Дескриптор
- жылыту құралдарын белгілейді;
- жылыту құралдарын атайды.
Саралау
Барынша қолдауды қажет ететін оқушылар:
Электр жылытқыш құралдарын табады, оның қалай жұмыс жасайтынын
айтып береді.
Орташа қолдауды қажет ететін оқушылар:
Суретте берілген құралдарды екі топқа бөледі, қолдану тәсілдерін айтады.
Аз қолдауды қажет ететін оқушылар:
Ежелгі және қазіргі замандағы жылытқыш құралдарының суретін салады.
(Ж) Суреттегі жылытқыш құралдардың қасына «V» белгі қой
2. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау:
1.1.1.1 қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды
зерттеудің қажеттілігін түсіндіру.
Сабaқтың тақыpыбы: Ғарыш дегеніміз не?
Оқушылар, бүгін біз ғарышқа саяхат жасаймыз. (Ұ) «Болжау» әдісі.
- Ғарышты қалай елестетеміз?
- Жұмыс дәптеріне суретіңді сал. Суретке назар аударыңыз.
- Сендердің елестеткендерің шындықпен сәйкес келді ме?
- Ғарышта не бар? (Ғарыш – бұл шексіз кеңістік, онда сан алуан ғарыш
денелері бар)
- Ерте заманда адамдар аспанда көрінетін жұлдыздарды аспан күмбезіне
қағылып тұрған шегелер деп есептеген.
Дескриптор:
- Ғарыш ұғымымын біледі;
- Астрономияның аспан денелерін
зерттейтін ғылым екенін түсінеді
(Ұ) Бақылау жүргізу.
- Арнайы құралдардың көмегінсіз түнгі аспаннан нені көруге болады?
(астрономия, шоқжұлдыздар туралы мағлұмат беру)
Дескриптор:
- Аспаннан жай көзбен көрінетін жұлдыздар туралы айтылады.
Шоқжұлдыздар ұғымын түсінеді.
Ширату.
«Ғарыш» атты рөлдік ойын.
(Т) Зерттейік. «Егер мен ғарышкер болсам...» әдісі қолданылады.
Аңыздар кітабын дайындау үшін бірнеше шоқжұлдызды таңдап алып,әр топ
өз шоқжұлдызы туралы аңыз кітабын дайындайды. Таңдаған шоқжұлдызына
қарай өз тобына ат қояды.
- Не себепті осы шоқжұлдыз таңдап алынды?
- Ол несімен қызықты?
51
- Шоқжұлдыздарды ажырату не үшін қажет? (Жұлдызды аспанға қарап,
бағытты жақсы бағдарлау үшін)
Дeскриптор:
- Шоқжұлдыздардың суретін салады.
- Шоқжұлдыздарды бірнеше сөзбен сипаттайды.
- Кітаптың мұқабасын әзірлейді.
(Ө) Шoқжұлдызды құрастыр. (жұмыс дәптері )
Барынша қолдауды қажет ететін оқушыларға:
Жұлдыздағы әріптерден ҒАЛАМШАР сөзін құрастырады.
Орташа қолдауды қажет ететін оқушыларға:
Қандай шоқжұлдыз пайда болғанын айтады.
Аз қолдaуды қажет ететін оқушылар:
Қалған жұлдыздағы әріптерден сөз құрастырады, оны оқиды.
ҚБ(Ж) «Серпілген сауал» әдісі.
Бағалау критерийі: Дескриптор:
- Астрономия ғылымының - Тірек сөздерді қолданып, суреттерді
ерекшеліктерін анықтайды; сипаттайды;
- Астрономия ғылымы туралы - Астрономияның ғарыш туралы ғылым
әңгімелейді. екенін түсіндіреді.
3. Ocы caбaқтa қoл жeткiзeтiн oқy мaқcaттapы
1.5.3.2. дыбыcтың тaбиғи жәнe жacaнды түpiн aжыpaтy.
1.1.2.1. қopшaғaн әлeм құбылыcтapынa бaқылay жүpгiзy
Caбaқтың тaқыpыбы
Жacaнды дыбыc көздepi дeгeнiмiз нe?
Дыбыc көздepiн тaп (мaшинaлapдың шyылы, мaгнитoфoн, cкpипкa). Бұл
дыбыcтap тaбиғи дыбыcтapғa жaтa мa? Cкpипкa, мaгнитoфoн қaйдaн пaйдa
бoлды?
