аяғы, Европаның фибул-іліктері және Ираннан оймышталыпбасылған тастар әкелінді. Үйсіндер негізінен мал шаруашылығымен шұғылданған, олар егіншілік кәсіпті де білген. Көбінесе жылқыны қастерлеген. Олар қой, ірі қара, түйе өсірген, тары еккен, құлан, сайғақ, бұғы аулаған. Үйсіндер жүн тоқып, теріні илеп, киім жасап киген. Үйсіндер мен Қаңлылар (Кангюйлер) Алтай, Орта Азия және Сібір халықтарымен саяси және экономикалық байланыс жасап тұрған. Бертін келе үйсіндер мен қаңлылардың әлеуметтік жіктелуі барысында, қоғам байлар мен кедейлерге, еркін жандар мен құлдарға бөлінеді. Бай көсемдер тобы шұрайлы жайлымдарды пайдаланды, олар оны өзінің меншігі деп есептейді. Үйсіндер мен қаңлылардың бай қожайындары өлсе, онда олардың құлдарын да бірге көметін болған. Мұның өзі сол кезде қоғамның таптық жікке бөлінгенін айқын дәлелдейді. Үйсіндердің тілі мен жазуына ғылыми әдебиетте орын алып жүрген көзқарас негізделу дәрежесі бойынша әр түрлі, бірақ жалпы алғанда жұмыс болжамы деңгейінде қала берді. Үйсіндердің этникалық тегі әлі де ақырына дейін анықталмаған. Зерттеушілердің біразы
үйсіндер шығыс Иран тайпаларынан шыққан десе, екінші біреулері үйсіндер –түріктердің арғы аталары, олар түрікше сөйлеген деп, есептейді. Қорыта келгенде, біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ - І ғасырларда іргелі ел болған Үйсін мемлекеті түркі халықтарының түп қазығы екендігіне күмән болмаса керек. Үйсіндер сақтармен қандас, туыстас болып келеді. Үйсіндер моңғолоид нәсілімен араласқан еуропейдтер деген болжам бар. Сақтарға қарағанда үйсіндерде мұндай белгілер көбірек, мұның өзі хундардың көшіп-қонып араласуына байланысты болуы мүмкін. Қаңлылар 1. Қаңлылардың түркі халықтары этногенезіндегі ролі 2. Қытай дерек көздеріндегі Қаңлы мемлекеті 3. Қаңлы этнонимінің мағынасы Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Олар қытай жазба деректерінде кангюлар деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары «Авеста» мен «Махабхарата» кангха болып кездеседі. Түркі руналық жазуларында Кангю-тарбанд деген кенттің (қаланың) аты бар. “Кангюй, Кангха, Кангю-Тарбанд” сөздерінің көрнекті ірі елдерінің жазба деректерінде сақтауының өзі қаңлы тайпалар бірлестігінің жай ғана ру-тайпалық деңгейінде өмір сүріп қоймай, олардың мемлекеттік дәрежеге көтеріліп, ол елдермен тең дәрежеде қарым-қатынас жасағандарын да көрсетеді. Ал кангюй немесе қаңлы этнонимінің мағанасы немесе оның пайда болған мерзімі осы күнге дейін белгісіз. Ғылыми пікірлер бойынша, қытай жазба деректері қаңлыларды сақ тайпаларының жалғасы, олардың ұрпақтары делінген. Қытай дерек көздеріндегі сол Қаңлы мемлекеті, қалай болғанда да, қазіргі Қазақстан аймағы, Арал өңіріне орныққан. Ғұндар түстік шығыста қаңлылармен көрші тұрған. Ал, қаңлылардың иелігі Ертістен басталып, Шу мен Сарысу өзендеріне дейін созылып жатқан. Ғұндардың түстік шығысы – Аландардың иелігі. Қытай тарихшылары қаңлы жерін қазақтардың Отаны деп қабылдауының өзі бір ғанибет. Қытай деректері қаңлылардың европеоид нәсіліне жататынына ешқандай күмән қалдырмайды. Одан “Ықпалды Кан әулеті Кангюй әулетінің бір тармағы... Тұрғындары шүңірек көзді, қыр мұрынды, қаба сақалды” дегенді оқимыз. Қаңлылардың сыртқы еуропалық бейнесі жөніндегі деректер б.д. І ғасырынан қалған қаңлы қорғандарының (Қорғантөбе жұрты, Самарқан облысы) археологиялық қазбаларының материалдары арқылы да бекітіле түседі. Қаңлыға кіретін Хорезм, Соғды тұрғындары парсы тілдес болса керек. Қытай деректемелеріндегі Чжан – Цяннің хабары бойынша б.з.б. ІІІ ғ. қаңлы тайпалар бірлестігінің орталығы Битянь қаласы болды. Ол үйсін тайпаларының орталығы Шығу қаласының солтүстік батысындағы 2 мың миль жерде орналасқан. Соңғы кездегі ғылыми зерттеулер де осы хабарды басшылыққа алуда. Алайда, Битянь қаласы Сырдарияның бойында деп айтылып жүргенімен, оның дәл қандай жерде орналасқандығы осы уақытқа дейін анықталмай отыр. Кейбір пікірлерге қарағанда, Кангю - Тарбандтың алғашқы кезі осы Битянь болдыма деген ойды туғызатын сияқты, бұл мәселе әлі де болса өзінің зерттеулерін күтіп тұрған проблемалардың бірі.
