ҒЫЛЫМИ ЖОБА
«Шұбалшаң – нағыз топырақ
жәндігі»
Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта
мектебі
2 А сынып оқушысы Серікқали Елнұр
АННОТАЦИЯ
Ғылыми жобада зерттелетін құрт «Шұбалшаң – нағыз топырақ жәндігі»
деген атпен мәлім. Көбінесе жауыннан кейін жер бетінде шұбала
созылып жатқандықтан, оны кейде «жауынқұрты» деп те атайды.
Жауынқұртының жер бетінде 400-ге жуық түрі бар. Жауынқұрт
топырағы құнарлы, ылғалды жерлерде тіршілік етеді, қазған іннен түнде
ғана шығады. Жауынқұрттың денесі жұмыр, созылыңқы,
бірнеше буылдықтардан тұрады.
Жауынқұртының денесіндегі буылдықтардың әрқайсысы ішкі мүшелер
де толық қайталайды. Сондықтан құртты тең етіп, екі бөлікке бөлсе,
оның әрбір жартысында қажетті мүшелердің болатыны байқалады.
Расында да екі бөлікке бөлінген жауын құртының әрбір жартысына жаңа
құрт дамиды. Сөйтіп, бассыз денеден бас, құйрықсыз денеден құйрық
шығады. Бұл жауын құртының регенерация қасиетінің күшті екенін,
тіпті денесін екіге бөлу арқылы жыныссыз көбейе алатындығын
көрсетеді.
Ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі:
Топырақ биосфераның маңызды және күрделі компоне
нті. Қазіргі таңда әртүрлі қалдықтардан топырақ қабаты
ластануда. Топырақтың жоғарғы қабатында өсімдіктің
қалдықтарынан құралған бөліктері, жауын құрттардың,
насекомдардың және басқа жануарлардың қалдықтары
да кездеседі. Сондықтан топырақта шұбалшаң құртын
өсіріп, топырақ құнарлылығына әсер етуін зерттеп,
жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша
ұсыныстар ұсыну кейбір салаларда, іс-тәжірибелерде,
ауыл шаруашылығында пайдасын тигізеді деп ойлаймын.
Ғылыми жұмыстың мақсаты:Топырақ құрамына, құрылымына
шұбалшаңның әсерін бақылау, зерттеу. Ауыл шаруашылығына
тигізетін пайдалы жақтарын анықтау.
Зерттеудің кезеңдері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып
ерекшелігіне байланысты әдеби-тарихи, жүйелі-сипаттамалық,
баяндау, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны
түсіндіру әдістері қолданылды.
Ғылыми жобaның ғылыми жaңaлығы: Шұбалшаң оқушы
тарапынан алғаш рет зерттелуі, шұбалшаңды өсіру практикасы мен
ауыл шаруашылығында тигізетін биологиялық маңызы анықталды.
123
Белгілі бір уақыт Шұбалшаңның Жүргізілген зерттеуле
аралығында шұба топырақ құнарл рдің қорытындысы б
лшаңның әр түрлі ығына тигізетін ойынша балықшыға,
топырақтағы тірш әсерін зерттеу; аквариум ұстаушылар
ілігін бақылау; ға, үй жағдайында б
өлме өсімдіктерін
өсіруде ,қолдануға ұс
ыныстар ұсыну.
КІРІСПЕ
Адамзат баласы тіршілік етуінің алғашқы кезеңінен бастап өздерінің
күнделікті тіршілік өміріне керекті заттарының бәрін биосфера
компоненттерінен жерден, судан, өсімдіктер әлемінен, жануарлар
дүниесінен, жер қойнауынан алып келгені баршаға белгілі.
Биосфера барлық материалдық игіліктердің қайнар көзі. Оның
байлықтары ежелден бері қарай адамзат баласының барлық
мұқтаждықтарын өтеп келеді. Биосфераның бар сыйы біздің
қоғамымыздың жан-жақты дамуына үлес қосады, тіршіліктің негізгі
көзі.
Биосфера компоненттерінің ішіндегі ең маңызды да, құдіреттісі де – жер,
оның үстіңгі қабаты қара топырақ. Биосферадағы барлық тіршілік
иелері-адамзат баласы, жан-жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі жерден
қуат, нәр алады. Биосфера компоненттерінің ішіндегі ең маңызды да,
құдіреттісі де – жер, оның үстіңгі қабаты қара топырақ. Биосферадағы
барлық тіршілік иелері-адамзат баласы, жан-жануарлар дүниесі,
өсімдіктер әлемі жерден қуат, нәр алады.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Топырақ және онда мекендейтін жәндіктер
Топырақ – тірі дене. Ол тек өлі минералды заттардан ғана құрылмайды, оның
құрамында әр кез азды-көпті тірі организмдер де болады, бұлар – негізінен,
топырақтың тірі бөлігін құрайтын түрлі микроорганизмдер мен қарапайым
ұсақ жәндіктер. Микроорганизмдер табиғаттың ыстық-суығына, оттегінің
бар-жоғына, ортаның қышқылдығы мен сілтілігіне жақсы бейімделген.
