The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Қазақстан тарихы 6-сынып 1.1(тас дәуірі)

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by auesbaevamajra, 2021-11-25 03:39:25

Қазақстан тарихы 6-сынып 1.1(тас дәуірі)

Қазақстан тарихы 6-сынып 1.1(тас дәуірі)

Keywords: ҰБТ-ға дайындық

ТАС ДӘУІРІ. АДАМДАР

ПАЛЕОЛИТ МЕЗОЛИТ НЕОЛИТ ЭНЕОЛИТ
(б.з.б 2,6 млн- 12 мыңж) (б.з.б 12-5 мыңж) (б.з.б 5-3 мыңж) (б.з.б 3000-1800)

ЕРТЕ ПАЛЕОЛИТ ОЛДУВЭЙ (б.з.б 2,6 млн-800 мыңж)
(б.з.б 2,6 млн- 40 мыңж)
• Танзания, Шығыс Африкадан адамдар шықты
КЕЙІНГІ ПАЛЕОЛИТ • Тас өңдеудің дөрекі кезеңі болды
(б.з.б 40 мыңж - 12 мыңж)
АШЕЛЬ (б.з.б 800-140 мыңж)

•Тас өңдеу деңгейі өсті
•Қазақстанда тұрақтар көбейді

МУСТЬЕ (б.з.б 140-40 мыңж)

•От жағуды үйренді
•Қазақстанның орталығы мен шығысы игерілді

ЕЖЕЛГІ АДАМДАР

Америкалық этнолог Л.Морган адамзат баласының тарихын жабайылық, тағылық,
өркениеттік деген үш кезеңге бөлді.

Адам баласы жер бетінде 3 млн жыл бұрын пайда болды. Солтүстік-Шығыс Африка,
Алдыңғы және Орта Азия территориясында қалыптасты. Қазақстан жерін ерте палеолит кезеңінде 1
млн жыл бұрын адамдар мекендей бастады.

➢ ГОМИНИДТЕР- 2,5 млн жыл бұрын өмір сүрген адамға ұқсас маймылдардың ең жоғарғы дамыған
түрі.

➢ HOMO HABILIS (ЕПТІ АДАМ) - Шығыс Африкадағы Танзания жеріндегі Олдувэй шатқалынан
табылған. 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген адам.

➢ HOMO ERECTUS(ТІК ЖҮРЕТІН АДАМДАР) - Питекантроп пен синантроп адамдары жатады.

❖ ПИТЕКАНТРОП - Оңтүстік-Шығыс Азия аймағы Ява аралынан 1891 жылы табылған. 1 млн жыл
бұрын өмір сүрген адам.

❖ СИНАНТРОП(ҚЫТАЙ АДАМЫ) - Солтүстік Қытайдан табылған. 500-200 мыңжылдықтар
аралығында өмір сүрген.

➢ НЕАНДЕРТАЛЬ АДАМЫ - Германия жерінен қаңқасы табылған.
200-35 мыңжылдықтар аралығында өмір сүрген. Бала сүйегі Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен 1938
жылы табылған. Адамзаттың дамуының сатылық тізімінен алынып тасталған.

➢ HOMO SAPIENS(САНАЛЫ АДАМ) – Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылған. Б.з.б 40-30
мыңжылдықтар аралығында өмір сүрген. Бет бейнесі мен санасы кейінгі палеолитте қалыптасты.
Анық сөйлеу мен тік жүруді біліп, өлгендерін заттарымен бірге көмген. Саналы адам қалыптасуымен
рулық қауым қалыптасты.

ЕЖЕЛГІ АДАМДАР МӘНІСІ
ДІНИ НАНЫМЫ
Анимизм Жан мен рухтың барына сену. Қан мен жанның байланысын білген.
Өлген адамның үстіне қызыл минерал бояу сепкен
Тотемизм Шығу тегін жануармен байланыстыру
Фетишизм Байырғы адамдардың ерекше бір затты қасиетті деп тануы
Зоопатрия Аң-құстарға табыну
Шаманизм Тылсым күш арқылы бір нәрсеге сиқырлы әсер ету әрекеті
(Магиялық әрекет)
Құдайға сыйыну Алғашқы адамдардың табиғатқа тәуелділігінен туған

