1
Пікір берушілер:
Исина Ж.А., С. Баишев университеті, қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент
Қаплиева А.Қ., «Өрлеу» ҰБАО АҚ Ф Ақтөбе облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, білім беру
процессін психологиялық –педагогикалық қолдау кафедрасының меңгерушісі,
п.ғ.к.,доцент.
Қазақ тілі сабақтарында белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану: әдістемелік
құрал /Уразымбетова А.Б., Бекенова А.Б., Бердешова Ұ.С. Ақтөбе:«Өрлеу»
ҰБАО АҚ Ф Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институтының баспа бөлімі, 2019. -83 б.
Әдістемелік құралда тіл пәндерін оқытудың белсенді әдістерін беруді
теориялық талдау, озық іс-тәжірибені зерделеу, жалпы білім беретін мектеп
жағдайында белсенді әдістер арқылы оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті
сабақтарына қызығушылығын арттыру көзделді.
Әдістемелік құрал – жаңартылған білім мазмұны аясында кіріктірілген
пәндерді оқыту бағдарламасы негізінде сабақты тиімді ұйымдастыруда
қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы ретінде ұсынылады.
Аталған басылым білім беру ұйымдарының қазақ тілі және әдебиеті
мұғалімдеріне арналады.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ
30.01..2020 жылғы ғылыми кеңес мәжілісінің №39 хаттамасы шешімінің
негізінде баспаға ұсынылды.
«ӨРЛЕУ» БАҰО» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ФИЛИАЛЫ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ
БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ, 2019
2
КІРІСПЕ
Бүгінгі күн – білім беру мазмұнына, педагог пен білім алушының
тұлғасына және қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып
отырған кезең. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны
жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында
оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды
меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Бұл жөнінде Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-иннова-
ция» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып
барамыз», – деген еді. Қазақстанның әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің
стандарттарына деген ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге
өту қажеттілігін арттыруда.
Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи
тұрғыдан өзгергенін, тұлғаға қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу
қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен
біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету деген
сипатта ұғынылады.
Негізгі талап – өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста
өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым
саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін,
мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу.
Оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын
оқушыларға меңгертуде оқытушы мен оқушылардың қолданатын амал-
тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Оқытушы оқыту
әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін
ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық
етумен байланыстырады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу
мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді
талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға
бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы
тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын
тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны
қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс
жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді
және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді
(бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары).
Оқушылар сыртқы ортада адамдармен, құрбыларымен, жанұясымен
қарым-қатынас жасағанда оқу дағдысын қолданады, яғни ақпарат алмасу үшін,
ақпарат беру үшін мәтінмен жұмыс жасайды. Қазақ тілі сабағында мәтінмен
жұмыс үлкен рөл атқарады, сондықтан біз сабағымызда оқушыларға мәтінмен
жұмыс жасау барысында орындалатын әр түрлі тапсырмалар, ал оларды алып
шығатын әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуіміз керек.
3
«Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы». Сын
тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір - түпкірінен
жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.
Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сын тұрғыдан
қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға
сабақтарға үйрету.
Жаңа заман талабына сай шығармашылық қабілеті мол, жан-жақты
дамыған азамат тәрбиелеуде жаңа педгогикалық технология қажет. Білім беру
технологияларының басты мақсаты – білім беру сапасын арттыру,
оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Орта кәсіптік білім беру
жүйесінде сабақ беру жүйесінде, сабақ беру жүйесін әлемдік деңгейдегі
талаптарды қанағаттандыратындай етіп құруда жаңаша ізденіс пен
шығармашылықтың берері мол. Соған сәйкес білім беру жүйесінде жаңа
инновациялық технологиялар пайда бола бастады. Жаңа технологиялар сан
түрлі оны игеріп қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мысалы: СТО
технологиясы, модульдік оқыту, деңгейлеп оқыту және сындарлы оқыту.
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың барысында мұғалім оқытудың
формалары мен мазмұнын, міндеттерін шешуде, әдістемені анықтауда
дидактикалық принциптерді басшылыққа алады. Мұғалім қызметіндегі
маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау
ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында
олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың
тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-
тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады. Қоғамымыздың қазіргі
даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін
технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары
жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде.
Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда
дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде.
Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдала-
ну үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере
отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап
алады. Бұл жаңа технологиялар - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,
терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайым-
дауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы
білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның
нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың
қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технология»терминін енгізді. Бұл
жаңашыл педагогтардың мақсаты - оқушылардың алатын білімдерін сапалы
ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай
қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады.
4
Еліміздің алдағы уақытта көркейіп, дамыған елу елдің қатарына қосылу
мақсатында білім сапасын арттыруымыз қажет. Мұғалім өзінің біліктілігін арт-
тырмайынша, оқушының білім сапасын арттыра алмайды. Еліміздің дамыған
елге айналуына, көк байрағымызды желбірете жоғары көтеріп, Қазақстан деген
елдің бар екендігін әлемге танытатын біздің білімді жастарымыз. Демек, ХХІ
ғасырдағы жастарда білім болмай, еліміз ешқашан өркендемейді.
Заман талабына сай білім ордаларында оқушыларға тиімді сабақ үдерісін
ұйымдастыра білетін, жаңашыл ұстаз болу - барша ұстаздың басты мақсаты.
Оқушыларға сабақ беруде жаңа технологияларды пайдалану арқылы білімін
арттыра аламыз. Сондықтан да олардың білімді терең меңгеруіне, ойлануына,
өз бетінше ізденуіне, алған білімін кез-келген жерде пайдалана алатындай етіп
қалыптасуына қолдау көрсетуіміз қажет. Жалпы алғанда, заман талабына сай
білім беруде маңызды жақтары өте көп. Білім-теңіз, оның тереңін жетік білетін,
қыр-сырын меңгерген, құпиясын аша алатындар ғана бойлай алады. Мұндай
адамдарды мұғалімдер ғана тәрбиелеп, дайындайды. Мұғалім білімді оқушы
санасына сабақ арқылы жеткізеді, ал сабақ сапасын арттыру – барлық
мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Күн сайын өтетін жаттанды
кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақтар оқушыларды жалықтырып, білімге
ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан, сабақты жандандырудың әдіс-
тәсілдерін дұрыс таңдап, бұған оқушыларды тартып, олардың белсенді өз
бетімен ізденіп жұмыстануын ұйымдастыруды міндет ету қажет.
Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялар-
дың бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін
қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде
жасөспірімдерге қазақ тілі мен әдебиетінен терең де тиянақты білім беру
көзделіп отыр.
Сын тұрғысынан ойлау әдісі арқылы оқушылардың өз бетімен ізденіп,
өзін-өзі реттей отырып диалогтік қарым-қатынас арқылы білімдерін арттырып,
сандық технологияларды пайдалана білетін белсенді, білімді, саналы
азаматтарды тәрбиелеу қажеттілігі туындады.
Оқушылар басқалардың айтқан пікірлеріне күмәнмен қарап, ой
електерінен өткізе білу қабілеті болып саналады. Яғни мұғалімнің де,
оқушының да сыни тұрғыдан ойлау қабілеті арта түсетіні анық.
Бүгінгі таңда оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі кез келген
сабақта кез келген стратегиялары құнды, әрі бағалы. Бұл стратегиялар
оқушылардың қызғушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа тірелетін
сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең,
еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы,
пікірталас, болжа, автор орындығы, топтастыру, т.б, стратегияларын қолдану
оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен
қатар, бұл стратегиялар оқушының қөзқарасын, түсінігін дамыта түседі,
жалықтырмайды.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол
маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.
[Мұғ.арн.нұс. 49 бет].
5
Сыни тұрғыдан ойлау – қазіргі таңда Қазақстандағы білім алушы жастар
үшін ең тиімді тәсіл. Өйткені, оқушы мен мұғалімді сыни тұрғыдан ойлауға
итермелейді. Оқушылар өздерінің ақпараттарының шынайылығына және
басқалардың айтқан пікірлеріне күмәнмен қарап, ой елегінен өткізе білу
қабілеті болып саналады. Ал мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибелерінде жаңа
тәсілдерді пайдалана отырып, сыни тұрғыдан бағалау болып табылады.
Сыни тұрғыдан ойлау ең маңыздысы болғандықтан, ойлай отырып
мәселелерді талқылайды. Оқушыларға шығармашылық бағыт-бағдар бере
отырып, бағдарламаны оқып, үйреніп оны өз жұмысында қолданып, мұғалімдік
кәсіптің қыр-сырына тереңдей түсу, үздіксіз іс-әрекетке жетелеу- мұғалімдер
үшін ең маңызды мәселе болып отыр. Бағдарлама стратегиялары оқушылардың
бірін-бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретеді. Бағдарламаның ерекшелігі бұрын
үндемей отыратын балалардың сабаққа қызу араласуы. Жай уақытта олар
өздерін бұлай көрсетуге бара қоймас еді. Сабақтарды ерекше, жаңа технология
жобасымен өтуі оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл
көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызғандай.
Постермен жұмыс – тақырыпты ашудың тиімді тәсілі. Постермен жұмыс
барысында оқушылар түрлі идея тастап, оны дәлелдеу үшін еңбек етеді.
Оқушының ойлануы, ол ойын жеткізуі тілді меңгеру үшін өте тиімді. Постерді
қорғау – шешендік өнерді қажет етеді.
Мұғалiм салыстыру әдiсiмен сабақ жүргiзе отырып, оқу материалын оңай,
көрнекi етiп меңгертуге мүмкiндiк алады. Баланың қиялын дамытады.
Салыстыру белгiлi мен белгiсiз арасындағы көпiр сияқты, оқушыларға өмiрiнен
тысқары бiлiмдi меңгеруге көмектеседi. Салыстыра отырып, оқушы заттар мен
объектiлердiң байқамай, көрiнбей қалатын белгiлерiн анықтауға үйретедi.
Баланың байқампаздығынан артады. Ал байқамсыздық - баланың жалпы
дамуындағы негiзгi психологиялық компонент болып табылады. Оқушы
салыстыра отырып бұрынғы өтiп кеткен материалдар мен жаңа бiлiм
арасындағы логикалық байланыстарды анықтауға үйренедi.
Бүгінгі жастардың өмірдің өзінен үйренері көп-ақ. Сондықтан олар
мұғалімге, оның өткізген әрбір сабағына сыни көзбен қарайды. Оларды
таңдандыру, қызықтыру үшін әрбір сабақ жаңалық болуы керек. Ол мұғалімнің
көп ізденісін қажет етеді. Осы орайда, С.Көбеевтің «Әрине, алғырлық та,
тапқырлық та, ептілік те, икемділік те, табандылық та қажет. Бұлар
оқытушының беделді болуының құралы болуға тиіс. Халық оқытушыны өзінің
шын досы, ақыл айтар данасы, қараңғыда сәуле шашар шамшырағы деп білу
керек. Мұның үшін оқытушы, ең алдымен, өз оқушыларының алдында беделді
болуы қажет.
6
ТАРАУ 1. ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ
БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
1.1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудың белсенді әдістерінің
теориялық негіздері.
Сындарлы оқытудың негізгі ерекшелігі мұғалімнің білімділігінен гөрі
ұстанымына негізділген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді.
Оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-
әрекеттеріне әсер етеді. Алайда, тамыры тереңге кеткен бұл сенімдер
мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін. Егер де
дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сыни тұрғыдан
ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің
де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларды
қабылдауға да дайын болуы керек. Сапалы білім беру – мұғалім бейнесімен
танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі
белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады.
Сапалы білім беру оқушылардың, қоршаған орта және оқыту, білім алу
мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.
Оқытудың теориясын зерттеген ғалымдар ғылыми еңбектерінде оқыту
әдістерінің анықтамасын былай берген. И.Д.Зверев: «Оқыту әдістері дегеніміз -
мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары», -
десе, Ю.К.Бабанский: «Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың
өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру», -
дейді. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов өз еңбектерінде: «...Қазақ тілін оқыту
әдістемесі - қазақ тілін оқытудағы мұғалімдердің озық тәжірибелерінің
қорытындыларына негізделген оқыту әдістерінің жиынтығы туралы ғылыми
пән», - деген.
Оқытудың сапасын екі тәсіл арқылы анықтауға болады. Біріншісі, бағалау
оқу қызметінің нәтижесіне байланысты болмай, мұғалімнің іс-әрекетінің
тәжірибе талаптарына сәйкестігін, яғни – мұғалім жұмысының тиімділігін,
оқушылармен өзара байланысының сипаты мен жиілігін анықтау мақсатында
жүргізіледі. Бұл жағдайда баға мұғалім жұмыс істейтін оқушыларға
байланысты қарастырылады, оқыту үдерісіне тәуелді болмайды. Оқытуды
бағалаудағы екінші тәсіл жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен
орындағаннан гөрі көбірек күш-жігерді талап ететін сапалы әрі табысты білім
беруге ерекше көңіл бөледі. Табысты оқыту білім беру үдерісіне тәуелді
болғандықтан, оқытудың шын мәнінде жүзеге асырылуы мен құзыреттілік,
шеберліктің деңгейі қаншалықты екенін саралай білу де қажет. Сонымен қатар
оқушылардың жай-күйі мен әлеуметтік ортасының сипатын, мүмкіндіктерінің
дәрежесі мен қолжетімділік деңгейін білу қажет. Осыған байланысты сынып
туралы мәнмәтіндік мәлімет қажет болады.
оқыту мен зерттеуге ынта-жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін және
оқушыларға қамқорлық көрсете отырып ықпал ететін және бағдар беретін
мұғалімдерге;
7
әрбір оқушының пәнді түсінуді қалай құрылымдау қажеттігін ойластыра
білетінін сезінетін, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін
қалыптастыратынын; сондай-ақ оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері
бойынша ілгері жылжуын өрістету мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс
орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар мұғалімдерге;
оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін,
өзі мен оқушыларының бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін
білетін, оқушылардың игерген білімі мен оқушылар мойындаған «Бұдан әрі
неге қол жеткізу керек?», «Қандай іс-әрекет жасау керек?», «Одан әрі не істеу
керек?» деген сияқты табыстылық өлшемдері арасындағы алшақтықты жою
үшін не істеу керек екенін білетін мұғалімдерге;
бастапқы идеядан өзге идеяларды өрістете байланыстыратын және сол
идеяларды оқушылардың өздері құрастырып, жандандыра алатындай етіп
жинақтап, толықтырып, тереңдетіпбере алатын мұғалімдерге қосымша көмек
ретінде ұсынылады. Бұл – дайын білім мен идеяларды ұсыну емес,
оқушылардың өздерінің білім мен идеялар құруы болып табылады.
Бұл сындарлы оқыту жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта
пайдаланылатын жекеленген страгегиялар мен тәсілдер сияқты өзара
байланыста болады.
Модульдер:
1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4) Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
пайдалану.
5) Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Әр ұстаз сабағында міндетті түрде сұрақ-жауап әдісін қолданатыны сөзсіз.
Сол арқылы оқушының сабақты қаншалықты меңгергенін біліп отырамыз деуге
болады. Сұрақ қоюдың төмен және жоғары дәрежелі болып бөлінетін екі түрі
бар. Төмен дәрежелі сұрақтар «ашық» немесе «дұрыс емес» деп бөлінеді. Ол
жаттап алуға бағытталып бағаланып отырады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтарда
оқушы жан-жақты ойланып, іздене отырып жауап беруге тырысады. Сонымен
бірге оқушыға сұрақтар қойғанда тақырыпқа байланысты түрткі, сынама,
бағыттау сұрақтар арқылы білімдерін бекітуге болады. Ал оқушының берген
жауабы қате болған жағдайда, оларды бірден тоқтатып, қате деуге болмайды.
