Қобыланды батыр жыры (толық нұсқа) - Марабай жырау (Ә.Диваев)
Қобыланды батыр — қазақ халқының мазмұны бай да салалы эпостық дастандарының бірі. Жыр көп замандар бойы өмір сүріп, ірі- ірі эпос айтушыларының қолынан өткен. Қобыланды жырының 29 нұсқасы бар, «Қобыланды батырды» Марабай, Мергенбай, Біржан Жасымбаев, А. Айтабанов, К. Еламанов, Сыр бойындағы белгілі айтушысы Тұяқбайлар жырлаған.