The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Көркем еңбек кітап

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by zajlaubajmoldyr, 2023-04-30 05:55:48

Көркем еңбек

Көркем еңбек кітап

Keywords: еңб,технология.

Жайлаубай Мөлдір Мейрамбекқызы Көркем еңбек Алматы-2023


Кіріспе «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: бәсекеге қабілеттілік» ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс делінген. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып оқушыларды шығармашылыққа жетелеу. Бұл көркем еңбек пәнінен оқушылардың шығармашлық шеберлігін дамытуда кесте тігу өнері, бисермен кестелеу, кезкелген қалдық заттарға екінші жаңа өмір сыйлап өз қажеттіліктеріне жарата білетін бұйымдар жасату арқылы шығармашылық шеберлігін арттыру, қазақ халқының көнеден келе жатқан өнерлерін заманауи бағытта рухани жаңғырту арқлы жастарды тәрбиелеу. Халқымыздың көркем өнер туындысын дәріптеп оқушыларды шығармашылыққа жетелеу, қазіргі қарыштап дамыған технология түрлерін тиімді пайдалану арқылы қазақ елінің салт-дәстүрін дәріптеп, нарыққа сауда саттық саласына сатылым ретінде шығарып болашақта кәсіпкер болуға, қазақ халқының төл қолөнерін дамытып, шет мемлекеттерге таныту, ұлттық брендке айналдыру мақсатында оқушылардың шеберлігін дамыту. Оқушыларға көркем еңбек пәнінен жасаған бұйымдарын біріншіден өз отбасын көмегін тигізсе, екінші жағынан қазақ халқымыздың ұлттық қолөнерін елімізге сатылымға шығарып, еліміздің тұтынушыларын қанағаттандыруға, ұлттық бренд ретінде танытуына ат салысу.


Еңбек - адамды қалыптастырушы фактор. Адамды қоғамдағы орны еңбегімен анықталады. Демек, адамды адам еткен – еңбек. Қазіргі таңда ғылым мен білім өркендеген заманда өнердің түрлері де көбейіп, тармақталып жатыр. Солардың бірі – көркем еңбек пәні. Мектеп жасындағы оқушыларды еңбекке баулу қашанда кезек күттірмейтін міндет екені айдан анық. Абай атамыз өзінің қара сөзінде айтқандай. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдамай өз өнерін сатқан қолөнерші- қазақтың әулиесі сол адам. Қазіргі көркем еңбек сабағының кілтті сөзі ол еңбек. Бұл сабақта балаға қарапайым «Еңбек құралдары мен өсімдік өсіру мен күтіп баптауды» үйрететін болса, бүгінгі таңда ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманы. Ғылым мен озық ойлы технологияның заманы. Адамзат баласының ақыл ойының дамыған заманында «Еңбек» сабағы «Технология.Көркем еңбек» болып өзгеруде. Қазақ елі еңбекті ерекше бағалап құметтеген. Мысалға: Жалқаудың жаны тәтті, Еңбектін наны тәтті деген сияқты мақал мәтелдерінен, және тағы басқа қанатты сөздерінен байқауға болады. «Көркем еңбек» сабағы балалардың шығармашылық жігерін ашуға көмектеседі. Шеберлік деңгейінің өсуіне, әр жұмысты соңына дейі жеткізудегі шыдамдылық төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Оқушы бала орасан зор еңбегінің жетістігін көргеннен кейін сол затты қайта жасауға қызығады, және соны үйренуге талпынады. «Көркем еңбек» пәндерінің балаға берер білімі өте көп және күрделі пән ретінде қарауымыз керек. Еңбекке немқұрайлы қарау нағыз білімсіздік. Қазіргі таңда мұғалім ретінде байқайтынымыз, балалардың сабаққа ықыласы төмен. Сонда балада білім болмаса, бір кәсіптік бағытқа бағдар берілмесе,


ондай бала ертең қоғамда орнын қалай табады. Бұл үлкен ойландыратын жағдай. Еңбексіз өскен бала, ескексіз жүзген қайық деп, дана бабаларымыз бекер айтпаса керек. «Көркем еңбек» мамандығы түрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарында одан әрі оқыту мүмкіндігімен көркем еңбек саласында кәсіби педагогикалық білім алуға бағытталған. Осы мамандық шығармашылық қабілеттілікті дамытуға, ой-өрісті кеңейтуге және эстетикалық қабылдау мен көркемдік талғамды қалыптастыруға бағытталған. Білім беру бағдарламасының оқыту мақсаты студенттердің жалпы және мамандандырылған құзыреттерді меңгеруі болып табылады: - педагогикалық құзыреттер; - жас ерекшелігі психологиясы саласындағы құзыреттер; - ақпараттық-коммуникациялық; - көркемдік. «Көркем еңбек» мамандығы мына бағыт бойынша кәсіби мамандарды дайындайды: - Негізгі орта білім берудің көркем еңбек мұғалімі. Осы бағыт бойынша колледжде оқуды аяқтағаннан кейін жоғары білім беру ұйымдарында оқуын жалғастыруға болады. Көркем еңбек мұғалімі балаларды оқыту жұмыстарын еңбекке баулу және тәрбиелеу бағдарламалары мен әдістемелеріне сәйкес жүргізеді. Білім алушылардың еңбек қабілеттілігі мен дағдыларын, оларды практикада пайдалана алу дайындығын қалыптастырады. Еңбекке баулу жөніндегі жұмыс оқу жоспарлары мен басқа да оқу материалдарын құрастырады, олардың мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді. Жазғы кезеңде қоғамға пайдалы өнімді еңбек пен оқушылардың еңбек бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады. Оқушылардың техникалық шығармашылыққа, рационалдылық пен өнертапқыштық қызметке деген ынталарын дамытады. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді. Оқу шеберханаларын жабдықтармен, материалдармен, құрал-саймандармен, техникалық құралдармен, көрнекілік оқу құралдарымен жабдықтау жұмыстарын ұйымдастырады, олардың