Қаңлы халқының этникалық сипаты жөніндегі мәселе күрделі де қиын. Қаңлылардың қай тілде сөйлегені туралы бірыңғай пікір жоқ. А.М. Бернштамның пікірінше, қаңлылар түрік тілді халық болған. Басқа зерттеушілер қаңлылар Солтүстік Иранның мал өсіруші тайпаларының қатарына жатады, олар б.з. І мыңжылдығы ортасында Сырдария бойына түрік тайпаларының қоныс аударуына байланысты өзінің этникалық бейнесі мен тілін өзгерткен деп болжам жасалады. Қаңлылар туралы орта ғасыр кезіндегі хабарды (1246 ж.) Плано Карпиниден білеміз. Ол моңғол жеріне барып қайтқан сапарында қаңлылардың жерін басып өткендігін, олардың қуманша (қыпшақша С.Ж.) сөйлейтіндерін хабарлайды. Бұл хабар қаңлы тайпаларының түркі тілде сөйлегендігін көрсетеді. Бүгінгі таңда Орта Азия мен Қазақстан ғалымдарының алдында қаңлы тайпаларының бірлестігі үлкен проблеманың бірі болып отыр. Оған басты себеп: жазба деректемелер бойынша, бұл тайпалар тек Қазақстан көлемінде ғана емес, Орта Азия, Кавказ жерлеріне дейін араласып, ол жерлерде өздерінің биліктерін жүргізген. Бұл мәселе өз деңгейінде зерттелсе, жалпы бір тиянақты ғылыми тұжырымға келуге болар еді. Қаңлы тайпаларының тарихына көңіл бөліп, зерттеп жүрген ғалым, археолог К.М.Байпақов. Жоғарыда келтірілген деректермен археологиялық зерттеулерден шығатын басты қорытынды, қаңлы тайпаларының негізгі өсіп өнген тұрақты атамекені Қазақстанның оңтүстігінде Сырдария, Талас өзендерінің аңғарлары, Қаратаудың солтүстік-оңтүстік баурайлары болса, ал батыста Арал теңізінің жағалауында өмір сүргендігі толығымен анықталып отыр. Қазақстан, Орта Азия территориясында қаңлы ескерткіштеріне жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған материалдар, шартты түрде үш мәдениетке бөлінген. 1. Қауыншы. 2. Жетіасар. 3. Отырар – Қаратау мәдениеттері. Бұлай бөлудің өзі біріншіден материалдық мәдениеттегі заттардың жасалу мерзімдеріне байланысты болса, екіншіден олардың жасалуы жағынан болған өзгерістер ескерілген. Сонымен қатар әрбір аймақтың, ауданның жергілікті өзгерістеріне де көңіл бөлінген немесе әрбір мәдениеттің бір-біріне тән ортақ қасиеттерінің болғандығы анықталған. Ал ондай жергілікті өзгерістер, ортақ қасиеттер, нәрселердің түрлерінің көбеюі, тек дамудың алға жылжудың көрінісі екендігін ескертеді. К.М.Байпақовтың ұсынып отырған басты бір пікірі Арыс өзені мен Отырар аймағында б.з.б. І ғ. мен б.з. І ғ. ас және алан тайпаларының келіп орналасуы мүмкін дейді. Ал оларды қаңлы тайпасының қол астында болған бес аймақтың бірі Сусемен салыстырады. К.М.Байпақов мұндай пікірді көрсетіліп отырған жерлерден табылған қос тұтқалы көзелердің Кавказдың терістігінен табылған қос тұтқалы көзелермен ұқсастығын салыстыра отырып айтады. Оған екінші дәлел етіп, жазба деректерге сүйенеді. Шындығында бұл көңіл бөлінетін мәселе, жазба деректерде қаңлы тайпалары Кавказ жеріндегі тайпаларға өздерінің ықпалын жүргізсе, ал алан, сармат тайпаларымен өте жақын бейбіт-туыстық қарым-қатынаста болған. Бұл мәселе әлі де болса, археологиялық және тарихи жағынан шешімін күтуде. Қаңлы тайпаларының қыстақ-кенттеріне және оның аймағына жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстар олардың шаруашылығынан, саяси өмірінен, әлеуметтік-экономикалық жағынан материалдар береді. Алғашқы көзге түсетін басты мәселе шикі кірпіштен жасалған
тұрғын жайлардың орындары. Үй-жайдың жанынан салынған қора-қопсы, шаруаға қажетті жайлар. Жалпы, жазба деректерде жазылғандай «Қаңлы халқы балшықтан жасалған дуалдың ішінде өмір сүреді» деген хабарлар бекер айтылмаса керек. Археологиялық зерттеулер арқылы ашылған «Жеті асар», «Алты асар», «Қауыншы», «Ақтөбе», «Алтын төбе» сияқты қаңлылардың елді мекені, қыстақ, қала, қорғандарының жұрттары, жер суландыру құрылыстары, канал, арықтардың, бау-бақшаның орны табылды. Сонымен қатар ежелгі қалалар мен мекенжайларды қазған кезде керамикадан жасалған ыдыс-аяқтарқазандар, қақпалы құмыралар, табалар, тағанды ошақтар, су таситын ыдыстар –аузы кең, бір не екі тұтқалы көзелер, көлденең тұтқалы көзелер,екі тұтқалы құмыралар. Азық-түлік жерге көміліп қоятын үлкен ыдыстарда- хұмаларда сақталған және асхана заттары: әсемделіп жасалған саптыаяқтар, құмыралар, кеселер кездеседі. Қаңлылар темірді балқытып, одан күнделікті тұтынатын заттарын жасаған. Ұсталар орақ, пышақ, жебе ұштарын жасайтын темірдің дөңгелек бөліктері табылған. Сүйектен пышақ саптары, түйреуіштер, қаптырмалар, әртүрлі бойтұмарлар істелген. Зергерлік бұйымдар мен әшекей заттар алтын мен қоладан жасалған. Сонымен қатар темір мен қоладан өндіріске қажетті бұйымдар істеген. Дәнді-дақылдар мен дәндері мен астық қамбалары табылғанына және дәнүккіштер мен астық сақтайтын хұмрардын көптеп кездесетініне қарағанда шаруашылықтын егіншілік түрі басым болған. Шаруашылықтың маңызды бір саласы –мал өсіру болған. Егіншілігі біраз дамыған ежелгі қоныстардан жылқы, қой, ешкі, сиыр сияқты үй жануарларының сүйектерінің көптеп кездесетініне қарап, мал шаруашылығы едәуір орын алғанын байқаймыз. Қаңлы тайпалары аңшылықпен де айналысқанын қазба жұмысы барысында еліктің, таутекенің, арқар мен ақбөкеннің сүйектері табылған. Қаңлылар су құстары – үйректер мен қаздарды да , бірқазандарды да аулаған. Балық қылтанақтары мен