The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by g.oringalieva, 2021-10-14 09:16:07

«Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық-креативтілік қабілеттерін дамытудағы жаңа амалдар»

Займолдина Ж.Г., Есубаева Г.

1

Пікір жазғандар:
Каплиева А.К. – п.ғ.к. доцент, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі
Бисенова Г. – Новый орта мектеп-лицейі директорының оқу-тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының
филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институтының 17.02.2021 жылғы сараптау кеңесінің № 42 хаттамасы

шешімінің негізінде баспаға ұсынылды.

Займолдина Ж.Г., Есубаева Г. «Бастауыш сынып оқушыларын
шығармашылық-креативтілік қабілеттерін дамытудағы жаңа амалдар»:
әдістемелік құрал. - Ақтөбе: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының баспа бөлімі,
2021 ж.-39 б.

Әдістемелік құралда жаңартылған бағдарлама бойынша қысқа мерзімді
сабақ жоспарлау және сабақ беруге көмектесетін сілтемелер, тиімді оқыту
тәсілдері, критериалды бағалау жүйесін қолдану бойынша практикалық
ақпарат, ықшамсабақ таныстырылымдары қамтылған.

Бұл әдістемелік құрал орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында
бастауыш сынып пәндері бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткен
бастауыш сынып мұғалімдері қолдануға арналған. Әдістемелік құрал бастауыш
сынып мұғалімдеріне тиімді оқытудағы жоспарлауда және іске асыруда көмегі
тиеді деген үміттеміз.

© «ӨРЛЕУ» БАҰО» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ФИЛИАЛЫ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ

БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ, 2021

2

АЛҒЫ СӨЗ

Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана
шәкірт жанына нұр ұялата алады.
Ахмет Байтұрсынұлы

Қазіргі білім берудің басты мақсаты-шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса,
ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны
ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық-креативті қабілетін
дамыту-мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.

Оқушының шығармашылық-креативті қабілетін ашу, оны алға қарай
дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет.
Мақсат-оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып,
шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру.
Міндет- оқушылардың шығармашылылық-креативті қабілетін дамыту, жан-
жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға
қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың танымдық,
шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет.

Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында әуел баста салынған.
Мұғалімнің міндеті - оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндікті
ашып көрсету. Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының
сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері
шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халық және жеке адамның
шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол
жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс - әрекетіне сол жетістіктерді
жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып
табыстарға қол жеткізеді. Балалардың креативтігін дұрыс түсіну үшін
шығармашылық, зияткерлік қабілеттер мен дарын арасындағы
айырмашылықты түсіну қажет. «Дарынды» деген термин әдетте жоғары
зияткерлік қабілеттерімен пара-пар тәрізді. Бірақ Валлах (1970) зияткерлік
қабілет пен шығармашылық бір-біріне тәуелсіз және шығармашылығы жоғары
балада жоғары зияткерлік қабілеттер болуы да, болмауы да мүмкін деп
есептеген. Балалар креативтілігінің көптеген өлшемдері мағынаны жылдам
ұғуға шоғырланған. Мағынаны жылдам түсінуге арналған тапсырмалар
балалардан миға шабуылдағыдай белгілі бір түрткі ойларға сәйкес көбірек
жауап ойлап табуды талап етеді.

Осы әдістемелік құрал бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибелеріне
қолдау көрсетіп, оқушылардың шығармашылылық-креативті мен өзіндік
ойлауын дамытуға көмек береді деп ойлаймын.

3

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІС РЕТІНДЕ - КРЕАТИВТІЛІКТІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Бүгінгі күні өткеннің қателіктері неден тұратындығын біліп қою
жеткіліксіз. Маңыздырағы – қандай бағыттарда ілгерілетуді ұғыну мен түсіну.
Осындай жаңашылдық бағыттардың бірі психологиялық-педагогикалық
білімдердің берік ағынын тірек еткен, ХХІ ғасыр білімі деп батыл санауға
болатын инновациялық креативті білім беру болып табылады.

Қазіргі білім беруді дамыту мен жетілдіруді түрлі инновацияларды
енгізусіз, жаңаша оқытуға қатысты үрдісті бағыттар қатарын қайта
қарамайынша елестету мүмкін емес. Сонымен бірге, қазіргі мектептің
педагогикалық үрдісін бүгінде қарқынды даму үстіндегі инновациялық білім
жүйелерімен, бірінші кезекте, шығармашылық қабілетке, шығармашылық
әлеуетке, шығармашылық өзін-өзі дамытуға, шығармашылық дербестіке,
креативтілікке қойылып жатқан талаптарға сәйкес келуі мәселесінің
қарастырылуына да үлкен мән берілуі керек.

Қазақстандағы сапалы білім беру ісін реформалаудың стратегиялық
міндеттерінің бірі – шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін дара тұлғаға терең
білім беру.

Оқушылардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай
негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным
әрекетін, диалектикалық ойлауы тағы да басқаларын қадағалап, балалармен
жеке, дара жұмыстар жүргізеді.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі жаңашыл педагогтар
(Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков) еңбектерінде арнайы сөз етіледі.

Шығармашылық – өте күрделі психологиялық үдеріс. Ол іс-әрекеттің
түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән. Шығармашылық әрекеттер орындау
арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.

Ал, креативті білім беру – қазіргі мектептерде оқытудың шығармашылық
қызметі сапасын анықтайтын, жаңаны тану мен жасауға бейімделу арқылы
танылатын әрбір жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттайтын интеллектуалдық
үрдіс. Оның қызмет етуінің негізгі принциптері болып:

 шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру;
 шығармашылыққа іс-әрекетке дайындық;
 Шығармашылық іс-әрекетті жобалау;
 өз әрекеті үшін адамгершілік тұрғыдан жауапкершілікке негізделген
дүниетанымды қалыптастыру;
 ғылыми білімдер жүйесін меңгеруде шығармашылық сипатта
пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру;
 шығармашылық ойлау белсенділігі мен интеллектуалдық іс-әрекеттің
дамуына жағдай жасау.

4

шығармашылыққа шығармашылық іс- инновациялық
дайындық әрекетті жобалауға дүниетанымды

көшу қалыптастыру

Шығармашылық- креативті білім
беру принцптері

жалпыланған білім инеллектуалдық іс-
жүйесін қалыптастыруға әрекетті дамыту

Қазіргі педагог жеке тұлғасына жаңа талап – инновациялық-креативті
білім берудің сипатына меңгеру, педагогикалық іс-әрекетте оқушылардың
шығармашылық қызығушылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруға және
дамытуға дайын педагог-зерттеуші, жаңашыл педагог, акмеолог болуға тиісті.

ш

ы

ғ АКМЕ
а

р
м Мәселенің шешімін табу

а

ш Креативтілік деңгей
ы

л

ы ОЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫН
қ ШЫҒАРУ

қ

ы Эвристикалық деңгей
з

ы

ғ ТАЛДАУ
у

ш

ы Ішінара іздену деңгейі
л

ы

қ ОЙ

5

Креативтілікті түсінуде осындай тәсілді А.В.Морозов ұсынады.
Креативтілікті ол жаңа өнім алудың ерекше көркем тәсілдеріне, мәселені шешу
жетістіктеріне, мәселеге әр түрлі көзқарастар тұрғысынан жаңаша қарауда
көрінетін жеке тұлға мінез-құлқының ерекшеліктері ретінде түсінді.

С.А.Медник креативтілікті жаңа талаптар мен кейбір арнайы талаптарға
жауап беретін элементтердің жаңа комбинацияларда қайта конструкциялану
үрдісі ретінде қарастырады, үш компонент функциясы тапсырмаларына
мыналарды креативті деп санайды.

