АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ В.М.ДЕРБЕС Д.М.ҚҰРМАНҒАЛИ Г.С. ЧИКИНАЕВА 2-СЫНЫПТЫҢ «ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ» ПӘНІ БОЙЫНША ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ» Алматы – 2024
Ғылыми жетекші: Phd., аға оқытушы Омарова Г.Ж. Құрастырушылар: Дербес В.М., Құрманғали Д.М., Чикинаева Г.С. – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Бастауыш білім беру АКТ-мен» мамандығының 3 курс (3ж.) студенттері. 2 – сыныптың «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша деңгейлік тапсырмалар жинағы: әдістемелік нұсқаулық /құраст. В.М.Дербес, Д.М.Құрманғали, Г.С. Чикинаева –Алматы: «Абай атындағы ҚазҰПУ» Әдістемелік нұсқаулықта Педагогика ғылымының докторы Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, 2-сыныптың «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша деңгейлік тапсырмалар берілген. Нұсқаулық білім беру ұйымдарының бастауыш білім беру мұғалімдеріне арналған.
МАЗМҰНЫ Кіріспе ............................................................................................................................4 Деңгейлік тапсырмалар және оларға қойылатын талаптар .......................................5 Өз мекенім жақсы. С. Жүнісов «Кімнің мекені жақсы?» ..........................................7 Алматы мен Астанаға қарашы. К. Ахметова «Астана» ...............................................9 Туған жердей жер болмас ............................................................................................11 Көктем келді. Жазғытұры ............................................................................................13 Көрікті көктем.Көктемнің сәні....................................................................................15 Табиғатқа қамқор бол.Араның ұясы...........................................................................17 Құстар тіршілігі. Құстар әлемі.....................................................................................18 Күн мен көлеңке.Болаттың белгісі .............................................................................19 Табиғат құбылысы. Құйын .........................................................................................20 “Мейірімділік. Кішкентай кірпі .................................................................................22 Алуан түрлі ағаштар.Ағаштың пайдасы.....................................................................23 Теңіздегі оқиға. Жайын ...............................................................................................24 Пайдаланылған әдебиеттер .........................................................................................25
КІРІСПЕ Деңгейлік тапсырмалар білім беру және оқыту бағдарламалары сияқты салаларда оқу нәтижелерін жақсарту үшін білім беру жағдайында өте маңызды. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың оқу үлгерімін бағалауда, жақсарту бағыттарын анықтауда және олардың оқу жолын бағыттауда шешуші рөл атқарады. Әртүрлі оқу мақсаттары мен күтулеріне назар аудара отырып, деңгейлік тапсырмалар мұғалімдерге олардың әртүрлі қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін қанағаттандыру үшін оқытуды бейімдеуге көмектеседі. Яғни, деңгейлік тапсырмалар білім берудің динамикалық саласында үздіксіз оқуға және жетістікке жетуге көмектесетін маңызды құрал ретінде қызмет етеді. Соның нәтижесі ретінде 2 – сыныптың «әдебиеттік оқу» пәнінің оқу бағдарламасын қарастырып, оқушылардың оқу қажетілікттеріне сүйеніп, деңгейлік тапсырмаларды ұсынамыз. Бұл арқылы оқушы сабақтағы белгілі бір тақырып бойынша түрлі тапсырмалармен жұмыс жасайды. Деңгеймен берілген тапсырмалар оқушының қабілетін ұштап, оны шығармашылық жұмысқа жетелеп отырады. Ұсынылып отырған тапсырмалар әдебиеттік оқу пәні бойынша оқушыларлың білімдерін тереңдетіп, сабақты шығармашылық ізденіспен меңгеуіне септігін тигізеді. Бұл әдістемелік нұсқаулықта бастауыш білім беру мұғалімдері дайындаған оқушылардың білім деңгейін арттыруға бағытталған тапсырмалары берілген. Әдістемелік нұсқаулық бастауыш білім беру мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде пайдалануға ұсынылады. 4