қабыршақтарының табылуына қарай, олар балық аулаумен де айналысқаның байқаймыз. Балықты шанышқымен түйреп, әртүрлі аулармен, қармақпен ұстаған. Жабайы алма мен алмұрт, өрік пен долана, пісте жемістерін жинау да , көп шаруаның мәнді бір түрі болған. Қытай жазба деректерінің мәліметі бойынша қаңлы елінің ресми жазба заңы болған. Қаңлылар ата-бабаларының аруағына табынған, олардың бір бөлігі будда дініне сенген, Қытайдың жазба деректерінде қаңлылардың ән, күй, музыка және көркем өнерінің гүлденіп, өркен жайып, даңққа бөленгендігі туралы мәлімет көп. Қаңлыларда қос ішекті, бес ішекті музыка аспаптары болған. Сыбызғы, сырнайлары да болған. Оларда жазу мәдениеті болып, ХІІІ ғасырда қаңлы тілінің сөздігі шықты. Қазақ халқының “Келелі елде қаңлы бар, қаңлыны хан көтерер,” “Қаңлыдан өзге хан болмас” деген сөздердің де жаны бар. Жапон ғалымы Сиратори бірсыпыра деректерді келтіре отырып, қаңлылардың түркі тілді болғандығын дәлелдейді. Сонымен қатар қаңлылардың түркі тілді ұлыс болғанын, ертеректе шығыста болып, кейін Сырдарияның орта және төменгі ағысына ауып келіп мемлекет құрғанын айтады. Қазақтардың шежіресі бойынша да Сырдарияның орта ағысында қаңлылардың ежелгі белгісіз замандардан өмір сүріп келе жатқандығын хабарлайды. Шежіре бойынша қаңлылар қара,
сары, қызыл, ақ болып бірнеше руларға бөлінеді. Бұлардың ішінде Сыр бойын Сары қаңлылар мекендейді. Соңғы кездегі этнологиялық зерттеулерге қарағанда қаңлылар Оңтүстік Қазақстанда, Жетісу аймағында өмір сүреді. Бүгінгі таңдағы қаңлы тайпаларының түп тамыры сонау б.д.б. ежелгі қаңлылардан бері жалғасып келе жатқандығына ешбір күмән келтіру мүмкін емес. Бүгінгі қаңлылар ежелгі қаңлыларға ұқсамауы мүмкін, бірақ олар өздерінің түп негізін солардан бастағандығы сөзсіз. Қорыта келе, б.з. басталар кезде және б.з. І мыңжылдығының бірінші жартысында Қазақстанның оңтүстігінде аса ірі және құдіретті Қаңлы мемлекеттік бірлестігі болып, өркен жайған. Қаңлы мемлекетінің халқы егіншілікпен, мал шаруашылығымен, қолөнермен, саудаман айналысқан. Олар Қытай, Рим, Кушан империясы сияқты елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыста болған. Ғұндар тарихы 1.Ғұн империясының құрылуы 2.Ғұндардың қоғамдықсаяси және мемлекеттік құылысы 3.Еуропа ғұндары. Аттила. Жалпы ғұндар тарихи кезеңі б.з.б.ІІІ ғ-б.з.Ү ғасырлар аралығын қамтиды. Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі аралықта мекендеген. Ғұндардың билеушісінің титулы шаньюй деп аталады.Ұлы ғұн мемлекеті Түрік мемлекеттері арасында батыс және шығыс мәдениетіне үлкен әсерін тигізген. Ғұн сөзі «адам, халық» деген ұғымды білдіреді. Ұлы ғұн мемлекетінің алғашқы мемлекет басшысы Метенің әкесі Түмен болып табылады. Ғұн түркілердің арғы ата-тегі. Жалпы ғұндар антропологиялық сипаты жағынан монғолоидтық нәсілге жатады. Қытай деректерінде ғұндар «хунну», ал Еуропа жылнамалашыларында «гуни» деп кездеседі. Жалпы сюннулардың тарихы қытай жазбаларында б.з.б.403 жылдан басталады. Б.з.б. 206 ж олардың көсемі Мөде еді. Қытайлар түркілерді сюннулардың (ғұн) ұрпақтары деп есептейді. Хундардың шығыс көршісі ретінде қытай жазбаларында б.з. І ғасырының соңында Монғолиядан хундарды ығыстырып шығарған сәнбилер аталады. Кейінірек сәнбилер хундар сияқты Қытайда бірнеше әулеттің негізін қалайды, сәнбилер хундар сияқты Қытайда бірнеше әулеттің негізін қалайды, сәнбилер әулетінің ішінде Солтүстік Вэй әулеті (386-534 жылдар) ерекше аталады. Ежелгі хундар туралы ең алғашқы жазғандар қытайдың әйгілі үш тарихшысы еді. Олар:1.Қытай тарихшыларының атасы деп саналатын Сыма Цянь. Оның еңбегі «Ши-Цзы» («Тарихи жазбалар») 130 бөлімнен тұрады. 2.Бань-Гу «Цянь-Хань-Шу» («Батыс Хань мемлекетінің құжаттары») жоғарыда аталған тарихшының ізімен жазылған аса құнды еңбек. Бұл еңбек б.з.б. 206 жылдан басталып, б.з.25 ж дейінгі оқиғаны қамтиды. 3.Фай Е-нің «Хоу Хань Шу» («Шығыс Хань мемлекетінің құжаттары»), бір артықшылығы түркі халықтары туралы арнайы тарауы бар. Ғұндар – түкілердің арғы атасы екенін қытай тарихынан аударған ғалымдар Абель Ремюза, А.Куник. Ал, еуропа тарихшыларынан хундар туралы жазған Аммиан Марцеллин б.з.б. І-ІҮ ғғ. Хундар туралы маңызды деректер қалдырған еңбегі «Іс қимылдар» деп аталатын 31 кітаптан тұратын шығарма. Ал Гот тарихшысы. Б.з. Ү ғасырында өмір сүрген Иордан хундар көсемі Ругила, Аттила басқарған мемлекет туралы және Аттиланың Римге
жорығы туралы, соғыстың жеңістері жөнінде өте бағалы мәліметтер келтірген. Орыс тарихшыларына келетін болсақ аса құнды деректер жазған Н.Я.Бичурин. Негізгі еңбектері Орта және Орталық Азиядағы түркі тілдес халықтардың көне тарихы мен этнографиясын қытай деректемелері бойынша зерттеуге арналған. Хундар тарихнамасына айтарлықтай үлес қосқан ғалымдар Н.А.Аристов, В.В.Бартольд, Л.Гумилев, К.Акишев, Г.А.Кушаев, әкелі-балалы Аманжоловтар еңбегін айтамыз. Жалпы хундардың шығу тегі туралы тарихшылардың зерттеуіне сүйенсек, б.з.б. ІІІ ғасырда олар түркіше сөйлеген және қаңлы, үйсін, қырғыз т.б. түркі тайпаларымен өмір сүрген. Олар бүгінгі жеке ел болған қазақ, өзбек, әзірбайжан, қырғыз және т.б. арғы ата-тектері. Орыс ғалымы Аристовтың айтуы бойынша, б.з.б. ІІІ ғасырда ғұндар түркіше сөйлеген. Пайдаланылған әдебиеттер 1.А.Ювалы, С.Әбушәріп, С.