1.біліктілік берілген салаға релевантт (білім, тәжірибе),
2.икем, релеванттық креатитілік (ойлау түрлері),
3.тапсырма мотивациясы.
Демек, креативтілік ұғымына қатысты ғылымда бар кейбір көзқарастарды
қарастыра келе, олардағы ортақ нәрсе: креативтілікті, әрбір адам
шығармашылыққа қабілетті, белгілі бір гипотетикалық қасиеттерге ие деген
тұжырым.
Сонымен, отандық педагогикалық және психологиялық ғылымда
«креативтілік» ұғымы «шығармашылық икемділік» ретінде аударылады
және индивидтің жаңа түсініктерді жасау мен жаңа дағдыларды қалыптастыру
қасиетін бейнелейтін қабілеті, яғни, шығармашылыққа қабілеттілік ретінде;
«танымдық белсенділігі арқылы көрінетін жеке тұлғаның шындыққа жету,
жаңаны жасаушылық көзқарасы ретінде»; «шығармашылық – субъектінің
жаңашылдықты тудыратын кейбір қабілеттерді ретінде»; өз қабілеттіліктерін
дамыту мен қолдануға дайындық ретінде қарастырылады. Мұнда өзіндік
мақсат қоюға қабілеттілік, берілген тапсырманың шегінен шыға алу қабілеті
сияқты креативтіліктің маңызды ерекше белгісі байқалады.
Демек, берілген түсініктер ойдың қозғалысын, оның талдаудан
(стимульды-нәтижелі деңгей), ерекше (эвристикалық деңгей) жалпы деңгейге
(креативті деңгей) бірізді өтуін бейнелейді. Олардың бөлінуі мәселені қою
ерекшелігнің, «кенеттен» ашылулардың тетіктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеу мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге
талдау жасай отырып, зерттеулер интеллектуалды креативтілікті дамытуға
қатысты деген қорытындыға келдік. Әлеуметтік нақты, педагогикалық
креативтіліккке келгенде, бұл салада зерттеулер мейлінше аз.
Әсіресе, зерттеушілер педагогикалық креативтілікті емес, педагогикалық
қарым-қатынас үрдісінің өзін зерттеп, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-
қатынасты жақсарту бойынша түрлі ұсыныстар береді. Жоғарыда
айталғандарды түйіндей келе креативтілік табиғаты мен мәніне, онық
дамуының ішкі және сыртқы факторларына қатысты педагогика мен
психологияда қалыптасқан көзқарастар қарастырылды, креативтіліктің
құрылымы мен мазмұны туралы сұраққа деген түрлі тәсілдерге талдау
жасалынды. Креативтілік мәселесіне арналған бүгінгі күні бар теориялық және
эксперименттік зерттеулерге талдау нәтижесінде бұл феноменнің құрылымы
мен мәніне деген бірыңғай түсініктің жоқтығы туралы қорытындыға келдік.
Бұл зерттеулердің нәтижелері креативтіліктің қалыптасуы мен көрініс
берудегі интеллектуалдық және әлеуметтік құрылымдарын үлкен ролін

6

көрсетіп береді. Жалпы адам жеке тұлғасында креативтілік, оның деңгейі,
құрылымы мен ерекшеліктері адамдық даралықтың басқа аспектілері –
танымдық үрдістің сипаты мен жеке тұлғалық белгілермен тығыз өзара
байланысты.

Креативтілік құрылымы

Креативтілік

интеллектуалды әлеуметтік

анализ синтез кәсіптік педагогикалық

жалпы интеллект коммуникативтік дидактикалық

шығармашылық нәтиже диалог импровизация жаңашылдық
қабілеттілік

интеллектуалдық құндылықтарды
қабылдағыштық

педагогикалық қабілеттер

интуиция педагогикалық шығармашылыққа қабілеттілік

А.В.Морозов креативтілік мәселенің концептуальдық негіздерін қабылдау
арқылы креативтік кіретін үш өлшемін көрсетеді:

1.оның эвристикалық мазмұнымен, сонымен бірге креативтік нәтижеде
жүзеге асқан идеямен реттелетін креативтік дамыту мақсатындағы
зерттеушілік-операциялық және коммуникативті-шығармашылық бірлестік іс-
әрекет ретіндегі креативтік үрдіс;

2.креативтік нәтижеде мәнді, рухани сфереда жаңа нәтиже, материалдық
құндылық ретінде жаңа заттар, объективті немесе субъективті жаңа өнімді
жасаушы болып қана қоймай, бір уақытта жеке тұлғаның шығармашылық
әлеуетін дамытушы жасаушы үрдіс;

3.әлеуетті, рефлексивті, өзекті креативтілік кіретін және креативтік үрдіс
пен нәтижеде жеке тұғаның өзін-өзі жетілдіруші, оның дамуының динамикасын
жүзеге асыратын жеке тұлғалық категория ретіндегі креативтілік.

Сонымен, креативтілік – рухани құндылықтарды жасаушы және жеке
тұлғаның шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамыту шарты бола отырып,
рефлексия мен субъективтік өзін-өзі бағалау негізінде жаңа нәтижелерге
жетуде шығармашылыққа қабілеттілігінен көрінетін сапалық қасиеті.

Отандық білім беру қайшылықтарын шешу үшін шығармашылық
қызығушылыққа негізделген инновациялық креативті білім беруді дамыту
маңызды деп есептейміз.

7

БАЛАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА
ЖЕТЕЛЕЙТІН ТРЕНИНГТЕР

Санау

Нұсқаулық: «Қазір біз санаймыз, жәй ғана: бір, екі, үш және т.б. біреуіміз
санауды бастаймыз, ал оның қасында отырған адам жалғастырады (сағаттың
тіліне орай).мүмкіндігінше жылдам санауға тырысамыз. Санау барысында бір
талапты ескеру қажет: егер сізге 6 цифры бар сан атау керек болса (мысалы 16
саны), ол санды айтар кезде орныңыздан тұруыңыз керек (жаттығуды санды
тұрып атаудың орнына, санды атамай шапалақтаумен алмастырып
күрделендіруге болады).

Егер біреу қателескен боса, ол ойыннан шығады, бірақ шеңберде отыра
береді. Сондықтанда кімнің ойыннан шыққанын ал кімнің ойынды жалғастыру
керектігін назарда ұстауыңыз керек.

Егерде жаттығудың талаптарын оны орындау барысында өзгертіп отырған
жағдайда, жаттығу өте қызу өтетін болады. Қателескендерді шеңберден шығу
талабын ендіру арқылы жаттығуда бәсекелестік орнатуға болады. Мұндай
жағдайда, қателескен адамға жаттығудың жалғасуын мұқият бақылап,
қателіктің неден туындағанын табуға тырысу нұсқаулығы беріледі. Жаттығу
назарды жинақтауға, қатысушыларға өз мүмкіндіктерін түсінуге және
шынығуға мүмкіндік береді.

Арифметр

Нұсқаулық: «Біз өзімізді алып арифметр сияқты сезінеміз. Ол былай
санайды: біреуіміз қандай да бір санды атайды (сағаттың тілі бойынша) , келесі
қасыңда отырған адам арифметикалық әрекеттің белгісі («қосу» немесе» алу»),
келесі- тағы да санды атайды және т.б. сан белгілермен кезектеседі,
сондықтанда топтың белгі атауы тиіс кез- келген мүшесі «тең» белгісін атаса,
келесі оның серігі қосындының нәтижесін айтуы керек. Мысалы, мен «жеті»
деп айтамын, Жанар-«қосу», Айнұр «сегіз». Серік – «алу», Санат – «екі», Анар-
«тең» десе Бақыт «он үш» санын атайды. Келесі қатысушы яғни Гүлнұр тағы
бір белгіні атайды, ары қарай санақ жалғасады».

Тапсырманы жеңілдету үшін арифметр тек қосады немесе алады- деп
немесе санақ қандайда бір шектеуде мысалы, елуге дейін- деп келісіп алуға
болады.