Жіберген қатесі арқылы ойланып түзетуге мүмкіндік берілуіміз керек. Сол
қатесінен сабақ алуы керек. Немесе оларды тақырыпқа қарай бағыттап, сұрақ
қоя отырып, дұрыс жолға түсуіне көмектесу қажет. Білім берудің диалогтік
тәсілдерін дамытуда сабақ барысында сұрақ қою арқылы оқушының сындарлы
сөйлеуіне ынталандыруға, білімге құштарлығын оятуға, сыни тұрғыда ойлауға
ықпал етуге, бір-бірін үйретіп, үйренуге, пікір бөлісіп, оны құрметтей білуге,
өздерін және өзгені бағалай білуге, бірімен бірі диалогтік қатынасқа түсуіне,
ойын жинақтап, талдауға үйренетіндігін, кез келген жағдайды шешуде мұғалім
8
мен оқушы, оқушы мен оқушы және өзгелер арасында серіктестік құру арқылы
ой бөлісетіндігін арттыру көзделеді. Оқушылардың білім алуда сұраққа жауап
беруі, ізденуі, тыңдауы мен сөйлеуі арасында байланыс анағұрлым нәтижелі
болатыны белгілі.Оқушылар шағын топтарда жұмыс жасай отырып, бір-
бірімен пікір алмасып, идеяларын ортаға салып, баға бере біледі. Оқушы
қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін шыңдайды. Сондықтан
мұғалім оқудың түрлі тәсілдерін дұрыс, тиімді қолдана білуі керек. Оқушы
жан-жақты ойланып жұмыс жасай алатын болады. Олар оқытудың мынадай
тәсілдерімен жүзеге асады: оқушылардың іс- әрекетін арттыру үшін мүмкіндік
тудырады. Іс-әрекет танымдылығы мектептегі оқу процесіне білім, білік,
дағдыларымен қатар нақты оқыту пәнімен қалыптасады. Оқушының ойын
ұштаудағы, тиімді білім берудегі және құзыретті тұлға қалыптастырудағы
тиімді тәсіл. Себебі диалог мынадай қарым-қатынасты негіздейді: «мұғалім мен
оқушы» және «оқушы мен оқушы».
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағдарламасының басты мақсаты:
оқушылардың қалай оқу керектігін, нәтижесінде, өз ойын еркін жеткізе алатын,
сенімді, сыни ойлай алатын, таным белсенділігі жоғары тұлға қалыптастыру.
Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы баланы өмірге бейімдеп, дайындау, мұғалімдік
тәжірибені жетілдіру, заман талабына сай құзыретті тұлға қалыптастыру,
сындарлы оқытудың тәсілдерін, заманауи ақпараттық технологияларды
қолдануда, талантты, дарынды балаларды оқытуда берер пайдасы зор.
Сонымен «әдіс» дегеніміз не?
Әдіс, метод (гр.'μέθοδος', methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге
жетудің жолы) — көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірілген қызмет
жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін
қажетті таным құралы болып табылады. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа,
шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.
Әдіс
1. (Грек. methodos-зерттеу) дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары
мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге
бағытталған таным принциптерінің жиынтығы, зерттеліп отырған объекті
жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру
тәсілдерінің жүйесі.
2. Құбылыстарды танып-білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар
жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері.
3. (Грек.odes – «бір нәрсеге жетудің жолы») – көздеген мақсатқа жетудің
тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі.
Оқыту әдістері:
1. Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым.
2. Оқыту әдістері және оларды жіктеу проблемасы.
3. Оқушыларға білім беретін дерек көздеріне сәйкес топтастырылған
әдістер: сөздік әдістері, көрнекілік әдістері, тәжірибелік әдістер.
4. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру туралы көзқарасқа
сүйеніп жіктелген әдістер.
9
5. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері.
Импрессия және экспрессия.
6. Ынталандыру әдістері. Ойын әдісі.
7. Оқыту әдістерін жетілдіру және мұғалімнің сабақтар жүйесінде оларды
таңдай білуі.
1. Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс
орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін
қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар
ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының
ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытудағы
ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық
фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын
жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін
сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы,
ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес
қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге
асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру,
дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру. Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті
жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар,
техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ
және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.
2. Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір негіз
бойынша топтарға бөлінеді.
Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық
белсенділігі әртүрлі.
Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап,
кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады.
Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді
өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де
таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу
әдістерімен өткізу мүмкін бола бермейді.
Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады.
Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын
атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру,
бақылау әдістері деп бөледі.
М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін іріктеген.
Оқыту әдістері:
10
а) ақпарат беру әдісі;
ә) түсіндіру әдісі;
б) ынталандыру әдісі;
в) тәжірибелік әдіс.
1.Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың
тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың
тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.)
қолдануды талап етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді
хабарлайды, заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға сұрақтар
қояды. Егер оны тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері, дәлірек айтсақ
фактілерді талдау, салыстыру, хабарлау, т.б. басым болса, онда оқыту әдісін
түсіндірмелі деп атауға болады. Егер негізгі тәсіл - ақпараттарды, фактілерді
ұсынумен шектелсе, (мысалы: мұғалім оқушыларға ережелерді жаттауды
ұсынады, бірақ ереженің мәнін түсіндірмей, оны жаттау тәсілін айтады), онда
оқыту әдісі ақпараттық хабарлау немесе оны жай ғана хабарлама әдісі деп
атайды. Осыған сәйкес бірінші жағдайда оқушылар заттарды бақылап,
фактілерді есінде сақтайды, мұғалімнің түсіндіргенін тындайды және ой
елегінен өткізеді, ақпараттық сұрақтарға жауап іздейді. Бұл жерде оқу әдісі
репродуктивтік, дәлірек айтсақ жаңа ережені оқушылар дайын күйінде
меңгереді (оқушылар фактілерді талдап, ережелер шығармайды). Егер оқыту
әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсілі жаттау, оқушылардың үлгі
бойынша жұмыс істеуі. Мұндай оқу әдісін шартты түрде орындаушылық деп
атаймыз. Сондықтан оқушының кітаппен жұмысы оқу әрекетінің тәсілі болып
табылады. Егерде оқушы мәтінді талдаса, түсінгенін өз сөзімен айтса, онда
кітаппен жұмыс оқу әдісі болып табылады. Егер монологтық баяндау әдісі
қолданылса, онда мұғалім әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын,
ережелерін, фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің үлгілерін
көрсетеді және оқушыларға тапсырмалар береді. Эвристикалық әдісті
қолданғанда мәселелік деңгей (оқушылардың белсенділігі) едәуір көтеріледі,
эвристикалық әңгімелерге танымдық (логикалық) есептер және проблемалық
тапсырмалар қосылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен "жаңалық" ашады,
бірақ негізінен оқушылар өз бетімен жұмыс істейді. Зерттеу әдісін қолданғанда
мұғалім оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу,
қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және
қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) береді.
Оқушылар оларды өз бетімен орындайды, бірақ бұдан мұғалімнің басшылығы
керек емес деген сөз тумайды.
2.Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын
таңдаған кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім
деңгейіне мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты.
Әңгіме – оқу материалын ауызша баяндау. А. Байтұрсынов: "Сөзден
әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас", - дейді. Сөз өнерінің
айшықты болуы сөздің дұрыстығына, тілдің анықтығына, дәлдігіне,
көркемділігіне, тіл тазалығына байланысты екенін дәлелдеп, алмастыру,
кейіптеу, бейнелеу (ұқсату), әсірелеу тәсілдерінің мәнін ашады. Міржақып
11
Дулатов оқытудың баяндау, әңгіме, түсіндіру әдістеріне ерекше мән беріп,
тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа байланысты тақырыптарды әсерлі баяндаудың
тәсілдерін көрсетіп берді. Ол "баланы толық жауап беруге әдеттендіру керек", -
дейді. Сөйтіп, оқытушы көркемдеп оқытудың жаңаша жолдарын ұсынып,
мұғалімдерден соны іс-әрекеттерді талап етеді. "Балалар дұрыс оқи алмай,
қиналған жерде мұғалім өзі оқып, көрсетуі керек", - дейді.
Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың
жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, шет тілі сабағында жаңа
мәтінді өтер алдында оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі.
Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды
сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға
түсіндіреді.
Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ
бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.
Химиялық, физикалық, математикалық есептерді шығарғанда,
теоремаларды оқығанда, табиғат және қоғам құбылыстарының түрлі себептерін
және салдарын ашу кезінде түсіндіру әдісі жиі қолданылады.
Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар:
• сұрақтарды дәл және анық тұжырымдау;
• себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;
• салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;
• жүйелілік.
Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең
қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының
күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс
кіші жастағы оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады.
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият
ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын
меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін
тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде
қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды. Оқу
материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық танымдық қызметіне
қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар. Олар:
кіріспе, немесе сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді қалыптастыру
(сократ, эвристикалық), жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші әңгімелер
арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді тануға дайындық
деңгейі анықталады.
Әңгімелесу әдісі. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны
білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге
үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі
мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын
жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып
жаңа білім алады.
12
Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін,
оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы өз білімін жаңа оқу
және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады.
Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға (жеке әңгімелесу)
немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің бір түрі -
оқушымен әңгімелесу. Оны сыныппен, оқушылардың жеке топтарымен
өткізуге болады, әсіресе жоғары сынып оқушылары өз пікірлерін айтып,
сұрақтар қойып, мұғалім ұсынған тақырыпты талқылайды. Әңгімелесудің
нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты.
Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:
• ес пен тілді дамытуы;
• оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
• оқушылардың білімінің белгілі болуы;
• жақсы диагностикалық құрал;
• үлкен тәрбиелік күші бар.
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
• уақыттың көп кетуі;
• қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа
оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.)
Оқу пікірталастары оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын алады.
Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты
ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми
көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғаның және
өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікірсайыс өткізу
үшін оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі
қарама-қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз мәселеден
ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары оқушылардың өз ойларын анық
және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін
талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой
жарыстыруға үйретеді. Мұғалім сөз мәнерінің үлгісі болып, оқушылардың ой-
пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің
ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін оқушылардың
естеріне салуы қажет.
Оқу пікірталасы негізгі мектептің жоғары сыныптарында, ішінара, орта
мектептің бастауыш сыныптарында қолданылады.
Жақсы өткізілген пікірсайыс балаларға білім және тәрбие береді, мәселені
терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен санасуға үйретеді.
Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі. Бастауыш
сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады.
Одан әрі оқушылар кітаппен жұмыс істеуге өздері үйренеді. Баспа
материалдарымен өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар.
Олар:
• конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау;
• мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін
мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек;
13
• тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау;
• цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс)
аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі;
• аннотация — мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа
баяндау;
• рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу;
Анықтамалар статистикалық, библиографиялық (өмірбаяндық,
терминологиялық, географиялық, т.б) түрде болады;
• формалдық-логикалық модель - мәтіннің сызбасы;
• тақырыптық тезаурус – бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды ретке
келтіру.
Оқушылар үшін білім көзі – бақылау, мұғалім сөзі, баспа материалдары.
Оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми – көпшілік әдебиеттер және журналдардан
оқушылар түрлі ақпараттар алып, сабақта алған білімдерін бекітуге, кеңейтуге
және тереңдетуге мүмкіндік алады, өз бетімен білім алу әдістерімен
қаруланады. Кітаппен жұмыс әдісін меңгеру үшін ең алдымен оның тәсілдері
меңгеріледі.
Кітаппен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеруде бастауыш мектепте
қолданылатын, көп уақыт алатын статикалық оқу үлкен рөл атқарады. Мұндай
оқудың мақсаты мәтінді түсіндіру, оқушыларға мәтінді толық меңгерту, оған
мәтіннің негізгі идеясын ұқтыру. Жаңа ақпаратты түсінудің құнды әдісі –
мәтінді талдау.
Мұғалім кітаптар мен журналдарды тақырыпқа сай қолданады. Осы өздік
жұмыстың жиі қолданылатын тәсілдері:
1. Белгілі бір ақпарат алу және оны бекіту мақсатымен кітапты оқып шығу.
Осы мақсатқа жету үшін, мұғалім оқушыларға қысқа мерзім ішінде мәтінді
қалай түсінуге болатындығын айтады. Әдетте, оқушылар мәтінді бір рет оқып
шыққан соң, оны талдап, мәтіннің жоспарын жасайды.
2. Түсініксіз сөйлем және сөздердің мағынасын сөздік немесе
энциклопедия арқылы ашып, қосымша әдебиеттерден ақпараттар алып, керекті
мәліметтерді конспектілеп, оқығанын өз сөзімен айтып көреді. Мұғалім
оқушыларды мәтіндегі негізгі ойды бөлуге үйрету керек. Жоспар жасау үшін
мәтіндер бір-бірімен өзара байланысты бөліктерге бөлінеді де, әр бөлікке атау
беріледі.
3. Қосымша әдебиеттерді қолдану үшін оқушылардың өз бетімен жұмыс
істеу қабілеті болуы керек. Оқушылардың кітаптар мен журналдарды сыни
тұрғыдан оқуының да үлкен маңызы бар. Идеялардың матрицасы - әртүрлі
авторлардың еңбектеріндегі біртекті ойлар мен құбылыстарға салыстырмалы
сипаттама беру.
Оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістер.
Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп,
оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады.
Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын
көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.
14
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара
байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды
таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет,
көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық
бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы
мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік
әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және
демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап
айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері -
демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы
немесе техникалық құралдардан, кинофильмдерден, диафильмдерден
көрсетіледі.
Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар,
видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын
компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш
техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір
жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді
енгізу міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен
меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік
береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі
мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.
1.2. Жалпы білім беретін мектептердегі тіл пәндерін оқытудың белсенді
әдістерінің алғы шарттары
Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды:
• көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
• көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;
• демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
• иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
• құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият
ойластыру;
• қолданатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;
• көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті
мәліметтерді табуға оқушыларды қатыстыру.
Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен
айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады.
Тәжірибелік әдістер: жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар.
Жаттығу көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет меңгеріледі. Ол
барлық пәндерді оқуда, оқу процесінің түрлі кезеңдерінде қолданылады. Оның
сипаты және әдістемесі оқу пәнінің ерекшелігіне, нақты оқу материалына,
15
оқушылардың жасына байланысты. Жаттығу сипатына қарай ауызша, жазбаша,
графикалық және оқу еңбек деп бөлінеді.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білу деңгейіне қарай жаттығулар
бірнеше түрге бөлінеді:
• белгілі білімдерді еске түсіріп, оны бекіту мақсатындағы жаттығулар;
• білімді жаңа жағдайда қолданып жаттығу.
Егер оқушы іс-қимылдарды ауызша айтса, онда оны түсіндіру арқылы
жаттығу деп атайды. Мұғалім оқушы іс-әрекетінен қателіктер тауып,
оқушылардың іс-әрекетіне түзетулер енгізеді.
Жаттығулардың ерекшеліктері: Ауызша жаттығулар логикалық ойды, есті,
тілді оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі.
Жазбаша жаттығулар білімді бекіту және оны қолдану іскерлігін жасауда
қолданылады. Оларды қолдану логикалық ойды дамытуға, жазбаша тіл
мәдениетін, өздікті дамытуға көмектеседі. Әрбір оқу пәнінің міндетті бөлігі -
ана тілінен шет тіліне аудару, берілген тақырыпқа шығарма жазу, суретпен
жұмыс, өз бетімен мысалдар және есептер, кесте құрастыру, диаграмма,
баяндама, көрініс әзірлеу. Жаттығуды орындау алдында оқушыларға теориялық
материал түсіндіріліп, нұсқау беріледі. Жазбаша жаттығулар: ана тілі, шет тілі,
математика, т.б. пәндерде орындалады. Оқушы оқуға үйренгенде, мәтінді
мәнерлеп оқып, грамматикалық ережелерді қолданып, көптеген жаттығулар
жазады. Графикалық жаттығулар: кесте, сызба, технологиялық карта, альбом,
стенд жасау, экскурсия кезінде салған суреттер.