Oлapды aдaм жacaды
Eндeшe, oлapдaн шыққaн дыбыc қaндaй бoлaды?
(Ұ) «Cәлeмдeмe жiбepiңiз» (Ыcқыpғышты opaп жiбepу )жacaнды
дыбыc көздepiннiң дыбыcын caлып көp.
Дecкpиптop:
• Шaңcopғыштың дыбыcын caлaды.
• Тiгiн мaшинacының дыбыcын caлaды
• Шaш кeптipгiштiң дыбыcын caлaды
• Бaлғaның дыбыcын caлaды
• Apaның дыбыcын caлaды
• Пoйыздың дыбыcын caлaды.
52
(Ө) Элeктивтi тecт. Көк, жacыл түcтi cтикepлep бepiлeдi тaбиғи жәнe
жacaнды дыбыc көздepiн ocы түcтi көтepiп ocы түcпeн түcпeн бoяйды Cтaдиoндa
тьaбиғи дыбыc көздepiн көк түcпeн жacaнды дыбыc көздepiн жacыл түcпeн
бoяйды. (дәптepдeн)
Дecкpиптop:
• Тaбиғи дыбыc көздepiн тaбaды, бoяйды.
• Жacaнды дыбыc көздepiн тaбaды, бoяйды.
Шиpaтy жaттығyы «Мyзыкa мeктeбiндe» Cкpипкa, дoмбыpa, poяль,
cыpнaй көpдiм.
Лабиринт шық. Жасанды дыбыс көзін тап.
(Т.)(ҚБ) Aлдымeн жacaнды дыбыc көздepiн тaп coдaн coң, жacaнды дыбыc
көздepiнe мыcaл кeлтip. Тaбиғи дыбыc көздepiн тaп жәнe тaбиғи дыбыc
көздepiнe мыcaл кeлтip.
Бapыншa қoлдayды қaжeт eтeтiн oқyшылapғa тaпcыпмa:
Cypeткe қapa. Cypeт бoйыншa cөйлeмдep құp.
Aз қoлдayды қaжeт eтeтiн oқyшылapғa тaпcыpмa:
Cypeт бoйыншa әңгiмe құpaйды.
Дecкpиптoр:
Cypeт бoйыншa cөйлeмдep құpaйды.
Cypeт бoйыншa әңгiмe құpaйды.
4. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.3.1.1 Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі
туралы әңгімелеу
Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адам
ТЖ
«Артығын алып таста» әдісімен
Суреттер жинағының ежелгі адаммен байланысын көрсетіңіз, қатысы жоқ
суретті анықтаңдар
Дескриптор
- Ежелгі адамдарға қатысты суреттерді топтастырады
- Артық суреттердің неге артық екенін дәлелдейді.
- Әр оқушы өзінің жетістіктерін жетістік баспалдағында көрсетеді
ЖЖ
«Айырмашылығы неде?»әдісімен
- Екі адамның айырмашылығы мен ұқсастығын анықтау.
Дескриптор
- Екі адамды салыстырады.
- Ұқсастығын табады.
- Айырмашылығын табады.
ҚБ
Суреттерге мұқият қараңыз және талқылаңыз. Сұрақтарға сүйене отырып,
ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеңіз:
- Алғашқы адамдар нені паналаған?
- Алғашқы адамдар немен тамақтанған?
53
- Тамақ табу үшін қандай іс-әрекеттер жасаған?
Бағалау критерийлері
Дескриптор
1.Ежелгі адамдардың өмірі бейнеленген көрнекі материалдарды зерттейді.
- Ежелгі адамдарды зерттейді.
2. Суреттерге сүйеніп, ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелейді.
- Ежелгі адамдар тіршіліктерімен танысады, әңгімелейді
Ширату жаттығуы
«Елші» әдісі арқылы
Алғашқы адамның жүрісін қимылмен қөрсет.
Алғашқы адамның баспанасын іс - қимылмен көрсет.
Алғашқы адамның құрал саймандары не болды? Іс қимылмен көрсет
Алғашқы адамның кәсібін іс - қимылмен көрсет.
Дескриптор
-Алған білімдеріне сүйене отырып алғашқы адамның тіршілігін іс-
қимылмен көрсетеді.
ӨЖ
«Ой күмбезі» әдісімен
Барынша қолдауды қажет ететін оқушылар: Алғашқы адамның
баспанасының суретін сал.