сақталуы мен тиімді пайдаланылуы үшін жауап береді. Станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, құрылғыларды баптауды және жөндеуді ұйымдастырып, жүзеге асырады. Білім алушылардың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді. Мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысады. Көркем еңбек мұғалімі әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, білім беру ұйымдарындағы балаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді атсалысады, әрдайым өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырып отырады. Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара қарымқатынаста болады. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты болады. Көркем еңбек мұғалімінің орташа жалақысы 100 мың теңге шегінде, сондай-ақ еңбек өтіліне, жұмыс орны мен аймағына байланысты. Біліктілік деңгейін арттыру үшін минималды тәжірибе – 3-5 жыл. Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студент педагогиканы, психологияны, жас ерекшелік физиологиясын білуі тиіс, бейнелеу өнері, модельдеу, көркем безендірудің негізгі білім жүйесін меңгеруі тиіс. Жас маман балалардың кабинетте болған кезінде олардың өмірі мен денсаулығы үшін жоғары жауапкершілік, әлеуметтік, жас ерекшелігі, психофизикалық және өзіндік қасиеттерін, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстарын жүзеге асыру қабілетінде тәжірибесінің болмауы сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін.


Көркем еңбек мұғалімі танымдық және еңбек қызметінде, қол жабдықтарымен жұмыс барысында моториканы дамытуда және қол қимылдарын үйлестіруде, сондай-ақ түрлі технологиялық операцияларды орындау кезінде қозғалыстардың қажетті дәлдігіне қол жеткізудің қауіпсіз әдістерінің сақталуын бақылауы керек. Маманның бойында мейірімділік, шыдамдылық, коммуникабельділік, сыпайылық, сезімталдық, әдептілік сияқты белгілі бір мінез-құлық қасиеттері болуы тиіс екендігін атап өткен жөн. Материалды тиімді әрі қызықты жеткізуі үшін мұғалімнің бойында шығармашылық пен ынталандыра алу қабілеті де болу керек. «Көркем еңбек пәнінде оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып оқушыларды шығармашылыққа баулу» Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде. Білім сапасын көтеру мақсатында түрлі әдіс тәсілдерді қолданып жүрмін. Жаңа заманның білімді ұрпақтарын тәрбиелеп оқытуда түрлі қиындықтар кездеседі. Соның жолдарын іздеуде көптеген іс- тәжірибелер жасаудамын. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ойталғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазір бүкіл әлемде интерактивті қатынас жасауға оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын ақпараттық қоғамға көштік. Бүгінгі күні инновациялық әдістермен ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Көркем еңбек сабағында оқушылармен жұптық және топтық жұмыс жасаудамын. Бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын


қамтамасыз ету міндеті тұр. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде оқытушының рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, оқытушы тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Оқушының өз бетімен жұмыс жүргізуі шығармашылық қабілетті дамытудың басты жолы. Оқушыларым жыл бойы ізденіс үстінде. Бұл ізденіс, ойлау әрекетімен тікелей байланысты. Ол үшін балаға берілетін білім сабақтастықты қажет етеді. Оқушының ойын жүйелеуде әртүрлі әдісамалдар қолданылады: -жаңа материалды меңгеру; -оқушыға бағыт беруғ яғни түрткі сұрақ, реплика беру; -оқушының өзін көбірек сөйлету;-тақырыпты бекіту;-игерілген білімді тиянақтау;-көрнекіліктердің әсерлігін тиімді пайдалану. Оқушының өз бетімен ізденісіне деген қарым-қатынастық машықтар жүзеге асырылып, олар оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіре түседі, яғни мәтін тақырыбын түсіну, ашу, ондағы негізгі ойды бөліп алу; өз ойын дұрыс жазу, айту. АКТ-ны пайдалану бұл оқушыларға интертақтамен жұмыс жасай білуге, ол арқылы сурет сала білуге, интернет желісін пайдаланып ақпараттар алуға, сюжетті суреттерді анық көруге, видеороликтер көруге дағдыландырады. Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Мектепішілік шаралар өткізуде әр оқушының талантын байқаймын, ал ешқандай шараға қатыспайтын тұйық оқушылар арасында әртүрлі қызықты жарыстар өткізу арқылы дарынын байқау болып табылады. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін — өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынтаықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.


Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.1. Оқу мақсаттарының қойылуы.2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беремін, жауаптарын тыңдаймын. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.Біріншіден– шығармашылық жоба білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады. Мысалы : «Жеңіл көйлек тігу»тақырыбын өткен кезде «Түсіну деңгейі»топқа сұрақтар жазылған көйлек мозайкалары таратылады,оқушылардың өз білетіндерін еске түсіріп, жаңа тақырыпқа дайындық жұмысы жүргізілді. Екіншіден — оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. «Жақсы оқушы», «Жаман оқушы» ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады. «Қолдану деңгейі» бойынша Әр топ көйлектің бөлшектерінің сызбасын сызып құрастырады Бұл жерде оқушылар «Топтастыру стратегиясы» арқылы постер қорғайды. І топ ұлттық көйлекІІ топ заманауи көйлекІІІ топ тұрмыстық көйлек Әр топ көйлектің бөлшектерінің сызбасын сызып құрастырады. Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті шығармашылық жоба оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды. Бұл деңгейде оқушылар шығармашылық тапсырмалар орындайды. Жұптық жұмыс орындайды. Қалдықтармен жұмыс жасап, көйлектің эскизін дайындайды. «Талдау деңгейі» «Реттілік» кезеңі. Топтағы оқушыларға сұрақ парақшасы таратылады.Бұйымды әрлеп үтіктеу үлгі дайындайды. Фурнитураларды (түйме, ілмек, гүл т.б) қадау материалды пішу. Сызба дайындау бұйымды тігу. Оқушылар жеңіл көйлек дайындаудың технологиялық реттілігін дұрыс орналастырады.«Жинақтау деңгейі»бойынша Оқушылар өз ойларын ортаға салып, бір-бірін тыңдау арқылы қорытынды