Оқу-еңбек жаттығулары: оқу шеберханаларындағы қағазбен, картонмен,
ағашпен, металмен жұмыс істеу, әр түрлі құралдар қолдану, станок, тетіктерді
басқару, "Конструктор" ойыншықтармен жұмыс істеу.
Жаттығу әдісіне қойылатын талаптар:
• оны орындауға деген оқушылардың саналы көзқарасы;
• жаттығуларды орындаудағы дидактикалық сабақтастық: алдымен оқу
материалын түсінуге көмектесетін, содан кейін есте сақтауға, қолдануға,
оқылғанды жаңа жағдаяттарда өздігінен, шығармашылықпен қолдануға, жаңа
материалды бұрын меңгерген білім, іскерлік және дағдылар жүйесіне қосуға
мүмкіндік беретін жаттығуларды орындау.
Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс. Бұл әдіс арқылы оқушылар ақпараттар-
ды меңгереді. Оны басқаша ақпараттық-рецепция (қабылдау) әдісі деп атайды.
Осы әдіс арқылы мұғалім дайын ақпараттарды оқушыларға түрлі құралдармен
түсіндіреді, ал оқушылар ақпараттарды түсініп, естерінде сақтайды.
Ақпараттар әңгіме, дәріс, түсіндіру, кітап, қосымша құралдар, көрнекі
құралдар арқылы беріледі. Мұғалім – есептер шығарады, теоремаларды
дәлелдейді, жоспар құруға үйретеді. Оқушылар - мұғалімнің іс-әрекетін
қайталайды, тыңдайды, көрнекіліктеріне қарайды, заттармен жұмыс істейді,
оқиды, бақылайды, жаңа оқу материалдарын бұрынғы білімдеріне қосады.
Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс арқылы адамзат жинақтаған тәжірибені
аз уақыт ішінде беруге болады. Оның пайдасы ғасырлар бойы тексерілген және
көп елдерде қолданылады.
16
Көп ғасырлар бойы білім беру үшін мұғалімнің сөзі, оқу кітаптары,
жұтаңдау көрнекі құралдар қолданылады. Қазір ақпараттар техникалық
құралдар арқылы да берілуде. Олар арқылы ғалымдармен, жазушылармен,
суретшілермен, әртістермен, конструкторлармен, т.б. кездесу өткізуге болады.
Оқу кинолары, телехабарлары зат және құбылысты жақсы қабылдап,
түсінуге көмектеседі. Олар арқылы өсімдіктің қалай өсетінін, ғарыштағы
микроағзалардағы құбылыстарды көреді. Жұмыс істеп тұрған үлгілерді, табиғи
объектілерді демонстрациялауды кең қолдану керек.
Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін және
дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді,
үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Оқушылар мұғалімнің
есебіне ұқсас есептер шығарып, тіл сабақтарында үлгі бойынша жіктейді,
септейді, жоспар құрып, мұғалімнің нұсқауымен станоктармен жұмыс істеп,
химиядан, физикадан тәжірибе жасайды.
Репродуктивтік әдіс мұғалімнен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді.
Мұғалім сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқылы жаңа оқу материалын
түсіндіреді, ал оқушылар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады.
Оқушыларға берілетін нұсқаулар жетілдіріліп, жауаптары бар
бағдарламаланған оқулықтар жасалуда. Оларға ауызша түсіндіру, қалай жұмыс
істеуді айтумен қатар, жұмыс істеуге керек сызбалар, кинодан үзінділер
көрсетіледі.
Білімнің көлемі көп болғанда репродуктивтік әдіс түсіндірмелі-
иллюстративтік әдіспен бірге қолданылады.
Оқушыларға алгоритм беріледі. Алгоритм - оқушыға зат не құбылысты
толық білуге көмектесетін бағыт беретін іс-әрекеттердің жүйесі. Оқушыларға
конспектілеудің, салыстырудың, есеп шығарудың алгоритмдері беріледі.
Алгоритмдер бірнеше операциялары бар дағдыларды қалыптастыруға пайдалы,
себебі күрделі іс-әрекеттен оның жеке операциялары бөлінеді.
Репродуктивтік әдіс бағдарламалық оқытумен тығыз байланысты. Ол
арқылы тәжірибелік жұмыстар атқарылады. Оқушылар өз бетімен меңгере
алмайтынын, олар үшін мүлдем жаңа тақырыптарды репродуктивтік әдіспен
беру керек.
Аталған әдісті шектен тыс қолдану жаттандылыққа әкеліп, оқушының
шығармашылығын, ақыл-ойын дамытпайды. Себебі репродуктивтік әдісті
қолданғанда оқушылар үлгі, нұсқау бойынша жұмыс істейді.
Мәселелік жағдаятты тудырудағы мақсат - оқуды қиындату арқылы оқу
материалдарын меңгерту, баланың ақыл-ойын жұмыс істету. Мәселелік жағдаят
сұрақтар қою, болжам айту, дәлелденбеген пікірлерді талдату арқылы
жасалады. Оқылып отырған құбылыстың сызбасы, диаграммасы жасалады.
Оқушылар шығармашылықпен жұмыс істеп, білімдерін емін-еркін естеріне
түсіреді. Мәселелік әдіс оқушыларды тапқырлыққа, қарама-қайшылықтарды
түсінуге, болжамдар айтуға, дәлелдер келтіруге, шешім табуға үйретеді.
Ішінара ізденіс немесе эвристикалық әдіс. Оқушыға мәселені өз бетімен
шешуге үйрету үшін, оған шағын зерттеу жұмыстарын беру керек. Мұғалім
картиналар, құжаттар көрсетіп, оларға сұрақ қоюды ұсынады, фактілерден
17
қорытынды шығартады, ұсыныстар айтқызады. Эвристикалық әдіс арқылы
сабақ өткізетін мұғалім алдын ала мәселені шешуге алып келетін,
оқушылардың білімдерін еске түсіртетін сұрақтар әзірлейді.
Эвристикалық әңгіме үшін құрастырылған сұрақтар мәселелік сипатта
болады. Оқушылар ізденеді, шығармашылықтарын көрсетеді. Оқушылар жеке
мәселелік сұрақтарды шешсе, онда ішінара – ізденіс әдісінің қолданылғаны.
Мұғалім тапсырма әзірлеп, оның қай жерлерін оқушылар зерттеу арқылы
орындайтынын белгілейді.
ІХ-Х сынып оқушыларын әдебиетті іріктеуге, аннотация жасауға,
конспектілеуге, картотекалар жасауға, жоспар жасауға, материал жинауға, оның
жоспарын жасауға, құрастыруға, баяндауға үйрету керек.
Зерттеу кезеңдері: 1) факті, не құбылыстарды бақылау, зерттеу; 2)
зерттелетін мәселелерді анықтау; 3) мәселені шешу жөнінде жорамал айту; 4)
зерттеудің жоспарын жасау; 5) зерттеу; 6) нәтиже; 7) оны қолдану туралы
ұсыныс.
Оқушының шешетін мәселелері оқу бағдарламасына ену керек. Оқушының
зерттеуі ғалымның зерттеуіне ұқсас, күрделі болмау керек. Оларды әдіскер-
ғалымдар жасайды.
Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі
Дедуктивтік әдіс арқылы мұғалім ережелерді, формулаларды, заңдарды
түсіндіріп, оны оқушы меңгереді. Аталған әдіс оқу материалын тез меңгеруге
көмектесіп, абстрактылы ойлауды дамытады. Оны теориялық материалдарды
оқуға, есептер шығаруда қолданған дұрыс. Эвклидтің элементарлық
геометриясы дедуктивтік әдіспен оқытылады. Бірақ оқушылардың дайындығын
қатаң түрде ескеру керек. Егер олар кейбір ұғымдарды, теорияларды білсе, онда
мұғалім оларды жеке зат және құбылыстарды меңгерту үшін қолданады.
Дедукция әдісі арқылы оқушы өзі білетін қорытындыларды, ережелерді,
ғылыми заңдарды бақылау жүргізгенде, тәжірибе жасағанда, жаттығу жазғанда
қолданады. Мысалы, теңіз кемелерінің қанша тонна жүк көтеретінін білу үшін
Архимед заңы қолданылады. Жазбаша жаттығу жазғанда белгілі
грамматикалық ережелер қолданылады.
Индуктивтік әдіс. Индукция - латын сөзі. Оқушыларды белгілі бір
қорытындыларға әкелу. Алдымен оқушыларға жеке заттар, құбылыстар
түсіндіріледі, фактілерден қорытындылар шығартады. Индукция әдісі
дедукциямен бірге қолданылады.
Осы екі әдіс арқылы ой-тұжырымдарын жасау - оқытудың логикалық
негізі болып табылады. Оқу пәнінің мазмұны, логикасы бағдарламасы
индукция әдісін қолдануды талап етеді. Индукция әдісі бастауыш сыныптарда
жиі қолданылады. Себебі Бұл жастағы балалар нақты жеке құбылыстарға
қызығады. Олардың кейбір белгілерін анықтап, талдап, қорытындылар
жасайды. Осылайша жасалған ұғымдарын сөз арқылы айтады. Осы кезден
бастап дедукция әдісі қолданыла бастайды.
Импрессивтік әдістер. Импрессия (латын сөзі, әсер, толғаныс, сезім) әдісі
арқылы балалар мен жастар немесе ересектер шығарма және оның авторы
туралы ақпарат алып, оны талдап, шығарманық негізгі идеясын айтады.
18
Оқушы шығарманық негізгі идеяларын оның кейіпкерлерінің мінез-
құлқымен, жүріс-тұрысымен салыстырады, өзінің сөзі мен ісіне ойлана қарай
бастайды. Осы әдісті әдеби шығармаларды, сахналық қойылымдарды,
кинофильмдерді, сәулет өнері, саз өнері шығармаларын және адамның мінез-
құлқын талдау үшін қолдануға болады. Бұл әдісің тиімділігі ең алдымен
шығармаларды іріктеуге, мұғалімнің оқушыларды әсерлендіре білуіне,
оқушылардың өз ойын басқалармен бөлісе алуына байланысты.
Экспрессивтік әдістер. Экспрессия (латын сөзі, бейнелеу) әдісі арқылы
жасалған жағдайда оқушылар нақты құндылықтар жасап, өздерін танытады.
Оның жақсы мысалы оқушылардың сахналық қойылымдарда түрлі рөлдерде
ойнауы, сценарий жазулары, режиссер, ұйымдастырушы болулары, қарапайым
шығарманы сахнаға лайықтап қоюы.
Мұғалім экспрессивтік әдіс арқылы топқа және жеке оқушыларға сурет
салдырып, мүсін жасатады, қысқа метражды фильм шығартады. Оқушылар
жұмысының көрмесі, тарихи оқиғаларды сахнаға лайықтап қою да
экспрессивтік әдіс арқылы жасалады.
Адамдардың қарым-қатынасын әнмен айтылатын қысқа комедиялы пьеса
немесе психологиялық драма түрінде көрсету оқушыны жақсы болуға
тәрбиелейді.
Бала тебірене, толғана отырып рухани құндылықтарға баға береді. Бұл баға
өзгермейді.
Экспрессивтік әдіс оқушылардың шығармашылық белсенділігін туғызады,
фотоаппарат, үнтаспа, радио, теледидар, ұлғайтқыш аппараттар, кинокамера,
күйтабақ, бейнемагнитафондар адамдар жасап шығарған рухани мәдениетті
көруге, үйренуге көмектеседі, тәрбиеленушілердің біліктілігін арттырады.
Ынталандыру әдісі
Қызығушылықтың үш түрі:
• іс-әрекетке деген оң көзқарастың болуы;
• танымның баланы жақсы сезімге бөлеуі;
• іс-әрекеттің баланы ынталандыруы.
Оқыту процесінде баланың оқу іс-әрекетіне оң көзқарасын туғызу керек.
Оқылып отырған материалдың оқушыны тебірентуі, қуанышқа бөлеуі, таң
қалдыруы, аяушылық сезімін тудыруы сабақтың мақсатына жетуді тездетеді.
Педагог ақын М.Жұмабаев ақыл көріністері әсерленуден пайда болады,
әсерленудің күшті болуы, жалғасып дамуы ұғымның дұрыс болуының кепілі
деп көрсетеді.
Атақты ғалымдардың және қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі
туралы кештер, көркем әдебиеттен үзінділер оқу танымдық қызығушылықты
арттырады.
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті де оқушы сезіміне әсер етеді. Оқулық
тақырыптарының мазмұны - оқу іс-әрекетіне қызықтыратын негізгі құрал.
Оқуға қызықтырудың өте жақсы әдісі - танымдық ойындар. Пікірсайыстар
да оқушыны оқуға қызықтырады. Үлгерімі төмен оқушыларды жеткен
жетістігіне қуанту да олардың оқуға ықыласын арттырады.
Жауапкершілікті қалыптастыру әдістері.
19
Тәсілдері:
• оқушыға оқудың өзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру;
• талап қою;
• талаптарды орындауға үйрету;
• өз міндеттерін жақсы атқаратындарды мадақтау;
• керек жағдайда жазалау әдісін қолдану;
• оқушыға кемшіліктерін айтып, оларды түзетуге көмектесу. Оқушыға
оқудың өзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру үшін мұғалім өндірістің
дамуына ғылымның қалай әсер еткенін айтып, білімділік еңбек өнімділігін
арттырып, жаңашылдыққа әкелетінін дәлелдейді.
Оқуға байланысты талаптар қою әдісі арқылы оқушыларға барлық пәндер
бойынша бағалау өлшемдері, мектептің ішкі төртібі, оқушылардың құқықтары
мен міндеттері түсіндіріледі. Оқушыларды оқу жұмысының алуан түрін
орындауға үйрету, жаттықтыру борыш пен жауапкершілікті қалыптастырады.
Үлгілі оқушылар мен мұғалімдердің де бала оқуына ықпалы зор.
Ойын - оқыту әдісі
Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері көп. Ойын -
қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс-
әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер ойынды сабақтан және
жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды. Бірақ оқуда да, еңбекте де ойын
элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар.
Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі
көрсеткісі келеді дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін демалу теориясын,
Г.Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару, К.Крус тіршілік
үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын
ойындарының теорияларын жасады. Ойын туралы қазіргі көзқарастар оның
көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың қажеттіліктерін,
қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге бейімделуін жеңілдетеді
(Д.Б.Эльконин), болмысты тануға көмектеседі. Ойын арқылы бала білім алады,
тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге
дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Оқушылар ертегілерді, аңыздарды,
әдеби шығармаларды, өмірден алынған оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып,
өздері түрлі рөлдерде ойнайды.
Мұғалімдер көптеген танымдық ойындар өткізеді. Ойын түрінде болатын
саяхат, электрлендірілген викториналар арқылы белгілі бір ауданның
жануарлар дүниесі, ұшақ, корабльдердің түрлері оқылады. Алуан түрлі
ребустар, сөзжұмбақтар, құпияхаттар, сөзтуымдар, логикалық есептер білім
береді және оқушыларды ынталандырады.
Идеялар банкі. Бұл әдіс ой майданы деп аталады. Топтық алдына бір
міндет қойылады, осы міндетті шешу үшін топ мүмкіндігінше жаңа, тың
ұсыныстар айту керек. Барлық ұсыныстарды топ жинап алып, оларға баға
береді. Бұл әдіс арқылы проблемалық жағдаят жасалып, оны шешу туралы
ұсыныстар айтылып, ол ұсыныстар тексеріліп, бағаланады және ең жақсы
ұсыныстар таңдалып алынады.
