Кіріспе Менің зерттеуімде Python бағдарламалау тілінің негізгі артықшылықтары көп екенін аңғардым: 1)Меңгеруге жеңіл тіл. Бағдарламалаумен таныс емес адамдар үшін өте жақсы таңдау болады. Себебі басқа тілдермен салыстырғанда, Python синтаксисі қарапайым болып табылады. 2)Көптеген бағыттарда қолданылады. Бүгінгі таңда Python әртүрлі сфераларда жиі қолданылады. Мысалы, веб-әзірлеуде, машинамен оқытуда, деректерді талдауда, қолданбаларды құруда, ғылыми есептеулерде, ойын жасауда және т.б 3)Нарықта көп талап етілетін тіл Қазіргі кезде, Python мамандары бойынша көптеген вакансиялар бар және де Python бағдарламашыларына үлкен жалақы төленеді 4)Үлкен қоғамдастық Ғаламторда Python тілі бойынша көптеген форумдар, веб-сайттар бар. Сіз бұл тілді оқу барысында басқа адамдарға сұрақтар қоя аласыз, немесе белгілі бір тақырып бойынша кодтарды көре аласыз Жаңадан бастаушыларға арналған Python әмбебап. Python көмегімен жұмыс процестерін автоматтандыруға, веб -сайттар құруға, жұмыс үстелі қосымшалары мен ойындарын жасауға болады. Айтпақшы, Python әзірлеушілеріне сұраныс ( PostgreSQL, OOP, Flask, Django) соңғы бірнеше жылда Instagram, Reddit, Tumblr, YouTube және Pinterest сияқты компанияларда күрт өсті. Жалпы мақсаттағы жоғары деңгейлі тіл Python-жоғары деңгейлі бағдарламалау тілі. Оның көмегімен сіз кез -келген бағдарламалық жасақтаманы жасай аласыз. Python көмегімен сіз өз тұжырымдамаңызды кодтың аз жолдарымен білдіре аласыз. Бұл тіл сонымен қатар бағдарламаның логикасы мен алгоритмі туралы ойлануға мәжбүр етеді. Осыған байланысты ол жиі сценарий немесе біріктіру тілі ретінде қолданылады (желім тілі) бар компоненттерді байланыстырып, қысқа мерзімде оқуға оңай және жұмыс істейтін кодтың үлкен көлемін жазу. Python -да Pygame кітапханасын құру, өнеркәсіптік қосымшаларды әзірлеу мүмкіндігі (желімен, GUI,
деректер базасымен және т. б.), ойын жасау, қысқа мульти-бағдарлама, программа құру, веб -қосымшаларды әзірлеу, түрлі есеп шығару. Ал мұның бәрін Python -да бағдарламалау қызықты! Көңілді және жиі табысқа жету Python тілін одан әрі үйренуге жақсы дайындалған оқушылардың сенімі мен қызығушылығын арттырады. 6 сыныпта Python тілінде IDE интерфейсінің мүмкіндіктерін, деректер типін бағдарлама жазу, арифметикалық амалдарды бағдарламада жазуды; бағдарламалауда деректерді енгізу мен шығару функцияларын қолдануды үйрендік. ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «Информатика пәнінде 6-сынып оқушыларына арналған Python бағдарламалау тілінде есептер шығару» ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ: Зерттеу жұмысының нысаны ретінде «Python бағдарламасында жоба жасау» атты ғылыми жоба жұмысы программаның мүмкіндіктерін, интерфейсін қолдана отырып, 6-сынып оқушыларына көмекші құрал ретінде жасалған. Python - жоғары дәрежелі кодтың оқылуын және әзірлеушінің өнімділігін арттыруға мақсатталған жалпы мақсаттағы бағдарламалау тілі. Python тілі аз синтаксисті талап етеді. Бірақ сол уақытта стандартты кітапханасы үлкен көлемді пайдалы функцияларды қамтиды. Python — жоғары дәрежедегі бағдарламалау тілі. Python тілі қазіргі кезде ең көп таралған бағдарламалау тілі болып саналады. Бұл тілде жасалған ең атақты бағдарлама ол бәріміз білетін Instagram әлеуметтік желісі. ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: Бұл тақырыптың таңдалу себебі: Python бағдарламалау тілінде есептер жинақтарын көмекші құрал ретінде жасап, ҰБТ ға дайындалатын оқушыларға, 6- сынып оқушыларына әдістемелік көмекші құрал ретінде
