Ы.Алтынсарин атындағы мектеп – гимназиясы
базасындағы тірек мектебінің
9-сынып оқушысы Нұрланова Сағыныш
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сағындықова Гүлмира Аманқұлқызы
Тақырыбы: “Қазақ әдебиетіндегі ақын-жазушылар
шығармаларындағы аққу бейнесі “
Жоспар. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, дерек көздерінен
тұрады.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, нысаны, дерек
көздері, зерттеу әдістері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, қорғауға
ұсынылатын қағидалары, зерттеудің теориялық және практикалық
мәні мен зерттеу құрылымы ашылған.
«Қазақ әдебиетіндегі ақын-жазушылар шығармаларындағы аққу
бейнесіне әдеби- теориялық тұрғыдан талдау жасау» атты бірінші
тарауда аққудың ерекше қасиеттері туралы айтылып, оның ауыз
әдебиетіндегі бейнесі ашылған.
«Оқушылардың қазақ әдебиетіндегі аққу бейнесі туралы білімдерін
анықтауға арналған тәжірибелік жұмыс» атты екінші тарауда
тәжірибелік –эксперименттік жұмыстың нәтижесі айқындалған.
Қорытынды бөлімде аталған мәселені теориялық және тәжірибелік
тұрғыдан талдау нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен
ұсыныстар берілген.
Кіріспе
Менің бұл жұмысымда қазақ әдебиетінің ақын-жазушылар
шығармаларындағы аққу бейнесін белгілі нышан ретінде пайдалануы
туралы кең көлемде деректер келтіре отырып зерттелінген. Таныс деректі
затты ала отырып, көптеген қазақ ақын-жазушылардың шығармасына
арқау болған әдемі құс туралы және аққуды өз шығармаларында нышан
ретінде пайдалану туралы тың материалдармен тақырыптың
өзектілігін аштым.
Тұла бойына сұлулық тұнған аққу - кіршіксіз тазалықтың, қылаусыз
да,кінәратсыз пәктіктің нышаны. Неліктен бұл бейне әлі күнге дейін
ақын-жазушыларға соншама шабыт береді? Уақыт өте келе оның мәні
өзгере ме? Әдебиет сабақтарында біз көптеген табиғат жайлы сыр
шертетін өлең, поэма, романдармен таныстық. Менің ойымша, сол
шығармалардың бәрінде аққу бейнесі ең жарқын бейне болып
табылады.
Сондықтан мен өзімнің зерттеу жұмысыма «Қазақ әдебиетіндегі аққу
бейнесі» деген тақырыпты таңдадым.
І тарау Негізгі бөлімі
1.1. Аққудың ерекше қасиеттері
Аққулар - өте сымбатты құстар. Қазақ халқы қыздарының сұлулығын
осы киелі құспен салыстыра сөйлеген. Аққулар жұптасатын құстардың
түрі, жұбынан айырылған кезде олар адамдар сияқты қайғырады.
Аққуларды ақылды құстар деп санауға болады, өйткені олардың есте
сақтау қабілеті жақсы дамыған. Олар ешқашан жасалған жамандықты
ұмытпайды. Аққу жақсы адамға тез үйренеді, өзен-көлдерде, қаладағы
саябақтарда осы құстарды жиі кездестіруге болады.
Адамдар құстарды көріп, қуанып, олардың іс-әрекетінен өзіне
эстетикалық әсер алады екен.
Сұлулығы адамдарды ғана емес, басқа құстарды да танқалдыратын
секілді. Егер қос аққу көлде жүзіп бара жатса, үйрек-қаздар оларға жол
береді.
Аққудың балапанын - көгілдір дейді, ол өте көрікті және сүйкімді
болады. Төрт жасында аққуға айналып, жұп құрай алады. Аналық аққу өз
«ұлына» жұп табады, ал аталық аққу өз «қызына» жұп тауып, құда
түскендей және қыз ұзатқандай болады екен. Бұған таңғалмау мүмкін
емес!
