The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by aiym1959, 2021-11-05 03:03:16

АП Тамыр және сабақ

АП Тамыр және сабақ

Тамыр аймақтары

Өсімдіктердің тамыр құрылысында бірнеше аймақтар білінеді (тамырдың ұшынан
берілген):
 Тамыр оймақшасы,
 Бөліну аймағы,
 Өсу аймағы ,
 Сору аймағы,
 Өткізу аймағы.

Әрбір аймаққа өзінің ұлпалар тобы мен қызметтері тән.

Тамыр әрдайым ұшынан өседі. Сол себепті бір жасушалар басқа жашушаға айналады.
Бөліну аймағының жоғарғы жасушалары өсу аймағының жасушалаына айналады, ал
ұшынан алыс орналасқан өсу аймағының жасушалары сору аймағының
жасушаларына айналады, сору аймағының жасушалары ерте ме кеш пе өткізу
аймағының жасушаларына өзгереді.

Тамыр оймақшасы
Тамыр оймақшасы тамырдың ұшын қаптап тұрады. Көптеген өсімдіктерде оны
ұлғайтқыш құралдарсыз көруге болады. Тамыр оймақшасы тамыр ұшында тығыз
және қарайған құрылым ретінде көрінеді. Тамыр оймақшасының ең басты қызметі –
түзілу жасушалары бар түзуші ұлпасы бар бөліну аймағын зақымданудан қорғайды.

Тамыр оймақшасының жасушалары тірі, аз тіршілік етеді. Олар біртіндеп түсіп
қалады. Бөліну аймағынан тамыр оймақшасының жаңа жасушалары пайда болады.

Тамыр оймақшасынан бөлініп қалған жасушалар іраз уақыт бойы тірі болып,
тамырдың топырақ арасынан оңай қозғалу үшін шырыш бөледі, сонымен қатар бұлар
минералдық заттарды ерітеді. Себебі, тек еріген күйде ғана олар кейін тамырмен
сіңіріледі. Оймақшаның ортасында крахмал дәндері бар, олардың көмегімен тамыр
қай жер төмен қай жер жоғары екенін анықтайды.

Тамырдың бөліну аймағы
Бөліну аймағы тамыр оймақшасының астынан орналасады. Оның ұзындығы 1- мм-дей.
Бұл аймақта жасушалар үздіксіз бөлінеді. Бөліну аймағының жасушалары ұсақ, бір-
бірен тығыз жанасқан, ядросы үлкен, цитоплазмасы қою.

Тамырдың өсу аймағы

Бөліну аймағынан жоғары бірнеше мм ұзындығы бар өсу аймағы орналасқан. Кейде
бұл аймақты созылу аймағы деп те атайды. Мұнда жасушалар, негізінен, ұзындық
арқылы ұлғаяды. Бұл тамырдың түгелдей ұзындық бойынша өсуіне алып келеді. Осы
аймақтың жасушаларының қабырғалары әлі қатты емес, бұл олардың созылуына
көмектеседі.
Тамырдың сору аймағы
Сору аймағы өсу аймағынан жоғары орналасқан, оның ұзындығы әдетте бір
сантиметрден көп. Мұнда әр жасушаның сыртында тамыр түтікшесі деп аталатын
өсінді қалыптасады. Көптеген өсімдік өскіндердің тамырында тамыр түтікшелерін
оңай көруге болады. Барлығы жіңішке түтікшелерден құралған түбіт сияқты көрінеді.
Әр түтікшеның ұзындығы 1 сантиметрден көп емес.

Тамыр түтікшесі жасуша қабығынан жасуша қабықшасынан, цитоплазмадан, ядро мен
вакуольден тұрады.

Көптеген өсімдіктерде тамыр түтікшелері бірнеше күн ғана өмір сүреді. Жоғарғы
түтікшелер кәрілеуі біртіндеп өліп қалады. Алайда, төменде өсу аймағының жоғарғы
жасушалары өткізу аймағының жасушаларына айналады. Мұнда үстіңгі жасушаларда
түтіктер өседі.