Егер қатысушылар қатар саны жұп болса, біреулері тек сан атайды, ал
келесілері – белгілерді атайды, сондықтанда 2-3 айналымнан кейін бұған дейін
белгі атағандарға сан атауды және керісінше ұсыныс жасап жаттығуды
қайтадан бастауға болады.

Жаттығуды орындау барысында жаттықтырушы жылдамырақ санауға
жетелеуі керек.

8

Кім жылдам?

Эксперименттатор сөздерді тез оқиды, оқушылар бұл сөздерді тез айырып,
қажетті қатардың астына жазуы қажет. 2 рет оқиды. 1 минут беріледі. Кестеде 5
қатар бар:

1)Аңдар
2)Құстар
3)Ағаштар
4)Гүлдер
5)Ыдыстар
32 сөз оқылады:
Аю, Терек, Раушан, Қарға, Түлкі, Шағала, Кесе, Қасқар, Қасық, Роза,
Қарағай, Тарелка, Емен, Зорман, Маймыл, Қайың, Үйрек, Сирен, Қаз, Шырша,
Жолбарыс, Ожау, Арыстан, Қарлығаш, Қоян, аққу, Бүркіт, Күркетауық, Тауық,
Қалақ, Жираф, Стакан.
Оқушылардың жазып үлгерген сөздерін санайды. Егер жазылған сөздердің
саны 32 болса - ақпарат қабылдауы өте жақсы, 31- 29 орташа. 28 төмен болса
қабылдай алмайды деген сөз.

Мюнстенберг әдістемесі

Көрсетілген әріптердің ішінде сөздер құрастырылған. Сіздің міндетіңіз тез
арада барлығын қарап шығып, арасындағы сөздерді тауып белгілеңіз.
Бланкімен жұмыс істеу уақыты - 1 минут. Тапқан сөздердің санын шығарып
қатесін белгілеу керек.

Мюнстенберг әдістемесінің үлгісі
Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқуогшнәтижелдплджыл
оллдмектеплдолғылымолплдәлеуметлдлоқушыолаплкөрушгдзейінждыжэхзппб
алашещзбілімгещскезеңолвщкміндетлдыжоблыспнущдамытузелжойындвщшәр
екетопгпедагогжвщшуақытжхухбасшыолпагшуаақлдазжылущлдхтәжірибезхкн
дтдтұқымырщқұралдыушзпсезімдлаплпсыныпдмдвшввхат

Сиқырлы қалам

Жаттығуды жүргізу үшін қалам мен қағаз керек. Жүргізуші барлық
қатысушыларға жаттығуды орындау шартын түсіндіреді. Ойынға қатысушы
қаламды қолына алмастан, оны төрт түрлі бұйрық беріп ("Жоғары!", "Төмен!",
"Оңға!", "Солға!" деген бұйрықтар беріледі.) қашықтықтан басқарып отырады.
Бұйрық бойынша қалам қағаз бетімен жоғары, төмен, оңға, солға жылжып,
сынық сызықтар ретінде із қалдырады. Қаламның барлық қадымдары бірдей
болуы керек.

Жаттығуды орындаудың бастапқы кезеңінде ойынға қатысушылар
кезекпен бұйрық береді, ал жүргізуші қаламға ол бұйрықтарды орындауға
"көмектеседі". барлық қатысушылар ойын ережесін меңгергеніне жүргізушінің
көзі жеткеннен соң балаларға тапсырманы қиялымен орындау тапсырылады.

9

Өздерінің ойындағы қаламдарымен көз алдына елестеткен қағазға жорамалдағы
сызықтарды түсіру үшін қатысушылар бірінен кейін бірі қаламға бұйрық беріп
отырады. Ең бірінші қарапайым фигуралар (квадрат,үшбұрыш т.с.с.) салынады.
Кімнің бұйрық беретіні отырған ретімен шеңбер бойынша анықталады.

Ешкім ешкіммен қандай фигура салатыны туралы алдын ала келіспейтіні
туралы жүргізуші ойынға қатысып отырған балаларға түсіндіріп береді.
Сондықтан қатысушылардың барлығы өзінен бұрынғылардың бұйрықтарын
зейін салып тыңдап отыруы керек. Біртіндеп салған фигуралары күрделі бола
бастайды.

Оқиғаны ойлап табамыз

Жүргізуші: "Ерте, ерте, ертеде ...." деп бастайды, келесі қатысушы оқиғаны
ары қарай жалғастырады, осылай шеңбер бойынша бәрі оқиғаны жалғастырып
айтып шығады. Қайтадан кезек жүргізушіге келгенде, ол оқиғаны тереңдете,
қиындата түседі, осылай жаттығу жалғаса береді.

Ескерту: Жүргізуші қиялға түсе алмай отырған балаларға көмектесіп,
демеп отырады.

Актерлер

Балалар шеңбер құрып отырады. Барлығы - актерлер, жүргізуші- көрермен.
Жүргізуші балаларға кімді бейнелеу керектігін ұсынады.

- Күзгі бұлт.
- Ренжіген адам.
- Қатыгез сиқыршы тәрізді қатуланыңдар.
- Күнге қараған мысық.
- Күн.
- Айлакер түлкі.
- Қуанышты бала.
- Сендер күнді көріп тұрған сияқты күлімдеңдер.
- Балмұздағын жерге түсіріп алған бала.
- Көпірдегі екі ешкі тәрізді ашуланыңдар.
- Жұмыстан келген ана.
- Ауыр жүк көтерген адам.
- Үлкен шырпы тасыған құмырсқа тәрізді шаршаңдар.
- Орманда адасып жүрген бала.
- Қасқырды көрген қоян.
- Ит қуып жүрген мысық тәрізді қорқыңдар.
- Ауыр рюкзак шешіп қойған турист.
- Анасына үйді жинауға көмектескен бала тәрізді дем алыңдар.
- Сендер осы кейіпкерлердің өздерін калай сезінгенін жеткізе біліңдер. Бір
- бірлеріңе қарап, өз көршілеріңе осы жағдайлар- ды жеткізе біліңдер.

10

Нұсқау

Жүргізуші топтың ішінен өз еркімен — жаттығуды жүргізушіні ортаға
шақырады. Оған алдын ала дайындалған фигуралар салынған парақ қағаз
беріледі. Жүргізушінің міндеті — бір минуттың ішінде топқа вербальді күйде
қысқа да нұсқа нұсқау беруі керек, қортындысында әр қатысушы алып
жүрушінің қолындағы қағаздағы фигураны қайта салуы қажет.

Содан соң жүргізуші, қатысушыларды өздерінің салған суреттерін жоғары
көтеріп, көрсетулерін сұрайды және де оларды эталонмен салыстырады.
(Мүмкін вариант: жүргізуші эталонды тақтағы немесе блокнотқа іліп қояды.
Онда әрбір қатысушы өздері барып, өз жұмыстарын салыстырады).

1-нұсқа:
Жаттығу орындалып болғаннан соң, қатысушылар алып жүрушінің берген
нұсқасын дәл орындай алды ма жоқ па, осы жөнінде талдау болады. Әдетте
қатысушылардың көбісі бірнеше қателер жібереді. Мұндай жағдайда топ не
себептен тапсырма дәл орындалмады, соны анықтайды да тапсырманың дәл де
қысқа нұсқауларын бірге құрастырады.
Содан соң қатысушылар нұсқаулардың дәл де қысқа түрлерін жасауды
жұптанып жаттығады.
Жаттығу. Әрбір қатысушы жұптар параққа күрделі емес кез келген сурет
салады. Содан соң бір қатысушы екіншіге, суретті қалай салу керектігін нұсқау
береді. Суретті салып бітіргеннен соң ол сурет оның бірінші вариантымен
салыстырылады. Содан кейін қатысушылар рөлдерімен алмасады.
Жаттығу орындалып біткеннен оң топта талдау жүреді. Әрбір қатысушы
(мүмкіндігінше) шеңбер бойынша сұрақтарға жауап береді; партнердің
тапсырмасы аяғына дейін орындалады ма; оны орындау үшін не кедергі болады
және не көмектеседі?