ұсыну. Әсіресе олимпиада тапсырмаларында осы деңгейдегі есептер жиі кездеседі. Сондықтан осы тақырып таңдалып алынды. ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ: Python бағдарламалау тілінде практикалық есептер жинақтарын әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсыну. ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС НЕМЕСЕ ТАҚЫРЫП ЖҰМЫСЫНЫҢ МІНДЕТІ: 1.Python тілінде санның цифрларымен жұмыс істеу алгоритмін зерттеу. Бағдарламалар құру барысында қолдана білуге дағдылану; 2.Енгізу мен шығару, айнымалылар, түсініктемелер, дерек типтері, операторлар, тармақталу, цикл, таңдау операторы және т.б. бағдарламалаудың негізгі түсініктерімен практикалық түрде есептер шығарудың жолдарын көрсету; 3.Python бағдарламалау тілінде есептер жинақтарын көмекші құрал ретінде жасап, ҰБТ ға дайындалатын оқушыларға, 6- сынып оқушыларына әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсыну. ЖҰМЫСТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ: Зерттеу жұмысын информатика пәнінен 6-сынып оқушыларына практикалық дайын тапсырмалардың шығару жолдары және Python бағдарламалау тілінде программа есептерінің практикалық түрде электрондық нұсқасы жасалынған. ЖҰМЫСТЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ: 1.Python бағдаралмалау тілінде программалау есептер жинақтарын көмекші құрал ретінде жасап, 6- сынып оқушыларына және ҰБТ ға дайындалатын түлектерге көмек ретінде ұсыну; 2. Информатика пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік құрал ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
IDE мен танысу Программалау тілі-деректерді белгіленген ережелер бойынша өңдейтін адам мен компьютерді байланыстыратын формальді тіл. Практикалық тапсырма: 1-тапсырма. Төменде берілген сөздерден біріккен сөздерді алу программасын құр. Жауабы: print (“Nur-”+ “Sultan”) print (“alty”+ “baqan”) print (“Aq”+ “Saule”) print (“Aq”+ “su”) 2-тапсырма. Еліміздің, астанамыздың атауын 4 реттен баспаға бер. print ("Kazakhstan " *4) print ("Nur-Sultan " *4) Жауабы: Kazakhstan Kazakhstan Kazakhstan Kazakhstan Nur-Sultan Nur-Sultan Nur-Sultan Nur-Sultan
3-тапсырма: Python программасының көмегімен төмендегі фигураларды экранға шығар. Баспалдақ: print("*"*4) print("*"*7) print("*"*10) print("*"*16) Тіктөртбұрыш print("*"*10) print("*"*10) print("*"*10) print("*"*10) Ыдыс print("* *"); print("* *"); print("* *"); print("*"*7) Тіл алфавиті. Синтаксис Айнымалы – мәні мен типі бар шама. Программамен жұмыс барысында айнымалылардың мәнін өзгертіп отыруға болады. Амалдар мен өрнектер
