The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

XVIII – ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы зерттеулер.1-сабақ.

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by auesbaevamajra, 2021-04-11 02:35:04

11 сынып. Қазақстан тарихы. 4-тоқсан.

XVIII – ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы зерттеулер.1-сабақ.

11 сынып. Қазақстан тарихы. Жаратылыстану-математикалық бағыт. 4-тоқсан.
Сабаққа шолу
Сенің білетінің:
XVIII – ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары.
Сенің меңгеретінің:
зерттеушілердің еңбектерін зерделеу негізінде Қазақстандағы ғылымды дамытуға қосқан
үлесін бағалау.
Сабақтың мазмұны
XVIII – ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы зерттеулер. 1-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: XVIII – ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы зерттеулер.
1-сабақ.

Сабақтың мақсаты: 11.4.2.1 XVIII-ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы ғылыми
зерттеулердің негізгі бағыттарын түсіндіру;

Қазақстан Ресей империясының құрамына қосылғаннан бастап өлкеде ғылыми зерттеу
үдерісі басталды. Зерттеу жұмыстарымен ғылыми мекемелерден басқа, жеке адамдар да
айналысты. Ресейлік көптеген зерттеуші қазақ фольклоры, генеалогиялық (шежірелік) және
этнографиялық материалдар негізінде іргелі еңбектер жазды.

Ресей ғалымдары өз зерттеулерінде өлкені отарлау мүддесін басшылыққа алды. Қырғыз-
қайсақ экспедициясын құрған И.К. Кириллов «Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары
туралы» атты еңбек жазды.

1768 – 1774 жылдары Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедициялардың бірін
академик, табиғат зерттеушісі П.С. Паллас басқарды. Экспедиция бағыты Солтүстік-Батыс,
Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстан жерлері арқылы өтті.

Зерттеуші И.Г. Георги Қазақстан аумағына дербес экспедиция
ұйымдастырды. 1796 жылы ол «Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтың тұрмыс-
салты, тұрғын жайлары, киімдері және басқа да есте қаларлық дүниелерінің суреттемесі»
атты еңбегін жариялады.

Кіші жүз аумағының табиғи байлығын зерттеуде Ресей Ғылым академиясының
корреспондент-мүшесі П.И. Рычков құнды еңбектер жариялады. Өзінің іргелі еңбектерінің
арқасында «Орынбор өлкесінің Колумбы» деген даңққа бөленді. Ол кезде Орынбор
өлкесіне Кіші жүз жерлері де қарайтын. П.И. Рычков «Орынбор тарихы» және «Орынбор
губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы» атты құнды еңбектерін жазды.

ХVІІІ ғасырдың аяқ кезінде орыс офицері И.Г. Андреевтің «Орта жүз қырғыз-
қайсақтарының сипаттамасы» еңбегі жарық көрді. Ресейлік зерттеушілер Г.Ф. Миллер,
В.И. Татищев және басқалар қазақ халқы туралы іргелі еңбектер жазды. Мәселен,
Г.Ф. Миллердің «Сібір тарихында» құнды деректер кездеседі.

Қазақстанды зерттеушілердің басым көпшілігі Орынбор, Омбы, Ташкент қалаларында
шоғырланды. 1830 жылы «Отечественные записки» журналында орыс офицері
Б.С. Броневскийдің «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» атты жұмысы
жарияланды. Онда Солтүстік-Шығыс Қазақстан қазақтарының тарихынан, өмірі мен
тұрмыс-тіршілігінен құнды деректер келтірілген.

Белгілі тарихшы А.И. Левшин «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен
далаларының сипаттамасы» атты үш бөлімнен тұратын зерттеу еңбегін жазды. Автор
зерттеулерінде қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясы, географиясы туралы аса маңызды
мәліметтер келтіреді. Торғай облысының мал дәрігері А.И. Добросмыслов қыруар мол
дереккөздері негізінде «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты үш томдық іргелі еңбек жазып
қалдырды.

Ресей шығыстанушысы, этнограф В. Радлов қазақ өлкесі тұрғындарының мәдениеті, тілі,
тарихына байланысты түбегейлі зерттеулер жүргізді. Оның «Сібір қазақтарының
этнографиясы туралы» іргелі еңбегі түркология ғылымының дамуына зор ықпал етті.

Қазақ өлкесі туралы құнды деректер қалдырған көрнекті зерттеушілердің бірі – географ
П.П. Семенов-Тян-Шанский. Ол Алтай, Жетісу, Орта Азия жерлеріне экспедиция
ұйымдастырып, «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан өлкесі» деген іргелі еңбектер жазды.