1.2. Ауыз әдебиетіндегі аққу бейнесі
Мифтік аңыздардың айтуы бойынша, қазақ халқы батырлардың пірі деп
сыйынатын Баба Түкті шашты Әзіз бір күні өзеннің жағасына келіп,
көктен аққу болып ұшып келіп, кебін шешіп қойып, өзен суына
шомылып, шаштарын алтын тарақпен тарасып отырған үш ару қызды
көреді де, ең кіші қыздың кебін тығып қояды. Екі үлкен қыз кебін киіп,
аққу болып аспанға ұшып кетеді, ал кебінен айырылған кіші қыз кете
алмай, Баба Түкті шашты Әзізге жар болып, қосылуға разылық білдіреді,
бірақ оған үш шарт қояды « өкпемді көрме, өкшемді көрме, желкемді
көрме» дейді. Ол мұның бәріне мақұл болыпкеліседі, бірақ жүре келе бұл
шарттарда қандай хикмет барлығын білгісі келеді. Байқап қараса, әйелдің
желкесінен миы, қолтығынан өкпесі, өкшесінен қызыл асығы көрініп
тұрады. Үш шарттың бұзылғанын білген ару, қайтадан аққу кейпіне
келіп, көкке ұшып кетеді. Бұған өкінген Баба Түкті шашты Әзіз өмір
бойы үйленбей өтеді деген аңыз бар.
Мифтік аңыздардың айтуы бойынша, қазақ халқы батырлардың пірі деп
сыйынатын Баба Түкті шашты Әзіз бір күні өзеннің жағасына келіп,
көктен аққу болып ұшып келіп, кебін шешіп қойып, өзен суына
шомылып, шаштарын алтын тарақпен тарасып отырған үш ару қызды
көреді де, ең кіші қыздың кебін тығып қояды. Екі үлкен қыз кебін киіп,
аққу болып аспанға ұшып кетеді, ал кебінен айырылған кіші қыз кете
алмай, Баба Түкті шашты Әзізге жар болып, қосылуға разылық білдіреді,
бірақ оған үш шарт қояды « өкпемді көрме, өкшемді көрме, желкемді
көрме» дейді. Ол мұның бәріне мақұл болыпкеліседі, бірақ жүре келе бұл
шарттарда қандай хикмет барлығын білгісі келеді. Байқап қараса, әйелдің
желкесінен миы, қолтығынан өкпесі, өкшесінен қызыл асығы көрініп
тұрады. Үш шарттың бұзылғанын білген ару, қайтадан аққу кейпіне
келіп, көкке ұшып кетеді. Бұған өкінген Баба Түкті шашты Әзіз өмір
бойы үйленбей өтеді деген аңыз бар.
1.3. Қазақ әдебиетінің ақын-жазушылар шығармаларындағы аққу бейнесі
Махмұд Қашқари - ХІ ғасырда өмір сүрген түркі ғалымы, өз
заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы.
Махмұд Қашқаридың «Қордайдың аққу - қазы қаңқылдайды»
өлеңінде аққу құсты табиғат көркі ретінде көрсетілген.
«Қордайдың аққу - қазы қаңқылдайды,
Төске алып тау самалын салқындайды.
Жаз шығып, күнін тастап , бір ашылды,
Аспаннан түрлі гүлге нұр шашылды.
Құстар сайрап, сай-саладан су тасыды,
Сұлулық қаймағы көзді тартты таңғажайып...» [2]
Махмұд Қашқари бұл өлеңінде жаз мезгілінің әдемілігін таныту
арқылы ұрпақты сұлулықтың мәнін түсінуге және табиғаттың ғажайып
көріністерін тамашалауға шақырады.
Асан Қайғының «Құладын құстың қоры
еді» өлеңінде Мастанған хан көлге шекер төктіріп, құс
жаманы құладынға аққу ілдіргенде де, халық түсінігіне
орай, жаман ырымға жол бердің деп сынайды. Құс
төресі саналған аққуды мас қылып, құладынға ілдірудің
ақыры «түбі өз басыңа келер» деп жориды, «өзіңді бір
жаман келіп өлтірер» деп болжайды
«Құладын құстың қоры еді,
Аққу құс ару, төре еді,
Құладынға ілдірдің,
Ақ мамығын жұлдырдың.