5 ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРҒАҚОЙЫЛАТЫНТАЛАПТАР Деңгейлік тапсырмалар - жеңілден қиынға, қарапайымнанкүрделігеқарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалароқушының ойлауын дамытып, дүниетанымын кеңейтеді, жеке өзіндіккөзқарасын қалыптастырып, ізденушіліке баулиды. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізу оқушының жеке қабілетін ашуға, өзінедегенсенімін арттыруға, пәнге деген қызығушылығыг күшейтуге жолашады. Оқушының тақырыпты жете түсініп,терең меңгеруі үшінәрдеңгейдеберілетін тапсырмалар өзіндік мәнге ие. Сондықтан әрбір деңгейдеорындалатын тапсырмалар түрлі талаптарға сай келеді. Тапсырмалар, біріншіден, әр деңгейде берілетін білім көлемін анықтаудықажет етеді. Екіншіден, берілетін білім көлемі әр деңгейде орындалатын тапсырмалардыіріктеп, таңдап алуға әсерін тигізеді. Үшіншіден, тапсырмалардыңберілумақсаты мен жүргізілу амал-тәсілдерін анықтайды.Әр деңгейде қамтылатынтүрлі тапсырмалар арқылы оқушының білім сапасын арттыруға болады. Әр деңгейде орындалатын тапсырмаларға байланыстықойылғанталаптардың бір-бірінен айырмашылығы бар. Бірінші деңгей менекінші деңгейде орындалатын тапсырмалар бір-біріне ұқсамайды. Бірінші деңгейдегі тапсырмалар жеңіл, қарапайым түрде ұйымдастырылыпотырады.Деңгейден деңгейге көшкен сайын тапсырмаларға қойылатынталаптардаартып, күшейіп отырады, тапсырма мазмұны біртіндеп күрделенетүседі. 1. Оқушылық деңгейде орындалатын тапсырмалар: ● Мұғалім түсіндірген білімді оқушының қайталап бере алатынындайболуы керек. ● Оқушыны жаңадан меңгерген білімін кез келген жағдайда таниалуғадағдыландыратын болуы қажет. ● Жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көмек бере алуытиіс.2. Алгоритмдік деңгейде орындалатын тапсырмалар: ● Өткен материалмен өзара салыстыра отырып, жаңа материалдыңерекшеліктерін ажырата алуға негізделген болуы керек. ● Сөйлемді дұрыс құрай алуға машықтандыратын болуықажет. ● Тапсырмада берілген ойды жалғастыратындай болуыкерек. 3. Ізденімділік деңгейде орындалатын тапсырмалар: ● Оқушыны іздендіре отырып, нәтижесінде өзіне жаңа білімалуынқамтамасыз ететін болуы керек. ● Оқушыны қосымша әдебиетпен, түрлі сөздіктермен жұмыс жүргізуінебағыттайтын болуы қажет.
6 ● Оқушының ойлау қабілетін жетілдіретін тапсырма болуытиіс.(сөзжұмбақ, ребус, жұмбақ) 4. Шығармашылық деңгейде орындалатын тапсырмалар: ● Белгілі бір шығармашылық жұмысқа бейімдейтін болуыкерек.(суретсалу, шығарма, фантастикалық әңгіме, ой толғау, өлең, әзілөлеңжазу,т.б.) ● Ғылыми көзқарасын қалыптастыруға баулитын болуықажет. (баяндама,өз ойын, пікірін қосатын тапсырмалар, т.б.) ● Тапсырманың мазмұны арқылы оқушыға проблемалық ситуациятуғызып, баланың шығармашылық ойлауын дамытатынболуытиіс.
7 Сабақтың тақырыбы: Өз мекенім жақсы. С. Жүнісов «Кімнің мекені жақсы?» Сабақтың мақсаты: 2.2.3.1 - мұғалімнің көмегіменмәтінніңтақырыбы мен негізгі ойын анықтау Тапсырмалар: 1 деңгей Мәтінді түсініп оқы. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауапбер.Шығармадағы үш кейіпкер жайлы қоныс таба алдыма?Құрбақа, тышқан, құмырсқа үшеуі жолға неліктеншықтыдепойлайсыңдар? 2 деңгей Мәтінді бөлімдерге бөл. Мәтін бөліміне сәйкес ат қой. Шығарманың негізгі ойын анықта. Берілген сөйлемі толықтырыпжаз.Дүниедегі ең жақсы мекен, жайлы қоныс - Мекен деген сөзді қалай түсінесің? Мекен» сөзін мағынасын ашып көрсет. 3 деңгей Суретке назар аудар. Суреттегі жәндіктер қайшығарманыңкейіпкерлері? Берілген кейіпкерлерді зерттеп, оларға сипаттама бер. Пайдаланғандереккөздерін сыныптастарыңмен бөліс. Құмырсқа - еңбекқор жәндік...