Сору аймағының негізгі қызметі – бұл топырақтан су мен еріген минералдық заттарды
сіңіру. Бұл қызмет тамыр түтікшелері арқылы жүзеге асады. Олар топырақ бөлутеріне
еніп, топырақтан су ерітіндісін сіңіреді.

Үстіңгі жасушалары су ерітіндісін сіңірген соң ерітінді ішкі жасушалардан орталық
оське (өткізу аймағының жасушалары бар) қарай қозғалады.

Тамырдың бөліну аймағы

Тамырдың сору аймағынан кейін сабаққа қарай өткізу аймағы орналасқан. Бұл
аймақтың негізгі қызметі – сору аймағында сіңірілген су ерітіндісін жоғары, сабаққа
қарай өткізу. Су ерітіндісі түтіктер арқылы қозғалады. Сонымен қатар, сабақтан
тамырға қарай органикалық заттар жеткізіледі. Олар тамырдың өсуі, дамуы және басқа
да тіршілік процесстері үшін керек. Органикалақы заттар басқа типті жасушалар
бойымен қозғалады. Өткізгіш жүйенің талшықтары тек қана өткізу аймағында емес,
оның жасушалары тамырдың ұшына қарай орналасқан аймақтарға да кіреді.

http://biology.su/botany/root-zones

ТАМЫРДЫҢ ІШКІ ҚҰРЫЛЫСЫ

Тамыр оймақшасы

Тамыр түзуші ұлпаның жас жасушалары бар

төбесімен өседі. Өсіп жатқан бөлік тамТыамрыр ұшының құрылысы

оймақшасымен қапталған. Ол өсу барысында

тамырдың топырақ арасында қозғалысын

жеңілдетіп, тамырды зақымданудан қорғайды.

Тамыр оймақшасының жасушалары тірі, әдетте

крахмал дәндері бар. Оймақшаның жасушалары

үздіксіз бөліну нәтижесінде жаңарып тұрады. Оң

геотропикалық реакцияларға қатысады (тамырдың Тамыр
Жердің ортасына қарай бағытталуы). оймақшасы

Бөліну аймағының жасушалары белсенді түрде

бөлінеді. Бұл аймақтың ұзындығы әртүрлі түрлер

мен бір түр өсімдіктерінде әртүрлі.

Тамыр түтікшесінің құрылысы

Тамыр түтікшелері - бұл тамырды қаптайтын жасушалардың ұзарған өсінділері.

Тамыр түтікшелерінің саны өте көп (1 мм2 –ге 200 –ден 300-ге дейін). Олардың

ұзындығы 10 мм жетеді. Түтікшелер тез қалыптасады (жас алмада 30-40 сағат ішінде).

Тамыр түтікшелері ұзаққа бармайды. Олар 16-20 күннің ішінде тіршілігін жояды, ал

тамырдың жас бөлігінде жаңасы өседі. Бұл тамырдың жаңа топырақ горизонттарын

иеленуге мүмкіндік береді. Тамыр жаңа тамыр түтікшелерін жасай отырып, үздіксіз

өседі. Түтікшелер тек дайын ерітінділерді сіңіріп қана емес, топырақтың кейбір

заттарын ыдыратып, олардың сіңіруіне де септігін тигізеді.