ХІХ ғасырдың 70 – 90-жылдары Г.Н. Потанин Сібір өлкесі, Қазақстан, Орталық
Азиядағы толық зерттелмеген аймақтарына саяхат жасап, олардың тарихы, этнографиясы,
географиясы, ботаникасы мен экономикасына байланысты құнды деректер жинады.
Г.Н. Потанин 1862 жылы алғаш рет Жайық даласына ғылыми экспедицияға аттанады.
Келесі жылы Зайсандағы экспедицияға қатысып, Көкпектіде, Марқакөлде өлкенің
тұрмысын, шаруашылығын және географиясын зерттеп қана қойған жоқ, сонымен қатар
кептірілген өсімдіктер топтамасын жинады. Г.Н. Потанин «Қазақ-қырғыз және Алтай
аңыздары мен ертегілері», «Қазақ ханзадасының киіз үйінде», «Шоқан Уәлиханов туралы
биографиялық мәліметтер» атты еңбектерінде Қазақстан мен қазақ халқы туралы көптеген
мәлімет жазылған. Ол жан-тәнімен қазақ даласын және оның халқын жақсы көрді.

Қазақ тарихы мен этнографиясын зерттеуші ғалымдардың бірі Әбубәкір Диваев болды.
Орынбор кадет корпусында оқып жүріп, қазақ халқының тарихы мен этнографиясына
қызығушылық танытады. Әуесқой археологтардың Түркістан үйірмесінің, сондай-ақ Орыс
географиялық қоғамының мүшесі болды. 1917 жылға дейін Ә. Диваев 100-ден астам
тарихи-этнографиялық еңбек жариялады. Ғалым Қазақстан тарихын жазу кезінде
фольклорлық материалды пайдаланудың маңызды екенін атап көрсетті. Ә. Диваев орыс
ғалымдарымен қосылып, қазақтың 4000-ға жуық мақал-мәтелін жинады.

Тапсырма-1.
Қазақ халқы туралы Ресейлік зерттеушілердің зерттеген бағытын анықта.
фольклоры, генеалогиясы (шежірелік) және этнографиясы

Білгенің жөн!
Қазақстанды ХVІІІ ғасырда кешенді зерттеудің алғашқы әрекеттері М.В. Ломоносовтың
есімімен байланысты. Ол өлке аумағын зерттейтін ғылыми экспедициялар
ұйымдастырудың және географиялық карта жасаудың бастамашысы болды.

Түсіндіру
Қазақстан Ресей империясының құрамына қосылғаннан бастап өлкеде ғылыми зерттеу
үдерісі басталды. Зерттеу жұмыстарымен ғылыми мекемелерден басқа, жеке адамдар да
айналысты. Ресейлік зерттеушілер қазақ фольклоры, генеалогиялық (шежірелік) және
этнографиялық материалдар негізінде іргелі еңбектер жазды.

Тапсырма-2.
Сөйлемді толықтыр.
1768 – 1774 жылдары Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедициялардың бірін академик,
табиғат зерттеушісі П.С. Паллас басқарды.

Білгенің жөн!
П.С. Паллас «Ресей империясының әртүрлі провинциялары бойынша жасалған саяхат»
атты үш бөлімнен тұратын еңбегі Қазақстанға жасаған экспедициялардан кейін жарық көрді
(СПб., 1773). Еңбекте қазақ халқының тарихы мен этнографиясы жөнінде құнды
материалдар бар. П.С. Паллас қазақтардың тұрмысы мен шаруашылығы туралы: «Олар
негізінен ауқатты тұрады. Малдары да көп, сондықтан тұрмыстары да жақсы…
Қазақтардың байлығы, негізінен, олардың малы», – деп жазады.

Түсіндіру
1768 – 1774 жылдары Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедициялардың бірін академик,
табиғат зерттеушісі П.С. Паллас басқарды. Экспедиция бағыты Солтүстік-Батыс, Солтүстік
және Солтүстік-Шығыс Қазақстан жерлері арқылы өтті.

Тапсырма-3.
Кіші жүз аумағының табиғи байлықтарын зерттеген П.И. Рычковтың қызметін
көрсет.

A. Ресей Ғылым академиясының Қырғыздар (қазақтар) жөніндегі комитет басшысы
B. Ресей Ғылым академиясының басшысы

C. Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі
D. Орыс Географиялық қоғамының корреспондент-мүшесі
E. Ресей Ғылым академиясының ғылыми-мүшесі

Білгенің жөн!
П.И. Рычковтың еңбектерінде қазақтардың Еділ-Жайық өңіріне Хақназар ханның билігі
тұсында келгені жөнінде, Кіші жүз қазақтарының Ресейдің құрамына өтуінің барысы
туралы баяндайтын деректер бар. Автор Орынбор қаласының, Жайық пен Орынбор
шекаралық шептерінің салынуын, Ресейдің Орта Азия және қазақ даласымен сауда-саттық
байланыстарының қалай орнағанын бастан-аяқ баяндайды. Ол Орынбордан Бұхараға бара
жатқан көпестерге жергілікті халықтардың тарихы жөнінде, тіпті араб тілінде жазылған
болса да, әдебиеттер ала келуге тапсырыс беретін.

