The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by malikatleubaeva663, 2023-11-23 10:28:43

ХИМИЯ ТЕОРИЯ ЖАҢА

ХИМИЯ ТЕОРИЯ ЖАҢА

10-талдау БЕНЗОЛ МОЛЕКУЛАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Ароматты көмірсутектер құрамындағы бензол сақинасының санына байланысты қалай бөлінеді? Бірядролы Көпядролы Бензолдың бром суымен және калий перманганатымен әркеттесуіндегі ерекшелік Бром суымен және калий перманганатын түссіздендірмейді Гибридтенуі қандай? sp² Қанша градус бұрыш жасап орналасады? 120° бұрыш Бензол молекуласында қанша ơ байланысы бар? 12ơ байланысы бар Бензол молекуласындағы көміртек атомдары арасындағы байланыс ұзындығы қандай? 0,140 нм Бензол молекуласындағы байланыс ұзындығы дара байланысқа (0,154 нм) да, қос байланысқа (0,134 нм) да сәйкес болмаса қандай байланыс деп аталады? Біржарым байланыс Көпядорлы ароматты көмірсутектердің қатарына жатады Нафталин Ароматты көмірсутектерге тән изомерлену Бүйір тізбектегі радикалдың орны бойынша Көмірсутек радикалдың табиғатына байланысты Ароматты көмірсутектерді негізінен алады Таскөмір шайырынан Таскөмірді кокстеу Мұнайды айдау арқылы БЕНЗОЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ ГОМОЛОГТАРЫН АЛУ Бензолдың гомологтарын ата Метилбензол (С₆Н₅СН₃) Этилбензол (С₆Н₅С₂Н₅) Пропилбензол (С₆Н₅С₃Н₇) Бензолдың ең жақын гомологы қандай? Метилбензол (толуол) Бензол сақинасындағы екі сутек атомы көмірсутек радикалдарымен алмасса қандай туындылары пайда болады? Орто- (о-) Мета- (м-) Пара- (п-) Ареннің формуласы: С₇Н₈ атауы Ареннің формуласы: С₈Н₁₀


Ареннің формуласы: С₉Н₁₂ Арендердің изомерлері қандай туындысынан басталады? Этилбензол Қарапайым бір валентті арил радикалдарының жалпы формуласы қандай? СnH₂n-₇ Бензолдың қандай радикалдары бар? С₆Н₅ - фенил С₆Н₅СН₂ - бензил (толуол радикалы) Бензолдарды алкандарға қатысты қалай алады? Алкандарды ароматтау арқылы: Циклогексан мен оның туындыларынан бензол алуға болатынын дәлелдеген ғалым: Н.Д.Зелинский Циклогексаннан бензол алынуының реакция теңдеуін жаз: Бензолды циклдеу әдісі қалай жүзеге асады? Галогеналкандар бензолмен өршіткі қатысында (AlCl₃) әрекеттесіп, бензолдың гомологын түзеді (Фридель-Крафтс реакциясы): Бензолдарды алкендермен алкилдеу реакциясын жаз: Этилбензолды дегидрлеу нәтижесінде қандай өнім аламыз? Бүйір тізбегінде қанықпаған көмірсутек радикалы болатын винилбензол (стирол) С₆Н5 – СН = СН₂ алынады: БЕНЗОЛ МЕН ОНЫҢ ГОМОЛОГТАРЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ Бензол мен оның гомологтарының физикалық қасиеттері қандай? Сұйық заттар, өздеріне тән иісі бар, суда ерімейді, бірақ көптеген органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Отқа қауіпті Адамға тигізер зияндары қандай? Бензол мен толуолдың буы тері арқылы өтіп кетеді. Олармен ұзақ уақыт улану лейкемия және анемия ауруларының пайда болуына әкеледі Бензол мен олардың туындылары қандай реакцияларға түседі? Қосылу, орынбасу, тотығу реакциялары Гидрлену реакциясының өршіткілері Никель, платина, палладий


Гидрлену реакциясы қалай жүреді? Қыздырғанда және жоғарғы қысымда өршіткі қатысында бензол сутекті қосып алады. Нәтижесінде циклогексан түзіледі: Галогендену реакциясы қалай жүреді? Ультракүлгін сәулелердің әсерінен бензол хлордың алты атомын қосып алады. Нәтижесінде гексахлорциклогексан түзіледі: Ароматты көмірсутектер қандай қосылыстарға түспейді? Галогенсутекпен, сумен қосылу реакциялары Арендер галогендермен орынбасу реакцияларына қалай түседі? Темір (III) тұздарының қатысында жүреді: (Бромменде дәл осылай әрекеттеседі) Арендерді нитрлеу реакциясы қалай жүреді? Нитрлеуші қоспа (концентрлі күкірт және азот қышқылдарының қоспасы) қатысында қыздырғанда жүреді. Нитробензол түзіледі: Бензол сақинасындағы атомдардың өзара әсері салдарынан толуол азот қышқылымен қалай әрекеттеседі? Орынбасу бензол сақинасындағы 2,4,6 (орто-, пара- ) орындарда жүреді: Толуолдың азот қышқылымен реакциясының өнімі қалай аталады және қай салада қолданылады? 2,4,6 – тринитротолуолды тротил, ТНТ деп те атайды. Ол – қопару жұмыстарында қолданылатын (туннель, шахта, метро және т.б. салуда) күшті жарылғыш зат Толуол калий перманганатының ерітіндісімен реакциясы қалай жүреді? Оңай, түссіздендіріп, бензой қышқылын түзеді:


С₆Н₅СООН (консервант Е–210) дегенІміз не? Мүкжидек пен итбүлдіргенде болатын табиғи консервант. Оны сусындар, жеміс-жидек өнімдерін, балық өнімдерін дайындауда қолданады Көптеген органикалық заттар үшін жақсы еріткіш болып табылады Бензол Медицинада микробтар мен зеңге қарсы қолданылады. Мысалы аяқтың тершендігі мен тері аурулары үшін тағыда басқа Бензой қышқылы Ароматты көмірсутектердің ішінде бүйір тізбектерінде қанықпаған радикалдар болатын қосылыстардың түрлеріне қандай туындысы жатады? Стирол (винилбензол) Стирол қандай қасиеттер көрсете алады? Стирол бензолдың гомологтары мен қанықпаған көмірсутектердің қасиеттерін көрсетеді. Ол бром суын түссіздендіріп, галогенсутектермен және т.б. әрекеттеседі Стиродың ең маңызды қасиеті қандай? Полимерленеді, реакция нәтижесінде полистирол түзіледі: ЦИКЛДІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫ ЖӘНЕ ИЗОМЕРИЯСЫ. АРОМАТТЫ ЖӘНЕ ГЕТЕРОЦИКЛДІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ IUPAC НОМЕНКЛАТУРАСЫ Ациклді қосылыстар дегеніміз не? Ашық тізбекті көміртек қосылыстары Алифатты көмірсутек дегеніміз не? Ациклді қосылыстардың қарапайым өкілдері. Олар қаныққан және қанықпаған деп бөлінеді. Органикалық қосылыстар қалай жіктеледі? Циклді органикалық заттар қалай жіктеледі? Бензол гомологтарын ата: С₆Н₅СН₃ - метилбезнол немесе толуол С₆Н₄(СН₃)₂ - диметилбензол немесе ксилол С₆Н₅СН(СН₃)₂ - изопропилбензол немесе кумол С₆Н₃(СН₃)₃ - 1,3,5-триметилбензол немесе мезитилен IUPAC ережесі бойынша ароматты көмірсутектердің атауы қалай өзгереді? -ен жұрнағымен аяқталады. Мысалы: бензен, толуен, ксилен, цимен, стирен т.б.


11-талдау КАРБОНИЛДІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Карбонилді қосылыстарға жатады Альдегидтер Кетондар Молекуласындағы карбонил тобы сутек атомы және көмірсутек радикалымен байланысқан оттекті органикалық қосылыстар Альдегидтер Карбонил тобы екі сутек атомымен байланысқан Формальдегид(құмырсқа альдегиді) Кетондардың ең қарапайым өкілі Ацетон Кетондардың жалпы формуласы Альдегидтердің жалпы формуласы Халықаралық номенклатураға сәйкес альдегидтердің атауларына сәйкес көмірсутек атауларына «Аль» жұрнағы жалғанады Кетондардың атаулары тиісті алкан атауына «Он» жұрнағы жалғанады Карбонил тобындағы көміртек атомының гибридтену күйі қандай болады? Sp² Альдегидтердің изомерлену түрлері Көміртек қаңқасының изомерленуі; Кетондармен класаралық изомерлену тән Кетондардың изомерлену түрлері Көміртек қаңқасы изомерленуі; Карбонил тобының орнына байланысты изомерлену тән Альдегидтердің тарихи аттарын ата НСНО метаналь (формальдегид, құмырсқа альдегиді) CH₃CHO этаналь (ацетальдегид, сірке альдегиді) АЛЬДЕГИДТЕР МЕН КЕТОНДАР АЛУ Зертханада альдегидтерді алу жолдары Біріншілік спирттерді тотықтыру; Тотықтырғыш ретінде мыс (ІІ) оксиді,сутек пероксиді,калий перманганаты Спирттердің тотығу реакциясын жазып көрсет Бірінші және екінші спирттер тотыққанда қандай өнімдер аламыз? Біріншілік спирттер тотыққанда альдегидтер Екіншілік спирттер тотыққанда кетондар түзіледі Өндірісте формальдегидті, метанолдан алады. Реакцияның сызба-нұсқасы:


Ацетиленге судың қосылуы сынап (II) тұздар қатысында жүреді. Олай болса реакция теңдеуін жаз: Өндірісте этаналь алуы қандай реация? Кучеров реакциясы Этиленді мыс, темір және палладий өршіткілері қатысында оттекпен тотықтырып, ацетальдегидті алуға болады. Реакциясын жаз Кетондарды ацетиленнің гомологтарын гидратациялап алады. Өнімдерді жаз. Ацетиленнің гомологтарын тотықтырып қандай өнім аламыз? Ацетон Ацетонды кумолдық әдіспен қалай аламыз? АЛЬДЕГИДТЕР МЕН КЕТОНДАРДЫҢ ТОТЫҒУ, НУКЛЕОФИЛЬДІ ҚОСЫЛУ РЕАКЦИЯЛАРЫ Альдегидтер мен кетондардың физикалық қасиеттері қандай? Төменгі мүшелері суда жақсы ериді; Олардың қайнау температуралары сәйкес спирттердің қайнау температураларын төмен болады Гомологтық қатардың қалған мүшелері – сұйық Жоғарылары – қатты заттар Метанальдың физикалық қасиеті? Түссіз, өткір иісті улы газ Формальдегидтің 35-40%-дық ерітіндісі не деп аталады? Формалин Ацетонның қасиеті қандай Ұшқыш сұйықтық Альдегидтер мен кетондардың химиялық қасиеттері қандай заттарға байланысты? Олардың құрамындағы карбонил тобының болуына байланысты Карбонил тобындағы қос байланыс бойынша сутекті қосып алса реакция қандай болады? Бұл реакция жүруі үшін қандай қолайлы орта болуы қажет? Формальдегид буы мен сутекті қыздырылған никель өршіткісінің үстінен өткізеді, сонда сутектің қосылуы жүріп, формальдегид метил спиртіне айналады Карбонил тобындағы оттек атомы әсерінен альдегидтер С – Н байланысы тотығады. Бұл реакция қалай жүзеге асырылады? Егер таза сынауыққа күміс оксидінің Ag₂O аммиактағы ерітіндісін құйып, оған альдегид ерітіндісін қосып қыздырар болсақ, сынауық қабырғасында күміс пайда болады.