Түтікшенің қабықшасы өте жіңішке, бұл қоректік заттардың с3ңірілуін

оңайлатады. Жасушаның ішін Тамыр түкшесінің құрылысы
түгелдей дерлік цитопласманың

жіңішке қабатымен қапталған қабығы

вакуоль алып жатады. Ядро вакуоль

жасушаның үстіңгі бөлігінде ядро

орналасқан. Жасушаның пластидтер

айналасында шырышты қап цитоплазма
қалыпсып, түтікшелерді топырақ

бөліктерімен біріктіреді. Бұл

байланысты жақсартып, жүйенің

гидрофильдігін арттырады. Тамыр

түтікшелері минералды тұздарды

ерітетін қышқылдарды бөледі

(көмірлі, алма, лимон қышқылдары). топырақ

Тамырдың сору аймағында жасалған Тамыр түкшелері
көлденең кесіндісінде, микроскоп

астына, оның жасушалық және ұлпалық деңгейдегі құрылысы көрінеді. Тамырдың

бетінде – ризодерма, оның астында – қатты қабық. Қабықтың сыртқы қабаты –

экзодерма, ішіне қарай – негізгі паренхима. Оның жіңішке қабырғалы жасушалары қор

жинау қызметін атқарады, қоректік заттардың ерітінділерін радиалды бағытта,

сіңіргіш ұлпадан сүрек түтігіне қарай, жылжытады. Осы жерде өсімдіктер тіршілігі

үшін маңызды органикалық заттарың синтезі жүреді. Қабықтан орталық цилиндрге

эктодерама жасушалары арқылы оттетін қоректік заттардың ерітінділері жасушаның
протопласттары арқылы ғана түседі.

Қабық тамырдың орталық цилиндрін қоршайды. Ол бөлінуге қабілеттілігі ұзақ
сақталатын жасушалармен көршілес орналасқан. Бұл перицикл. Перицикл
жасушалары жанама тамырлар, қосалқы өркендер мен екінші ретті ұлпаларға бастау
болады. Перициулдан ішке қарай, тамырдың ортасында, өткізгіш ұлпалар орналасады:
флоэма және ксилема. Олар бірігіп радиалді шоқтар түзеді.

Тамырдың өткізгіш жүйесі су мен минералдық заттарды сабаққа қарай (жоғарғы
ағысты ток) және органикалық заттарды сабақтан тамырға қарай өткізеді (төменгі
ағысты ток). Ол түтікті талшықты шоқтардан тұрады. Флоэманың негізгі өткізгіш
элементтері – сүзгілі түтіктер, ксилеманың – трахеялар мен трахеидтер.

Түтіктер — ксилеманың өткізгіш элементтер, олар ұзын қуысты түтіктер, бір
қатар жасушалардан құралған, көлденең қабырғаларында тесіктері (перфорация) бар,
мұнда заттардың жаппай қозғалысы жүреді.

Трахеи, өсімдіктердің түтіктері, буынды түтіктер деп аталатын көп
жасушалардан құралған. Буындар бір-бірінің үстінен орналасқан, бір ұзын қуысты
түтікті құрайды. Буын арасындағы бойлық аралықтар жойылып, олардың орнына
перфорациялар пайда болған. Мұндай қуысты түтіктерден ерітінділер трахеидтарға
қарағанда оңайырақ қозғалады. Әрбір түтікше көптеген буындардан құралған, сол
себепті олардың орташа ұзындығы бірнеше сантиметр болуы мүмкін (кейбе 1 м,

немесе одан да көп). Ең дамыған түтіктер ұзындығынан диаметрі үлкен буындардан
құралған, ал перфорациялық пластинкаларда бір үлкен перфорация бар. Дамуы
төменірек түтіктер ұзын әрі жіңішке буындардан құралған. Перфорациялық
пластинкалары бірнеше кішкентай бір-бірінің үстінде орналасқан немесе шашыраңқы
түрде орналасқан перфоррациядан құралған.

Трахеидтер — тесіктері бар ені миллиметрден де аз, ал ұзындығы бірнеше
миллиметр, сүректелген қабықшасы бар өлі жасушалар. Бұлар арқылы ерітінділердің
сүзілуі бір трахеидтен екінші трахеидке жүреді.
Трахеидтер ерітінділерді тек ұзына бойы ғана емес көлденең де қозғалады. Жанама
қабырғалары су өткізбейді.
Көптеген қырыққұлақтар мен ашықтұқымдыларда трахеидтер ксилемадағы жалғыз
өткізгіш шоқ. Трахеидтердің саны өсімдік түріне байланысты. Көптеген
жабықтұқымдыларда трахеидтер жоқ. Трахеидтер қарапайымдылықтың белгісі.