Input () функциясы программаға жолдық деректерді енгізеді. Ал сандық дерек енгізу үшін бұл функция int(input()) түрінде жазылады. 1-мысал a=int(input()) b=int(input()) c=a+b print Жауабы: 4 12 16 Практикалық есептер: 1-тапсырма* 1 код. Төменде берілген программа кодтарын жазуда жіберілген қателерді тап: a=int input() b=int input() t=A+B print (c) Жауабы: a=int(input()) b=int (input()) t=a+b print (t) 1-тапсырма* 2 код. a=8:b=118 c:=a+b print(c) 1-тапсырма* 3 код a=int(input()) k=3*(a+b) print(k); print(t) Жауабы: a=8; b=118 c=a+b print(c) Жауабы: a=int(input()) b=int(input()) k=3*(a+b)-4*a*b t=a*b print(k); print(t) 2-тапсырма**. а,в,с бүтін сандары берілген. Осы сандардың қосындысы мен көбейтіндісінің соңғы цифрларының қосындысын экранға шығар. a=int(input()) b=int(input()) c=int(input()) k=a*b*c t=a+b+c print(k%10+t%10)
3-тапсырма*** Айдын, Санжар және Асқар үшеуі балық аулауға барды. Балалар сәйкесінше саны k,l және m болатын балықтар аулады. Достар аулаған балықтарын тең бөліп алса, оларға неше балықтан тиеді. Неше балық қалады? Программа құр. k=int(input()) l=int(input()) m=int(input()) s=k+l+m print(s//3) print(s%3) Деректердің типтері Тұрақты, айнымалы және өрнектер қабылдай алатын мәндерді, олармен орындауға болатын амалдардың жиынтығын деректер типі деп атайды. 1. Сандардың үш түрі бар: бүтін, нақты (бөлшек) және күрделі. Бірақ қарапайым прог рамм алард ы құрас тыру кезінде әдетте бүтін және нақты сандарды қолданады. 2. Жолдар– бір немесе екі тырнақша ішіне жазылған таңбалар жиынтығы. 12 Мысалы, a='Hello, World!' және a = ' 'Hello, World!' ' – бірдей жазбалар. Ұзын мәтіндерді жазу кезінде үштік апострофтарды немесе тырнақшаларды қолдануға болады. 3. Логикалық тип (bool). Логикалық типтегі айнымалылардың екі мәні бар. Олар: Ақиқат (True), Жалған (False). Есіңде сақта! «True», «False» бас әріппен жазылуы керек, әйтпесе программа қате деп қабылдайды. 1-мысал “sep=” командасы арқылы біз әр сөзді немесе санды әртүрлі символдармен бөле аламыз. Жоғарыда келтірілген мысалда біз айнымалылар мәндерін бірбірінен дефис арқылы бөлектедік. Бұл командаға қатысты тағы мысал қарастырайық: x='Amir' y='zasy' z=2 print (x,y,z,sep='-') Нәтижесі Amir-zasy-2
2-мысал. «n» командасы әр мәнді жаңа жолға шығарады. print("Amir",end='\nZaraisyn\nDurys\nOte zaksy\n5') Нәтижесі Amir Zaraisyn Durys Ote zaksy 5 Практикалық тапсырмалар 1-тапсырма* Берілген айнымалыларға type() функциясын қолдансаң, қандай деректер типін аласың? a=156.78 type(a) <class ‘float’> b= “ata” type(b) <class ‘str’> d=”True” type(d) <class ‘bool’> 2-тапсырма**. Ұзындық L милиметрде берілген. Берілген ұзындықты километр, метр, сантиметржәне милиметрде өрнектейтін программа жаз. L=int(input()) kilometr=L//1_000_000 metr=(L//1000)%1000 cantimetr=(L//10)%100 millimeter=L%10 print(kilometr, ‘km’,metr, ‘m’, cantimetr, ‘cm’, millimeter, ‘mm’ ) print (str(kilometr)+ ‘km’+str(metr)+ ‘m’+str(cantimetr)+ ‘cm’+str(millimetr)+ ‘m’) print(f’{kilometr}km{metr}metr{cantimetr}cm {millimeter}mm’) print(f’kilometr={kilometr}’) 3-тапсырма.***Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы мен көбейтіндісін табатын программа құрастыр. n=int(input()) a=n//10 b=n%10 print(a+b)
print(a*b) Үй тапсырмасы: Үш таңбалы санның цифрларының қосындысы мен көбейтіндісін табатын программа құрастыр. s=input() a=int(s[0]) b=int(s[1]) c=int(s[2]) print(a+b+c) print(a*b*c) Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері Python бағдарламалау тіліне кіріспе. Арифметикалық өрнектер Мысалы: 1- тапсырма** Төм енде гі мате матикалық өрнекті программалау тілінде жаз. 1-есеп a=int(input('a=')) b=int(input('b=')) c=int(input('c=')) x=a*a+b**2+pow(c,2)-2*a*b print(x) Жауабы: a=8 b=9 c=7 50
