The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by nurlanovna2021, 2024-03-27 18:25:09

математика

математика

Математика пәнінен бастауыш сынып оқушыларына арналған деңгейлік тапсырмалар жинағы (1 сынып) Жинақтағандар:Тельман А.Увалиева А. Қуандыққызы А. Астана 2024


Мазмұны Мазмұны .................................................................................................................2 Кіріспе .....................................................................................................................3 1 сынып оқушыларына арналған логикалық тапсырмалар..................................4 Математикалық жұмбақтар ....................................................................................5 Математикалық өлең есептер ................................................................................7 Математикалық тақпақтар ....................................................................................8 Математикалық жаңылтпаштар ............................................................................9 Санамақтар ..............................................................................................................9 Ойлан, тап...............................................................................................................11 1 сынып оқушыларына арналған деңгейлік тапсырмалар ................................12 Пайдаланылған әдебиеттер ..............................................................................21


Кіріспе. Болашақ ұрпақ тәрбиесі, адам өмірінің жалғасын тәрбиелеу, парасатты, білімді, саналы, өз халқын, туған елін жан – тәнімен қастерлеп, құрметтей білетін қоғам азаматын баулып өсіру үшін бастауыш сынып оқушыларын ауызша санауға, есептеуге және геометриялық пішіндерді тануға үйрету. Баланың санау туралы білімін тереңдету және санай білу қабілетін жетілдіру осы кезеңдегі ең жауапты міндет болып табылады. Осыған орай, балаларды санауға үйретуде ең алдымен бала жүрегіне жақын «Қуырмашты», «Саусақ санау», «Бес саусақ» ойындарын және түрлі санамақтарды пайдалануға болады. Мұндағы алға қояр басты мақсат – сәби көңілін көтеру, жағымды көңіл күй қалыптастыру, саусақтардың халықтық тұрғыдағы атауларын үйрете отырып, оларды санауға үйрету. Деңгейлік тапрысмалар - оқушылардың нақты, әлеуметтік, қажетті іс – әрекеттерінің жан – жақты тәсілдерінің жиынтығын меңгеруінен көрінетін тікелей білім нәтижесі. Оқушы құзыреттілігін қалыптастыру тапсырмаларына қойылатын талаптар: - проблемаларды анықтау: - проблемаларды шешу қызметінің формалары мен әдістерін көрсету: - ақпарат деректеріне сүйену: - нақты қызметтің жемісін көрсету: Бұл тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың мынадай дағдылары қалыптасады: - оқушы ізденеді: - тапсырманы дұрыс орындау үшін өздерінің білімдерін пайдаланады: - тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындайды: - оқушының шығармашылығы дамиды: Жаңа заман талабына сай білім беру бүгінгі таңда өзекті мәселе болғандықтан, шығармашылық қабілеті мол, жан – жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуде мұғалімдерге жаңа педагогикалық технологияны игеру және оны шебер пайдалана білу аса қажет. Мұғалімнің оқушыларды үнемі өзін – өзі дамытып оқыта білуі, оның оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыра білуіне көмектеседі. Бастауыш сынып оқушылары үшін сабақта түрлі ойын элементтерін пайдаланудың маңызы өте зор, ол баланың сабаққа деген қызығушылықтарын туғызып, белсенділігін арттырады. Осыған орай оқушының жас ерекшелігіне байланысты математикалық жұмбақтар,өлең есептер, логикалық тапсырмалар, жаңылтпаштар, санамақтар, деңгейлік тапсырмалар беріліп отыр.


