The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

XX ғасырдың 20 – 30-жылдарындағы қазақ өнерінің дамуы. 1-сабақ.

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by auesbaevamajra, 2021-04-11 01:47:15

8 сынып. Қазақстан тарихы.4-тоқсан.

XX ғасырдың 20 – 30-жылдарындағы қазақ өнерінің дамуы. 1-сабақ.

12.04.2021 жыл. 8 А сынып. Қазақстан тарихы. 4-тоқсан.
Сабаққа шолу
Сенің білетінің:
ХХ ғасырдың басында қазақ халқын әлемге танытқан тұлғалардың өмірі мен қоғамдағы
рөлі;
ХХ ғасырдың 20 – 30-жылдарындағы өнер мен әдебиеттің дамуы;
қазақ зиялыларының шығармаларындағы қоғамдық жағдайдың бейнеленуі.
Сенің меңгеретінің:
қазақ халқын әлемге танытқан тұлғалардың қоғамдағы рөлін талдау;
ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық сананы жаңғыртудағы қазақ зиялыларының
шығармашылығын түсіндіру;
ХХ ғасырдың басындағы өнер мен әдебиеттің дамуына баға беру.
Сабақтың мазмұны
XX ғасырдың 20 – 30-жылдарындағы қазақ өнерінің дамуы. 1-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: XX ғасырдың 20 – 30-жылдарындағы қазақ өнерінің дамуы.
1-сабақ.

Сабақтың оқыту мақсаты: 8.2.2.4 – Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан
Мұңайтпасұлының қазақ халқын әлемге танытудағы рөліне баға беру;

Қазақ халықының шығармашылық мұрасын жинастыру мен жүйеге келтіру жұмысы
Азамат соғысынан кейін басталды. Жетісу облысы ақындарының бірінші слеті 1919 жылы
Верный қаласында өткізілді. 1921 жылы Бас саяси ағартушылық комитет құрылды.

Ә. Қашаубаевтың өзін алғаш рет кәсіби жағынан сынап көруі қазақ ауызша
шығармашылығының өзіндік фестивалі болған Қоянды жәрмеңкесінде ән салуы еді.
Ол 1925 жылы Парижде Кеңес әртістерінің құрамында өнер көрсетіп, француз баспасөзінің
ыстық ықыласына бөленді. 1927 жылы сәуірде Әміре Мәскеуде, шілдеде Майндағы
Франкфуртта концерт берді. Ә. Қашаубаевтың репертуарындағы ерекше белгілі әндерінің
қатарында «Жалғыз арша», «Ағашаяқ», «Балқадиша», «Дударай» тағы басқалары болды.
Әміренің талантына тәнті болған белгілі этнограф А.В. Затаевич оның өнерін үнемі біздің
елде де, шет елде де насихаттаумен айналысты. 1933 жылы ұйымдастырылған музыкалық
студияға Әміре алғашқылардың бірі болып жазылды. 1934 жылы әнші науқастанып қайтыс
болды. Осы кезде Ж. Жабаев, К. Әзірбаев, И. Байзақов сынды ақындар мен музыканттар
көпке танымал болды.

1926 жылы 13 қаңтарда М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек» драмасынан үзінділер қойылып,
тұңғыш қазақ кәсіби театрының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Басқа ұлт халықтарының
кәсіби театрлары да өз қызметін бастады: Орыс драма театры (1934 ж.), ұйғыр театры
(1938 ж.) және т.б.

1934 жылы Қазақ драма театры жанынан музыкалық театр ашылып, онда
Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» және «Жалбыр» опералары қойылды.
Музыкалық театр әртістері К. Байсейітова мен Қ. Жандарбеков, биші Ш. Жиенқұлова
даңққа бөленді.

А. Затаевичті Қазақстанда «қазақ әнінің атасы» деп атайды. Оған 1923 жылы «Қазақ
АКСР-інің халық әртісі» атағы берілді. 1925 жылы «Қазақ халқының 1000 әні», 1931 жылы
«Қазақтың 500 әні мен күйі» атты еңбектерін жариялады.