Сыздықов. Түркі халықтарының тарихы. Түркістан. 2004 ж 2.Аманжолов К.Р.Түркі халықтарының тарихы. 1 том. Алматы «Білім». 2002 ж 3. Қазақ СССР тарихы. Бес томдық. 1 том. Алматы. «Наука»1977 ж. 4. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы. «Білім». 1944 ж Көне түріктердің шығу тарихы 1. Көне түріктер этногенезі туралы жалпы түсінік 2. Көне түріктердің шығу тегі туралы тарихи зерттеулер 3. Көне түрік жазба ескерткіштерінің тарихи-деректік мәні мен маңызы Қазақ халқы — этногенез жағынан алғанда, үш мың жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар халық. Біз тарихка VI ғасырда "түркі" деген атпен енсек те, алтайлыктар, сақтар, хундар (бұл атау ғұндар, һундар деп те жазылады) мәдениетінің төл мұрагеріміз. Ежелгі түркі елі, түркі жұрты ұлы тарихи оқиғалардың діңгегі әрі куәгері болған. Солай десек те, кеңестік тарихнамада 1917 жылғы қазан төнкерісіне дейін қазақ та. түрікмен де, қырғыз да, өзбек те, әзірбайжан да өз тарихыңда толыққаңды мемлекет болмаған, ұлтымызды дәстүрсіз, тамырсыз деп, ку тақырда жаралған, яғни тексіз етіп көрсетуге тырысты. Түркі елінің ежелгі тарихы біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан, ертедегі хундар империясының құрылу кезеңінен басталады да, біздің заманымыздың IX ғасырын қамтиды. Бұл ерте дәуір тарихының өзі — бірыңғай археологиялық деректер тарихы ғана емес, көбіне деректер негізіндегі тарих. Демек, біздің заманымыздан бүрынғы III ғасыр мен бергі XI ғасыр арасындағы хундар, түркілер дэуірі — біздің рухани қазыналарымыз, түркі жүртының мөдениет тарихының деректі коздері. Ал орта ғасырдағы түркілер елі, түркі жүрты X—XIV ғасырларда өзінің бай жазба тарихын жасады. Түркілердің этникалық негізі болган тайпалар мен халықтардың жэне хун, түркі империяларының қүрамына кіріп аралас-күралас күн кешкен 20-дан астам түркі жүртының рутайпаларының аты бізге жетті, олар: печенег, қимақ, қыпшақ, оғыз, иемек, башқүрт, басмыл, қай, ябақу, татар, қырғыз, шігіл, тухси, яғма, үграқ, шарух, жүмылы, үйғыр, таңғүт, қидан т. б. Бірақ кеңес заманындағы "пантюркис" деген сойкан сез "халық жауы" деген мағынада
қолданылып, Отан сүйер, үлт сүйер есіл ерлердің басын жүтқандыктан, ежелгі ел екенімізді үмытып, Ресейдің кол астындағы "тегі жок тексіздер", "жазуы жоқ, сызуы жоқ жабайылар" болып шыға келдік. Өз негізімізден, өз дөулетімізден озіміз жерідік, өз байлығымыздан өзіміз бездік, ертеректегі елдігімізден, ата-баба мүрасынан ат-тонымызды ала қаштық. Бүгінгі күні еліміз тәуелсіздігін алып, ертеңіне сеніммен қол созган шақта, тегін тануға талпынған халқымыздың талабын қанағаттандыру, оның өткенін білуіне комектесу — тек тарихшы ғалымдардың ғана міндеті емес, елін, жерін, халқын сүйген эрбір зерделі азаматтың борышы. Сондықтан түркі халқының тарихын егжей-тегжейлі талдау, ел шежіресіне, бабалар мүрасына жаңаша көзқарас орнықтыру үшін, біз барымыз бен жоғымызды уакыт безбеніне салып, тарихымыздың ақтаңдақтарын ашуымыз кажет. Түркі елі өзі омір сүрген 1500 жыл ішінде төрт рет гүлдену-ерлеу, төрт рет дағдарысқүлдырауды бастан кешірді. Бірінші ерлеу — біздің заманымыздьщ VI ғасырында Еуразияны жайлаған ежелгі түркі тегінен шыққан тайпалардың, халықтардың бірігіп, бірінші Түркі қағандығын (империясын, 551—630 жылдар) қүрған кезі. Бүл империя кең байтақ аумақты — Монғолияны, Енисейдің шығыс жағын, Байкал жағалауын, ал батысында Қырымға дейін, Оңтүстікте Амударияның бастауына дейін қамтыды. Солтүстік Қытай мемлекеті — Ци жэне Батыс қытай мемлекеті— Чжоу түркі қағандарына алым-салық толеді. Олармен VII ғасырдың 60-жылдары сол кездегі ірі мемлекеттер — Иран, Византия саяси-экономикалық қарымқатынас жасады. Түркі елінің тарихындағы бірінші ауыр дағдарыс, экономикалық-мәдени қүлдырау кезеңі — VII ғасырдың ортасы. Бүл кезде түркі бектерінің дербестікке үмтылуы озара қырқыстарға өкеп соқты. Қытайдың Ци империясы оған белсене араласты. Соның салдарынан түркі қағандығы Орталық Азияда Шығыс жене Батыс қағандықтар болып екіге бөлінді, империя дағдарысқа килікті, әлсіреді. Шығыс Түркі мемлекеті қытайлардан жеңіліп, түркі халқы 50 жыл бойына (630— 679 жылдар) бостандығынан айырылды. Б. з. б. (біздің заманымыздан бүрынғы) III мыңжыддықтың басында Еуразия даласывда, Қазакстан мен Орта Азия жерінде, теменгі Еділ мен Алтайда, Батыс Сібір мен Шығыс Азияда алтайлық тайпалар өмір сүрді. Бүл тайпаларды "алтайлық" деп шартты түрде ғана атайды; олардың мекендеген жерлері Алтайдың шығысын, Сібірдің керемет кең оңтүстігін, Енисей мен Тынық мүхиттың арасын, Монғол, Манчжурияны және қазіргі Кытайдың солтүстік провинцияларын қамтыған еді. Алтайлықтарға б. з. б. II мыңжылдықта арилік тайпалар келіп араласа бастады. Ариліктер кімдер? Олардың шығу тарихы, мэдениеті қандай? Салт-дэстүрлері, діни сенімі, түрмыс жағдайы, эскери өнері, мекендеген жерінің аумағы, даму кезендері туралы не білеміз? Үнді-еуропа (иран) тілінде сөйлеген олар, яғни арилер казіргі Иран жерінен шыгыс елдеріне немесе Алтай тайпаларының жеріне көшіп келген. Б. з. б. 1800—1600 жылдары шығыс Азияға келіп қоныстанып, Қазақстан мен оңтүстік Сібірде орналаскан жеріне қарай, Енисейде Андрон елді мекеніне байланысты аңдроновтар мэдениетін қүрады. Андроновтар мэдениетінің дамуы 3 кезеңге бөлінеді: 1) ерте кезең (б. з. б. XVIII—XVI ғасырлар), 2) өркендеген кезең (б. з. б. ХЛ-ХШ ғасырлар), 3) кейінгі кезең (б. з. б. ХІІ-Х ғасырлар). Кеңес ғалымдарының зерттеуімен соңғы 40 жыл ішінде шамамен аңдроновтардың 150 мекені мен көптеген бейіттері ашылды. Олардың қоныстанған жерлерін тек Батыс Сібір мен жоғарғы