Құладынға аққуды жем қылдың,
Сұлуды қормен тең қылдың…
Асан Қайғы бұл өлең жолдары арқылы халыққа құладын
құстың зұлымдығы мен мен аққу құстың мейірімділігін
айқындап көрсетті. Өлеңде құладынды жауларға, ал
аққуды халыққа теңеген.
Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы»
поэмасында махаббатты жырлаған, табиғаттың
сұлулығын бейнелеген, жамандыққа қарсы
тұру туралы жазған.
Оқиға Арқадағы бір сұлу көлдің жағасында
өтеді. Ақын өлең өрнегін алдымен әлгі көлдің
кісіні тамсандырғандай көркем суретін
салады. Лирикалық кейіпкер анда-санда бой
жазып, демалуға осында келеді екен. Ол көл
жағасында жатьш, оның көрінісін
тамашалайды. Көл бетін мекендеген қызғыш,
шағала, сұқсыр, қасқалдақ үйректердің қылығы
мен қызығы қандай келісті десеңізші! Сөйтсе
де ақын көңілі толмайды, өйткені "аққу әні —
жүрегінің тілегі" — аққулар көл бетінде
көрінбейді. Аққулардың келуімен көл бетінің
тіршілігі күрт өзгеріп, жайнап, жанданып сала
береді
Ақын ыстық шабытпен осы көріністі жырлап,
үздік шумақтарын тудырады.
Екі сұлу әнін түзеп,
Жуынды да таранды.
Екі кербез қатар түзеп,
Көлдің келді шетіне:
Көлдегі аппақ шашақты үзіп
Иіскей басты бетіне.
Иіскеп нәзік иісін жұтып,
Көлбеңдеді айнала,
Ақ шашақты талдап түтіп,
Шашты мөлдір айнаға.
Екі сұлу еркелесті,
Бір-біріне жарасып;
Тағы нәзік "не-не?" десті,
Бір-біріне қарасып...
Біз бұл шумақтарды оқи отырып, ондағы айтылғандардың бәрін
лирикалық кейіпкерлермен бірге көріп, қызыға, сүйіне тамашалап
тұрғандай әсер аламыз. Сол арада қамыс арасында жасырынған Сұр
мерген қос аққудың бірін атып өлтіреді. Осылайша табан астында
махаббат пен сұлулықтың, тазалықтың символы тас жүрек
қатыгездіктің құрбаны болады.
Мұқағали Мақатаев - бір ғасырда бір рет ғана дүниеге келетін қазақ
поэзиясының ірі талант иесі. Мұқағали аққуды қасиетті, киелі құс
екендігін суреттеген.
Әр ана өз баласы үшін өлімге де бара алады. Бұл поэмада ана қасиетті
құсты жаралады.
Көл бетінде көлбеңдеп, жаралы аққу,
Ұша алмайды, ұшпақ боп- күш қылады...
Сыңар қанат сынық құс байлауда тұр,
Тағы бірі айдында жайрап жатыр.
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасында қазақ тұрмысына жақын ойлар
айтылады, ана махаббатының құдіреттілігі сезінеді, табиғатты қорғау
үйретіледі.
Ілияс Есенберлин - қазақ әдебиетінде ең көп,
он жеті роман жазған жазушы. «Жазушы 1984
жылы жазған «Аққу құстың қуанышы»
романында шығармашылық жұмыспен
айналысатын адамдар жайында сыр шертеді.
Бас кейіпкердің бірі – эстрада жұлдызы
Алмагүл. Оқырманды эстрада жұлдызы
Алмагүлдің басынан кешкен оқиғалары
ойландырады. Қазақ әнінің дүние жүзінде еш
халықтың әніне ұқсамайтын даралығы, оны
жұрттың дұрыс бағалай алмауы шығармаға тың
бедер қосқан. Жазушының бұл
романында бұрын көтерілмеген мәселелер
қозғалған. Өз саласында жаңашылдық ашып,
қиын өмір кешкен жастар туралы. Халықта
сондай адамдарды «қарлығаштар» деп атайды,
ал романдағы бас кейіпкер әнші Алмагүл деген
қызға жазушы «аққу құс» деп теңеу сөз
жазған.