Ксилема (сүрек) трахеялардан (түтік), трахеидтерден және сүректік
паренхимадан (барлық уақытта емес) сүректік талшықтан (либриформ) тұрады.
Ксилемамен су және минеральдық заттар тасымалданады.

Трахеялар – бунақтардан тұратын түтіктер. Олардың жасушаларының бүйірлік
қабықшалары қалындап сүректенеді де, ішіндегі заттары өледі, ал көлденең
қабықшаларында бір немесе бірнеше тесіктер (перфорация) болады. Түтіктердің
орташа ұзындығы 10 см.

Трахеидтер де түтіктер секілді өлі құрылым, бірақ олардаң айырмашылығы сол,
бұлар түтіктер емес – прозенхималық (ұзарған) жасушалар. Мұндай жасушалардың
қабықшаларында шеттері жиектелген саңылаулар болады. Осы саңылаулар арқылы су
тасымалдана алады. Трахеидтердің орташа ұзындығы 1 мм-дей болады. Трахеидтер 2
негізгі қызмет атқарады: өткізу және беріктік қасиет беру.

А
В
А) Трахеялардың қалыңдау типтері: 1
— сақиналы; 2, 3 — спиральды; 4 —
торлы; 5 — саңылаулы

В) Ксилеманың көлденең және тігінен
кесіндісінің сызбанұсқасы.

Флоэма (тін) сүзгілі түтіктерден,

серіктік жасушалардан, тін

паренхималарынан және (барлық

уақытта емес) тін талшықтарынан тұрады. Флоэмамен
органикалық заттар тасымалданады.

Сүзгілі түтіктер. Бұл тірі жасушалардың вертикальды қатары, олардың
көлденең қабықшаларында көптеген тесіктері болады (сүзгілі пластинкалар). Бұл
жасушалардың ядролары жас кезінде болып, кейін жойылады. Ал цитоплазмасы
жасуша қабықшасына қарай ығысады. Органикалық заттардың қозғалысы негізінен
осы сүзгілі түттіктер арқылы өтеді.

Серіктік жасушалардың цитоплазмасы өте қою, ядросы мен ұсақ вакуольдері
бар. Серіктік жасушалар сүзгілі түтіктердің элементтерімен бір жасушадан пайда

болады және ядросы жоқ сүзгілі элементтің тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді. Олар
сүзгілі түтіктермен өте тығыз байланысты, серіктік жасушалар жойылса сүзгілі
элементтер де жойылады.

Сүзгілі түтіктер мен серіктік жасушалар: А – тігінен, Б – сүзгілі пластинка
арқылы жасалған көлденең кесінді. 1 — сүзгілі пластинка; 2 — ядро; 3 — серіктес
жасуша.

В
А – ксилема. 1 – трахеялар; 2 – трахеидтер; 3 – қор жасушалар; 4 – саңылаулар.
Б – флоэма. 5 – сүзгілі түтіктер; 6, – серіктік жасушалар; 7 – сүзгілі пластинка;
В – сабақтағы ксилема және флоэма.

Дереккөздер: 1. Әметов Ә. Ботаника. Алматы, 2005.

Сабақтың ішкі құрылысы

Сабақ – өркеннің негізгі бөлігі, буындар мен буынаралықтарынан құралады.
Буынаралықтарының ұзындығы бойынша сабақты қысқарған және ұзарған деп бөлуге болады.
Мысалы, күнбағастың, жүгерінің, ақкекіре және гладиолус сабақтары ұзарған болып келеді.
Жолжелкен, бақбақ, примула және т.б. өсімдіктердің сабақтары қысқарған болып келеді.

