Сейтказиева Нұржамал Керімбекқызы Кентау қаласы, М.Әуезов атындағы №22 мектеп-гиназиясы қазақ тілі мұғалімі Бөлім:4. Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі Тақырып:«Жеміс-жидектердің пайдасы» Сынып:5 Жеке мәліметтер
Сабақтың мақсаттары: 5.2.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау 5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктері мен құрылымын сақтап хабарландыру құрастырып жазу Барлық оқушылар үшін: оқыған мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі қосымша анықтап,жинақтаған мәліметтерді пайдалан отырып,хабарландыру жазады; Көпшілік оқушылар үшін: негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау барысында өз ойларын дәлелдей алады.Хабарландыру жазудың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады; Кейбір оқушылар үшін: алған білімдерін шынайы өмірмен байланыстыра алады.
Қолданылған әдіс өӨқөӨҚ -тәсілдер Ұйымдастыру кезеңі • «Менен сұрақ-сенен жауап»әдісі • «Кіру билеттері» әдісі Жаңа сабақ • «Алманың сұлбасы» жұптық жұмыс • «Кім?Қашан?Қайда?», «Үш сөйлем» жеке жұмыс Бекіту • «Мұғалімнің қатесі»
Бағалау критерийлері: - мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады; - жанрлық ерекшеліктері мен құрылымын сақтап хабарландыру құрастырып жазады; -шынайы өмірмен байланыстыра алады; -мәтіннен негізгі ақпаратты табады, мазмұнын сипаттап үш сөйлем жазады. Жұптық жұмыс «Алманың сұлбасы» әдісі 1)1-қадам. Мәтінді түсініп оқы, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңдар; 2-қадам алманың сұлбасын салыңдар; 3-қадам жапырағыны қосымша ақпаратты,ал алманың өзіне негізі ақпаратты жазып шығыңдар.Дәлел келтіріңдер. Жеке жұмыс (Функ.-сауат. тапсырма) 2)Тақырыпты негізге ала отырып, оқушылар өз ойлары мен креативтілігін қоса отырып хабарландыру жазады. «Кім? Қашан? Қайда?» әдісі арқылы жеке орындалады.
ЕББҚ-ға арналған тапсырмалар мен бағалау критерийлері • Мәтіннің не туралы екенін түсінуге,негізгі ақпаратты тауып,4-5 сөзбен жазуға талпынады. Шағын мәтінді оқып,негізгі ақпаратты тауып жаз. • • Сабақ бойынша алған білімді пайдалануға,өз ойын жазуға,жеткізуге,сабақ атмосферасын сезінуге мүмкіндік алады. Жалпы жемістердің пайдасы туралы өз ойыңды «Үш сөйлем» әдісі бойынша сипаттап жаз.