ТАРИХТЫ ЗЕРТТЕУ

Археологиялық кешен Оразақ Смағұлов

Археология – заттай деректерге сүйене отырып, тарихтың ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым.
«Археология» сөзін алғаш қолданған Платон.
Антропология – адамның шығу тегін даму эволюциялық, адамның нәсілдерінің пайда болуы мен
сыртқы биологиялық қасиеттерін зерттейтін ғылым.
Тарихи антропология – бір аймақтағы халықтардың түр-түсіндегі өзгерістерді зерттейді.
Антропология салалары: Расогенез, адам морфологиясы, антропогенез
Этногенез – әртүрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың
қалыптасуы
Расогенез – нәсілдерді зерттейтін ғылым саласы
Антропогенез- адам баласының шығу тегін зерттейтін ғылым саласы

Петроглиф – тас, жартас бетіне қашау арқылы сызып, ойып салынған суреттің ғылыми атауы.
Пиктография – ежелгі адамдардың өз білімін хат арқылы хабарлауы.
Әйелдер бейнесі – археологтардың зерттеуінде сүйек пен мүйізден жасалған мүсіндерде көп
кездеседі.
Қазақстандағы діни түсініктердің болғандығын неандерталь адамдардың жерлеу ғұрыптары
дәлелдейді.

ТАС ДӘУІРІ
ПАЛЕОЛИТ КЕЗЕҢІ
(б.з.б 2,6 млн-12 мыңжылдық аралығы)

• Адамның бет-бейнесі, түр-тұлғасы, ой-санасы қалыптасты
• Адамзат Африкада пайда болып, жер бетіне тарай бастады
• Тас құралдар жасалып, жетіле бастады
• 1958 жылы Х.Алпысбаев Қазақстандағы палеолит кезеңін зерттеуді бастады (Бөріқазған)
• Палеолиттің бас кезінде адамдар еңкіш тартып, бүгіліңкіреп жүрсе, дәуірдің соңына қарай тік жүрді
• Гоминидтер пайда болды (жеміс алуды, заттарды ұстау, соғу, жер қазуға епті болды)
• Тас кескіш, қырғыш, тескіштер ерте палеолитке (1 млн жыл бұрынғы) жататын құралдар
• Қазақстан аумағындағы адамдар 1 млн жыл бұрын пайда болған.
• Тобыр ең алғашқы қауым( 20-30 ересек адамнан тұрады)
• Қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар, шапқы- ең алғашқы еңбек құралдар
• Олдувайдан чоппер мен чоппинг табылған (бір жағы қырылған еңбек құралдары)
• Ашель заманына жататын еңбек құралдар: қол шапқы (35 см ге дейін) мен жарғыш
• Қол қашау- ұзындығы 20 см, салмағы 1 кг дейінгі шомбал құрал.( Мустье)
• Мустьеде еңбек өнімділігі артып, алғашқы қауымдық құрылыс белгілері пайда болды
• Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарын адам баласы мустье кезеңінде игере бастады
• Мұз басу дәуірі болды (б.з.б 100-13 мыңжылдықтар аралығында)
• Европа мен Азияның солтүстігінде мұздықтар пайда болды. (2 км қалыңдығы)
• Жылы киімді аңдар терісінен тіге бастады. Жіпті жануар сіңірлерінен, инені үшкір сүйектерден

жасады
• Мустье кезеңінде от жағуды үйренді
• Дротик, гарпун, болосты ойлап тапты
• Қыстырма әдіс- қарағай шайыры мен тау балауызымен еңбек құралдарына тастарды жабыстыру

әдісі
• Ретушь әдісі- араның жүзіндей ұсақ ойықтар жасау арқылы тасты өткірлеу
• Нуклеустік әдіс- дөңгелек өзектасты шетінен ортасына қарай жону әдісі
• Кейінгі палеолитте аналық ру қалыптасты
• Экзогамия- ру арасында үйленуге тыйым салу
• Ру ішіндегі мәселелер жалпы жиналыста шешілді
• Ақсақалдар(көсемдер) елді басқарды
• Палеолиттің соңында рулық қауым толық қалыптасты
• Мамонт пен бизондарды аулады. Терімшілікпен айналысты
• Шұңқыр, сызық, тарақ таңбасы сияқты өрнектермен тас дәуірінде ыдыстарды әрлеген
• Қарағандыдан табылған тас дәуірінде жататын қыш ыдыстарды геометриялық өрнектер болған