пікірге келеді.«Бағалау деңгейі» бойынша: Не білдік?, Не үйрендік?, Сен қалай ойлайсың? Осы сұрақтар арқылы оқушылар бүгінгі сабақта не біліп, не үйренгендерін ортаға салады .Кері байланыс: Қай тапсырма қиын болды,қайсысы оңай болды. Сарамандық жұмыстағы қателіктерге талдау жасау. Оқушылар смайлик арқылы көрсетеді. Төртіншіден– шығармашылық жоба нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым — қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Жаңа әдіс –тәсілдерді тиімді пайдалана білу — оқушы шығармашылығы мен дүниетанымын кеңейтудің негізі . Осы технологияларды қолдана отырып, шығармашылық іс — әрекет талаптарын орындау мақсатында, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында бағдарламадағы мәтіндерге сәйкес деңгейлік, шығармашылық тапсырмаларды алып, практика жүзінде қолданып, мынадай тұжырымдар жасадым: -оқушының шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;-қызығушылық ісәрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;-қызығушылық ісәрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;-оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөлініп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор;-қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-амалдар пайдалану интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады. Тәжірибе көрсеткендей күнделікті сабағыма қарағанда жаңа -әдіс тәсілдерді пайдалана өткен сабағымдағы оқушының белсенді іс - әрекетін, қызығушылығын байқадым. Тарих сабағында оқушы шығармашылығын дамыту тарихи көркем әдебиеттерге жол сілтеу болып табылады. Қазіргі таңда ғылыми негізде және жаңа зерттеушілік бағытта құрастырылған электронды оқулықтарды тиімді пайдалану оқушының пәнге қызығушылығына жол ашады. «Робин раунд» әдісі бойынша сыныптағы оқушылар бір –бірін қайталамай сабақ мазмұнына сай пікірін айтып сабақты қорытындылай алады. «Ыстық орындық», «Сұрақтарды ұстап ал», «Ассоциация» «Джигсо» әдістері, яғни диалогтік оқыту барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсайды. Сондықтан бір-бірін оқыту оқушылардың өз пікірін еркін айтуына мүмкіндік туғызары анық. Сабақта жаңа технологияларды, техникалық құралдарды жан- жақты қолдану, сабаққа керекті материалды ақпараттық кеңістіктен іздеу, мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оның уақытын үнемдейді, жаңа ақпарат түрі көбейіп, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез


келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болу тиіс. Мен өз тәжірибемде ғаламтордан тақырыптық бейнекөріністер алып оған талдау жасау жұмыстарына үлкен мән беремін. Осы арқылы оқушылардың тарихи түсініктері бір жерде ғана тоқталып қалмайды. Мысалы: 5сыныпта «Ою-өрнек жасалу жолдары» тақырыбында сабақ өткізгенімде алдымен сыныпты түстер бойынша 3 топқа бөлдім. Әр топқа қазақ халқының ұлттық киімдері, баспанасы, зергерлік бұйымдарымен мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрін оқытып үйрету мақсатында оқушыларға сұрақ қоя отырып қазақ халқының баспанасы, ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдары барлығы дерлік ою-өрнекпен әшекейленеді деген мәтіндер бойынша топтық тапсырмалар бердім. Оқушылар сабақ барысында өз пікірлерін еркін жеткізе білуге, бір — бірін тыңдай білу мен пікірлерімен санаса білуге дағдыланды. АКТ- ны пайдалана отырып алған мәліметтерін баяндай алды. Қазіргі таңда АКТ-ны тиімді пайдалану оқушыларымызды мына қадамдарға бағыттайды .1. Оқушы танымын кеңейтеді 2. Оқушыны ғаламтормен тиімді жұмыс жасай білуге бағыттайды . 3.Оқушының өзіне сенімін нығайтады және жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастырады. Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады. 1.оқушылармен материалды игеру үрдісін психологиялық түрде женілдетеді. Пәнге деген танымдылық қызығушылығын тудырады. Оқушылардың көзқарасын кеңейтеді. Сабақ үстінде көрнекілікті қолдану мүмкіндігі өседі. Сабақ үстінде оқушының да мұғалімнің де еңбек өнімінің жоғарлауы болады. Қорыта келгенде бүгінгі күні республикамызда білім беру жүйесінің түбегейлі өзгеріске ұшырауы анықталғаны баршамызға аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру саласында жаңа модельдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады. Прогрессивті концепциялардың пайда болуы, білім беру үрдісінде алға кеткен мемлекеттердің тәжірибесімен танысу және соның нәтижесінде ұлттық білім беру моделін құрастыру бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып табылады, өйткені нарықтық экономикаға негізделген мемлекетіміздің келешегіне мамандар қажеттігінен туындайды.


Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» — деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл — ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын сабақ үдерісінде қолдану арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады. Ұлы ойшыл Уильям Уорд «Жай мұғалім – хабарлайды . Жақсы мұғалім -түсіндіреді. Керемет мұғалім –көрсетеді. Ұлы мұғалім – шабыттандырады» деген екен. Сондықтан ХХІ ғасыр мұғалімі жан — жақты болуы заңды деп ойлаймын. Оқыта отырып тәрбиелеу — қазіргі заман мұғалімінен талап етілетін басты мәселе. Сондықтан атақты педагог К.Д.Ушинскийдің «Оқыту- тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айрылады» деген сөзін үнемі жадымызда сақтасақ деймін. Көркем еңбек арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеу Қай заманда болмасын адамның өмір сүруіне қажетті игілігінің қайнар көзі - еңбек. Еңбек-адам баласының өмірден өз жолын тауып, қалыптасуында шешуші рөл атқаратын күш. Өмір сүру салтымызды ескерер болсақ мектепте мамандық таңдауда оқушылардың мақсатты мүддесіне ықпал ететін пәндердің бірі-көркем еңбек. Білімнің негізі –тұлғаны дамыту десек осы пән арқылы жеке тұлғаны өмірге дайындап, кәсіби мамандық игеруге бағыттап қалыптасуына жол ашамыз. Әр оқушының жеке қабілетін ескеріп, белгілі бір кәсіпке бейімділігін айқындап,


соны негізге аламыз. Сол арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеп, қызығушылығын оятып, ынталандырып, өмірден өз орнын табуға жетелеу біздің басты міндет. Бүгінгі жаһандану дәуірінде мектеп оқушыларының бойына болашақ игеретін кәсіби мамандығына сәйкес білім қалануы өте маңызды. Көркем еңбек пәнінде теорияны тәжірибемен сабақтастырып, оқушыларды кәсіпке баулу арқылы өмірге бейімдеу мақсаты көзделеді. Оқушыларға пәндік ғана түсінік берумен шектелмей, оларды өмірге даярлау мақсатын ерте қолға алып, кәсіби бағыт-бағдар беру арқылы жұмыс жасау қай-қашанда нәтижелі болмақ. Осы бағытта әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, тәжірибе жүзінде оқушыларды еңбек жасаудың қыр-сырына төселдіріп, дағдыларын дамытамыз. Кәсіпке бағыт беру барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту басты орында қарастырылып, оларды іскерлікке, ептілікке тәрбиелейміз. Жалпыға міндетті білім стандартына сай көркем еңбек пәні болашақ ұрпақты өмірге икемдеу мақсатын көздеп, кәсіби тұрғыда теорияны тәжірибе жүзінде шыңдап, әр адамның еңбек жасай білуінің өмірлік маңызын қамтамасыз етеді. «Ұлттық қолданбалы өнер-оқушылардың шығармашылығын дамытудың негізі» тақырыбында жұмыс жасай жүріп, осы тұрғыда пәнді оқыту барысында оқушылардың шығармашылық, дүниетанымдық, эстетикалық талғамдарын қалыптастырып, қызығушылықтарын арттыру арқылы олардың өмірге бейімделіп, еңбек жасай білуге қабілеттерін арттырамыз. Қолынан еңбек келетін, бір нәрсе істеуге талпыныс жасаған адамның қай-қашанда өмір сүруі әлдеқайда жеңіл болары анық. Көркем еңбек пәні мұғалімі ретінде оқушылармен ұлттық құндылықтарды ұлықтап, болмысымызды өзгелерге насихаттау мақсатында оқушылардың шығармашылығын дамыту жолында жұмыс жасаймын. Мұндағы басты мақсат бүгінгі ұрпақтың кешегі ата-бабадан жалғасып келе жатқан ұлттық салт-сана, әдеп-ғұрып, дәстүрдің тамаша үлгісін келешекке жеткізуіне дәнекерлік жасау. Көркем еңбек пәнінде көздеген мақсатқа жету үшін


біршама міндеттер қарастырамыз. Құр теориямен балалар ешқашанда табысты нәтижеге жетпесі анық. Сол себепті көркем еңбек сабағында мектебіміздегі мүмкіндіктер мен жағдайға сәйкес ағашпен, теріден, түрлі табиғи материалдармен жарамсыз болып қалған заттардың қалдығынан, қаңылтырмен, саз балшықпен жұмыс жасап, оқушылардың өзіндік қабілеттері мен қызығушылықтарын жетілдіре білуіне қолайлы жағдай туғызамыз. Пәнге деген қызығушылығын танытып, айырықша шығармашылық қабілетін байқата білетін оқушыларымыз баршылық. Оқушылардың сол ынтасын жігерлендіріп, адал еңбек жасап дағдылану арқылы абыройға жетулеріне, болашақта кәсіптің көзін ашып, өз өмірінің бағдарын сол кәсіптен табуға үйретудеміз. Биылғы оқу жылында көп жағдайда саз балшықпен жұмыс жасауды қолға алдық. Саз балшықтан тұрмыстық қажеттілікке жарайтын дүниелер жасау, көркемдік мақсатында оларды әшекейлеу сынды жұмыстар атқарып, саз балшықпен жұмыс жасаудың қыр-сырын оқушыларға меңгертіп, өз беттерімен еңбек жасауға дағдыларын икемдеп, бағыт берудеміз. Осыған дейін де «Қолөнер –өркениет керуені», «Этностильде қолөнер-ұрпақ арасындағы үндесу алаңы» тақырыптарында мектебімізде ұйымдастырылған қалалық семинарларда саз балшықтан жасап жатқан қолөнерімізді көрсетіп, іс- тәжірибе алмастық. Көркем еңбек пәнінде оқушыларды жалықпай еңбек жасай білуге машықтандыру арқылы олардың ой-санасын еңбекпен шынықтырып, қолөнер арқылы адамгершілік-рухани жан дүниесін нұрландыру арқылы ізгілікке жетелейміз. Әлі де уақыт еншісінде мектеп оқушыларының еңбек жасау дағдысын одан сайын арттырып, ерінбей еңбек жасай білудің абыройға жеткізіп, өмірлеріне жарқын жол ашатынын түсіндіріп, қолөнерді дамытуға ұлт пен ұрпақтың жолында үлес қосып еңбек етеміз деген ойдамыз.