20
Ой майданы әдісін 1939 жылы А.Ф.Осборн бірінші рет қолданған. Ол
балаларға ұнаған, себебі олар өздеріне қызықты мәселелерді шешіп отырған.
Ой майданының ұзақтығы 1-2 сағатқа созылған. Бұл әдіс арқылы өткен
сабақтың нәтижелі болуы мұғалімнің біліктілігіне, топтың даму деңгейіне
байланысты. Топта он адам болғаны жақсы, бірақ топ мүшелерінің санын
көбейтуге болады. Бұл әдіс арқылы педагогикалық бөлімнің студенттері шағын
топтарға бөлініп, мектеп оқулығынан бір тақырыпқа әзірленіп 5-20 минут сабақ
береді, содан кейін сабақ талқыланады, бағаланады, оны келесіде жақсы өткізу
жолдары белгіленеді. Сабақты түгел бейне жазбаға жазу оны талдауды
жеңілдетеді. Бұл әдіс мұғалімдік жұмысқа дағдыландырады. Оны шет тілін
оқытуда пайдалануға болады.
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр.
Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа нысандары мен
тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз
беріледі.
Алайда, оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді
қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр тақырып
оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда әр
түрлі әдістерді қолдану қажет.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен
көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен
оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар:
1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және
таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану;
2. Мектептің материалдық - техникалық негізін ескеру;
3. Мектептің орналасқан жерін ескеру. Мысалы, қала мектептерінде
оқушыларды өндіріс орындарына экскурсияға, ауыл мектептерінде мектеп
жанындағы учаскелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне апару;
4. Мұғалімнің шығармашылығы және шеберлігі. Оқытудың нәтижелі
өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы. Себебі оқу материалын
баяндауда негізгі идеясын немесе оқушылардың іс-әрекетін анықтап алмай,
оқыту мақсатына жету мүмкін емес.
21
ТАРАУ 2. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ
МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
2.1 Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудың белсенді әдістерінің түрлері.
Бағдарлама модульдерінің бірі-бірлескен топтық жұмыс. Оқушылардың
бірлескен жұмыстарын 5-6 оқушыдан құралған шағын топтарда
ұйымдастырған жұмыс сабақтың мазмұнын айқын ашуға мүмкіндік береді және
де топтың барлық мүшелеріне еркін сөйлеуге жағдай туғызады. Топтың бір-
бірімен сәлемдесуі, аудиторияда психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
мақсатындағы әдіс – тәсілдер:
1. «Шаттық шеңбері» әдісі.
Мақсаты: оқушыларды сергіту сәті.
Сипаттамасы:
Балаларға ерекше көңіл-күй сыйлау. Шаттық шеңберінде тұрып, махаббат
періштесі сыйлаған «сиқырлы таяқшаны» бір-біріне бере отырып, жақсы сөздер
мен игілікті тілектер айтады. Таяқшаның көмегімен мейірімді сиқыршыға
айналу. Мұғалім өз тілегін бірінші айтады, оқушылар жалғастырады.
Тиімділігі: оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады.
2. «Төрт табиғи құбылыс» немесе ТТҚ жаттығуы. (Сергіту сәті)
Мақсаты: оқушыларды сергіту сәті.
Сипаттамасы:
Жаттығу «Төрт табиғи құбылыс» деп аталады. Бұлар: жер, су, ауа, от.
Оқушылар«жер» дегенде,төменге аяқтарына отырып, қолдарын еденге
жеткізеді.
«су» дегенде, қолдарын алдыға созып, суда жүзу қимылдарын жасайды.
«ауа» дегенде, аяқтарының ұшымен көтеріледі және қолдарын жоғары
көтереді.
«от»дегенде, қолдарынжоғары көтеріп, білектерін қозғалтып, құйын
жасайды. Мұндай жаттығулар оқушылар көңіл-күйлерін көтеруге, бір-бірімен
шағын топта жақын, еркін қарым-қатынас жасауға пайдасы зор. Топқа
біріктіруде өлең құрастыру, түрлі түсті фигуралар, конфеттер бойынша топтасу
тәсілдерін түрлендіре отыра қолдануға болады.
Тиімділігі: оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады.
3. «Бір сөйлем» әдісі.
Мақсаты: үй тапсырмасын пысықтау, жаңа тақырыпты бекіту.
Сипаттамасы:
Бұл әдіс үй тапсырмасын пысықтауда, жаңа тақырыпты бекітуде тиімді
әдіс. Оқушылар тіл, ана сөздеріне қатысты ойларын бір сөйлемнен аспайтындай
етіп тұжырымдайды.
Тиімділігі: уақыт үнемдейді.
4. «Үш бұрыш» әдісі.
Мақсаты: Мәтінмен жұмыс жасау, көркем бейнелеуіш сөздерді табу.
22
Сипаттамасы: Оқушылар мәтіннен фразеологизм, мақал-мәтелдер,
көркем-бейнелеуіш сөздерді тауып, стикерге жазып үш бұрыш фигурасына
жабыстырады.
Тиімділігі: оқушылар мәтінді оқи отырып, мәтін ішінен көркембейнелеуіш
табады, мағынасын ашады.
Қиындығы: мәтіннен фразалық тіркестерді, көркем-бейнелеуіш сөздерді
табуда шатасуы мүмкін.
Шешу жолдары: оқушыларға мысал келтіре отырып, бағыт-бағдар беру.
5. «Миға шабуыл» әдісі.
Мақсаты: ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын
тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы
шешу. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайда-
ланса оқушының стандартты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады.
мақсатты анықтау (сізді не қызықтырады:көпшілік алдындағы сөздің
идеялары ма, әлде белгілі бір мәселені шешу қамтыла ма, әлде тақырып па?…);
қатысушыларды өз идеяларын айтуға үндеу (көпшілікпен жұмыс
жағдайында әр қатысушы кезекпен бір идеядан ұсынуы керек, ал топтық
жұмыста әр топтан бірнеше идея қатар ұсынылады);
әрбір идеяны тақтаға жазып отыру;
басқалардың идеяларын жетілдіру мақсатында қолдану;
идеялардың бірін-бірі қайталамайтындай анық әрі дұрыс құрастырылуын,
қайталанбауын қадағалау;
идеяларды жіктеп, жинақтап топтастыру.
Сипаттамасы:
Миға шабуыл барысында идеяларды сынамау, бағаламау, талқыламау
және қорғамау. Топ ішіндегі жұмыс барысында сіз тек: «Бұл керемет идея
екен?», деп қана айта аласыз. ал жеке-дара жұмыс жасағанда өз-өзіңізге тым
сыни көзбен қарамаңыз: «Айналадағылардың күлкісін келтіретін ақымақ идея
ғой!» деген сипаттағы өзіңізді – өзіңіз сынауыңыз креативтікпен жанаспайды
әрі жолыңызда түрлі кедергілерге соқтырады.
Топ мүшелері мейлі ол қандай болсын, әйтеуір ойларына келген кез
келген идеялардың, шешімдердің, мысалдардың барлығын ортаға тастауы
қажет. Әрбір идея толық айтылуы тиіс. Келесі кезеңде жаңа идеяларды ойлап
тапқанша, айтылғандарды електен өткізіп, ішінен ең ақылға сыйымдысын
таңдау оңай болады.
Бұл кезеңде идеялардың сапасынан гөрі санының көп болуына назар
аударылады. Идеялар саны көп болған сайын, олардың ішінен кейбіреулерінің
ең орынды болады дегендеріне сенімділік те арта түседі. Егер жеке-дара жұмыс
жасаған болсаңыз, өз ой-пікірлеріңізді қағазға түртіп жазып отырыңыз.
Айтылғандардың ішінен енді өзге жаңа идеяларды ажыратып алыңыз.
Оларға түсінік беру мен түзетулер ентгізу де шығармашылық шабыт қажет. Топ
мүшелерінің қай қайсысы да идеяларды жетілдіруге, басқа нұсқаларын ұсынуға
құқылы. Сондықтан қолыңызда бар идеяларды тағы бір екшеп қарау артық
болмайды, мүмкін олар тағы да бір жаңа идеялардың тууына алғышарт
қалыптастыруы ғажап емес.
23
«Миға шабуыл» процесі. Биік нәтижеге жетудің кілті мен алтын ережесі
қатысушылардың белсенділігінен туындайтын достық қатынастың қалыптасуы.
Тиімділігі: «Миға шабуыл» соңында жеке адам немесе топтар айтылған
ойлардан жалпы қорытынды жасау үшін процестің нәтижесін қарастырады.
Қиындығы: уақытты көп қажет етеді.
Шешу жолы: шектік уақыт беру.
6.«ДЖИГСО» немесе «Зигзаг» әдісі.
Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау.
Сипаттамасы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс
немесе бастапқы топтар деп аталады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді
эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады,
мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің
1 – бөлігін бірлер, 2 — бөлігін екілер, 3 — бөлігін үшіншілер, 4, 5- бөліктерін
— бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Келесі кезекте
бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға
салады.
Тиімділігі: мәтін толық қамтылып, мазмұнын ортаға салады.
Қиындығы: оқушы оқығанын толық жеткізе алмаса, мәтін толық
меңгерілмей қалады.
Шешу жолы: топ мүшелеріне үлкен жауапкершілік арту.
7. «Кубизм» әдісі.
Мақсаты: Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. Тақырыппен
терең танысып, әртүрлі ойлау дағдыларын жүзеге асыру.
Сипаттамасы: Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған
сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды,
талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.
Сипатта (түрі, түсі, көлемі)
Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы)
Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?)-
Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін)
Талда (қалай жасалған, неден тұрады?)
Ой толғау (бұл неден жасалған?)
Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды.
Тиімділігі: тақырып бойынша рефлексия жасайды, ұсынылған проблема
бойынша өз көзқарасын шығармашылық тұрғыдан жеткізе біледі.
8. «Кластер» (топтастыру) әдісі.
Мақсаты: оқылып жатқан проблема бойынша толыққанды түйіндеме
жасау.
Сипаттамасы:
Бұл тәсілдің авторы американдық Гудлат. Стратегияның мәні оқу
материалын график түрінде жүйелеу, яғни мәтіннің маңызды бөлігін бөліп,
график түрінде белгілі бір тәртіппен шоқ тәрізді орналастыру. Мысалы, сын
тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының кезеңдерін кластер түрінде
былай келтіруге болады. Бұл тәсілді қызығушылықты ояту және ой толғау
кезеңдерінде қолдануға болады.
24
Кластер құру ережесі:
1. Ойына келген пікірді жазуға тартынбау
2. Берілген уақыт аяқталғанша жұмысты жалғастыру, жазу.
3. Тақырыптың басқа қырларын ашуға ұмтылу
4. Мүмкіндігінше көп идеяларды жинақтау
Тиімділігі: проблеманың қойылуын көрнекті сызбамен көрсету.
9.«Күзгі бақ» әдісі.
Мақсаты: Бұл әдіс мұғалімге сыныпты және әр оқушыны жақсы түсінуге
көмектесу.
Сипаттамасы: оқушылардан алынған материалдар келесі сабақты
дайындағанда мұғалімге қажет және сабақты өткізуге көп көмегін тигізеді.
Оқушыларға бұл әдіс білім алу мақсатын нақты анықтауға көмек береді,
сабақтан не күтетінін және қандай кедергілер бар екенін парақтарға жазады.
Мұғалім келесі сабақта жаңа әдістерді қолдану арқылы оларды түсінуге және
одан әрі не болатынын, қалай жұмыс жасау жолдарын анықтайды.
Құралдары: алдына ала 2 плакатқа салынған ағаштың суреттері керек.
Құрметті оқушылар бүгінгі сабақта нені күтесіздер? Оны жасыл стикерге
жазыңыздар.
Неден қауіптенесіздер? Оны қызыл стикерге жазыңыздар.
Енді өз жауаптарыңды дауыстап кім оқиды? (Тілектеріңіз бойынша)
Тиімділігі: нақты білім алу мақсатын анықтайды.
10. «Коллаж» әдісі.
Мақсаты: топпен жұмыс жасау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сын
тұрғысынан ойлауға, тез шешім қабылдауға, жүйелі түрде өз ойын айтуға
жаттықтырады.
Сипаттамасы: Оқушылар топпен жұмыс жасау барысында парталардың
арасында қозғала алуы шарт. Сынып парталары арасы бос болуы керек.
Сынып оқушылары 2-3 топқа бөлінеді.
Әр топқа бір сөз немесе бір тақырып беріледі. Осы тақырыптың
айналасында қолдарындағы бар материалды қолданып көрсетулері қажет.
(Газет, журнал, суреттер, қайшы, желім, картон, түсті қағаздар, маркерлер,
фломастерлер). Мысалы: аяқ киім (суреттерден қиып түрлерін көрсету, қай
мезгілде киетінін айту, оларға анықтама жазу және т.б.)
Тиімділігі: Коллаж қызықты болу үшін мұғалім критерийлер қоюға
болады.
а) уақыт белгілейді (1 ұпай);
б) бірнеше түстерді қолдану (1 ұпай);
в) сөз тіркестерін жазуға (1 ұпай);
Жұмыс аяқталған соң басқа топтың жұмыстарымен танысу керек.
Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
Топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.
Өздерін бағалауға уақыт береді
Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
Топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.
Өздерін бағалауға уақыт береді.
25
Қиындығы: пайдаланылатын құралдарды көп қажет етеді.
Шешу жолы: пайдаланылатын құралдарды алдын ала ескерту қажет.
11. «Бағдаршам» әдісі.
Мақсаты: мәтін бойынша оқушылардың ойын анықтау.
Сипаттамасы: үш түс беріледі.
жасыл түс (келісемін),
сары түс (күмәндімін);
қызыл түс (келіспеймін)
Мұғалім мәтін бойынша ақпараттар айтады. Егер олармен келісетін болса,
жауапты қолдарындағы түстерді көтеру арқылы береді.
Тиімділігі: оқушы ойын түспен ажырату
12. «ББҮ» әдісі.
Мақсаты: ұсынылған тақырып бойынша өз білімдерін қорыту.
Сипаттамасы: оқушы алған білімін «білемін», «білгім келеді»,
«үйрендім» бағандарын толтыру арқылы өз білімдерін қорытындылайды.
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Тиімділігі: ақпараттты қысқа түрде жазбаша тұжырымдайды.
13. «Екі жақты түсіндірме күнделігі» әдісі.
Мақсаты: берілген тапсырма бойынша оқушы пікірін тыңдау
Сипаттамасы: кесте сызылады, бірінші бөлігіне мәтіннен үзінді келтіреді,
екінші бағанына оқушы мәтінге сай өз ойын, пікірін жазады, үшінші бағанына
тақырыпқа сай мақал-мәтел жазады.
Тіркестер Оқушы пікірі
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан. Ақын жақсы азамат болу үшін жақсы
Сен де бір кірпіш дүниеге қасиеттерді бойына жиып, жаманнан
Кетігін тап та, бар қалан. аулақ болуды айтады.
Бұл кестені үш жақты күнделік ретінде қолдануға болады:
Тіркестер Оқушы пікірі Мағыналас мақал-мәтел
Тиімділігі: сараптайды, жинақтайды, бағалайды.
14. «Әңгіме кестесі» әдісі.
Мақсаты: шығарманы жан – жақты талдау.
Сипаттамасы: үш бағанға бөлінген кесте беріледі.
«Керқұла атты «Қобыланды
батыр» жыры
Шығарманың аты, авторы Кендебай» ертегісі.
Оқиға қайда өтеді?
Бас кейіпкер кім?
Кейіпкердің ертегісі қалай басталады?
Оқиға қалай аяқталады?
Әңгіменің ең негізгі түйінді ойы не?
Мағыналас мақал-мәтел
26
Көркем шығармаға талдау, салыстыру жұмыстарында «Әңгіме кестесі»
әдісі ең ұтымды әдістіңбірі. Тақырыбы мен идеясы, кейіпкерлері, оқиға желісі,
шешімі толық қамтылады.