Былай жаса

Үстел үстінде әр түрлі қимылдар жасап тұрған адамның бейнесі келтірілген
карточкалар жатады. Мұғалім карточкаларды балаларға көрсетіп онда не
бейнеленгендігін түсіндіреді.

Содан соң жүргізуші нұсқау береді: «Менің белгім бойынша барлығың
келіп үстелден бір-бірден карточкаларды аласыңдар. Мен 1-ден 10-ға дейін
санаймын, ал сендер бұл уақытта алған карточкаларыңыздағы адам не істеп
тұрса, соны жасайсыңдар. Мысалы: кімнің қолындағы карточкада силует
орындықта отырса, сол адам да отырады, кімде билеген адамның суреті болса ол
да билейді т.б. Мен 10 санын айтқанда барлығың тоқтайсындар да карточкамен
алмасасыңдар немесе үстелге келіп мұғалімнің жаңа тапсырмасын күтесіздер.

Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.

11

Ондай болуы мүмкін емес

Қазақ халқының салт-дәстүрінде өтірікшілер сайысы кең тараған
шығармашылықтың түрі болған. Сол өнердің элементтерін бастауыш сынып
оқушыларының қиялын дамытуға кеңінен пайдалануға болады.

Топтағы оқушылардың біреуі ешқандай болуы мүмкін емес өтірік нәрсені
айтады: ақиқатта болмайтын заттар, олармен болған оқиғаларды,болуы мүмкін
емес табиғат құбылыстары мен ол жағдайдағы өзінің әрекеттері,табиғатта
кездеспейтін жануарлар және олардың хикаялары туралы оқиғаларды айтып
береді. Бес өтірік сюжетті қатарынан қисынын келтіріп айтып берген кезде
ешкім "ондай болуы мүмкін емес" деп айтпаса, сол ұтады. Олардың барлығы
мараппатталады.

Егер осылай болса...

Балалардың біреуі фантастикалық жағдайды ойлап табады, ал басқалары
оның шешімін табуы керек. Мысалы:

- егер әр адам труғаннан бастап барлық басқа адамдардың ойлаған
ойларын оқуға қабілеті болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер жер бетіндегі адамдардың әрқайсысы өзіне ғана түсінікті тілде
ғанасөйлейтін болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер жануарлар тілін адамдар түсіне алатын болса, онда Жердегі өмір
қалай өзгерер еді?

- егер адамдар құс сияқты ұша алатын болса, онда Жердегі өмір қалай
өзгерер еді?

- егер оймен барлық өсімдіктер өмірін басқаруға болатын болса, онда
Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер адамдар жер астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір
қалай өзгерер еді?

- егер адамдар су астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай
өзгерер еді? т.с.с.

Фантазиялық әңгімелерге үлесін қосқандардың барлығы
марапатталынады.

Не жаңалық бар

Мұғалім тақтаға геометриялық фигураларды салады. Тақтаға балалар
кезекпен келіп, жетіспей тұрған бөліктерін қосымша сала отырып, суретті
аяғына дейін жеткізеді. Бір бала тақтаға шығып, суретті толықтыра бастағанда,
қалған ойыншылар көзін жұмып отырады, жүргізушінің командасы бойынша,
олар көздерін ашып, тақтаға қандай бөлік қосылғанын айтады. Ойын
қаншалықты ұзаққа созыла бастағанда, соншалықты жаңа бөліктерді табу
қиынға түседі.

12

Қалпақ- менің ұшбұрышым

Ойнаушылар шеңбер құрып отырады. Жүргізушіден бастап, төмендегі
сөздер айтылады. «Қалпағым менің ұшбұрышым, ұшбұышым менің қалпағым.
Ал егер ол ұшбұрыш болмаса, онда бұл менің қалпағым емес». Шеңбер
бойынша 2 рет фраза қайталанады, бірақ та, «қалпақ» деген сөз түскен бала
онымен (мысалы, екі рет алақанымен өз басына жеңіл ғана соғады). Келесіде
енді екі сөзбен алмасады «қалпақ» деген сөзбен «менің» деген сөздер. «Менің»
деген сөзде ол өзін саусағымен түртіп көрсетеді. Келесі кезекте балалар бір сөзді
аз айтады да, ыммен бір көрсетуді артық жасайды. Аяқталарда балалар бүкіл
фразаны толығымен ыммен көрсетеді.

Егер мұндай ұзақ фраза балаларға ауыр болатын болса, оны қысқыртып
алуларына болады.

Мен жақсы көремін

Дөңгеленіп тұрған балалар бір-біріне доп лақтырады.Доп кімнің қолына
түссе,сол бала кімді жақсы көретінін айтады.Мысалы,мен анамды жақсы
көремін.Өйткені,ол менің ең жақын адамым.Немесе мен Бануды жақсы
көремін,өйткені ол ақылды,сыпайы т.б.Ойының соңында доп жүргізушінің
қолына тиеді.

Мадақтау

Балалар дөнгеленіп отырады.Жүргізуші «Сиқырлы таяқшаны» балалардың
біріне ұсынады.Ол жанында отырған баланың жақсы қасиеттерін айтып
мадақтайды да,таяқшаны береді.Ол таяқшаны осы тәртіппен келесі балаға
ұсынады.Ойын осылай жалғаса береді.Айтылатын жағымды сөздер мынадай
болуы мүмкін.Айгүл,сенің даусың қандай жақсы!Гүлнар,сенің жүзің сондай
мейірімді көрінеді!Диас,маған сенің аққөңіл мінезің ұнайды.Соңында балалар
бір-біріне алғыс білдіріп ойынды аяқтайды.

13

ТҰЛҒАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҒА
АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ТОПТАМАСЫ

Тапсырма: Суретті сөздермен байланыстырып, тұрақты сөз тіркесінің
мағынасын түсіндіріңдер.

тұмсығы өтпес

ізін салмау

арқасы қиянда

Тапсырма:Берілген суреттен Ф әрпі бар доптарды қақпаға салып, сол
сөздермен сөйлем құра.

14

«Кім көп сөз табады?» ойыны

қы ба ғаз Ала кі өнер

ба ха қал қыт жүр пан ше тау
нал
бар ғай
шы

мек се сық ас оқу

ке ла на теп тап ма рал кө
ай мы тор оқу хана жаз

у

Ойынның шарты: Берілген буындардан кім тез көп сөз құрастырып айтады?

«Ойлан, тап!»

Қандай күрделі сөздер
болуы мүмкін?

15

Ойынның шарты: Берілген сурет атауларынан күрделі сөздерді құрастырып
жазыңдар. Кім тез жазады? ҮЛГІ: итмұрын, ..., ... .

«Саңырауқұлақтарды жинау» ойыны.

Оқы сұқтанба сыйла ұрлама сақта ойнама

Болымды Болымсыз
Ойынның шарты: Берілген саңырауқұлақтардағы етістіктерді түрлеріне қарай
ажырату арқылы, өз себеттеріне шатастырмай салыңдар.

« Кім тез табады?» ойыны

Ойынның шарты: Берілген суретке мұқият қарап, не бейнеленгенін және сол
бейнелердің ішінен жасырынған сан есімдерді кім шапшаң тауып айтады.

Тапсырма: Берілген суреттерге еліктеу сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап
жазыңдар.

?

16

«Кім тез табады?» ойыны. марш-марш
қарқ
салп
құжаң-құжаң ?

жалт-жұлт қаңқ
сарт-сұрт
жарқ-жұрқ

1. Баяғы жартас – бір жартас,
... ... етер, түкті байқамас.
2.Мақтауға есіріп, Барынша көсіліп, Ырғалып қарқ етті, Ірімшік жерге ... ... етті.
... ..... етеді,

Тапсырма: Берілген сөйлемдерден сөйлемнің бірыңғай мүшелерін
тауып,сандықшаға салыңдар.

Түйе 40-50 шақырым
жолды су ішпей,шөп

жемей жүріп өтеді.

