Тақырыбы: Химия сабағында белсенді орта құруға арналған әдіс-тәсілдер жиынтығы Ш.СМАХАНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №62 ГИМНАЗИЯ Орындаған: Химия пәнінің мұғалімі, химия ғылымдарының магистрі Н.А.Ташиева
Химия сабағында оқушылардың білім сапасын арттыруда коллаборативті орта құрудың интербелсенді әдіс-тәсілдерінің теориялық негізі мен ерекшелігін айқындап, мүмкіндіктерін тәжірибелік жұмыс арқылы дәлелдеу
Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023- 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында айтып өткендей кез келген ұлттық білім беру жүйесінің негізі жалпы орта білім беру болып табылады. Соңғы жылдар химия пәніне жаңа технологияларды қолдана отырып оқытудың әдістемелік жүйесі ұсынылуда.
Ағылшын ғалымы Д.Брунер теориясының ажырамас бөлігі «Жаңалық ашу» және «Егер оқушыға бөліктерді бір жерге жинауға және өзін ашушы болуға рұқсат етілсе, алынатын нәтижелер шынайы» - деген ұғымдар болды. Оқытудың мұндай типінің артықшылығына төрт аспектінің негізінде: зияткерлік мүмкіндіктердің өсуі арқылы сыртқы марапаттаудан ішкі марапаттауға өтуі жаңалық ашудан жадыны жетілдіру жадыны дамыту үшін оқытудың ұтымды әдістерінің тиімділігі барысында нәтижеге қол жеткізу Оқыту үдерісінде қолданылатын интербелсенді әдістердің мақсаты - тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетінше табу дағдысын меңгерту екендігімен байланысты.
ТОПТЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСІ ДЕГЕНІМІЗ- ОҚЫТУДА ЖҰПТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖОЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОРЫНДАП, ОҚУШЫЛАР БІРІН-БІРІ ҮЙРЕТЕДІ. Топтық оқыту әдісінің концептуалдық ұстанымы: оқушылардың қызметін ұйымдастыру әдісі ұжымдық бірлікте қызмет жасау факторы болып табылуында, ол баланың белсенді дамуын ынталандыру үшін тиімді. Бірақ, бұл үрдіс – баяу, ұзаққа созылып кетуі де мүмкін Оқытушы төзімділік танытып, мүмкіндік деңгейінің динамикасын сырттай бақылауға алғаны дұрыс. Уақытында «бағдаршам» секілді белгі беріп отыруда жандандыру.
ЖҰМЫСТЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ Жаңартылған білім мазмұны аясында және химия сабағының күрделігіне байланысты интербелсенді әдістәсілдердің тиімділігін қолдануда оқушылардың білім сапасының артуынан байқауымызға болады. 1- тоқсан нәтижесінде 8 сыныбыммен дәстүрлі өткізген сабақтан кейін алған жиынтық бақылау қорытындысы бойынша оқушылардың көпшілігі сабаққа деген қызығушылықтарының орта деңгейде екенін көре алдым. Топтағы озат оқушылардың қызығушылығы жоғары деңгейде болса, орта деңгейде оқитын оқушылардың қызығушылықтарының төмен дәрежеде екенін аңғартуға болады. Жұмыстың нәтижелері: Барлығы Жұмыс жазғандар Алған бағалары ООД% Білім сапасы % Үлгерімі % 28 28 7,5% 75% 100% 8 балл 5 балл 3 балл 4 17 7 Барлығы Жұмыс жазғандар Алған бағалары ООД% Білім сапасы % Үлгерімі % 28 28 5 балл 3 балл 100% 8 балл 5 балл 3 балл 7 19 2
«Тұжырымдық мозайка» әдісі – оқу материалының жалпы сұрақтары жекелеген сұрыптау сұрақтарға ажыратылады және оқушылар өздігінен немесе оқытушының көмегімен хабарлама және тұжырымды қүрастыру тәсілі. Аталған әдісте- топтың ішінде белсенді жұмыс істей алу іскерліктерін дамытады, оқушылардың шығармашылық қасиеттерімен қоса бастамашылықтарын, өздігінен жұмыс істей алу қабілеттерін де жетілдері түседі. Артықшылығы Кемшілігі -белсенділік, бастамашылық, дербестік секілді қасиеттер жетілдіреді; -шығармашылық қабілеттер дамиды. -тапсырманың күрделілігіне дайындық үшін қосымша уақытты талап етеді; -оқушылардың көпшілігі бірдей жұптық жұмыс істеу әдісін біле бермейді
PBL ( problem based learning- мәселеге бейімдеп оқыту)» әдісі – химия пәнінің ерекшелігі бойынша бұрын өтілген білімдерін бекітуге, оқу материалының жеткіліксіз тұстарын толықтыруға мүмкіндік беретін, проблемаларды өздігінен шешіп, талдау жасай алу қабілеттерін дамыта түсетін әрі пікірталас жүргізе білу мәдениетін қалыптастыратын оқыту тәсілі. Шешімді және шешу құралдарын білім алушылардың іштей бақылап іздестіруімен ерекшеленеді. Артықшылығы Кемшілігі - оқушыларға негізгі проблеманы көруге және туындаған жағдаяттағы қарама-қайшылықты табуға үйретеді; - тікелей топтық талдауға қатысуына мүмкіндік береді. - дайындық үшін қосымша уақыттың қажеттілігі; - бірлесіп жұмыс істеу және өзара әрекет, көзқараспен пікір алмасуға көңіл бөлінуі.
ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ойлау қабылдау танымдық қабілеттер CLIL әдісі, STEM технологиясы
STEM негізінде оқытудың қағидалары Біріншісі Екіншісі Үшіншісі Төртіншісі Проблемалық бағдарланған оқу қызметін пайдалану арқылы жекелеген STEM-пәндердегі оқушылардың оқу тәжірибесін кеңейтуді көздейді, оның барысында талдамалық тұжырымдамалар оқушылардың күрделі тұжырымдамаларды жақсы түсінуі мақсатында нақты проблемаларға қолданылады Пәндердің мазмұнын тереңірек түсіну мақсатында STEMпәндердің білімін кіріктіруге бағытталған, осының нәтижесінде білім алушылардың болашақ мансабының техникалық немесе ғылыми бағытын таңдауда мүмкіндіктерін кеңейтеді STEM-пәндерді оқытудағы интеграциялау нақты өндірістік жағдайларда қолдану (оқушылар өз білімдерін жобалар әдісі, техникалық жобалау негізінде немесе STEM-пәндерді игерудің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін жеке мектептің пәні шеңберінде проблемалық бағдарланған оқу қызметі жағдайында қолдана алады) Жаратылыстанудың, технологияның, инженерия мен математиканың негізгі ұғымдары STEM деп аталатын бір оқу бағдарламасына біріктіру
STEM технологиясын химия сабағында қолдану арқылы білімалушылардың бойында келесідей құзіреттіліктер дамиды: химиялық ұғымдарды ғана біліп қоймай, химиялық ұғымдардың тарихымен таныс болады; экологияға қатысты білімі тереңдей түседі; реакцияларды жазуда, заттардың құрылымдық формуласын жазуда инженерлік білімі артады; білім алушы да өзіне деген сенімділігі мен ізднімпаздық қабілеті артады; логикалық ойлау қабілеті кеңейеді; дискуссияға қатысу арқылы өз ойын анық жеткізіп, дәлелдеуді үйренеді. өз идеясын көрсетуде шығармашылық, жаңашылдығы дамиды; жобалық зерттеуді орындау кезінде ғылыми түрде зерттеу жасауға машықтану әдеті қалыптасады.
Төңкерілген сынып технологиясы Төңкерілген сыныптағы аралас оқыту технологиясы интерактивті технология болып табылады. Бұл технология пәнді терең зерттеуге бағытталған сыныптан тыс іс-шаралар арқылы оқушылармен аудиториялық жұмысты оңтайландыруға бағытталған ойлаудың жаңа тәсілі болып саналады. Төңкерілген сынып технологиясы негізінде химияны оқыту интерактивт і әдістер ұйымдастырушылық формалар жаңартылған мазмұн іскерлік ойын, сабақ-зерттеу
Атауы Ойлау картасы- мәселені немесе жақсы есте сақтауға, содан кейін сипаттауға, содан кейін сипатауға болатын анық және көрнекі түрде сипаттау үшін қолданылады. Мақсаты Мәселені сипаттауға ойлау картасының құрылымы мен қарымқатынасын ерекшелеу. Ақыл картасының көмегімен кешенді жобаны жасауға, оқу материалын қайталауға, жүйе құруға, бірбірімен тиімді қарым-қатынас жасауға болатындығын назарда ұстау Жүргізілу барысы Оқушыларға бұл ұғымға қатысты барлық сөздерді жазу тапсырылады. Фрейдерге жазылған тіркестерді таңдап алып, байланысына қарай түйінді сөзбен жолдармен байланыстырады. Ескерілу керек: Ақыл-ой картасын құру кезінде негізгі сөздер, суреттер және белгілерді қолдану. Атауы Сократтық диалог (socrоatic dialoge) – әңгімелесу үрдісінде ойлау, зейін қою, ағымдағы пікірталасты бағалау және ерекше сұрақтар қою,зейін қою, ағымдағы пікірталасты бағалау және ерекше сұрақтар қою. Жүргізілу барысы Диалог үш кезеңнен тұрады: келісім,күмән және аргумент. Нәтиже келесі формаларда көрсетіледі: Сұхбаттасушының қайшылықты пікірлерді туындатуы мен өз көзқарастарын жеткілікті дәлелдемелер арқылы түйіндеуі. Ескерілу керек: Тақырып мазмұнында шешілмей жатқан тұстарын, басқа да сұхбаттаушының сұрақтары бойынша диалогқа түсу
