The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Қызықты химия элективті курс

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Жазира Иса, 2023-05-30 13:38:33

Қызықты химия элективті курс

Қызықты химия элективті курс

1 ИСА ЖАЗИРА ЕРЖАНҚЫЗЫ «ҚЫЗЫҚТЫ ХИМИЯ» әдістемелік құрал Шымкент, 2023


2 Түсінік хат Ұсынылып отырған оқу әдістемелік құралы «Қызықты химия» бойынша таңдау пәні ретінде 8-сынып оқушыларына арналған, оқу уақытының 34 сағатына есептелген пәндік-бағытталған курс бағдарламасының әзірлемесі болып табылады. Білім беру жүйесіндегі негізгі ағымдардың бірі – білім беретін орданың типтеріне сай жеке тұлғаның дамуына тиімді жағдай туғызу. Бұл ағымды дидактиканың ұстанымдарының бірі – саралап оқыту арқылы жүзеге асыру. Базалық, міндетті деңгейден жылжымалы жылжымалы деңгейге оқушылардың санын арттыруда ықпалы болатыны сөзсіз. Бағдарламаны шартты түрде екіге бөлуге болады: 1) қызығушылығына қарай; 2) регионалдық ерекшелігіне қарай. Қызығушылығына қарай өтілетін курстар оқушылар үшін міндетті емес. Бұл курсты таңдаған балалар өз еркімен, ынтасымен қалап қатысқаны абзал, ал мұғалім сол оқушының химиядан бұл курсқа қатысқысы келетіндігіне көп еңбектеніп пәнге құштарлығын оятып, пәндік олимпиадаға, ғылыми зерттеу жұмыстарын орындауға, болашақ мамандық таңдауына да ықпал етуі тиіс


3 Кіріспе Білім беру қызметтерін ұсынудың жоғары сапасына және Зияткерлік мектептер қызметінің тиімділігіне қол жеткізу үшін 2012 жылы балаларды қолдау жөнінде арнаулы іс-шаралар өткізілді. Елімізде және шетелде физика, математика, химия, биология, сондай-ақ ағылшын тілі (тілдік курстар) бойынша элективті курстарды ұйымдастыру солардың біреуі болып табылады. Элективті курстарды таңдау кезінде өзектілігі және оқушылар үшін жаңашылдығы деңгейіне, дәлелденген және дамыған әлеуетіне назар аударылды. Бағдарламалардың мазмұны оқушылардың зияткерлік, шығармашылық, эмоционалдық дамуына ықпал етеді, белсенді оқу әдістерін кеңінен пайдалануды, заманауи білім беру технологияларына бағдарлануды пайымдайды. Элективті курс-оқушылардың әртүрлі танымдық қызығушылығын қанағаттандыратын, профильдің мазмұнын толықтыратын, оқу жоспарының жаңа элементі. Элективті курстар мектептің жоғары сатысында профильді оқыту жүйесінде маңызды роль атқарады. “Жалпы білім берудің профильді оқыту тұжырымдамасына” сәйкес жоғары сыныптардағы оқытудың мазмұнын дифференциациялауды әртүрлі курстардың мына 3 типінің негізінде жүзеге асырылады: базалық, профильді, элективті. Бұл үш типтің әр бір курсы профильді оқыту мәселесін шешуде өз үлесін қосады. Бағдарлама 8-сынып оқушыларына арналған. Себебі химия пәнін алғаш бастайтындықтан ең басынан пәнге қызығушылығын арттыру арқылы ынтасын дамыту көзделеді. Оқушы пәнге қалай қызыққанын байқамай да қалуы мүмкін. Ол үшін теориялық біліммен қатар, зертханалық тәжірибелерді де орындау қажет. Курсты өткізгенде практикалық бағытқа аса назар аударылады. Күнбекүнгі сабақ барысында да зертханалық, практикалық жұмыстарды орындаумен қатар, оның біліктілігін дамыту. Жобалау, дамыта оқыту технологиялары арқылы бағдарламадан тыс қызықты тәжірибелер жасау, оқушылардың эксперимнттік жұмысқа икемін арттыру. Жаңа ақпараттық технология бойынша өз беттерімен электрондық сайттармен , виртуалды тәжірибелер жасап, электрондық дискілер арқылы курс барысында білімдерін тереңдетуге мүмкіндік туғызу. Шығармашылық деңгейде жұмыс істейтін оқушылар санын арттыру. Пәнді меңгеру мақсаттары 1. Оқушылардың химия пәні бойынша өз қабілеттерін бағалауын және болашақ оқу бағдарын саналы түрде таңдауын қамтамасыз ету. 2. Химиядан алған білімдерін кеңейту және тереңдету, жоғары деңгейдегі білім мазмұнын жалғастыруға және меңгеруге қажетті біліктерін бекітіп нығайту. 3. Оқушылардың іс әрекеттегі іздену белсенділігін және пәнге деген ішкі


4 мотивацияны дамыту, тұрақты және саналы қызығушылықты қалыптастыру. Курстың міндеттері: - алғашқы химиялық ұғымдарды еске сақтауды қалыптастыру; - химиялық құбылыстарды бақылау және дәлелдей білу білігін дамыту; - зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу білігін біліктілікке айналдыру, бағдарламадан тыс химиялық құралдардың ерекшеліктерімен танысу; - химиялық заңдар мен элементтер туралы нақты білімдері бейорганикалық қосылыстардыңнегізгі кластарын меңгерудің алғы шарттары екендігін ескерту; - алған теориялық білімдерін практикамен, өмірмен байланыстыра білу; - оқушының өз бетімен іздену жұмысына бағыт бағдар беру; - химия ғылымының қоғамдағы, тұрмыстағы рөлін дәлелдеп, көз жеткізу; - кез келген сұраққа жауапты ғылыми тұрғыда дәлелдеген адам ғана жеңетінін түсіндіре отырып, ғылыми көзқарас қалыптастыру; - Су экологиялық мәселелерін шешуде әрбір оқушыға экологиялық білім, сана, тәрбие, мәдениеттілікті қалыптастырып, табиғатты қорғауды экологиялық қажеттілікке айналдыру қажет: - оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу. Курстың негізгі идеясы – химияның өмірдегі, медицинадағы, ауыл шаруашылығындағы маңызын, экологияның бір аспектісі – қоршаған ортаны қорғау ұғымдарын дамыту. Алған теориялық білімдерін іс жүзінде асыра білу. Химиядан білім фундаменті атом-молекулалық ілімді меңгеруден басталатынын, химия – эксперименттік ғылым, сондықтан экспериментті орындау арқылы оқушылардың заттармен, құралмен жұмыс істей білу білігі қалыптасады. Оқушыларға эксперименттік есептің сандық есептен айырмашылығын түсіндіріп, эксперимент тәжірибе арқылы дәлелденетінін, сынақ оң және теріс болу мүмкіндігін ескерту. Оларға 8-класта эксперимент есептерінде не сапа есептерінде сандық мәлімет болмайтындығын ескертеміз. Эксперимент есептерінің тәсілдері: - есте қалғаны бойынша шығару; - сынау-қателесу тәсілі; - талдау-жинақтау; - жорамал жасау. Эксперимент есеп типтері: - заттардың сапалық құрамын анықтау; - заттарды ажырату; - заттарды алу;


5 - заттарға тән сапалық реакция жасау; - қоспа құрамын анықтау; - қоспа құрамын бөлу; - химиялық құбылысты бақылау; - химиялық құбылысты түсіндіру. Пәнді меңгеру нәтижелеріне қойылатын талаптар: «Қызықты химия» элективті курс бойынша оқып-үйрену процессі келесі құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған: Оқытудың жоспарланған нәтижелері Оқушылар білуі тиіс: - химиялық формулалар бойынша заттарды; - химиялық реакциялардың негізгі белгілерін; - физикалық, химиялық құбылыстарды; - заттардың сандық, сапалық құрамын; - бинарлы және одан да күрделі заттардың құрамын; - ерітінділер, олардың табиғаттағы рөлі; - таза ауа мен таза судың экологиялық аспектісі; - тұрмыста қолданылатын заттардың адам ағзасына пайдасы мен зияны; - зат массасының, құрам тұрақтылық, Авагадро және Д.И.Менделеевтің периодтық заңдарының мәнін. Оқушылар есептей және қолдана білуі тиіс: - химиялық формула бойынша есептеулер (салыстырмалы атомдық масса, элементтің массалық үлесін, зат массасын, қоспаларға т.б.) - зертханада, химия кабинетінде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып тәжірибелер жасауды; - зертханадағы кеңінен қолданылатын құралдарды; - газдарды алуға, жинауға арналған құралдарды; - жылыту құралдарын; - дайын құрастырылған құралдарды.