Н.Г. Хлудов бастауыш көркемсуреттік білімді Одесса сурет мектебі мен Петербургтегі
жеке меншік көркемсурет шеберханаларында алды. Ол Қазақстанға 1877 жылы келді.
Сызбашы болып жұмыс істеді. Хан Тәңірі тау тізбегін, Верныйдағы жер сілкінісін зерттеген
экспедицияларға топограф және суретші ретінде қатысты. Н.Г. Хлудов археология
әуесқойлары Түркістан үйірмесінің мүшесі, Орыс географиялық қоғамы Жетісу бөлімінің
құрылтайшысы болды. Н.Г. Хлудовтың еңбектері Мәскеудің, Санкт-Петербургтің, Бішкек
пен Алматының мұражайларына қойылған.

1920 жылы Н.Г. Хлудовтың бастамашылдығымен республикада кескіндеме өнері
студиясы ұйымдастырылды. 1925 жылы Алматы қаласында өнер қызметкерлерінің одағы
көркемөнер көрмесін өткізді. 1933 Қазақстанда Суретшілер одағы құрылды. Суретші Н.
Крутильниковтың қайтыс болуының 20 жылдығына орайластырып Абайдың портретін
салды. Ә. Ысмайылов пен Ә. Қастеев тағы басқа жастар республикадан тыс жерлерде оқып,
бейнелеу өнерінің қыр-сырын меңгерді.

Қазақтың музыкалық аспаптары ғасырлар қойнауынан бізге дейін жетті. Белгісіз халық
музыканттары оларды ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырды.

Қазақ музыкалық аспаптары бес топқа бөлінеді, оның ішінде:
 ішекті аспаптар: домбыра, үш ішекті домбыра, қос ішек, шертер, жетіген, тоғызтілік,

қобыз, теркеш домбыра;
 үрмелі аспаптар: сазсырнай, сыбызғы, қоссырнай, қуықкеп, мес, қанасырнай,

қыпшақы сырнай, адырна, ұран, мүйіз сырнай, қамыс сырнай, керней, үскірік;
 соқпалы аспаптар: теркеш қоңырау, даңғыра, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл, кепшік,

шың;
 ырғамалы аспаптар: аспа қоңырау, асатаяқ (қоңыраулы), асатаяқ (сылдырмақты);
 ілмелі аспаптар: шаңқобыз (шаңғауыз).

Тапсырма-1.
1925 жылы Парижде Кеңес әртістерінің құрамында өнер көрсетіп, француздық
тыңдарманның ыстық ықыласына бөленген қазақты анықта. Ә. Қашаубаев

Білгенің жөн!
Ә. Қашаубаевтың сирек әншілік дарыны өмірінің соңына дейін кемелдене түсті. Әміре
радио арқылы қазақтың халық әндерін орындап, тыңдаушыларды әннің әдемілігі, ой
тереңдігімен де қуанышқа бөледі. Оның театрдағы ойыны да қызықты болды.

Түсіндіру
Өзінің замандастарын дарынының сан қырлылығымен таңқалдырған Әміре
Қашаубаев 1925 жылы Парижде Кеңес әртістерінің құрамында өнер көрсетіп, француздық
тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді.

Тапсырма-2.
Сөйлемді толықтыр.
Әміре Қашаубаевтың өзін алғаш рет кәсіби жағынан сынап көруі қазақ ауызша
шығармашылығының өзіндік фестивалі болған Қоянды жәрмеңкесінде ән салуы еді.

Білгенің жөн!
Белгілі қазақ әншілері Ғаббас Айтбаевтың, Қали Байжановтың әндерін тыңдап, сазгер Жаяу
Мұсамен танысқан Әміре өз шеберлігін жетілдірудің қажет екенін сезінді.