1 сынып оқушыларына арналған логикалық тапсырмалар. 1. Үстелде 2 ыдыс тұр. Оның біреуінде 8 алма бар. Ал екіншісі бос. Бір ыдысты алып кеткенде үстелде қанша алма қалды? 2. Бір үйдің 6 баласы бар. Олардың әрқайсысының бір – бірден қарындасы бар. Осы үйдің барлығы неше баласы бар? 3. Дастарқан басында 2 әке және 2 бала отыр. Олар 3 алманы тең бөліп жеді. Олардың әрқайсысы неше алма жеді? 4. Ақ, жасыл және қызыл сызғыштар бар. Ақ сызғыш жасылдан ұзын, ал жасыл сызғыш қызылдан ұзын. Ең ұзын және ең қысқа сызғыштардың түстерін айт. 5. Мұқтар үйдің 6 – шы, ал Дастан 9 – қабатында тұрады. Тоқтар мен Ләйлә Мұқтардан жоғары, Дастаннан төмен тұрады. Тоқтар Ләйләдан жоғары тұрады. Тоқтар мен Ләйлә нешінші қабатта тұрады? 6. Әлібектің түстері қызыл, көк және жасыл доптары бар. Қызыл доп көк доптан үлкен, ал көк доп жасыл доптан үлкен. Ең үлкен доптың түсі қандай? Ең кіші доптың түсі қандай? 7. Үстел үстінде түстері қызыл және жасыл барлығы 3 текше тұр. Олардың ішінде түстері бірдей 2 текше бар ма? Қызыл түсті 3 текше болуы мүмкін бе? 8. Балықшы шабақ, шортан және сазан аулады. Шортанды шабақтан бұрын, ал шабақты сазаннан бұрын ұстады. Ең алдымен қандай балық ұстады? Ең соңында ше? Шортанды бұрын ұстады ма, әлде сазанды бұрын ұстады ма? 9. Үш бұрышта үш мысық отыр. Әр мысыққа қарама – қарсы екі мысықтан отыр. Мысықтар нешеу? 10. Автобусқа қызыл, жасыл, көк көйлек киген 3 қыз отырды. Айжанның көйлегі көк түсті емес, ал Маржанның көйлегі қызыл түсті емес, Әсемнің көйлегі қызыл да, көк те емес. Әр қыздың көйлегінің түсі қандай? 11. Асқар мен Талғаттың және Дәулеттің әкелері дәрігер, мұғалім, ұшқыш. Асқардың әкесі ұшқыш емес, Талғаттың әкесі мұғалім де, дәрігер де емес. Дәулеттің әкесі дәрігер емес. Кімнің әкесі қандай қызмет істейді? 12. Себетте 4 алма бар. Оны 4 адамға бір – бірден және себетте 1 алма қалатындай етіп бөлуге бола ма? 13. Екі саяхатшы өзен жағасына келді. Жағадағы қайық бір кісілік екен. Олар өзеннен өтіп, саяхаттарын жалғастырады. Саяхатшылар өзеннен қалай өтті? 14. Шаруа қайыққа отырып, өзеннен бір бау шөпті, қасқырды, ешкіні алып өтті. Қайыққа шаруамен бірге үшеуінің біреуі ғана сыяды. Шаруа жағада қасқыр мен ешкіні бірге қалдырса, қасқыр ешкіні жеп қояды, ал ешкі мен шөпті бірге қалдырса, ешкі шөпті жеп қояды. Шаруа оларды бір – біріне жегізбей өзеннен қалай алып өтеді? 15. Әр қатардағы сандар қандай ереже бойынша жазылғанын ойлап тап: 1,3,2,4,3,5,4,6, ... 2,5,3,6,4,7,5,8, ... Жазуды жалғастыр.


Математикалық жұмбақтар. 1. Егіз қайың, Бой – бастары тең өскен. Іске дайын, Бұтақтары бес – бестен. Бұл не? (Қос қол) 2. Үш шырпыдан бір есік, Құрастырып көр шешіп. Бұл не? (П әрпі) 3. Жоқ өзінде бас та, Қас та, Мойын да, Ұзындығы жазулы тұр бойында. Бұл не? (Сызғыш) 4. Алпыс төрт тең бөлмеде Отыз екі тұрғын бар: Ақ, қара қып бөлгенде Бірін – бірі қуғындар. Ханы үшін де, жаны үшін де Бермейді олар намысын. Бұл не? (Шахмат) 5. Жиырма төрт батыр, Бірін – бірі жеп жатыр. Бұл не? (Дойбы) 6. Екі аяқты бір ізді, Үстіне адам мінгізді. Бұл не? (Велосипед) 7. Тышқаннан басқа батпаған, Бір шланг, төрт баған. Бұл не? (Піл) 8. Мың найзалы жалғыз батыр Жауларына алғызбай жатыр. Бұл не? (Кірпі) 9. Жүз төрт түйме, Он бір ине. Бұл не? (Есеп шот)