Тиімділігі: шығарманы жан – жақты талдау.
15. «Эйлер шеңбері»
Мақсаты:тақырып бойынша негізгі идеяларды жинақтау, саралау.
Сипаттамасы: А.Ж.Егизбаев бойынша, тақырып бойынша негізгі
идеяларды жинақтап, саралау. Идеялар жинақталып, сараланады. А-4 параққа,
шағын постерге Эйлер шеңбері сызылып, кезекпен идеялар талқыланып,
жазылады. Не? Қалай? Неге? Нәтиже? деген мәселер бойынша идеялар
сараланады.
Тиімділігі: сұрақ қоя отырып, нақты жауап табады.
16. «Кинометафора» әдісі.
Мақсаты: оқушылардың ой- өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
Сипаттамасы: Харизма бойынша (Н.Баринова) Оқушының ой-өрісін,
ойлау қабілетін дамыту.Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.Бір
мәселе бойынша бейне сюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-
пікірлерін білуге болады.
Тиімділігі: көзбен көрген материал оқушы жадында жақсы сақталады.
17. «Өрмекшінің торы» әдісі.
Мақсаты: Жаңа материалды пысықтау, түйінді ойларды бекіту.
Сипаттамасы: Өрмекші сұлбасына меңгерілген материалды пысықтау
мақсатында кезең-кезеңдерімен пысықтауға тиімді. Оқушылар постерге
өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті
ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын
тиянақтап пысықтайды.
Тиімділігі: меңгерілген материалдарды пысықтау мақсатында кезең-
кезеңдермен қорытындылау.
18. «Тұжырымдамалық карта» әдісі.
Мақсаты: тақырып бойынша ойдың түйінді идеясы тауып, тұжырымдама
жасайды.
Сипаттамасы: Бүгінгі өтіліп жатқан тақырып бойынша тұжырымдамалық
карта жасау (постер) тапсырылады. Карта тақырыпты ашатындай болуы керек.
Картаға сурет, кесте, ойдың түйінді идеясы, график салуға не дайын
материалды жапсыруға болады. Тұжырымдамалық карта бергенде оқушыға
оның қалай бағаланатыны жайлы критерийлер беріледі не айтылады. Соңында
әр топтың жұмысы сол критерий бойынша бағаланады. Сонымен қатар әр топ
бірін-бірі толықтырады, бағалайды.
Тиімділігі: өз ойын ортаға салады, жан- жақты талдайды.
19. «Сезім сыры» әдісі
Мақсаты: көркем шығарманы оқи отырып өзіндік пікір білдіреді, ойын
айтады.
Сипаттамасы: шығарманы оқыған кездегі сезімін, эмоциясын жеткізу.
Ренжідім
Қуандым
27
Қорықтым
Өкіндім
Таң қалдым
Жек көрдім
Тиімділігі: оқушылар өз ойларын ашық, эмоциясын еркін жеткізеді.
20. «Мұғалімге жеделхат» әдісі.
Мақсаты: мәтіннен нақты ойды анықтайды.
Сипаттамасы: тақтаға оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.
Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды
жалғастырады:
бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
бүгін сабақта қуантқаны.....
мен өзімді.....үшін мақтар едім.
маған ерекше ұнағаны.....
сабақтан соң маған........келді.
бүгін маған..........сәті түсті.
қызықты болғаны.....
......қиындық тудырды.
менің түсінгенім.....
енді мен......аламын.
Бұл тәсілдің тиімділігі: оқушылардың ойын анықтауға, сабаққа деген
қызығушылығын білуге, не қиындық тудырды сол мәселе бойынша ары қарай
жұмыс жасау.
21.«Әдебиет лотосы» әдісі.
Мақсаты: оқыған әдеби шығармалар кейіпкерлері туралы мәлімет беру.
Сипаттамасы: Белгілі бір уақыт ішінде кесте толтырылуы керек.
Тиімділігі: оқыған шығармасын жан жақты ретімен талдайды.
Тегі, түрі:
Тақырыбы:
Идеясы:
Шығарманың композициялық құрылысы:
1. Сюжеттік басталуы;
2. Сюжеттік байланыс;
3. Шиеленісуі:
4. Шарықтау шегі;
5. Шығарманың шешімі;
6. Шығармадағы кейіпкерлер;
7. Әдеби теориялық ұғымдар:
- теңеулер;
- эпитеттер;
- афоризмдер;
- мақал-мәтелдер:
Тиімділігі: шығарма толық талданады.
22. «Дискуссиялық карта» әдісі.
Мақсаты: материал бойынша жауап беру және бағалау.
28
Сипаттамасы: оқушылар алынған ақпарат бойынша өз ойын дәлелдейді.
«Иә» «Жоқ»
Менің дәлелім... Менің дәлелім...
Тиімділігі: оқушы өз ойын еркін жеткізеді.
23. «Үш қадамды сұхбат» әдісі.
Мақсаты: Өтілген жаңа сабақты қорытындылауға, өз пікірін дәлелдеуге,өз
ойын еркін жеткізе білуге үйретеді.
Сипаттамасы:
1.Сұхбат алушы:
Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
2.Жауап беруші:
Іс-оқиғаны баяндап,нақты бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен
айтылған жай сөйлемнің түрі.
1.Сұхбат алушы:
Хабарлы сөйлемнің жасалу жолдары қандай? Мысал келтір.
2.Жауап беруші:Жаңбыр жауды
3.Жинақтаушы:
Тиімділігі: сұхбат беруші мен жауап беруші арасындағы сұрақ-жауап
арқылы атаулы сөйлемнің жасаллуы мен ерекшелігіне тоқталып өтті.т.б.
24. «INSERT» немесе «түртіп алу» әдісі.
Мақсаты: Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға,
ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.
Сипаттамасы: Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» —
білмеймін, «-» — мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды —
деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Тиімділігі: Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға
әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен
жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады.
25. «Sinkuein» әдісі.
Мақсаты: ақпаратты қысқа да, нұсқа жазбаша түрде тұжырымдай алады.
Сипаттамасы: «Sinkuein» әдісі немесе бес жолды өлең стратегиясы –
оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады.
Sinkuein алгоритм мынадай ретте беріледі:
1-тақырыптың атауы(зат есім)
2-тақырыпты сипаттайтын екі сөз(сын есімнен алынады)
3-тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз(етістік)
4-тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы.
5-бір сөз – тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.
Тиімділігі: қызығып оқиды. Жұпта және топта талқылайды.
26. «Эссе» әдісі .
Мақсаты: Ой толғау кезеңінде қолданған тиімді.
Сипаттамасы: Мұнда оқушылар тақырыптық ішкі сырын терең түсініп, өз
пікірін, өз ойын дұрыс жеткізіп, оқу материалының негізін анықтап, сол
арқылы оларды өмірмен байланысын жазады.
29
Тиімділігі: «Эссе» стратегиясы бойынша өз ойынан әр түрлі пікірлер
құрастырып, оны дәлелдеуге үйренеді.
27. «RAFT» әдісі.
Мақсаты: оқыған мәлімет бойынша өз ойын талдайды, топта жазған
хаттарын талқылап кері байланыс орнатады.
Сипаттамасы: Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз
ойын хатқа жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба
түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын.
Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың
төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы
жеткіземін. т.с.с
Тиімділігі: жазу дағдысы қалыптасады.
28. «Венн диаграммасы» әдісі.
Мақсаты: оқылып жатқан проблема бойынша білімін өзектендіру,
салыстыру, пайымдау.
Сипаттамасы: Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен
ұқсастығы жазылады. Бір біріне айқасқан екі немесе үш шеңбер.(тек шеңбер
ғана болу керек деген қате түсінік) Екі жағына салыстырылады, ал айқасқан
жеріне ортақ қасиеті жазылады. Оқушылардың ойлары аршылып, салыстыру
сияқты күрделі операция жүзеге асады.
Тиімділігі: салыстыру нәтижесінде презентация жасау.
29. «Геометриялық фигуралар» әдісі.
Мақсаты: оқушының сөздік қорын, әдеби, мәдени сөйлеу тілін, күрделі
ойлау қабілетін дамыту бұл стратегияның құралдары геометриялық пішіндер.
Сипаттамасы: бұл стратегияның құралдары геометриялық пішіндер.
Себебі бала оқылып отырған мәтіннің кейіпкерлерінің мінез-құлқына,
сипаттама бере отырып қорытынды жасайды. Кейіпкерлерді түрлі
фигуралардың сипатына қарай ұқсастығын табады. Жұмыс жұпта немесе топта
орындалады. Алғашқы кездерде бүкіл сынып ұжымымен өткізуге болады.
Тиімділігі: кейіпкерлерінің мінез-құлқына оңай талдау жасайды.
Қиындығы: геометриялық пішіндерді ажырату.
Шешу жолы: геометриялық пішіндер туралы мәлімет беру.
30. «Т кестесі» әдісі.
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін
дамытады.
Сипаттамасы: қарама – қарсы нәрселерді сөздерді тере білу. Бұл жұмыста
салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге асады. Т
кестесін тақырыпты ашарда пайдаланылса, жаңа материалды түсінуге
дайындық болады. Іс – тәжірибеде үй тапсырмасына да беріліп жүр. Кіші жас
оқушыларына кескін, сурет түрінде орындауға болады.
Тиімділігі: Бұл стратегия жұпта, топта, жеке орындала береді.
31. «Қолпаштау» әдісі.
Мақсаты: оқушының жігерімен жұмыс жүргізу.
30
Сипаттамасы: Оқушылардың бір-бірінің жұмыстарына шапалақпен,
смайликпен, түрлі түстермен және «Жарайсың», «Сенеміз», «Біріміз бәріміз
үшін, бәріміз біріміз үшін» деген ынталандырушы сөздермен қолдау жасайды.
Тиімділігі: оқушы жаны жадырайды, сабаққа деген құлшынысы артады.
32. «Бес саусақ» әдісі.
Мақсаты: оқушының алған білімдерін бағалау.
Сипаттамасы:
Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
«Бес саусақ» әдісі, оқушының бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал
ету.Бас бармақ – басты мәселе. Балалы үйрек – бірлесу. Балалар параққа
алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң
олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына
жазады.
1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
2 «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім,
кімді риза жасадым?
3.«Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?
4 «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақ маған ұнадыма? Неліктен?
5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша
сезіндім?
Ортан терек – ойлану. Шылдыр шүмек – шынайылық. Кішкентай бөбек –
көңіл-күй ахуалы
Тиімділігі: көңіл-күймен сабақты аяқтау.
33. «Ашық микрофон» әдісі
Мақсаты: Оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру.
Сипаттамасы: Саймон Браунхилл бойынша
Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты немесе
үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.
Тиімділігі: Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады.
34. «Шахмат» әдісі.
Мақсаты: Өткен тақырып бойынша қайталау, кері байланысты жазбаша
жүргізу.
Сипаттамасы: Саймон Браунхилл бойынша.Маңызды ақпарат туралы ой
бөлісіп, жазылым, оқылым,тыңдалым мен айтылым дағдылары
қалыптасады.Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы оқушылар бос ақ
ұяшықтарға өз ойларын кезекпен жазады, кейін ой бөліседі.
Тиімділігі: кері байланысқа жылдам шығады.
35.«Ыстық орындық -1,2» әдісі.
Мақсаты: Оқытуда оқушы белсенділігін арттырумен қатар әр оқушының
мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтау.
31
Сипаттамасы: Оқушылардың сұрақ қою дағдысықалыптасады және сұрақ
қою арқылы өзара ашық пікірлеседі. Сыныптағы кез-келген оқушыны «Ыстық
орындыққа» отыруға шақырады. Ең маңыздысы – өз еркімен шығу.Оқушы
ортада тұрған үстелге отырып тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап
береді. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап
беру қажеттігін мұғалім түсіндіреді. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда
«күйді» деп ескерту беріледі. Осылайша бес немесе алты оқушы «Ыстық
орындыққа» отыру арқылы үй жұмысын немесе жаңа сабақты қорытындылауға
бойынша сұрақтарға жауап береді. 2-ші нұсқа бойынша «Ыстық орындыққа»
отырған оқушы сұрақтар қоя алады.
Тиімділігі: уақыттың аз мөлшерде жұмсалуы.
Қиындығы: тез жауап беру барысында қателесуі мүмкін.
Шешу жолы: қойылған сұраққа мән беру.
36.«Алты ойшыл қалпақ» әдісі.
Мақсаты: ұсынылған проблема, жасалған жұмыс бойынша өз ойына
талдау жасай білу.
Сипаттамасы: 1- қадам: класты 6 топқа бөлу, әр топ қалаған қалпағын
«өлшеп көріп» берілген проблема бойынша өз көзқарасын айтады:
1-«ақ қалпақ» Ойлаудың алты түрлі әдісін білдіреді. Бұл әдіс
оқушылардың жан-жақты ойлау қабілеттерін дамытады және дұрыс шешім
қабылдап білуді үйретеді.
Тиімділігі: оқушының барлығы тегіс сабаққа қатысады.
37.«Детальдарын қосу» әдісі.
Мақсаты: мәтіннен алған ақпаратты анықтау, толықтыру.
Сипаттамасы:Топта жұмыс істеу кезінде оқушы меңгерген білімдерін
көрсету үшін сөйлемді кеңейтуі қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты
болса, сол топ сыйлық алады. Бастапқы сөйлемнің мысалы:
Сабақ басталды. Кеңейтілген сөйлемнің мысалы:
Қазақ тілі сабағы басталып, мұғалім оқушыларды түгендей бастады.
Тиімділігі: мәтіннен алған білімдерін толықтырады.
38.«Қазына іздеу» әдісі.
Мақсаты: мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу.
Сипаттамасы: «Қазына іздеу» — мұғалім сұрақтар құрастырады. Сұрақтар
білім мен танымды қажет етеді. Топтар интернет көздері мен кітап
мәлімметтерін қолданады.
Тиімділігі: білім мен танымдылықты қасиеті қалыптасады.
39. «Жалғастыр» әдісі.
Мақсаты: әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау.
Сипаттамасы: «Жалғастыр» әдісі ойыны- топ ішінде «тізбек» әдісін
қолдану арқылы жасалады. Яғни бірінші оқушыдан бастап соңғы оқушыға
дейін барлығы бір тақырып шеңберінде ойларын айтады.
Тиімділігі: шығарма немесе қандай да бір оқиғаны баяндау кезінде
қолдану тиімді.
40. «Жұбыңды тап»
Мақсаты: Сәтті сабақты қамтамасыз ететін қағидаттарды анықтау.
32
Сипаттамасы: Еркіндік қағидаты:
әрбір оқушының өзін таныта білуі мүмкіндігін шектемеу;
Серіктестік қағидаты:
оқу үдерісінде мұғалім мен оқушының бір—бірімен түсініп, бірігіп әрекет
жасауы, бірін—бірі қолдауы;
Сенімділік қағидаты:
оқушының табысқа жетуіне деген өзіне сенімділігі, мұғалімнің сабақта
оқушылардың жоғары жетістікке қол жеткізе алатынына сенім артуы;
Толеранттық қағидаты:
оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, оның өзіндік дамуына қолайлы
орта жасау;
Шыдамдылық қағидаты:
қолайсыз жағдайларды шиеленістірмей, ашуға бой бермей эмоциялық
сабырлылық жасау
Тиімділігі: Сенімділік қағидаты толық қалыптасады.
41.«Айналмалы бекет» әдісі.
Мақсаты: материалдар бойынша
Сипаттамасы: әр шағын топты бекетте орналастырып, арандататын
сұрақты талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға жазуға 10 минут
беріңіз. Уақыт аяқталғанда топ басқа бекетке ауысып алдағы топтың жұмысын
жалғастырады. Ауысу әр 10 минут сайын болып тұрады, әр топ барлық
позицияларда болып шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап
шыққанға дейін жалғаса береді.
Тиімділігі: өзара пікір алмасады.