Түсіндіру
Кіші жүз аумағының табиғи байлықтарын зерттеуде Ресей Ғылым академиясының
корреспондент-мүшесі П.И. Рычков құнды еңбектер жариялады. Өзінің іргелі еңбектерінің
арқасында «Орынбор өлкесінің Колумбы» деген даңққа бөленді. Ол кезде Орынбор
өлкесіне Кіші жүз жерлері де қарайтын. П.И. Рычков «Орынбор тарихы» және «Орынбор
губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы» атты құнды еңбектерін жазды.

Тапсырма-4.
Зерттеуші-ғалымдарды еңбектерімен сәйкестендір.
Байланыстар саны: 3

И.К. Кириллов «Ресей империясының әртүрлі провинциясы
бойынша жасалған саяхат»

П.С. Паллас «Ресей мемлекетін мекендейтін барлық
халықтардың тұрмыс салттары, тұрғын
жайлары, киімдері және басқа да есте
қаларлық дүниелерінің суреттемесі»

И.Г. Георги «Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары
туралы»

Білгенің жөн!
Ресейлік зерттеушілер Г.Ф. Миллер, В.И. Татищев және басқалар қазақ халқы туралы іргелі
еңбектер жазды. Мәселен, Г.Ф. Миллердің «Сібір тарихында» құнды деректер кездеседі

Түсіндіру
И.К. Кирилловтың еңбегі – «Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы».
П.С. Палластың еңбегі – «Ресей империясының әртүрлі провинциялары бойынша жасалған
саяхат».
Зерттеуші И.Г. Георги «Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтың тұрмыс-салты,
тұрғын жайлары, киімдері және басқа да есте қаларлық дүниелерінің суреттемесі» атты
еңбегін жариялады.

Тапсырма-5.
Қазақ жерін ХVIII – XIX ғасырлардағы зерттеушілеріне байланысты жікте.

ХVIII ғасыр XIX ғасыр

Қырғыз-қайсақ экспедициясын құрған И.К. Белгілі тарихшы А.И. Левшин
Кириллов

Табиғат зерттеушісі П.С. Паллас Ресей шығыстанушысы, этнограф В.
Радлов

Білгенің жөн!
ХІХ – ХХ ғасырлардың бас кезінде Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысы қарқын
алды. Қазақстанды зерттеумен алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауымының өкілдері,
шығыстанушылар (ориенталистер), саяси жер аударылып келгендер, сондай-ақ қазақ
қоғамының білімді тұлғалары айналысты. Бұл салада шетелдіктер – ағылшындар, немістер,
француздар да елеулі із қалдырды.

Түсіндіру
ХVIII ғасыр зерттеушілері: Қырғыз-қайсақ экспедициясын құрған И.К. Кириллов,
Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедициялардың бірін басқарған академик, табиғат
зерттеушісі П.С. Паллас.
XIX ғасыр зерттеушісі, белгілі тарихшы А.И. Левшин қазақ өлкесінің тарихы мен
этнографиясы, географиясы туралы аса маңызды мәліметтер келтіреді. Ресей
шығыстанушысы, этнограф В. Радлов қазақ өлкесі тұрғындарының мәдениеті, тілі,
тарихына байланысты түбегейлі зерттеулер жүргізді.

Тапсырма-6.
Тұжырымның ақиқат немесе жалған екенін анықта.
1. Қазақстанды зерттеушілердің басым көпшілігі Орынбор, Омбы, Ташкент қалаларында
шоғырланды. ақиқат
2. Қазақ өлкесі туралы құнды деректер қалдырған көрнекті зерттеушілердің бірі –
тарихшы П.П. Семенов-Тян-Шанский. жалған
3. Потанин Сібір өлкесі, Қазақстан, Орталық Азиядағы толық зерттелмеген аймақтарына
саяхат жасады. ақиқат

Білгенің жөн!
Орыс зерттеушісі Г.Н. Потанин зерттеулерінде қазақтардың мәдениеті мен тұрмысы, қазақ-
орыс қатынастары, Ертіс өңіріндегі қазақ тұрғындары жан-жақты суреттеледі. 1862 жылы
ол алғаш рет Жайық даласына ғылыми экспедицияға аттанады. Келесі жылы Зайсандағы
экспедицияға қатысып, Көкпектіде, Марқакөлде өлкенің тұрмысын, шаруашылығын және
географиясын зерттеп қана қойған жоқ, сонымен қатар кептірілген өсімдіктер топтамасын
жинады.