Бұл тотығу-тотықсыздану реакциясында альдегид пен күміс қалай өзгереді? Альдегид қышқылға дейін тотығады Күміс тотықсызданады Бұл реакция теңдеуі қалай? Және қалай аталады? Күміс-айна реакциясы (сапалық реакция) Мыс (II) гидроксиді мен альдегид қалай әрекеттеседі? Мыс (II) гидроксиді альдегидті сәйкес карбон қышқылдарына дейін тотықтырып, өзі мыс (I) оксидіне дейін тотықсызданады: Кетондар қандай заттармен тотықпайды? Күміс (I) оксидіне және мыс (II) гидроксидімен тотықпайды Альдегидтер қандай қосылу реакцияларына түседі? Карбонил тобының құрамындағы С = О байланысы полюсті болғандықтан, альдегидтер мен кетондар нуклеофилді қосылу реакцияларына түседі. Карбонилдегі көміртек атомдары алдымен нуклеофил реагентіндегі бос электрон жұбымен әрекеттеседі. Түзілген анион протонды немесе басқа катионды қосып алады Синил қышқылының сілті қатысында альдегидтер мен кетондарға нуклеофилді қосылуы нәтижесінде қандай өнім аламыз? Оксинитрилдер түзіледі Альдегидтер мен кетондар натрий гидросульфитімен қандай реакцияға түседі? Нуклеофилді қосылады: Альдегидтер мен кетондар түзілен гидросульфит туындылары минералды қышқылдармен немесе содамен қыздырғанда қандай заттар бөлінеді? Бастапқы карбонилді қосылыстарды түзе ыдырайды: Гриньяр реактиві болып табылады Магний органикалық қосылыс R-Mg-X Оны қолданып альдегидтер мен кетондардан спирттерді алуға болады Гриньяр реактиві Формальдегидтің қолдану аясы Фенолформальдегид шайырын алуға Синтетикалық көксағыз алуға Қопарылғыш заттар алуда Формалинның қолдану аясы Ағзалар мен организмді бальзамдауға Анатомиялық препараттарды консервлеуде Тері илеуге Залалсыздандырғыш зат ретінде Парфюмерияда қолданылады Құрамындағы 7-16 көміртек атомдары бар жоғары альдегидтер


12-талдау Лак,бояу және синтетикалық шайырларға жақсы еріткіш болып табылады Ацетон мен басқа кетондар КАРБОН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ Біріншілік спирттер мен альдегидтерді тотықтырып, карбон қышқылын алу әдісін көрсет. Көмірсутектерді тотықтырғанда карбон қышқылы түзіледі. Өндірістік маңызы зор карбон қышқылын алу әдісін көрсет. Күрделі эфирдің гидролизі нәтижесінде қандай өнімдерді ала аламыз? Карбон қышқылы және спирт Зертханада карбон қышқылдарын қалай алады? Минералды қышқылдар сияқты, олардың тұздарына концентрлі күкірт қышқылын қосып қыздыру арқылы алуға болады: Төменгі карбон қышқылдары Өздеріне тән өткір иісі бар Суда жақсы еритін сұйықтық заттар Құрамында 4-9 дейін көміртек бар карбон қышқылдары Жағымсыз иісті май тәріздес сұйықтар Молекуласында көміртек саны 9 дан үлкен болатын жоғары карбон қышқылдары Суда ерімейтін қатты заттар Салыстырмалы молекулалық массасы өскен сайын карбон қышқылдарының Суда ерігіштігі кемиді Қайнау температуралары өседі Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері қандай? Минералды қышқылдарға тән қасиет көрсетеді. Қандай заттармен әрекеттесе алады? Металдардың кернеулік қатарындағы сутекке дейін орналасқан металдармен;


металдардың оксидтерімен; негіздермен; қышқылдармен Құмырсқа қышқылының тұздары қалай аталады? Формиаттар Сірке қышқылының тұздар қалай аталады? Ацетаттар Қышқылдардың химиялық қасиеттерін көрсет. Карбон қышқылдарының өзіне тән қасиеттері қандай заттарға байланысты? Қышқыл құрамындағы радикалына Сірке қышқылы хлормен әрекеттесу теңеуін жаз. Құмырсқа қышқылының басқа гомологтарынан ерекше реакциясы қандай? Күміс-айна реакциясы: Құмырсқа қышқылын концентрлі күкірт қышқылымен қосып қыздырғанда қандай өнімдер аламыз? Су және монооксиді: Барлық карбон қышқылдары қандай? Әлсіз электролиттер Молекуласындағы көміртек атомдарының саны өскен сайын қандай қасиет көрсетеді? Қышқылдардың күштері әлсірейді Қышқылдардың қасиетін қалай арттырамыз? Галоген атомдарын енгізу арқылы Қышқылдардың күші әлсірейтін қатарды көрсет. Қышқылдардың күші артатын қатарды көрсет. Қаныққан бірнегізді карбон қышқылдарының ішіндегі ең маңызды өкілдері қандай? Пальмитин CH – (CH2)₁₄ – COOH (C₁₅H₃₁COOH) Стеарин CH₃ – (CH2)₁₆ – COOH (C₁₇H₃₅COOH) Қанықпаған бірнегізді карбон қышқылдары дегеніміз не? Құрамында бір сутек атомы карбоксил тобымен алмасқан қанықпаған көмірсутектердің туындыларын айтады Олеин қышқылында қос байланыс орналасқан С₉ - С₁₀