42.«Аквариум» әдісі
Мақсаты: ұсынылған мәтіннен диалог формасын құру.
Сипаттамасы:«Аквариум әдісі» - балаларға мәселені «қоғам алдында»
талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе
бойынша диалогті жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде
тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен
рөлін атқарады. Сондықтан да мұны «аквариум» деп атайды.
Барлық сынып алда өз пікірін білдіргені болмаса, ыстық орындық сияқты.
Тиімділігі: олар алтын балыққа арналған аквариумда, басқалары оларға сұрақ
қойып түсініктемелер сұрай алады және т.б.
43.«Алфавит» әдісі.
Мақсаты: тірек сөздер арқылы әртүрлі тақырыпты ашу.
Сипаттамасы: Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір-бір әрпін алып, жыл
көлемінде оқыған материалдарынан өздеріне түскен әріпке сәйкес
тақырыптарды айтып шығады. Мысалы, «Қаратпа сөз, қыстырма сөз, қосарлы
айқындауыш, қарсылықты салалас, қарсылықты сабақтас т.с.с.»
Тиімділігі: қорытынды сабақтарда, емтиханға дайындықта, есте сақтауын
дамытуда көмекке келеді.
44.«Аяқталмаған сөйлем» әдісі
Мақсаты: бүгінгі сабақ бойынша оқушылардың сабақтан алған әсерлерін
білу, эмоциясын анықтау.
33
Сипаттамасы: «Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер
жапсыру арқылы орындалады.
Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды
жалғастырады:
бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
бүгін сабақта қуантқаны.....
мен өзімді.....үшін мақтар едім.
маған ерекше ұнағаны.....
сабақтан соң маған........келді.
бүгін маған..........сәті түсті.
қызықты болғаны.....
......қиындық тудырды.
менің түсінгенім.....
енді мен......аламын.
Тиімділігі: оқушы ойын білу, ары қарай қалай жұмыс жасай білу керек
екенін пайымдау
45.«Ән шырқау»
Мақсаты: оқушыларды сергіту
Сипаттамасы: Оқушы топтарына ел арасында көп тараған, кеңінен таныс
әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып
беріледі. Оқушылардың әр тобы тез арада дайындалып, кезекпен карточкаларда
келтірілген әндерді бірлесе орындауы керек.
Оқушыларға Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев,
Нұрғиса Тілендиев секілді танымал композиторладың әндерін ұсынған орынды
(«Арыс жағасында», «Ақ бантик», «Армандастар», «Атамекен», «Өз елім» т.б.).
Тиімділігі: оқушылар сабақта шаршаған кезде сергіп, тынығып қалады.
46. «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі
Мақсаты: Оқушыны алған білімін саралай білуге дағдыландыру.
Сипаттаамасы:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды.
Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.Тақырып бойынша алған
керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек,
толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен
қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады.
Тиімділігі: мұғалім оқушының өткен сабақтан қандай білім алғанын
біледі.
47. «Әңгімелесетін әріптестер»
Мақсаты: оқушылар берілген тапсырма бойынша пікірлерін айтып,
ойларын ортаға салады.
Сипаттамасы: Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе
бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:
жаңа оқылған 3 факті туралы;
оларға жеңіл болып көрінгендер туралы
оларға қиын болып көрінгендер туралы
алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.
34
Тиімділігі: өз ойларын ортаға салады, не меңгергендігі, не қиынға
соққандығы көрінеді.
48. «Әріптер мен сандар»
Мақсаты: ыждағаттылық, сергіту, жағымды ахуал туғызу.
Сипаттамасы:Қатысушыларға мұғалім қалаған әріп не сан айтады. Қай
топ 10 санағанша, әртүрлі тәсілмен бірінші құрастырып болса, солар жеңімпаз.
Сергіту кезінде немесе жағымды ахуал туғызу сәтінде қолдануға болады.
49. «Қар кесегі»
Мақсаты: Ұжымдасып өз ойларымен бөліседі. Нақтылыққа үйренеді.
Сипаттамасы:.Әрбір топ окушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ
жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады
Тиімділігі: Оқушылардың айтылым, жазылым, тындалым дағдылары
қалыптасады. Ынтымақтастық қарым-қатынас түзеді.
50. «Желпуіш» әдісі.
Мақсаты: (Веер) Саймон Браунхилл бойынша Идеяларды жинақтау,
жазбаша кері байланыс беру.
Сипаттамасы: А-4 түрлі түсті параққа желпуіш жасалынып, әрбір бөлігіне
кезекпен идеялар жазылады, кейін талқыланады.
Тиімділігі: идеялар жинақталады.
51. «Гүлмен тілек»
Мақсаты: сергіту және топқа біріктіру, тыңдау дағдыларын дамыту,
Сипаттамасы: оқушыларды сабаққа толық қатыстыру арқылы барлығын
теңестіру, жағымды ахуал қалыптастыру. Оқушылар арнайы дайындалып
келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің
астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл
күйін көтереді, бауырмалдық қасиеті оянады.
52. «Сұраққа жетіп ал» әдісі
Мақсаты: Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру,
сұрақ қою дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы: Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақ қояды
және талқылайды. Мәтінді толық немесе бір бөлігін оқыту (мәтіннің
күрделілігіне, оқушылардың даму ерекшелігіне қарай) оқылған мәтіннің
мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қою. 1-ші доп– сұрақ қояды, 2-ші доп сол
сұраққажауап береді.
Тиімділігі: Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Ақпаратпен
ықыласпен жұмыс жасайды. Мәтінге, әңгімеге сұрақ қояды, тұжырымдайды.
Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды.
Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды.
53. «Галереяны шарлау» әдісі. Саймон Браунхилл бойынша.
Мақсаты: Сараптау, жинақтау, бағалау.
Сипаттамасы: Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. «Галереяға саяхат»
–топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды,
сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын
жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу
35
жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды,
талқылайды, сұрақтарға жауап береді жәнеқорытынды жасайды.
Тиімділігі: Талқыланған мәселе,дайындалған постер бойынша қорытынды
жұмыс немесе өнімді ұсыну арқылы өз жұмысын ұсыну, идеяларын қорғау,
ерекше идеялар ұсыну.Ақпаратпен тиянақты жұмыс жасалады. Сыныптастарын
ұсынылған мәселе, ақпарат туралы елестетуімен таныстырады; ұсынылған мә-
селе туралы өзгелердің пікірін біледі; өз жұмысын сыныптастарымен талқылай-
ды, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді.
54. «Менің есімімнің тарихы» әдісі. А.Ж.Егізбаев бойынша
Мақсаты: Оқушыларды бір-бірімен таныстыру, олардың бойында
құндылықтарды қалыптастыру, адамның туылған кезде есімін қоюға үлкен мән
беруге бағыттау, тәрбиелік аспектісін дамыту.
Сипаттамасы:1 күн бұрын өзінің есімінің тарихы, кім және қашан қандай
жағадайда қойғаны туралы зерттеу тапсырма беріледі.Сабақта жеке-жеке
сұралады. Сонда әрбір оқушы өзінің есімінің тарихы туралы айтып береді.
Тиімділігі: Оқушыларды бір-бірімен жақынырақ танысады, олардың
бойында ұлттық құндылықтар қалыптасады, адамның туылған кезде есімін
қоюға үлкен мән беру керектігін түсінеді, зерттеушілік дағдыларын дамытады.
55. «Заряд алу» (сергіту сәті) А.Ж.Егізбаев бойынша.
Мақсаты: Оқушыны ұқыптылыққа, мұқияттылыққа, сезімталдыққа
үйрету.
Сипаттамасы: Шаттық шеңберге барлығы тұрып, көздерін жұмады.
Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады,
соңында 3 рет қысады, бұл бастапқы бастаушыға барғанда қанша заряд
жібергені бойынша қайта келу керек.
Тиімділігі: Ресурс қажет етпейді. Оқушылар ынтымақтасады. Көңілдерін
көтереді.
56. «Мюллердің ғажайып саны» тәсіл. Харизма бойынша (А.Подгузов.)
Мақсаты: 7±2=5\9 формуласы арқылы
Сипаттамасы: мәтін құрудағы сөйлемнің көлемі 5-9 сөзден аспау керек.
Тиімділігі: SMART-мақсаттар нақтыланады.
57. «Биографиялық поэма» (Биопоэма)
Мақсаты: бір-бірін жетік тану.
Сипаттамасы: Тақтаға немесе әрбір оқушыға параққа жазылып, өзі
туралы мынандай сауалдарға жауап беру тапсырылады:
1. Есімім (Өз есіміңізді келтіріңіз)
2. Мен қандаймын? (Өзіңізді сипаттайтын үш сын есім келтіріңіз).
3. Сүйікті іс-әрекеттерім (Қол боста айналысуды құмартатын үш
әрекетіңіз, хобби)
4. Неден қорқамын, сескенемін? (Өмірдегі қорқыныш пен қауіптеріңіз)
5. Өмірлік қағидам (кредо) (Өмірде ұстанатын басты қағидаңыз,
ұраныңыз)
6. Сүйікті ақын-жазушыларым (Қандай ақын-жазушыларды ұнатасыз?)
7. Сүйікті тағамдарым (Қандай тағамдарды ұнатасыз?)
36
8. Менің жетістіктерім (Отбасыңызда, оқуда, жұмыста қандай
жетістіктеріңіз бар?)
9. Менің арманым (Бір арманыңызды атаңыз)
10. Тегім
Бұл тапсырманы орындауға оқушыларға 4-5 минуттай уақыт берілген соң,
олар жазғандарын шағын топ ішінде немесе бүкіл сыныпқа (егерде оқушылар
саны аз болып немесе уақыт жеткілікті болса) оқып береді. Биопоэмаларды
оқығаннан кейін, оқушылардың бір-біріне сұрақтар қойып, таныстығын
тереңдете түскені дұрыс.
Биопоэма сұрақтарын түрлендіріп әрі толықтырып жіберуге де болады.
Мәселен, олардың қатарына П. Макдермот «Мен қандай туыспын?» деген
сұрақты қосады, оқушылар мұнда өздерін туыс ретінде атайды («Мен әке-
шешемнің ұлымын/қызымын, немере, аға/әпке, іні/қарындас не сіңлі,
бауырмын» деген секілді). Мұнымен қатар автор сүйікті заттарды, басынан
кешкен сезімдерді, қол жеткізген табыстарды, көргісі келген немесе
құмартатын нәрселерді (заттарды), туған жерін (немесе тұрғылықты жерін)
атауды ұсынады.
Мұндай биопоэмада «Сүйікті гүлдеріңізді (пәндер,түстер, спорт түрлері,
машина не ұялы телефон түрлері, есімдер, мұғалімдер,спортшылар, актерлер,
әншілер,т.б) атаңыз» секілді тапсырма да беруге болады.
Тиімділігі: Бұл тәсілді бастары жаңадан қосылған оқушылармен ғана
қолданбай, бұрыннан бір-бірін білетін топ ішінде де қолдануға тиімді, өйткені
көп жағдайда келтірілген сұрақтар оқушыларды бұрын ескерілмеген жаңа бір
қырынан ашады
Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, ал мұғалім –
осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Ағылшындық ағартушы Уильям
Уорд «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім
көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» дегендей, оқытудың сапалы және
табысты болуы – белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған
жағдайларға бейімделе алуында.
2.2.Жалпы білім беретін мектептерде тіл пәндерін оқытуда Блум
таксономиясының тиімділігі.
«Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспарын құру әдістемесі»
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум
таксономиясының авторы.
1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті
әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын
ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып
табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас
нысанын құру.
«БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ» теориясы бойынша жаңа сабақты өз
бетімен меңгерту тапсырмалары
Теориясы:
37
«БІЛУ» мақсатына жету үшін Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?
т.с.с. сұрақтар тапсырмалар шартында болу керек. Сол арқылы оқушылар
тақырып бойынша толық ақпаратты меңгереді.
Бос орындарға қажет сөздерді қойып, мысал келтір.
1. Ереже: Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатысқан
сөйлемдерді толымды сөйлем дейміз. Мысалы, Ол шиті мылтықпен кешке киік
атып әкелді.
2. Сөйлемдердегі жақшаның ішіндегі бос орынға қажетті сөзді қойып,
басты ерекшелігі неде екенін ережесі арқылы түсіндір.
Балам, қайдан келдің? – Балам, (сен) қайдан келдің?
Астанадан. – (Мен) Астанадан (келдім).
Ереже: Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің
түрін толымсыз сөйлем дейміз.
3. Ол әуелі келгенін байқамай қалды. Бұл сөйлемді толымдыға айналдыру
үшін не істеу керек?
Толымсыз сөйлемдер екі түрлі жолмен жасалады:
Біріншісі: өзара желілес сөйлем тобында;
Екіншісі: сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы, екі не
бірнеше адамның сөйлесуі жағдайында жиі кездеседі.
4. Сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы тағы қандай жағдайда
кездесуі мүмкін? Жауабы: қажетті мүшенің айтылмауы, көбіне, оның алдыңғы
сөйлемде айтылғандығына, оның не екені белгілі болып тұруына байланысты.
Теориясы:
«Түсіну» Неліктен? Не себепті? Не үшін? Неге? т.с.с. сұрақтар оқушының
жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол тақырыпты тереңірек
меңгереді.
Бос орындарға қажетті сөздерді қой.
1. Толымсыз сөйлемнің басты ерекшелігі түсіп қалған немесе қажет болған
сөзді орнына қойғанда, ол толымды сөйлемге айналады.
2. Диалог жағдайында не себепті толымсыз сөйлемдер жиі кездеседі?
Диалог жағдайында толымсыз сөйлемнің жиі кездесетін себебі, яғни,
сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмауы, көбінесе оның алдындағы
сөйлемде айтылғандығына, жалпы,оның не туралы екені белгілі болып тұруына
байланысты.
3. Толымды сөйлемнің қасиеті қандай?
Сөйлем толымды сөйлем болу үшін айтушыға керекті сөйлем мүшелері
сөйлемге түгел қатысу керек.
Теориясы:
«Талдау» 1.Салыстыр 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3
тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады
Кестедегі толымды, толымсыз сөйлемдердің жасалу жолын салыстыр,
ерекшелігін тап.
Екі түрлі жасалу жолы бар:
а) өзара желілес сөйлемдер тобында;
38
б) диалог жағдайында
Теориясы:
«Жинақтау» Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле,
анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш; т.б. сөздер тапсырма
шартында болу керек.
Жаңа тақырып бойынша өз ойыңмен анықтама беріп, қорытынды жаса.
Жауаптарын сәйкестендір.
Үлгі:
Практикасы:
«Қолдану» Оқулықпен жұмыс. Тек қарапайым тапсырмалар орындалады.
1. Кітаппен жұмыс. Мысалы, жаттығу. Берілген сөйлемдерден екі толым-
ды, екі толымсыз сөйлемдерді тауып, жасалу жолына ауызша талдау жаса.
2. Осы жаттығудан бір толымсыз сөйлемнің жетпей тұрған мүшелерін
тауып, толымды сөйлем етіп шығар.
– Біздің ауылдың баласы. Екі жас үлкен.
– Сейіл біздің ауылдың баласы. Ол бізден екі жас үлкен.
Практикасы:
«Баға беру» Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген сөздер тапсырма
шартында болу керек.
Бұл тапсырмалар оқушылардың жоғарыда алған білімін (теориясы
бойынша) және бойында қалыптасқан біліктілігін (практикалық тапсырмалар
арқылы) күнделікті өмірде қолдану.
Сен қалай ойлайсың, күнделікті өмірде толымды сөйлемді жиі қолданамыз
ба, жоқ толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз ба? Біз үшін қандай маңызы
бар?