«Көркем еңбек» пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері «Көркем еңбек» пәнінің маңыздылығы: шынайы болмысты эстетикалық қабылдауды және еңбекқорлыққа тәрбиелеуді, адамның қоршаған әлеммен өзара байланысы жайлы білімді қалыптастырудың бірден-бір құралы болып табылады. «Көркем еңбек» пәні елестету мен бақылау қабілетін, кеңістіктік және және көру елесі қабілетін қамтамасыз ететін, әртүрлі шығармашылық әрекет барысында, көркем-технологиялық білімдерді, қабілеттер және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.Түрлі материалдармен жұмыс істеу оқушылардың технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, фантазиясы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіруге мүмкіндік береді. «Көркем еңбек» пәні оқу бағдарламасының мақсаты-жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік - образдық ойлауын, көркем-технологиялық білімнің негізін қалыптастыру. «Көркем еңбек» пәнінің міндеттері: 1) әртүрлі кіріктіру іс-әрекеттері арқылы, пәндік білімдерді, дығдыларды және қабілеттерді дамыту; 2) ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет пен өнер шығармаларымен таныстыру арқылы құндылық бағыттарын қалыптастыру; 3) оқушылардың визуалды және эстетикалық қабылдауын, сыни ойлауын дамытуға, терминдер мен түсініктерді меңгеріп өнердің түрлері мен жанрлары туралы білімді қолдану; 4) бақылау, жүргізу және көрсетілім жасау арқылы зерттеу дағдыларын дамыту; 5) әртүрлі материалдар мен құралдарды қолдану арқылы шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын меңгеру; 6) өзін-өзі бағалауды жоғарлату және жағымды көзқарасты қалыптастыру; 7) коммуникацияның бір тілі ретінде ұлттық және әлемдік мәдениет мұраларының мағынасын, сонымен қатар, көркем еңбектің рөлін түсіну;


8) өз жұмысын жасау үшін, әртүрлі ақпарат түрлерін (іздеу, жинау, сұрыптау) бағдарлау қабілетін дамытуға ықпал жасайтын,әртүрлі танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерді өздігінен шешу тәжірибелерін қалыптастыру; 9) ұжымдық, топтық және жеке жұмыстарды орындау процесінде қолдың моторикасын, сенсорикалық, қиялдауы мен шығармашылығын, елестетуін және қабылдауын дамыту. Оқу процесінде оқушылар: 1) ұлттық және әлемдік мәдениет шығармаларын,олар арқылы берілген идеялар мен құндылықтарды зерделейді және талдайды; 2) шығармашылық жұмысты жасау үшін материалдар мен құралдарды өз бетімен және сенімді қолданады, материал қасиеті мен жұмыс нәтижесінің ерекшелігі арасындағы байланысты түсіндіреді; 3) өз идеясын түсіндіреді және тұжырымдайды, сонымен қатар, бұйымды жақсарту үшін конструктивті шешім қабылдауды ұсынады; 4) жазық және көлемді шығармашылық жұмыстарды жасау үшін, әртүрлі ісәрекет түрлерінен жинақтаған білімі мен дағдысын қолданады; 5) әртүрлі ресурстарды пайдаланып, оның ішінде АКТ-ны қолдана отырып, танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерге байланысты шешімдерді өздігінен қабылдау; 6) қажетті құралдар және материалдарды айқындап және тауып, өзінің әрекетін ұйымдастырады; 7) өзінің және басқалардың жұмыс нәтижелерін салыстырады және бағалайды;


8) әртүрлі материалдар мен құралдарды қолданудағы техникалық қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңыздылығын түсінеді және сезінеді. Заманауи әдіс-тәсілдер арқылы көркем еңбек пәнінен оқушылардың шығармашылық шеберлігін арттыру Заманауи әдіс-тәсілдер арқылы көркем еңбек пәнінен оқушылардың шығармашылық шеберлігін арттыру үшін оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін, жаңартылған білім мазмұнына сай тиімді әдіс-тәсілдерін және деңгейлік тапсырмалардың тиімділігін оқытуда жаңартылған білім мазмұнының мүмкіндіктерін оқыту мен оқу үрдісінде алған білімдерін өмірде қолдана білетін, сауаттылығы, сыни көзқарасы қалыптасқан, өз бетінше шешім қабылдай отырып, білім алуға талпынған, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Жаңартылған білім берудің мүмкіндіктері – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, оқыту мен оқу процесінде әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану. Жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Сондықтан әр мұғалім осы жаңартылған білім беру жүйесі мен мүмкіндіктерін өз тәжірибесінде дұрыс қолдана отырып, оқу процесін тиімді ұйымдастыру арқылы сыни көзқарасы қалыптасқан, ой-өрісі дамыған, пікір - көзқарастары жүйелі, цифрлық сауаттылығы қалыптасқан бәсекеге қабілетті, шығармашыл, дарынды оқушы тәрбиелеу керектігі жайлы жазған. Болашақта өз мамандығының майталманы бола білетін ізденімпаз, шығармашыл ұстаз. Алдағы уақытта іс-тәжірибесі мен шығармашылығын шыңдап, білімді шәкірттерімен мақтана білетін ұстаз болатынына сенемін Жаңартылған білім мазмұны Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдістәсілдерді қолдану арқылы үйретеді.


Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды, ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік. «Көркем еңбек» пәнін оқытудың теориясы мен әдістемесі “Көркем еңбек” пәнін оқытудың теориясы мен әдістемесі жаңартылған бастауыш білім беру бағдарламаларының, оқулықтар мен оқу құралдарының мақсаты мен мазмұнын анық біледі; пәнді оқушылардың жас ерекшелік, анатомиялық- физиологиялық дамуының негізгі заңдылықтарын біледі; оқутаным қызметін оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сәйкес жүзеге асырады, өз тәжірибесінде қолданады. “Көркем еңбек” пәнін жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес, ұлттық басымдықтарын ескере отырып жүзеге асырады; оқушыларды еңбекке баулу жолдарын дұрыс басқара алады, педагогикалық үдерісті еңбек тәрбиесінің принциптеріне сәйкес жоспарлайды, ұйымдастырады және түзетеді. Көркем еңбек пәнінің берері көп Еңбек ер атандырады, Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті. Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей. Еңбек сөзі қасиетті сөз. Адамзаттың Ұлы жаратылыстан дәл бүгінге дейінгі кәсібі еңбек болып келеді. Демек, адамды адам еткен – еңбек. Еңбек - адамның тұрмыс-тіршілігінің және дамуының тірегі. Қазақтың ойшылы, ақын Абай Құнанбаев «Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек, мал жұтайды,өнер жұтамайды» Орыс жазушысы Лев Толстой «Еңбектен басқа еш нәрсе адамның мерейін асырмайды» деп жазды. Ұлы бабаларымыздан қалған мақалмәтелдер мен көреген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың әр жолдауындағы білім мен еңбекке қатысты қанатты сөздерінен-ақ еңбексіз өмірдің жоқтығының айғағы. Бүгінгі мектептегі «Технология.Көркем еңбек» пәндерінің түп нұсқасы «Еңбек» сабағы «Еңбекке баулу» сабағы еді. Бұл сабақта балаға


қарапайым «Еңбек құралдары мен өсімдік өсіру мен күтіп баптауды» үйрететін болса, бүгінгі таңда ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманы. Ғылым мен озық ойлы технологияның заманы. Адамзат баласының ақыл ойының дамыған заманында «Еңбек» сабағы «Технология.Көркем еңбек» болып өзгеруде . «Технология» сөзі - гректің «techne» (өнер, шеберлік, ептілік ) және «logos» (сөз оқу ғылым) сөздерінен шыққан.Демек, технология ғылымы –шеберлік ғылым.Қазіргі таңда технология дегенде адамға қоғамға қажетті бұйымдарды жасаудың әдістері деген мағынаны түсіндіреді. Ұялы байланыс , ғаламтор,компютерлер бастысы осы. Технология түсінігі «Дизайн» түсінігімен тығыз байланысты. Ағылшын тілінен аударғанда «сызба,жоспар» деген мағыналарды береді. Ал.қазіргі «Көркем еңбек» пәнінде бейнелеу өнері мен сызбаларды жоспарды біріктіре отырып, заттың немесе бұйымның жасалуын үйрету болып табылады. Дизайн - бізді қоршаған ортадағы тартылымдылық қасиеттерді әдемілеу, көркемдеу болып табылады. Дизайннның графикалық дизайн, өндірістік дизайн,киім дизайны сияқты көптеген түрлері бар. «Технология.Көркем еңбек» ғылымының бүгінгі таңдағы балаға берері технологиялық бұйымдарды жасау және өндіру кезіндегі ерекшелігі.Өндіру кезінде еңбек,қаражат,материал,уақыт шығындары аз және еш қиындықсыз көп данада өндіру мүмкін болатын бұйымдар технологиялық болып есептелетіндігін үйретеді. Сонымен қатар сенімділік - бұл барлық сапа талаптарына сай болуы. Үнемділік –өндіру шығынының төмен болуы Қолайлылығы –бұйымның жеңіл икемді болуы. Тартымдылығы- сыртқа көрінісінің ерекшелігі сияқты талаптарын үйретеді.