Орташа қолдауды қажет ететін оқушылар: Берілген сипаттамалар кімге
қатысты екенін сызықпен көрсету.
Аз қолдауды қажет ететін оқушылар:
Бос орынға қажетті сөздерді көшіріп жазып, сөйлемдерді дұрыс
құрастырады.
Дескриптор
Алғашқы адамның баспанасының қандай екенін біледі.
Сипаттаманы оқи отырып кімге қатысты екенін ажыратады.
Тиісті сөздерді қатыстырып сөйлемді дұрыс құрастыра алады
5. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
1.5.6.1 магниттілік қасиеті бар кейбір денелерді анықтау.
1.5.6.2. магниттің қасиетін зерттеу.
1.1.2.2. жүргізілген экспериментті түсіндіру.
Сабақтың тақырыбы-Магнит
МТ.
Бейнеролик көмегімен магнит қасиеттері туралы мағлұмат беру.
Жетекші сұрақтар:
-Қандай заттар тартылады екен?
Басқалары неліктен тартылмады
Нендей ерекшігігін байқадыңыздар
МТ
Ертеректе магниттіліктің пайда болуы туралы
Бір аңызға сәйкес Магнус есімді қария өзінің таяғының темір ұшы қызықты
тасқа тартылғанын байқайды. Содан бері сол ереше тасты «Магнус тасы» немесе
магнит деп атап кетіпті.
54
Барлық заттардың нақты магниттік қасиеттері болады. Темір, кобальт,
никель жақсы магниттеледі.. Магниттер тартылады, тебіледі.
Магнит барлық заттарды тарта алмайды.
Суық, қатты, темір, ауыр болады.
Электромагнит- өзінен электр тогын өткізгенде магниттік қасиеттері бар
заттарды тартатын құрал.
-Магнит дегенімз не?
-Магнит неден жасалған?
-Магнитті қолыңа ұстап көрдің бе?
-Барлық заттар магнитке тартыла ма?
-Магниттің өмірде пайдасы бар ма?
ҰЖ. Ширату жаттығуы
«Артығын тап!» әдісі
Көптеген ұсақ заттар жиынтығын пайдаланып, тартылысқа түсетін заттарды
анықтау. Артығы қалатынын біледі.
Саралау.
(Т) «Ойлан, бөліс»» әдісі
Барынша қолдауды қажет ететін оқушылар:
1-топ: Құмда жоғалған заттарды магниттің көмегімен табады.
Зерттеу барысында: Құмда жоғалған заттардың металл екенін анықтайды.
Орташа қолдауды қажет ететін оқушылар:
2-топ: Қағаздың астынан магнитті қозғалту арқылы қағаз үстімен ұсақ
заттардың жылжитынын байқайды.
Зерттеу барысында:Магниттің күші қағааздан өтетінін байқайды.
Аз қолдауды қажет ететін оқушылар:
3-топ: Су құйылған шыны ыдысқа салынған гайканы, шығару үшін ,
қолымызды суға салмай, төңкермей алуға болатынына зерттеу жасалады.
Зерттеу барысында: Магниттің тартылысы шыныдан өтті ме? біледі.
Дескриптор:
*Қандай металл екенін айтады
*Магнитке тартылатын заттарды біледі.
*Барлық заттардың тартыла бермейтінін біледі.
Кері байланыс:
1-топ « Қол шапалақтау»
2-топ « Бармақпен»
3-топ «От шашу»
ҚБ
Ж. «Өзіңді-өзің тексер!» әдісі
Тапсырма:
Сынып ішіндегі магниттік қасиеті бар заттарды анықтаңыз. Ол үшін
қолыңызға магнит алып, айналаңыздағы заттарға жақындатып көріңіз.
Төмендегі кестеге магниттік қасиеті бар, магниттік қасиеті жоқ екі заттың
атауын жазу немесе суретін салу.
Магниттік қасиеті бар заттар
Магниттік қасиеті жоқ заттар
55
Бағалау критерийі
Магниттік қасиеті бар кейбір денелерді анықтайды.
Магниттің қасиеттерін зерттеп, жүргізген экспериментті түсіндіре алады
Дескриптор
- магнитпен тәжірибе жасайды.
- сынып ішіндегі магниттік қасиеті бар заттарды анықтайды.