Қазақтың ұлы өзені Іленің бойында кіндік қаны тамып, аламан
елінің сол Іледей сылқым ағысты сыршыл ақынына айналған,
«Жыр аққуы» атанған, қазақтың белгілі ақыны Марфуға
Айтқожинаның өмірінен де, өлеңінен де, білгенге бір керемет,
сарқылмас аққу аңсар сезілері анық. Ата-жұрттан аңсап тапқан
байырқалы бақыты мен туған жерге деген толас сағынышы
соншама бір үйлесімділікпен өріліп келіп Марфуға
Айтқожинаның ақындық сұлу ажар-келбетін мүсіндейді.
Акынның поэзиясында ерекше бөлек әуен еседі. «Ақку жүрек»
өлеңінде:
Жүруші едім тәңірге тілек қылып,
Туған жерге тұрады Жүрек бұрып...
Шығыс жаққа қараймын бой шымырлап,
Алатауға арқамды сүйеп тұрып...
Бұл туындыда қазақтың ақыны, өз айдынын тапқан жыр аққуының
жүрек лүпілі, туған жеріне деген махаббаты осылайша
жырланды. Айдыннан аққу ұшырған Марфуға Айтқожина туралы сөз
айту сұлулық әлемімен сырласу дегенмен тең. Ақынның жан-жүрек,
қиял-ой, сезім иірімдерімен жазылған сағынышы, ақ армандары,
күйініші мен сүйініші әр өлеңінде байқалады.
Ғарифолла Есім - ғалым, философия
ғылымдарының докторы, Қазақстан ғылым
академиясының академигі, ұстаз, абайтанушы.
Ғарифолла Есімнің «Ақ өлең – аққулы мекен»
роман-эссесі – қазақ жерінің орыс отаршылығы
кезіндегі басынан өткен қиын-қыстау тағдырын
бейнелейтін туынды. Шығарма мазмұны –
аққулардың тағдыры. Ертістің бойына жаппай
көшіп келгендер қазақтарды қырға қуып, суы
бал, ауасы ем, қасиетті жерді ластап, аққуларын
атып, қуырдақ қылып жеген жантүршігерлік
оқиғалары шынайы суреттеледі. Ғарифолла Есім
«Ақ өлең – аққулы мекен» роман-
эссесінде аққулардың көлге қайта оралуы,
олардың қиқулап келiп қонуы — барлығы көрген
жанды бей-жай қалдырмаса керек. Аққу көлiне
оралып, ғашықтар сыңарымен табысып, аққулар
мекенiне ажары кiрдi.
Талдау әдісі бойынша аққу бейнесі қолданылған әдеби туындыларды
жазылған уақыты мен негізгі ойы бойынша ажыратамыз.
Әдеби Әдеби шығарманың Жазылған Пайдаланылатын
шығарманың атауы Уақыты бейнесі
авторы
1. Махмұд «Қордайдың аққу-қазы ХІ ғасыр табиғат көркі
Қашқари қаңқылдайды» өлеңі ХV ғасыр құс төресі
«Құладын құстың 1925 жыл махаббат иесі
2.Асан Қайғы
қоры еді» өлеңі
3.Сәкен «Аққудың айырылуы»
Сейфуллин поэмасы
4.Мұқағали «Аққулар ұйықтағанда» 1973 жыл қасиетті көл еркесі
Мақатаев поэмасы
5. Ілияс «Аққу құстың қуанышы» 1984 жыл тұлғаның даралығы
Есенберлин романы
6.Марфуға «Ақку жүрек» өлеңі 2001 жыл рухани тазалығы
Айтқожина
7. Ғарифолла «Ақ өлең – аққулы мекен» 2012 жыл қазақ жерінің киесі
Есім роман-эссесі
Оқушылардың қазақ әдебиетіндегі аққу бейнесі
туралы білімдерін анықтауға арналған
тәжірибелік жұмыстары жүргізілді.
Сауалнама сұрақтары:
Қай ақын –жазушылар өз шығармаларында
аққу бейнесін қолданды?
2.Қазақ әдебиетінде аққудың қандай
ерекшелігі жиі көрсетіледі?
3.Қазақ тілінде аққумен байланысты
тұрақты тіркестері бар ма?