1-сурет. Өркендердің ұзарған және қысқарған сабақтары:
1 - күнбағыс; 2 – жолжелкен
Сабақтың ішкі құрылы.

Ағаштекті өсімдік сабағының көлдеңен кесіндісінде ішкі

құрылсын қарастырайық. Сыртынан сабақты жабын ұлпасы қаптайды. Жас сабақтарда жабын
ұлпасы жұқа қабықтың қалдықтарын сақтайды. Көпжылдық өсімдіктерде бірінші жылдың соңында
қабығы көпқабатты қыртыспен алмасады. Қыртыс – өлі жасушалардан құралады, іші ауаға толы
болады. Қабық тыныс алу үшін (жас сабақтарда) оның бетінде лептесіктер болады, уақыт өте келе
жасымықшалар түзіледі – қыртыстың ірі аймақтары, борпылдақ және ірі жасушалар орналасады,
жасушаларлық қуыстары ірі болады.

2-сурет. Жөке ағашының сабақтың көлдеңен кесіндісі:
1 - қыртыс; 2 - тің; 3 - қабық; 4-камбий; 5 –үш жылдық сақиналары бар сүрек; 6 - өзек
Жабын ұлпасының астында қабық орналасады, әртүрлі ұлпалардан құралатын. Қабықтың
сыртқы бөлігі жабын ұлпасы мен механикалық ұлпа жасушаларының қабықтары қалыңдаған және
негізгі ұлпадан құралады. Қабықтың ішкі бөлігі, құрамында өткізгіш ұлпаның жасушалары көп
болады – тің деп аталады.
Тің құрамына сүзгілі түтіктер кіреді, олардың бойымен төменгі ағыс қозғалады: органикалық
заттар жапырақтан төменгі мүшелерге қозғалады. Сүзгілі түтіктер тірі жасушалардан құралады,
ұштарымен ұзын түтікке жалғасып жатады. Көршілес бір-біріне жалғасқан жасушалар арасында ұсақ
саңылаулар өтеді. Бұл саңылаулар арқылы, сүзгі тәрізді, жапырақта түзілген заттар тасымалданады.

Жапырақ
жасушасы

Тамыр
қабығының
жасушалары

3-сурет. Судың сүрек түтіктері (1) және тіңнің сүзігілі түтіктері (2) арқылы органикалық заттардың
сабақ арқылы қозғалысы.

Сүзгілі түтіктер тірі болып қалуы ұзаққа созылмайды, көбінесе 2-3 жылға дейін, сирек 10-15
жасқа дейін. Ескірген сүзгілі түтіктердің орнына үнемі жаңа жасушалар түзіліп отырады. Сүзгілі
түтіктер тіңнің шағын бөлігін құрайды, негізінен олар шоқтарға жиналып жатады. Бұл шоқтардан

басқа тіңнің құрамына механикалық ұлпалар, негізінен тің талшықтарынан құралады және негізгі
ұлпа кіреді.

Тің ұлпасынан кейін сабақтың келесі өткізгіш ұлпасы орналасады – сүрек. Сүрек арқылы
жоғары бағытталған ағыс қозғалады: су және ондағы еріген заттар тамырлардан жапыраққа қарай
қозғалады. Сүрек формалары мен көлемі әртүрлі болатын жасушалардан құралады. Оның негізгі
бөлігін түтіктер құрайды, трахеидтер мен сүрек талшықтары.

Түтіктер – буындары бар, бір – бірімен қосылған түтікшелі жасушалардан құралады. Олар бір –
бірінен кейін орналасады, түтікті түзеді. Буындар арасындағы перделердің жартысы еріп кетеді және
тесіп өтетін ірі саңылау пайда болады. Осы тәрізді түтіктер арқылы ерітінділер жылдам қозғалады.