8 4 деңгей Мәтін мазмұны бойынша хикая картасын пайдаланып, мәтінді мазмұндап айт. Хикая картасының соңғы бөлігіне мәтін мазмұныбойыншақандайсурет салар едің? Дескриптор Білім алушы Балл1-деңгей Мәтінді түсініп оқиды. Мәтін мазмұныбойыншасұрақтарға жауап береді. 22-деңгей Мәтінді бөлімдерге бөледі. Шығарманың негізгі ойынанықтайды. Берілген сөйлемі толықтырып жазады. 23-деңгей Үш кейіпкер туралы зерттеп, сипаттама береді. Пайдаланған дереккөздерін сыныптастарыңменбөліседі. 34-деңгей Мәтін мазмұны бойынша хикая картасын пайдаланып, мәтінді мазмұндап айтады. 3Жалпы балл 10
9 Сабақтың тақырыбы: Алматы мен Астанаға қарашы. К. Ахметова «Астана» Сабақтың мақсаты: 2.2.8.2 - мұғалімнің көмегімен көркемшығармаүзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасыменсалыстыруТапсырмалар: 1 деңгей Сұрақтарға жауап бер. Алматы мен Астана қалалары туралы не білесің? Астана мен Алматы қаласының басты белгілері не деп ойлайсың?2 деңгей «Суретке ену» Суретке қарай отырып, өлең мазмұныбойыншақосдиагарамманы толтыр. 3 деңгей Өлеңнің соңғы шумағын көшіріп жаз. Өлеңдегі «Көздерініңағыменқарасы!» деген жолдың мәнін ашып жаз.
10 4 деңгей Әли мен Айяның айтқан өлеңінің сөздеріне мән беріп қараңдар. Өлең мазмұны бойынша сурет салып көріңдер. Алып бояу қаламым Көркін салдым қаланың Асқақтайды «Бәйтерек», Хатшатырға қарағын. Қалалардың дарасы, Ұлы Астана қаласы! Желбіреген көк туы, Ақ ордама қарашы! Дескриптор Білім алушы Балл1-деңгей Сұрақтарға жауап береді. 22-деңгей Суретке қарай отырып, өлең мазмұны бойынша қосдиагарамманы толтырады. 23-деңгей Өлеңнің соңғы шумағын көшіріп жазады. Өлеңдегі «Көздерінің ағы мен қарасы!» деген жолдың мәнінашып жазады. 34-деңгей Өлең мазмұны бойынша сурет салады. 3Жалпы балл 10
11 Сабақтың тақырыбы: Туған жердей жер болмас Сабақтың мақсаты: 2.3.3.1. Шығармашылық жұмысын мұғалімніңкөмегімен сурет арқылы ұсыну. Тапсырмалар: 1 деңгей Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңдер. Ертегі не туралы? Шымшықтың орында болсаңдар не істер едіңдер? 2 деңгей Шығарма кестесін толтыр. “Шығарма кестесі” 1 Шығарманың аты: 2 Авторы: 3 Оқиға кезеңі: 4 Басты кейіпкерлер: 5 Негізгі идеясы: 6 Мәтінге сай мақал-мәтел 3 деңгей Шымшыққа өз туған жері неліктен ыстық? Шымшық қандай құс Шымшық туралы қосымша әдебиеттерді пайдаланып, сипаттапжаз.