10. Қатар жазып саусақты, Түйістір екі бармақты. Екі қолдың арасы, Қандай әріп қарашы? Бұл не? (М) 11. Айқасқан екі таяқ, Тұрады жоқты сұрап. Бұл не? (Икс) 12. Мұз айдында жеті бала. Асыр сап жүр сырғанап. Сырғанамай екі бала, Жағалауда тұр қарап. Енді осы бар баланың Санын айтсаң жарадың! (Барлығы 9 бала) 13. Көлден ұшты жеті қаз, Қайтып қонды екі қаз. Қонбады оның нешеуі? Кәне, кім тез шешеді? (Қонбады 5 қаз) 14. Жаңа ғана шалғында, Алты бұзау жүр еді. Әлде шаршап қалды ма, Жатып қапты біреуі. Нешеуі енді жайылып, Айт, жүргенін айырып. (Жайылып жүр 5 бұзау) 15. Табақта бес алма, Қолымда үш алма, Інімде екі алма, Қосқанда барлығын. Болады неше алма? Бір алма атама, Бір алма әжеме, Бір алма апама, Бір алма әкеме, Нешеуін алады? Нешеуі қалады? (Барлығы 10, алады 4, қалады 6 алма.)


Математикалық өлең есептер. 1. «Кім қаншада?» Салтанат екіде, Бақытжан жетіде, Екеуін қосып шыққаның Сәулеттің жасын ұққаның. Білгің келсе егер сен, Сәулеттен үш жас шегерсең, Қиын емес онша да Сағаттың жасы соншада. (2+7=9 – Сәулеттің жасы, 9 – 3 = 6 – Сағаттың жасы) 2. «Санамақ» Бақшаға Жақсы аға Көп – көп Ойыншық Келді алып: Бір балық, Екі есек, Үш үйрек, Төрт түлкі, Бес бүркіт, Алты арғымақ, Жеті жарқанат. Сегіз саулық, Тоғыз тауық, Он торпақ. Болма есепке сен шорқақ! Ауызша, Жазбаша Қосып шық. Бақшаға Жақсы аға Қаншама Әкелді Ойыншық? (55 ойыншық) 3. «Бәрі қанша құс болды?» Мынау да бір санамақ, Өздерің көр саралап: Төбеден төрт бөктергі, Аңдыпты қос кептерді.


Шаңқылдаса көк қарға, Үн қоспапты көп қарға. Секем ап бір дауыстан, Безектеп бес сауысқан Алты белден асыпты, Тым – тырақай қашыпты. Үш үкі үркіп ұшыпты, Тасқа құлап түсіпті. Жарда жеті жапалақ Отырғанда қаталап, Топ – топ тоғыз тоқылдақ, Қарғып кеткен топырлап. Сөйтіп, қызық іс болды, Бәрі қанша құс болды? (31 құс) 4. «Бәрін бірге ойлап қой» Түйе, бота маң басқан, Төрт аяғын тең бамқан. Шұнақ құлақ бес ешкі, Қос лақты қос ешкі, Төрт қозылы екі қой, Бәрін бірге ойлап қой. (17 бас мал) 5. «Торғай нешеу?» Талдан ұшты топ торғай, Емес бірақ көп торғай. Алдында оның бастаушы, Артында төртеу қостаушы. Және тағы қарасақ, Қайта оны санасақ, Соңында біреу қап келеді, Алдында төртеу, топ келеді, Үшеуі қатар жарысқан, Түзеліп үшеу қалыспан. Ойың жүйрік болса егер, Торғай нешеу есепкер. (бес торғай) Математикалық тақпақтар. 1. «Қуырмаш» Қуыр – қуыр, қуырмаш, Тауықтарға тары шаш. Бас бармақ, Балаң үйрек,


Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкентай бөбек. Қуыр – қуыр ... , - Бас бармақ, сен тұр, қойыңа бар, Балаң үйрек, сен тұр, қозыңды бақ. Ортан терек, жылқыңа бар, Шылдыр шүмек, сен, түйеңді айда. Кішкентай бөбек, кішкенем, сен үйде қазанның түбін қырып жеп, пеш түбінде жата ғой. 2. «Саусақтар» Балаларым тұрыңдар Сөзге мойын бұрыңдар! Бас бармақ! Жатып алдың талайдан, Бұзауларды бақ айнам. Кешке үйге келгенде, Құйып берем ақ айран. Балаң үйрек! Шөп жиналып бітпеген, Сен сонда бар жұртпенен. Кешке үйге келгенде Май беремін, құрпенен. Ортаң терек! Сен ортаншы бөбегім, Қырда бүгін көп егін. Сен қырманнан келгенде Кәмпитті үйіп – төгемін. Шылдыр шүмек! Еңбек еткен жақсы адам, Қарбыз жина бақшадан. Дастарқанға сен үшін, Тәтті нанды көп салам . Кішкентай бөбек! Жатып бекер жеп – ішпе, Үй жұмысын сен істе. Кешке қарай өзіңді Тойдырамын жеміске. 3. «Екеу дегенше, бекем де». Бірді бірге қосқанда, Екеу болады. Жалғызсырап, жасқанбай,