Бір шәкірттің ойы: Менің ойымша, біз толымсыз сөйлемдерді күнделікті
өмірде жиі қолданамыз. Себебі, адамдар бір-бірімен сөз арқылы қарым-қатынас
жасау барысында диалог арқылы сөйлеседі және диалог барысында сөйлемге
қажетті мүшелерді толық айтып жатпайды. Өйткені, олар (адамның аты-жөні,
белгілі бір мәселе жайы) алдыңғы сөйлемде айтылып кеткен, не екенін белгілі.
Толымсыз сөйлемдердің маңызы қарым-қатынас жасаудағы
қарапайымдылығында.
Кері байланыс - бағалау кезеңіндегі осы материалды меңгерту кезеңі
Теориясы:
«Білу» мақсатына жету үшін Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?
т.с.с. сұрақтар тапсырмалар шартында болу керек. Сол арқылы оқушылар
тақырып бойынша толық ақпаратты меңгереді.
1-деңгей
1. Толымды сөйлемдерде ой қалай жеткізіледі?
Толымды сөйлемде айтушыға керекті сөйлем мүшелері түгел қатысады,
сондықтан ой толық жеткізіледі.
2. Толымсыз сөйлемдер қандай жағдайларда қолданылады?
39
Толымсыз сөйлемдер екі түрлі жолмен жасалады:
а) Өзара желілес сөйлем тобында. Мысалы, Қарлығаштар тағы келді.
Тағы кетті. Қайта-қайта келе берді.
э) Диалог жағдайында (екі не бірнеше адамның сөйлесуінде) жиі
кездеседі.
Яғни, ойға қажетті мүшенің айтылмауы оның алдыңғы сөйлемде
айтылғандығында, жалпы, ойдың не туралы екені белгілі болып тұруына
байланысты. Мысалы,
- Айару! - деді Қамқа әжесі, - анау сөмке сенікі ме?
Менікі.
Ауыр ма?
Жеңіл.
Практикасы:
«Қолдану» қарапайым үлгідегі тапсырмалары орындалады.
Мына сөйлемді толымды сөйлемге айналдыр, сөйлемдерді құрылысына
қарай талдап, ерекшелігіне тоқтал.
Оңаша қоштасты. Абай Ділдәмен оңаша қоштасты.
Талдау үлгісі: қоштасты – етістіктен болған баяндауыш;
Абай – атау тұлғалы зат есім;
Ділдәмен – зат есімнен болған толықтауыш;
Оңаша – үстеуден болған пысықтауыш.
Теориясы:
«Түсіну» Неліктен? Себебі? He үшін? Неге? т.с.с. сұрақтар оқушының
жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол тақырыпты тереңірек
меңгереді.
1. Жай сөйлемдер неліктен толымды, толымсыз болып екіге бөлінеді?
Себебі:
а) Толымды сөйлемде ойды жеткізуде айтушыға керекті сөйлем мүшелері
түгел қатысады. Мысалы: Ол кешке дейін барлық жұмысын түгел аяқтады.
ә) Толымсыз сөйлемде ойға қатысты сөйлем мүшелерінің бірі түсіп
қалады. Мысалы: Шараны сайладьқ.
2. Диалогта неге толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз?
Себебі: Екі не бірнеше адамның сөйлесуі кезінде ойға қатысты
сөйлемдерді қайталап айта бермеу үшін, ол сөздердің алдыңғы сөйлемде
айтылғандығына байланысты жиі қолданамыз.
Теориясы:
«Талдау» 1. Салыстыр. 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4.
Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу керек. Немесе, 1-3
тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
Мысалы, жаттығудағы берілген мәтіннен бір шешендік сөзді алып,
сөйлемдерін толымсыз сөйлемге айналдыр.
Үлгі: Үргеніш шешені:
Сөз анасы не?
Су анасы не?
- Жол анасы не? - деп сұрайды.
40
Сонда Сырым батыр:
Сөз анасы – құлақ,
Су анасы - бұлақ,
Жол анасы - тұяқ! - деп жауап береді.
Толымсыз сөйлем: Үргеніш шешені: Сөздің, судың, жолдың анасы не? –
деп сұрайды.
Сырым батыр: Сөздікі – құлақ, судікі – бұлақ, жолдікі – тұяқ! – деп
жауап береді.
1. Шешендік сөздің көркемдігіне нұқсан келе ме, жоқ па? Себебін айт.
Толымды сөйлемді толымсыз сөйлемге айналдырғанда, шешендік сөздің
көркемдік нұсқасына нұқсан келеді. Ссбебі: ырғақ, ұйқас өзгереді.
Практикасы:
«Қолдану» Қарапайым тапсырмалардың өзгертілген жағдайдағы нұсқала-
ры орындалады. Оқулықтағы жаттығуды орында (екі толымды, екі толымсыз
сөйлемді теріп жаз. Толымды сөйлемде айтылмай қалған сөзді анықта)
Толымды сөйлемдер:
1. Бірақ атайтын кісі бұл жиыныңнан табылмайды дen тe айтпаймын.
2. «Осының бірі лайық қой» - деген қошеметші де бұл жиында жоқ емес.
Толымсыз сөйлемдер:
1. Сендер кімнің төбе би болатынын атамадыңдар ғой.
2. Асыл ағаң болыс та, би де боламын деп өктеген де емес.
Теориясы:
«Жинақтау» Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле,
анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш, т.б. сөздер
тапсырма шартында болу керек. Сұрақтарға жауап беру арқылы бос торларды
толтыр.
1. Тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлем қалай аталады?
2. Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрі.
3. Құрамында бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы
тауып алуға болатын сөйлем.
4. Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлемнің түрі.
Практикасы:
«Баға беру» Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? сұрақтары қатыстырыл-
ған тапсырмалар болуы керек.
1. Төменде берілген сөйлемдердің құрылысы қалай жасалған?
Мен оны таныдым. Ағам! Атақты ағам! Аты осы атырапқа әйгілі ағам!
Бейшара, бақытсыз ағам! Жүрегім аузыма тығылды. Көкірегіме өксік толды.
Көзіме жас келді.
Бұл толымсыз сөйлемдер, оларды өзара желілес сөйлемдер тобына іріктеу
арқылы жасалған.
2. Сен қалай ойлайсың? а) бұл толымсыз сөйлемдерді толымды
сөйлемдерге айналдырсақ, автордың ойын көркемдеп жеткізу тәсіліне нұқсан
келе ме? ә) егер нұқсан келсе, себебін түсіндір; б) мұндай баяндау әдебиеттің
қай түрінде кездеседі?
41
Шәкірт пікірі: Менің ойымша: а) жоғарыда берілген толымсыз
сөйлемдерді толымдыға айналдырсақ, автордың айтқысы келген ойына ңұқсан
келеді; ә) себебі, ол сөйлемдердегі қажетті мүшелердің айтылмауы арқылы
автордың жан тебіренісі байқалып тұр және кейінгі ойда алдыңғы ойдың желісі
үзілмеген; б) мұндай баяндау көркем әдеби шығармаларды жиі кездеседі.
1.«Блум түймедағы» әдісі
Мақсаты: оқушыны әр қырынан тану үшін сұрақтарды түрлендіріп қою:
Сипаттамасы: Блум түймедағының алты күлтесі – сұрақтар типінің алты
түрі.
1. Қарапайым сұрақтар. Оларға жауап бере отырып, болған жайттар
туралы әңгімелеп беруге болады. Дәстүрлі бақылау жұмыстарында,
терминологиялық диктанттарда, т.б. қолданылады.
2. Анықтаушы сұрақ. Әдетте, «Сонда сіз солай демекшісіз ғой ..?», «Менің
түсінуімше, сіз ...», «Менің қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше, сіз былай айтқан
сияқты болдыңыз...» деген сұрақтар болады. Бұл сұрақтар анықтау мақсатында
жайдары көңілмен берілуі керек.
3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ. «Неліктен жапырақтар күз
мезгілінде сарғаяды?» - деген сұрақтың жауабын оқушылар білетін болса, ол
сұрақ жай сұраққа «айналады».
4. Шығармашылық сұрақтар: «егер», «болса», «қалай болар еді» деген
сияқты сөздермен келеді.
5. Бағалау сұрақтары. «Неліктен бұл жақсы, басқасы жаман деген баға
алды?», «Бір нәрсе екінші нәрседен несімен ерекшеленеді?» - деген сұрақтар
бағалау критерийлерін түсіндіруге бағытталған.
6. Тәжірибелік сұрақтар. «Күнделікті өмірде қай жерде байқайсыз?»,
«Кейіпкердің орында болсаңыз, не істер едіңіз?» - деген сипаттағы сұрақтар
теория мен практиканы ұштастырады.
Болжам жасау үшін, мәселені жан-жақты қатыстыру үшін
Бағалаушы
«Неліктен бір нәрсе жақсы, енді бір нәрсе жаман?», «Бір сабақтың екінші
бір сабақтан айырмашылығы қандай?», «Бас кейіпкердің іс-әрекетіне қалай
қарайсыңдар?»
Оқиғалар, фактілер мен құбылыстарды бағалау, критерилерін анықтау
үшін
Қолданбалы
«...қалай қолдануға болады?» «...не жасауға болады?», «Өмірде қай жерде
кездестірер едіңдер?»
Тиімділігі:Теория мен практика арасында байланыс орнату.
2.«Боди-арт» әдісі
Мақсаты: қырағылыққа, сезінуге, ұқыптылыққа, мұқияттылыққа баулу.
Сипаттамасы: Барлық қатысушылар бірінің артына бірі тұрады. Соңғы
ойыншы алдыңғының арқасына өзі қалаған суретті салады, ол ойыншы ненің
суретін сезінгенін өзінің алдындағы оқушыға салады. Осылайша алдыңғы
қатысушыға дейін сурет салу жалғасады. Соңғы және бірінші баланың
42
суреттері салыстырылып, кімнің тұсынан ағаттық кеткені анықталады. Екі
қатарға тұрып, қай қатардың нәтижесі әрі тез, әрі дұрыс болғандығын
салыстырып, жарыстыруға да болады.
Тиімділігі: Жағымды ахуал туады. Көңілдері көтеріледі.
3.«Борт журналы» әдісі
Мақсаты: «Борт журналы» - тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын
жазуға үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтиды.
Сипаттамасы: «Борт журналы» қарапайым түрде мәтінді оқу алдында
және оқу материалымен танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі
сұрақтарға жауап жазады. Мәтіннің түйінді ойларын оқушылар өздерінің «Борт
журналына» енгізеді. Оқу кезіндегі үзілісте оқушылар тақырыпты өз
ойларымен, тәжірибелерімен байланыстырып, «Борт журналының» бағандарын
толтырады.
Тиімділігі: Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып жұмыс орындайды,
оқушылардың кейін жазбаларын пайдалана білулеріне мүмкіндік туғызады.
4.«Бөлмедегі заттар» әдісі
Мақсаты: сөздік қорын арттыру, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сипаттамасы: Сабаққа рефлексия жасау үшін әр оқушы бөлмедегі бір
жансыз заттың атын жазады. Қағаздар жиналып, әр оқушы бір қағаздан суырып
алады да, сол заттың атынан бүгінгі сабақ, өзінің оған қатысы туралы сөйлейді.
Мысалы: «Мен столмын. Бүгін маған тыныштық болмады. Алдымен, топқа
бөліну үшін құлағымнан ұстап алып жан-жаққа сүйреледі. Содан соң үстіме
қағаздар жайып тастап, постер сызды. Мен бүгін «Сын есімнің түрленуі оның
шырай формасына енуі екенін. Шырайдың екі түрі болатынын айтып бере
аламын.» т.с.с. жалғасып кете береді.
Тиімділігі: кері байланыс орнату.
5.«Броундық қозғалыс» әдісі
Мақсаты: Тақырыпты игерту
Сипаттамасы: Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен
ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп,
берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.
Тиімділігі: ақпарат жинайды, ойларын айтады.
6.Бұл кім?» әдісі
Мақсаты: Бұл ойсергек оқушылардың бір-біріне деген ынта-ықыластарын
арттыруға бағытталған.
Сипаттамасы: Жүргізуші (мұғалім немесе әдейі дайындалған оқушы)
сыныптағы бір оқушыны ауызша сипаттайды: оның бет әлпетін, сыртқы
пішінін, киімін, сөйлеу мәнерін, әдеттерін т.б.келтіреді. Әрине, ол оқушының
есімін атауға болмайды және де сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан
болуы керек, мұнда оқушыны мақтаған дұрыс.
Бір-екі сипаттан кейін жүргізуші оқушылардан: «Бұл кім? Сіздер
таптыңыздар ма?» деп сұрап, олардың жауаптарын тыңдайды. Оқушылар
таппаса, сипаттауды әрі қарай жалғастыра береді.
43
Мысалы, «Бұл оқушының күлкісі өте әдемі. Ол ақ жейде киген...Ол кім?...
Бұл оқушыны жолдастары сыйлайды. Оның қолында қаламсап бар... Ол
кім?...»т.б.
Тиімділігі: оқушылардың бір-біріне деген ыстық ықыласы арттырады.
7.«Бұлт үстіндегі саяхат» әдісі
Мақсаты: оқушыларды сергіту
Сипаттамасы: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең
дем алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ
жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне
секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа
ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға
көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда. Биік аспанда мүлгіген
тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді.
Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және
таңқаларлық оқиға орын алуы мүмкін....(30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт
үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп,
оған рақмет айтыңдар...Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды
созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер.
Тиімділігі: оқушылар сергиді, пәнге деген қызығушылығы артады.
8.«Бұрыштар» әдісі
Мақсаты: Топпен жұмыс жасау.
Сипаттамасы: Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін төрт
жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс
деген жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста
тұжырымдайды және өздерінің көзқарастарын дәлелдейді.
Тиімділігі: топтық жұмыс орнайды, өз көзқарастарын дәлелдейді.
9. «Былғары қолғап» әдісі
Мақсаты: Қандай да бір ақпарат алуда шапшаңдыққа баулу.
Сипаттамасы: Ойын шарты: үш адамнан тұратын топтарға бөлінеді, екі
ойыншы, бір төреші. Мұғалім нұсқаған уақытта берілген тақырып бойынша
сұрақ-жауап сағатын ұйымдастырасыңдар. Ол қарсыласы тоқтап қалғанша
жалғаса береді. Төреші есеп жүргізіп отырады. Рөлдермен ауысып жүргізуге
болады.
Тиімділігі: тиімді сұрақ-жауап әдісі жүзеге асады.
10. «Білетініңіздің барлығы» әдісі
Мақсаты: Қандай да бір ақпарат алуда шапшаңдыққа баулу.
Сипаттамасы: Оқушылар тарауды оқуға кірісудің басында не туралы не
білетінінің барлығын жазады. Сосын мұғалім қайталауды болдырмас үшін,
алынған ақпаратты пайдалана отырып, оқуды тиісті жолмен жүргізеді.
Тиімділігі: Оқушылар алған білімдерін жинақтап, ең маңыздыларын
ұсына алады.
11.«Білімдарлар» әдісі
Мақсаты: Оқушыны жылдам ой қорытуға тәрбиелеу.
Сипаттамасы: Ең алдымен, ойынның басында «білгірлер» анықталады,
олар өздеріне топ құрады. Ойынға қатысушылар топтары бойынша парта
44
басына отырады. Бір топ тақта жанында қалады. Басқа топтардың өкілдері
оларға оқылған тақырыптары бойынша сұрақтар қояды.Топтың сұрақты өз
ішінде талдауы 20 секунд қана жүреді де, бір оқушы жауап береді (кезекпен).
Жеңімпаз топ дұрыс жауаптар мөлшерімен анықталады.
Тиімділігі: аз уақыт ішінде нәтижеге қол жеткізе алады.
12.«Бір ауыз сөз» әдісі
Мақсаты: Сабақ туралы өз ойларын қысқаша жеткізу.
Сипаттамасы: Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып,
оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты
бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға
жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым,
ұмтылдым, есте сақтадым т.б
Тиімділігі: ойы сергиді, тақырып бойынша қажеттілікті анықтайды.