-нәтижесін кестеге жазады, суретін салады.
2.4 Дүниетану пәнінен логикалық тапсырма түрлері
1. Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта
артылған болатын. Алдарында өзен ағып жатты. Түйелердің біреуі өзеннен әрең
өтіп шықты: Ол қай түйе?
2. Далада неге сынапты емес спиртті термометр қолданылады? Қату
температуралары әр түрлі, сынап – 38,9°С, спирт – 112°С.
3. Ұша алмайтын, бірақ балықтан кем жүзбейтін құс? Пингвин.
Жауаптары:
1. Тамақ жеуіне байланысты, тамақты көп жесе өркеші де үлкен болады.
2. Иттерде тер шығаратын бездер жоқ, сондықтан олар тілін салқындау үшін
шығарып жүреді.
3. Денесіндегі иісті кетіру үшін. Себебі, олар жемін жасырынып, аңдығанда
елеусіз болады. Ал иттер өздерінің жемін қуып жүріп ұстайтындықтан, оларға
жуыну керек емес.
Топтық жұмыс
1. Әңгіме қай жануар туралы болып отыр?
Жүні өте қалың, суды сіңірмейді. Жануар судан шыққан бойда үсті- басын
түзейді – таранады, су болмас үшін терісін майлайды. Тұмсығы ерекше өткір
тістерімен үстіңгі ернін жоғары көнтитіп таңқалдырады. Тістерімен су түбіндегі
ағаштарды тістейді, кеседі.Мұрнының етті танауы оның жақсы сүңгуін
қамтамасыз етеді. Судың астында 15 минут бола алады, жақсы сүңгиді және
жүзеді. Құйрығы, аяғының жарғақтары жүзуге бейімделген.
Жауабы: ----------------------------------------------------------------------------
2. Тәжірибе жасау арқылы балалар нені анықтағысы келді?
Саша мен Миша тәжірибе жасады.Бір шыны түтікшеге саз араласқан
топырақ, ал екіншісіне құмды топырақ салды. Шыны түтікшені стакан үстіне
қойып, әрқайсысына бірдей су құйып бақылады.
Жауабы: ------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
3. Кейде шегірткелер су қоймасынан алыс көгалға, орманға шыбын- шіркей
аулауға ұшып барады. Бұл жәндіктер азық мол болса да, суға қайта қайтады.
Неліктен?
Жауабы:--------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
4.Құстар қанқызды жей ме, неліктен?
Жауабы:------------------------------------------------------------------------------------
56
5.Сәйкес фразеологиялық тіркесті тауып жаз.
1.--------- ------------- құсап өз ортасында өрескел көрінді.
2.Жоқ жерде ------------------------------------ ------------------------- шығарып не
істеп тұрсың?
3.---------------------- --------------------- ----------------------- даңғырлаған
Айнұрға бәрі қарап тұрды.
4.Оның сөзінен кейін мұңайып іші ----------------------------- ----------------------
-------------- болды.
5.Мұғалімнің айтқаны ----------- ------------ келді.
Жауаптары:
1. Суыр
2. Қандай топырақ суды жақсы өткізеді.
3. Су шегірткеге оның дернәсілін көбейту үшін қажет.
4. Жемейді. Қанқыз өзінен жағымсыз сұйық бөледі. Оның дәмін бір рет
татқан құс енді қайтып оған жоламайды.
5. Ақ қарға, бүйректен сирақ, түбі түскен шелектей, ит жыртқандай, айдай
анық
Ойлан.
1. Қай түсті металл туралы айтылған және оны қайда қолданады?
Адамдар бұл металлды басқа металдардан бұрын қолданған. Қызғылт түсті
жұмсақ металл. Оңай өңделеді. Электр тогын жақсы өткізеді.
Жауабы: --------------------------------------------------------------------------
2. Метеорология дегеніміз не ?
Мысықтың іс –әрекетіне байланысты ауа-райын қалай болжайды ?
Жауабы: ------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
3. Картада қалай және қандай түспен белгіленеді
Өзен-
Тегіс жазықтар-
Тұщы көлдер-
Шөл мен шөлейт-
4. Қазақстандағы ең биік 4 тауды атап жаз
Жауабы: ------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ойлан.
Үнемі су шайып құлатып тұратын жартастың, жағалаудың жағасын қалай
нығайтуға болатыны туралы ойларыңызды ұсыныңыз?