Линол қышқылында қос байланыс орналасқан С₆ - С₇ және С₉ - С₁₀ Линолен қышқылында қос байланыс орналасқан С₃ - С₄, С₆ - С₇ және С₉ - С₁₀ Галогенді қышқылдарды дегидрогалогендеу арқылы қандай өнім аламыз? Бутен қышқылы Оксиқышқылдарды дегидратациялау арқылы қандай өнімді аламыз? Пропен қышқылы Қанықпаған төменгі қышқылдардың физикалық қасиеті? Суда ериді; Өткір иісті сұйықтықтар Қанықпаған жоғары қышқылдардың физикалық қасиеті? Иіссіз; Суда ерімейтін қатты заттар Олеин қышқылының физикалық қасиеті? Түссіз сұйықтық; Салқында қатады Қанықпаған карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері қандай? Карбоксил тобына; Көміртек атомдары арасндағы қос байланыстың болуына байланысты Қос байланыс карбоксил тобына жақын орналасқан қышқылдардың қандай қасиеттері бар? Бұл қышқылдарға галогенсутек пен судың қосылуы (гидратация) Марковников ережесіне қарсы жүреді: Тотыққанда қандай өнім түзеді? Диоксиқышқылдар түзіледі: Сірке қышқылының қолдану аясы Пластмасса өндіруде Жасанды талшық алуда Маталарды бояуда Тамақ өнеркәсібінде Құмырсқа қышқылының қолдану аясы Тамақ өнеркәсібінде Тері мен фармацевтика өндірісінде Медицинада Маталар мен қағаз бояуда Акрил қышқылы Қанықпаған бір негізді карбон қышқылы Сірке қышқылының эссенциясында сірке қышқылының үлесі 60-80 пайыз Концентрлі техникалық сірке қышқылында сірке қышқылының үлесі 95-96 пайыз Асханалық сіркесында сірке қышқылының үлесі 3-5 пайыз КҮРДЕЛІ ЭФИРЛЕР МЕН САБЫН Күрделі эфирдің жалпы формуласын жаз. Күрделі эфирлердің классаралық изомері Карбон қышқылдары


Құмырсқа қышқылының метил эфирі немесе метилформиат Сірке қышқылының пропил эфирі немесе пропилацетатының құрылымдық формуласын жаз. Күрделі эфирлердің класаралық изомері қандай? Монокарбон қышқылдары. Мысалы: Күрделі эфир алудың ең кең таралған әдісі қандай? Этерификация реакциясы Спирттер мен карбон қышқылдарының әрекеттесуі Этерификация реакциясын жазып көрсет. Минералды қышқылдар мен спирттер әрекеттескенде түзілетін өнім Күрделі эфирлер түзіледі Бірнегізді карбон қышқылдарының күрделі эфирлері Судан жеңіл Ұшқыш Хош иісті сұйықтықтар Май қышқылының метил эфирі Алма иістес Май қышқылының бутил эфирі Ананас иістес Сірке қышқылының изобутил эфирі Банан иістес Күрделі эфирдің маңызды қасиеті Олардың гидролизденуі: Күрделі эфирдің гидролизі қандай реакция? Қайтымды реакция Күрделі эфирлердің гидролизденуі Сабындану реакциясы деп аталады Құрамында 10-16 көміртек атомдары бар карбон қышқылдарынан алынады Иіссабын Құрамында 17-21 көміртек атомдары бар карбон қышқылдарынан шаруашылық немесе техникалық мақсаттарға қажет алынады Сабын Жоғары спирттер мен күкірт қышқылынан түзілген күрделі эфирдің тұзынан – алкилсульфаттардан алады Синтетикалық жуғыш заттарды Көптеген жуғыш ұнтақтарда кездеседі Алкилсульфаттар Жағымды дәм беру үшін сусындарға,кәмпит және басқа тамақ өнімдері және парфюмерияға қолданылады Күрделі эфирлер Натрийлі сабындар Қатты сабын


Майлардың көбісі негізінен осы қышқылдардан құралады Олеин Пальмитин Стеарин Құрамына қанықпаған карбон қышқылдары кіретін майлар қалыпты жағдайда қандай болады? Сұйық Оларға өсімдіктекті – зығыр, күнбағыс майлары жатады. Жануар текті майлар құрамына қандай карбон қышқылдары кіреді? Қаныққан карбон қышқылдары кіреді Қалыпты жағдайда қатты болады Майлардың жалпы атауы қандай? Глицеридтер Майлардың физикалық қасиеті Нақты балқу температурасы болмайды Олар алдымен жұмсарады, содан кейін белгілі бір температура аралығында балқиды Майлар құрамында карбон қышқылдарының қалдығы көп болған сайын майдың қату температурасы жоғары болады Майлар органикалық еріткіштерде жақсы ериді Суда іс жүзінде ерімейді Қышқылдық гидролиздену нәтижесінде түзілетін өнімдерді ата Карбон қышқылдары мен глицерин: Сілтілік гидролиз барысында қандай өнімдер аламыз? жоғары карбон қышқылдарының тұздары және глицерин: Сұйық майларды гидрлеу нәтижесінде алынатын өнім? Қатты майлар Қоректік зат әрі қорғаныш пен жылуды сақтайтын қызмет атқарады Майлар Калийлі сабындар Сұйық сабын МАЙЛАР Глицерин мен жоғары карбон қышқылдарының күрделі эфирі болып табылатын табиғи қосылыстар Майлар


13-талдау САБЫН ЖӘНЕ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЖУҒЫШ ЗАТТАР Сілті қатысында майлардан қандай зат алынады? Сабын Эфирлену реакциясына кері реакция қалай аталады? Сабындану Эфирлену реакциясы кезінде қолданылатын катализатор Күкірт қышқылы Өсімдік майларын гидрлеп қандай қосылыс аламыз? Қатты майларды Майларды алмастыратын заттар қандай? Синтетикалық жоғары карбон қышқылдары қолданылады Майлардан алынатын сабынның қасиеті қандай? Кермек суда жуғыш қасиеті нашар АМИНДЕР Молекуласындағы сутек атомдарының біреуі немесе бірнешеуі көмірсутек радикалдарымен алмасқан аммиактың туындыларын айтады Аминдер Көмірсутек радикалдың табиғатына байланысты аминдер жіктеледі Қаныққан Қанықпаған Ароматты амин Аминдердің изомерленуі Көміртек қанқасының Функционалдық топтын орнына байланысты Көміртек қаңқасы бойынша изомері қалай болады? Функционалдық топ бойынша изомері қалай болады? Көміртек атомының саны бірдеу болып, өзара изомер болатын аминдерді ата. Біріншілік Екіншілік Үшіншілік Қаныққан қарапайым аминдер (С₁ - С₃) физикалық қасиеті қандай? Аммиак иісті газ тәрізді аминдер Суда жақсы ериді Гомологтық қатардың ортаңғы мүшелері (С₄-С₉) физикалық қасиеті қандай? Шіріген балық иістес, жағымсыз өткір иісті сұйықтықтар