6 Үлгілік тақырыптық жоспар Тақырыбы Мақсаты Сағат саны І Кіріспе 1.Химия тарихы. Химия терминінің шығу тарихы Курсқа кіріспе 1 2. Қауіпсіздік ережелері. Химиялық жабдық, оны пайдалану ерекшеліктері. Оқушыларды химиялық қуралдармен таныстыру және қауіпсіздік ережелерін дәріптеу 1 ІІ Атомдағы электрондардың қозғалысы 1 3.Атомда электрондардың таралуы Ядродан қашықтықты арттыру үшін атомдар ішіндегі электрондардың электронды қабық бойымен біртіндеп орналасуын түсініңіз. 1 4. Энергетикалық деңгейлер. Алғашқы 20 элементтің электрондык конфигурациясы мен электрондық графикалык формулаларды жазуға болады. 1 5. Химиялык формулалар бойынша есептеулер. Химиялык реакция түрлері. Заттын құрамындағы элементтін массалық үлесін тауып, заттың формуласын элементтін массалық үлесінен шығарыңыз. 1 6. Күнделікті өмір, табиғаттың химиялық реакциялары. Табиғаттағы, тірі организмдердегі және адам өміріндегі химиялык реакциялардың манызы. Табигаттың, тірі организмдердің және адам өмірінің химиялык реакцияларының сипаттамасы; 1 ІІІ. Газдармен танысу 7.Ауа. ауа қурамы Сутек, алынуы, касиеттері және колданылуы Сүтекті алу және оның касиеттері мен колданылуын зерттеу 1 8.Оттегі, өндіріс, пайдалану сипаттамалары, қолданылуы. Ауанын ластануын тудыратын ауаның ластануынан қорғаңыз. Гомологиялық оттегі қосылыстарындағы өзгерістердің құрамы мен табиғатын салыстыру.Жер бетіндегі озон қабатының шамасының сипаттамасы 1 9.Жалпы газдар туралы түсінік. Авагадро заңы Авогадро заңын білу және қалыпты және стандартты жағдайлардагы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану 1


7 10. Авогадро Занына, молярлық көлемге, салыстырмалы тыгыздыққа және газдардың көлемдік катынасына қатысты экологиялық мәселелерді шешу. Авогадро заңын білу және қалыпты және стандартты жағдайлардагы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану 1 IV.Ерітінді ілімі 11. Ерітінділерді алу және алдын ала зерттеулердің маңыздылығы Сұйықтықтардағы заттардың ерігіштігі. Ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептей алады 1 12. Өнеркәсіптегі, күнделікті өмірдегі және ауыл шаруашылыгындағы су мен ертінді манызы Судын емік қасиеттерін, манызын біледі 1 13.Ерітінділер әзірлеу. Температураның ерігіштікке қалай әсер ететінін түсіну; 1 14-15. Ерітінді тақырыбына арналған есептер. Массалық концентрация. Молярлык концентрация. Ерітіндідегі заттын молярлык концентрациясын есептеуге болады. 1 V.Бейорганикалық косылыстардың негізгі категориялары туралы ақпаратты терендету 16.Қышкылдар. Қышкылдардың қасиеттері. Қышқылдардың қасиеттерін, классификациясын білу және түсіну. 1 17.Қышкылдармен жұмыс істеу ерекшелік. Қышкылдарды аныктау. Химиялық қасиеттерін сипаттайтын, реакция теңдеулерін жаза білу. 1 18.Тұздар. Тұздарды анықтау тәсілдері. Тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру 1 19.Тұздардың адам ағзасына пайдасы мен зияны. Қышқылдардың қасиеттерін, классификациясын білу және түсіну. 1 20.Негіздер. Негіздердің касиеттері. Химиялық қасиеттерін сипаттайтын, реакция теңдеулерін жаза білу. 1


8 21. Бейорганикалық косылыстар арасындагы генетикалық байланыстар. Тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру 1 VI.Көміртек және оның қосылыстары. 22.Көміртектің жалпы сипаттаКөміртектің аллотропиялық түр өзгерістері Көміртектің қалыпты және қозған күйдегі электрондық және электронды-графикалық формуласын құру; 1 23.«Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері». Көміртектің оксидтері. «Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттерін зерттеу». Қазақстандағы көміртегі және оның қосылыстарының маңызды кен орындарын атайды 1 24. Тест 1 VII. Су 25Табиғаттағы су. Су және адам денсаулығы. Судың құрамы мен құрылысын айқындайды; 1 26. Судың ластану себептері. Судың кермектігі. Судың бірегей қасиеттері мен оның өмір үшін маңызын байланыстырады; Судың табиғаттағы айналымын сипаттайды. 1 27-28.Қызықты тәжірибелер Тәжірбиелер жасау 2 VIII. Шығармашылық жұмыс, шағын ғылыми зерттеулер 30.Ғылыми әдебиеттер жұмыс. Әдебиеттермен жұмыс 1 31.Интернетпен, электронды каталогпен жұмыс. Интернет желісімен жұмыс 1 32.Зерттеу жумыстарының кезеңдері. Тақырып тандау. Болжау. Тақырыптар таңдау 1 33-34. Эксперимент. Зерттеу қызметінің түрлері. Ғылымизерттеу жұмыстарын тіркеу. Зерттеу қызметінің түрлері зерттеу 2


9 Қызықты химия курс мазмұны Курстын мазмұны. Сағат саны- 34 сағат, аптасында 1 сағат. Кіріспе бөлімі (2 сағат). Химия тарихына шолу. Химия терминінің шығу тарихы. «Қызықты химия» электитві курс мақсатарымен танысып шығу. 1. Атомдағы электрондардың қозғалысы (4сағат). Атомда электрондардың таралуы. Энергетикалық деңгейлер. Химиялық формулалар бойынша есептеулер Химиялық реакция типтері. Күнделікті өмір, табиғаттың химиялық реакциялары. Табиғаттағы, тірі организмдердегі және адам өміріндегі химиялык реакциялардың манызы. 2.Газдармен танысу(4 сағат). Ауа. Ауа қурамы. Газдың жалпы тұжырымдамасы. Авогадро Заңына, молярлық көлемге, салыстырмалы тыгыздыққа және газдардың көлемдік катынасына қатысты экологиялық мәселелерді шешу. 3.Ерітінді ілімі (4 сағат). Ерітінділерді алу және алдын ала зерттеулердің маңыздылығы Сұйықтықтардағы заттардың ерігіштігі. Өнеркәсіптегі, күнделікті өмірдегі және ауыл шаруашылыгындағы су мен ертінді манызы. Ерітінділер әзірлеу. Ерітінді тақырыбы бойынша массалық,молярлық концентрацияга арналған есептер шешу. 4.Бейорганикалық косылыстардың негізгі категориялары туралы ақпаратты (6 сағат). Қышқылдар, қасиеттері. Қышқылдармен жумыс істеу ерекшелігі. Қышқылдарды анықтау. Тұздарды аныктау тәсілдері. Тұздың адамға пайдасы мен зияны. Сілтілер. Сілтілердің касиеттері. Бейорганикалық қосылыстар арасындагы генетикалық байланыстар. 5.Көміртек және оның қосылыстары. Көміртектің жалпы қасиеттерін көміртектің жалпы қасиеттерінен көміртектің аллергенділігінің жалпы қасиеттеріне көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері. Көміртектің оксидтері. Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттері туралы зерттеулер. Сынақ. 6. Табигаттағы ауыз су. Судын ластану себептері. Судың кермегтігі. Қызыкты тәжірибелер 7.Шыгармашылық жұмыс, шағын ғылыми зерттеулер (2сағат). Тақырыпты таңдаңыз. Болжау. Эксперимент. Зерттеу қызметінің түрлері. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын тіркеу


10 Оқушылардың өзіндік жұмысын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету. Пәнді меңгеру нәтижелері бойынша аралық атестаттауға, үлгерімді ағымдағы бақылауға арналған бағалау құралдары. Оқушылардың өзіндік жұмысы теориялық материалды меңгеру, есептер шығару, зертханалық жұмыстарға дайындық және оны рәсімдеу, ағымдағы және аралық бақылауға дайындық жұмыстарын қарастырады. Ағымдағы бақылаудың нысаны – зертханалық журнал бойынша есеп, сауалнама, тест, бақылау жұмысы, аралық бақылау нысаны – емтихан. Сынақ алуға арналған сұрақтардың тізімі ✓ Атом туралы не білесіздер? ✓ Атомның құрамында қандай бөлшектер бар? Олар қалай орналасқан? ✓ Субатомдық бөлшектерге сипаттама беріңіздер. ✓ Орбитальдардың санын анықтау. ✓ Сыртқы электрон қабатындағы электрондардың санын анықтау. ✓ Энергетикалық деңгейдегі жалпы электрондардың санын анықтау. ✓ Элемент атомдаының электрондық формулаларын жазу. ✓ Салыстырмалы атомдық масса .Қарапайым формулалар. ✓ Жану реакциясы дегеніміз не? ✓ Өзі ауыр металға жатады. Балалар осы металды құйып сақамен атады. ✓ Тотығу реакциясы дегеніміз не? ✓ Тотығу және жану реакцияларының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айтыңыздар. ✓ Ерімейтін негіздердің сілтілерден айырмашылығы неде? ✓ Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр. ✓ Бейтараптану реакциясы деп қандай реакцияны айтады? ✓ Фенолфталеин сілтілерде түсін қалай өзгертеді? ✓ Индикатор дегеніміз не? Олардың қандай түрлері болады? ✓ Дені сау адамның азқазанында қандай күшті қышқыл болады? ✓ Күшті қышқылдарды атаңыз? ✓ Қышқылдармен, сілтілермен жұмыс істеген кезде қандай қауіпсіздік ережесін сақтау қажет? ✓ Алмасу реакциясы дегеніміз не? ✓ Адам мен жануардан бөлінеді, өсімдіктің торына ілінеді? ✓ Генетикалық байланыс дегеніміз не?