Оларға тек ылғал мен қоректік зат қана қажет, сондықтан олар табиғаттың
барлық жерінде кездеседі. Топырақтың тірі бөлігіне өсімдіктердің
тамырлары да жатады, себебі өсімдіктің тамырынсыз топырақ түзілмейді.
Топырақта негізінен, бактериялар, кейбір балдырлар, саңырауқұлақтар мен
қыналар сияқты микроорганизмдер мен төменгі сатылы өсімдіктердің
түрлері көп кездеседі. Бұлардың ішінде топырақта ең көп тараған –
бактериялар.
Ғылыми деректерге қарағанда, құнарлы қара топырақтың бір грамындағы
бактерия саны миллиардқа жетсе, құнары аздау күлгін топырақта бір
миллиондай болады екен. Көрнекті микробиолог Н.А.Красильниковтың
есебі бойынша, топырақтың құнарлы топырақ қабатының бір гектарында 5-
7 тоннаға дейін тірі бактериялар өмір сүреді.
Топырақта омыртқасыздардың көптеген түрлері мекен етеді:
• жауын құрттары
• энхитреидтер
• буынаяқтылар (кенелер, құйрық аяқтылар)
• кивсяктар және т.б.
Олардың маңызы өте зор, топырақтың өсімтал қалдықтарын жасау
үшін, оны өз іштеріне жинап, қорытып шағарады, соның
салдарынан биологиялық айналым түзеді.
2.2.Шұбалшаң топырақ қопсытқыш жәндік
Жауынқұрты, шұбалшаң - жерқұрттары, азқылтанды құрттар
туыстасына жататын құрттар тобы, өз құрамына әдетте ірі
топырақта мекендейтін түрлері енеді. Тропикалық ірі түрлерінің
дене ұзындығы 2, 5 м дейін, (ТМД - да, 45 см дейін). Дене
буылтықтарының саны 80 нен 450 дейін. Әр бір буылтықта
жорғалауға көмектесетін 8 ден бірнеше оншақты қылтандар бар.
Сезім мүшелері жоқ, бірақ денесінде сезімтал жасушалар мол.
Барлық денесімен тыныс алады. Тұйық қан айналу жүйесі бар,
(құрамында гемоглобины бар қанының түсі қызыл). Жүйке
жүйесі құрсақ жүйке тізбегін құрайтын ірі жұтқыншақ үсті жүйке
түйіндісінен және көптеген ұсақ түйінділерден тұрады
Шұбалшаңның әрбір буылтығында екі-екіден орналасқан кішкене ақ имек
түтікшелер - зәршығару мүшесі. Имек түтікшенің бір жағы шұқырақ
тәрізденіп дене қуысына, екінші жағы келесі буылтық арқылы сыртқа
ашылады.
Жүйке жүйесі құрсақ жүйке тізбегін құрайтын ірі жұтқыншақ үсті жүйке
түйіндісінен және көптеген ұсақ түйінділерден тұрады. Жауынқұрттың бас
пен құрсақ бөлігінде жүйке жүйесі болады. Құрт денесінің алдыңғы
бөлігінде, жұтқыншақ маңында екі жұп жүйке түйіні бар, олардың үстіңгі
екі түйіні жұтқыншақүсті жүйке түйіні немесе "ми" және астыңғы екі
түйіні жұтқыншақасты түйіні деп аталады. Жұтқыншақасты жүйке
түйінінен құрсақты бойлай қатарласа созылған жүйке бағанасы былтықтар
сайын жүйке түйіндерінен құралып, құрсақ жүйке тізбегін
түзеді.Жұтқыншақүсті және жұтқыншақасты жүйке түйіндері бірімен- бірі
сақина тәрізденіп жалғасады. Әр буылтықтағы жүйке түйіндерінен дене мен
мүшелерге жүйкелер тармақталып таралады.
2.2 Шұбалшаңның топыраққа тигізетін әсері
Топырақ−тіршілік негізі.Құнарлы топырақ мал мен ауыл шаруашылығының
дамуына және жергілікті халықтың тұрмыс тіршілігіне оразан зор әсер
етеді.Топырақ−түзілу процесінің жиынтығы.Ол бір уақытта құрлықтың
пайда болуымен басталып,қазіргі кезге дейін барлық жерде үздіксіз жүріп
жатыр.Топырақтың түзілу процесінің алғашқы сатысы табиғаттағы
органикалық емес күштермен іске асады,олар−күн сәулесі,атмосфералық ауа
мен су.Топырақты мекендейтін организмдер топырақтың қалыптасуында
жетекші рөл атқарады.