2-есеп x=float(input('x=')) y=float(input('y=')) a=float(input('a=')) b=float(input('b=')) z=x*y+(a+4)/(b-4) print(z) Жауабы: x=8 y=9 a=10 b=12 73.75 3-есеп x=float(input('x=')) y=float(input('y=')) z=float(input('z=')) a=float(input('a=')) b=float(input('b=')) t=float(input('t=')) natije=abs(x*x-5)/(3*y*(5*x+(4*a+b*t)- z)) print(natije) Жауабы: x=8 y=9 z=10 a=7 b=12 t=11 0.011500974658869395 4-есеп x=int(input('x=')) y=int(input('y=')) t=int(input('t=')) c=int(input('c=')) print(x+5+y/(t*(5*x-c))) Жауабы: x=8 y=9 t=7 c=6 13.03781512605042 2-тапсырма* Математикалық өрнектердің Python тілінде жазылуы берілген. Осы өрнектердің қайсысы программалау тілінде қате жазылған? Қателерін түзет. 1-өрнек қатесіз 2-өрнек. x=a**3+4*babs(4*a*b**2-7)
3-өрнек. k=(2*x*y*z)/3*x+z-(5*x**3*y-z)/z - 4*y 4-өрнек. t=abs(3*c-d-a)/abs(a-d)*5*a*b 3-тапсырма.** Кірпіштің а,b,с өлшемдері берілген. Осы кірпіштің көлемінің ½ бөлігінің көлемін 1/3 бөлігіне қосатын программа құрастыр. a=int(input('a=')) b=int(input('b=')) c=int(input('c=')) v1=(a*b*c)/2 v2=(a*b*c)/3 v=v1+v2 print(v) Жауабы: a=8 b=7 c=9 420.0 4-тапсырма. Кірпіштің а,b,с өлшемдері берілген. Кірпіштің көлемін толық бетінің ауданына қатынасын тап.Толық беттің ауданы кірпіштің барлық бетінің аудандарының қосындысы. a=int(input('a=')) b=int(input('b=')) c=int(input('c=')) v=a*b*c s=2*a*b+2*a*c+2*b*c print(v,s) print(v/s) print(s/v) Python тілінде программалау. Практикалық тапсырмалар 2-тапсырма**. а және b сандары берілген. Осысандардың мәндерін бір-біріне ауыстыр. Мысалы: а=40, b=50 болса,онда ауысқан соң нәтижеде а=50, b=40 болады. a=40 b=50 a,b=b,a print(b,a) Жауабы: а=50, b=40
a='Nur' b='Sultan' print(a+'-'+b); print (a+'-'+b); print(a+'-'+b); Cандар есебі for i in range(1,6): print(str(i)*i) 5-тапсырма.* Шеңбердің радиусы берілген. Радиусты пайдаланып, шеңбердің ұзындығы (L) мен дөңгелектің ауданын (S) табатын программа кодын құрастыр. Терезе есебі print(‘Tereze’) print('*'*10); print('*'+' '+'*'+' '+'*'); print('*'*10); print('*'+' '+'*'+' '+'*'); print('*'*10); Шырша print(' *') print(' ''*'*3) print(' ' '*'*5) print(''+'*'*7) print('*'*9) pi=3.14 r=int(input('r=')) L=2*pi*r
print(L) 6-тапсырма.***Төрт таңбалы санның екінші(жүздігі)және төртінші орында (бірлігі) тұрған цифрларының қосындысын табатын программа құрастыр. n=int(input('n=')) print(n) j=(n//100)%10 b=n%10 print(j+b) 7-тапсырма*** Бес таңбалы санның алғашқы екі цифрынан құралған сан мен соңғы үш цифрынан құралған санның қосындысын табатын программа құрастыр. n=int(input(' n=')) n/1000 n//1000 n%1000 print(n//1000+n%1000) 8- тапсырма* x,y және z айнымалылары бар өрнек берілген.Айнымалылардың кез келген мәндерінде осы өрнектің мәнін есептейтін программа құрастыр. x=int(input('x=')) y=int(input('y=')) z=int(input('z=')) a=(2*x**2-y*z)/abs(x-9*z)+(6*x-z)/(8*x*z-2*y) print(a) 9-тапсырма**. Қазақстан бидайды экспортаудан (сыртқа сатудан) әлемдегі үздік ондыққа кіреді. а) Бидайға кезекте тұрған мемлекетке m килограмм бидай экспортқа дайындалды. Осы бидайды тонна, центнер, килограммен өрнектейтін программа құрастыр.