11 САБАҚ ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР 1-2. Химия тарихы. Химия терминінің шығу тарихы Қауіпсіздік ережелері. Химиялық жабдық, оны пайдалану ерекшеліктері. Мақсаты:Курстың мақсаты және химияның негізгі ұғымдары, түсініктері жайлы мағлұмат беру. Зертханалық құралдармен танысу, оқушыларға жиі қолданылатын құралдармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, пайдалану ерекшелігін үйрету Жабдықтар: Құрал-жабдықтар, слайд. Лекц ия Химияның ғылымға айналуына алғаш қадам жасап, алхимия қағидаларына қарсы шыққан ағылшын ғалымы Роберт Бойль болды. Химияның нағыз ғылым ретінде дамуы 19 ғасырдан басталды. Негізін салушы ағылшын ғалымы Д.Дальтон болды. Осы кезеңдерде химияның іргетасы болып саналатын атом-молекулалық ілім қалыптасып, атомдық салмақ ұғымының (Дальтон), құрам тұрақтылық, еселік қатынастар, көлемдік қатынастар, Авогадро, эквиваленттер, электролиз (Майкл Фарадей), тағы басқа заңдар мен заңдылықтар ашылды. Орыс ғалымы Дмитрий Иванович Менделеев жасаған элементтердің периодты жүйесі химия ғылымының жүйесін анықтап, ондағы салалардың өзара байланысын ашты. Осы кездегі химия ғылымы периодтық заң негізінде дамып келеді. 19 ғасырдың 70- жылдарынан басталған химияның даму кезеңі «органикалық химия дәуірі» деп аталады. Химия да басқа ғылымдар тәрізді адамзат қоғамының материалдық мұқтажынан туған. 18 ғасырдың ортасына дейін химия ғылым деп есептелмеген, ол кәсіптік, шеберлік ретінде ғана танылған. Көп ғалымдар химия әдістерін металлургияда, шыны, бояу өндіруде, дәрі жасауда қолданған. Орта ғасырлардағы химияның даму кезені алхимия дәуірі деп аталады. Алхимиктер жай металдың қасиетін өзгіріп, оны алтынға айналдыруға болады, ол үшін «философия тасын» табу керек, өйткені ол кез келген металды алтынға айналдырады деген.Алхимиктер еңбектері нәтижесінде көптеген маңызды заттар (қышқылдар, тұздар, сілтілер, элементтер т.б.) алу әдістері табылды. Химиялық құрал-жабдықтар Стакан және Шыны таяқша Стақан -зертханада ең жиі қолданылатын ыдыс. Қоспа/Ерітінді дайындау үшін қолданылады. Мысалы тұзды суда еріту қажет болғанда, стақанда араластып дайындаған ыңғайлы. Стакан ішіндегі химиялық заттарды жақсылап араластыру үшін шыны таяқша қолданылады. Пластик немесе метал таяқша қолданылмайды, себебі олар стақандағы химиялық заттармен реакцияға түсіп кетуі мүмкін.


12 Сынауық және Сынауық ұстағыш Химиялық заттың шағын көлемімен жұмыс жасауға арналған ыдыс. Мысалы, сынауықтың формасы ұзын жіңішке болғандықтан, ерітіндіде болып жатқан өзгерістерді көзбен бақылау ыңғайлы. Сынауықты қыздыру қажет болғанда, немесе сынауықтың ішңнде қауіпті химиялық заттар болғанда сынауықты қолмен ұстауға болмайды, ыңғайлы болуы үшін сынауық ұстағышты пайдаланамыз Құйғы Сұйық затты немесе қатты затты бір ыдыстар екінші ыдысқа ауыстырғанда құйғы пайдаланамыз, себебі ол ыңғайлы, және төгіп-шашылуды болдырмайды Өлшегіш цилиндр Сұйықтың өте нақты көлемін өлшеу үшін өлшегіш цилиндр қолданылады Өлшегіш колба Өте нақты көлемде ерітінділер дайындау үшін өлшегіш колба қолданылады. Сонымен қатар сұйылтылған ерітінділер дайындау үшін қолданылады. Бір колба тек бір көлемге сәйкес болады.


13 Конусты колба Бірнеше химиялық заттарды бір-бірімен араластыру үшін, химиялық реакциялар жүргізу үшін конусты колба пайланған ыңғайлы. Себебі, жоғарғы жағы (горлышко) жіңішке болғандықтан, төгіпшашуды болдырмайды Тұрғы Химиялық ыдыстарды (колба, стақан, сынауық...) ұстап тұру үшін тұрғы қолданылады. Мысалы, колбану қыздыру қажет болғанда қолбаны тұрғыға орнатып, астына спиртшамды қоямыз. Спиртшам Спиршамның ішінде спирт болады. Зертханада спиртшамдар жиі қолданылады себебі басқа шамдармен салыстырғанда қауіптілігі төмен Кәрлен табақша Кейбір реакциялар үшін ұзақ қыздыру қажет болса, кәрлен табақшалар қолданылады, себебі олар жоғары температураға төзімді Тапсырмалар Өлшеуіш ыдыстарды не үшін қолданады?


14 3- 4. Атомда электрондардың таралуы. Энергетикалық деңгейлер. Мақсаты: Атомдар ядродан белгілі бір қашықтықта орналасатынын біледі, энергетикалық деңгей, орбиталь, ұяшық, спин терминдеріне анықтама береді. Период нөмірі энергетикалық деңгей санын көрсететінін мысалдар арқылы сипаттайды. Әрбір энергетикалық деңгейдегі электрондар санын формула арқылы есептеп табады. Бұдан соң атомдағы электрондар ядродан әр түрлі қашықтықта орналаса отырып, электрон қабаттарын түзетіндігі жайлы айтып өткен жөн. Электрон қабаттары энергиялық деңгейлер деп те аталады. Оларды ядродан бастап 1,2,3,4,5,6,7,деп нөмірлейді,немесе K,Z,M,N,O,P,Q әріптерімен белгілейді. Атомдағы электрондарда түрлі энергия қоры болады, оны электрондар квант деп аталатын кесінді үлеспен сіңіреді немесе бөліп шығарады. Деңгейдің нөмірін көрсететін бүтін п саны негізгі кванттық сан деп аталады. Ол берілген энергиялық деңгейдегі электронның энергиясын көрсетеді. Ядроға ең жақын бірінші энергиялық деңгейдегі электрон энергиясы ең аз мөлшерде болады. Бірінші энергиялық деңгейдегі электронмен салыстырғанда қалған деңгейдегі электрондардың энергия қоры көп болады.Осыған орай сыртқы қабаттағы электрондардың ядромен байланысы әлсіз. Атомдағы энергиялық деңгейдің саны, осы элемент тұрған периодтың нөміріне сәйкес келеді: 1-период элементтеріне бір энергиялық деңгей, 2-периодта – екі, 3-периодта – үш т.с.с. Энергиялық деңгейдегі болатын электрондардың ең жоғары саны мына формуламен өрнектеледі: N = 2n2 . N-электрон саны, п-деңгей саны(ядродан бастап санағандағы) немесе негізгі квант саны. Осы формулаға сәйкес бірінші энергиялық деңгей де o электрон, п=1; 2∙12=2 o электрон п=2; 2∙22=8 o электрон, п=3; 2∙32=18 o электрон. п=4; 2∙42=32 Осыдан кейін оқушыларға оқулықтағы кестені пайдаланып, алғашқы 20 элементтің электрондық қабаттарының құрылысы түсіндіріледі.(Оқушылар дәптерлеріне жазып отырғаны жөн). Бірінші энергиялық деңгейге екі электроннан артық сыймайтындығына назар аударамыз (Мысалы, Н атомында 1-электрон, Не атомында 2-электрон бар). Сондықтан 1-ші периодта екі элемент бар.Осы формулаға сүйене отырып, 2-ші периодта – 8, 3-ші периодта – 18 элемент болатынын оқушылар есептеп табады да, Li-ден, Ne-ға дейінгі элементтердің энергиялық


