Физика 7- сынып
Білім және Ғылым министрлігі бекіткен
1- тарау Физика- табиғат туралы ғылым 2- тарау Механикалық қозғалыс 3- тарау Денелердің өзара әрекеттесуі 4- тарау Қысым 5- тарау Жұмыс және қуат. Энергия 6- тарау Ғарыш және жер
1- тарау: Физика- табиғат туралы ғылым Өзіне тән пішімі мен көлемі бар денелер физикалық денелер деп аталады. Мысалы, қалам – өзіне тән пішін мен көлемге ие. Материя – бізді қоршаған әлемде не бар, соның барлығы. Материяның белгілі бір пішіні мен формасы болмайды. Табиғаттағы болып жатқан өзгерістерді физикалық құбылыс деп атайды. Оның бірнеше түрі болады: механикалық, электрлік, магниттік, оптикалық, жылулық, атомдық және т.б. Мысалы, механикалық – сөредегі кітаптың құлауы, арбаның алдыға жылжуы, электрлік – найзағайдың жарқылы, телефондардың қуат алуы, т.с.с. Табиғатта болып жатқан құбылыстарды зерттейтін ғылымдарды жаратылыстану ғылымдары деп атайды.Физика табиғат туралы ғылым ретінде физикалық құбылыстар мен заттардың қасиеттерін зерттейді. 1. Бақылау – құбылыстардың өту барысына адамдардың килігуінсіз, оның табиғи күйінде зерделенуі. Мысалы, адамның судың булануын бақылауы. 2. Гипотеза – бақылау барысында жинақталған ақпарат негізіндегі болжам. Мысалы, су 100∘С100∘С кезінде қайнайды. 3. Эксперимент – зерттеліп жатқан құбылыстардың жасанды моделін құрастыру. Ол гипотезаның дұрыс не бұрыстығын анықтауға көмектеседі. Мысалы, судың 100∘100∘С кезінде қайнайтынын термометр көмегімен эксперимент жүзінде анықтау.
4. Физикалық заң – зерттеліп жатқан құбылыстарды сипаттайтын шамалардың арасында байланыстың тұрақтылығы. Физикалық заңды математикалық формула көмегімен жазуға болады. 5. Физикалық теория – құбылысты ғылыми зерттеуден өткізгеннен кейін пайда болатын белгілі физикалық заңдар мен формулалар жиынтығы. Мысалы, аспан денелерінің қозғалысын зерттеу кезіндегі ғылыми зерттеудің этаптарын физикалық зерттеу әдістеріне сәйкес орналастыру қажет: • Астрономияның жаңа бөлімінің пайда болуы – физикалық теория; • Белгілі бір жұлдыздар тобы жайында ақпарат жинау – бақылау; • Бірнеше жұлдыздардың қозғалысындағы ұқсастықтың сипатталуы – физикалық заң; • Жұлдыздар қозғалысын компьютерлік программа арқылы жорамалдау – физикалық эксперимент; • Бір жұлдыздың қозғалыс траекториясын жорамалдап айту – гипотеза (болжау).
2- тарау: Механикалық қозғалыс Біз өміріміздің алғашқы сәттерінен бастап-ақ қоршаған ортамызда болып жатқан көптеген өзгерістерге назар саламыз. Сондай өзгерістердің бірі — қозғалыс. Мысалы, жүзіп келе жатқан кемені, көкке көтерілген ғарыш зымыранын немесе аспандағы қалықтаған бұлтты, ұшып бара жатқан ұшақты, жүріп келе жатқан адамдар мен мәшинелерді (сурет 1) көреміз. Бұл жағдайлардың бәрінде де дене қозғалды дейміз. Үлкен денелердің де, кіші денелердің де қозғалысын табиғи құбылыс ретінде физиканың механика деп аталатын арнайы бөлімі зерттейді. Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы Қозғалатын дененің траекториясын «қозғалмайды» деп алынатын әртүрлі санақ денелеріне қатысты қарастырсақ, онда траекторияның түрліше өзгеретінін байқаймыз. Оған былайша көз жеткізуге болады. Мысалы, V жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келе жатқан вагонның жоғарғы сөресінен доп құлап түсті делік (сурет 2.5). Вагондағы адам доптың тік төмен түскенін көреді (сурет 2.5, а). Ал Жерде тұрған бақылаушы доптың қозғалыс траекториясының қисықсызықты екенін байқайды (сурет 2.5, ә). Бірінші жағдайда санақ денесі ретінде алынған вагонмен салыстырғанда доптың траекториясы тік (вертикаль) сызық болса, санақ денесі — Жермен салыстыратын екінші жағдайда парабола қисығы болып табылады.
