The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by balzhan042004, 2023-11-24 00:23:38

Есім хан

Есім хан

Есім хан (1565-1628 ж.ж)


Есім хан — 1598—1628 жылдары аралығында Қазақ хандығында билік еткен хан. Ол 1580-1582 жылдар аралығында билік еткен Шығай ханның баласы Тәуекел ханның (1582- 1598 ж.ж) інісі еді . Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен.


Тәуекелден кейін тарих сахнасына 1598 жылы Есім хан шығады. Ол бұдан бұрын да ағасы Тәуекел ханның қолбасшысы ретінде талай шайқастарға катысып, "Еңсегей бойлы Ер Есім" атанған еді. Тәуекел Бұхараны қоршағанда ол 20 мың әскерімен Самарқандты билеп тұрған. Ауыр жарақаттан қайтыс болған ағасының орнына хан сайланған Есім отыз жыл бойы буыны жаңа бекіп келе жатқан Қазақ мемлекетін қорғау, күшейту жолында қанын да, жанын да аяған жоқ. Шығысында қалмақтармен, солтүстік батысында Бухара хандығымен үздіксіз шайқасуға тура келген. Хан болу жолы


XVII ғасырдың басында Қазақ хандығында ішкі саяси жағдай біршама тұрақталғанымен Есім ханға қарсы болған Түркістан өңіріндегі қарақалпақ тайпалары бас көтереді. 1605 жылы Есім хан билікті басып Қарақалпақтар Сырдарияның орта ағысын тастап кетуге мәжбүр болады. Есім ханға жасалған бүліктер Есім ханға қарсы екінші бүлік 1613 жылы Ташкент билеушісі Тұрсын ханның Есім ханға қарсы шығуы болды. Тұрсын хан өзін тәуелсіз хан деп жариялап, Ташкент қаласын хандықтың астанасы етті. Осылайша Қазақ хандығында бір уақытта қатарынан екі хан билік етті. 1627 жылы Есім хан Ойраттарға қарсы жорыққа аттанады. Есім ханның жоқтығын пайдаланған Тұрсын хан Түркістанды басып алып Есім ханның әйелі мен балаларын Ташкентке алып кеткен болатын. Тұрсынның бұл әрекеті, қазақ руларының наразылығын тудырады. Ойраттарға жасалған жорықтан оралған Есім хан, Сайрамсу өзенінің бойында Тұрсын ханның әскерін талқандайды, осы шайқаста Тұрсын хан қаза табады. Есім хан Тұрсын ханды қолдаған қатаған руын қатаң түрде жазалайды. Бұл оқиға тарихта Қатаған қырғыны деген атпен қалды.


Қазақ сұлтандарының өзара қырқысы және Тұрсын ханның өлімі жайында Махмуд Уәлидің "Бахр Ал-аср" атты кітабының алтыншы томындағы төртінші бөлімінде мынандай баяндаулар бар: "Сол жылдары, яғни 1036 хижрада (1626- 27-жылдары) Есім сұлтан қалмақ жұртын шаппақ болды. Ол өз туының астына барша алаштан және ұлыстың басқа да бағынышты тайпаларынан, сондай-ақ, Тұрсын сұлтанға сүйеу болған қатағандардан да әскер жинап, Моғолстан шетіндегі қалмақ мекенжайларына ойран салды. Сол уақытта өзінің негізгі саяси бақталасын құрту кезегін көздеп жүрген Тұрсын сұлтан Түркістан маңайындағы Есім ордасын ойрандап, қалған кісілерін қыру үшін әскер жасақтады. Жасақ жауынгерлері ордаға басып кіріп, талай адамды өлтірді. Есім сұлтанның әйелдері мен балаларын барша жасаужабдығымен Ташкентке алып кетті. Бұл табысқа масаттанған Тұрсын енді Есім ханның көзін жою қамына кірісті. Мақсаты — күтпеген жерден соқтығып, өзін жол үстінде ұстау. Осындай зұлым оймен ол өз әскерін бастап, Есім сұлтанның алдынан шықты. Екі жақ Сайрам шаһарынан шығысқа қарай, 40 шақырымдай жерде, Сайрамсу өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан қазіргі ОҚО Төлеби ауданы,Кеңесарық ауылы маңында, бетпе-бет келіп, "шайқас отын тұтатты". Тұрсын сұлтанның әскері жеңіліп, Ташкентке қарай шегінді".


Есім хан Моғолстан мен арақатынасты әулеттік некелесу арқылы реттейді. Өзі де біраз уақыт Шығыс Түркістанда болып қазақтар мен моңғолдар арасындағы саяси одаққа және дара билікке қол жеткізеді. Ішкі талас-тартысты пайдаланып, бейбітшілік туралы келісім шартты бұзып Қазақ хандығынан Ташкент, Сайрам, Әндіжам қалаларын қайтарып алу мақсатында жорыққа аттанады. 1603 жылғы Айғыржардағы, 1611 жылғы Ташкент түбіндегі ірі шайқастарда Есім хан әскері жеңіске жетеді. Бұқар ханы Иманқұли шартқа отырып Ташкент пен оның төңірегі түгелдей қазақтардың иелігіндегі жер екендігін ресми түрде мойындайды. Осылайша өзін мойындатқан Есім хан екінші рет билікке келеді.


Еңсегей бойлы ер Есім — Қазақ хандығының билеушісі Есім хан (1598-1645) туралы қазақтың көне тарихи жыры (жыр). Ақын әрі ұлы ханның серігі Марқас жасаған. «Еңсегей бойлы Ер Есім» поэмасы фольклорлық шығарма болса, бас кейіпкер Есім ханның бейнесі халық ауыз әдебиетіндегі дәстүр негізінде жасалған. «Еңсегей бойлы ер Есім» поэмасы ауызша ұрпақтан-ұрпаққа ежелден беріліп келген. 1938 жылы І.Ырсымбетов ақын Қазанғап Байболовтан жазып алған.


ЕСІМ ХАННЫҢ ЕСКІ ЖОЛЫ Қазақ мемлекетінің дамуы үшін XVII ғасырдың басында Есім хан жүргізген жаңа құқықтық реформалар қажет болды. Жаңа заңдар жинағы халық жадында «Есім ханның ескі жолы» болып сақталды. Ресми түрде бұл ескі заңдарға қосымша болды. Құқықтық акт ханның, сұлтандардың, билер мен батырлардың өкілеттіктерін, сондай-ақ олардың өзара міндеттері мен құқықтарын анықтады. Жаңа заңдар қылмыстық істерді, материалдық талаптарды және әйелдердің қоғамдағы орнын қарауды қарастырды.


Осылай 1628 жылы Есім хан дүниеден озады. Денесі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңайына жерленген. Моласының үстіне шағын да болса айрықша кесене орнатылған.


Click to View FlipBook Version