Интервал (Аралық) Интервалдардың жалпы кестесі осы дәрістің басында көрсетілгін! Интервал (лат. Interval – аралық) – 2 дыбыстың арақашықтығы. Егер интервал дыбыстары ретімен (бірінен соң бірі) алынса, бұл әуендік (мелодический) интервал. Егер интервал дыбыстары бір мезгілде алынса, бұл үйлесімді (гармонический) интервал. Интервалдардың атауы бар. Интервалдар атауы латын цифрларынан алынған (қазақ цифрлары – бір, екі, үш, төрт) Интервалдар атауы 1 – Прима 2 – Секунда 3 – Терция 4 – Кварта 5 – Квинта 6 – Секста 7 – Септима 8 – Октава До1 дыбысынан жоғары интервалдар До2 дыбысынан төмен интервалдар
Ноталық мысалдан көріп отырғанымыздай, интервал атауы төменгі дыбыстан жоғарғы дыбысқа дейінгі саты санына сәйкес келеді. Мысалы: Квинта (5 тактіні (ұя) қараңыз) – 5 саты (до – соль ↑: до, ре, ми, фа, соль) Терция (11 тактіні (ұя) қараңыз) – 3 саты (до – ля ↓: до, си, ля) Сандық сипатынан басқа әрбір интервалдың сапасы болады. Сапасы жағынан интервалдар болады: Таза Үлкен Кіші Ұлғайтылған Кішірейтілген Таза интервалдар: Үлкен және кіші интервалдар: Ұлғайтылған және кішірейтілген интервалдар: прима т.1, кварта т.4, квинта т.5, октава т.8. секунда к.2, ү.2, терция к.3, ү.3, секста к.6, ү.6, септима к.7, ү.7. кварта ұлғ.4, квинта кіш.5. Сапа интервалдардың қанша тон (1) мен жарты тон (0,5) бар екеніне байланысты болады. Мысалы: Ре-фа ↑ - бұл к.3 (кіші терция), онда 1,5 тон Ре-фа#↑ - бұл ү.3 (үлкен терция), онда 2 тон Ноталық мысал ұлғ.4 және кіш.5
Құрама интервалдар (составные) Примадан октаваға дейінгі интервалдарды (1-8) жай деп атайды. Октавадан кең интервалдарды құрама интервалдар деп атаймыз. Құрама интервалдар - октавадан кең интервалдар. Құрама интервалдардың атауы: 9 – нона 10 – децима 11 – ундецима 12 – дуодецима 13 – терцдецима 14 – квартдецима 15 – квинтдецима Құрама интервал = қарапайым интервал + октава Мысалы: Нона – бұл секунда + октава, сондықтан нона секунда сияқты кіші және үлкен болады (к.9, ү.9). Децима – бұл терция + октава, сондықтан децимада кіші және үлкен болады (к.10, ү.10). Ундецима – кварта + октава, сондықтан кварта сияқты ол таза және ұлғайтылған болады (т.11, ұлғ.11). Дуодецима – бұл квинта + октава (т.12, кіш.12). Терцдецима – бұд секста + октава (к.13, ү.13). Квартдецима – бұл септима + октава (к.14, ү.14). Квинтдецима – бұл октава + октава (т.15). До дыбысынан құрама интервалдар Ре дыбысынан құрама интревалдар
Консонансты және диссонансты интервалдар Интервалдарды үйлесімді түрде ойнағанда (яғни интервал дыбыстарын бір уақытта ойнағанда) кейбір интервалдар жағымды естіледі, олардың дыбыстары үйлеседі, ал басқа интервалдар қатты (резко), жағымсыз естіледі. Жағымды, үйлесімді дыбыс консонанс деп аталады. Жағымсыз, қатты дыбыс диссонанс деп аталады. Консонанстарға мыналар жатады: барлық таза интервалдар (т.1, т.4, т.5, т.8), сонымен қатар терциялар (к.3, ү.3) және сексталар (к.6, ү.6) + сәйкесінше олардың құрама интервалдары (т.11, т.12, т.15, к.10, ү.10, к.13, ү.13). Диссонанстарға мыналар жатады: секундалар (к.2, ү.2), септималар (к.7, ү.7) және үштондақтар (тритон - ұлғ.4, кіш.5) + сәйкесінше олардың құрама интервалдары (к.9, ү.9, к.14, ү.14, ұлғ.11, кіш.12). Консонанстар Диссонанстар Таза прима (т.1) Кіші терция (к.3) Үлкен терция (ү.3) Таза кварта (т.4) Таза квинта (т.5) Кіші секста (к.6) Үлен секста (ү.6) Таза октава (т.8) Кіші секунда (к.2) Үлкен секунда (ү.2) Үштон (тритон - ұлғ.4 және кіш.5) Кіші септима (к.7) Үлкен септима (ү.7) Интервалдардың екі тобының әрқайсысының музыкада өзіндік рөлі бар, олар тең. Диссонанстарды «жаман» интервалдар деп ойлау дұрыс емес және олардан қашуға болмайды. Диссонанстар болмаса, консонанстар мағынасын жоғалтады. Музыкадағы диссонанстар шиеленіс, динамика, дамуды тудырады. Ал консонанстар, керісінше, тұрақтылық, байсалдылық, толықтық. Кез келген диссонанс консонансқа ауысуға (шешуге) бейім. Диссонанс бұл сұрақ, консонанс – жауап.
Интервалдардың айналымы Айналым – интервалдың төменгі дыбысының октаваға жоғары (↑) немесе интервалдың жоғарғы дыбысының октаваға төмен (↓) ауысуы. Нәтижесінде басқа интервал пайда болады. Мысалы: 1 такт. Бірінші интервал – үлкен терция (ү.3). Егер біз төменгі дыбысты октаваға жоғары ауыстырсақ, біз айналым ретінде кіші секста (к.6) деген интервал аламыз. 2 такт. Бірінші интервал – үлкен терция (ү.3). Егер біз жоғарғы дыбысты төменге ауыстырсақ, біз айналым ретінде кіші секста (к.6) деген интервал аламыз. ү.3 к.6 ү.3 к.6 Интервалдардың айналымы кезінде 2 заңдылық бар: 1) Таза интервалдар тазаға айналады; Кіші - үлкенге; Үлкен - кішіге; Ұлғайтылған - кішірейтілгенге; Кішірейтілген – ұлғайтылғанға. 2) Прима октаваға айналады; Секунда – септимаға; Терция – секстаға; Кварта – квинтаға; Квинта – квартаға; Секста – терцияға; Септима – секундаға; Октава – примаға.