Топырақта жануарлардың таралуы әртүрлі.Әр топтың өз биологиялық
ерекшелігі,сыртқы факторларға реакция формасы және таралу сипаты
болады.Осыған байланысты әртүрлі аймақтағы топырақ фаунасының
құрамы түрліше болады.Соған қарамастан барлық аудандарда кездесетін
топырақ фаунасының орталықтоптарыболады.
Мысалы,буылтық және жұмыр құрттар,буынаяқтылар және қарапайымдылар
топтары бар.Экологиялық тұрғыдан топырақ фаунасы микрофауналар және
мезофауналар болып бөлінеді. Соның ішінде жауынқұрты мезофаунаға
жатады.Жауын құрты топырақтың тұрақты тұрғыны болып
саналады.Олардың сандық мөлшері өзгергіш болып келеді,қолайлы
жағдайда 1м² топырақта 900-1000-ға дейін жауын құрты тіршілік етеді.Тірі
ағзалар мен тіршілік ету ортасының арасындағы мәселенің екі жағы
болады.
ІІІ. Зерттеу бөлімі
3.1 Шұбалшаңды көбейту жолдары
Бақшаңызда жүрген шұбалшаңның пайдасы өте көп көрінеді.
Ботаниктердің айтуынша, жауын құрты топырақты жұмсартып,
құнарландырады. Ал жауын құрты бақшаңызда болмаса
көбейтудің жолы бар екен.
Ол үшін бақшаңызда 50х50 шұңқыр қазыңыз. Шұңқырға белгілі
мөлшерде кепкен жапырақ, қағаздың қиындыларын салып, бетіне
3-5 сантиметр топырақ төгіңіз. Топырақтың бетіне сұйық тамақ
қалдықтарын құйыңыз да бірнеше жауын құртын жіберіңіз.
Бірнеше күннен кейін бақшаңызда жауын құрты көбейіп,
топырақ құнарлана түседі.
3.2 Шұбалшаң құртымен тәжірибе
Тәжірибемізге үш жәшік алдық. Үшеуін топырақпен толдырдық. Біріншісіне: 14
cм қара топырақ. Екіншісіне де: 14 см топырақ салдық, бірақ оның 10 см қара
топырақ, 4 см құм топырақ және үшіншісіне тек құм топырақтың өзін алдық.
Зерттеу үшін қарапайым бақшада өсіп жатқан шұбалшаңды алдық. Біз құрттардың
ұзындығы мен ендерін әр түрлі етіп алдық. Ұзындығы 5-7 см аралығында және
ені 3-5 см болатындай еттік. Әр жәшікке 4 жауын құртын салып, оларды
бақыладық. Кішкене уақыт өткеннен кейін олар жерді қаза бастады. Күн сайын
топырақтың ылғалдығын қарап отырдық. Нәтижесінде біз қызықты көрініс
байқадық.
Біздің өсіріп жатқан шұбалшаң құрттарымыз бірден топырақ астына түскен жоқ,
олар барлық жағын бақылап, зерттеп қана топырақ астына түсті. Бұлда табиғат
заңдылығы деп ойлаймыз. Себебі: олардың жартысы топырақ үстінде, жартысы
топырақты қазып астына кірді, кішкене уақыттан кейін олар топырақ астынан
бастарын шығарды, содан соң ғана жартысы да топырақ астына түсті.
Тәжірибеміз одан сайын бізді қызықтыра түсті. Бірінші жәшіктегі жауын
құрттарымыз екінші жәшіктегі құрттарға қарағанда тез қоршаған ортасына
бейімделді. Себебі: бірінші жәшікте қарапайым қара топырақ, ал екіншісінде құм
аралас топырақ болатын.
Олар осы ортаға бейімделу үшін 3 апта уақыт өтті. Жауынқұрттар тез бейімделу үшін біз белгілі бір
тәртіпке бағынып отырдық. Тәжірибе бойы жауын құрттары тіршілік ету үшін арнайы табиғи
ортасын сақтап отыру керек.
Әрқашанда топырақты ылғалдап тұру қажет 3-4 күнде бір рет.
Жәшікті қараңғы және қоңыр салқын бөлмеде ұстау керек.
Олардың қорегі. Біз оларды 2-3 күнде бір рет қоректендіріп отырдық, себебі олар көп мөлшерде
қоректі қорыта алмайды. Қорегіміз қарапайым картоп, қурап кеткен жапырақтар, шай
түйіршіктері. Картоппен қоректендірудің алдында біз картопты ұсақтап турадық, содан кейін
топырақ бетіне жайып тастадық әр түрлі қашықтықта. Еш жағдайда картопты біржерге толтырып
тастауға болмайды, себебі олар алдындағы қоректі жұту арқылы қоректенеді.