. Әуежайда үлкен ұшақтар,
тікұшақтар, жүк ұшақтары,
Жерде түрлі жапырақтар
жатыр: сары, қызыл, әскери тік ұшақтар бар.

қоңыр.

Арыстан,аю Алып тасбақа
шалқасынан жатып көкөністі, жемісті,

ұйықтайды. көк пиязды ұнатады.

Іле, Балқаш, Шу,
Сырдария, Зайсан сияқты
көлдерінің қамысты жағасында

жолбарыс көп болған.

17

Тапсырма: Суретке қарап, жануарлардың қайда мекен ететінін жазыңдар.
Жануарларды салыстырыңдар.

??

?

Тапсырма: Ойланып берілген екі сөзден бір түбір сөз құрап айтыңдар.
Т Е П + К Е М= МЕ К Т Е П
Қ Ы Ш+ Б А Л =
А Л У + ЖА Й =
РЕТ+БЕТ=
Н А Қ + ШЫ Т =
Л А С + Қ А М=
МЫС + Б А Т =

Тапсырма:Берілген сурет арқылы Ара, жаз сөздерін мағынасына қарай
ажыратып, сөйлем құрастырыңдар. Кім шапшаң ойлайды?

«Не қайда тіршілік етеді?» ойыны.

18

Тапсырма: Берілген суреттер бойынша ненің қайда тіршілік ететінін тауып,
сөйлем құрастырыңдар.

«Кім жылдам жалғастыра алады?»

Тапсырма: Берілген сөздерге сандықшадан шыққан керекті сөздерді тіркеп,
жылдам жалғастырып жаз.

Керекті үзім шөкім ауыз
сөздер: айран, шымшым
су, өлең, бұлт, 1 ұрттам
шай, ет, бет, салым жұтым
қамыр, тұз, асым

нан, ас.

білем

жайым

Тапсырма. Суретке қарап заттарға сұрақ қояды.

Көлемі бойынша: Дәмі бойынша :

Түсі бойынша: ?
Мінезі бойынша?

Үлгі: Торғай пілге қарағанда кішкентай. Түлкінің мінезі қу, ал қойдың мінезі
момын.

Стоп кадр

Тапсырма. Топтар өз стоп-кадрларын сыныпқа суретте не болып жатқанын
талқылау.

19

Белгілі бір суретке қарап не болмаса кинокадр,стопкадр арқылы әңгіме
(өлең,қарасөз)құрастыруға болады. Ол үшін:

1. Суретті, кинокадрды,стопкадрды мұқият қарауға уақыт беру.
2. Оқушыларға берілетін тірек - схемалар:
Сенің ойыңша мына сурет қашан салынған?
- Суретші қандай көңіл күйде болған?
-Мына кадрдан не түсіндің?
-Қандай оқиға болып жатыр деп ойлайсың? т.б.б.

Кел, достым!

Коллаж әңгіме
Тапсырма. «Жануарлар» тақырыбында оқушыларға түрлі-түсті жабыстырма
суреттері бар журналдар беріледі. Олар журналдардан алып, алған жануарлар
суреттерін флипчартқа жабыстырып, солар туралы әңгіме(ертегі) құрастырады.

20

Екі ассоциация ойыны.

Тапсырма. Екі баған сызылады да, оған төрт сөзден жазылады. Бағанға кез-

келген адам, жануар, заттардың атын жазады. Оқушылар осы екі жақтағы сөзді

байланыстырып, ерекше бір ассоциация ойлап табуы керек. Мысалы егер

бірінші бағанға қызғалдақ , алма, қоян, кілем, екіншісіне күн, қасқыр, кірпі, тау

деп жазылса, екі сөзді қосып «Кірпі алма жеді», «Қасқыр қоянды қуды»,

«Қызғалдақтар бүкіл алқапты қызыл кілемге көмкеріп тастады» т.б. ерекше

ұқсастықтар табады. Орындауға 5 минут уақыт беріледі. Жазғандардың ішінен

ең қызықты ассоциация таңдалып, оқушы мадақталады.

Қызғалдақ Күн

Алма Қасқыр

Қоян Кірпі

Кілем Тау

Кірпі алма жеді.

Қасқыр қоянды қуды.

Қызғалдақтар бүкіл алқапты қызыл кілемге көмкеріп тастады.

Диаманта
Диаманта – жеті жолдан тұратын өлең түрі, бірінші және соңғы жолдары
қарама-қарсы мәнде болуы қажет. Мағыналары қарама-қарсы түсініктермен
жұмыс істегенде пайдалы.

Зат есім Қала
Бірінші зат есімге екі сын есім Үлкен, көне
Бірінші зат есімге үш етістік; Салынады, өседі, гүлденеді
Зат есімді екі сөз тіркесі; Танымал қала, кішкентай ауыл
Екінші зат есімге үш етістік; Асырайды, дамиды, қалыптасады
Екінші зат есімге екі сын есім; Әдемі, туған
Зат есім (антоним) Ауыл

Дыбыстау
Тапсырма. Фильмнен өткен тақырыпқа байланысты немесе оқушылардың
деңгейіне сәйкес келетін үзіндіні дыбыссыз көрсетіп, оқушылардың рөлге еніп,
дыбыстауын тапсыруға болады. Алдымен үзіндіні дыбысымен көрсетсе де
болады. Дайындалуға оқушыларға жеткілікті уақыт беру қажет.

Ертегі құрастыру
Тапсырма. Бастаушы ертегінің бірінші сөйлемін айтады. Қалғандар бір-бір
сөйлемнен өздері қалауынша ертегінің сюжетін құрастырады.

21

Қатысушылардың қиял жүйріктігі, тіл байлығына қарай түрлі ертегі
құрастырылып шығады.

Суретті жұмбақ -ның қаруы,
... тұяғы.
-тің қаруы,
... күші. -тің қаруы,
... мойыны.
-дің қаруы,
... түрі. -дың қаруы,
... қолы.
-ның қаруы,
... мүйізі. -ның қаруы,
... уы.
-дың қаруы,
...тісі.
22

Константинополь

Тапсырма. Оқушылардың ойлау қабілеті мен сөздік қорларын молайтуда
өзіндік мәні бар әдіс. Берілген сөз бойынша сөздің әріптерінен зат есімдер
құру. Сөздегі әріптерден асып кетпеу керек. Мысалы: «кемпірқосақ» деген
сөзден бірнеше сөз құрау. Қай оқушы белгілі бір уақыт ішінде ең көп сөз
ойласа, сол оқушы жеңімпаз болады.

Кемпір, қос, ақ, кем,
пір, сақ, кері, пері,
қора, кес, мес, т.б.

Ашық және жабық сұрақ
Тапсырма. Тақырып бойынша сұрақтар қойып, олардың қайсысы ашық және
жабық сұрақ болғанын шешеді, одан кейін сұрақтардың жауаптарын
талқылауға ауысады.

Топырақ
жойылса

ше?

Торғай Жер бетінен
пайдалы ма, өсімдіктер
зиянды ма?
жойылса ше?
Жануарлар
неге Егер торғайлар
жойылып кетсе,
жойылады?
табиғатта не
болар еді?

Кейіпкерлер әлемі

Тапсырма. Әр топ бір-бірлеріне әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қояды.
Сұрақтардың мазмұны шығарма кейіпкерлерімен, орын алған оқиғалармен
байланысты болуы керек. Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады.

23

Ой күмбезі

Бұл әдіс тақырыптық тапсырмаларды сатылай, деңгейлеп орындауға
негізделген. Ол мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:

«Ой қазығы» айтылған ойдың негізгі сөзін тауып, қарапайым түсініктер
«Ой желісі» мен ұғымдардың табиғатын айқындайды;
«Ой өрімі»
негізгі сөзден өрбитін ой-пікірді талдап, алған білімді қолдану
«Ой күмбезі» және жан-жақты зерделеуге мүмкіндік береді;

оқушылардың пікірлері мен ой түйіндерді жинақтап,
салыстыру, дәйектеу, дәлелдеу,өзге ұқсайтын (ұқсамайтын)
құбылыстармен салыстыру, ой көркемдігі мен құрылымдық
сипатын ашуға, ізденіске бағдар беруді көздейді;

шығармашылық және ізденіс нәтижесінде ойдың маңызы мен
мәнін ашуға, олардың қажеттілігі мен орнын айқындап, баға
беруге жетелейді.