Бекем болады. 4. «Есеп» - Бес алманың үшеуін Досың сұрап алады. Айтшы, сонда нешеуі Өз қолыңда қалады? - Сол досым сол алманың Бәрін алсын! – дей салдым. 5. «Бес» Қарсы алғанда анасы, Мектебінен Қошайды, «Бес» алған – ау шамасы, Бес саусағы шошайды. Математикалық жаңылтпаштар. 1. Ұшып кетті үш құс Ұшып келді ұшқыш. 2. Жоғалды бес шыбыш, Жоқ әлі еш сыбыс, Жоқ әлі еш сыбыс, Жоғалды бес шыбыш. 3. Ұшы үшкір ұшқыр үш жебе алдым, Үшеуі де үшкір, ұшқыр деп алдым. 4. Есет атам ет асатар Ет асатса, бес асатар. 5. Қырық үш қызғыш құсқа, Қырық үш қызғыш құс қосса, Қанша қызғыш құс болады? Санамақтар. 1. Бір дегенім бүркіт, Қалады аңдар үркіп. 2. Екі дегенім есек, 3. Білмейді ол есеп. Үш дегенім үкі, Ұстап жеді түлкі, 4. Төрт дегенім тиін, Есебі оның қиын, Бес дегенім бұлбұл Сайрағанда дүл - дүл. Алты дегенім – арғымақ, Дөңдеу жерден қарғымақ. Жеті дегенім – жайын


Жайынның жейміз майын. Сегіз дегенім серке Енесіне ерке. Спорттық санамақ. 1. Бір дегенім – бокс десем, 2. Екімде мен ескек есем. 3. Үшіншім – үлкен футболым, Төртім – теннис столым. Бес дегенім – бессайыс, Алты – алуан ат жарыс. Жеті – жүзу, жүгіру, Сегіз – Спартакиада. Тоғыз – турист боп көру 4. Оным – Олимпиада. Мен де бір спортшы боламын Талай жүлде аламын! 5. Бір дегенім – боз далам, 6. Екі деген – ер бабам. 7. Үш дегенім – үй, ордам, Төрт дегенім – тау, орман. Бес – баланың бесігі, Алты – алаштың есімі, Жеті – жердің қабаты, Сегіз – саудың санасы. Тоғыз – десем той барам, Он дегенде – ойланам. Мұның бәрі бізде бар, 8. Он бірді өзің іздеп ал. Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыруға арналған мысалдар. Ойлан, тап: □ – 2 < 4 + 3 3 + □ > 7 – 2 6 - □ < 7 + 1 5 + □ > 5 6 - □ < 6 7 > 7 - □ 5 + 3 > 5 + □ 8 – 5 < 8 - □ 8 – 2 < 8 + □ 5 + □ > 7 9 > 3 + □ 3 + 4 < □ + 6 6 + 4 > 6 + □ 10 – 6 < 10 - □ 10 – 4 < 10 - □ 8 - □ < 4 8 > 10 - □ 10 – 5 < 9 - □ □ + 3 > 2 + 5 □ – 5 < 6 – 4 □ – 4 > 1 + 2 □ 2 > 4 □ 2 < 4 5 > 3 □ 5 < 3 □ □ * 3 – 2 6 + 1 * □ 6 + 1 * □ 6 – 1 * □ □ * 3 + 2 7 3 * 8 – 2 9 1 > 5 4 □ + 2 < 4 3 9 - □ < 8 1 3 + 4 < 2 □ 3 + 4 > 2 □