Түсіндіру
Ол жастайынан ат айдаушы, күзетші болып істеді. Әміре Қашаубаевтың өзін алғаш рет
кәсіби жағынан сынап көруі қазақ ауызша шығармашылығының өзіндік фестивалі болған
Қоянды жәрмеңкесінде ән салуы еді.

Тапсырма-3.
Халықтың шығармашылық мұрасын жинастыру мен жүйеге келтіру жұмысы
қашан басталғанын анықта.

A. Сталиннің билігі кезінде
B. 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін
C. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін
D. Азамат соғысынан кейін
E. Бірінші орыс революциясынан кейін

Білгенің жөн!
Музыка өнері қазақ халқының қоғамдық және рухани өмірінде әрқашан елеулі орын алды.

Түсіндіру
Қазақтардың музыкалық өнері – адамның ішкі дүниесінің, оның руханилығы мен әдемілік
атаулыны сезінуінің терең көрінісі. Халықтың шығармашылық мұрасын жинастыру мен
жүйеге келтіру жұмысы Азамат соғысынан кейін басталды.

Тапсырма-4.
Тарихи оқиғаларды болған жылдарымен сәйкестендір.
Байланыстар саны: 3

1920 жылы Қазақстанда Суретшілер одағы құрылды

1925 жылы Алматы қаласында республикамызда
тұңғыш рет өнер қызметкерлерінің одағы
көркемөнер көрмесін өткізді

1933 жылы Н.Г. Хлудовтың бастамашылдығымен
республикада кескіндеме өнері студиясы
ұйымдастырылды

Білгенің жөн!
Еліміздегі Бейнелеу өнерінің алғашқы табыстары Н.Г. Хлудовтың қызметімен тығыз
байланысты болды. Оның мұрасының елеулі бөлігі Қазақстанның Орталық Мемлекеттік
мұражайының қорында сақтаулы.

Түсіндіру
1920 жылы Н.Г. Хлудовтың бастамашылдығымен республикада кескіндеме өнері студиясы
ұйымдастырылды. 1925 жылы Алматы қаласында республикамызда тұңғыш рет өнер
қызметкерлерінің одағы көркемөнер көрмесін өткізді. Көрмеге жергілікті
суретшілердің 100-ден астам картинасы қойылды. 1933 Қазақстанда Суретшілер одағы
құрылды.

Тапсырма-5.
1920 – 1930 жылдары танымал болған ақындар мен музыканттарды және
музыкалық театр әртістерін жікте.

Ақындар мен музыканттар Театр әртістері
К. Әзірбаев К. Байсейітова

И. Байзақов Қ. Жандарбеков

Білгенің жөн!
Дәстүрлі қазақ музыка өнері өзіне ғасырлар бойы ұрпақтардың рухани тәжірибесін сіңірді.
Қазақтың дәстүрлі музыкалық тілі өте бай және ол халықтың ғасырлар бойғы тарихи
тәжірибесін бейнеледі.

Түсіндіру
Музыкалық-драматургиялық өнер 1930 жылдардың басынан бастап қарқынды дами
бастады. Мукалық театрдың әртістері К. Байсейітова мен Қ. Жандарбеков даңққа бөленді.
Сонымен қатар осы кезде Ж. Жабаев, К. Әзірбаев, И. Байзақов сынды ақындар мен
музыканттар көпке танымал болды.

Тапсырма-6.
Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екенін анықта.
1. Н.Г. Хлудов археология әуесқойлары Түркістан үйірмесінің мүшесі, Орыс
географиялық қоғамы Жетісу бөлімінің құрылтайшысы болды. Ақиқат
2. Н.Г. Хлудовтың еңбектері Пекиннің, Делидің, Вашингтонның мұражайларына
қойылған. Жалған
3. Суретші Н. Крутильниковтың қайтыс болуының 20 жылдығына орайластырып Н.Г.
Хлудов ұлы Абайдың портретін салып шықты. Ақиқат

Білгенің жөн!
Н.Г. Хлудов пейзеждар, портреттер жазды, қазақ халқының өміріне арналған көптеген
кескіндемелік жұмыстардың негізі болған тұрмыстық көріністерді қағазға түсірді.
Суретшіге еңбексүйгіштік, табандылық пен дүниені тануға деген құштарлық тән.