13.«Бірге ойлаймыз»
Мақсаты: Бұл сыныбыңызда талқылауға және диалогқа ықпал ететін және
«Қолыңды көтеріп адамға сену» көзқарасынан бас тартуға көмектесетін жақсы
тәсілі.
Сиаттамасы: 1. Оқушыларды 4 адамнан тұратын топқа бөліп, әр оқушыға
1-ден 4-ке дейін нөмір беріңіз.
2. Одан кейін сіз оқушыларға топта талқылау үшін сұрақ қоясыз. Берілген
уақыт біткеннен кейін, олар өз жауаптарын планшетке жазады және сыныппен
бөліседі.
Сізге балалар арасында бәсекелестік тудыру үшін ұпай есептеу жүйесін
пайдалануға болады. Одан кейін барған сайын күрделілігі артатын сұрақтарды
пайдалана отырып, сипатталған қадамдарды қайталайсыз.
Тиімділігі: топпен жұмыс жасайды, бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі.
14.«Бір қадам алға...» әдісі
Мақсаты: оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Сипаттамасы: Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға
байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате
болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім столына жеткенше, бірнеше сұрақ
қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.
Тиімділігі: оқушы ойын тез жинайды, назарын сабаққа аударады.
15.«Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру» әдісі
Мақсаты: Бағалау
Сипаттамасы: Сыныптастарды бағалау оқушылардан бірлесе жұмыс
істеуді талап етеді. Әрине, ОҮБ-нің өзі бірлескен жұмысты білдіреді,
сондықтан бірлескен жұмыс дағдысын айқын және анық қалыптастыру қажет.
Аталған үдерісті оқушылармен бірлескен жұмыс түсінігін талқылау арқылы
бекітуге және осындай сабақты сабақтың көзге көрінетін бөлшегі етуге болады.
Тиімділігі: оқушыларды тиімді бағалау.
16.«Бірлік» әдісі
Мақсаты: Бірлік түбі - тірлік.
Сипаттамасы: Оқушылар шағын топ құрамында бір қолын жұдырыққа
жұмып, бір мезгілде саусақтарын ашады. Оқушылардың барлығы да бірдей
45
саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылардың біркелкі саусақ көрсеткенге
дейін жалғасады.
Ойын кезінде оқушылар сөйлеспеуі керек.
Тиімділігі: ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке үйренеді.
17.«Бір минут» әдісі
Мақсаты: сабаққа шолу жасау
Сипаттамасы: Оқушылар кезек бойынша бір минут ішінде сабақ
тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз және қатесіз сөйлейді.
Тиімділігі: сөз байлығы, тілдік сауаттылығы дамиды.
18.«Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі
Мақсаты: тақырып бойынша рефлексия жасау.
Сипаттамасы: Оқушылар олардың тақырып бойынша білімдерін
түйіндейтін бір сөйлем жазады. Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай
жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін. Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар
бағалай алады, немесе көшіріп жазады, т.б.
Тиімділігі: түйіндейді, тұжырымдайды, бірін-бірі бағалайды.
19.«Венн диаграммасы» әдісі
Мақсаты: салыстырып отырған түсінік пне құбылыстың ортақ және жеке
ерекшелітерін анықтау, белгілеу.
Сипаттамасы: Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына
салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан
жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды
осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады.
Тиімділігі: салыстыру арқылы өз ойларын талдайды және сараптайды.
20.«ВЕЕР» әдісі
Мақсаты: сұрақ - жауап арқылы бір-бірінің білімдерін тексеру.
Сипаттамасы: қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне
сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне
қысқаша жауап жазып тапсырады.
Тиімділігі: нақты, әрі жылдам.
21.«Гүлдер» әдісі
Мақсаты: оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ықыласын
арттыру.
Сипаттамасы: оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі.
Олар сабақ қорытындысы бойынша жасыл түсті гүлді ең көп көмектескенге,
сары гүлді ең сыпайы оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға
беруі керек. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен?
Тиімділігі: оқушылардың сабаққа деген ынтасы артады.
22.«Ғажайып көрме» әдісі
Мақсаты: шығармашылық қабілеттерін арттыру, өзіне деген сенімін
молайту.
Сипаттамасы: бұл – ең үздік туындылар мен тосын тапқырлыққа
негізделген әрекеттерді тамашалауға мүмкіндік беретін көрме. Бала өз суретінің
тіл сабағының қай тақырыбына, қандай ұғым-түсінікке байланысты
салынғанын айтып беруі шарт. Өлең, жұмбақ, ертегі, шығарма, сыр-пікірлерін
46
ұсынған балалар өз шығармашылықтары жайлы тіл сабағына қатысты
әңгімелеп, тілге қатысты ойларын би тілімен, шахмат тілімен, өзге пәндер
терминдерімен және т.б. тосын тапқырлықтарымен танытар қиял еркіндігіне
жол береді.
Көрсетілімге сай киінуін, дене қимылы мен сөз үндестігін сақтауын, көп-
шілік алдында өздерін әдепті ұстауын талап ету баланың өзін ортада қымсын-
бай, еркін ұстап үйренуіне жол ашады, көпшілік алдында өзін ұстау мәдениетін
игеруіне қолайлы орта жасалады. Киіну мәдениетін қалыптастырады:
талғаммен киіне білу – адамның өзіне сенімді болуының кепілі.
Тиімділігі: ой мен дененің қимылының ырғақты үйлесуі – баланы би
алаңында бұғып қалудан немесе оғаш қимылдаудан құтқарып, денесін игере
алмаудан туған сенімсіздігін жояды.
23.«Даналық ағашы» әдісі
Мақсаты: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтау, жинақталған
деректердің құнды болуын қадағалау.
Сипаттамасы: оқушылар ішінен бір жүргізуші сайланады. Жүргізушінің
қолында қорап немесе сандықша болуы керек. Оқушылар тақырып бойынша
ашық сұрақтар құрастырып, жүргізушіге береді. Сұрақтар құрастырылып
біткен соң, оқушылар сандықшадан кез келген сұрақты алып, дауыстап оқиды,
толық жауап беруге тырысады. Қойылған сұрақпен берілген жауап бағаланады.
Тиімділігі: оқушылардың сұрақ қою дағдысы қалыптасады және сұрақ
қою арқылы өзара ашық пікрлеседі.
24.«Данышпан үкілер» әдісі
Мақсаты: мәтінді жан-жақты талқылау.
Сипаттамасы:
• Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері.
Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте
жазыңыз. Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің бұрынғы ұғымдарыңызға қарсы тұрған
ақпаратты табыңыз. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.
• Маңызды өмірлік даналық.
Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.
• Таныс және таныс емес.
Мәтіннен сізге алдында таныс болған және мүлдем таныс емес ақпаратты
табыңыз.
• Иллюстрациялық бейнелеу.
Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп
көріңіз.
• Үлгі боларлық қорытынды.
Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды
шығаруға бола ма?
• Талқылауға арналған маңызды тақырыптар.
Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды,
пікірлерді табыңдар.
Тиімділігі: құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады.
47
25.«Дарабоз» әдісі
Мақсаты: оқушы еңбегін жан жақты бағалау, сенімділігін арттыру.
Сипаттамасы: Бала еңбегін сабақта бағалауға арналған рейтинг жүйесінің
қарапайым түрін ұсынар едік. Мұғалім өзінің жеке шығармашылық журналы
төмендегі бағытта бағалау жүйесін қолданады. Бұл баланың төмен баға алу
қорқынышынан туатын қажетсіз әрекеттерінен арылып, шынайы еңбегімен
көрінуге ұмтылуына ықпал етеді. Ұжымда демократиялық қатынастар орнатуға
қызмет етеді.
Тиімділігі: бірінші орында баланың қабілетінен гөрі еңбектенуі
тұратындығында. Тынымсыз еңбек қабілетті дамытады. Баланың сенімділігі
мен қызығушылығын ұштайды.
Бала еңбегі мынадай бағыттарда жан-жақты бағаланғаны жөн:
• сабаққа қатысуы;
• оған даярлығы;
• тапсырманы орындауы;
• өзіндік жұмысы;
• ынтасы;
• сабақтағы жауабы.
Мұндай жағдайда «екі» деген баға болмайды, себебі өзін ықтырып,
үркітетін бағаны емес, жинақталған балды көріп, кемшілігін түзетуге
мүмкіндігі бар екеніне сенімді болады.
26.«DEAL» әдісі
Мақсаты: талдау, болжау, байланыстыру, қортынды жасау.
Сипаттамасы:
D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау,
өлшеу).
E –Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін,
түсінгендерін суреттеу).
A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін
атау).
L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар
біліммен байланыстыру).
Тиімділігі: өз бетінше жұмыс жасауға, жан жақты талдау, қорытынды
жасауға үйренеді.
27.«Диаманта» әдісі
Мақсаты: ұсынылған проблема бойынша жан жақты түйіндеме жасау.
Сипаттамасы: Диаманта – жеті жолдан тұратын өлең түрі, бірінші және
соңғы жолдары қарама-қарсы мәнде болуы қажет. Мағыналары қарама-қарсы
түсініктермен жұмыс істегенде пайдалы.
1,7 – жолдары – антоним-зат есімдер;
2 – бірінші зат есімге екі сын есім;
3 – бірінші зат есімге үш етістік;
4 – зат есімді екі сөз тіркесі;
5 – екінші зат есімге үш етістік;
6 – екінші зат есімге екі сын есім;
48
Мысалы:
Қалаүлкен, көнесалынады, өседі, гүлденеді, танымал қала, кішкентай ауыл,
асырайды, дамиды, қалыптасады, әдемі, туғанауыл
Тиімділігі: ақпаратты қысқа да нұсқа түрде жазбаша тұжырымдайды.
28.«Дизайн» әдісі
Мақсаты: әр нәрсенің орнын білу, нәтижеге қол жеткізу.
Сипаттамасы: әр оқушы өзінің қандай жансыз зат екенін айтады.
Дизайнер келіп оларды өз талғамымен орналастырады. Ең бастысы, бәрін өз
орнына тиімді орналастыра білу. Сабақта да солай әр жұмыстың өз қызметі, өз
орны бар. Орнымен жұмсасақ қана нәтиже болатынын білдіру.
Тиімділігі: ой қорытуға, белгілі бір қортындыға келуге жетелейді.
29.«Динамикалық шеңбер» әдісі
Мақсаты: ынтымақта, бірлікте жұмыс жасау, түйінді ойды саралау.
Сипаттамасы: оқушылар коридорға шығып, ішкі және сыртқа шеңберге
бөлінеді. Сыртқы шеңбердегілер қозғалмай тұрады, ал ішкі шеңбердегілер
берілген тапсырмалар бойынша білетіндерін айтып келесі жұбына бір айналым
жасап шыққанша қозғалады. Сыртқы шеңбердегілер сол тақырып бойынша
жасаған қорытындыларын сыныпқа келіп айтады.
Тиімділігі: ұсынылған мәселе бойынша өзгелердің пікірін біледі, өз
жұмысын сыныптастарымен талқылайды, қортындылау арқылы өз білімін,
түсінігін кеңейтеді.
30.«Домино» әдісі
Мақсаты: топпен бірлікте жұмыс жасау, ойын сергіту.
Сипаттамасы: қағаз қиындылары домино пішіндес қиылып, ортасынан
қаламмен сызылады. Топтағы бірінші оқушы оң жақ бөлігіне сұрақ жазады,
келесі оқушы келесі домино парақшасының сол жағына сол сұрақтың жауабын
жазып, оң жағына өз сұрағын береді, тиісінше келесі оқушы өз доминосына
осындай жазба қалдырады.
Барлық топ өз доминоларын жасап болған соң, араластырып, көршілес
топқа домино қиындыларын құрастыруға ұсынады. Әрі жылдам, әрі дұрыс
құрастырған топ жеңіске жетеді.
Тиімділігі: сұрақ қоюға, шапшаңдыққа үйренеді.
31.«Домино - 2» әдісі
Мақсаты: дұрыс тыңдалымға, айтылымға бағыттау.
Сипаттамасы: қатысушылар столды жағалай отырады. Қолдарына
открытка қиындылары немесе балаларға арналған суретті лото не әріптерден
қиылған карточкалар таратылып беріледі. Бірінші қатысушы өзінің суретіне
байланысты әңгімені бастайды. Бұл ертегі, қияли, күлкілі әңгіме т.с.с. болуы
мүмкін. Ең бастысы, қолындағы сурет қамтылуы тиіс. Осы суреттің қиындысы
бар келесі ойыншы әңгімені жалғастыруы керек. Осылайша басы бүтін бір
әңгіме айтылып шығады.
Тиімділігі: сөздік қоры молаяды, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.
32.«Допты лақтыру» әдісі
Мақсаты: тиімді тыңдалым және айтылым. Қысқа әрі нақты сұрақ қою
және жауап беру.
49
Сипаттамасы: мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған
оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап
бере алмаса, допты басқа оқушыға береді.
Тиімділігі: бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың
орындалуына көмек береді.
33.«Достармен кездесу уақыты» әдісі
Мақсаты: ұйымшылдықпен топқа бөлу.
Сипаттамасы: оқушыларға осындай карточка беріп, сыныпты аралай
жүріп, өздеріне ұқсас бір жанды тауып әр сағаттың тұсына атын жазу
ұсынылады. Мысалы, сенің көзіңнің түсі маған ұқсайды екен. Сені сағат 12-ге
кездесуге жазып қойсам деп едім. Осылайша 4 сағаттың тұсына аттарын жазып
болған соң, сәйкес келген оқушылар бір топқа бірігіп жұмыс жасау
тапсырылады.
Тиімділігі: топпен біргіп жұмыс жасау.
34.«Дұрыс емес пікір» әдісі
Мақсаты: логикалық ойлау қабілетін арттыру, дұрыс шешім қабылдауға
бағыттау.
Сипаттамасы: талқылау үшін дұрыс емес жауаптарды қолданыңыз.
Дұрыс емес болғаны үшін ғана жауапты іріктеудің немесе «бұл қызық»
фразасын қолданудың орнына, үдерісті ашып көрсету үшін ойлау барысының
дұрыс емес бағыт алуына әкелетін сұрақтарды қолданыңыз.
Бұл ойдың логикалық барысын жақсартуға әкеледі және қате үшін
жазғыру болмайтын атмосфера орнатады.
«Мен бұл жауап дұрыс емес екеніне қуаныштымын... ендеше талқылап
көрейік...».
Тиімділігі: ұжымдасып өз ойларымен бөлісе алады, нақтылыққа үйренеді.
35.«Дыбыстау» әдісі
Мақсаты: образға ене білу, артистік қабілетін арттыру.
Сипаттамасы: Фильмнен өткен тақырыпқа байланысты немесе оқушы-
лардың деңгейіне сәйкес келетін үзіндіні дыбыссыз көрсетіп, оқушылардың
рөлге еніп, дыбыстауын тапсыруға болады. Алдымен үзіндіні дыбысымен
көрсетсе де болады. Дайындалуға оқушыларға жеткілікті уақыт беру қажет.
Тиімділігі: сезіну, образға ену.
36.«Егер ..., онда не болар еді?» әдісі
Мақсаты: қиялдай білуге, жақсылыққа сенуге баулу.
Сипаттамасы: оқушылардың бірі жүйрік қиялмен бір ситуация айтады,
қалғандары соның шешімін тауып жалғастыру керек. Мысалы,
«Егер әрбір адам дүниеге келе сала басқалардың ойын оқи алатын болса,
онда Жер бетінде не өзгеріс болар еді?»
«Егер Жердің тартылыс күші жоғалып кетсе, онда ...»
«Егер барлық адам сөйлеу қабілетінен айрылып қалса, онда»
Тиімділігі: бұл тәсіл оқушылардың қиялын дамытып, мидың ойлау
белсенділігін арттырады.
37.«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
Мақсаты: бағалау кезінде жағымды ахуал қалыптастыру.
50