15 қабаттарында электрондардың орналасуын жазады. Үшінші энергиялық деңгейді электрондар- мен толтыру алғашқы қабаттарға қарағанда өзгеше болатынына көңіл аударылады. Алғашқыда оған 8 электрон орналасады: натрийден (бір электрон) аргонға дейін (8 электрон), мұнан соң үшінші қабатты электронмен толтыру уақытша тоқталады. Калийдегі 19-шы, кальцийдегі 20-шы электрондар төртінші деңгейде болады. Бұл элементтердің атом құрылысының сызбанұсқасы: +19К 2е,8е,8е,1е; +20Са 2е, 8е, 8е, 2е; Скандий элементінен бастап (№21), мырыш элементіне (№30) дейін электрондар қайтадан үшінші энергиялық деңгейге орналасады, ал төртіншіде екі электрон сақталады, сызбанұсқасы: +21Sc 2e,8e,9e,2e; +30Zn 2е,8е,18е,2е; Галий элементінен бастап (№31) электрондар төртінші энергиялық қабатқа орналаса бастайды. Ол 4-ші периодтың соңғы элементі криптонға дейін сақталады. 1-тапсырма Реттік нөмірі №35 болатын элемент периодтық жүйеде: а) қай периодта, қатарда; ә) қай топта, топшада орналасқан; б) сыртқы энергетикалық деңгейінде неше электроны бар; ___________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 2-тапсырма Электродық конфигурациясы мынадай элементтерді анықтаңдар: 1s2 2s2 2p4 және 1s2 2s2 2p6 екі элементтердің қайсысының электр терістігі жоғары болатынын айтыңдар. 5. Химиялык формулалар бойынша есептеулер. Химиялык реакция түрлері. Мақсаты: Физикалық және химиялық құбылыстар, химиялық реакциялар, олардың белгілері туралы білімді есептер шығару арқылы тереңдету. Бұл сабақта химиялық реакцияларды теңестіру және зат мөлшері ұғымдарын қалыптастыру жалғастырылады. Оқушылар бұл сабақта реакция


16 теңдеулері бойынша есептеулар жүргізіледі. Алдыңғы өтілген тақырыптарды қорытындылап жүйелеуге және қайталауға, білімді бекітуге мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім реакция теңдеулері бойынша есептердің түрлерін көптеп шығарта алады. Алдымен химиялық реакцияларды жазу және теңестіруді қайталау ұсынылады. Әрине осы сәтте мұғалім зат массасының сақталу заңын қайталай отырып, реакция теңдеулеріне сүйене отырып сандық есептерді жүргізуге болатынын айтып өтеді. Ол үшін жұпта оқушыларға келесідей реакция теңдеулерін беруге болады, орындап болған соң оқушылар бірін бірі бағалай алады. 1-нұсқа 2-нұсқа …. + O2→ CaO NaOH + H2SO4 → …. + H2O CaCO3 → CaO + …. Fe + HCl = …. + H2 …. + H2SO4→ ZnSO4 + ….. H2O → H2 + ……… NaCl + HNO3→ …. + …. Cu + O2→ ….. Алдымен оқушылар оңайырақ есептерді шығарып машықтануы керек, содан кейін ғана күрделірек есептерді қосуға болады. Дегенмен, мұғалімнің оқушылар қарапайым есептерді шығара алғандығына көзі жетпейінше күрделісіне көшудің қажеттілігі жоқ. Ол үшін оқушылар есепті шығарудың ретін нақты білулері және ажырата алулары керек. Химиялық реакция теңдеуі бойынша есеп шығару реті 1. Есептің шартымен мұқият танысу. 2. Есеп шартын таңбалармен жазып, есептің берілгенің жазу. 3. Реакция теңдеуін жазу. 4. Реакцияны теңестіру. 5. Есеп шартында айтылған заттардың астын сызу. 6. Теңдеу бойынша есеп шығаруға қажет мәліметтерді анықтау (есеп шартына байланысты молекулалық масса, зат мөлшері, көлем, атом саны). 7. Теңдеудегі формула үстіне есеп шартында берілгенін, ал астына теңдеуден табылған шамаларды жазамыз. 8. Пропорция құрып теңдеуді есептейміз. Мысал. 20 г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің СаО массасы қанша? Берілгені: m (Са)=20 г Табу керек: m (СаО)- ? Шешуі: 1) Кальций металының ауада жанғандағы реакция теңдеуін жазып теңестіреді? 2Ca + О2 = 2CaО


17 2) реакцияға қатысатын қажетті заттардың формулалары бойынша массаларын есептейді: Мr (Са) = 40 2М(Са)= 40 г∙2= 80 г Мr (СаО) = 40+16=56 2М (СаО)= 56г∙2= 112 г 3) тиісті формулалардың астына берілген және іздейтін шамалар жазылады.: 2Ca + О2 =2CaО 80 г – 112 г 20 г- х г 4) теңдеу бойынша: 80г Са оттекпен әрекеттескенде 112г СаО түзілді, Ал 20 г Са оттекпен әрекеттескенде х г СаО түзіледі. Бұдан мынадай пропорция құруға болады. 80г : 20г =112г : х г, х=20 г ∙ 112г / 80г = 28 г CаО түзіледі. Жауабы m(СаО)=28 г Реакция типтері: Қосылу, айырылу, алмасу және орынбасу А+В= AB Қосылу AB= A+B Айырылу AB+C= CB+A Орынбау AB+ CD= AD+ CB Алмасу 1-тапсырма: Төмендегі реакция теңдеулерін теңестіріңдер, қай реакция типіне кіретінін анықтаңыздар? Ca + CI2 = CaCI2 _______________________________ Na2O = Na + O2 _______________________________ Ғе + СuCl2 = ҒеCl2 + Cu _______________________________ AI + CI2 = AICI3 _______________________________ K 2 S + Na = Na 2S + K _______________________________ Zn O + HCl = ZnCl2 + H2 O _______________________________ 2- тапсырма: 20 г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің СаО массасы қанша? 6. Күнделікті өмір, табиғаттың химиялық реакциялары. Табиғаттағы, тірі организмдердегі және адам өміріндегі химиялык реакциялардың маңызы. Мақсаты: Химиялық реакцияларды өмірмен байланыстыра ұғындыру, дүниетанымдарын кеңейту. Химиялық реакциялардың белгілерін және оқушылардың назарын күнделікті өмірде олардың айналасында болатын химиялық реакцияларға назар аудару. Табиғаттағы химиялық реакциялардын


18 мысалдарын келтіруге болады; Тірі организмдердегі және адам өміріндегі химиялық реакциялардың маныздылығын түсіндіріңіз. Химик рөлдік ойыны Оқушыларды алдын ала топқа бөлінді 6-топ. Топ бойынша оқушылар өздері дайындап келген тәжірбиелерін көрсетеді 1-топ: Жанартау. 2-топ: Адсорбция. 3-топ:Қарапайым сіріңке . 4-топ: Сиқырлы ұнтақ. 5-топ:Жылдам кеспе. 6-топ:Сия дайындау . Рөлдік ойын «Химик»- деп аталды. Тәжірибелерді көрсету және реакция белгілерін анықтау. Сабақтың ерекшелігі оқушылар өздері айналамыздағы үй жағдайындағы химиялық реакцияларды жасап көрсетіп, оның маңызын түсіндіру 1-топ. Жанартау Реактивтер: жанартау макеті, шыны ыдыс, ас содасы және сірке қышқылы, қызыл бояу қажет. Тәжірибе барысы жанартау макеті ішіне сыйымдылығы 100- 150 мл шыны ыдысқа 1 ас қасық ас содасын (натрий гидрокарбонаты), кез-келген ыдыс жууға арналған сұйықтықты, қызыл бояу бірнеше тамшысын (лаваға түс беру үшін), 40-50 мл 3-9% сірке суын құйамыз атқылау басталып, көпіршікті көбік саңылаудан атқылай бастайды. Химиялық реакция көмірқышқыл газының бөлінуімен жүреді, ол көпіршіктеніп, массаның макетінің шеттері арқылы толып атқылауына әкеледі. Барлығы мүлдем зиянсыз және қауіпсіз реакция : 3 + 3COOH =3 + 2 +2 (натрий бикарбонаты немесе сода) + (сірке қышқылы) = (натрий ацетаты) + (көмірқышқыл газы) + (су). Ыдыс жуғыш зат "лаваны" көбірек көпіршіктендіреді Сонымен қатар, мұндай реакция өте бейбіт мақсатта қолданылады деп айтуға болады – мысалы, ас үйде қамыр илегенде. Қышқылды сілтімен байланыстырған кезде көмірқышқыл газы пайда болады,ол қамырды үлпілдек етеді, онда көпіршіктер мен ауа жолдары пайда болады. Мұны оның ескі таныстары-сода мен сірке суы жасайды. 4-сурет . Жанартау тәжірибесі. 2-топ. Адсорбция Реактивтер: бозғылт сия, белсендірілген көмір, шыны ыдыс. Қазір талқыланатын физика-химиялық құбылыспен бәрі таныс шығар, бірақ оның адсорбция деп аталатынын бәрі білмеуі мүмкін. Егер сіз сабақта адсорбциядан өтпеген болсаңыз да, оны бірнеше рет байқадыңыз. Сия дақтарын қағазға немесе одан да жаманы, киімге сіңу процессі еске түсірсек бұл