«Көркем еңбек.Технология» сабақтары балалардың шығармашылық жігерін ашуға шеберлік деңгейінің шыңдалуына,әр жұмыста жетістікке жету жолын үйренумен қатар жасауға болады екен ғой деп толықтырады. Бұл сабақтардан шығармашылық жұмысқа кірісе отырып,бұрын қасиетсіз тастанды нәрселерден әдемілік пен әсемдікті сезінеді және өзі жасап көруге талпынады.Балалар оқу мен тәжірибені ұштастыра отырып, өз ойларын қорыта дамыта түседі.Балалар кез келген бұйымды жасаудан бұрын,оның құрылымы туралы техникалық жоба үлгісімен танысады. Бұндай құжатқа бұйымның сызбалары мен оның технологиялық картасы жатады. Сызба бұйымды жасауға бақылауға қажетті мәліметтерден (өлшемдері,пішіні) тұратын оның сызу құралдарымен орындалған бейнелері сызбаларды дұрыс оқу үшін нәрселерді жазықтыққа бейнелеудің ережелерін және сызбаларды білулері қажет.Сәндік қолданбалы (пирография өнерімен танысу).Пирография ағашты сәндеп-әрлеудің бір түрі.Сурет ағаш бетіне қыздырылған иненің көмегімен түсіріледі. Пирографиямен қобдишалар,ыдыс –аяқ ,киім ілгіштер панно, қаріптер, суреттер сәндеп қол өнер туындыларын сәндейді. Бұл өнердің тарихы жүздеген жылдардан бастап күні бүгінгі күнге дейін өз құнын жоғалтқан жоқ.Пирография грекше отпен сурет салу дегенді білдіреді.Қазірде бұл өнер күйдіруге арналған гравирлеу күйдіруге арналған аппараттар қолданылады. Сондай-ақ ағаштың түрлі қасиеттерін тани отырып,қандай ағаштан қандай бұйым жасауға болатытына көз жетеді. Қазіргі таңда ағаш өндеу жұмыстары күрделі механикалық құрал көмегімен іске асырылады. Бұл ағашты өңдеу уақытын азайтып, еңбек өнімділігі мен бұйым сапасын арттырады. Шетелдік үлгіде жасалған ағаш өңдейтін мехникалық өңдеу құралдарының жұмыс әрекетіне қызығада таңдана да қарайсың. Бұл мехникалық құралдардан тез арадада шыққан өнімге балалар қызыға отырып, олардың шығармашылық ізденісін арттырады. Сабақ барысында балалар теориялық тұрғыда ағаштың физикалық қасиеттеерін (түрі,түсі,жылтыру,ылғалдылық,текстурасымен)танысып жатады. Ағаштың механикалық қасиеті оның қаттылығы,беріктігі ,сыртқы күштерге мықтылығы жатады.Сондай-ақ шебер әрбір бұйым жасауда ағаштың физикалық, механикалық қасеиеттерін ескеру қажет.Әлемдегі ең қатты ағаш «Квебрахо» деп аталатын мәңгілік жасыл ағаш.Бұл ағаштың қазақша атауы «Балта қирайды» деген түсініктеме береді. Технология сабағы


барысында әлемдегі қызықты мәліметтерді де біле отырады.Сабақтың ерекшелігі баланы еңбек етуге,өмірдің ащы-тұщысына төтеп беруге , шеберлікке үйретеді, шыңдайды. Өмірге еңбекке қажетті материалдардың (ағаш,металл,полиметалл,тер т.сс) қадір-қасиетін танып біледі. Сабақ барысында балаларға сауал тастай отырып,балалар өзіміз тұрған үйіміздің ағаш металсыз көз алдымызға елестетіп көрейікші?Сонда балалар ағай фундаменті мен кірпіші ғана екен ғой деп таң қалып жатады. Технология сабағы физика,химия,экономика сынды негізгі пәндермен байланысты.Айталық, «металл» сөзі латынша «шахта» жеген сөзінен алынғандығын, ол табиғатта дайын өнім болып кездеспейтінін,тас күйінде кездесетіндігін,тек өңдеу арқылы дайын өнімге қол жеткізуге болатындығын,олардың ауыр,жеңіл,түсті,түссіз болып физикалық,химиялық қасиеттерге ие екендігін үйретеді.Қандай металдың бүгінгі таңдағы құндылығын,Болат Шойынның арғы атасы темір екендігін,оларды жоғары температуда өңдеумен көміртегімен балқыту арқылы төзімді өнім пайда болатындығын үйретеді.Білім берудегі әдіс-тәсілдерді пайдалана оытырып, балаларға көп критерийлер беру арықлы сауал тасталады. Балалар үйдегі пештің бетіне сақиналарына,ішкі тор көзіне қандай материал пайдаланады? Ағай,қара шойын қойылады. Неге қара шойын ?-темір емес деген серпілген сауалға Ағай, өйткені темір шойынға қарағанда отқа төзімсіз келеді және де автомашиналардың маторы ,иінді білігі,сақиналары тормоз құрылғысы


ыстық отқа төзімді ақ шойындардан жасалынады - деген балалардан жауап алынады. «Технология.Көркем еңбек» пәндерінің балаға берер білімі өте көп және күрделі пән ретінде қарауымыз керек. Еңбекке немқұрайлы қарау нағыз білімсіздік. Қазіргі таңда мұғалім ретінде байқайтынымыз,балалардың сабаққа ықыласы төмен.Сонда балада білім болмаса,бір кәсіптік бағытқа бағдар берілмесе,ондай бала ертең қоғамда орнын қалай табады.Бұл үлкен ойландыратын жағдай. Елбасы жолдауында көрсетілген он бағыт бүгінгі күннің талабы: еліміздің әлеуметтік ,экономикалық өрлеуіне дамуына жаңа серпін беретін басты мәселелердің бірі-білім саласы бойынша мектептердегі кәсіби бағдар беру пәндерінің санын арттыру.(Агротехника.Ауылшаруашылығы.Машиналар технологиясы.Жер өңдеу. Құрылыс саласы мамандықтары т.с.с.).Мектепте осы салалар бойынша пән мұғалімдердің біліктілігін арттыратын қысқа мерзімді оқулар бойынша білімін жетілдіріп,шәкірт дайындауға даярлау қажет. Жамбыл Жабаев бабамыздың: Өнер,білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызды. Айшылық алыс жерлерден. Жылдам хабар алғызды – деген, өткен ғасырларда жазған өлеңі немесе Тұрмағанбет Ізтілеовтың: Кейбіреу алтын емес,ақыл алған, Ақылын алтын беріп сатып алған – деген, сөздері сол кездегі өмір талабы болса, бүгінгі таңда да қадір-қасиетін жоғалтқан жоқ.Балаға кәсіби бағдар беру мектептен басталуы тиіс. Еңбексіз өскен бала,ескексіз жүзген қайық деп,дана бабаларымыз бекер айтпаса керек Көркем еңбек пәні бойынша инновациялық технологияларды тиімді қолдану Қазіргі қоғамның жаһандану үдерісінде адамзаттың ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерімен жаңа еңбек салаларының қалыптасып дамуына