12 4 деңгей “Сурет сөйлесін” Дескриптор Білім алушы Балл1-деңгей Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтарға жауапбереді. 22-деңгей Шығарма кестесін толтырады. 23-деңгей Шымшық туралы қосымша әдебиеттерді пайдаланып, сипаттап жазады. 34-деңгей Суретке қарап, сұрақтарға жауап береді. 3Жалпы балл 101. Мәтін кейіпкерлерін ата_____________2. Сурет мәтіннің қай бөлімінкөрсетеді_____3. Ертегіден өзіңе қандай ойтүйдің?_______3. Мәтінге өзің қандай ат қояредің_________
13 Сабақтың тақырыбы: Көктем келді.Жазғытұры Сабақтың мақсаты: 2.1.3.1 – шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне(бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау Тапсырмалар: 1-деңгей Жазғытұры өлеңі не туралы? Өлеңде қай жыл мезгілін сипаттаған?2-деңгей Жаз бен көктем мезгілдерін өзара салыстырып, айырмашылығынтап.3-деңгей Берілген өлең жолдарының жалғасын сәйкестеңдіріп тап. Масатыдай құлпырар жердің жүзі Ата-анадай елжірер күннің көзі Түйе боздап, қой қоздап сайда ду-дуКөбелек пен құстар да қорада шуЖыршы құстар әуеде өлең айтыпҚиқу салар көлдегі қаз бен қуларАқын күннің жылуын кімге теңеген? Өлең жолдарынан сұрақтың жауабын тауып, мәнін ашып айт. Сәйкестеңдіру тапсырмасын learning apps бағдарламасыарқылыорындауға болады:
14 4-деңгей “Жазғытұры” өлеңіндегі табиғатты сурет арқылыбейнеле. Дескриптор Білім алушы Балл1-деңгей Өлеңдегі негізгі ой не туралы екенін, сол сипатталған жыл мезгілді анықтайды. 22-деңгей Жаз бен көктем мезгілдерін өзара салыстырып, айырмашылығын табады. 23-деңгей Берілген өлең жоларының жалғасын тауып, сәйкестеңдіреді. Өлең жоларынан сұрақтың жауабынтауып, мәнін ашып айтады. 34-деңгей Өлең мазмұнына қарай табиғат суретін салады3Жалпы балл 10
15 Сабақтың тақырыбы: Көрікті көктем.Көктемнің сәні Сабақтың мақсаты: 2.1.2.1- шығарманың мазмұнын дайын жоспарбойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау,сахналауТапсырмалар: 1-деңгей 1. “Көктемнің сәні” атты ертегіде берілген барлық кейіпкерлерді ата. 2. Ертегі мазмұнын түсініп, негізгі ойды анықта. 2-деңгей 1. Көктемнің сәні не? сұрағына жауап берген жануарлардыңсөздерінтауып, класстерді толтыр. 2. Саған қай жануардың сөзі ұнады? 3- деңгей 1. Жануарлардың сөзіне не қосар едің? Айналаңдағытабиғатпенсалыстыр. 2. Арыстанның сұрағына қай жануар қорытынды сөз айтты?
16 4- деңгей 1. Көктем тақырыбына шағын әңгіме жаз. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Дескриптор Білім алушы Балл1-деңгей Ертегідегі кейіпкерлерді атап шығады. Ертегі мазмұнын түсініп, негізгі ойды анықтайды. 22-деңгей Көктемнің сәні класстеріне жануарлардың жауаптарын тауып жазады. Өзіне ұнаған жануарсөзін айтады. 23-деңгей Жануарлардың сөзіне өз ойын қосады. Айналадағытабиғатпен салыстырады. Арыстан сұрағына қорытынды сөз айтқан жануарды айтады. 34-деңгей Көктем тақырыбына шағын әңгіме жазады. 3Жалпы балл 10
17 Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа қамқор бол.Араның ұясыСабақтың мақсаты: 2.1.4.1 – сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану Тапсырмалар: 1-деңгей 1. “Араның ұясы” әңгімесінде не туралы айтылған? 2. Әңгімедегі басты кейіпкер кім? 2-деңгей 1. “Араның ұясы” әңгімесінің мазмұнына байланыстыжоспарқұрастыр.3-деңгей 1. Серік қандай бала? Серікке мінездеме бер. 2. “Жазықсыз жәндікке өзің тиіспесең, ол да саған соқтықпайды”деген кімнің сөзі және осы сөздердің мағынасын қалай түсіндің?4-деңгей Араның ұясының суретін сал. Дескриптор Білім алушы Балл1-деңгей “Араның ұясы” әңгімесінде не туралы екенінжазады. Әңгіменің басты кейіпкерін анықтайды. 22-деңгей “Араның ұясы” әңгімесінің мазмұнына қарайжоспарқұрастырады. 33-деңгей Серікке мінездеме береді.“Жазықсыз жәндікке өзіңтиіспесең, ол да саған соқтықпайды” дегенкімніңсөзі және осы сөздердің мағынасын түсініп айтады. 24-деңгей Араның ұясының суретін салады. 3Жалпы балл 10
