The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Шымкент қаласы әдістемелік орталыққа қарасты"ULAGAT" қазақ тілі мен әдебиеті қауымдастығының жұмыс қорытындысы - Салыбекова Бибигул Есимханкызы

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by lider.bibigul, 2021-05-18 14:25:02

Шымкент қаласы әдістемелік орталыққа қарасты"ULAGAT" қазақ тілі мен әдебиеті қауымдастығының жұмыс қорытындысы

Шымкент қаласы әдістемелік орталыққа қарасты"ULAGAT" қазақ тілі мен әдебиеті қауымдастығының жұмыс қорытындысы - Салыбекова Бибигул Есимханкызы

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ

ЕЛІМІЗДІҢ ӘРБІР ӨҢІРІНІҢ ПРАКТИК ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІМЕН

ОНЛАЙН ОТЫРЫС ӨТКІЗДІ

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ҚР БҒМ
тапсырмасы бойынша 2020 жылы дайындалған ана тілі (оқыту тілі)
бойынша эссе тақырыптарын, алгебра және анализ бастамалары пәнінен
жазбаша емтихан материалдарын жаңартылған білім беру мазмұнына
сәйкестігін анықтау мақсатында практик пән мұғалімдерімен бірлесе
қарастыру үшін 2021 жылдың 25 ақпанында ZOOM платформасы арқылы
(Zoom сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/89106165574...)
сағат 10.00-де онлайн отырыс ұйымдастырды.

Ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе тақырыптарын, алгебра және анализ
бастамалары пәні бойынша жазбаша емтихандарының өтілу барысын әр пән
бойынша жеке-жеке өткізді.

Бұл отырысқа еліміздің әрбір өңірінен тілшілер бас қосып, өзіндік ой-
пікірлерімен бөлісті. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясының мамандары керемет диалогтық алаң орнатты. Биылғы 2020-
2021 оқу жылындағы 11-сынып емтихандары жаңартылған білім беру
мазмұны бойынша алғаш рет жүргізілетін болғандықтан, практик
мұғалімдерден емтиханды ұйымдастыруын, эссе тақырыптарын, қазақ тілі
мен әдебиеті пәні бойынша бағалау бойынша өзара талқылап, ұсыныс,
тілектерін де айтуға мүмкіндік туды.

Шымкент қаласы Әдістемелік орталыққа қарасты «ULAGAT»
педагогтар қауымдастығының қазақ тілі мен әдебиеті (Т1, Т2) пәні бойынша

төрайымдары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының
мамандарымен онлайн кездесті. Олар Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-
гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейсетаева Бибайша
Абдиманапкызы мен Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Салыбекова Бибигул Есимханкызы еді.
Алдағы уақытта жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкестендірілген ана
тілі (оқыту тілі) бойынша эссе тақырыптарын, алгебра және анализ
бастамалары пәнінен жазбаша емтихан жүргізудің арнайы нұсқаулығы
ұсынылыатынын хабардар етті.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының практик
мұғалімдермен «алтын көпір байланысын» жасап, диалогтық алаң
орнатқаны үшін үлкен ризашылдығымызды білдіреміз.

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ-ҮЗДІК НӘТИЖЕЛЕРГЕ
ЖЕТУДІҢ НЕГІЗІ

18.02.2021 жылы сағ.15.30 ZOOM бағдарламасында Әдістемелік орталық
директоры, ф.ғ.к., М.Медетбекованың бұйрығымен құрылған
шығармашылық топтың жылдық жоспарына сәйкес, білім беруде біртұтас
ақпараттың жүйесін құру арқылы педагогтердің қажеттіліктеріне орай,
түсінік беруді қажет ететін сұрақтар мен мәселелерді талқылау, қарастыру
мақсатында сіздерді «Қысқа мерзімді сабақ жоспарын тиімді жоспарлаудың
жолдары» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.

Семинарға 100-ге жуық мұғалім белсенді қатысып, өзара тәжірибе
алмасты. Семинар барысында әдістемелік орталықтың қазақ тілі мен қазақ
әдебиеті пәні әдіскері, п.ғ.м.Ж.Арысбаева Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы негізінде
және штаттық режимде сабақты жоспарлау үдерісіне тиімді тәсілдерді
енгізе отырып, білім мен дағдылардың дамуын жетілдіру арқылы қысқа
мерзімді жоспарға дұрыс мақсат қою және оларды жүзеге асыру аясында
әдістемелік көмек берді.

№64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп -гимназиясының мұғалімі
Б.Салыбекова сабақты қысқа мерзімді жоспарлауда назар аударуды қажет
ететін тұстарға нақты тоқталып, мұғалімдерге бағыт-бағдар берсе, №26
Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Кульзахова Ақмарал
ҚМЖ құрастырудағы өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір
алмасу болды. Қысқа мерзімді жоспарды дайындау барысында мұғалім
оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып,
саралап оқыту тәсіліне ерекше назар аударулары мұғалімнің сабақты тиімді
құрылымдауына көмектесетіндігі жайлы әдістемелік ұсынымдар мен
тәжірибелік көмек алды.Сонымен қатар,өздерінің көкейінде жүрген
сауалдарға жауап алған әріптестер мұндай іс-шаралардың алдағы уақытта
да өз жалғасын табуына өз үлестерін қосатынын білдірді.

ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ : «ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІС. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖАЗУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ»

Мемлекетіміздің болашағы жас ұрпақтың бойындағы ізденгіштік
қасиеттерін дамыту, одан әрі жетілдіру, ғылыми шығармашылыққа бағыт
сілтеу өзекті міндет. Сол үшін балалардың қабілетін дарындылығына зер
салу, дарындыларды тани білу қоғам дамуына, келешек өмірге дарынды
балалардың қоғамға тигізер пайдасын білу қажетті.
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Әдістемелік
орталығының бұйрығымен құрылған «ULAGAT» қазақ тілі мен әдебиеті
пән мұғалімдерінің ассиоцациялық қауымдастығының жұмыс жоспарына
сәйкес кезекті іс-шарасы болды.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әрбір білім алушыны ғылыми жоба жазуға
бейімдеу өте маңызды болғандықтан, жазылу тәртібі мен рәсімделуі
жөнінде педагогтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы орайда
теориялық ақпарат беру мен қатар тәжірибе барысында қолданысқа енгізу
туралы бөліскенді жөн санадық.

«Ғылыми ізденіс. Шығармашылық ғылыми жоба жазудың алғы
шарттары»
тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері арасында қалалық
оқыту семинары 11.03.2021 ж күні cағат 15.00-де қашықтықтан ZOOM
платформасы (https://us05web.zoom.us/j/86245848463...) арқылы өтілді.
Оқыту семинарын«ULAGAT» қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің
ассиоцациялық қауымдастығының кеңес мүшесі, №2 мамандандырылған
үш тілде оқытатын мектеп-интернатының мұғалімі Галиева Майра
Осеновна жүргізді. Әрі осы аты алған мектептің биология-экология пәнінің
мұғалімдері Тәукебаева Ұлбосын Мұхановна мен Тулешова Жанар
Нұрымбековна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мәуленова Балнұр
Жандарбекқызы да өз ой бөлісті. Ғылыми жоба дайындау әдістерімен
бірнеше пән мұғалімдері бірігіп өзара тәжірибе қолданысын айтты.

СЕМИНАРДЫҢ МАҚСАТЫ
Ғылыми ізденіс жасауға білім алушыларды баули отырып, ғылыми жоба
жазудың алғы шарттарымен таныстыру, педагогтарға тәжірибе барысында
қолданысын көрсету.

СЕМИНАРДЫҢ МІНДЕТІ
- Оқушыларға жобаның тақырыбын таңдауға және оны орындау жоспарын
әзірлеудегі практикалық көмегін түсіндіру;
- Зерттеу әдістерін таңдауда көмек көрсету;
- Әдебиеттер мен нақты материалдарды іріктеуде кәсіби кеңес беру;

- Әзірленген жоспарға сәйкес жобаның орындалуын жүйелі қадағалау;
- Ұсынылған талаптарға сәйкес жобаның орындалу сапасын бағалауы және
оны ғылыми жетекшінің өз жазба пікірінде көрсету жолдарымен таныстыру
- Арнайы оқу орындарының ғылыми мектептерінде ұрпақ ізбасарлығын
қолдау және дамыту;
- Оқушыларда өз бетінше тұжырымдар мен қорытындылар жасай білу
қабілетін дамыту;

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
- Ғылыми жобаны жазу тәртібі мен ресімделуін меңгереді
- Зерттеу жұмысын жүргізу ақадамдарын біледі.
- Педагогтар ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс ақпарат алу алады.
- Зерттеу жүргізу барысында бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы

қолданылады.

Оқыту семинарын төменде көрсетілген сілтемені басу

(https://cloclostock6.datacloudmail.ru/.../aDFc.../zoom_0.mp4) арқылы

толыққанды көруге болады. Оқыту семинарында өз тәжірибесімен бөліскен

әріптестерімізге үлкен ризашылдығымызды білдіреміз. Семинарға

қатысушы әріптестеріміз маңызды ақпаратпен танысқандығын кері

байланыстарынан аңғардық.

"ULAGAT" қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің ассиоцациялық
қауымдастығының шығармашылық бағытта өз жұмыстарын жалғасын
табады деген сенім артамыз.



Шымкент қалалық білім басқарамасы әдістемелік орталығына
қарасты "ULAGAT"педагогикалық ассоцациялық қауымдастығының

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің төрайымы –
Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Салыбекова Бибигул Есимханкызы

Электрондық кітаптың авторы – Салыбекова Бибигул Есимханкызы,


Click to View FlipBook Version