Кітапханашымен сұхбат
Қазақ әдебиетінде аққудың қандай ерекшелігі жиі
көрсетіледі?
Көркем еңбек, музыка пәндерінің
мұғалімдерімен сөйлесу
Тәжірибелік жұмыстың нәтижесі
Сауалнама сұрақтары
І ІІ ІІІ
Қай ақын –жазушылар өз
7-9 сыныптар Қазақ әдебиетінде Қазақ тілінде аққумен
шығармаларында аққу
бейнесін қолданды? аққудың қандай байланысты тұрақты
ерекшелігі жиі тіркестері бар ма?
көрсетіледі?
Пайыздық көрсеткіштері
Біледі
Толық емес
Мүлдем
білмейді
Біледі
Толық емес
Мүлдем
білмейді
Біледі
Толық емес
Мүлдем
білмейді
Ақпан айының 35% 25% 40% 28% 32% 40% 49% 20% 31%
басында алынған
көрсеткіштер
Наурыз айының 50% 35% 15% 42% 40% 18% 60% 30% 10%
соңында алынған
көрсеткіштер
70% Біледі Ақпан айының басында алынған
70% Біледі көрАсқетпкаіншатйеыр ның басында алынған
Толық емес Наукрөырсзеатйкыішнтыеңр соңында алынған
60% Толық емес көрНсаеуткріышзтаейрының соңында алынған
60% Мүлдем білмейді
Мүлдем білмейді көрсеткіштер
50%
50% Біледі ІІІ
Біледі ІІІ
40% Толық емес
40% Толық емес
Мүлдем білмейді
30% Мүлдем білмейді
30%
Біледі
20% Біледі
20% Толық емес
Толық емес
10% Мүлдем білмейді
10% Мүлдем білмейді
ІІ
0% ІІ
0%
І
І
«Сүйріктей аққу
мойын», «Аққудай ару» атты
тақырыптарда эстетикалық
тәрбие бағыты бойынша қыз
балаларға арналған үйірмелер
мен сайыстарды ұйымдастыру;
-«Аққу – құстың төресі » Ұсыныстар «Қазақ әдебиетіндегі аққу
тақырыбына ашық тәрбие және оның ерекшелігі»
тақырыбына дөңгелек
сағаттарын өткізу; үстел өткізу;
Халқымыздың ауыз әдебиетінде аққуға байланысты
даналық ұғымдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер,
теңеулерге байланысты эвристикалық әңгімелерді ұдайы
жүргізу.
Қорытынды
Аққу тақырыбы әдебиетте мәңгілік сақталады. Шын мәнінде жазушылар
мен ақындардың қаламынан шыққан туындыларда адамгершілік,
эстетикалық, экологиялық, рухани мәдениеті қасиеттеледі. Аққудың ежелгі
символикалық бейнесі мифологиядан басталып сұлулық
бейнесі, табиғаттың үйлесімділігі, аспан мен жердің байланысы ретінде
қалыптасты. Қазақ ақын-жазушылардың шығармаларында аққу бейнесі жиі
белгілі нышан ретінде пайдаланылады. Қазақ әдебиетінде аққу бейнесімен
«қос аққу», «аққу жүрек», «аққу әні», «аққудай сұлу», «аққу мойын»,
«аққу арман» сияқты теңеулер, тұрақты сөз тіркестер жиі байланысып
тұрады. Аққу бейнесімен үйлескен табиғат көркі, құс төресі, махаббат иесі,
мәңгілік тектілігі, қасиетті көл еркесі, жанның жаңашылдығы, тұлғаның
даралығы, туған жерге сағынышы, рухани тазалығы, қазақ жерінің киесі
деген мән-мағыналар кездеседі. Ақын-жазушылардың шығармаларында
аққу бейнесін белгілі нышан ретінде пайдалануын зерттеу арқылы жас
ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын жоғарлатуын көздедік.
Көркем шығармалар арқылы табиғаттың сырлы көріністерін тамашалап,
сұлулығын сезіне отырып, аса қамқорлықпен табиғатты аялауға, қоршаған
ортаны қорғай білуді шақыруға жөн деп санадық.