Трахеидтер – бір – біріне жанасып жатқан өлі өткізгіш жасушалардан құралады тізбек болып
келеді. Олардың түйіскен жерлерінде саңлаулар орналасады, жапырақ бағытына қарай ерітінділер
жасушадан жасушаға тасымалданады. Су мен еріген заттардың трахеидтер арқылы қозғалысы
түтіктерге қарағанда баяу өтеді.

Сүрек талшықтары – трахеидтерге ұқсас болып келеді, бірақ олардың жасуша қабығы жұқа
болып келеді. Сүректің негізгі бөлігі (түтіктер, трахеидтер, сүрек талшықтар) сүректеген
жасушалардан құралады, ішінде тірі заты жоқ болады. Олар ертінділерді тірі жасушалармен бірге
тасымалдауға қатысады. Сабақтың ортасында жуан, борпылдақ жасушалардың қабаты орналасады,
олардың құрамында қоректік заттар қорға жиналады. Бұл - өзек. Кейбір өсімдіктердің өзегі ауа
қуысымен алмасқан (георгин, қызғалдақ, қияр, бамбук).

Сабақтың жуандап өсуі.
Қосжарнақты өсімдіктердің сүрегі пен тің арасы өте жұқа, түзуші жасушалар қабаты
орналасады, бұл қабаттың атауы – камбий. Камбий жасушаларының бөлінуінің нәтижесінде сабақ
жуандап өседі. Камбий бөлінгенде еншілес жасушалрдың ¾ сүрекке тиесілі болады, ал ¼ тіңге өтеді.
Сондықтан да өсім негізінен сүректен жақсы байқалады. Камбий жасушаларының бөлінуі
маусымдық ритміне тәуелді болады: көктемде және жазда елсенді бөлінеді, нәтижесінде ірі
жасушалар түзіледі; ал күзде жасушалардың бөліну белсенділігі төмендейді, ұсақ жасушалар
түзіледі. Қыста камбийдің бөлінуі тоқтайды. Нәтижесінде сүректің жылдық өсімі түзіледі, көптеген
ағаштекті өсімдіктерде жақсы байқалады. Бұл өсімді – жылдық шеңбелер деп атайды. Жылдық
шеңбелер арқылы өркеннің және ағаштың жасын анықтауға болады.

4-сурет. Сабақтың ішкі құрылысы.
Жылдық шеңберлердің енінің қалыңдығы қоршаған ортаның жағдайларына тәуелді болады.
Суық климат, батпақты топырақта өсетін өсімдіктердің сүрегінде жылдық шеңберлердің қалыңдығы
өте жұқа болады. Жағымды климаттық жағдайларда, құнарлы топырақта өсетін өсімдіктердің
сүректегі жылдық шеңберлерінің қалыңдығы ұлғаяды. Сабақтың жіңішке және ұсақ жылдық
шеңберлердің арақанынасы қарастырып, өсімдік қандай жағдайларда өскенін анықтауға болады және
бұған дейінгі жылдары ауа райының жағдайларын анықтауға болады.

Сабақтың қызметтері.

Өсімдіктердің өмірінде сабақ көптеген әртүрлі қызметтерді атқарады. Сабақтың маңызды
қызметінің бірі – өткізгіштік. Тамырдан жапырақ бағытына қарай су мен минералды заттарды және
кері бағытта органикалық заттарды тасымалдайды. Сабақтың маңызды қызметінің бірі - тірек. Сабақ
өсімдіктің басты тірегі болып келеді, сабақ жапырақтардың, гүлдердің және жемістердің салмағын
ұстап тұрады.

Сабақтың негізгі ұлпасында қоректік заттар қорға жинала алады. Бұл сабақтың қорға
жинаушы қызметі. Сабақ арқылы өркен өзінің бүршіктері мен жапырақтарын жарыққа бағытына
қарай өсімдік бойлап өскенде шығарады. Бұл сабақтың осьтік қызметі болып келеді.

http://blgy.ru/biology6/stem


Click to View FlipBook Version