The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Арайлым Сұңқарбек, 2024-04-02 09:46:50

физика 8 сынып

сабақ жоспар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігі ұсынған Н.А. Закирова Р.Р. Аширов ФИЗИКА 5 тарау: Тұрақты электр тогы § 22. Электр тогы, электр ток көздері 8


1 Электр тогы. Электр тогының пайда болу себебі Электроскоптың өзегіне бекітілген металл шарды электрленген эбонит таяқшасымен зарядтаймыз. Осы шарды зарядталмаган баска электроскоптын шарымен оқшауланган сымның ашық ұштары арқылы жалғаймыз. Сонда екі электроскоптың да жапырақшалары бірдей белгілі бір бұрышқа ауытқиды, демек электроскоптарды бір-біріне жалғағанда артык зарядтың жартысы зарядталган шардан зарядталмаған шарға өтеді (87- сурет). Зарядтардың өткізгіш бойымен бағытталған қозғалысқа түсуінің себебі - зарядталған шар маңайында туындаған электр өрісінің әсері. Ток шарлардың потенциалдары тең болғанда токтайды. Егер шарлардың өлшемдері бірдей болса, онда ток шарлардағы зарядтар шамасы тең болғанда тоқтайды. § 22. Электр тогы, электр ток көздері 87-cурет Электр өрісініңәсерінен өткізгіш бойымензарядтардың бағытталған қозғалысы Электр тогы - зарядталган белшектердің,реттелген қозғалысы. Сонымен, электр тогы еркін зарядтар мен электр өрісі бар ортада ғана пайда болады.


Өткізгіштегі токты сақтау үшін оның ұштарындағы потенциалдар айырымын сақтау керек.Мұндай жұмысты ток коздері атқарады. 2 Ток көзі Ток кезі - электр тізбегіндегі кернеуді ұстап тұратын және зарядтарды бөлудііске асыратын құрылғы.


1. Электр тогы дегеніміз не? 2. Қандай жағдайда зарядталған бөлшектер бағытталған қозғалысқа түседі? 3. Ток көзінің қандай түрлерін білесіңдер Бақылау сұрақтары Екі калың мырыш және мыс өткізгіш сымдардан, лимоннан ток көзін жасаңдар. Мырышпен қапталған шегені пайдалануга да болады. Алынған ток көзінің параграфта сипатталған гальвани элементіне ұксастыты мен айырмашылығы неде екенін аныктаңдар. Бір электр шамын 2,5 В электр энергиясымен жабдықтау үшін қанша лимон қажет болады? Қолдан жасалған ток көздерін қалай жалгау керек? Эксперименттік тапсырма Төмендегі тақырыптардың бірі бойынша презентация-хабарлама дайындандар: 1.Электр энергиясының дәстүрлі емес көздері. 2.Жаңа буын аккумуляторлары. 3.Қазақстанда аккумуляторлар жасап шығару. 4.Ток көздерінін түрлері саналатын салалар. Шығармашылық тапсырма


Талдықорган қаласындағы аккумулятор зауыты тек Қазақстанды ғана емес жақыншетелдерді де акумуляторлармен қамтамасыз етуде.


Зертханалық жұмыс 3 Тақырыбы: электр тізбегін жинау және оның әр түрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу. Мақсаты: ток күші тізбектің әр түрлі бөлігінде бірдей екенін көрсету және кернеуді өлшеуді үйрену. Приборлар мен материалдар: амперметр, вольтметр, ток көзі, қосу сымдары, кілт, резисторлар,қыздыру шамы. Жұмыс барысы: 1. Амперметр мен вольметрдің шкалаларын қараңдар, бөлік құнын анықтаңдар. 2. 191-192- және 193-суреттердегі сұлбалар бойынша электр тізбегін жинаңдар. Әр жағдай үшін амперметрдің көрсетулерін жазыңдар. 3. Қорытынды жасаңдар. 4. Ток көзін, резисторды, қыздыру шамын және кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаңдар. 5. Тізбекті тұйықтаңдар және әр резистордың ұштарындағы кернеулерді U1 , U2 және екі резистордан тұратын тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшеңдер. 6. Жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар. 7. U1+ U2 қосындысын есептеңдер және U кернеуімен салыстырыңдар. 8. Қорытынды жасаңдар.


Есеп шығару үлгісі


Электр тізбегінің бір нүктесінен екіншісіне 16мин ішінде 240 Кл заряд тасымалданып, 1200 Дж жұмыс жасалған.Тізбектің осы екі нүктесінің арасындағы ток күші мен кернеуді табыңдар? Қалта фонары қыл сымының кедергісі 15 Ом болса және оның кернеуі 4,5 В болса, қалта фонарының электр шамынан өтетін ток күші неге тең? Үй жұмысы Жаттығу-1 Жаттығу-2


Click to View FlipBook Version