Жоғары аминдер физикалық қасиеті қандай? Қатты заттар Көмірсутек радикалы өскен сайын қасиеттері қалай өзгереді? Ерігіштігі төмендейді Құрамында нәруыз қалдықтары бар органикалық зат шірігінде түзіледі: Аминдер Кейбір аминдер қайдан түзіледі? Адам және жануар организміндегі аминқышқылдарынан Аминдердің қасиеттері қалай анықталады? Амин тобындағы азот атомының бөлінбеген электрон жұбымен анықталады. Сулы ерітіндіде және қышқыл ортада бұл электрон жұбы оң зарядталған сутек ионымен әрекеттесіп, оны донорлы-акцепторлы механизм бойынша қосып алады: Аминдер қандай қасиет көрсетеді? Негіздік қасиет Лакмус ерітіндісін көк Фенолфталеин ерітіндісін таңқурай түске бояйды Аминдер аммиакпен салыстырғанда күшті негіздер болады Аминдердің жану теңдеуін көрсет. АНИЛИН Ароматты аминдердің өкілі? Анилин Анилинді өндірісте қалай аламыз? Нитробензолды тотықсыздандыру. Бұл реакцияны 1842 жылы орыс ғалымы Н.Н. Зинин ашқандықтан, Зинин реакциясы деп аталады: Хлорбензол мен фенолдан алу әдістерін көрсет. Фенолдың аммонолизі: Анилин физикалық қасиеті қандай? Суда ерімейтін Май тәріздес Түссіз улы сұйықтық Спирт пен бензолда жақсы ериді Ауада тез тотығып,қоңырланады Анилиннің қаныққан аминқышқылдарынан айырмашылығы Әлсіз негіздік қасиет көрсетеді Анилин қышқылдармен әрекеттесуі қалай жүреді? Тұз түзе әрекеттестеді, лакмус ерітіндісінің түсін өзгертпейді


Анилиннің химиялық қасиеті қандай? АМИНҚЫШҚЫЛДАРЫ Екі дайлы қасиет көрсететін қосылыстар Аминқышқылдары Аминқышқылдарына мысалдар келтір. Аминқышқылдарының кейбір өкілдері: Аминқышқылдар бейтарап ерітінділерде биполярлы иондарының рН ортасы 7 Ішінара алмасатын аминқышқылдар Аргинин мен гистидин Глициннен басқа барлық альфа аминқышқылдарында көміртек атомы Ассиметриялы , оптикалық белсенділік көрсетеді Алмасатын аминқышқылдар саны 10 Нәруыздың құрамына кіретін аминқышқыл саны 20 Абсолютті түрде алмаспайтын аминқышқылдар саны 8 Аминқышқылдар физикалық қасиеті? Суда жақсы еритін Түссіз кристалды зат Тәтті дәмі бар Көмірсутек радикалының табиғатына байланысты аминқышқылдар жіктеледі? Алифатты Ароматты Функционалдық топтардың санына байланысты аминқышқылдар жіктеледі Бейтарап Қышқылдық Негіздік


14-талдау КӨМІРСУЛАР Көмірсулардың жалпы формуласы: Cn(H₂O)m Формулалары сәйкес, бірақ қасиеттері өзгеше қосылыстар: формальдегид CH₂O –сірке қышқылы CH3COOH Глюкозаның формуласы: C₆H₁₂O₆ Құрамында альдегидтік топ және бірнеше спирттік топ бар сондықтан глюкоза: альдегидоспирт Глюкозаның классаралық изомері: Фруктоза Пентозадан нуклеин қышқылының құрамына кіретіндер: Рибоза C₅H₁₀O₅ Дезоксирибоза C₅H₁₀O₄ Кейде жүзім қанты, жеміс қанты деп те аталады Глюкоза Глюкоза алынуы жолдарын жаз. Глюкозаның физикалық қасиеттері: түссіз, тәтті дәмі бар, суда жаксы еритін, балқу температурасы төмен кристалды зат Глюкозаның көпатомды спирт ретінде қатысатын реакциялар: Карбон қышқылдарымен күрделі эфир түзеді Жаңа дайындалған Cu (ii) гидроксидімен көгілдір түсті мыс алкаголятын түзе әрекеттеседі Глюкозаның альдегид ретінде қатысатын реакциялары: тотығып глюкон қышқылын түзеді Күміс айна реакциясы: қыздырғанда Cu(OH)₂ әрекеттеседі: -глюкоза тотықсызданып сәйкес спирт- сорбит түзіледі:


Глюкозаның өзіне тән қасиеттері: Ашу процестері тән: Дисахаридтердің жалпы формуласы: C₁₂H₂₂O₁₁ Дисахаридтердің ішіндегі маңыздысы: сахароза, мальтоза, лактоза Сахароза құрамына гидроксил топтары кіретіні неден байқалады: мыс гидроксидімен оңай әрекеттесуінен Сахароза + Cu (II) гидроксиді Cu (II) САХАРАТЫ АШЫҚ КӨК ТҮСТІ Сахароза гидролизі нәтижесінде түзіледі: глюкоза мен фруктоза Дисахаридтердің маңызды химиялық қасиеттері: гидролиздену: КРАХМАЛ. ЦЕЛЛЮЛОЗА Поликонденсация реакциясы: би немесе полифункционалды мономерлерден полимер түзіліп, қосымша өнім ретінде кіші молекулалы қосылыс бөліне жүретін процесс Ыстық суда ісініп, коллоидты ерітіндіклейстер түзеді: крахмал Крахмалдың өзіне тән қасиеті: йодпен әрекеттесуі Крахмал гидролизі Крахмал,целлюлоза формуласы: (C₆H₁₀O₅)n Крахмал макромолекуласының құрылысы: сызықты, тармақталған Целлюлозаның молекуласының құрылысы: сызықтық Суда, органикалық еріткіштерде ерімейтін талшықты зат: целлюлоза Ағашты ауасыз қыздырғанда целлюлоза көмір, метан, метанол


ыдырап, нәтижесінде түзіледі: Целлюлоза гидролизі: Целлюлоза азот қышқылымен әрекеттесіп түзеді: целлюлоза тринитраты пироксилин НӘРУЫЗ Тек аминқышқылдарынан тұратын нәруыз: протеиндер Құрамында аминқышқылдарымен қатар полисахаридтердің, ортофосфор қышқылының қалдықтары, металл катиондары кіретін нәруыздар: протеидтер Суда ерігіштігіне қарай нәруыздар бөлінеді: 2-ге глобулалы талшықты Нәруыз гидролизденіп ыдырайды: аминқышқылдарға ПОЛИПЕПТИДТЕР ҚҰРЫЛЫМЫН АНЫҚТАУ Пептидтік байланыстың бар екенін білдіреді: Биурет реакциясы (protein+NaOH+CuSO₄= ашық күлгін түс) Бензол сақинасы бар екендігін көрсетеді: Ксантопротеин реакциясы нәруыз+ азот қышқылы= сары түс) Күкірті бар аминқышқылдарға сапалық реакция: Цистеин реакциясы (нәруыз+(CH3COO)₂Pb+ NaOH= PbS қара) 15-талдау ФЕРМЕНТТЕРДІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ҚҰРАМЫ Ферменттің құрамы қандай?


НУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ Нуклеотид дегеніміз не? Нуклеин қышқылдарының негізгі құрылымдық бірлігі, мономер тізбегі. Нуклеотидтің құрамында қандай заттар болады? Біразотты негіз, көмірсу – пентоза және фосфор қышқылының қалдығы кіреді Пиримидиндерді ата Цитозин Тимин урацил Пуриндерді ата Аденин Гуанин Нуклеин қышқылдарының толық гидролизі кезінде түзілетін заттар? Пиримидинді және пуринді негіздердің қоспасы; Моносахарид (рибоза, дезоксирибоза); Фосфор қышқылы Ақпараттық немесе матрицалық РНҚ-ның қызметі қандай? Хромосомадағы ДНҚ-ның генетикалық ақпаратын нәруыз синтезі жүретін рибосомаға жеткізу. Тасымалдаушы РНҚ қызметі қандай? Аминқышқылдарын рибосомаға жеткізеді Рибосомалық РНҚ қызметі қандай? Рибосомадағы нәруыз синтезіне тікелей қатысады Іс жүзінде рибосомаларды қалай атауға болады? Нәруыз синтезінің фабрикасы АТФ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ Аденозинтрифосфор қышқылы қасиеттері қандай? Иіссіз, ине тәрізді ақ түсті кристалдар Аденозинтрифосфор қышқылының формуласын жаз. C₁₀H₁₆N₅O₁₃P₃, M = 507,2 г/моль 15-талдау ЖОҒАРЫ МОЛЕКУЛАЛЫ ҚОСЫЛЫСТАР ХИМИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ Биополимерлерге қандай қосылыстар жатады? Полисахаридтер, нуклеин қышқылдары, нәруыздар және т.б Синтетикалық полимерлерге қандай қосылыстар жатады? Полиэтилен, полипропилен, полистирол және т.б Мономер дегеніміз не? Полимерлер алынатын кіші молекулалы қосылыстар


Макромолекула дегеніміз не? Полимер молекуласы Құрылымдық буын дегеніміз не? Макромолекулада көп рет қайталанған атомдар тобы Полимерлердің жалпы формуласын қалай анықтаймыз? Полимерлердің жалпы формуласын (-X-)n жазсақ, мұндағы Х – құрылымдық буын, полимерлену дәрежесі Полимерлердің жіктелуі Сызықтық Тармақталған Кеңістіктік (Үшөлшемді немесе торлы) Сызықты құрылыстыға қандай қосылыстар жатады? Төменгі қысымдағы полиэтилен, вулканизацияланбаған табиғи көксағыз Тармақталған құрылыстыға қандай қосылыстар жатады? Жоғары қысымдағы полиэтилен Кеңістіктік құрылыстыға қандай қосылыстар жатады? вулканизацияланған көксағыз Кіші, олигомер, үлкен молекулаларды Mr бойынша қалай ажыратамыз? Мr < 500 болса, кіші молекулалы қосылыс, 500 < Mr < 5000 болса, олигомер, ал Mr > 5000 болса, үлкен молекулалы қосылыс болып табылады. Олигомер дегеніміз? Шамалы, көп емес дегенді білдіреді Целлюлоза қандай полимер? Сызықтық құрылымды полимер Крахмал мен табиғи көксағыз қандай полимер? Тармақты құрылымды полимерлер Торлы полимерлер қандай болады? Торлы полимерлерде әртүрлі көміртек атомдары бір-бірімен тігілген іспеттес, заттың молекуласы өте үлкен болады. Мысалы: фенолформальдегид шайырлары Жоғары температураның әсеріне байланысты, барлық синтетикалық полимерлер бөлінеді? Термореактивті Термопластты Термореактивті полимерлер дегеніміз? Қыздырғанда өздерінің барлық физика-химиялық қасиеттерін өзгертеді Термпопластты полимерлер дегеніміз? Жоғары температура мен қысымда өздерінің физикахимиялық қасиеттерін сақтайды ПОЛИМЕРЛЕНУ РЕАКЦИЯСЫ Полимерлену реакциясы қалай жүреді? Сополимерлену реакциясы? Полимерлену реакциясына бірнеше әртүрлі мономер қатысуы Бутадиен мен стиролдың сополимерленуін реакциясын көрсет? Өнімдерді ата Бутадиенстирол көксағызы Полиэтилен (-CH₂-CH₂-) Кең таралған полимерлердің бірі Қолмен ұстаған кезде май тәрізді білінетін түссіз зат