Тәжірибе кезінде байқағанымыз олар ешқашанда шірімеген, қураған қоректі жемейді. Мысалы:
біздің бермеген картопты олар тек қана қарайып кеткеннен кейін жеді. Зерттеу жұмысымызды үш
апта бойы бақыладық. Нәтижесінде олардың іздерінен және індерінің қасынан қара түйіршіктер
байқадық. Бұл біздің тәжірибеміздің іске асқанын білдіреді.
Қорытынды
Тоқпаырраапқ, с-отлабжиеғрадтекгөі раукаінріаңйаыйнныасңы, .өБсіұмлдсікөтзедре көп мән бар. Топырақтың тік қазылған пішініне
мен жануарлар дүниесін тағы басқа табиғат
құбылыстарының тек қазіргі емес, өткен дәуірлерде қандай болғанын айта аламыз.
Сонымен, топырақ жай жатқан өлі дене емес, жаратылыстың ерекше тарихи әрі табиғи денесі,
оның пайда болуы, жер бетінде таралу заңдылықтары мен касиеттері бар.
Тотапүзыдррылаі-қмк-иөткпірртоііатдғіезрнаілеа.ағОрзалмлетанеркқдаөерлбаіопмлаиайндыыемр,абұлұсдалықаржза-әтннтдеагрікідзтаіеннре.ғна,нтаопқұырраалқмтыайңдтыір, оі нбөылңігқіұнрқаұмрыайнтдыа нәр кез
Шұбалшаң өскен топырақтармен гүл өсіретін ыдысқа салып, бөлме өсімдіктерін көбейттік.
Біз байқағанымыз бөлмеде өсіп жатқан гүлдердің одан әрі жақсара түсті
Аңпғраорцғеаснсғ.аОтнабыиұғағтықпы, ғзыылқы. Тмоиқтжаоулсмыезн, ттұатрақсақтаанаблосйаңда, тжаарнқтатаылалсаабаелрмеад-ік. Мезеыксжалүғраіпжжоғаатраытыдан
өзіміз сөз еткен өсімдіктермен шөп қоректілер нәр алады, ал олармен жыртқыштар және
паразиттер қоректенеді. Барлық организмдердің денелері өлгеннен кейін өмір тоқтай
қоймауы үшін сапрофит микробтарының көмегімен қарапайым қосындыларға ыдырайды.
Топыраққа айналады. “Жерден жаратылдың, жерге барасың”, – деген мұсылман қағидасы
ғылыми түрде шындық. Содан барып әр гектар айдалған жерде түрлі қыбырлаған майда
тіршілік иелерінің салмағы 15 тоннадай болуы біздерді таңдандырмауға тиісті. Экожүйедегі
(биогеоценоз) бұл процестің әрбір бөлігі мыңдаған организмнің қатысуымен жүргендіктен,
олардың арасындағы тірлік бәсекелестік, жыртқыштық, паразиттік қатынастармен
шешіледі. Жер қыртысындағы микрофлоралардың салмағы бүкіл дүние жүзіндегі қой, ешкі,
қара мал, жылқы, қояндардың жалпы салмақтарынан асып түседі деген пікірлерге ден
қоюға болатындай. Міне, сондықтан табиғаттағы тепе-теңдік заңдылықтары қоректік
тізбектен тұрады.
Біздің тәжірибеміз нәтижелі болды. Себебі біз алға қойған
мақсатымызға жетіп, қойылған сұрақтардың барлығына жауап
таптық және үй жағдайында күзгі-қысқы мезгілде жауын құртын
өсіруіне кепілдік бере аламыз. Біздің тәжірибеміз барысында
жұмысымыздың назарын сөндірместен, жауынқұрт құртының саны
арту, және оларға ішінен көз салып, өз бақылауымызды
жалғастырғымыз келеді.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша келесі қорытындылар
жасауға болады: Шұбалшаңның ауыл шаруашылығында топырақ
құнарлығын арттырудағы пайдасы зор екендігі дәлелденіп, кейбір
салаларда, іс-тәжірибеде, шаруашылықта пайдалану ұсынылды.
Шұбалшаң кейбір салаларда, іс-тәжірибеде, шаруашылықта
пайдалану топырақ құнарлығын арттыруда тиімді және зор үлес
қосады.
Ғылыми жобамның қорытындысы бойынша
ұсынысым:
* Шұбалшаңды көбейтудің жолдарын қарастыру
* Ауылшаруашылығында фермерлерге арнайы
шұбалшаңды өсіретін орындар дайындау
* Шұбалшаңның пайдасы туралы мектеп оқушыларына
арналған танымдық бейне материал түсіру
* Ауыл мектептерінде жауынқұрт өсіруде арнайы
эксперименттік тәжірибелерді өткізетін зертханалар ашу
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!