ТАС ДӘУІРІ
МЕЗОЛИТ КЕЗЕҢІ
(б.з.б 12-5 мыңжылдықтар)
• Микролиттер пайда болды. Ұзындығы 1-2 см ұсақ тас құралдар
• Сүйек пен мүйізден садақ жебелері, балық ұстайтын шанышқылар, қармақ ұштары,біз, ине жасалды
• Садақ пен жебе пайда болды
• Бумеранг пайда болды
• Аңшылық негізгі кәсіптің біріне айналды
• Мұздықтар еріп, қазіргі күнге келетін табиғи климаттық жағдай қалыптасты
• Орманды алқаптар көбейді
• Бұғы, бұлан, қоңыр аю, қасқыр, қабандар мен тышқандар көбейді
• Далалық аймақтарда бөкен, жылқы, құлан, сиыр тұқымдары тарады
• Ірі жануарлар жойылды
• Қайық, сал мен ескек түрлері ойлап табылды
• Күннің жылынуы терімшіліктен егіншіліктің қалыптасуына негіз болды. Дәнді-дақыл өсірілді
• Жылы баспаналар салуды қажет етпеді
• Қазақстанда 20-жуық тұрақ бар. Адамдар жиі қоныс аударуынан қоныстар аз болды
• Ең алғашқы Қазақстандық мезолиттік тұрақты 1948 ж. А.Формозов ашты
• XX ғ. 70-80 жж. В.Зайберт, В.Логвин, А.Гиндиндер зерттеді
• Туысым, жақыным деген ұғымдар пайда болды
• Рулық қауым күшейді
• Еңбек бөлінісі қалыптасты (Ерлер аңшылық, әйелдер терімшілік)
• Қауым: Қариялар, ерексектер, балалар
• Бағыштау(Инициация) - балалардың ересек топқа өтуі
• Ертіс, Жайық, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің аңғарларында аңшылар көп болды
• Қой, сиыр, ешкі, шошқа қолға үйретілді
• Алғаш қолға үйретілген жануар- ит
• Мал шаруашылығы пайда болды
• Егіншілік қалыптаса бастады
• Еуразияның қиыр шығысы мен Америка игеріле бастады
• Қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр болатын мезолиттік баспана Есіл өзені
бойынан табылды

ТАС ДӘУІРІ
НЕОЛИТ КЕЗЕҢІ
(б.з.б 5-3 мыңжылдықтар)
• Мата тоқып, киім тігуді үйренді
• Тас өңдеу техникасының гүлденген кезі болды
• Тегістеу, бұрғылау, арамен кесу әдістері пайда болды
• Тас балталар, тас кетпендер, дәнүккіштер,келілер, келсаптар жасала бастады
• Өндірушілік шаруашылық пайда болды
• Қыш құмыра жасау қарқынды дамыды
• Егіншілік пен мал шаруашылығы қалыптасты
• Таяқ қазғышпен жерді қопсытты
• Қайла мен тас тесені ойлап тапты
• Тас орақтар жасалды
• Малдың жаңа тұқымын шығарды
• Өрмешілік, ыдыс жасау, тері өңдеу секілді кәсіптер пайда болды
• Қоғамдық (адамдар арасындағы) еңбек бөлінісі пайда болды
• Шыбықтан шарбақ тоқуды үйренді (мал ұстау үшін)
• Тобыл өңірінен ұршықтың басы табылған
• Себет ыдыстар жасауды үйренді
• Тас пен граниттен балта, дәнүккіш жасалды
• Балқаштың оңт-шығысынан кварцит пен яшма көп табылған
• Яшма металл бетін тегістеуге неолитте пайдаланды
• Тұрақтары өзендік, көлдік, бұлақтық, үңгірлік
• 800 ге жуық тұрақ қазақ жерінде табылған
• Қараторғай өзені маңындағы ескерктіштер тас өңдеудің жоғары деңгейде болғанын дәлелдейді
• Алғашқы кен өндірісінің белгілері пайда болған кезең неолит саналады
• Жезқазғаннан 150-ге жуық тұрақ, көне кен және жерлеу орындары табылған
• Железинка тұрағынан табылған әйелдің мүрдесі ана рөлі басым болғандығын көрсетеді
• Ретушь әдісімен өткірленген тесе,кетпен қайла болды
• Қаратаудағы Қараүңгір тұрағынан табылған ыдыстардың түптерін қызыл бояумен бояған
• Келі-келсап арқылы талқан жасаған

ТАС ДӘУІРІ
ЭНЕОЛИТ КЕЗЕҢІ
(б.з.б 3000-1800 мыңжылдықтар)

• Б.з.б 3000 жылы металл игеру басталды
• Мыс ең алғашқы игерілген металл
• Орталық пен Шығыста ең алғаш мыс кендері табылды
• Аталық ру орнай бастады. Патриархат бекітілді
• Еңбек бөлінісі толық орнықты
• XX ғ. 80-жылдары В.Зайберт Ботай қонысын зертей бастады
• Ботайлықтар бүкіл Еуразия даласы бойынша бірінші жылқыны қолға үйретті
• Ботай тұрығынан 70 мың жылқы сүйегі, 158 тұрғын үй табылған
• Маңғыстаудан Шебір мекені табылды. Ұлу қабыршағынан жасалған моншақ табылған
• Шебір тұрғындары ыдысты әшекейлеу үшін тарақ тісі сияқты өрнектерді пайдаланған
• Неолит пен энеолиттің ерекшелігі өнер қалыптасты
• Адамдар мен жануарлардың ойма суреттері(гравюра) үңгірдің қабырғасында бейнеленіп, рухани

