The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Макро-микроэлементтер

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by aiym1959, 2021-10-16 06:31:29

Макро-микроэлементтер

Макро-микроэлементтер

7.1D Жасушалық биология

Сабақ тақырыбы:

Ағзаның өмірлік іс-әрекеті үшін микро- және макро -
элементтерінің маңызы.

Өсімдіктерде микроэлементтер жетіспеушілігі.
Органикалық және минералды тыңайтқыштар

Биология.7 сынып
Пән мұғалімі:Нурманова А.С

Сабақтың мақсаты:

7.4.1.2 - тірі ағзалар тіршілік әрекеттері үшін микро- және
макроэлементтердің ролін сипаттау
7.4.1.4 - минералды тыңайтқыштардағы азот, калий және
фосфордың өсімдіктер үшін маңызын танып білу

Нені білу керек?:
-макро және микроэлементтердің маңызы.
-тыңайтқыштардың өсімдіктер үшін маңызы.
Нені үйрену керек?:
--макро және микро элементтерді ажырату;
-микроэлементтер мен олардың өсімдіктер мен жануарлар
үшін маңызын сәйкестендіру;
-макроэлементтер мен микроэлементтердің
жетіспеушілігінің өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік
әрекетіне әсерін талдау.
-өсімдіктің қалыпты өсуі мен дамуы кезінде минералды
заттардың жетіспеушілігі мен артықшылығын анықтау;

Макроэлементтер -өсімдіктер мен жануарлар ағзасында көп мөлшерде (98%)
болады. Макроэлементтерге оттек, сутек, көміртек,азот, кальций, натрий,
калий, фосфор, күкірт, магний, темір және хлор жатады. Макроэлементтердің
маңызы өте зор. Мысалы, кальций жетіспеушілігі сүйектерге, шеміршектерге
және тістерге әсер етеді. Сүйектер нәзік және сынғыш болады. Сондай-ақ
кальций жасушаларды қалпына келтіруге және ұлпа сұйықтықтарына
қатысады. Калий арқылы біздің бұлшықеттеріміз қысқарады. Калийдің
жетіспеушілігі жүрек қызметіне әсер етеді. Бұл жағдайда бас айналу және
әлсіздік байқалады. Егер магний жетіспесе, гипертония (жоғары қан қысымы),
миокард инфарктісі және басқа да аурулар пайда болады. Магний арқылы
барлық зат алмасу үдерістері жүреді.

Микроэлементтер – өсімдіктер мен жануарлар ағзасына аз мөлшерде қажет
заттар. Микроэлементтердің мысалдары: мырыш, мыс, молибден, кобальт, йод,
бром, марганец, фтор, никель және басқа элементтер. Микроэлементтер ағзада
өтетін түрлі процестерге қатысады. Мысалы: көбеюде, қан түзуде, зат
алмасуда, белгілі бір температураны ұстап тұруда, иммунитетті қамтамасыз
етуде. Ағзада йодтың жетіспеушілігімен есте сақтау қабілетінің, жұмыс
қабілетінің төмендеуі, ас қорытудың, жүрек қызметінің, жүйке жүйесінің
бұзылуы байқалады. Егер темір жеткіліксіз болса, ұлпаларға және
жасушаларға оттегі жеткізу процесі бұзылады. Жүрек пен ми сияқты көптеген
мүшелер зардап шегеді. Селен біздің ағзамызды бактериялар мен вирустардан
қорғайды.

Тыңайтқыштар — құрамында қоректік элементтер болатын заттар

Органикалық тыңайтқыштар – жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының
органикалық қосылыстары түрінде кездесетін қоректік заттар

Минералды тыңайтқыштар – өсімдіктердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін
қажетті қоректік заттары бар бейорганикалық қосылыстардан тұратын заттар.

Тыңайтқыштар Көң
Құс саңғырығы
Органикалық Шымтезек
Қарашірік.
Минералды
Суперфосфат
Калий хлориді
Мочевина(несепнәр)
Аммоний сульфаты
Селитра.

Азот (N)

Азот нәруыздар мен хлорофилдің құрамына кіреді. Хлорофилл өсімдіктің
фотосинтез үдерісіне қатысады.Элемент артық болғанда жапырақтың көлемі
ұлғаяды, оның түсі қанық жасыл болып, өркендері тым тез өседі. Азотты
тыңайытқыштардың артық мөлшері жапырақтардың шеттері мен жүйкеаралық
хлорозды дамытады. Нәтижесінде жапырақта қоңыр шірік дақтар пайда болып,
жапырақ ұштары орала бастайды. Жүйкеаралық хлороз деп жапырақ
тақтасындағы жүйкелердің ағаруын айтады. Азоттың жетіспеушілігі жапырақтың
түсін бозғылт-жасыл немесе сары-жасыл түске өзгертеді, өсімдіктің өркені мен
тамырының өсуін тоқтатады.Азотты тыңайтқыштарға нитратты, аммонийлі,
амидті, аммоний-нитратты қосылыстар жатады.