Жауабы. Топырақты нығайту үшін өсімдік көп егу керек, олардың
тамырлары арқылы су жағалауын нығайтуға болады.
57
Лондонның бір бай ханымы өсімдіктердің ауаны тазартатынын біліп,
қызметшілеріне қысқы бақтан оның желдетілмейтін жатын бөлмесіне,
тропикалық өсімдіктері бар ең үлкен бес құмыраны әкеліп қоюды бұйырды.
Таңертең ханым қатты басы ауырып тұрды. Осыдан кейін ол өсімдіктер ауаны
тазартпайды, керісінше оны бұзады деп айта бастады. Сіз ханымға оның
қателігін қалай түсіндіресіз?
Мүмкін жауап. Өсімдіктер тек жарықта, фотосинтез жасайды қараңғыда
оттегі бөлмейді ,дегенмен өсімдіктің тыныс алу процесінің қарқындылығы
төмендемейді . Сондықтан өсімдіктер бөлме ауасындағы оттегінің бір бөлігінмен
"дем ала" алады. Олар ауаны тарылтуы мүмкін,
Мүмкін жауап 2. Көптеген тропикалық өсімдіктердің жапырақтары, сабағы
мен гүлдері мол эфир майлары сияқты хош иістің барлық түрлерін шығарады.
Мұндай өсімдіктер жабық емес, кең ауасы бар ашық жерлерде өсуді қажет етеді.
Ханымның жолы болды, ол тек бас ауруымен ғана құтылды
Орман өсімдіктері деңгейлеп өсіп /шөп, бұта, ағаш/ орналасуымен сипатта-
лады. Жоғарғы деңгейдегі өсімдіктер (орман шатыры) кесілді. Орман өсімдікте-
ріне тиер салдары қандай? Осындай әрекетте өзгеретін факторларды тізімдеңіз.
Жауап. Деңгейлеп өмір сүру жағдайлары өзгереді: өсімдіктердің бір бөлігі
өледі, бір бөлігі жаңа жағдайларға бейімделеді. Ең алдымен, төменгі
деңгейлердің жарықтандырылуы, сондай - ақ топырақтың су режимі және
ішінара минералды құрамы өзгереді ("тұтынушылар"санының өзгеруіне
байланысты). Мұның бәрі осы аймақтағы өсімдіктер қауымдастығының
өзгеруіне әкеледі. Сірә көлеңке сүйгіш өсімдіктердің жойылып кетуі мүмкін.
Немесе жаңа ұпағы дамиды
Аязды ауа-райында ауада құстар айтарлықтай аз болады. Мұндай күндері
басқаша болуы керек сияқты: үнемі ұшу кезіндегі бұлшық ет жұмысы жылу
өндірісін арттырады, сол себепті аязды күндері құстар көбірек ұшуға тырысуы
керек. Керісінше неліктен аязда құстар жиі үрпиіп бағана сымында, ағаштың
бұтағында отырады?
Мүмкін жауап. Аязда құстар көбіне отырады. Олар қауырсындарын жайып,
денесінің жанынан әуе көйлегін жасайды ,себебі ұшу кезінде құстың денесіндегі
ауа үнемі өзгеріп отырады. Бұл денесіндегі жылуды салқындатып алуы мүмкін.
58
Тест сұрақтары:
1. Өзің туған өлкеңнің қандай байлығын білесің ?
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------- ----------------------------------------------
2.Кез-келген адам мен жануар денесін салыстыр, ұқсастығы мен
айырмашылығын тап .
------------------------------ ----------------------------------
------------------------------ -----------------------------------
------------------------------ ----------------------------------------
------------------------------ -----------------------------------
3.Табиғат перзенті кім ?
Жауабыңның астын сыз .
А) жануарлар В) адам С) ?сімдіктер Д) ??стар
4. Сен үйден оңтүстік бағытқа қарай кеттің . Үйге қай бағытпен оралуға
тиіссің ?
-----------------------------------------------------------------------------
5.Көкжиектің негізгі неше тұсы бар ?-------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------------------------
6. Жауыннан кейін жер бетіне жиналған су қай кезде тез кебеді:
жазда ма? күзде ме? Неге ?
7. Қыста неге қар, жазда неге жаңбыр жауады?
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------------------------------------------
8. Алғашқы адамның баспанасы :
А) саяжай В) киіз үй С) үңгірлер Д) там үйлер
9. Ең жақын планетаның атын білесің бе ?