1 сыныптарға арналған деңгейлік тапсырмалар. Тақырыбы: Он көлеміндегі сандар. І деңгей 1. Сандарды салыстыр. 0 * 1, 0 * 2, 0 * 3, 1 * 2, 1 * 3, 2 * 3. 2. Тиісті санды қой. 3 > □, 5 = □, 0 < □, 2 < □, 8 > □, 3 = □. 3. Қосындының мәнін тап. 1 + 2 = 2 + 1 = 4 + 1 = 3 – 2 = 5 – 1 = 1+ 4 = 5 – 4 = 3 + 2 = 4. Жазылмаған сандарды тауып жаз. 0, 1, ..., 3, ..., 5, 6, ..., ..., 9, ... . 5. Салыстыру. 10 см = ... дм 1 дм = ...см 6. Әйнектердің орнына керекті санды қой. 10 = 1 + □ 8 = 1 +□ 6 = 1 + □ 4 = 1 + □ 3 = □ + 1 7 = □ + 1 5 = □ + 1 9 = □ + 1 7. Тиісті санды қой. □ + □ = 8 8 - □ = 4 ІІ деңгей 1. Салыстыпу 3 + 4 > 3 + □ 6 > 10 - □ 2. Жұлдызшаның орнына тиісті санды қой. 6 – 2 > * - 4 3 + 2 < 2 + * 4 +1 = 6 - * 3. Әйнекшенің орнына қандай сандар тұруы мүмкін? 14 + □ = 16 - □ ІІІ деңгей 1. 1 және 8 цифрларын пайдаланып, екі таңбалы неше сан жазуға болады? 2. Берілген сандарды пайдаланып азайту амалына өрнек құрастыр және шығар. 3,5,8. 3. Әріпті өрнектің мәнін тап. а + 2, мұндағы а =0,1,2,3,4,5,6,7,8. 4. 10 – ға дейінгі сандарды өсу және кему ретімен жаз. Тақырыбы: Кестелік қосу және азайту. І деңгей 1. Мәндерін тап. 3 + 2 = 2 + 2 = 6 – 2 = 9 – 1 = 8 – 1 = 4 – 2 = 2. а)Ұзындығы 2 см болатындай кесінді сыз. ә)Тура теңсіздікті көрсет. 3 < 1, 2 >1, 5 > 2 . 3. а)Тура емес теңдікті көрсет. 4 = 2, 4 = 4, 5 = 5. ә)Сәуледе 4 шар бар еді. Ол 2 шарын Асанға берді. Сәуледе неше шар қалды?


4. а)Айырманың мәнін тап. 6 – 2 = 5 – 2 = 6 – 4 = 5 - 3= ә) Қосындының мәнін тап. 2 + 4 = 5 + 2 = 4 + 2 = 2 + 5 = 5. Айжанның 5 қуыршағы бар еді. Ол Жанарға 3 қуыршағын берді. Айжанның неше қуыршағы қалды? ІІ деңгей 1. Үстел үстінде 5 балауыз шам жанып тұр еді. 2 балауыз шамды өшіргенде үстел үстінде неше жанып тұрған балауыз шам қалды? 2. а – ға мән беріп содан кейін жұлдызшаның орнына салыстыру белгілерін қой. а * а + 9 а * а – 9 3. Бір бағанға тура, екінші бағанға тура емес теңсіздіктерді жаз. 0 > 3, 7 < 9, 10 >6, 6 < 8, 4 < 3, 5 >4. ІІІ деңгей 1. Жетпей тұрған санды тап. 16 (17) 33, 29 (?) 56, 21 (?) 43. 2. 20 – ға дейінгі сандар қатарын жаз. Тақырыбы: Өзара кері есептер. І деңгей 1. а) Алмат 7 үйшік, ал Болат 2 үйшік артық жасады. Болат неше үйшік жасады? ә) Алмат 7 үйшік, ал Болат 5 үйшік жасады. Болат неше үйшік кем жасады? 2. Болат 4 үйшік, ал Алмат одан 2 үйшік артық жасады. Алмат неше үйшік жасады? 3.Есеп құрастыр. Болғаны – 4 кесе. Алынғаны – 2 кесе. Қалғаны - ? 4. а) Мәні 6 – ға тең болатын қосындыларды жаз. ә) Сандарды салыстыр. 3 * 4 7 * 3 4 * 2 5 * 5 5. Ұзындығы 4 см болатын кесінді сыз. ІІ деңгей 1. Суретте неше үшбұрыш бар? 2. Торкөздің орнына тура теңсіздік орындалатындай сандар жаз. 4 < □ + 2 5 > □ + 2 6 < 8 - □ □ > 2 – 2 3. а – ға мән беріп содан кейін жұлдызшаның орнына қажетті салыстыру белгілерін қой. а * а + 1 а * а – 1 ІІІ деңгей 1. мынадай төртбұрыш сызыңдар: а) Бір ғана бұрышы тік. ә) Екі бұрышы тік. б) Төрт бұрышы да тік.