19 құбылыспен бірден танысыңыз. Бір заттың беті (қағаз, мата және т.б.) басқа заттың бөлшектерін (сия және т. б.) сіңіргендегі, бұл адсорбция деп аталады. Өте жақсы адсорбент-көмір, тас емес, ағаш және жай ағаш емес, белсенді (белсендірілген). Мұндай көмір дәріханаларда, әдетте таблетка түрінде сатылады. Одан адсорбция бойынша тәжірибелерді бастайық. Кез келген түсті бозғылт сия ерітіндісін дайындап аламыз және арнайы шыны ыдысқа құйамыз. Шыны ыдысқа белсенді жақсырақ ұсақталған көмір таблеткасын саламыз, сия ерітіндімізді жақсылап араластырамыз. Ерітінді көзге жарқырайды. Адсорбция-бұл бетті сіңіру, содан кейін байқағанымыз: беті неғұрлым үлкен болса, соғұрлым сіңіру жақсы болады 1-тапсырма Адамның тыныс алуына 1кг массаға шаққанда шамамен сағатына 0,285г оттек қажет екен. Салмағы 50 кг адам дем алу үшін ауаның қандай массасы қажет болатынын есептеңдер. Өздерің оқитын сыныпта оқушылардың 45 мин демалуын қамтамасыз ету үшін қанша килограмм ауа керек екенін есептеп дәлелдеңд 2-тапсырма Ас тұзы NaCl адам және жануар ағзасындағы негізгі құрам бөлігі. Ересек адамның денесінде 200г. NaCl тұз болады, оның 45г қанда ериді. Тұз ағза мен ұлпаны құрайтын жасуша қызметін қалыптандырады. Адам тәулігіне 5 - 6 грамдай ас тұзын пайдаланса, жеткілікті. Тұз жетіспесе немесе күнделікті мөлшерден артып кетсе ағзаға зиянын тигізеді. артериалдық қысымның көтерілуіне әкеледі. 7. Ауа. ауа қурамы Сутек, алынуы, касиеттері және колданылуы Мақсаты: Ауа туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру. «Сутекті алу және оның қасиеттерін тану». Су, ауа экологилық мәселелерді талқылау, қорғау шараларын іздестіру. Озон қабатының маңызын, оның бұзылуының себептері мен салдарын түсіндіру. Озон қабатын қорғау әдістерін түсіндіру Сабақ барысы; «Миға шабуыл» әдісі арқылы сабақ тақырыбымен таныстырылады. «Су, ауа, озон қабатын қорғайық» бейнекөрінісін көрсету арқылы сабаққа қызығушылығын ояту. Эколог маманы ойыны. Оқушыларды 3 топқа бөліп, тапсырмалар беру: І топ «Су экологтар» тобы: Судың ластануының себебін анықтайды және қорғау шараларын ұйымдастырады ІІ топ «Ауа экологтар» тобы: Ауаның ластануының себебін анықтайды және қорғау шараларын ұйымдастырады


20 ІІІ топ «Озон экологтар» тобы: Озон қабатының жұқару салдарын, оны қорғау шаралары. Әр топ оқулықпен және интернет желісін пайдаланып жұмыс жасап, қажетті құралдарды қолданады. Постерді қорғау, бір-бірін тексеру. Озон. су, ауа қабатымен байланысты экологиялық мәселені талқылау. 1-тапсырма Келесі қосылыстардың құрамындағы элемент атомдарының қатынасын анықтаңыз. Молекула моделі Қосылыстағы элемент атомдарының қатынасы Су H : O : Көміртек оксиді C : O : Аммиак N : H : Көміртек монооксиді C : O : 8.Қышкылдар. Қышкылдардың қасиеттері Мақсаты: Қышқылдардың қасиеттерін, классификациясын білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын, реакция теңдеулерін жаза білу. Оқушылардың ойлау қабілеттерін күнделікті тұрмыспен, өмірмен тығыз байланыстырса, сабақ тартымды және қызықты өтеді. Сол себепті бұл тақырыпты сын тұрғысынан ойлау ойын сабағы түрінде өткіздім. І. «Ой түрткі» деңгейлік тапсырмалар арқылы үй тапсырмасын сұраймын: 1 – деңгей: а) оксидтердің қасиеттері, жіктелуі, мысал. ә) негіздіердің қасиеттері, мысал. 2 – деңгей: а) суда еритін және ерімейтін негіздерді тауып жазыңыз: суда еритін суда ерімейтін NaOH Fe(OH)3 Ca(OH)2 Zn(OH)2 Cu(OH)2 LiOH ә) берілген оксидтердің формулаларын аталуымен жұптастырыңыз: CuO азот ( ІV) оксиді


21 MgO фосфор (V) оксиді NO2 мыс (II) оксиді P2O5 магний оксиді Cu2O мыс (I) оксиді 3 – деңгей: Оксидтердің қасиеттеріне реакция теңдеулері арқылы қорытынды жасау: Na2O + … 2 NaOH … + CO2 CaCO3 + … II. «Ой толғау» Химиялық айналымды орындау 1. C CO2 H2CO3 CaCO3 CaO 2. Li Li2O LiOH Li2SO4 ІІІ. «Алтын қабақ ату» ойыны. Химиялық қосылыстарды ажыратып, теріп жаз: H2O, Ca(OH)2, CuCl2, Na2SO4, H2S, H3PO4, CO2, MnSO4, NaOH, CaCl2, LiOH, H2CO3, AgCl 3 кесте. Оксид Негіз Қышқыл Тұз 9. Су және адам денсаулығы Өзектілігі: Іскерлік ойынның өзектілігі оның мақсаты жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі бағыттарына сәйкес келеді, әлеуметтік бейімделген, белсенді өмірлік ұстанымы бар, интеллектуалды жастар. Өскелең ұрпақтың денсаулық жағдайы, жастардың өмір салты-бұл қазіргі жағдайды көрсетіп қана қоймай, болашаққа болжам жасай алатын әлеуметтік әл-ауқаттың маңызды көрсеткіші. Тек дені сау, белсенді адам ғана білімді сапалы игере алады, оны барынша толық жүзеге асыра алады және қарқынды дамып келе жатқан қоғамға тиімді бейімделе алады. Проблема:Ауыз судың сапасы. Мақсаты: –дидактикалық: білім алушылардың ауыз судың құрамы мен сапасы туралы білімдерін қалыптастыру; -дамытушылық: тәуелсіз шешім қабылдау дағдыларын дамыту, талдау және қорытынды жасау қабілеті; -тәрбиелік: оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына тәрбиелеу; жас азаматтарда салауатты өмір салтын ұстануға және дұрыс тамақтануға мотивациялық көзқарастар мен құндылық бағдарларын қалыптастыру үшін жағдай жасау. Түрі-оқу сабақтары:Лекция элементтері бар рөлдік ойындар. Түрі-оқу сабақтары:сабақ-жаңа білім алу.


22 Оқыту әдістері: өз бетінше жұмыс жасау, химиялық реактивтермен, көрсету. Пәнаралық байланыс химия, биология, экология Оқыту құралдары: оқытудың көрнекі құралдары; мультимедиялық проектор; экран; үлестірме материал. Жарақтандыру оқу сабақтары: Сабақ өткізу үшін қажет компьютер, мультимедиялық проектор және экран, жинағы химиялық ыдыс және химиялық реактивтер. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: - сәлемдесу қатысып, - оқушыларды түгелдеу - оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, - сабақтың тақырыбы және мақсатын хабарлау. 2.Заңдылықтарымен жаңа тақырып; - өзектендіру тірек студенттердің білімін; - оқу үрдісінің мотивациясы ( ішінде сабақ) Ауызша әңгіме: Су қандай химиялық элементтерден тұрады ? Судың қандай агрегаттық күйде болуы мүмкін ? 3.Жаңа материалды үйрену: Рөлдік ойын: "Су және адам денсаулығы" Проблема:Ауыз судың сапасы. Мақсаттары: 1.Білім алушылардың ауыз судың құрамы мен сапасы туралы білімдерін қалыптастыру 2.Білім алушылардың талдау, қорытынды жасау қабілетін дамыту. 3.Өз денсаулығы үшін жауапкершілікті тәрбиелеу. 4.Салауатты өмір салтына мотивация. Міндеттері: Ойын барысында оқушылардың ауыз су сапасының адам денсаулығына әсері мәселесін қарастырады. Рөлдер: 1.Педагог; 2.Суды краннан ішетін оқушы; (1) 3.Тазартылған су ішетін оқушы; (2) 4.Медицина қызметкері; Ойын сценарийі: -оқытушы білім алушыларға рөлдік ойынның барысы, оның мәні, оны іске асырудың реттілігі туралы айтып береді; -ойынға кіріспе: а) мұғалім ауыз су сапасының денсаулыққа қалай әсер ететініне байланысты мәселені білдіреді; б) оқытушы білім алушыларды проблеманы шешуге жетелейді;