m=int(input()) t=m//1000 s=(m%1000)//100 k=m%100 print(t,'tonna',s,'centner',k,'kilogram') ә) Егер жүк тасымалдайтын 1 темір жол вагонына 60 тонна бидай сиятыны белгілі болса, бидай экспорты үшін вагон қажет екенін табатын программа құрастыр. m=int(input()) v=m/60_000 if v==int(v): v=int(v) else: v=int(v)+1 print(v, ‘vagon’) 10-тапсырма**. Қазақстанның солтүстік, шығыс, оңтүстік, батыс және орталық бөлігінің қысмезгіліндегі бір күндік күн райы жайлы деректер берілген. Осы деректерді пайдаланып, еліміздегі бір күндік күн райының орташа температурасын анықтайтын программа құрастыр. a=int(input()) b=int(input()) c=int(input()) d=int(input()) e=int(input()) s=a+b+c+d+e print(round(s/5)) Python программалау тілінде шығарылуы
Санды енгізу және шығару Input функциясын қолданып енгізгендерек жолдық типке жатады. Жолды тізімге түрлендіру үшін split() әдісін қолданамыз. Тізімдегілердің арасында символ болса, оны split() әдісіндегі жақшаның ішінде көрсету керек. Мысалы, кестеде бірінші жағдайда тізімдегілер бос орынмен ажыратылса, екінші жағдайда сызықшамен ажыратылған. Сызықтық программаларды құруға арналған тапсырмалар. 1-тапсырма.* х сандар осінде х1 және х2 бүтін санды нүктелері берілген. Осы нүктелер арасындағы арақашықтықты табатын программа құрастыр. x1,x2=map(int,input().split()) s=abs(x2-x1) print(s) 2-тапсырма.* х-тің мәні берілген. Өрнектегі y-тің мәнін есепте. x=5 y=3*(x-2)**3+5*(x-4)**2-7
3-тапсырма**. Марат пен Еркін ауладағы кірпіштерді тасыды. Марат P кірпіш, ал Еркін оған қарағанда К кірпіш кем тасыған болса, екібала барлығы неше кірпіш тасыған? Есептің программасын жаз. P,K=map(int,input().split());print(P+(P-K)) 4-тапсырма**.Әселдің а теңге ақшасы бар. Бір өшіргіштің құны к-ға және бір қаламсаптың құны с-ға тең. Әсел қолындағы барлық ақшасына қанша өшіргіш немесе қанша қаламсап сатып алады? Есептің программасын жаз. a,k,c=map(int,input().split());print(a//k,a//c) Сызықтық алгоритмдерді программалау Сызықтық алгоритм (программа) дегеніміз – тармақталу, қайталау әрекеттері жоқ, әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм. 2-тапсырма**. Картаның ортасына салынған ағаштың түбінен солтүстікке қарай 30, шығысқа қарай 20, оңтүстікке қарай 10, батысқа қарай 30, оңтүстікке қарай 10, шығысқа қарай 50 қадам жүр. Картадағы қозғалыс алгоритмін құрастыр. Тек қана цифрлардан құралған a,b және с жолдары берілген. 1.Жолдарды қосып, экранға шығар. 2.Жолдарды бүтін санға айналдырып, олардың қосындысын тап. a=input() b=input() c=input() print(a+b+c) print(int(a)+int(b)+int(c)) Практикалық жұмыс