Атауы «Ақыл-ой картасын» құрастыру әдісі (оның қосымша атауы «Mind Map») Мақсаты ’Бұл диагарамма, әр түрлі идеяларады, тапсырмаларды, тезистерді көрнекі түрде бейнелейтін, өзара байланысты және кез келген жалпы проблемамен біріктіру. Жүргізілу барысы Ақыл- ой картасында жеке бөлімдер арасындағы байланыстарды табуға, жетіспейтін элементтерді орнатуға, ақпаратты есте сақтауға және оны ұзақ уақыттан кейін қайталауға мүмкіндік беру.Карта жаттығулары жалпы жағдайды есепке алып, бір қатар жетіспейтін элементтер арасындағы байланысты табу.Ұзақ уақыт өткеннен кейін ақпаратты қайталау мен салыстыру. Ескерілу керек: Әр түрлі идеялар мен тапсырмалардағы проблемаларды біріктіріп, диаграмма құру. Атауы «Тұжырымдық мозайка» әдісі- оқу материалының жалпы сұрақтары жекелеген сұрыптау сұрақтарға ажыратылады және студенттер өздігінен немесе оқытушының көмегімен хабарлама және тұжырымды құрастыру тәсілі. Мақсаты Аталған әдісте- топтың ішінде белсенді жұмыс істей алу іскерліктерін дамытады, студенттердің шығармашылық қасиеттерімен қоса бастамашылықтарын, өздігінен жұмыс істей алу қабілеттерін де жетілдіре түседі Жүргізілу барысы .Барлық бастапқы топқа жалпы тапсырма беріледі. Тақырыптың мазмұнына сәйкес үлестірме материал ұсынады. Берілетін материал күрделі емес, әрі көлемі шағын. Егер топта бес білім алушы болса, онда топқа арналған негізгі тапсырманың ішінде бес сұрақ немесе тапсырма беріледі. Әр топтағы сұрақтармен тапсырмаларды оқушылар өздері бөліп алып, жауаптарды құрастырады. Ескерілу керек: Бастапқыдағы кілт сөздерді маңыздылығы аз сөздермен байланыстырылып құралуы.
Атауы «Іскерлік ойын» әдісі – білім алуда кәсіби міндеттердің ережелері бойынша ойын формасы арқылы шешілетін оқыту тәсілі. Мақсаты Оқушылар кәсіби іс-әрекеттің үзінділерінен көрініс қоя отырып, түрлі рөлдер мен іс-әрекет түрлерін орындауы Жүргізілу барысы Іскерлік ойындардың әртүрлі, бірақ олардың шарттары өзекті және өмірлік жағдайға, мәселеге жақын болуы керек. Ойыншылардың оны шешу тәжірибесі болмауы мүмкін, бірақ оларда негізгі білім, қиял және басқа да қабілеттер бар. Бүкіл топта ортақ түпкі нәтиже, мақсатқа жету, өңделген шешім жасауы. Бірнеше дұрыс шешімдері талдап, түрлендіретін ой қалыптастыру. Қатысушылар мәселені сәтті шешу үшін өз рөлдерін таңдайды. Қызықты және өте күрделі ситуациялық тапсырма шығармашылық ізденіс пен білімді қолдануға ынталандырады. Ескерілу керек: Ойын барысында қатысушылар проблеманы анықтауы, жағдайды қарастыру және талдау, мәселені шешу бойынша ұсыныстар әзірлеуі керек. Ойын барысы мен тілектерді талқылау жұмысты аяқтайды. Атауы «Мозайка» Мақсаты Серіптестік қарым-қанысты жандандыру Жүргізілу барысы А. Үзінділерге бөлінген, тапсырмамен жұмыс істеу үшін оқушылар 4-6 адамнан құрылған топтарға ұйымдастырылады (логикалық немесе мағыналы блоктар). Шағын топтың әр бір мүшесі өз бөлімі бойынша материал табады. В. Содан кейін бір сұрақты зерттейтін, бірақ әр түрлі шағын топтарда тұратын оқушылар осы мәселе бойынша сарапшылар сияқты, кездеседі және осы ақпаратпен алмасады. Бұл «сарапшылар кездесуі» деп аталады. С. Ары қарай сарапшылар өздерінің шағын топтарына қайтады және басқа шағын топтардың мүшелерінен үйренген барлық жаңа білгендерін