Түсіндіру
Қазақстанды зерттеушілердің басым көпшілігі Орынбор, Омбы, Ташкент қалаларында
шоғырланды.
Қазақ өлкесі туралы құнды деректер қалдырған көрнекті зерттеушілердің бірі – географ
П.П. Семенов-Тян-Шанский.
Потанин Сібір өлкесі, Қазақстан, Орталық Азиядағы толық зерттелмеген аймақтарына
саяхат жасап, олардың тарихы, этнографиясы, географиясы, ботаникасы мен
экономикасына байланысты құнды деректер жинады.

Тапсырма-7.
Ақпаратты хронологиялық ретпен орналастыр.

1. Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедициялардың бірін академик, табиғат
зерттеушісі П.С. Паллас басқарды.

2. Зерттеуші И.Г. Георги Қазақстан аумағына дербес экспедиция ұйымдастырды.
3. Г.Н. Потанин алғаш рет Жайық даласына ғылыми экспедицияға аттанады.

Білгенің жөн!
Г.Н. Потанин біраз жыл бойы Омбы генерал-губернаторлығында татар және қазақ тілінен
тілмаш болып қызмет атқарды. Одан кейін Томскіде статистикалық комитетте хатшы
болып жұмыс істеді. Ол бұл жерде Орыс географиялық қоғамының Шығыс бөлімін
басқарды. Егде жасқа келгенде «Сібір өлкесін және тұрмысын оңалту» қоғамын құрды.

Түсіндіру
1. 1768 – 1774 жылдары Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедициялардың бірін

академик, табиғат зерттеушісі П.С. Паллас басқарды. Экспедиция бағыты Солтүстік-
Батыс, Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстан жерлері арқылы өтті.
2. Зерттеуші И.Г. Георги Қазақстан аумағына дербес экспедиция
ұйымдастырды. 1796 жылы ол «Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтың
тұрмыс-салты, тұрғын жайлары, киімдері және басқа да есте қаларлық дүниелерінің
суреттемесі» атты еңбегін жариялады.
3. 1862 жылы Г.Н. Потанин алғаш рет Жайық даласына ғылыми экспедицияға
аттанады. Келесі жылы Зайсандағы экспедицияға қатысып, Көкпектіде, Марқакөлде
өлкенің тұрмысын, шаруашылығын және географиясын зерттеп қана қойған жоқ,
сонымен қатар кептірілген өсімдіктер топтамасын жинады.

Тапсырма-8.
Қазақ өлкесі туралы құнды дерек қалдырған көрнекті зерттеушілердің бірі, географ
П.П. Семенов-Тян-Шанскийдің еңбектерін көрсет.
Дұрыс жауап саны: 2

A. «Қырғыз өлкесі»
B. «Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы»
C. «Сібір тарихында»
D. «Орта жүз қырғыз-қайсақтарының сипаттамасы»
E. «Түркістан өлкесі»

Білгенің жөн!
П.П. Семенов-Тян-Шанский – Ресей географы, статист, қоғам және мемлекет қайраткері,
Санкт-Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі (1873). Орыс География
қоғамының вице-төрағасы (1873 – 1914 жж.).

Түсіндіру
Қазақ өлкесі туралы құнды дерек қалдырған көрнекті зерттеушілердің бірі – географ П.П.
Семенов-Тян-Шанский. Ол Алтай, Жетісу, Орта Азия жерлеріне экспедиция
ұйымдастырып, «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан өлкесі» деген іргелі еңбектер жазды.

Тапсырма-9.
Мәтінді толықтыр.
Г.Н. Потанин алғашқылардың бірі болып қоныс аударушы орыстар мен жергілікті
қазақтар арасындағы өзара түсіністік жайлы айтқан. «Сібір әскерлері туралы
жазбаларында» орыс казактардың арасында қазақ тілі ауызекі сөйлеу құралы ретінде кең
таралғанын жеткізеді. Сонымен қатар орыс казактары қазақ дәстүрінің көбісін үйренгенін
баяндайды. Олардың әсіресе Коряков және Жәмішев станицалары өңірінде өзара тығыз
қарым-қатынас жасайтынына тоқталған.

Білгенің жөн!
Григорий Николаевич Потанин – Орта Азияның табиғатын, этнографиясын зерттеген
саяхатшы, географ, этнограф, фольклоршы.

Түсіндіру
Г.Н. Потанин алғашқылардың бірі болып қоныс аударушы орыстар мен жергілікті қазақтар
арасындағы өзара түсіністік жайлы айтқан. «Сібір әскерлері туралы жазбаларында» орыс
казактардың арасында қазақ тілі ауызекі сөйлеу құралы ретінде кең таралғанын жеткізеді.
Сонымен қатар орыс казактары қазақ дәстүрінің көбісін үйренгенін баяндайды. Олардың
әсіресе Коряков және Жәмішев станицалары өңірінде өзара тығыз қарым-қатынас
жасайтынына тоқталған.


Click to View FlipBook Version