Бөлме температурасында ешқандай еріткіште ерімейді,қышқыл сілті,тұз әсеріне тұрақты,су өткізбейді Полиэтиленнің маңызды қасиеті? Термопластылығы Полиэтиленнің кемшілігі Жылуға тұрақтылығының төмен болуы Жарықтың әсерінен ескіруі Полипропилен Қатты,берік үйкелуге төзімді Сүт тәрізді ақшылдау зат Ең жеңіл полимерлердің бірі Жылуға төзімділігі полиэтиленнен жоғары Полиизобутилен (-CH=C(CH₃)-CH₂-) Жеңіл,созылғыш көксағыз тәрізді полимер Бірақ көксағыздар секілді вулканизацияланбайды Химиялық тұрақтылығы полиэтилен мен полипропиленге қарағанда төмен Поливинилацетат Мөлдір,түссіз,бөлме температурасында қатты полимер 180 градус температураға дейін қыздырғанда поливинилацетат сірке қышқылын түзе ыдырайды Суда ісінеді,қышқыл және сілті әсеріне тұрақты Жанғанда қара түсті шар жасап,аздаған жалынмен жанады Полистирол Мөлдір,қатты материал Бөлме температурасында морт сынғыш Органикалық еріткіштерде(бензол,толуол) ериді және жеңіл өнделеді Полиметилметакрилат Тривиалды атауы органикалық шыны Ол мөлдір, күн сәулесінің 99% өткізеді Ультракүлгін сәулені өткізеді, бұл оның силикат шыныдан айырмашылығы Кәдімгі шыныдан басты айырмашылығы-сынғыштығы төмен, өндеуге икемділігі Политетрафторэтилен (-CF₂-CF₂-)n Техникалық атауы – тефлон Өте жоғары химиялық тұрақты Көксағыздарды қалай атаймыз? Оларды алуға қолданылатын мономерлердің атаулары бойынша (изопрен, бутадиен көксағыздары) немесе олардың құрамына кіретін атомдар тобының сипатына байланысты (полисульфидті, кремнийорганикалық және т.б) жіктеледі Синтетикалық көксағыздарды негізінен алады? Мұнайға серік газдар мен мұнайды өңдеу өнімдерінің құрамында болатын көмірсутектерден алынады С.В.Лебедев тәсілі (этил спиртінен бутадиен алу) бойынша синтездейді. Реакциясын жаз:


Маңызды синтетикалық көксағыздардың қасиеттерін, қолданылуларын көрсет. Қосылатын күкірт мөлшері 30%-дан көп болса қандай қосылыс түзіледі? Созылмайтын қатты зат – эбонит алынады ПОЛИКОНДЕНСАЦИЯ РЕАКЦИЯЛАРЫ. ПОЛИАМИДТЕР ЖӘНЕ ПОЛИЭФИРЛЕР Талшықтардың жіктелуін жаз: Синтетикалық талшықтардың ішінде кең тарағаны Капрон талшығы. Ол аминкапрон қышқылынан синтезделеді: Капрон дегеніміз? Капрон маталары үйкеліске төзімді Мыжылмайды Бірақ капрон қышқыл мен жоғары температура әсеріне төзімсіз, сондықтан оны ыстық үтікпен үтіктеуге болмайды Кевлар қышқылын қалай алады? Терефтал қышқылы парафенилдиамин екеуін поликонденсациялау арқылы Кевлар талшығының қасиеттері? Химиялық, синтетикалық полиамидті талшық Кевларды қай салада қолданады? Оқ өтпейтін кеудешелер, аса жеңіл ұшу аппараттарын жасауда қолданылады Лавсанды қалай аламыз? Терефтал қышқылымен этиленгликольды поликонденсациялау нәтижесінде түзіледі:


Нәтижесінде жоғары молекулалы қосылыс – лавсан (күрделі эфир) және қосымша өнім ретінде су түзіледі ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТОПТАРЫ Органикалық қосылыстардың кластарын жаз. Құрамында күкірт атомы бар функционалды топтарды ата Тиол (меркапто-) –SH Сульфид >S Дисульфид –S–S– және т.б ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫ ТАНЫП БІЛУ Функционалдық топтардың сапалық реакциялары ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ Органикалық заттардың генетикалық қатарының сызбанұсқаларын көрсет


Метанның генетикалық қатарын жазып шық. IVA ТОП ЭЛЕМЕНТТЕРІ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІ Бейметалдық қасиеттерінің кемуі қалай жүреді? Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай бейметалдық қасиеттер кемиді. Көміртек – бейметалл, ал төменгі жағындағы элементтер металл болып табылады Тотығу дәрежлері қандай? -4, 0, +2, +4 IVA элементтерінің физикалық қасиеттері қандай?