ықпал етуде. Ол адам еңбегінің икемді, қолайлы және тиімді орындалуына мүмкіндіктер жасап келеді. Соның бірі, өндіріс пен қызымет көрсету салаларында замануи материалдардың пайда болуы, инновациялық технологияялардың, акпараттық-коммуникациялық технологиялардың үдемелі даму болып табылады. Осы замануи инновациялық технологиялар барлық қоғамның инфрақұрылымдарына үйлесімді енгізілуі негізінде тұрпайы еңбек түрлері еңбек нарығында жойылып, жаңа еңбек түрлерінің қалыптасуына ықпал етіп келеді. Соның салдарынан қазіргі еңбек нарығында жаңа мамандықтар пайда болып, олардың еңбек мазмұны да жиі өзгерістерге ұшырып келеді. Осыған куә болатын үлгілерге өндірістердегі автоматтандырылған қондырғылармен өнімді жасау, сол сияқты қызмет көрсету салаларында кішігірім құралдар мен аппараттардың кеңінен қолданылып, маманның еңбек опеацияларын жеңілдетуге үлкен көмегі тиіп келеді. Бұл үлгідегі құрал-жабдықтар қазіргі өндірісте, қызмет көрсету саласында және тұрмыста да кең орын алып келе жатқаны белгілі. «Көркем еңбек» пәнін оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік-образдық ойлауын, көркемдіктехнологиялықбілімінің негізін қалыптастыру. Оқу бағдарламасының мазмұны көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттің алуан түрін қарастырады. Сабақта іске асырылатын қөркемдік іс-әрекеттің түрлерін «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі анықтайды. Сонымен бірге міндетті түрде қөркемдік ісәрекеттің үш түрі жүзеге асырылады: конструктивті, бейнелеу, сәндік. Көркем еңбек пәнін өткізуде көптеген жаңа технологияларды пайдаланып, оқушының жаңа материалды толық игеруіне баса назар аударудамыз. Бұл жаңа технологияларды негізгі үш топқа бөліп қарастыруымызға болады: 1. Ойындық технология - мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешімін іздестіруге құрылады. Жетекші әдісі – ойын. Оны ұйымдастыру түрлері: іскерлік, рөлдік, оқиғалық және білімдік ойындар. 2. Коммуникативтік технология – мүмкін болған барлық ақпарларды қатыстыра отырып, оқу үрдісі оқушының өзара белсенді әрекетіне, қатынасына құрылады. Жетекщі әдісі – қарым – қатынас. Оны ұйымдастыру түрлері: өзара, жұптық, топтық оқу т.б. 3. Зерттеу технологиясы – проблемалық ізденіске, жаңалықтар ашуға құрылады. Жетекші әдісі – проблемалық оқыту әдісі.


Осылармен бірге саралап, жеке дара, жеделдетіп оқыту, оза оқыту, деңгейлеп оқыту, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау т.б. технологиялар көп қолданыс табуда. Бұл технологиялардың бәріне ортақ, негізгі мақсаты – жеке тұлғаны дамыту, оқуға шығармашылық ендіру, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық, өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы, т.б. Оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуальдық, кәсіби, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытуда оқушының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту үшін жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға да мүмкіндіктер көбеюде. Еңбек ету үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту көзделуі қажет. Модульдік оқыту технологиясы. Тігін бұйымдарын модельдеу Модульдік оқыту технологиясы - балаларға жеңілдік жасап, оқушы мен мұғалім қарым - қатынасына теңдік жағдай жасап, оқушыларды қатты қыспай, еркін сөйлеп қызықтырушы көрнекілікпен баланы баулап, алып кету. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Бұған жету үшін басқаруды дамытуға бағытталған жаңа модельдерді көп қолданған жөн. Әр пән мұғалімі жаңа технологияларды меңгеріп, пәнаралық байланыс, кірістіру сабақтарын кеңінен қолдану қажет. Себебі оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде


қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс - әрекетімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын тигізе алады. Жас өспірімдерді еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар білім алушыларды еңбекке практикалық тұрғыдан даярлау. Білім алушының ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, компьютерлерді, т. б қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылығы талап етеді. Қорыта айтқанда, жаңартылған білім мазмұнының тиімді әдіс-тәсілдерін сабақта қолданып, оқушының шығармашылық шеберлігін арттыруда, кезкелген заттардан неше түрлі бұйымдар жасап, қазақ халқының қолөнерін дамтып, руани жаңғырта отырып, жаңаша үлгіде бренд болатын заттар, бұйымдар жасап шығарды. Болашақта оқушылар шығармашыл, ұжымда бірлесіп жұмыс жасап үйреніп, шығармашылық шеберлігінің, қол икемділігінің артатынын түсінді. Жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті, рухани бай, шығармашылығы жоғары, жеке тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.


Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Аслан Темирбеков, «Еркін ауылының Е.Берліқожаұлы атындағы №11орта мектебі» КММ, көркем еңбек пәнінің мұғалімі 2.Шайза Болатхан Нұр-Сұлтан қаласы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп – гимназиясы көркем еңбек пәні мұғалім 3. Ұ.Жазықбаева. Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз тәрбиелейді. Шымкент,2000. 4. Т.Ш.Оралбекова Технология оқулығы. Алматы, 2016. 5. Т.Ш.Оралбекова Әдістемелік құрал (технология), Алматы, 2017 6.Аятов Берикбай Ахметжанович Қызылорда обл. Жаңақорған ауданы.Қожамберді ауылы №162 жалпы орта мектептің технология пәнінің мұғалімі


Click to View FlipBook Version