Калий азот айналымына (өсімдіКккаелкиөмйір(қKы)шқыл газын ауадан сіңіруге

көмектеседі) қатысады. Калий саңылаулардың ашылып-жабылуын
ынталандырады, өсімдіктің ауруға төзімділігін жақсартады.
Калий артық болғанда өсімдіктің дамуы тежеледі, жапырақтың түсі бозғылт-
жасыл түске айналып, дақтар пайда болады. Алғашында жапырақтардың өсуі
баяулап, сосын солып, түсіп қалады.
Калий жетіспесе, жапырақ тақтасының шеттері қоңыр болып (шеткі күйік), кеуіп
қалады. Жапырақтарда теңбіл дақтар пайда болады.
Калийлі тыңайтқыштарға калий хлориді, калий тұздары, калий сульфаты
жатады.

Фосфор (Р)

Фосфор өсімдік жасушаларындағы энергетикалық үдерістерді жүзеге асыратын
маңызды элемент болып саналады.
-тамырлардың дамуын ынталандырады;
-сабақтың беріктігін арттырады;
-гүлдердің түзілуі мен тұқым қалыптасуына әсер етеді;
-дақылдардың сапасын жақсартады.
Фосфор артық болса, тұтас өсімдік ерте солып қалады. Гүлдер мен жемістер де
тым ерте солып, өсімдікте жүйкеаралық хлороз пайда болады, жапырақтар
ағарып кетеді.Фосфор жетіспеген жағдайда барлық өсімдік мүшелерінің өсуі
баяулайды, жапырақ тақтасының көлемі азаяды, өркендер өспей қалады.
Жапырақтарда қызыл түсті жолақтар пайда болып, гүлдерінің реңі жойылады.
Фосфорлы тыңайтқыштарға суперфосат, фосфоритті ұн жатады.

Магний (Мg)

• Егер жапырақтары түссіз, жүйкелер арасында сары дақтар
болса, олар кейін қоңыр болып түсіп қалса, осы белгілер
топырақта магнийдің жетіспеушілігін көрсетеді. Магний
жетіспеушілігінің ең негізгі белгі ол жапырақтардың
сарғаюі.

Кальций (Са)

• Өсімдіктердің баяу өсуі, әлсіз түрі, төбелік
бүршіктердің түсіп қалуы болса, сонда осы белгілер
кальцийдің жетіспеушілігін көрсетеді.

Бор (B)

• Топырақта бордың жетіспеушілік белгілері:
төбелік бүршіктердің өліп түсіп қалуы,
жапырақтардың түсуі, гүлденудің кеш немесе
мүлдем болмауы.

Мыс (Сu)

• Өсімдіктерде мыстың қажеттілігін жапырақ
ұштарының қараюы білдіреді. Егер астық
тұқымдасының өсімдіктерінде мыс жетіспессе,
онда өсу үдерісі тоқталады, жас жапырақтарының
ұштары ағарады және хлороз болады.

Темір (Fe)

• Егер темір жетіспессе, онда жапырақ жүйкелерінің арасында
біркелкі хлороз байқалады. Үстінгі жапырақтардың түсі
ақшыл-жасыл немесе сары болады, жүйкелердің арасында
ақ сызықтар пайда болады, соңында ақ болуы мүмкін. Ең
алдымен темірдің жетіспеушілік белгілері жас жапырақ-
тарда пайда болады.

Марганец (Mn)

• Марганец жетіспессе жапырақ жүйкелерінің арасында хлороз
байқалады – жоғары жапырақтарда жүйкелер арасында
сары-жасыл немесе сары-сұр түс пайда болады, жүйкелер
жасыл қалады, сондықтан жапырақтар ала болып көрінеді.
Ең алдымен марганец элементінің жетіспеушілігі жас
жапырақтардың астыңғы жағанда байқалады.

Молибден (Mo)

• Жетіспеушілік белгілер алдымен ескі
жапырақтарда байқалады. Жапырақтар ала
болады; олардың жүйкелері ақшыл-жасыл болады.
Қайта дамийтін жапырақтар жасыл болады, бірақ
өсу барысында ала болады.

Мырыш (Zn)

• Мырыш жетіспессе жапырақтардың сарғаюі
және теңбілділік байқалады, жапырақтары
ұсақ, буынаралықтар қысқа болады.

Күкірт (S)

• Күкірт жетіспессе сабақтардың жуандыққа өсуі
баяулайды, жапырақтары ақшыл-жасыл болады.
Күкірт жетіспеу белгілері азот жетіспеу белгілерімен
ұқсас, алдымен олар жас жапырақтарда пайда
болады. Бұршақ тұқымдасына жататын өсімдіктер
тамырларында түйнектер баяу түзіледі.

Қорыта келгенде, біздің ағзамыз макроэлементтер мен
микроэлементтерді тағамнан алады. Адамдар мен
жануарлар түрлі элементтері бар өсімдік тағамдарын жейді.
Ал өсімдіктер, өз кезегінде, минералдарды топырақтан
алады. Сондай-ақ адам минералды заттарды жануартекті
қорек пен судан алады. Микроэлементтер мен
макроэлементтердің жетіспеушілігі өсімдіктер мен
жануарлардың әртүрлі ауруларына әкеледі. Осылай,
макроэлементтер мен микроэлементтер барлық тірі ағзалар
үшін өте үлкен маңызға ие.


Click to View FlipBook Version