IVA топ элементтерінің балқу температуралары және электрөткізгіштігі қандай? (балқу температуралары маңызды емес) Балқу температурасы бойынша Топша бойынша жоғарыдан төмен қарай элементтердің балқу температуралары төмендейді. Көміртек пен кремнийдің кристалдық торлары атомдық болғандықтан балқу температуралары ең жоғары Қалайының балқу температурасы ең төмен Электрөткізгіштігі бойына Кремний мен германий жартылай өткізгіштер, бұл олардың сыртқы қабаттағы электрондарының ядроға нашар тартылуына байланысты Топ бойынша атомдық номерлері артқан сайын элементтердің электрөткізгіштігі артады Балқу температурасы бойынша Топша бойынша жоғарыдан төмен қарай элементтердің балқу температуралары төмендейді. Көміртек пен кремнийдің кристалдық торлары атомдық болғандықтан балқу температуралары ең жоғары Қалайының балқу температурасы ең төмен Металдық қасиеттері бойынша Қорғасын мен қалайы атомдарының радиусы үлкен, электрондарының ядроға тартылуы нашар, сондықтан металдық қасиеттері басым 14 IVA ТОП ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ Кремний мен көміртектің оттекпен реакциясы?


Кремний мен көміртектің күкіртпен реакциясы? Кварц құмы мен кокстің реакция теңдеуі? 2000ᵒС-қа дейін қыздырғанда қиын балқитын, қаттылығы алмазға ұқсас жақын кремний карбиді немесе карборунд түзіледі: Көміртек пен кремнийді көбінесе қандай реакцияларда пайдаланады? Белсенділігі төмен металдарды оксидтерінен тотықсыздандыру және сульфаттарды сульфидтерге айналдыру үшін қолданады: Басқа оксидтер де кремний оксиді сияқты кокспен әрекеттеседі. Реакция теңдеуін жаз. Қышқылдармен реакция теңдеуін жаз. Кәдімгі қышқылдардың әсеріне көміртек пен кремний тұрақты. Көміртек концентрлі күкірт және азот қышқылына тотығады: Кремний мен азот қышқылының реакция теңдеуін жаз. Бұл реакцияларда азот қышқылы тотықтырғыш қызмет, ал балқытқыш және тұз қышқылдары кешен түзуші рөл атқарады Қорғасын мен күкірт қышқылының реакция теңдеуі? Сілтілермен әрекеттесуінің реакция теңдеуі? Кремний сілтілердің судағы ерітінділерімен әрекеттесіп, сутек түзеді: Қорғасын мен қалайы сілтілермен мырыш пен алюминий сияқты әрекеттесіп, станиттер мен плюмбиттер түзеді: Сумен әрекеттесуінің реакция теңдеуі? Кәдімгі жағдайда кремний сумен әрекеттеспейді, алайда жоғары температурада су буымен әрекеттеседі: 14 IVA ТОП ЭЛЕМЕНТТЕРІ ОКСИДТЕРІНІҢ ҚАСИЕТТЕРІ Монооксидтердің қыздыру реакциялары? Соңғы реакция компьютерлердің бөлшектерін жасайтын кремний алуға пайдаланады. Қалайы мен қорғасын монооксидтері қыздыруға тұрақты; Көміртек пен кремний монооксидтері қыздыруға тұрақты; Басқалары қыздырғанда ыдырайды: Қорғасын монооксиді (PbO) ыдырағанда түзілетін өнімдер Қызыл түсті қорғасынның аралас оксиді Pb₃O₄ (құрамы PbO₂ * 2PbO) түзіледі


Қышқылдардың қышқылдық-негіздік қасиеттері Көміртек монооксиді қасиеттері қандай? Тұз түзбейтін оксид бірақ, әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді, мысалы сілтілермен реакцисы: Элементтердің атомдық номері артқан сайын қандай қасиеттері өзгереді? Оксидтердің сипаты негіздікке ауысады Оксидтердің тұрақтылғы Германий, қалайы және қорғасын (II) оксидтері сілтілермен әрекеттесе алады. Реакция теңдеуі: Көмірқышқыл газы мен әк суының әрекеттесуінің реакция теңдеуі: Әк суы арқылы көмірқышқыл газын артық мөлшерде өткізгенде тұнба ериді. Реакция теңдеуі: Басқа оксидтер екідайлы қасиет көрсетуі мүмкін. Мысалы қалайы оксиді: Негіздік қасиеті: Қышқылдық қасиеті: Көміртек, қорғасын оксидтері тотықтырғыш қасиет көрсете алады. Мысалы: Оксидтердің тотықтырғыштотықсыздандырғыш қасиеттір Кремний (IV) оксидінің қасиеттері Қышқылдық қасиетке ие, ол сілтілермен әрекеттесіп, силикаттар түзеді. Сонымен қатар ол кейбір тұздармен әрекеттеседі. Оның бұл қасиеті шыны алуда қолданылады:


Кремний диоксиді фторсутек (балқытқыш) қышқылмен әрекеттеседі: Бұл реакция шынының бетіне сурет салу үшін қолданылады: 14 (IVA) ТОП ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ТАБИҒАТТА ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ ЖАЙ ЗАТТАРДЫ АЛУ ӘДІСТЕРІ Кремнийдің алынуын жаз. Өнеркәсіпте кремнийді электрпештерде кремний оксидін кокспен тотықсыздандырып алады: Зертханада тотықсыздандырғыш ретінде магний немесе алюминий қолданылады: Аса таза кремнийді алу үшін кремний тетрахлоридін мырыш ұнтағымен тотықсыздандырады: Германийдің алынуын жаз. Германий полиметалл, никель, вольфрам кендерінде және силикаттарда қоспа ретінде болады. Кенді байытудың күрделі және қиын операциялары нәтижесінде германий оксидін бөліп алып, 600ᵒС температурада сутекпен тотықсыздандырады: Қалайының алынуын жаз. Алдымен кеннен қалайы диоксидін бөліп алады. Содан кейін оны көмірмен немесе алюминиймен электрпешінде тотықсыздандырады: Қорғасынның алынуын жаз. Қорғасынды алу үшін қорғасын сульфидін PbS күйдіріп, соңынан алынған қорғасын (II) оксидін PbO тотықсыздандырады және рафинирлейді. Қорғасын сульфидін өртегенде осы реакция жүреді:


Click to View FlipBook Version