мәдениеттің дамығандығын көрсетті
• Жезқазған өңірінде жүз мың тоннадан астам мыс балқытылған

Ежелгі адамдардың қоғамдық құрылысы
➢ ТОБЫР - Қазақстан аумағындағы адамдардың алғашқы ұжымы. Тобыр ерте палеолит кезеңінде

қалыптасты.
➢ РУЛЫҚ ҚАУЫМ – тобырдан кейінгі ұжымдасу жйүесі. Шамамен «саналы адамның» тұсында,

кейінгі палеолитте қалыптасты. Аналық рулық қауым энеолит кезеңіне дейін үстем болды.
➢ ТАЙПАЛЫҚ ОДАҚТАР- тайпалардың өзара қосылуынан пайда болған жүйе.
➢ МЕМЛЕКЕТ - тайпалық одақтардан кейінгі ұжымдасудың сатысы.

ЕЖЕЛГІ АДАМДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚҰРАЛДАРЫ

Еңбек құралдарын жасай алуы адамдарды жануарлар әлемінен бөлді
Ең көне тас құралдары Шығыс Африкадағы Олдувэй шатқалынан табылды

Еңбек құралы: Қатысты деректер:
Чоппер Олдувэй шатқалынан табылған ең көне құралдардың бірі. Аң етін бөлшектеу,
терісін сыпыру, ағаш кесу үшін қолданылады.
Чоппинг Олдувэй шатқалы мен Қаратау үңгірі адамдары пайдаланған. Домалақ
малтатасты екі жағынан егеп, ирак ара секілді Қаратау үңгірі тұрғындары
Болос жасаған.
Дротик Жіппен байланып, оқ есебінде қолданылатындомалақ тастар
Гарпун Аңшылық және соғыс қаруы ретінде пайдалатын қысқа сапты найзаша.
Ұшы сүйектен жасалған, аңға қадалғанда шықпай қалатын ілмек кертігі бар
Монофас сүңгі найза.
Бифас Тасты бір жағынан сындыра отырып, жүз шығарылған тас құрал
Тасты екі жағынан сындыра отырып, жүз шығарылған тас құрал
Қол шақпы, жарғыш
Ашель заманына жататын құрылдар. Қол шапқының көлемі 35 см-ге дейін
жетеді.

Қол қашау Мустье кезеңінде жасалған ұзындығы 20 см салмағы 1 кг-ге дейін жететін
шомбал құрал

Тас тескіш, қырғыш, Қазақстан жерінен табылған ең көне тас құралдар. 1 млн жыл бұрын
тескіштер жасалған.
Адамдардың ең алғашқы еңбек құралдары
Үшкір тас, қазғыш
таяқ, шоқпар Қараүңгір тұрағынан табылған жәдігерлер
Шақпақ тастар Алғашқы қауым суретшілері сурет салуға пайдаланды
Үшкір сүйектен жасалды
Ағаш көмір, жоса Жануар сіңірлерінен жасалды
Ине

Жіп

Дәуірі: Кезеңі: Орналасқан жері: Табылған заттар:

Ерте Палеолит Олдувай Шығыс Африка Чоппер мен чоппинг- бір жағы
Олдувай шатқалы қырылған тас құралдар. Аң еті
Ашель мен терісін сыпыруға,ағаш
Қаратау жотасы- кесуге пайдаланылған.
Бөріқазған,
Тәңірқазған Бөріқазған мен Тәңірқазған
Қазанғап құралдары Оңтүстік-Шығыс
Шабақты Азия мен Шығыс Африкадағы
дөрекі құралдармен бірдей.
Негізгі шикізат малтатастар
болған. Жамбыл облысынан 5
мыңға жуық тас құрал
табылған көпшілігі қашау мен
үшкір заттар (Бөріқазған,
Шабақты).

Орталық Қазақстан- Бифастар мен тері өңдеуге

Құдайкөл арналған құралдар табылған.

Орталық Қазақстан-
Жаман Айбат,
Обалысай.
Шапқы мен екі жағы өңделген
тас құралдар табылған.

Шығыс Қазақстан -
Қозыбай.