Ой қозғау

Шығармашылық ойлауды сын немесе сыннан сескену тежейтіні белгілі. Әрине,
кез келген жаңа идеяның дұрыс болуы шарт емес. Егер автор сыннан қорқатын
болса, онда ол өзінің кейбір дәлелденбеген идеяларын келтірмеуі де мүмкін.
Алайда әзірше дәлелденбеген ойлардың қаншасы кейінірек жақсы идеяларға
айналады емес пе? Ал сын айту мен сыннан қорқу жақсы идеяларды жоғалтып
жібереді.

Ысқыру диктанты (Whispering dictation)

Тапсырма. Диктантты мұғалім оқиды. Диктант белгілі бір сөз табын табу
мақсатында орындалады. Мұғалім диктантты оқымас бұрын алдын ала
ысқырықты дайындап алады. Дайындаған мәтінінің ішінен тастап кетуге тиісті
сөздердің астын сызып қояды. Оқып келе жатып, сол тұсқа келгенде,

24

ысқырықпен ысқырады. Олар болжаммен сол жерге қажетті сөзді өздері
дәптерлеріне жазады. Жасырылған сөздер бірыңғай бір сөз табынан болуы
керек.

PRES тәсілі.

Тапсырма. Мәтінді оқып болған соң оқушы аталған тәсіл негізінде мәселеге
қатысты өз ойын білдіреді.
Позиция: «Менің ойымша,..» немесе «Мен ___________деп санаймын» деген
құрылымдарды қолданып, мәселеге қатысты өз пікірін айтып,көзқарасын
түсіндіреді.
Негіздеу: «Өйткені...» деген сөзден басталатын ссөйлем құрылымын
пайдаланып, өз ойының пайда болу себебін ,өз ұстанымының неге
негізделетінін түсіндіреді.
Мысал келтіру: ойын «мысалы...» сөзімен жалғастырып, өз көзқарасын
қолдайтын мәліметтер ,фактілер мен дәлелдемелер келтіреді.
Қорытынды: ойын «Сонымен (сондықтан,сөйтіп), мен______деп санаймын»
сөйлемімен жалғастырып,өз пікірін жинақтап,қалай әрекет жасау керектігі
туралы қорытындыға келеді.

«Төрт ресурс» әдісі

Кодтай білу, Қолдана білу,

немесе мен қалай мәтіннің немесе мен мәтінді қалай қолданамын?

шырмауын шешемін? Мәтіннің мақсаты мазмұнына үйлесе

Мәтінді қалай түсінемін? ме?

Неден басталады? Мәтінді қалай дәл қазір осы жерде,осы

Неге негізделген? уақытта қолдана аламын?

Қандай құралдар және құралдар Басқалар мұнан не алады?

комбинациясын қолданады? Менің мүмкіндігім қандай?

Түсіне білу, Бағалай білу,

немесе мәтінге қалай қатысамын? немесе мен сыни сауатты оқырман

Мәтіннің идеялары өзара қалай ретінде

байланысқан? Кімнің ұстанымы,пікірі мен мүддесі

Мәтінде қандай тарихи дәлел қозғалған?

қолданылған? Кімнің пікірі айтылмаған немесе жоқ?

Мәтіннің мәні қандай және басқаша Қандай пікір айтылған?

қалай түсіндіруге болады? Менің пікірім басқалардың пікірімен

сәйкес келе ме?

«Идеал»

Тапсырманы орындау барысында оқушылар төменде көрсетілген қадамдарды
жүзеге асырады:
1.Негізгі мәселе қандай? Өзекті мәселені сұрақ ретінде тұжырымдаңыз.

25

Сұрақ «қалай ?» деген сөзден басталуы қажет.
2.Өзекті мәселені шешудің бірнеше жолын қарастырыңыз.
3.Мәселені шешудің үш негізгі тәсілін таңдаңыз.
4.Солардың ішінен ең тиімдісін таңдаңыз? Неге оны тиімді деп есептейсіз?
5. Шешімді жүзеге асыруды жоспарлаңыз.
Көркем мәтінмен жұмыс кезінде төменде көрсетілген кестені толтыруға
болады:

«Идеал» стратегиясы бойынша толтырылатын кесте
Кейіпкерлер қандай негізгі мәселені шешулері қажет?
Автор қандай маңызды ақпарат ұсынып отыр?
Мәселені шешуге тағы не көмектесе алады?
Мәселені шешудің үш негізгі тәсілі қандай?
Сіз таңдаған тәсілдердің ішіндегі ең жақсысы қайсы?
Егер мәтіннің ішінде мәселені шешу жолы келтірілген болса,оны кесте
толтырып болған соң жариялауға болады.Оқушылар өздері ұсынған мәселені
шешу жолдарын автор ұсынған тәсілдермен салыстырады.

Төрт сөйлем
Тапсырма. Мәтін мазмұнына өз пікірін білдіреді және мәтіннің негізгі
идеясын табады.
 1-қадам. Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
 2-қадам. Дәлел .Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
 3-қадам. Мысал. Пікірін өмірден мысал келтіріп түсіндіреді.
 4-қадам. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығар.

Оқиғаны болжау
Тапсырма. Сюжетті суреттер беріледі. Оқушыларға барлық суреттермен
танысып өтуін ұсыну. Қосымша ретінде бағыттаушы сұрақтар қоюға
болады.Оқиғалар қай кезде болған деп ойлайсың? Неге олай болды деп
шештің?т.б.б. Оқушының шығармашылық-креативтік ойлары бағаланады.

Оқиға қай кезде болған деп ойлайсың? Әрі қарай не болды ?

26

Неге олай болды деп шештің?

Консенсус (ортақ пікірге келу)
Тапсырма. Оқушыларды топқа бөліп,әр топқа шеңбер салынған үлкен парақ
беріледі. «Ана сөзін қандай жалпы ұғымдарды жатқызар едің?»деген сұрақ
беріледі.Әрбір оқушы өз идеясын ешкімге көрсетпей қағаздың бұрышына өз
ойын жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, топта жазған барлық
ұғымдардың ішінен ең маңызды төрт ұғымды таңдайды. Әр топ Ана сөзіне
байланысты өз ұғымдарын сыныпқа оқиды. Ықтимал жауаптар: Отан, Жер,
Туған ел, ұстаз, т.б.б.

«Күш-Әлсіздік-Мүмкіндік-Тәуекелдік»
Тапсырма. Мәтінді үнтаспадан немесе мұғалім мәтін кейіпкерлерінің көңіл-
күйін келтіре отырып,мәнерлеп оқып береді.Оқушылар мәтіннен тірек сөздерді
белгілейді.Мәтін мазмұны бойынша оқушылар топтарда шағын зерттеу
жұмыстарын жасайды. Мәтіндегі ең қызықты оқиға қай оқиға? Балалар үшін не
өкінішті болуы мүмкін?Ең өкініштісі? Оқиғада қандай мүмкіндік жасалды?
Оқиғаның сәтті аяқталуына не кедергі жасауы мүмкін еді? Топ мүшелері өз
пікірін жеке жазып,ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады. Оқушыларға
бірдей тапсырма беріледі,бірақ шығармашылықтарына қарай әр түрлі нәтиже
күтіледі.

Мәтінді үнтаспадан не мұғалімнің мәтін
кейіпкерлерінің көңіл-күйін келтіріп оқуы.

Мәтіннен тірек сөздерді белгілейді.

27

Зерттеу жұмысын жүргізеді.

Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып,ортада
талқылап ортақ пікір қалыптастырады.

5 айналым

Тапсырма. Топтарға сұрағы бар ақ парақ беріледі. Сұраққа жақсы жауап
берілген жағдайда келесі топ жалғастырады , сигналдық карта көрсетеді)

Неге электр Электр қуаты электр
шамы сіздер станциясынан сенің
оны қосқан үйіңде қалай пайда
кезде жанады? болады?

Батарейка Электр сымдарына неге
ішіне не құрғақ шүберекпен ғана
сақтайды? тигізуге болады деп
айтады?

Айналма хат

Тапсырма. Балаларға берілген тақырыпты тұжырымдап қана қоймайды, топ
пікірімен келіспеушілігін танытады. Тақырыпты таңдау, өткізу тікелей
туындаған мәселеге байланысты түрлі нұсқада болады.

28

Теннис әдісі
Мақсаты: дұрыс сұрақ қоя білуге және шапшаң жауап беруге дағдыландыру
Тапсырма. Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды,жауап береді. Жауап
болмайынша қарсыласына сұрақ қоя алмайды.

Балық сияқты Балыққа ұқсайтын
қандай транспорт –

транспортты? сүңгуір қайық.
білесің?

Проблемамен саудалас

 1-қадам. Мәтінді оқиды.
 2-қадам. Жұптасады.
 3-қадам. Мәтін ішіндегі талдауға қажет деп табатын мәселелерді айтып

беруі.
 4-қадам. Әр жұпта осы мәселелер талқыланады. (Мәтіннің көмегі арқылы.)
 5-қадам. Осы мәселені жұпта шешеді, сосын топта шешеді.
 6-қадам. Әр жұп өзінің жанындағы жұпқа бірнеше сұрақтар жазады

(проблемалық).
 7-қадам. Енді сұрақтарға жауап беріп, ортақ идеяны бірігіп шешеді.

Талқыға салады.

Неге? Неге? Неге?

Мақсаты: оқушылардан ұтымды,креативті жауап алу. Жүргізуші бүгінгі сабақта
не үйренгенін айтады және сөйлемін «Неге?» деген сұрағымен аяқтайды.
Келесі ойыншы сұраққа жауап беріп, жауабын «Неге?» деген сұрақпен
аяқтайды. Келесі ойыншы осы әрекетті тізбек бойынша жалғастырады.

Адамдардың саусақ Теңіз шаяны неге
іздері неге айрықша? бүйірімен жылжиды?

Буын неге Жел неге
сықырлайды? соғады?

Пияз неге көзден Аяқ неге ұйиды? Құстар неге
жас ағызады? ұша алады?
29

Жарнама жасау
Тапсырма. Оқыған не оқулықтан тыс қосымша мәліметтерді қолдана отырып
шағын мәтін құруды үйренеді. Эстетикалық талғамын дамытады, ұсынылған
проблема бойынша өз көзқарасын шығармашылық тұрғыда жеткізе білуге
дағдыланады. Ол үшін:

 Ұсынылған тапсырманы жарнамалау үшін қағазын қалай дайындау
керектігін.

 Жоспар құру.
 Жарнаманы қысқа мәтін немесе ұран ,постер түрінде құрастыруға

болатынын ескерту.
 Жарнаманың ерекшеліктері(ұсынылған жұмыстың сипаты,

артықшылығы,пайдасы)

Полюстерге тұрғызу

Шарты: Оқушылар тапсырма нұсқаулығымен танысады. «Иә» деп жауап
берген оқушылар бір қатарға, «жоқ» деп жауап берген оқушылар бір қатарға

тұрады. Әр қатардағы оқушылар өз ойларын дәлелдейді.Екі қатар өз ойларын
дәлелдеп болған соң,суреттерді пайдаланып, қорытынды жасайды.

Әуе шары
Мәтін мазмұны бойынша шағын зерттеу жұмыстарын жасайды.
 Әр топқа әуе шары беріледі.
 Әңгіме бойынша әр топ жазбаша түрде берілген шарға төмендегідей сұраққа
жауап береді.

Бұл әуе шарға екі Әуе шарының жай
кейіпкердің қайсысы ұшуына не себеп

отыру керек? болып тұр?

30

Оның сондай Бағытта ұшып бара
жылдамдықпен ұшып жатқанда не
кетуіне не көмектеседі?
соқтығысуы мүмкін?
көмектеседі?

Мен бастаймын,сен жалғастыр...
Тапсырма. Суреттерге сүйене отырып бірінші оқушы оқиғаның бірінші
сөйлемін айтады. Келесі оқушы алдыңғы сөйлемді тыңдап, тағы бір сөйлем
қосады. Осылайша әр оқушы соңғы сөйлем мазмұнына қарай, әңгімені
жалғастырады. Мәселен:

Пікірлер жолағы
Тапсырма. Оқушылар алдымен берілген суреттерге назар аударады.
Сұрақтардың жауабын жеке ойластырады. Оқушылар өз жауаптары жайында
ойланып болған соң, мұғалім «Пікірлер жолағы» тәсілін пайдаланып
оқушыларды өз пікірі бойынша жолақтың бойымен тұруды сұрайды. Бұл үшін
мұғалім тақтаның алдында еденге лента немесе арқанды созады. Оның бір
жағына «Толығымен келісемін» келесі жағына «Мүлде келіспеймін» деген
пікірді ұстанушылар,ал ортаңғы бөлігіне «Бейтарап» пікірді ұстанушылар
орналасады. Кейбір жеке оқушыларға «Не себептен жолақтың осы бөлігінде
тұрсың?» деген сұрақтар қойылады. Осыдан соң жолақтың әр бөлігінде тұрған
оқушылар бірлесіп, өз пікірлері жайлы ой бөліседі.Әр топ өз ойын ортада
дәлелдейді. Жолақтың ортаңғы бөлігіндегі оқушылар мен өз ұстанымын
өзгерткісі келген оқушылар барлық дәлелдерді тыңдап болған соң, қалаған
орынға ауысуына рұқсат етіледі.

31

Толығымен келісемін

Бейтарап

Мүлде келіспеймін
Қорқынышты-керемет сурет
Тапсырма. Қатысушыларға бір парақ қағаз бен бір фломастерден таратылады.
Алдымен «керемет сурет» салу тапсырылады. Содан соң оң жағындағы
оқушыға беріп осы бейнені 30 секундта «қорқынышты суретке» айналдыру
тапсырылады. Ал келесі орындаушы мұны «керемет» суретке айналдырады.
Шеңберді айналып, сурет иесіне қайтып келеді де, жаттығу талқыланады.

Серпілген сауал
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын

дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды
лақтырыңыз.
Мысалы, “Жандос, Салиманың жауабы туралы сен не ойлайсың?”
“Салима, Күнсұлудың жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға
болады?”
“Күнсұлу, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге бол

32

Тыңдайтын үшбұрыштар

Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:
 СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді
(немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).
 ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін
сұрақтар қояды.
 ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері
байланыс береді.

2-нұсқа
Оқушылар топта үшеуден отырады. Әр оқушы сөйлеуші, сұрақ қоюшы

және жазып алушы рөлін атқарады. Сөйлеуші бір нәрсені айтады, сұрақты
түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Сұрақ қоюшы көмектесіп айтып отырады
және түсініктеме беруді сұрайды. Жазып алушы қажетті жерлерін түртіп алып,
әңгіме соңында қорытынды береді.

Үш жақты күнделік толтыру

Жүзеге асыру қадамдары:
 1-қадам: Сабақ тақырыбы айтылады, оқылатын мәтін таныстырылады.
 2-қадам: Мәтінді оқу барысында әрқайсысы жеке күнделік толтырады.
 3-қадам: Жұмыс нәтижесін жұпта, топта талқылау.
Күнделік сол жақтан бастап толтырылады.

