9 сынып. Қазақстан тарихы. 4-тоқсан. Online Mektep - Bilimland.kz
Сабаққа шолу
Сенің білетінің:
КСРО-ның ыдырауына әкеп соққан тарихи процестер;
Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы даму ерекшеліктері;
тарихта маңызды рөл атқарған тарихи тұлғалар;
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаудың тарихи маңыздылығы.
Сенің меңгеретінің:
Қазақстанның тәуелсіздік алуы үшін маңызы бар оқиғаларды анықтау;
тарихи құжаттардың ерекшеліктерін талдау;
тарихи оқиғалардағы тұлғалардың рөлін бағалау.
Сабақтың мазмұны
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы. 1-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы.
1-сабақ.
Сабақтың оқыту мақсаты: 9.3.1.6 Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы
қадамдарын анықтап, қорытындылау; 9.3.1.7 өткен оқиғалармен сабақтастықты орнатып,
Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануының тарихи маңызын түсіндіру; 9.3.1.10 Тәуелсіз
мемлекеттің қалыптасуындағы Елбасы Н. Назарбаевтың рөліне баға беру; 9.3.1.3 Қазақстан
Республикасы Конституциясын мемлекеттің тұрақты дамуның кепілі ретінде бағалау.
https://onlinemektep.org/schedule/12.04.2021/lesson/79091e32-a5a1-4403-a281-
4cf380e119e7/lesson
1988 жылдан бастап Балтық елдеріндегі ұлттық демократиялық қозғалыстар жаңа одақ
шартын жасасу мүмкіндігіне күмән келтіре бастады. Бұл мәселе КСРО Халық
депутаттарының I съезінде көтерілді.
1989 жылы маусымда КСРО Халық депутаттарының бірінші съезі кеңес қоғамындағы
дағдарыстың себептерін талдауға әрекет жасады. Тоталитарлық империяның орнына
нарықтық қатынастарға көшу, меншікті енгізу, демократиялық, азаматтық, құқықтық қоғам
құру мәселелері талқыланды. Бұл кезеңде КСРО елдерінде түбегейлі өзгерістер басталды.
1989 жылдың 22 қыркүйегінде «Қазақ КСР Тіл туралы Заңы» қабылданды.
Республиканың мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі болып
танылды.
1990 жылдың күзінде КСРО республикалары өздерінің егемендігін жариялай бастады.
1990 жылы сәуірде республиканың Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Қазақ КСР
Президенті лауазымы енгізілді. Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып
сайланды. 1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік Егемендігі
туралы Декларация» қабылдады. Құжатта өз аумағына, табиғи ресурстарға және суға
айрықша меншік құқығы көрсетілген. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының
кепілдіктері нақтыланды. Республиканың халықаралық қатынастарда тәуелсіз екені
анықталды. Декларацияның тарихи маңызын республиканың толық тәуелсіздігіне нақты
қадам ретінде көрінеді.
Жоғарғы Кеңес жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң қабылдады. Тұтас парламенттік
аппарат құрылды. Семей ядролық сынақ полигонын жабу халықаралық қатынастардағы
жаңа бағыт болды. Қазақстан Президенті Қазақ КСР Қауіпсіздік Кеңесін құру туралы, Қазақ
КСР алтын және алмас қорын құру туралы, Қазақ КСР сыртқы экономикалық қызметінің
тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы Жарлықтар шығарды. 1990 – 1991 жылдары Қазақстан
Беларуспен, Әзербайжанмен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Ресеймен және Украинамен
экономикалық келісімдер мен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.
Тапсырма-1.
1991 жылы 18 – 21 тамызда КСРО-да жұмыс істеген органды анықта.
Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет
Білгенің жөн!
Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет – КСРО-да өзін-өзі жариялаған орган.
Оның мүшелері М.С. Горбачевтің қайта құру саясатына қарсы болды, сонымен қатар
КСРО-ның конфедеративті мемлекетке айналуына жол бермеуге тырысты. Оқиғалар осы
уақыт аралығында «тамыз төңкерісі» атауын алды.