18 Сабақтың тақырыбы: Құстар тіршілігі.Құстар әлемі Сабақтың мақсаты: 2.1.2.1- шығарманың мазмұнын дайын жоспарбойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау,сахналауТапсырмалар: 1-деңгей 1. “Құстар әлемі” әңгімесінде қандай құстар туралыайтылған?2. Әңгімеден сол құстар туралы не білдің? 2-Деңгей 1.Қыран-бүркіттің басқа құстармен салыстырып, оның өзіне тәнерекшеліктерін анықта. 3-деңгей 1.Бүркіттің күш-қуатының сипаттамасын мәтіннен тауып, көшіріпжаз. Оның мағынасын ашып айт. 2. Әупілдек құстың “әупілдек” аталу себебін түсіндір. 4-деңгей 1. Құстар туралы 1-2 жұмбақ құрап жаз. Дескриптор Білім алушы Балл1-деңгей “Құстар әлемі” әңгімесінде айтылған құстардытауып, солар жайлы білген ақпаратты жазады. 22-деңгей Қыран-бүркіттің басқа құстармен салыстырып, оныңөзіне тән ерекшеліктерін анықтайды. 23-деңгей Бүркіттің күш-қуатының сипаттамасын мәтіннентауып, көшіріп жазып, мағынасын ашып айтады. Әупілдек құстың “әупілдек” аталу себебін түсіндіреді. 34-деңгей Құстар туралы 1-2 жұмбақ құрап жазады. 3Жалпы балл 10
19 Сабақтың тақырыбы: Күн мен көлеңке.Болаттың белгісі Сабақтың мақсаты: 2.1.2.1- шығарманың мазмұнын дайын жоспарбойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау,сахналауТапсырмалар: 1-деңгей 1. “Болаттың белгісі” әңгімесі не туралы жазылған? 2. Болат ыдысын қайтарда таба алды ма? 2-деңгей 1. “Болаттың белгісі” әңгімесі неге олай аталады? 2. Болат өзі белгілеген жерді неге таба алмай қалды? 3-деңгей 1. Әңгіменің мазмұны бойынша жоспар құрып жаз. 4-деңгей 1. Болат қандай бала? Оның іс-әрекетінен нені түсінуге болады?2. Болаттың ісіне өз пікіріңді білдір. Дескриптор Білім алушы Балл1-деңгей “Болаттың әңгімесі” не туралы екенін жазады. Болатыдысын қайтарда таба алмағанын анықтайды. 22-деңгей Әңгіменің неге олай аталғанын түсінеді. Болаттың неліктен өзі белгілеген жерді таба алмайқалғанын айтады. 23-деңгей Әңгіменің мазмұны бойынша жоспар құрып жазады. 34-деңгей Болатқа мінездеме береді. Оның ісін қалай түсінгенінайтып, бағалап, өз пікірін білдіреді. 3Жалпы балл 10
20 Сабақтың тақырыбы: Табиғат құбылысы. Құйын Сабақтың мақсаты: 2.1.2.1- шығарманың мазмұнын дайын жоспарбойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау,сахналауТапсырмалар: 1-деңгей Құйын Жалқаулығым әлі менің Бар-ау,оның несі ұнамды? Көрші үйге барып едім, Қоқыс екен есік алды. Дәптердің де парақтары Шашылыпты,көріп тұрмын. Айналама қарап тағы, Қанша қиқым жолықтырдым. «Бір сыпыртқы қолға алынса... Жинар ем мен, үйім бөлек...», — Деп ойланып болғанымша Көтерілді құйын кенет. Шара бар ма күлмесіме? Қара мына ғажап сыйын, Біздің үйдің іргесіне Тастап кетті құйын бәрін. Тап-таза еді баста үйім, Мен сыпырып тұрмасам да. Әкетер ме басқа құйын, Әлде өзім жинасам ба? (Ертай Ашықбаев) Мәнерлеп оқы. Өлең не туралы ? 2-деңгей Соңғы шумақтағы баланың сұрағына қандай ақыл кеңес берер едің?3- деңгей Эколог ,Экология сөздеріне анықтама бер Эколог – Экология –