-----------------------------------------------------------------------------------------------
10. Қай жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін алды ?
-----------------------------------------------------------------------------------------
11. Бидайдың, арпаның, күнбағыстың тамырлары қандай тамырға жатады?
-------------------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------
12. Сабақта өсетін өсімдік мүшелерін атап жаз .
-------------------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------
13. Өсімдіктің тірі организм екенін дәлелдей аласың ба ?
-------------------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------
14. Өсімдіктің тіршілігі үшін не қажет ?----------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------------------
15. Өсімдік қыста неге өспейді ?
-----------------------------------------------------------------------------------------
59
16. Қандай өсімдіктер жер асты бөліктерінен көбейеді ?
-------------------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------
17.Сүтқоректі жануарлар не жейді ? --------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------
18. Қандай құс балапан басып шығармайды ?---------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------
19. « Ұяда не көрсе? ұшқанда соны ілесің» деген мақалды қалай түсінесің?
-------------------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------
20. Білім мекемелерін атап жаз .--------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------
21. Тәуелсіз мемлекеттің басты белгілерін ата .------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------
22.Арнайы көліктерді шақыратын телефон нөмірлерін жаз.
............ - өрт сөндіру машинасы;
........... - полиция машинасы ;
............ - жедел медициналық жәрдем ;
............ - газ шаруашылығының машинасы ,
........... - құтқару қызметі .
23 . Қандай аң Қазақстанның тәуелсіз нышаны болып саналады ?-------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------------
24. Қостанай қаласы қай өзеннің жағалауында орналасқан ?
А) Есіл В) Сырдария С) Тобыл
25. Ең жақын туыстар қалай аталады ? (3 -4 жаз.)
-------------------------------------------------------------------------------------------------
26. Далада ауа райы жиырма бес салқын . Жазып көрсет .
------------------------------------------------------------------------------------------------
27. Қазақстанда ғарышқа ұшатын ғарыш айлағы қалай атайды ?
-------------------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
28.Қағазды неден жасайды ?
29. Адам тіршілігіне ең қажетті жағдайлар?
А) Ауа, су, тамақ, жылу, жарық.
В) Доп, машина, компьютер, телефон, велосипед.
С) Кітап, дәптер, қалам, сызғыш, бор.
30. Темірқазық жұлдызы қай бағытты көрсетеді?
А) Солтүстік
В) Оңтүстік
С) Батыс
31. Ауаның түсі туралы не айтуға болады?
А) ақ
60
В) түссіз
С) көгілдір
2. Ауаны ластанудан қалай сақтайды?
А) Көгалдандыру
В) Сүзгілер орнату
С) Желдеткіш орнату.
33. Қандай топырақта өсімдік жақсы өседі?
А) Құнарлы
В) Сортаңды
С) Сазды
34. Судың артық мөлшерін буландыратын өсімдік мүшесі:
А) Жапырақ
В) сабақ
С) тамыр
35. Қай жемістің жапырағы түсісімен қыс келеді?
А) Алма
В) өрік
С) Шие
Тапсырмалар.
Суреттерге мұқият қара. Жауапкершілікті бейнелейтін суретті белгіле (˅).
Сенің қандай құқықтарың мен міндеттерің бар? Кестені толықтыр
61
Мектепте жұмыс істейтін мамандық иелерін белгіле (V).
Мектептегі басты тұлға кім? Мектеп ұжымына тағы кімдер кіреді? Олар
қандай қызмет атқарады? Кестені толтыр.
Ребусты шеш. Жауаптарын жаз
___________________________________________________________
Мақалдың жалғасын тап.
Білімдіге дүние жарық, білім – қайық.
Ғылым – теңіз, соңы – зейнет.
Білімнің басы – бейнет, білімсіз күнің жоқ.
Оқусыз білім жоқ, білімсіздің күні кәріп.
Суреттердің астына көліктердің атауын жаз.
62
Оларды 3 топқа бөл. Сәйкес бағанға суреттің нөмірін жаз
Жер үсті Су жолы көліктері Әуе жолы көліктері
көліктері
Бағандарды сәйкестендір жүргізушіні алаңдатуға
Балаларға автокөліктің болмайды.
Ұшақта ұшу кезінде қауіпсіздік белдігін салып алу
қажет.