Енисей аңғарынан ғана емес, Тянь-Шаньнан, Тәжікстаннан, Ауғанстаннан, ал кейбір андроновтарға тэн белгілерді Солтүстік Пэкістан жерлерінен табуға болады. Соған қарамастан, андроновтардың түп тамыр мекеніне Қазақстандағы жэне Орал өңіріндегі жерлер жатады. Олардың ескерткіштері осы аймақтан көп табьшған. Андроновтар түрған жерден бидай үнтақтағыш (тартқыш) тас табылған. Қола дәуіріндегі жартастардың суреттеріне көз салсак, олар бүқаға соқа жегіп, жер жыртқаны да аныктадды. Андроновтарда түрғын үйлер де көп кездеседі. 1 — 1,5 метр қалындыкта евдеген ағаштардан екі қабатгы немесе пирамида тәріздес шатырлар салынған. Ол үйлерде мүржалар жэне күн сэулесі түсетін ашық жерлер — түңліктер қалдырған. Шатырлар бірнеше діңгекпен үсталып түрғызылған. Түрғын үилердің жарты бөлігін қыста жас малдарды бағуға арнап бөлген. Андроновтардың үйлері түрған жерлерден жылқы жэне қой сүйектері көп табылған. Қорыта келе, қалдырған іздеріне сүйенсек, олардың дэнді дақьшмен бірге негізгі асы сүт тағамдары екенін көреміз жэне андроновтардың емір сүруінің негізгі кайнар көзі мал шаруашьшығы болып табылғанын да байқаймыз. Андроновтар мәдениетін зерттеуші археологгар арқылы білетініміз — бейіттерден табылған түрлі қарулар: қола шокпар, садақ пен ок, кола балталар жэне кола кылыштар табылған. Ал эшекей бүйымдар арасынан мыс білезіктер мен жүзіктер, алтын жалатқан жүзіктер, күмістен жасалған омырауға тағатын әшекейлер табылған. Андроновтардың қол өнері тек әскери қарулармен шектеліп қалған жок, сонымен бірге маңызды мэдени заттармен де толықтырьшып отырды. Түрғын үйлерінен арбаның дөңгелегі, темірмен немесе қоламен көркемделген дөңгелектер табылған. Темірден жасалынған арба дөңгелектерінің атка жегілген бөлігін тек Тянь-Шань жартастарының арасынан ғана емес, балшық ыдыстардың бетіндегі суреттерден де көреміз.Түргьш үйлеріне карап, біз андронов тайпаларындағы адамдардың отбасы мүшелері көп, қарапайым жэне бай болып бөлінгенін байқаймыз. Қазіргі болжам бойынша, Азия елдерінде ассимилияцияға үшыраған арилердің кейінгі үрпақтары коныс аудара бастайды, бірақ оның тура уақытын кесіп айту қиын. Соңғы зертгеулерге карасақ, арилер б.з.б. I мыңжылдықтьщ басында Қазақстан мен Орта Азияда өз тіршіліктерін аяктаған. Сонымен, жаңа дәуірге дейінгі III мыңжылдық аяқталар шақта, үнді-ирандықтардың бір бөлігі Ираннан Қазақстан жеріне, Орта Азияның солтүстігіне, Енисей жеріне көшіп келген. Шексізшетсіз Еуразия даласында материадцык мэдениет ойдағыдай дамыған. Мүнда мыс пен қалайьвдан коспа жасауды, темір корытуды үйренген. Онда тамаша әшекей заттарын, еңбек қүралдары мен қарулар жасайтын болған. Қанжар, айбалта, найза, сүңгі сияқты кейінгі табылған күрадцар соның айғағы. Сактардын ескі зираттары, оның ішінде патшалардың топтануы Талас, Шу, Іле жағалауларында қырғыз жэне Жонғар Алатауының бөктерлерінде, Кеген мен Нарынкоддың таулы аймақтарында, содан соң, Еділ мен Дунай аралығынан табылған. Ежелгі текстің сақтар туралы дерек беретін екі тобы белгілі- Ахеменид патшасының сына жазу үлгісімен Геродоттан басталған грек-рим авторларының шығармалары, оған коса ежелгі авторлардың шығармаларында эр түрлі жодцармен алынған және әркандай сараптаудан өткен баска хабарлар да бар. Мысалы, Геродоттьщ хабарламаларында тек парсылар емес, сонымен катар жергілікті скифтер мекендеген орындар да белгілі болады, онда скиф жеріне саяхат жасаған жэне шығысқа сапар шегу мэселесі туралы мөлімет жинаған Қаратеңіз
гректерін атайды. Мүны Орта Азиялыктардың сол кездегі "мекендеу әлемі"— Хань мемлекеті кезінде жазылған тарихи деректер, ертедегі қытай жазбалары толыктыра түседі. Массагет, яксарт тайпалары Кек теңіздің, Арал теңізінің солтүстік жэне шығыс-солтүстік өңіріне, Сырдарияның оң жақ алқабына орналаскан. Ерте заманда Сырдария "Яксарт" деп аталған. Дайлар (немесе дахилар) тайпасы Сырдарияның төменгі жағына, Көк теңіз қолтығына орын тепкен. Каспилер тайпасы Каспий теңізінің шығыс жағалауын мекендеген. Памир — Алтай тауларының солтүстік шекараларынан бастап, Тянь-Шань тауларын басып өтіп, шығыс солтүстікте Алтайдың сілемдеріне дейінгі, солтүстікте Балқаш көліне жэне Шу өзенінің аяғына дейінгі, батыста Талас езенінің жағалауына дейінгі жерлерді қоныстанған. Исседондар тайпасы: Іле мен Шу өзендерінің өн бойын, оның шығыс жағындағылары Тарбағатай тауына дейін созылған алқапты мекендеген. Аримаспалар тайпасы исседондардың солтүстік жэне шығыс-солтүстік жағында, Алтайдың батыстағы сілеміне дейінгі жерлерде түрған. Сарматтар мен савроматтар тайпасы Каспий теңізінің терістігінде, шығыста Еділ өзеніне дейінгі, солтүстікте Жайық өзенінің басына дейінгі жерлерде түрғаны белгілі. Геродотта скифтердің әскери эдет-ғүрыптары былайша суреттеледі: Скифтер алғашқы олтірген жауының қанын ішеді де, өлген қарсыласының басын патшасына экеледі. Өйткені ол озі мертіктірген жауының басын экелмесе, түскен