2. 1 цифрын 3 рет жазу арқылы және азайту амалын пайдаланып, нәтижесінде 10 санын қалай шығарып алуға болады? Тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер. І деңгей 1. а)Екінші қосылғышы 6 болатын қосындыларды жаз. ә) а = 0, а = 1 деп алып, а және 8 сандарының қосындысын жаз. 2. а) Азайғышы 3 болатын айырмаларды жаз. ә) Қосындылардың мәнін тап. 3 + 2 = 4 + 5 = 6 + 2 = 4 + 4 = 3. Бақшада 10 алма ағашы мен 3 алмұрт ағашы өсіп тұр. Бақшада барлығы неше жеміс ағашы өсіп тұр? 4. а)Әріпті өрнектердің астын сыз. а + 2 , 4 + 2 , 5 – 2, 4 – а . ә) а = 2 және а = 0 деп алып, 3 саны мен а – ның айырмасын жаз, өрнектің мәнін тап. 5. а) Сыныпта барлығы 20 оқушы бар. Олардың 10 – ы қыз бала. Сыныпта неше ұл бала бар? ә) Торкөздің орнына тура теңсіздік және тура теңдік орындалатындай сандар жаз. □ см < 6 см □ см = 5 см ІІ деңгей 1. а – ға мән беріп содан кейін жұлдызшаның орнына қажетті салыстыру белгілерін қой. а * а + 4 а * а – 2 2. Тауық бір аяқпен тұрғанда 4 килограмм болады, ал екі аяқпен тұрғанда неше килограмм болады? 3. а - 0 = 0 теңдеуін шешіп көр. ІІІ деңгей 1. Жұлдызшалардың орнына қандай амал таңбаларын қойғанда теңдік орындалады? 4 * 3 * 2 = 3 5 * 2 * 1 = 4 2. Екі таңбалы сан жаз, сонда оның бірлігі ондығынан 8 – ге артық болсын. Тақырыбы: Теңдеу құру және шешу. І деңгей 1. а) Теңдеулерді шеш. 3 + а = 7 а – 4 = 6 ә) Теңдікті жаз. 2 мен 3 сандарының қосындысы 5 – ке тең. 6 мен 3 сандарының айырмасы 3 – ке тең. 2. Теңдеулерді шеш. 10 – а = 1 а – 2 = 6 3. Теңдеуді жаз: а мен 2 – нің қосындысы 5 – ке тең.


4. Теңдеуді шеш. а + 3 = 5 а – 4 = 4 а + 9 = 10 а – 9 = 0 5. Аулада барлығы 9 гүл өсіп тұр. Оның 5 – еуі қызыл қалғандары көк гүлдер. Аулада неше көк гүл өсіп тұр? ІІ деңгей 1. Өз ойыңнан бірнеше теңдеу құрастырып жаз. 2. 10 ағашты үш қатарға төрт – төрттен отырғызуға бола ма? 3. а – ға мән беріп содан кейін жұлдызшаның орнына қажетті салыстыру белгілерін қой. 6 – 3 * а – 5 3 + а * 1 + 4 ІІІ деңгей 1. Амал таңбаларын жаз. 9 * 8 * 3 * 2 * 6 = 12 2. 1,2,3,4,5 сандарына қосу және азайту амалдарын пайдаланып мәні 1 – ге тең болатын санды өрнек құрастырып жаз. Тақырыбы: Ондық және натурал сандар І деңгей 1. Салыстыр . 2 ... 3 6 ... 8 7 ... 7 7 ... 8 2. а) 10 санында неше бірлік бар? ә) 5 ондық = ... бірлік 9 ондық = ... бірлік 7 ондық = ... бірлік 2 ондық = ... бірлік 3. Қосындының және айырмалардың мәнін тап. 30 + 10 = 50 – 20 = 40 + 10 = 60 – 30 = 4. Жиырмадан бастап елуге дейін ондықтарды жаз және жиырма мен тоқсанның арасындағы толық ондықтарды жазып шық. 5. Салыстыр. 2 ... 4 7 ...4 5 ... 5 20 ... 40 70 ... 40 50 ... 50 ІІ деңгей 1. а – ға мән беріп, жұлдызшаның орнына белгілерін қой. а * а + 4 а – 3 * а 2. Теңдеуді шеш. Х + 4 = 10 3. Себетте 4 алма бар. Оны бір – бірден неше адамға беруге болады? ІІІ деңгей 1. Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарш\сы шықты. Қалаға қанша адам барды? 2. Ағаш басында 5 торғай отыр еді, 3 – еуі ұшып кетті. Тағы 2 торғай келіп қонды, сонда ағаш басында неше торғай болды? Тақырыбы: Қосуды тексеру. І деңгей Үлгі бойынша орында. 7 + 2 = 9 6 + 4 = 2 + 7 = 9