Түсіндіру
Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет 1991 жылы 18 – 21 тамыз аралығында
жұмыс істеді. ТЖМК өзін «елді басқару және төтенше жағдай режимін тиімді жүзеге
асыру» органы деп жарияланды. Сондай-ақ М.С. Горбачевтің орнына КСРО Президентінің
міндетін атқарушы Г. Янаев болатыны жарияланды. ТЖМК-нің негізгі мақсаты егеменді
мемлекеттер одағы туралы шартқа қол қоюға жол бермеу болды. ТЖМК әрекеттері
Конституцияға қарсы деп саналды.
Тапсырма-2.
Сөйлемді толықтыр.
ТЖМК әрекеттеріне қарсы қарсылық тобын Б.Н. Ельцин құрды.
Білгенің жөн!
Б.Н. Ельцин 1991 жылы Ресей Федерациясының (РКФСР) Бірінші Президенті болып
сайланды.
Түсіндіру
ТЖМК әрекеттері қоғамда наразылық пен қарсылық тудырды. Мәскеуге, Ақ үйге түрлі
топтар жиналды. Олардың арасында студенттер, зиялы қауым, Ауған соғысына
қатысушылар және басқалар болды. Олар аразылық митингілерін ұйымдастырды. ТЖМК-
нің басты қарсыласы Б.Н. Ельцин болды. Мемлекеттік төңкеріс әрекеті сәтсіз аяқталды.
Тапсырма-3.
1991 жылы 21 желтоқсанда ТМД-ның құрылуы жөнінде 11 мемлекеттің басшысы
қол қойған декларацияны көрсет.
A. Ашхабад келісімі
B. Егемендік туралы декларация
C. Тәуелсіздік туралы декларация
D. Бірлескен өзара іс-қимыл туралы келісімдер
E. Алматы декларациясы
Білгенің жөн!
1991 жылы 21 желтоқсанда Беларусь, Украина, Ресей, Әзербайжан, Армения, Қазақстан,
Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда
кездесулер өткізді. Оның нәтижесінде ТМД құрылды.
Түсіндіру
Алматы декларациясы – КСРО-ның өмір сүруін тоқтатқан, сондай-ақ ТМД-ның
мақсаттары мен принциптерін жариялаған декларация.
Құжатқа 1991 жылы 21 желтоқсанда 11 мемлекеттің басшысы қол қойды.
Тапсырма-4.
Тарихи оқиғаларды болған уақытымен сәйкестендір.
Байланыстар саны: 3
1991 жылы 1 желтоқсан Қазақ КСР Қазақстан Республикасы деп
аталды
1991 жылы 10 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі
туралы Конституциялық заң қабылданды
1991 жылы 16 желтоқсан Алғашқы жалпыхалықтық сайлау өтті
Білгенің жөн!
1990 жылдың күзінде КСРО республикалары өздерінің егемендігін жариялай
бастады. 1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік Егемендігі
туралы Декларация» қабылдады. Декларацияның қабылдануы республиканың толық
тәуелсіздігіне нақты қадам болды.
Түсіндіру
1991 жылы 1 желтоқсанда республикада алғашқы бүкілхалықтық сайлау болып өтті,
нәтижесінде еліміздің Тұңғыш Президенті болып Н. Назарбаев сайланды.
1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР Қазақстан Республикасы деп аталды.
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»
Конституциялық заң қабылданды.
Тапсырма-5.
Оқиғаларды тарихи тұлғаларға қарай жікте.
М.С. Горбачев Н.Ә. Назарбаев
1991 жылы 25 желтоқсанда Президент Қазақстан Республикасының Тұңғыш
өкілеттігін тоқтатты Президенті
КСРО Тұңғыш Президенті 1991 жылы 1 желтоқсандағы сайлауда
Президент болып сайланды
Білгенің жөн!
1991 жылы 8 желтоқсанда Ресей, Украина, Беларусь басшылары КСРО құру
туралы 1922 жылғы шартты жойып, сол арқылы КСРО-ның одан әрі өмір сүруін тоқтатты.