олжадан өз үлесін ала алмайды. Қүлақтың түбін айналдыра кесіп, бас терісін сылып алады да, оны қолдан жүмсартып, өзі мініп жүрген атына байлап алып жүреді. Кептеген скифтер одан жамьығы тігіп алады. Жауларының бас сүйегін еңдеуден откізеді де, оның қастан томенгі бөлігін терімен қаптап, пайдасына жаратады. Ал егер жеңімпаз дэулетті адам болса, бас сүйектің ішін алтынмен аптайды да, оны тостаған ретінде пайдаланады. Егер скифтер өз туыстарымен келіспей, араларында кайшылық туса, патша алдында кінэлаушы айыпталушыны жеңіп шыкса, бүл ерлігін мактаныш түтып, елген айыпталушының бас сүйегін жауларынікі сияқты ондеуден өткізіп, түрмысына пайдаланады. Жыл сайын әскер басы өз жауынгерлеріне арнап шарап әзірлейді. Оны ішуге тек жауын жеңген скиф кана хақылы болған. Ал карсыласын өлтіре алмаған жауынгер шарапқа ерінін де тигізе алмаған. Бүл скиф үшін ең ауыр жаза болып есептелді. Ал скиф жауын өте коп мөлшерде олтірсе, онда оған екі тостаған шарап берілген. Егер скифтер ант-су ішіп келісімге келетін болса, үлкен кыш тостағанға шарап күйып, оған ант берушілердің қанын араластырып ішеді Дәріс 6 Түркештер мемлекеті. 1. Үш Елік, Сақал және Сұлу қаған тұсындағы Түркеш қағанаты 2. Түркештердің арабтарға қарсы күресі 3. Қағанаттағы саяси дағдарыс Түргеш қағанаты (704—756 ж.ж.). Арабтар жаулаушылығы басталған кезде Қазақстан және Орта Азияның басым бөлігі Батыс түрік қағанаты өкіметінің билігінде болатын. Арабтарға қарсы күрес жүргізу барысында Жетісуда өкімет басына келген түргештер бірінші орынға
шықты, олардың билеуші әулетінің негізгі қалаушысы Үш-Елік қаған (699—706 ж.ж.) болды. Ол Жетісудан Бөрі-шадты қуып шығып, Ташкенттен бастап, Тұрфан мен Бесбалыққа дейін көсіліп жатқан байтақ жерде өз өкіметін орнатты. Ол Ордасын Шу бойындағы Суябқа орналастырды. Оның екінші ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласы болды. Үш-Елік қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан әскері бар еді. 705 ж. арабтар шапқыншылық жасау тактикасынан бас тартып, Амударияның шығыс жағындағы Мауараннахр облыстарын басып алуға кірісті. Хорасанның әулие-орынбасары Кутейба ибн Муслим Балхты жаулап алып, 706 ж. Бұхараға таяу жердегі Пайкентке қарай беттеді. Түргештер дереу соғдыларға көмектесті. Түріктер мен соғдылардың бірлескен күші араб әскеріне ойсырата соққы берді. Кутейба ибн Муслим әккілік жолымен одақтастарды алдап, бір-біріне айдап салып, өзі қоршаудан құтылып кетеді. 709 ж. Кутейба тағы да Мауараннахрға аттанып, Бұқар маңына дейін жетеді. Түрік-соғды одағы араб әскеріне талай рет аяусыз соққы береді. Алаяқ Кутейба тағы да алдау-арбау тәсілін қолданып, соғды патшасы Тархунды түріктер көмегін алудан бас тартқызады, соның салдарынан араб әскері Бұқарды басып алады. Түргеш қағанатында Үш-Еліктен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711 ж.ж.). таққа отырады. Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды. Мемлекеттің сыртқы жағдайы аса қиын еді. Олар батыста соғдылармен бірге арабтарға табанды күрес жүргізіп жатты, оңтүстікте - бұларға Таң әулетінің әскері зор қауіп төндіріп тұрды, ал шығыс жағынан Орталық Азия түріктері айбат шегумен болды. Шығыс түріктер қағаны Қапаған 711 ж. Болучу түбінде (Жоңғария) өткен соғыста түргештерді жеңеді. Шығыс түрік әскері батысқа беттеп бара жатып, Сырдариядан көктей өтеді. Сол кездегі арабтарға қарсы самарқандықтар және Орталық Азия түріктерінің қағаны көтеріледі. Бірақ Кутейба дәл мерзімінде келіп, араб әскерлерін талқандаудан сақтап қалады. 712-713 ж.ж. арабтарға қарсы түріктер мен соғдылардың, шаштықтар мен ферғаналықтардың бірлескен күші шығады. Бұған жауап ретінде Кутейба қалың әскер жинап, Ферғана мен Шашқа (Ташкент) аттандырады. Шаш маңындағы қыстақтардың көбі рақымсыз өртеледі. Түргештердің Орта Азия халықтарымен одағы арабтардың Мауараннахрдағы билігіне қандай қауіп төндіретінін жақсы түсінген ол 714 ж. Исфиджабқа жорық жасайды. Түргеш қағанатының ішкі саяси жағдайы бірнеше жылдар бойы құбылып тұрған, бірақ Сұлыққаған (715-738 ж.ж.) таққа отырғалы бері ол күшейе түскен еді. Әскери-әкімшілік билік Түргештердің қолына тиіп, олардың ордасы Таласқа (Тараз) көшірілген болатын. Айлакер елші және тамаша қолбасшы Сұлықтың екі майданда бірдей күрес жүргізуіне тура келді: батыстан арабтар елеулі қауіп төндірсе, шығыстан Таң сарайы Шығыс Түркістанда орнығып алған түрік қағандары әулетінің таққа таласушы жұрағаттарын қолдап отырды. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сұлық шығыстан келетін қатердің алдын алып, болдырмай тастады, бұл түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне жағдай туғызды. 723 ж. Ферғана қарлұқтары және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Түргештер қағаны Сұлық арабтарға қарсы жанқиярлықпен батыл қимылдайды, сол үшін арабтар оны «Абу Мұзахим (Сузеген)» деп атайды. Тек 732 ж. соңында ғана араб уәлиі түргештерді талқандап, Бұқараға кіреді. 737 ж. Сұлық арабтарға қарсы жорыққа шығып, танға дейін жетеді, бірақ ұзамай жеңіліп қалады. Суябқа қайтып келгеннен кейін оны өзінің қолбасшыларының бірі Баға-Тархан өлтіреді. Сұлықтың қазасынан кейін «сары» түргештер мен «қара» түргештер арасында билік үшін ұзаққа созылған күрес-тартыс басталады.