9 – 7 = 2 9 – 2 = 7 ІІ деңгей. Есепті шығар: Бірінші күні 5 бет оқыды, ал екінші күні одан 2 бет кем оқыды. Барлығы неше бет оқыды? ІІІ деңгей. Берілген өрнек бойынша есеп құрастыр. 8 + 2 Тақырыбы: Азайтуды тексеру. І деңгей. Әйнектердің орнына керекті санды қой. 5 + □ = 10 □ + □ = 7 □ - 4 = 8 9 - □ = 3 ІІ деңгей. 30 және 20 сандарын пайдаланып айырма құрастыр және өрнектің мәнін тап. ІІІ деңгей. Ондықтары 3 тең болатын екі таңбалы сандарды өсу және кему ретімен жаз. Тақырыбы: Көпбұрыштар. І деңгей. Көпбұрыштардың нөмірін жаз. 5 ІІ деңгей. 5 буыннан құралған сынық сызық сыз. ІІІ деңгей. Қабырғалары 3см және 5см төртбұрышты сыз және оны 2 үш бұрышқа бөл. Тақырыбы: Тік бұрыш және тік емес бұрыш. І деңгей. Тік бұрыштардың нөмірін теріп жаз. ІІ деңгей. Фигуралардың тек тік бұрыштарын белгіле. ІІІ деңгей. Мына суретте неше үш бұрыш бар? 2 3 4 1 6 1 2 3 4 5 1 2 3


Тақырып: Жүз көлеміндегі сандар І деңгей Тек екі таңбалы сандарды кему ретімен теріп жаз. Ең үлкен санда неше ондық, неше бірлік бар? І8,48,52,1,12,20,38,79,8 ІІ деңгей 2 онд. 2 бірл.= … бірл. 8 онд. 3 бірл.= … бірл. 37 =...онд. ... бірл. 59 =...онд. ... бірл. 40 =...онд. ... бірл. ІІІ деңгей 93*35 60+30*20+50 35*36 2 онд. 3 бірл.*24 бірл Тақырып: Қосу, азайтуды тексеру. І деңгей Үлгі бойынша құрыстыр: 30+40=70 20+60=… 40+30=70 … 70-30=40 … 70-40=30 … ІІ деңгей Ондықтардың саны 3-ке тең болатын барлық екі таңбалы сандарды кему ретімен жаз және сол сандардың ең кішісін және ең үлкенін теріп белгіле. ІІІ деңгей Өзара кері есептерді құрастыр және шығар Алма-30 жәшік Алмұрт-? Одан 10 жәшік артық Тақырып: Кестелік қосу және азайту. І деңгей Кестені толтыр: а 0 1 2 3 9+а ІІ деңгей Теңдеуді шеш: 8+а =11 а-2=5 ІІІ деңгей Өрнектерді құр және мәнін тап: а мен 3-тің айырмасын жаз мұндағы а=12,11 Тақырып: Екі амалмен орындалатын есеп. І деңгей Есепті өрнектеп шығарып жаз. Сыныпта 10 оқушы болды, алдымен 3 оқушы шықты, содан кейін 2 оқушы шықты. Неше оқушы сыныпта болды?