Траекторияның мұндай өзгерістері аспан денелерінің қозғалыстарынан да байқалады. Мысалы, Айдың Жермен салыстырғандағы траекториясы дөңгелек болып келеді (сурет 2.6, а), ал Күнмен салыстырғанда оның қозғалыс траекториясы Жер орбитасы бойымен созылған серіппеге ұқсайды (сурет 2.6, ә). Міне, мұның бәрі механикалық қозғалыстың салыстырмалылығының нақты көріністері болып табылады. Галилейдің салыстырмалық принципі деп аталып кеткен бұл қорытынды жалпы түрде былайша түйінделеді: бір-біріне қатысты түзусызықты бірқалыпты қозғалатын барлық санақ жүйелерінде кез келген дененің қозғалысы бірдей өтеді. Сөйтіп ол мынадай дұрыс қорытынды жасады: механикалық қозғалысқа байланысты барлық құбылыстар, кеменің тыныштықта
тұрғанына немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалысына қарамастан, барлық жағдайларда бірдей өтеді. 3- тарау: Денелердің өзара әрекеттесуі. Денелердің өзара әрекеттесуі — табиғатта кез келген дене міндетті түрде қандай да бір басқа денемен әрекеттеседі. Оған кез келген екі дененің соқтығысуы да, сондай-ак бір-бірімен серіппе немесе жіп арқылы байланысқан денелердің әрекеттесуі де мысал бола алады. Денелердің қозғалысын бақылау, олардың бір-біріне әрекет етуінің екі жақты сипаты болатынын кәрсетеді. Былайша айтқанда, денелердің бір-біріне әрекет етуі өзара әрекеттесу болып табылады. Әдетте дене бір немесе бірнеше денемен өзара әрекеттесуге қатысады. Мысалы, адам ауыр шкафты орнынан қозғалтпақ болып итерген кезде ол жермен және шкафпен өзара әрекеттеседі. Бұтақта отырған құс ұшып шығарда ол бұтақты кері итереді. Қайықта отырған адам суды ескекпен есе отырып, сумен әрекеттеседі. Соның нәтижесінде қайық ілгері қарай жылжып, су ескектің көмегімен кері серпіледі. Әдетте дене бір немесе бірнеше денемен өзара әрекеттесуге қатысады. Мысалы, адам ауыр шкафты
орнынан қозғалтпақ болып итерген кезде ол жермен және шкафпен өзара әрекеттеседі. Егер дене өзара әрекеттесу кезінде жылдамдығын өзгертпесе, мысалы, тыныштық қалпын сақтаса, онда оның тағы да басқа денемен (немесе бірнеше денемен) өзара әрекеттесуін байқауға болады. Қарастырылатын денеге басқа денелер бірлесіп әрекет етсе де дененің жылдамдығы өзгермеуі мүмкін. Бұл келтірілген мысалдар денелердің бір-біріне ықпалы әрдайым өзара әрекеттік сипат алатынын кәрсетеді. Сондықтан бұл қарастырылған құбылыс әрекет емес өзара әрекеттесу болып табылады. Физикада денелерді, олардың қозғалыстары мен әзара әрекеттесуін сипаттау үшін бірқатар физикалық шамалар енгізілген. Ол шамалармен физиканы одан әрі оку барысында танысатын боласыңдар.[1]
Пайдаланған әдебиеттер Негізгі әдебиет тізімі: 1 Абдуова Б.С., Асанова Ұ.О. Қазақ тілі: Орыс тілді топтарға арналған оқу құралы. – Астана, 2017.-282 б. 2 Айтбаева Б.М. Қазақ тілі (В1 деңгейі) оқулығы. – Қарағанды, 2014. – 205 б. 3 Балабеков А.К., Бозбаева-Хунг А.Т., Досмамбетова Г.Қ., Салыхова Б.О., Хазимова Ә.Ж. Қазақ тілі: ортадан жоғары деңгейге арналған оқулық. Ұлттық тестілеу орталығы. – Астана: 2017. 4 Бозбаева-Хунг А.Т., Балабеков А.К., Досмамбетова Г.Қ., Салыхова., Хазимова Ә.Ж. Қазақ тілі: орта деңгейге арналған оқулық. Ұлттық тестілеу орталығы. – Астана: 2017. 5 Досмамбетова Г.Қ., Балабеков А.К., Бозбаева-Хунг А.Т., Сейсенова А.Д. Қазақ тілі: қарапайым деңгейге арналған оқулық. Ұлттық тестілеу орталығы. – Астана, 2016.