23 - ойынға қатысушылар арасында рөлдерді бөлу-алдыңғы сабақта орын алады. Кіріспе ойын: Оқытушы: Балалар! Бүгін біз бірде-бір адам, жануар мен өсімдік онсыз өмір сүре алмайтыны туралы сөйлесетін боламыз-су туралы! Сонымен қатар, біз қандай су болатыны, қандай су ішуге болатыны және қайсысы қажет емес екендігі туралы сөйлесеміз, судың сапасы біздің денсаулығымызға қалай әсер ететіні туралы қорытынды жасаймыз! Мен сізге сабақта жиі болатын жағдайды қарастыруды ұсынамын. Оны сізге жолдастарыңыз көрсетеді! Ойын қатысушыларына тақтаға өтуді ұсынады, оларды ұсынады. Ойынға кірісу ; 1 оқушы: Мұғалім, су ішуге болады ма? Педагог: Болады , тек краннан су ішпеңіз. 1 оқушы: Неліктен краннан су ішпеу керек, Мен әрқашанда ішемін! Педагог:Сіз бұл өте зиянды екенін білесіз бе? Балалар, бәрің краннан су ішесіңдер ме? 2 оқушы: Жоқ, мен тазартылған су ішемін. Педагог: Сіз крандағы су мен тазартылған судың айырмашылығы неде екенін білесіз бе? Медицина қызметкерінен неге ағын су ішпеу керектігін айтуды сұрайық. Медицина қызметкері: Краннан шыққан суда әртүрлі ауруларды тудыруы мүмкін көптеген микробтар бар: тырысқақ, іш сүзегі, гепатит, дизентерия. Бұл ауруларды емдеу күрделі, бұрын адамдар мұндай аурулардан қайтыс болған. Сонымен қатар, ағын суда адам денсаулығына теріс әсер ететін кейбір химиялық қосылыстардың жоғарылауы мүмкін. Бірақ бұл туралы сізге химия мұғалімі жақсы айтады. Химия пәнінің мұғалімі: Балалар, сіздер крандағы суды қалай зарарсыздандыратынын білесіздер ме? 1 оқушы: Мен білемін, олар ағартқыш хлор қосады. Ол микробтарды өлтіреді. Химия пәнінің мұғалімі: Дұрыс. Бұл зат Натрий гипохлориті деп аталады. Бұл заттың құрамында күшті тотықтырғыш болып табылатын бос хлор бар. Оның артық мөлшері адам ағзасында тотығу-тотықсыздану процестерін тудырады, олардың өнімдері қатерлі ісікке әкелуі мүмкін. 2 оқушы: Бірақ қайнаған кезде хлор буланып кетеді, демек суды қайнатуға болады. Мен анам хлордың кетуіне көмектесу үшін гүлдерді суару үшін суды тұндырып қоятынын білемін. 1 оқушы: Менің атам мен әжем әрқашан шикі су ішеді! Химия пәнінің мұғалімі: Ал олар қайда тұрады? 1 оқушы: Ауылда. 2 оқушы: Осылайша олар табиғи сүзгілермен тазартылған таза бұлақ суын ішеді.


24 Химия пәнінің мұғалімі: Дұрыс. Ең жақсы су табиғи көздерден келеді, бірақ қалада бұлақтар жоқ, сондықтан тазалау мен зарарсыздандырудың қарапайым әдістерінен басқа ғалымдар ағын судың сапасын жақсартатын арнайы сүзгілерді қолдануды ұсынды. Педагог: Балалар, суда хлор бар екенін кім өз көзімен көргісі келеді? Шығыңыз, өзіңіз тәжірибе жасаңыз! Біз кран суында хлордың болуын дәлелдейтін тәжірибе жасаймыз. 1 оқушы: Фу, пробиркада қандай жаман нәрсе бар? Бұл менің ішімде де бар ма? Педагог (1 оқушыға): Ал, сіз әлі де краннан су ішкіңіз келе ме? 1 оқушы: Мен енді краннан су ішкім келмейді! Содан кейін қандай су ішу керек? 2 оқушы: Біздің мектепте таза ауыз суы бар салқындатқыштар бар-оны ішіңіз! 1 оқушы:Салқындатқыштағы судың жақсы екеніне қалай көз жеткізуге болады? Педагог: Салқындатқыштан біраз су алып, оны дәл осылай тексерейік, келісесіз бе? 2 оқушы: Мен қазір тәжірибе жасаймын! (суды тексереді-тұнба жоқ) 1 оқушы: Қараңызшы, қараңызшы-жағымсыз нәрсе пайда болған жоқ!! Сонымен, салқындатқыштағы су құрамында хлор жоқ! Енді мен тек осындай суды немесе бөтелкелерді ішемін! Педагог: Дұрыс қорытынды жасай білу және дұрыс шешім қабылдау өте маңызды! Жарайсыздар ! Қорытындылау: Оқытушы: сонымен, ағын су, бөтелкедегі су, салқындатқыш су, бұлақ суының айырмашылығы бар ма? Болжалды жауаптар: иә, айырмашылық бар! Оқушыларға оқытушының сұрақтары: Судың сапасы сіздің денсаулығыңызға қалай әсер етеді деп ойлайсыз? Болжалды жауаптар: иә, әсер етеді; мүмкін және әсер етеді, бірақ бұл байқалмайды; жоқ, әсер етпейді. Сіз суды ағын суды ішесіз бе? Болжалды жауаптар: жоқ, болмайды; бәрібір болады. Ойыннан түсіру:


25 10. Қызықты тәжірбиелер Мақсаты: Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттырып, дүниетанымдық көзқарасын дамыту. Қызықты тәжірибелерді көрген оқушыда қызығушылықтан әртүрлі сұрақтар туады. Одан әрі сол сұрақтың жауабын табуға ынталанады.Нәтижесінде оқушының химия пәніне деген қызығушылығы артып, ынтасы дамиды. Қызықты тәжірибелердің «кілтін» немесе мәнін бірден айтудан гөрі оқушылардың өзіне ойландырып айтқызған дұрыс.Тәжірибе жасайтын оқушыларды таңдап алудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Тәжірибе жасайтын оқушы өзінің сөзімен , іс-қимылымен оқушыларды шын мәнінде «сиқыршы» тәрізді тартатындай болуы тиіс. Сондай тәжірибелердің кейбіреулері беріліп отыр . Сондай-ақ үй жағдайында жасап көруге болатын қызықты тәжірибелер де беріліп отыр. 1. Отсыз түтін Тәжірибе жүргізуші: « Отсыз түтін жоқ, бұлтсыз жауын жоқ »- дейді. Міне, осы мақалды химия жоққа шығарады. Қараңдар, мен қазір отсыз түтін шығарамын. – деп екі таяқшаны бір –біріне жақындатады. Сонда будақтаған қою ақ түтін пайда болады. Содан кейін түтін шығу себебін сурап немесе түсіндіреді. Мүсәтір спиртіне батырылған таяқшаны концентрациялы тұз қышқылына батырылған таяқшаға жақындатып тигізгенде будақтаған ақ түтін пайда болады. Онда мынадай реакция жүзеге асады: NH4OH+ HCI=NH4CI+ H2O Будақтаған ақ түтін- аммоний хлоридінің майда түйіршіктері . Бұл тәжірибені цилиндрде де жасауға болады не екі ерітіндіге батырылған мақталарды тиістіру арқылы түтін түзілетінін көрсетуге болады.