21 4-деңгей Суретке қарап қоқыстың зияны туралы әңгімеле Дескриптор Білім алушы Балл1-деңгей Мәнерлеп оқиды. Өлең туралы айтады. 22-деңгей Соңғы шумақтағы баланың сұрағына ақыл кеңес жазады.. 23-деңгей Эколог, экология сөздеріне анықтама береді. 34-деңгей Суретке қарап қоқыстың зияны туралы әңгімелейді. 3Жалпы балл 10
22 Сабақтың тақырыбы: Мейірімділік.Кішкентай кірпі Сабақтың мақсаты: 2.1.3.1 – шығарманың тақырыбыменүзіндісіне(бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау Тапсырмалар: 1-деңгей Мәтін не туралы ? 2-деңгей Сәйкестендір 3- деңгей Мәтінде сені не ерекше таңқалдырды? Мәтіндегі кейіпкерлер қандай ? 4-деңгей “Мейірімділік , жақсылық, аяушылық” сөздерін пайдаланып, мәтіндегі негізгі ойды түсіндіріп, ой толғау жаз. Дескриптор Білім алушы Балл1-деңгей Мәтін не туралы екенін анықтайды. 22-деңгей Мәтіндегі жоспарды ретімен сәйкестеңдіреді. 23-деңгей Мәтіннен ерекше таңғалдырған жерін, кейіпкерлерді анықтайды. 34-деңгей “Мейірімділік , жақсылық, аяушылық” сөздерінпайдаланып, мәтіндегі негізгі ойды түсіндіріп, ой толғау жазады. 3Жалпы балл 10
23 Сабақтың тақырыбы: Алуан түрлі ағаштар.Ағаштың пайдасыСабақтың мақсаты: "2.1.1.1 шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарғажауап беру Тапсырмалар: 1-деңгей Ағаштың қандай пайдасы бар? 2-деңгей Айналаннан ағаштан жасалған заттарды анықта. 3-деңгей Өзің тұрған аймақта өсетін ағаштардың атын жаз. 4-деңгей Сурет бойынша әңгіме құрап жаз. Дескриптор Білім алушы Балл1-деңгей Ағаштың пайдасы туралы жазады. 22-деңгей Ағаштан жасалған заттардың анықтайды. 23-деңгей Өзі тұрған аймақта өсетін ағаштардың атын жазады. 34-деңгей Сурет бойынша әңгіме құрап жазады. 3Жалпы балл 10
24 Сабақтың тақырыбы: Теңіздегі оқиға. Жайын Сабақтың мақсаты: 2.2.3.1. мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбыменнегізі ойын анықтау Тапсырмалар: 1-деңгей “Жайын” әңгімесі не туралы жайлы жазылған? Жайын дегеніміз не?2-деңгей Жайын неге өзің теңіз жағалауына шығара берді? Теңіз жануарларына қалай көмектесуге болады? 3-деңгей Қызыл кітап дегеніміз не? Сөздікті пайдаланып анықтама бер. Қызыл кітап - Қызыл кітапқа енген жануарларға мысал келтір. 4-деңгей Өзің білетін су жануарларының суретін сал. Дескриптор Білім алушы Балл1-деңгей Жайын әңгімесі туралы мазмұн айтады. Жайынның не екенін анықтайды. 22-деңгей Жайын теңіз жағалауына шыққан себебін түсіндіреді. Теңіз жануарларына көмек беру түрлерін айтады. 23-деңгей Қызыл кітап туралы ақпарат тауып жазады.Қызылкітапқа енген жануарларға мысал келтіеді. 34-деңгей Өзің білетін су жануарларының суретін салады. 3Жалпы балл 10
25 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. Шадиева Н.Х. Қазақ мектебінің 5-сыныбында лексиканыдеңгейліктапсырмалар арқылы оқыту әдістемесі. П.ғ.к. дисс. –Алматы, 2003. –152 б 2. Қабатай Б.Т. Әдебиеттік оқу. Жалпы білім беретін мектептің2-сыныпмұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал.Алматы,«Атамұра», 2013ж.– 92 б 3. Қабатай Б.Т. Әдебиеттік оқу. Жалпы білім беретін мектептің2сыныбына арналған оқулық: 2 бөлімді. – Алматы: Атамұра, 2017. -128б. 4. Қабатай Б.Т., Қалиева В.А. Әдебиеттік оқу. Оқыту әдістемесі. 1-бөлім.Жалпы білім беретін 2-сынып мұғалімдеріне арналған. – Алматы: «Атамұра», 2017. – 160 б 5. Ә.Д.Рысқұлбекова, З.Мүфтибекова, К.Н.Сейсенбаева 2 – сынып«Әдебиеттік оқу» 2 – бөлім оқулығы, АЛМАТЫКІТАПбаспасы, 2023