Түсіндіру
Н.Г. Хлудов археология әуесқойлары Түркістан үйірмесінің мүшесі, Орыс географиялық
қоғамы Жетісу бөлімінің құрылтайшысы болды. Экспедицияларға қатысу, мемлекеттік
қызмет, жер межелеу үшін ел аралау суретшіге қазақ халқының өзіне тән ерекшелігі мен
рухын күнделікті көріністер арқылы дәл бейнелеп көрсетуге мүмкіндік берді. Н.Г. Хлудов
еңбектері Мәскеудің, Санкт-Петербургтің, Бішкек пен Алматының мұражайларына
қойылған. Суретші Н. Крутильниковтың қайтыс болуының 20 жылдығына орайластырып
Н.Г. Хлудов ұлы Абайдың портретін салып шықты

Тапсырма-7.
Ақпаратты хронологиялық ретпен орналастыр.

1. Жетісу облысы ақындарының бірінші слеті өтті
2. Бас саяси ағартушылық комитет құрылды
3. Алматыда қазақ театр және музыкалық студияларын ұйымдастыру қолға алынды

Білгенің жөн!
А. Затаевич музыка сыншысы, этнограф, компазитор. Қазақстанда Затаевичті «қазақ әнінің
атасы» деп атайды. Халық арасында естіген дауыстары бойынша қағазға қандай да бір
белгілер жасап, іле-шала өзі естіген дауысты айнытпай келтіретін адам жайлы аңыз
әңгімелер тарады.

Түсіндіру
А.В. Затаевич 2300-ден аса қазақ әндері мен күйлерін жазып алып, солардың
негізінде 1925 жылы «Қазақ халқының 1000 әні», 1931 жылы «Қазақтың 500 әні мен
күйлері» атты еңбектерін жариялады. Оның бұл еңбектері қазақ халқының музыка өнерінің
тарихы мен теориясының мәселері зерттелген жинақтар болатын.
Республика үкіметі А.В. Затаевичке 1923 жылы «Қазақ АКСР-інің халық артисі» атағын
берді.

Тапсырма-8.
1930 жылдары театр сахнасында қойылған Е. Брусиловскийдің опералы
қойылымдарын көрсет.
Дұрыс жауап саны: 2

A. Ер Тарғын
B. Қан мен тер
C. Шұға
D. Қыз Жібек
E. Айман-Шолпан

Білгенің жөн!
Театр өнері 30-жылдарда үлкен табысқа жетті. Театрлардың желісі кеңейіп, репертуарлары
байыды, актерлік шеберлік шыңдала түсті. Кәсіби театрлар облыстарда да құрылды.

Түсіндіру
1934 жылы Қазақ драма театры жанынан муызкалық театр ашылып, онда
Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» және «Жалбыр» опералары қойылды.

Тапсырма-9.
Сөйлемдерді толықтыр.
1927 жылы сәуірде Әміре Мәскеуде, шілдеде Майндағы Франкфуртта концерт берді.
1933 жылы ұйымдастырылған музыкалық студияға Әміре алғашқылардың бірі болып
жазылды. 1934 жылы күзде талантты әнші науқастанып қайтыс болды.

Білгенің жөн!
Әміре Қашаубаевтың шабытты өнері бүкіл республикаға белгілі болды. Әміре қазақтың
тұңғыш кәсіби театрын ұйымдастыру ісіне де белсене араласты.

Түсіндіру
1927 жылы сәуірде Әміре Мәскеуде, шілдеде Майндағы Франкфуртта концерт
берді. 1933 жылы ұйымдастырылған музыкалық студияға Әміре алғашқылардың бірі
болып жазылды. 1934 жылы күзде талантты әнші науқастанып қайтыс болды.


Click to View FlipBook Version