26 2. Шақпақ қантты қалай жағуға болады? Егер бір түйір шақпақ қантты спиртшамның жалынына ұстаса , ол балқып көмірленіп күйе бастайды, бірақ жанбайды. Ал қант балқыған кезде үстіне темекі күлінен сеуіп жіберсе , қант от алып, әдемі көкшіл жалынмен дыбыс шығарып жана бастайды. Оның құпиясы мынадай: «Темекі күлінде шамалы литий тұзы болады, ол қанттың тотығуын тездетіп жандырады, яғни катализатор рөлін атқарады». Им иимичиммиииииииимииим 3. Резиналы жұмыртқа Жұмыртқаның қабығы кальций карбонатынан тұратынын бәріміз жақсы білеміз. Сірке суын пайдалана отырып, жұмыртқаны қабығынан қалай тазалауға болатынына көз жеткіземіз. Ол үшін бір шикі және бір піскен жұмыртқаны аламызда екі стақанға салып, сірке суымен толтырамыз. Жұмыртқа қабығынан көпіршіктер бөлініп шығып жатқанын байқауға болады, ол бөлініп жатқан көмірқышқыл газы. 2-3 күн өткен соң жұмыртқаны алып суық суға шайып көретін болсақ, шикі жұмыртқа резина тәрізді массаға, ал піскен жұмыртқа қоймалжың массаға айналады. Яғни төмендегі реакция жүзеге асады. CaCO3+2CH3COOH= (CH3COO)2Ca+CO2 +H2O


27 4.Құмнан шыққан жылан Ас содасы мен қант ұнтағын (сахарная пудра) араластырамыз, әйнектің бетіне құмды саламызда тегістеп оған спирт (изопропанол) құямыз да үстіне араластырған қоспаны салып от тамызамыз. Біраз уақыттан соң құмнан ирелеңдепжылан тәрізді затшыға бастайды. 5. Көпіршіктер жасау Сұйық сабынның 20 мл алып, оған марганцовка ерітіндісін және сутегінің асқын тотығын құйып араластырамыз. Көпіршіктердің көлемі ұлғая береді. 6. Майшамды үрлемей өшіру Ас содасынан 1-2 қасық тарелкағасалып, оған сірке суынан құямыз.Көмірқышқыл газы бөліне бастағанына көз жеткізуге болады. Жанып тұрған майшамға жақындатсақ майшам өшеді, себебі көмірқышқыл газы ауадан ауыр болғандықтан ыдыста жиналады және ол жануды қолдамайды.


28 7. Крахмалды анықтау Ыдысқа суық су құйып оған нанның бір тілімін саламыз, оны кайтадан алып суға йод ерітіндісіне тамызамыз , біраз уақыттан соң су кара түске дейін өзгереді. Бұл дегеніміз крахмалдың бар екенінің белгісі. 8. Шырпы неге жалындап жанады? Стақанға сутегінің асқын тотығынан аздап құямыз да оған калий перманганатының біраз түйірлерін саламыз. Быжылдап газ бөлінгенін байқаймыз, ол бөлінген оттегі газы. Дәлелдеу үшін шала жанған немесе сөніп бара жатқан шырпыны стақанға жақындатамыз, шырпы лапылдап жанады. Ал оттегі жануды қолдайды. 9. Ерітіндінің түсін өзгерту Суға зеленканың бірнеше тамшысын тамызамыз, жасыл түсті ерітінді пайда болды. Оған сутегінің асқын тотығының бірнеше тамшысын қосамыз. Оның үстіне күйдіргіш натр немесе кәріз тазалағыш сұйықтықтың бірнеше тамшысын тамызамыз. Біраз уақыттан соң ерітінді түссізденеді.


29 Бұл әдісті киімге түскен дақтарды кетіруге пайдалануға болады , бірақ сілтінің орнына аммиак ерітіндісін пайдаланамыз. 10. «Бағдаршам» жасау Бұл тәжірибе ерітіндінің түсін тез өзгертуіне байланысты «бағдаршам» деп аталады. Алдымен калий перманганатын суға аз мөлшерін ерітеміз, қантты суға ерітеміз, екі ерітіндіні бір-біріне қосамыз да үстіне сілті немесе кәріз тазалайтын сұйықтықтан құямыз. Таңқурай түсті ерітінді алдымен көк түске сосын жасыл түске соңынан сары түске өзгереді. Неге? Себебі: Калий перманганаты қантты сілтілік ортада тотықтырып, марганец диоксиді түзілді.


30 Үлгілік тапсырмалары: 1-тапсырма. Алхимиктерден тапсырма Тапсырма: алхимиктердің көзқарасы бойынша жеті планетаға ежелден белгілі болған жеті металл және апта күндері сәйкес келген. Сіздің міндетіңіз –дұрыс сәйкестікті табу. СЫНАП КҮН ЖЕКСЕНБІ МЫС АЙ СӘРСЕНБІ ҚОРҒАСЫН ЮПИТЕР ЖҰМА ҚАЛАЙЫ МЕРКУРИЙ БЕЙСЕНБІ ТЕМІР САТУРН ДҮЙСЕНБІ АЛТЫН МАРС СЕНБІ КҮМІС ВЕНЕРА СӘРСЕНБІ 2-тапсырма. Химиялық элементтердің таңбалары берілген: Al, K, Cl, Na, Mg, Li, S, Si, Rb, Ag, P, Ar, Cs, Cu, Fr, Fe, H, Au, Ca, Zn Табу керек: 1) химиялық элементтерді алфавиттік ретпен орналастыру; 2) тұрақты валенттілік көрсететін элементтерді теріп жазу; 3) ауыспалы валенттілік көрсететін элементтерді теріп жазу. __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ __ 3-тапсырма. Берілген кестеде қанша зат бірнеше рет кездеседі: 1) химиялық элемент (оттек, кремний) 2) жай зат (сынап) 3) күрделі зат (күміс хлориді) 4) қышқыл (тұз қышқылы) 5) еритін тұз (калий нитраты) 6) оксид (кальций оксиді) HCl Mg CaO KNO3 Hg Si NaOH CO2 O2 CuO Si O2 HCl NaOH CaO Mg HCl Hg KNO3 AgCl CuO CO2 Mg O2 KNO3 CO2 NaOH HCl CaO Si Mg HCl NaOH Hg HCl CaO KNO3 CO2 Mg O2


31 AgCl O2 KNO3 Mg Si Hg HCl NaOH CuO HCl CaO CO2 HCl Hg O2 CuO Mg KNO3 Si O2 KNO3 NaOH AgCl CaO CO2 HCl CuO Hg NaOH AgCl NaOH HCl Si Mg O2 KNO3 AgCl CaO O2 CO2 CuO O2 Hg NaOH CaO CO2 HCl Si KNO3 AgCl Hg KNO3 Si HCl CaO O2 Mg NaOH HCl Hg 4-тапсырма: Алтын – ең қажетті химиялық элементтердің бірі. Алтынның қасиеттерін анықтаңыз. протондар саны: нейтрондар саны: электрондар саны: 5-тапсырма: Сурет бойынша химиялық реакциялар теңдеулерін құрастырыңыз және теңестіріңіз. + = темір оттек темір (ІІІ) оксиді __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________


32 6-тапсырма Натрий – күмістей ақшыл түсті, жұмсақ сілтілік металл, табиғатта бос күйде кездеспейді. Ауада оңай тотығатындықтан керосин астында сақтайды. Сумен шабытты әрекеттеседі. (а) Натрийдің сумен әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңыз, теңестіріңіз __________________________________________________________________ (b) Массасы 34г натрий сумен әрекеттескенде түзілетін сутегінің массасын есептеңіз. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ ________________________________________________________________ (с) Реакция нәтижесінде (b) тапсырмасындағы түзілген өнімдердің зат мөлшерін есептеңіз __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 7- тапсырма Сөз жұмбақты химиялық элементтермен толтыр: А Р Г О Н 8-тапсырма: «Ұзақ ұмытып кеткен күндердің сөздері». Химияда көптеген заттардың номенклатуралы мен тривиальды атаулары бар. Сіз сол заттардың әртүрлі «атаулармен» берілген формуланы тауып, сәйкестендіріңіз. 1. Иіс газы а) K2CO3


33 2. Ізбестас б) NaHCO3 3. Батпақты газ в) Н2О2 4. Поташ г) NO2 5. Ас содасы д) CH4 6. Теңіз қышқылы е) CO 7. Гидроперит ж) СаСО3 8. Ку порос майы з) NO 9. Күлдіргіш газ и) AgNO3 10. Ляпис к) HCl 11. Мүсәтір спирті л) FeSO4 12. Қоңыр газ м) NH4OH Шығармашылық тапсырма 9-тапсырма Адамның тыныс алуына 1кг массаға шаққанда шамамен сағатына 0,285г оттек қажет екен. Салмағы 50 кг адам дем алу үшін ауаның қандай массасы қажет болатынын есептеңдер. Өздерің оқитын сыныпта оқушылардың 45 мин демалуын қамтамасыз ету үшін қанша килограмм ауа керек екенін есептеп дәлелдеңдер. 10-тапсырма Ас тұзы NaCl адам және жануар ағзасындағы негізгі құрам бөлігі. Ересек адамның денесінде 200г. NaCl тұз болады, оның 45г қанда ериді. Тұз ағза мен ұлпаны құрайтын жасуша қызметін қалыптандырады. Адам тәулігіне 5 - 6 грамдай ас тұзын пайдаланса, жеткілікті. Тұз жетіспесе немесе күнделікті мөлшерден