Мустье Орталық және Шығыс Археологтар Мустье кезіңінің
Қазақстан - Обалысай, тұрақтарын Оңтүстік пен
Мұзбел, Қанай(140-132 Шығыс Қазақстаннан тапты.
м.ж). Ағадыр ауданынан
табылған тұрақтар. Бұл тұрақты бірнеше рет
Оңтүстік Қазақстан- қоныстанған. Үшкіртас пен
Арыстанды мекенінен тас сынықтар табылған. Өте
табылған Ш.Уалиханов жақсы өңделген қырғыштар
атындағы тұрақ (7 метр көп кездеседі. Ең қүрделі
қалыңдығы). тұрақ

Оңт.Қазақстан
Қаратауда-
Қызылрысбек.

Кейінгі палеолит Батыс Қазақстандағы Шақпақата мен Арыстанды
Маңғыстаудан- жерінен ерте тас ғасырының
Шақпақата. ең көне ескерткіштері
табылған.
Шығыс Қазақстан-
Бұқтырма мен Шүлбі Су арналары мен су қоймасы
маңында орналасқан.

Орталық Қазақстан- Семізбұғыдан- жүзі түзу
Семізбұғы, Қарабас.
немесе қайқы тастар болып
Орталық Қазақстан-
Батпақ тұрағы келеді.

Оңтүстіктен- Ащысай. Ең көне ескерткіштердің бірі.6

метрдей тереңдіктен

табылған. Жас мөлшері 30-25

мыңж. 300-ге жуық тас құрал.

Жетісудан- Майбұлақ

Мезолит 20 тұрақ бар Атбасарда-Тельман
Неолит
Қарағандыда- Әкімбек Ертістен Есілге дейінгі

Торғайда- Дүзбай аралықты алып жатыр. Бұлар

Маңғыстау-Қызылсу ерте кезеңіне 5 мыңжылдыққа

Көкшетауда-
Винградовка
Солт.Қазақстанда-
Мичурин, Явленка,
Боголюбово
Шығыста-Усть-Нарым

Орталық Қазақстанда-
Зеленая Балка,
Қарағанды

жатады.(Ең көнелері).

Орталықтағы тұрақтардан-

мал сүйектері табылған.

800-ге жуық тұрақ бар Солт.Қазақстанда- Тас шапқылар, жалпақ
Жезқазған өңірінде 150-ге Пеньки
жуық тұрақ,көне кен орындары пышақтар, жаңқадан жасалған
мен жерлеу орындары бар. Оңтүстік Қазақстан
Түлкібас ауданы- қырғыштар.
Қараүңгір
Б.з.б 5 мыңжылдыққа жатады.

Шақпақ тастар табылған. Көзі

бар инелер, біз, тескіштер,

тегістегіш, жоңғыштар

табылған. Ыдыстардың түбі

қызыл бояумен боялған.

Қызылордадан- Қой мен сиырдың қаңқалары
Сексеуіл тұрағы.
табылған. Кварцит пен

хальцедоннан жасалған

құралдар табылды. Сексеуіл

тұрғындары аң аулаумен

қатар малда өсірген. Су

қоймасы маңынан табылған.

Аралдың жанында

орналақсан.

Солт.Қазақстан- Ботай 15 гажерді алып жатыр. Ботай
мәдениеті.
(б.з.б 3-2) қонысы- 200 жылды қамтиды.

Шамамен 24-22 ғғ. 158 тұрғын

үй жануар терісімен

қапталған. Ортасында ошақ.

70 мың жылқының сүйек

қалдықтары табылған.

Энеолит Бұланның, еліктің, аюдың,

Қызылсу иттің, қабанның сүйектері
Шақпақата
кездеседі.
Шебір
Маңғыстауда- Шебір Тас пен қыштан еңбек
мекені
құралдары. Түбі жұмыртқа

тәрізді саз балшықтан

ыдыстар.Тарақ тісті

өрнектермен ыдысты

әшекейлеген.Ұлу

қабықтарынан моншақ таққан.

Ботай
Пеньки
Мичурин, Явленка, Боголюбово

Тельман

Виноградовка

Дүзбай

Әкімбек Мұзбел Шүлбі
Батпақ Қарағанды Қанай
Қозыбай
Зеленая Балка Құдайкөл Усть-Нарым Бұқтырма
Жаман Айбат
Семізбұғы
Қарабас Обалысай

Сексеуіл Майбұлақ

Қараүңгір тұрағы
Ш.Уалиханов тұрағы Шабақты

Ащысай Қызылрысбек
Бөріқазған
Тәңірқазған
Қазанғап


Click to View FlipBook Version