1-тапсырма.*Өрнектердің мәнін тап 1)a=round(14.141-5.45) print(a) Жауабы: 9 2) print(round(25714+157458)) Жауабы: 183172 3) print(int(25.14+15.458)) Жауабы: 40 2-тапсырма.*Өрнектердің нәтижесін анықтап, типін көрсет. 1)a=round(14.141-5.45) print(a) Жауабы: 9 type(a) <class 'int'> 2) a=int(25.14+15.458) print(a) Жауабы: 40 type(a) <class 'int'> Сызықтық программа құрастыр 5-тапсырма**.Баскетбол ойыны 4 кезеңнен тұрады. Әр кезеңдегі екі команданың жинаған ұпайлары жеке-жеке қатарларда берілген. Ойынның қорытынды нәтижесін төмендегі форматта экранға шығаратын программа құрастыр. a1,b1=map(int,input().split()) a2,b2=map(int,input().split()) a3,b3=map(int,input().split()) a4,b4=map(int,input().split()) s1=a1+a2+a3+a4 s2=b1+b2+b3+b4 print(s1,':',s2) 7-тапсырма***. Құны K,P және N теңгелік монеталар көмегімен S теңгені ең аз санмен қалай төлеуге болады? Тапсырманың блок- сызбасын сызып, программасын құрастыр. S, K,P және N – бүтін сандар. S, K,P,N=map(int,input().split()) a=S//K b=(S%K)//P c=(S%K)%P//N
print(a,b,c) print(a+b+c) 9-тапсырма**. 2-сурет бойынша a,b,c айнымалысы бар программа құрастыр. Осы есептің программасы бойынша блок-схемасын жаса. a,b,c=map(int,input().split()) print(a+b+c) Жауабы: 10 5 8 23 10-тапсырма***. 3-сурет бойынша v1 және v2(жылдамдық), t(уақыт), S(қашықтық) айнымалылары қатысқан есеп мәтінін құрастыр. Осы есептің мәтіні бойынша оның блок-схемасын құр, программасын жаз. v1,v2,t=map(int,input().split()) s1=v1*t s2=v2*t s=s1+s2 print(s1,s2) print(s) Қосымша олимпиадаға дайындық үшін, практикалық тапсырмалар: 1-есеп. Келесі бағдарламамыз тағы да қызықты сандармен байланысты. Сіздердің Палиндром сандар туралы білгілеріңіз келе ме? Мүмкін кейбіреулеріңіз білетін де шығарсыздар. Полиндром сандарды естімегендеріңіз бәрібір өмірде кездестіріп жүрсіздер. Палиндром сан тура оқығанда да және кері оқығанда да мәні бірдей сандарды айтады. Мысалы 121, 34543, 101 және т.б Енгізілген үш орынды санның Палиндром сан екенін анықтайтын программа құрастырайық. N=int(input('3 танбалы санды енгiз')) if (N % 100)%10 == N // 100: print( N, ' Polindrom ') else: print( N, ' Polindrom емес ')
2-есеп. Енгізілген 4 орынды санның бақытты сан екендігін анықтайтын программа құр. /Бақытты сан деп алдыңғы екі цифрының қосындысы кейінгі екі цифрының қосындысына тең болатын сандарды айтамыз. Мыс: 1230, 1342 берілсін... Яғни, 1+2=3+0 бақытты сан 1+3=4+2 бақытты сан емес N=int(input()) A1=N//1000 #mindik A2=N%1000 A3=A2//100 #juzdik A4=A2%100 A5=A4//10 #ondik A6=A4%10 #birlik if (A1+A3)==(A5+A6): print (N, '-бақытты сан') else: print (N, '-бақытты сан eмес') 3-есеп. Сан құрамында бірдей таңбалы цифрдың бар немесе жоқ екенін анықтау. N=int(input()) A=N//1000 B=N%1000 C=B//100 D=B%100 E=D//10 F=D%10 if A==C or A==D or A==E or A==F or C==D or C==E or C==F or E==F: print(' бірдей цифр бар') else: print(' бірдей цифр жоқ') 4-есеп. N саны берілген.3-ке бөлінгіштік белгісі бойынша 3-ке бөлінетінін не бөлінбейтінін анықта. (Егер цифрларының қосындысы 3-ке бөлінсе, онда сол сан 3-ке бөлінеді) N=int(input()) A=N//1000 B=N%1000 C=B//100 D=B%100 E=D//10 F=D%10 if (A+C+E+F)%3==0: print(' 3-ke bolinedi') else: print('3-ke bolinbeidi') 5-есеп. Төрт таңбалы N саны берілген. Санның цифрларын кері ауыстыру. Мысалы: N=1234 берілсе, онда жауабы 4321 шығуы керек. N=int(input())
