Аутизм синдромының түрлері мен ерекшеліктері Тексерген: К.Ж. Бауыржановна Орындаған: Нұржан Ләсима
01 02 03 Жоспар Аутизм деген не ? Аутизм синдромының түрлері АУТИЗМІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
АУТИЗМ — МИ ДАМУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНАН ТУЫНДАЙТЫН ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ МЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ АЙҚЫН ЖӘНЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІМЕН, СОНДАЙ-АҚ ШЕКТЕУЛІ МҮДДЕЛЕРМЕН ЖӘНЕ ҚАЙТАЛАНАТЫН ӘРЕКЕТТЕРМЕН СИПАТТАЛАТЫН АУЫТҚУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. Аутизм деген не ?
Каннер аутизмі Аспенгер синдромы Ретта синдромы Процессуалды аутизм АУТИЗМ СИНДРОМЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Каннер аутизмі -балаларда жиі кездесетін әрі жетік көңіл бөлуді талап ететін аузизмнің ауыр түрі. Ең басты сипаттамасы - баланың тым кеш сөйлеуі. Каннер аутизмі
Goal 1 Goal 2 Goal 3 жалғыздықты ұнату, күнделікті өмірдегі тәртіптің өзгеруіне қарсылық. Сөйлегенде бірде айғайлап, бірде сыбырлап сөйлеуі мүмкін. Аутизмнің белгілері баланың 3 жасынан бастап (кейде одан да ерте) байқалады. тым сезімталдық, ешкімге еліктемеу, үнемі бір қимылды қайталау. Басқа да белгілері:
Аспенгер синдромы-Каннер аутизмімен салыстырғанда жеңілдеу формасы. Белгілері ұқсас, алайда, балалардың интеллектісі әлдеқайда жоғары. Әдетте бір жоғары қызығушылық танытып, сол саланы жетік еңгере алады. Логикалық ойлау қабілеті дамыған, сөйлей алғанымен адамдармен байланысқа түсуі қиын. Аспенгер синдромы
Ретта синдромы. Аутизмнің ең сирек әрі тек қыздарда кездесетін түрі. Әдетте қыздар 2 жасқа дейін қалыпты дамып келеді де, бірден барлық қабілеттерінен айырыла бастайды. Мәселен, өздігінен киіне алмайды, бірте-бірте сөйлей алмай қалады, қолында заттарды ұстай алмайды, бұлшық еттер тонусы жоғалады. Психикалық күйреудің салдарынан жиі ұстамалар болады. Аутизмнің бұл түрі жетік зерттелмеген, сол себепті аурудың соңы өлімге алып келуі мүмкін. Ретта синдромы
Аутизмнің бұл түрі ер балаларда жиі кездеседі. Олар 3-5 жасына дейін жақсы дамып, белгісіз себептермен түрлі қабілеттерін жоғалта бастайды. Әрі қарай Каннер синдромының белгілері байқалады. Процессуалды аутизм
АУТИЗМІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. Әлеуметтік әрекеттестіктің сапалық тұрғыдағы ерекшеліктері: - басқа адамдардың әрекеттеріне эмоциялық реакцияның немесе жағдайға қарай тиісті мінез-құлықтың болмауы; - әлеуметтік әрекеттестік және байланыс мақсатында көзқарас, беттің мимикалық құбылуы, ым-ишара әдістерін дұрыс қолдана алмауы; - қатарластарымен қарым-қатынас орнатып, бірге ойнай алмауы; - басқа адамдармен араласқанда эмоционалдық, әлеуметтік тұрғыдан лайықты жауап қатпауы, ортақ мүдденің болмауы.
2. Қатынастағы сапалық ерекшеліктері: - сөйлеу әдісін коммуникативтік тұрғыда қолданбауы, сөйлеуді қолданбаған жағдайда оның орнына дауыс ырғағын, ым-ишараны, мимиканы пайдаланбауға тырыспауы; - басқалармен салыстырғанда әңгімені бастап, оны әрі қарай жалғастыруда (сөйлеу дамуының кез келген кезеңінде) қиындық көруі, сөйлеу арқылы ойын білдірудің дамып-жетілмеуі, қайталанатын, стереотипті сөйлеу әдісі; - рөлдік және әлеуметтік тұрғыдан имитация жасайтын ойындар кезінде өзін дұрыс ұстамауы, синхрондылықтың болмауы, қатынас кезінде айналасындармен лайықты түрде әрекетке түспеуі.
3.Mінез-құлық формаларының, қызығушылықтарының және белсенділігінің шектеулі, қайталанбалы және стереотиптік ерекшеліктері: - Күнделікті өмірдің түрлі салаларында қатып қалған темірдей тәртіп орнатуға ұмтылуы; белгілі бір заттарға, әрекеттерге (рәсімдерге), қызығушылықтарға ерекше ден қоюы; - стереотиптік және шектеулі әрекеттер мен қызығушылықтарға толықтай берілуі; - моторлық стереотиптер; - заттардың кейбір бөліктеріне, ойыншықтардың маңызды емес элементтеріне (олардың иісіне, сыртқы материалына, шығаратын дыбысына, вибрациясына) ерекше мән беруі.
Назарларыңызға рахмет