ІІ деңгей Есептің сұрағын екі амалмен шығатындай етіп өзгерт және оны шығар. Ұл бала - 8; Қыз-? одан 3 артық ІІІ деңгей Мына сандарды пайдаланып есеп құрастыр: 5,8,3,? Тақырып: Бір таңбалы санды қосу және азайту. І деңгей Есепте : 8+4 9+4 7+5 11-4 14-5 13-5 ІІ деңгей Мына сандарды пайдаланып теңдеу құрастыр және шығар Х, 7,12 ІІІ деңгей Есеп құрастыр және шығар Болды -8кг және 3кг Сатты -4кг Қалды-? Тақырыбы: Бір таңбалы санды қосу және азайту. І деңгей Есепте: 6+6 13-7 7+5 15-7 7+9 16-6 ІІ деңгей Өрнекті жаз және шығар а)5 және 7сандарының қосындысынан 6-ны азайт ә) 14 пен 6 сандарының айырмасына 6-ны қос ІІІ деңгей Өрнектің мәнін тап (6+х)+8 мұндағы х=2;3,6 Тақырыбы: Метр, килограмм, литр. І деңгей 1 дм=...см 1м =...дм 1м=...см ІІ деңгей 36 л-6 л=...л 6дм+4дм=...дм 9кг+1кг=...кг ІІІ деңгей Есепті шығар және кері есепті құр: Шелекте 8л. су бар еді,оның бірнеше литрін самауырға құйғаннан кейін 3 л. су қалды.Неше литр су самауырға құйылды? Тақырыбы: Көпбұрыштардың қасиеттері. І деңгей Көпбұрыштардың нөмірлерін теріп жаз: 1 2 3 4 5


ІІ деңгей Тік бұрыштары бар фигуралардың нөмірлерін теріп жаз. ІІІ деңгей Бір тік бұрышы бар төртбұрышты сыз ҚабырғаларыБұрыштарыТөбелеріТақырыбы: Уақыт өлшем бірліктері. І деңгей Минутпен өрнектеп жаз 1сағ=… мин 1сағ.15 мин= …мин 1сағ.30 мин= …мин ІІ деңгей Салыстыр. 1 сағ.20 мин*45 мин 1ғасыр*90 жыл 23 сағ.-20 сағ.*3сағ. ІІІ деңгей Осы есепке кері есеп құрастыр және шығар: Болат автобуспен 5 минут ал жаяу 10 минут жолда болды. Барлығы неше минут жолға кетті? Тақырыбы:Кестелік қосу азайту. І деңгей Мәнін тап. 9 + 8 = 17 – 8 = 18 – 9 = ІІ деңгей Өрнекті жаз және оның мәнін тап: а + 8, мұндағы а = 0,1,2 а – 9 , мұндағы а = 9,10 ІІІ деңгей а,8,17 сандарын пайдаланып теңдеу құрастыр және шеш. Тақырыбы: Тік төртбұрыш және шаршының қасиеттері. І деңгей Тік бұрыштың нөмірлерін теріп жаз. 1 2 3 4 5 6 ІІ деңгей Қабырғасының ұзындығы 3 см тең шаршы сыз. ІІІ деңгей Бір қабырғасы 4 см және екінші қабырғасы 2 см- ге тең тік төртбұрыш сыз. Тақырыбы: Есепті әр түрлі тәсілмен шығару. І деңгей Есеп құр және әр түрлі тәсілмен шығар.


Болғаны – 25 және 10 Келді – 5 Барлығы - ? ІІ деңгей Есепті тиімді тәсілмен шығар. Кітапта 18 бет болды. Бірінші күні оқушы 9 бет оқыды, ал екінші күні 8 бет оқыды. Оқылмаған неше бет қалды? ІІІ деңгей Мына амалдармен шығатын есеп құрастыр. □ – (□ + □) =


Пайдаланылған әдебиеттер. 1. Оспанов Т.Қ., Қайыңбаев Ж.Т., Құрманалина Ш.Х., Ерешева К.А. Математика 1,2,3,4 сыныптар «Атамұра» баспасы 2002 ж 2. Оспанов Т.Қ., Қайыңбаев Ж.Т., Құрманалина Ш.Х., Ерешева К.А. Математика оқыту әдістемесі 1,2,3,4 сыныптар «Атамұра» баспасы 1998 ж 3. Математикадан қызықты тапсырмалар. Құрманалина Ш.Х., Сәрсенбаева С.Ш., Өміртаева Р.Қ «Атамұра» баспасы 1997 ж 4. https://ustaz.kz/materials/word/matematika_paninen_denggeilik_tapsyrmala r_jinagy-158945.html 5. https://multiurok.ru/blog/matiematikadan-uliestirmieli-tapsyrmalar-1.html


Click to View FlipBook Version