The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by akmaralem, 2022-10-19 14:59:41

Ядро

Ядро

Ядро

Орындаған:
2 курс магистранты
Ботабай Анель

Бұл сабақта:

• ядроның құрылысы мен қызметін оқып білесіңдер;
• ядроның құрылысы мен қызметінің ерекшеліктерін оқып-

үйренесіңдер.

Кілт түсініктер:

• Ядро
• Ламина
• Кариоплазма (нуклеоплазма)
• Ядрошық
• Хроматин
• Хромосомалар
• кариотип

Ядроның құрылысы мен қызметі

1833 ж. Роберт Броун өсімдік материалынан жасушалық
ядроны ашқан. Ол микроскоп арқылы тозаң жіпшелерінің
жасушаларын қарап, дөңгеленген формалы денешіктерді
тапқан. Оны "nuclei" — ядро деп атаған. Ядро жасушаның
ортасында орналасқан дөңгелек немесе сопақша формалы
жасушаның ең ірі органоиді.
Ядро үш бөліктен тұрады:
• ортасында орналасқан — ядрошықтан,
• ядроның сұйық бөлігі — нуклеоплазмадан
• ядролық мембранадан.

Ядролық мембрана Ядролық
Хроматин қуыс
Ядрошық
Ядро
ЭПТ

Мембрана

Ядро екі мембранадан тұратын қабықшамен қоршалған. Сыртқы
ядролық мембрана рибосомалармен қапталған, ішкі мембрана тегіс
болады. Электронды микроскоп арқылы зерттеу ядролық мембрананың
жасушалың мембрана жүйесінің бір бөлігі екендігін көрсетті. Сыртқы
ядролық мембрананың өсінділері эндоплазмалық тордың өзектерімен
(каналдарымен) байланысады да, біртұтас өзектер жүйесін құрайды.

Ядроның тіршілік әрекетінде ядро мен цитоплазма арасындағы зат
алмасу басты рөл аткарады. Ол негізгі екі жолмен жүзеге асады.
Біріншіден, ядролық мембрананың көптеген саңылаулары болады. Осы
саңылаулар арқылы ядро мен цитоплазма арасында молекула алмасуы
жүреді. Ядро мен цитоплазма арасында зат алмасу белсенді түрде
жүргенімен, ядро қабықшасы ядроның құрамын цитоплазмадан бөліп
тұрады. Бұл өзін қоршап тұрған цитоплазмадан өзгеше, өзіндік
ядроішілік ортаның болуын камтамасыз етеді.

нәруыздар

липидтер

Ядрошық

Ядрошық – жасуша ядросының мембранамен шектелмеген, диаметрі
1-2 мкм, қатты тығыздалған, шар тәрізді аймағы. Ядрошықтың түрі,
өлшемі, және саны ядроның функционалды жағдайына байланысты, яғни
ядрошық үлкен болған сайын, оның белсенділігі де жоғары болады.
Ядрошықтың 80% ақуыз, 15% РНҚ, 2-12% ДНҚ-дан тұрады. Ядроның
бөлінуі кезінде ядрошық толық ыдырайды. Жасушаның бөлінуінің
соңында ядрошықтың ұйымдастырушылары хромосомалардың белгілі
аймақтарының айналасында қайта түзіледі.

Хроматин

Хроматин – хромосоманың негізін қалаушы,
жасуша ядросының нуклеопротеиді. Ол
шиыршықтана ширатылған ДНҚ және әртүрлі
ақуыздардан тұрады. Тыныштық жағдайдағы
жасушада тығыз ширақталған, генетикалық
белсенді емес гетерохроматин және тығыздығы
аз, генетикалық белсенді эухроматин болады.
Хроматиннің химиялық құрамы ДНҚ (30-45%),
гистондар (30-50%), гистонды емес ақуыздар (4-
33%) және аз мөлшерде РНҚ-дан тұрады.
Гистондар реттеуші және құрылымды қызмет
атқарады. Гистонды емес ақуыздар синтездеу
ферменттері, РНҚ тығыздалуы, ДНҚ
редупликациясының репарациясы, құрылымды
қызмет атқарады. Хроматиннің суббірлігі
нуклеосома, ол ДНҚ және гистонды
ақуыздардың төрт жұбынан тұрады. Жасушаның
бөліну кезінде хроматиндер тығыздалып
хромосомаларға айналады.

Хромосомалар

Хромосома дегеніміз –ДНҚ –ның жіпшелерінен тұратын
созылыңқы тығыз денешік.Әр түрге тән хромосомалар саны
құрамы жөнінен әр текті болады. Олардың құрамында
40% ДНҚ, 60% нәруыз болады

Хромосома жасуша ядросының органоиды, ағзаның және
жасушаның тұқым қуалау қасиетін анықтаушы және ген тасымалдаушы
болып табылады Центромерлердің орналасуы бойынша және екі
иықтың өзара орналасуларына байланысты хромосомалардың үш типі
болады:

 Метацентрлік – егер центромера хромосоманың дәл ортасында
орналасса, ол тең екі ашаға бөлінеді;

 Акроцентрлік – егер центромера хромосоманың бір ұшына жақын
орналасса, онда хромосома тең емес екі ашаға бөлінеді.Бір ашасы
ұзын, екіншісі қысқа болады;

 Субметацентрлік – егер центромера хромосоманың ортасынан сәл
оңға немесе солға қарай орналасса, онда хромосома тең емес екі
ашаға бөлінеді.

 Телоцентрлік хромосома. Тек бір ғана иықтан тұратын және
центромерасы ең шетінде орналасқан хромосома.



Ядроның атқаратын қызметі:

• тұқым қуалау ақпаратын өзінде сақтап, оны бөліну
процесінде келесі ұрпақ жасушаларына беру;

• жасушаның барлық тіршілік әрекетін бақылау, басқару;
• нәруыздардың синтезін реттеу арқылы жасушаның

тіршілік әрекетін реттеу;
• рибосома суббірліктерінің түзілетін орны.

Кариотип дегеніміз - белгілі бір түрге тән хромосомалар
жиынтығының белгілерінің жиынтығы. Бір түр жыныс
белгісіне байланысты әр түрлі хромосома санымен
ерекшеленуі мүмкін. Тіптен жақын түрлердің хромосома
саны бір бірінен ерекшеленеді. Сондықтан кариотип
құрылымы таксономиялық белгі ретінде қаралады.

Білімдеріңді тексеріңдер:

1. Ядро мебранасы қалай құрылған?
2. Ядрошық бұл - ..........
3. Кариотип бұл - ..........
4. Хроматин бұл - .........
5. Хромосоманың қызметі және құрылымы туралы айтып

беріңдер.

Ядроның құрылымы мен қызметтері

Ядро құрылысы Құрылысы Қызметі
Ядро қабығы
Хроматин
Хромосома
Кариотип
Кариоплазма

Суретте көрсетілген 1 -6 нені білдіреді?

1 2
3 5
4

6


Click to View FlipBook Version