746 ж. Жетісу жеріне Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар қаптап келіп қоныстанады. Ішкі күрес-тартыстан, сол арабтармен болған ұзақ шайқастан түргеш қағандары бұрынғы күшқуатынан айырылып қалған еді, сол себепті де олар қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Осы аймақта белсенді саясат жүғ,ргізіп жатқан Қытай империясы бұл жағдайды өз пайдасына асыра қояды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилері 748 ж. өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алып ойрандайды, Шаштың билеушісі дарға тартылады. Оның баласы көмек сұрап арабтарға барады. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы түбінде аббасидтердің әскербасы Зияд ибн Салих пен Қытай қолбасшысы Гао Сяньжан арасында орасан зор арпалыс болады. Айқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте кытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытай әскері толық күйретіледі. Атлах түбіндегі соғыстың Жетісу мен Мауреннахр халықтары үшін үлкен тарихи мәні бар. Таң әскері енді Жетісу шебін ғана емес, ұйғырлар мен тибеттердің қысымы мен Шығыс Түркістанды да тастап кетуге мәжбүр болады. Талас алқабында арабтар да табан тіреп тұралмай, Шашқа шегініп кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастаған еді, сол себепті де ол 756 ж. түрік тілді қарлұқтар тайпаларының, тегеурінді шабуылына шыдамай құлап бітеді. Түргеш қағанаты Батыс түрік қағанатының мемлекеттік - әкімшілік, әскери және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерін жалғастыра берді, шын мәнінде ол сол қағанат тарихының соңғы кезеңін құрайды. Көшпелі және жартылай - көшпелі түрік тайпалары Батыс түрік қағанатының ойрандалған орнында төрт бірдей құдыретті мемлекет орнатады, Хазар қағанатын қоспағанда, Төменгі Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш этникалық-әлеуметтік бірлестік пайда болады: Сырдарияның төменгі және орта аясының бойын, Арал өңірі даласын Оғыз мемлекеті жайлады, ал Қазақстанның Солтүстік, Шығыс және Орталық аймақтарында астанасы орта Ертісте болған Қимақ мемлекеті дүниеге келеді. Батыс түрік қағанатының байырғы жері - Жетісудың мұрагері қарлұқтар қала береді. Дәріс 7. Шығыс түрік қағанаты 1. Шығыс түрік қағанаты (582-630 жж): территориясы, тайпалары 2. Шығыс түрік қағанатының құрылуы 3. Ұйғырлардың Шығыс түрік қағанатын басып алуы ҮІІ ғасырдың ортасында құрылған іргелі Ұйғыр қағандығы Орталық және Шығыс азияның оның ішінде Тань империясының тағдырына елеулі ықпал етті. Ежелгі Түрік империясының құлауынан соң байтақ далада саяси бытыраңқылық туындада. Түркі тайпаларына үстемдік ету үшін және қаған лауазымын алу үшін Ашина империясын талқандауды аяқтаған ұйғыр, қарлұқ секілді жеңімпаз тайпалар үстемдікке ұмтылды. Басмылдардан билікті тартып алған ұйғырлар ең күшті болып шықты. Ашина, Қырғыз, қимақтар секілді Ұйғырлар орталық Одақтың біріне жатады. 3 – 4 ғасырларда ұйғырлар қытай династиясының Гаогюй атанғанбірлестікте тұрды. 5 ғасырда Қытай деректері бойынша бұл одақтың жаңа аты Теле пайда болды. Теле тайпаларының басым бөлігі батысқа, Қазақстан мен шығыс Еуропаға қоныс аударды. Орталық Азия далаларында қалған бөлігі батыс түркілерге бағынып, солардың мемлекеттерінің құрамына кірді. Бірақ 605 жылы сатқындықпен соққыға жыққаннан кейін, ұйғырлардың басшысы тайпаларды Хангай тауына әкетті. Сөйтіп сол жерде «тоғыз тайпа» деген жеке топ құрады. Орхон жазбаларында бұл топтың тайпалары тоғыз – оғыздар деп аталады. 630 жылдан бастап,
бірінші түркі қағандығының құлауынан бастап, тоғыз – оғыздар яглохарлармен күресті. Және моңғол жерінде саяси күш ретінде танылған болатын. Тоғыз оғыздардың көсемі Елтеьер Тулшду 647 жылы Тола мен Орхон өзендерінің аңғарында өзінің мемлекетін құрған еді, мұны Қытай шежірелері баяндайды: «Тулшду өз бетімен өзін - өзі қаған деп жариялады, Түркі қызметкерлері мен шенеуніктердің қызметін тағайындады». Тань үкіметі қайта құрылған үкіметті мойындамады. Оның үстіне 630 – 663 жылдары тоғыз – оғыздармен Тань империясындағы соғыстарда қытай әскерлерінің қолы жеңіске жете алмаған. Алайда 680 жылдың басында тоғыз оғыздар Шығыс тҮркілермен шайқаста жеңіліске ұшырап, өздерінің мемлекеттілігн жолғалтты. Ұйғырлардың жаңа мемлекеті бұрынғы одақтастармен басмылмен, қарлұқтармен аяусыз күресте ғана пайда болды.