үйретеді. Яғни, өз кезегінде, өз тапсырмасының бөлігі туралы баяндайды (бір араның тіліндей). Өйткені материалды барлық фрагменттерімен меңгерудің жалғыз жолы, серіктестерін команда бойынша мұқият тыңдау және жазып отыру, мұғалім тарапынан ешқандай қосымша күш талап етілмейді. Оқушылар жолдастарының өз тапсырмаларының адал орындағандарын қалайды, өйткені бұл олардың қорытынды бағаларына әсер етеді. Барлық тақырып бойынша әр қайсысы және барлық команда толық жауап береді. Д. Қорытынды кезеңде мұғалім осы тақырып бойынша кез келген сұрақты команданың кез келген мүшесінен сұрайды. Ескерілу керек: мұғалім тарапынан ешқандай қосымша күш талап етілмейді
Атауы Jigsaw ( ‘‘ашық ара’’) әдісі- оқушылардың 4-6 адамнан тұратын микро топтарға бөлінуі. Материалмен жұмыс барысында логикалық және семантикалық блоктарға бөлініп, өз бетінше пікірмен санасуы. Мақсаты Тапсырманы орындау барысында оралған жұмыс үшін әр қатысушы ғана емес, сонымен бірге бүкіл команда да есепке алынады. Жүргізілу барысы Бүкіл микро топ бір материалмен жұмыс істей алуы, топтың әрбір мүшесі өз бетінше әзірлеме даярлап ондағы сарапшымен кеңесуі. Осыдан кейін әр түрлі топтардың сарапшыларының кездесулері өтеді содан кейін әрқайсысы өзінің микро тобында атқарылған жұмыстар туралы есеп береді. Әрбір оқушы басқалардың өздеріне жүктелген тапсырманы адал орындауына мүдделі, өйткені бұл бағаулауға әсер етуі мүмкін. Тапсырманы орындау барысында орындалған жұмыс үшін әр қатысушы ғана емес, сонымен бірге бүкіл команда да есептеледі. Сонғы кезенде мұғалім немесе басқа топ мүшелері кез-келген топқа немесе топ мүшесіне тақырып бойынша кез-келген сұрақ коюға құқылы. Ескерілу керек: Жұмыс барысын бақылауға алу мен өсу динамикасын құру
Атауы «Интерактивті дәріс» Мақсаты Жеке тапсырмаларға арналған бағалау жүйесінде болып табылады. Бағалау салыстырмалы түрде қойылады. Оқушы алдыңғы тапсырмадан қарағанда жоғары ұпай алған кезде ғана топ қоржынына өз үлесін қоса алады. Жүргізілу барысы А.Мұғалім оқушыларға жаңа тақырып бойынша жалпылама дәрістің мәтінін әр топқа арнап береді. Оқушылар арнайы тапсырмаларды орындайды. Мәтін практикалық жұмысқа арналған және нақты болуы қажет. В. Оқушылар топ ішінде бір-біріне көмектесе отырып, дәрістің мағынасын түсінеді. Оқушылар өздеріне түсініксіз болған жағдайларға байланысты бір-біріне сұрақтар қоя алады. Мұғалім сұрақтарға ешкім жауап бере алмаған жағдайда ғана сұрауға рұқсат етеді. С. Дәрістің мәтінімен жұмыс жасап болған соң оқушылар жекелей тапсырмалар орындайды. Жұмыстың бұл кезеңінде бір-бірінен сұрау, көмектесуге рұқсат берілмейді, оқушылар тек жеке тапсырмалармен жұмыс жасайды. Ескерілу керек: Жоғары ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
STEM технологиясы негізінде сабақ өткізу ерекшеліктері Тапсырма үшін «Wordwall» бағдарламасы. Сілтеме: https://wordwall.net/ru/resource/54765123 негізінде «Серіктесін тап» әдісі.
https://www.youtube.com/watch?v=5ZUQKTgLfGU
Келешекте педагогикалық қызмет аясында өз істәжірибемде келесі жұмыс түрлерін жандандыруды көздеймін ҚОРЫТЫНДЫ әріптестерімді іс-әрекетті зерттеу барысында қызықтырып, бірлесе жұмыс жасауды химия сабағындап оқушылардың білім сапасын арттыруда коллаборативті орта құруда интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақтарымды түрлендіру ата-анамен жаңаша бағыттағы жұмысты дамытуды қолға аламын