Түсіндіру
М. Горбачев – КСРО-ның Тұңғыш және жалғыз Президенті (1990 – 1991 жж.). 11 ел қол
қойғаннан кейін Беловеж келісіміне КСРО Президенті өкілеттігін тоқтатты.
1991 жылы 1 желтоқсанда республикада алғашқы бүкілхалықтық сайлау өтті. Нәтижесінде
еліміздің Тұңғыш Президенті болып Н. Назарбаев сайланды.
Тапсырма-6.
Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екенін анықта.
1. Қазақ КСР-і 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.
Ақиқат
2. Қазақстан Республикасының Президенті 1992 жылы 1 қаңтарда сайланды. Жалған
3. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланды. Ақиқат
Білгенің жөн!
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық
Заң 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданды. Заң 7 тараудан және 18 баптан тұрады. Ол –
ҚР Тәуелсізідігін бүкіл әлемге жария еткен бірден-бір маңызды тарихи құжат.
Оның 1-бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, демократиялық
және құқықтық мемлекет. Ол өз аумағында толық билікке ие, ішкі және сыртқы саясатты
дербес анықтайды және жүргізеді».
Түсіндіру
1991 жылы 1 желтоқсанда республикада алғашқы бүкілхалықтық сайлау болып өтті.
Нәтижесінде еліміздің Тұңғыш Президенті болып Н. Назарбаев сайланды.
1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-сы Қазақстан Республикасы деп аталды.
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы» Конституциялық заңы қабылданды.
Тапсырма-7.
Ақпаратты хронологиялық ретпен орналастыр.
1. Қазақ КСР-інің «Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларацияны» қабылдауы
2. КСРО-да төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитетті құру
3. Қазақстан Президентінің бүкілхалықтық сайлауы
4. Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп қайта атау
Білгенің жөн!
Тәуелсіздік алғаннан кейін күшті президенттік республика құру бағыты алынды.
Президенттік институттың құрылуы, оның елдің қоғамдық-саяси жүйесінде алатын орны
мен рөлінің нормативтік-құқықтық тұрғыда реттелуі заңнамалық негізде қамтамасыз етілді.
Түсіндіру
1. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің «Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация»
қабылданды.
2. 1991 жылы 18 – 21 тамыз аралығында КСРО-да төтенше жағдай жөніндегі
мемлекеттік комитеті құрылды.
3. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Президентінің бүкілхалықтық сайлауы өтті.
4. 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-і Қазақстан Республикасы болып қайта
аталды.
Тапсырма-8.
Заңда қандай ерекшеліктер жазылған?
1989 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақ КСР-інің «Тіл туралы» Заңы қабылданды.
Дұрыс жауап саны: 2
A. Заң шет тілдерін қолдануға тыйым салды
B. Орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі ретінде танылды
C. Әр халық тек өз тілінде сөйлеседі
D. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды
E. Қазақ тілінен басқа тілдерді қолдануға тыйым салынды
Білгенің жөн!
«Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырамас белгісі. Ұлттың болашағы тілдің
дамуымен, қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты».
1989 жылғы 22 қыркүйектегі
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының «Тіл туралы» Заңынан
Түсіндіру
1989 жылдың 22 қыркүйегінде «Қазақ КСР Тіл туралы» Заңы қабылданды. Республиканың
мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі болып танылды.
Тапсырма-9.
Сөйлемдерді толықтыр.
1990 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Президентінің бүкілхалықтық сайлауы өтті.
Н. Назарбаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып сайланды. 1991 жылы
10 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев халық сайлаған елдің Тұңғыш Президенті ретінде
ант берді.
Білгенің жөн!
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – қазақстандық саясаткер, мемлекет қайраткері. Оның
көшбасшылық қасиеттері Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы, Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеген жылдары айқын көрінді.
Түсіндіру
1990 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Президентінің бүкілхалықтық сайлауы өтті.
Н. Назарбаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып
сайланды. 1991 жылы 10 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев халық сайлаған елдің Тұңғыш
Президенті ретінде ант берді.