Он ұйғыр тайпасы арасында жетекшілікте болған Яглохар династиясына тоғыз оғыздардың көптеген тайпалары жанкештілікпен қарсылық көрсетті. Ұйғырлар яглохарлар тайпасымен қағандыққа таласып, өздерінің құқығын қорғап алды. Қатай деректері бойынша 745 жылы Моңғолияда түркі оғыз мемлекетінің орнына ұйғыр тайпасы енді. Өз ара қырқыста жеңіске жеткен яглохарлар мемлекетке басшылық етті. Сонымен 745 жылы Моңғолияның басшылығы басқа түркі халқына ұйғырларға тиді. Қытайлардың хабарлауы бойынша ұйғырлар 758 жылы қырғыз мемлекетін жаулап алды. Осыдан кейін қырғыздардың қытайлармен тікелей байланысы үзілді. Ұйғырлардың түпкілікті билікке ие болуы олардың қытай әскерін жеңгеннен кейін ғана іске асты. Бұл 755 жылғы Қытайдың шекаралық әскерлерінің Тань үкіметіне қарсы көтерілісті басу және соған жалғасқан азамат соғысын талқандау еді. Ұйғырлардың Элтимиш Білге қағаны 757 – 759 және оның ұлы Бегю қаған 759- 779 Тань бүлікті басуға көмектесті. Сөйтіп өздерінің көмегі үшін материалдық тұрғыда көмек алды. Олжа мен шекарадағы пайдалы сауда династиясның беделі мен қағандықтың үстемдігін орнықтырып алуға мүмкіндік берді. Соғыстан түскен олжамен және император сыйлықтарымен бірге Орхондағы өзінің астанасы – Ордабалыққа манехей дінін уағыздаушы соғды миссонерлерін манехейлерді ала кетті.Олардлың дінін қаған өзі Лолянда таньдардың бүлікшілерден азат етілген астанасында қабылдады. Ұйғыр қағандығынығ орталы болған Ордабалыққа кейін монғолдар ие болған кезде Қарақорым деп аталды. 762 жылы ұйғыр қағанының ордасы Ордабалыққа соғдының және Шығыс қытайлық түркістанның саудагерлері мен миссонерлері келді. Ұйғырлардың манехей дінін қабылдаудың түркі тарихында маңызды орын болды. Ең алғашында түркілер шамандықтан «дінге» этникалық қағида бойынша көшті. Шамандықтардың айтуынша: « өлімнің өзі адамның болашағына пайда әкеледі» дейді, ал Ирактағы арабтар Вавилондықтар қабылдаған манехей дінінің айтуы бойыншы « адам түгілі жан – жануарлар өлімі, жануарлардың етін пісіпір жеуге тыйым салады» - дейді. Осы жаңа және ескі бағыьттың қарама – қайшылығы түркілерге белгілі болды – «бұрындары етті қорек еткен халық енді күрішпен қоректенеді, бұрындары өлімді жақтаған елде жақсылық орнайды.» - дейді жазбада. Манехейлер Вавилоннан б.з.б 14 ғасырда Арабия түбегіндегі пайда болған алфавитті ұйғырлар арасына таратты, кейіннен жаңа ғылымда ұйғыр алфавиті дамыды. Сонымен қатар ұйғырлар бұл алфавитті Моңғолияға таратты, моңғолдармен бірге ол Батысқа қайта келді , ал бірнеше жылдан соң бұл алфавит моңғолдың Маньчжурия жеріндеде қолданылы. Осындай әрекет арқасында семиттен шыққан бұл алфавит соғды, ұйғыр, монғол арасына тарап, «ұлы мхитқа» дейін жетті. Орхон алфавитінен ұйғыр жазуына көшу – түркілерді бір қадам артқа шегертті. Ұйғыр түркі – оғыздарға қатысты бірнеше тарихи жазбалар қалдырды.
Ұйғыр қағандығы жазбаларының біреуі түркі тілінде орхон алфавиті бойынша 750 жылы жазылды. Бірінші жазбада 750 – 753 жылдардағы соғыс туралы айтылса, екіншісінде сол кезде болып жақан қырғыздармен арадағы ұрыс және олардың мемлекетінің түпкілікті жойылуы 80000 нан 400000 адамға дейін болғаны анықталды. Екіншісі қытай тілінде 808 жылдан 821 жылға дейінгі хан билігін баяндайды. Түркі – оғыздарға қатысты ұйғыр жазбаларының ең қызықтыда көлемдісі – қытай тілінде жазылған. Мұсылмандар аймағында тоғыз – оғыздарды тұтқын ретінде көрсететін дерек бар, осы тоғыз – оғыздардан тулондар пайда болады. Ол Ахмет Тулонның әкесі 869 жылы қайтыс болған, Египетте Тулунид әулетін құрған. Араб жазушысы Жахиздің айтуына қарағанда тоғыз оғыздар манехей дінін қабылдамай тұрып өте батыл және әскери халық болғвн. Олар көбіне қарлұқтармен болған соғыста саны аз болса да жеңіске жетіп отырған, ал манехейді қабылдаған соң жеңіліске ұшырай берген. Христиан, мұсылман миссонерлері және түркілер арасында манехей парсының «періште» сөзімен танылды. Буддизм сияқты манехей діні де қанатын кең жаюды мақсат етті. Ол аскетизм, сословие құрылысына қарсы бағытталды. Сондықтан манехей шығармалары қарапайым халыққа лайықты етіп жазылды. 7ғасырда қырғыздар ұйғыр мемлекетінің әлсіреуін пайдаланып тәуелсіздік алды да, 840 жылы 20 жылдық күрестен соң Монғолиядағы ұығыр үстемдігін жойды. Ұйғыр мемлекеті 745 – 840 жылдар арасында 100 жылға тарта өмір сүріп, 9 ғасырдың екінші жартысында Монғолияда қырғыздардан қысымшылық көрген олар Бешбалық қаласының маңындағы Шығыс Түркістанға келді. Бұл оқиға 860 жылы болды. Бұдан кейін қазіргі Ганчжауда ұйғыр князьдігі құрылды да, оның басшысы қытайдан сайланды. Бұған дейін Ганчжау жерінің билігі үшін қытайлықтар мен тибеттер арасында болып, тибеттер үстем түскен болатын. Ұйғыр князьдігі 13 ғасырдағы монғол үстемдігі дәуіріне дейін ғана өмір сүрді. Монғолиядан түркі – оғыздарды содан кенйін ұйғырларды ығыстыру, Шығыс Түркістанда түркі элементтерінің көбеюіне әкеліп соқты. Турфан және Гучэнь жерлерінің жанында қытайлықтар «шато» дала деп атаған тайпа қоныстанды, шатолар түркі тегінен яғни оғыздардан шыққан. Қытай деректері бойынша Монғолиядан Қытай Түркістанына көшкен түркілер отырықшылық пен қала өміріне үйрене бастады. Ғасырда Тибет еліне йғырлардан осы мекенді тартып алу мүмкіндігі туып, бұл жерде өздерінің мемлекетін құрды. Алт кейіннен бұл жақты монғолдар биледі. Осы аймақ содан бері Тангут деп аталады. Қытай деректерінен білетініміз Ганчжоудағы ұйғыр мемлекетін тангуттар 1023 – 1038 жылдары жойды. Шығыс Түркістандағы Ұйғыр мемлекеті 12 ғасырда болған монғолдар мен хандар арасындағы соғыста саяси құрбан болып кетті.