Автокөлікте
алдына отыруға тыйым
Автобуста жол жүру салынғаг.
кезінде
ұялы телефонды өшірген абзал
63
ҚОРЫТЫНДЫ
Креативті педагогикалық технология - бұл білім беруді жаңарту
жетістіктерінің негізі. Бұл технология білім беру процесін тиімді жоспарлауға,
болашақты құруға, салыстырмалы талдауға, синтездеу және өзіндік тұжырым
жасау қабілетін дамытуға бағыттайды. Технология тек танымдық қабілеттерді
дамытуға ғана емес, сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының алғашқы
логикасын түзету мақсатында тұрақты бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
Сол себептен, сауат ашу, қазақ тілі, әдебиеттік оқу сабақтарында тілдік
дағдылар сәтті дамиды, оқушы өзінің іс-әрекетінде өз мүмкіндіктерінің
«шыңына» жиі жетеді және біртіндеп осы «төбені» тіл байлығы мен логиканы
ұштастырып, жоғарылатады.
Математика сабағында креативті ойдың тәуелсіздігін, парасаттылықты,
өзіндік және тапқырлықты қажет ететін стандартты емес есептерді шығара
отырып, ойлау процесінің шыңына жетеді.
Жаратылыстану пәні оқушылардың сыни ойлауын, зерттеушілік
қабілеттерін және проблемалық мәселелерді креативті түрде шеше білу
қабілетін дамытуға әсер етеді. Ол үшін зерттеу үстінде шығармашылық әрекетті
ойдағыдай ұйымдастыру үшін педагогикалық тәсілдермен оңтайлы жағдай
жасау қажет.
Баланың әлемді белсенді түрде зерттей бастауы, оның тәжірибесінің байи
түсуі, табысты оқуға көмектеседі. Дүниетану пәнінде креативті технология
арқылы логикалық ойды дамыту шарты - баланы қоршаған ортамен және оның
әртүрлі креативтік іс-әрекеттерін ынталандыратын қатынастар жүйесімен
таныстыруға, қолымен ұстап, көзімен көрсетуге тырысу.
Сонымен, эксперименттік жұмыстың барысын мазмұндаған әдістемелік
құралда креативтік қабілеттерді оятатын логиканы ойдағыдай дамытудың өте
маңызды шарты-оқушының табиғатынан туындайтын креативтік күштің
максималды деңгейін сәтімен жетелей білу екендігі көрсетілді.
64
МАЗМҰНЫ
Кіріспе........................................................................................................................... 3
І-тарау. Кіші мектеп оқушыларының логикалық ойлауын дамытудың және
креативтік технологияның теориялық негіздері ...................................................... 4
1.1 Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі кіші мектеп оқушыларының
логикалық ойлауын дамыту ....................................................................................... 4
1.2 Креативті оқыту технологиясы логикалық ойлауды дамыту құралы ретінде 8
ІІ-тарау. Бастауыш мектеп оқу пәндеріндегі креативті технология мен логика 11
2.1. «Тіл және әдебиет» саласының оқу пәндерінде берілетін тапсырма
түрлері......................................................................................................................... 11
Әдебиеттік оқу пәні бойынша.................................................................................. 11
Қазақ тілі пәні бойынша. .......................................................................................... 13
Сауат ашу пәні бойынша .......................................................................................... 22
2.2 Математика сабақтарындағы креативті көзқарас пен логикалық
тапсырмалар............................................................................................................... 23
1-сыныптарға ............................................................................................................. 23
2 – сыныптарға........................................................................................................... 27
3 - сыныптарға ........................................................................................................... 40
4-сыныптарға ............................................................................................................. 45
2.3 Жаратылыстану пәніндегі креативті оқыту мен оқу ....................................... 50
2.4 Дүниетану пәнінен логикалық тапсырма түрлері............................................ 56
Тапсырмалар. ............................................................................................................. 61
Қорытынды ................................................................................................................ 64
65
Рахатова К.Ж., Бексултанова И.И., Қалыбаева Г.Қ.
КРЕАТИВТІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ
(бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал)
Теруге. 26.01.21. жіберілді.
Баспаға 23.02.21. қол қойылды
Пішімі 60x84/8. Қағазы офсеттік.
₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪
Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институтының баспа қызметі және қоғамдық ортамен байланыс бөлімі -
Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 86 үй. Тел: 56-05-37
66