АРИФМЕТИКАЛЫҚ ДОМИНО

Дидактикалық мақсаты: кестелік қосу және азайту тәсілдерін пысықтау,
ойлау қабілеттерін жетілдіру, ауызша есептей білуге жаттықтыру.
Құрал-жабдықтары: қатты қағаздан жасалған, бетіне өрнектер жазлған
карточкалар.
Мазмұны: ойнау ережесі қарапайым домино ойынына ұқсас. Мұны 2-3
оқушыға, не топпен ойнатуға болады. Ойында қолында ең кіші сан жазылған
ойыншы бастайды. Клесі оқушы қойылған карточкаға амал дұрыс
орындалатындай етіп өзінің карточкасынан сәйкес келетін жалғастырып қояды.

33

Кезектесіп ойнауда ойыншының кезегінде қажетті карточка болмаса, ойын
кезегін келесі ойыншы алады. Осылай ойнай отырып, қай оқушы өзінің
қолындағы барлық карточкаларын қойып бітірсе, сол жеңіске жетеді.
Үлгі:

10 7+4
=11 7+5
=12 8+5
=13 9+5
=14 6+9

ҚАНДАЙ ФИГУРА ?

Дидактикалық мақсаты: оқушылардың есептеу дағдыларын дамыта түсу.
Құрал-жабдықтары: тақта, бор.
Мазмұны: Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады.
Тақтада мысалдар және сандармен белгіленген нүктелер берілген.
Үлгі:
5
8+4 13-8 19 20
9+9 7+8 15 18 7
14-7 16-8 12 15
17 8
14

Өрнектердің мәнін таба отырып, оқушылар соған сәйкес нүктелерді үздік
сызықтармен (кейіннен тұтас сызықтармен) қосады. Кейбір нүктелердің
тұсындағы сандар берілген мысалдардың жауаптары болып табылмауы да
мүмкін. Мұғалім оқушыларға суреттегі әр екі нүктенің арасы кесінді сызық
болатынын айтады.
Ойынды. Топқа бөліп ойнатуда әр топқа әр түрлі тапсырмалар ұсынылуы
мүмкін. Өрнектерді тақырыпқа байланысты таңдап алу мұғалімнің еркінде.

ҚАНДАЙ САНДАРҒА ҰҚСАС?

Тапсырма. Мұғалім суретті көрсетіп тұрады, оқушылар заттардың қандай
сандарға ұқсайтынын айтады. Оқушылардың қиялдарынан туған сандарды да
айтқызуға болады.

34

КІМ ЖЫЛДАМ?

Тапсырма. Жұмбақ есепті оқып, шешуін табады. Сан есімдерге сұрақ қояды.

Он екі, бес,

Екі, бес.

Екі, үш,

Таба алмасаң, бол күлкі.

ҒАЖАЙЫПТАР АЛАҢЫ

Дидактикалық мақсаты: оқушылардың санды өрнек және оның мәнін табу
туралы түсініктерін дамыта түсу.
Құрал-жабдықтары: санды өрнектер жазылған және центріне жылжымайтын
тілше бекітілген айналмалы дөңгелек.
Мазмұны: жүргізуші дөңгелекті айналдырады да, тоқтағанда тілшеге сәйкес
келген санды өрнекті оқуды, жазуды және оның мәнін табуды ұсынады. Мұны
тақтада дұрыс орындаған оқушы келесі ойынға дөңгелекті айналдырады. Егер
ол қате жіберсе, оның қатесін түзеген оқушы айналдырады.
Ойын осы ретпен әрі қарай жалғастырыла береді.

10+20 5+4
7+2
40+30
50+40 5+5

6+3 60+30
35

АЛТЫН ДАЛА

Дидактикалық мақсаты: әріпті өрнек және оның мәнін табу туралы
түсініктерді қалыптастыру.
Құрал-жабдықтары: сандар,әріпті өрнек және әріптің мәндері жазылған,
центріне жылжымайтын тілше бекітілген айналмалы дөңгелек,сандар жазылған
магнитті карточкалар, магнитті тақта.
Мазмұны: магнитті тақтаның жоғары жағына торкөздерге бөлінген тік
төртбұрыш сызылып, оған алдын ала сөз жазылып қойылады. Мысалы,

а=0 а=1 а=9 а=7
а=8 а=5
а+3
а=10 а=3

МА Т Е МА Т И К
Пішін торкөздермен бірдей, сандар жазылған магнитті карточкалар
дайындалып, олар торкөздердің үстіне жапсырылады:
8 11 3 12 4 10 13 6 5
Ойынды сыныпты катарлар бойынша 3 командаға бөліп, ұйымдастыруға
болады. Мұғалім тілшені айналдырады, І команданың 1-оқушысы а+3 өрнегінің
мәнін (мәселен, а=9 болғандағы мәнін) тауып, дауыстап айтады. Егер оның
жауабы дұрыс болса, сарапшы қызыл жалаушаны көтереді, ал оқушы
карточкасын алып қояды. Сонда оның астындағы Е әріпі көрінеді. Ойынды әрі
қарай І команда өкілдері жалғастырады. Егер өрнектің мәні дұрыс табылмаса,
онда сарапшы сары жалаушаны көтеріп, ІІ команданын ойнауына белгі береді,
т.с.с. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз болып табылады (ұпайларды
алдын ала белгіленген сарапшылар қойып отырады).

ФИГУРАНЫ АТА

Дидактикалық мақсаты: оқушылардың мәнді белгілері бойынша
геометриялық фигураларды тани білу дағдыларын қалыптастыру.
Құрал-жабдықтары: центріне қозғалмалы тілше бекітілген және
геометриялық фигуралар салынған дөңгелек, жалаушалар.
Мазмұны: сынып екі командаға бөлініп, әр командадан бір-бір оқушыдан
тақтаға шақырылады. Олардың бірі дөңгелекте көріп отырған фигуралардың
бірінің атын айтпай, тек оның мәнді белгілерін ғана тізіп айтып шығады. Ал ІІ

36

команда өкілі оны мұқият тыңдап болғаннан кейін, сәйкес фигураны тілшені
қозғаоту арқылы табады. Егер оның жауабы дұрыс болса-қызыл жалауша , қате
болса-көк жалауша алады. Мұнан кейін тақтаға келесі оқушылар жұбы
шақырылып, қызыл жалаушаға ие болған команда өкілі сұрақ береді. Қызыл
жалаушаларға көп ие болған команда жеңімпаз болып табылады.

37

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Омарова Р.С. Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын
қалыптастыру: теория және практикасы. Монография. - Ақтөбе, 2008.-399 б.
2. Тойбазарова Н.А. Инновациялық білім беру кеңістігінде креативтілікті
қалыптастыру. – Ақтөбе, 2008. -108б.
3. Р.С. Омарова, Ж.К. Елеупаева. «Мектеп оқушыларының дарындылығын
дамытудың теориясы мен әдістемесі» Ақтөбе 2009ж.
4. Мектептегі психология. №3, 2010ж.
5. Танирбергенова А.Ш., Базарбаева К.Қ., Алипбекова Л.У. «Психолог
жұмысында педагогикалық-психологиялық диагностика» Астана 2013 ж.
6. Е.И.Рогов «Настольная книга практического психолога» М: Владос.2003г.
7. Тұрғынбаева Б.Ш. Кіші жастағы оқушылардың шығармашылық қабілетін
анықтау.-Алматы,1999
8. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы. Жаратылыстану.
1-сынып. Астана, 2016 жыл

38

Займолдина Ж.Г., Есубаева Г.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ-КРЕАТИВТІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН

ДАМЫТУДАҒЫ ЖАҢА АМАЛДАР
әдістемелік құрал.

Теруге 19.03.21. жіберілді.
Баспаға 02.04.21. қол қойылды
Пішімі 60x84/8. Қағазы офсеттік.

₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪
Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін

арттыру институтының баспа қызметі және қоғамдық ортамен байланыс бөлімі
- Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 86 үй. Тел: 56-05-37

39


Click to View FlipBook Version