A=N//1000 B=N%1000 C=B//100 D=B%100 E=D//10 F=D%10 print(F*1000+E*100+C*10+A) # кері санды алу формуласы жауабы: 4321 6-есеп. Төрт таңбалы N саны берілген. Санның бастапқы екі цифрының қосындысын, соңғы екі цифрының көбейтіндісін анықтау. Мысалы: N=3452 болсын... N=int(input()) A=N//1000 B=N%1000 C=B//100 D=B%100 E=D//10 F=D%10 print(A+C) print(E*F) жауабы: 7 10 7-есеп. Санның цифрларының көбейтіндісін анықтау дәл жоғарыдағы тәсілмен анықталады. Төрт таңбалы N саны берілген және цифрларының көбейтіндісін есептеу керек. Мысалы: N=1234 болсын... N=int(input()) A=N//1000 B=N%1000 C=B//100 D=B%100 E=D//10 F=D%10 print(A*C*Е*F) 8-есеп. Санның цифрларының қосындысын анықтау. Төрт таңбалы N саны берілген және цифрларының қосындысын есептеу керек. Мысалы: N=3452 болсын... N=int(input()) A=N//1000 B=N%1000 C=B//100 D=B%100 E=D//10 F=D%10 print(A+C+E+F)
Қорытынды бөлім Бағдарлама құра білуге үйрену – сіздерді алға мақсат қойып, оның шешілу жолдарын іздеп және нәтижеге жетуге мүмкіндіктер береді және дағдыландырады деп ойлаймын. Менің информатика пәніне қызығушылығымның туындауы ұстазымның жемісті еңбегі деп білемін. Осы өз қызығушылығымнан туындаған “Python тілінде санның цифрларымен жұмыс істеу” тақырыбын зерделеу, оның қыр-сырларын ашып, сандардың цифрларын зерттеп, мен Python программалау тілінде программалар жазып, жинақтау менің алдыма қойған мақсатым болатын. Жобамды қорытындылай келе, “Біз нені меңгердік, нені меңгеру керек” деген сұрақтарға жауап беруіміз керек. Атап айтсақ үйренгеніміз: •-санның цифрларын бөліп алу алгоритмін меңгердік - сандардың цифрларын бөліп алу арқылы әртүрлі қызықты бағдарламалар құрдық /сандардың цифрларының разрядтарға бөлу, санның цифрларының қосындысын табу, бақытты сандар, полиндром сандар, сандардың бөлінгіштік қасиеттерін анықтау, сандарды теріс жазу, бірдей цифрлары бар ма екенін анықтау…/; •- бағдарлама құру дағдыларын жетілдірдік. •- Python бағдарламалау тіліндегі тапсырма орындау, оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытады деп ойлаймын. Өз бетімізше бағдарлама компоненттерін қолданып және оның мазмұны арқылы өз білімдерімізді жақсарта аламыз. • Python бағдарламалау тіліндегі тапсырма орындау, оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытады деп ойлаймын. Өз бетімізше бағдарлама компоненттерін қолданып және оның мазмұны арқылы өз білімдерімізді жақсарта аламыз.
Пайдаланған әдебиеттер мен интернет ресурстары 1. Информатика 6 сынып.- Арман -ПВ, 2020ж. - 80 бет. Г.И.Салғараева. Г.А.Көпеева, Ә.Ә.Қаптағаева, А.Ғ.Юсупова. 2. Информатика 6 сынып. - Алматы кітап. -2017ж -124-152 беттер. Р.А.Қадырқұлов, А.Д.Рысқұлбекова. 3. Информатика 6 сынып Opiq.kz электронды оқулығы 4. Информатика 6 сынып. - Алматы кітап.-2018ж. -92-176 беттер аралығынан тапсырмалар алынды. 5. https://kk.wikipedia.org/wiki/Python сілтемесі 6. youtube каналында онлайн сабақтар сілтемелері