34 №1 бақылау жұмысының үлгілік тапсырмалары 1. Химиялық құбылыс: А) судың булануы В)сүттің ашуы С)қардың еруі D) қорғасынның балқуы E) судың қатуы; 2. Мына берілгендердің ішінде күрделі заттарға жататындары: А) алтын В)озон С)күкірт D )темір сульфиді Е) сутек 3. Салыстырмалы молекулалық массасы үлкен қосылысты көрсетіңдер: А)хлорсутек HCI В)фторсутек HF С)су H2O D)күкіртсутек H2S E)бромсутек НВr 4. 25 г әктасында (СаСО3) қанша моль зат бар? А)0,25 моль В)0,5моль С)1 моль D)1,5 моль Е) 1,75 моль; 5 ..Қай қосылыста оттектің массалық үлесі көп: А)Li2O В)MgO С)CaO D)BaO Е)СО2; 6.Эндотермиялық процесс: А)2H2+O2=2H2O+Q В)2H2O=2H2+O2-Q С) N2+3H2=2NH3+Q D) CaO+Н2О→Са(ОН)2+ Q Е) С+ О2→СО2+ Q 7. Сутек: А)N2-пен В) S-пен С) O2-пен D) HCI-мен Е)Са-мен әрекеттеспейді 8. 240г мыс оксидін толығымен мысқа айналдыру үшін қажет сутектің зат мөлшері: А) 1 моль В)0,1 моль С) 1,5 моль D) 3 моль D) 2моль 9. P→P2O5-+H2O→x айналым тізбегіндегі «х» деп белгіленген заттың формуласы: А)H2СO3 В)H3PO4 С)P2 O3 D) N2 Е)РН3 10.Сілті ерітінділеріндегі метилоранждың түсі : А)түссіз В)қызыл С)сары D)қызғылт сары D)таңқурай түсті 11. Тұз қышқылы әрекеттеспейтін зат: А) Cu-мен В) CuO-мен С) Cu(OH)2-мен D) Zn-пен Е)АІ-мен 12. Бейтараптану реакциясы мына заттардың арасында жүреді: А)қышқыл мен метал оксиді В)қышқыл мен металмен С)қышқыл мен негіз D) қышқыл мен тұз Е) тұз бен тұз 13. Қай затпен су орынбасу реакцияларына түсе алады: А)MgO-мен В)CO2-мен С)Ca-мен D)NaCI-мен Е)СаО-мен 14. Азот қышқылының мыс (ІІ) гидроксидімен химиялық реакция теңдеуіндегі реакция өнімдерінің формулаларымен олардың алдындағы коэффиценті: А) Cu(NO3)2және 2H2O В) Сu(NO3)2 жәнеH2 С)CuOжәне 2H2O D)CuOжәне H2O Е) 2Cu(NO3)2және H2O 15. Массалық үлесі 5%-дық 50г тұз ерітіндісін дайындауға қажет су мен тұздың массалары: А)49,5г және 0,5г В)50г және 0,5г С)47,5г және 2,5г D)49,7 және 0,25г D)50г және 5г 16. Негіздік оксидтің формуласын көрсетіңдер:


35 А)HCI В)KOH С)MgO D)Ca(OH)2 Е) H2O 17. Мына берілген элементтер қатарының қайсысы жалпы формуласы RO болатын оксидтер түзеді? А)Mg,Ca,Be В)Na,K,Li С)B,Al,Ga, D)N.P,As D) C, Si,Pb 18. Галоген тобына жатпайтын элеменn A) I B) Br C) Cr D) Cl E)F 19. Фтор бос күйінде: А) сұйық улы зат В) қатты улы зат С) улы газ D) қара сұр түсті улы газ Е)жасыл-сары түсті улы газ 20. Массасы 8 г күкiрт (IV) оксидi суменәрекеттескенде,түзiлген күкiрттi қышқылдың массасы A) 10,25 г B) 13,25 г C) 14,25 г D) 11,25 г E) 12,25 г 21. Су молекуласындағы оттектің массалық үлесі A) 70,9% B) 90,9% C) 77,9% D) 95,9% E) 88,9% 22. Мөлшері 2 моль (қ.ж) хлорсутектің алатын көлемі A) 40,6 л B) 44,8 л C) 43,5 л D) 33,2 л E) 38,5 л 23. Натрий карбонатымен тұз қышқылының әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін газ A) CO2 B) CO C) O2 D) Cl2 E) H2 24. Айналымдағы Э→ЭO2→ ЭO3 → H2ЭO4, „Э” заты A) S B) Fe C) Ca D) Hg E) Na 25. Үлкен периодтағы элементтер саны A) 2,32 B) 2,8 C) 18,32 D) 2,18 E) 18,8


36 №2 бақылау жұмысының үлгілік тапсырмалары Химиялық монополия ойыны Химиялық монополия ойыны арқылы бақылау жұмысын алу. Оқушыларға бақылау тапсырмалары таратылып беріледі. Ойын парағында оңайынан деңгейлік тапсырмалар беремін. І – нұсқа 1. Қай қатарда тек қышқылдар орналасқан: А) 2, 3, 2, , 2 Ә) 2, , , , 24 Б) 3, , 24, 34, 2 В) 2, , 2, 23 2. Негіздердің химиялық қасиеттерін жазыңдар. 3. Берілген реакцияларды жүзеге асырыңдар: 2 ()2 4. Фосфор мен оттекті әрекеттесіп 0,2 моль фосфор (Ү) оксиді түзілу үшін қ.ж. – да оттектің қандай көлемі қажет? 5. Массасы 20 г көмір жанғанда түзілетін көмір (ІV) оксидінің массасы мен зат мөлшерін табыңдар. ІІ – нұсқа 1. Қай қатарда тек оксидтер орналасқан: А) 2, , 3, 2, 2 Ә) 2, ,2, 2, 3 Б) , 23, 4, 25, 2 В) 2, 23, , 3


37 2. Тұздардың алу жолдарын жазыңдар? 3. Берілген реакцияларды жүзеге асырыңдар: 2 23 4. Массасы 980 г күкірт қышқылы мен мырыш толық реакцияға түсетін болса, мырыштың массасы мен зат мөлшерін анықтаңдар. 5. Массалық үлесі 5 % 50 г барий хлоридінің ерітіндісі натрий сульфаты ерітіндісімен әрекеттескенде неше грамм барий сульфаты түзіледі? ІІІ – нұсқа 1. Қай қатарда тек амфотерлі гидроксидтер орналасқан: А) ()2, ()2, ()2 Ә)Zn(OH)2,Ba(OH)2,Fe(OH)2 Б)Al(OH)3,KOH,Mg(OH)2 В) ()2,()2, ()3 2. Қышқылдардың химиялық қасиеттерін жазыңдар. 3. Берілген реакцияларды жүзеге асырыңдар: 23 3 ()3 24 4. Құрғақ ас тұзының 11,7 грамы күкірт қышқылының концентрлі ерітіндісімен әрекеттескенде қанша (қ.ж.) хлорлы сутек газы бөлінді? 5. Массасы 20г сілтіні 60 г суда еріткенде түзілген ерітіндінің массасы мен еріген затың массалық үлесі қандай? IV – нұсқа 1.Қай қатарда тек тұздар орналасқан: А) (3)2, , 2, 4 Ә), 2, 3, 3 Б)2, , 25, 2 В) ,4, 2, 2. Тұздардың химиялық қасиеттерін жазыңдар. 3. Берілген реакцияларды жүзеге асырыңдар: 2 22 4.Массасы 10,7 г темір (ІІІ) гидроксиді түзілу үшін FeCL3 натрий гидроксидімен әрекеттеседі? 5.20 % - тік 500г ерітіндіні дайындау үшін қанша грамм тұз, қанша грамм су қажет


38 Оқушылардың бір жыл бойына білім алу қызметін бағалау бағдарламасы Теория Бір тоқсандағы сабаққа қатысуы, зертханалық сабақтардағы белсенділігі–0-ден бастап 5 баллға дейін. Зертханалық сабақтар Бір тоқсан ішінде тәжірибелік сабақтардың орындалуын бақылау: жазбаларды сауатты түрде ресімдей білу, тәжірибелік тапсырмаларды дұрыс орындай білу, бір тоқсан ішіндегі сабақтарға дайындалу деңгейі - 0-ден бастап 15 баллға дейін. Өзіндік жұмыс Үйге берілген есептерді шығару - 0-ден бастап 10 баллға дейін. Білім алу қызметінің басқа түрлері Алдыңғы кестенің бағандарында көрсетілмеген білім алу қызметінің түрлері - 0-ден бастап 15 баллға дейін. №1 бақылау жұмысы (0-ден бастап 5 баллға дейін). №2 бақылау жұмысы (0-ден бастап 5 баллға дейін). Тесттік бақылау - 0-ден бастап 5 баллға дейін Аралық аттестация 26-30 балл – «өте жақсы» 21-25 балл – «жақсы» 11-20 балл – «қанағаттандырарлық» 0-10 балл– қанағаттандырарлықсыз жауап. Осылайша, «Қызықты химия» элективті курс бойынша оқушының бір жыл бойына білім алу қызметінің барлық түрлері үшін мүмкін болатын ең жоғары балл жиынтығы 100 баллды құрайды.


39 Пайдаланылған әдебиеттер 1. Қ. Бекішев, Г. Бердібек . Жұмбақталған химиялық олимпиада есептері. Оқу құралы.- Алматы «Қазақ университеті» 2016 ж. 2. «Химия анықтамалығы» журналы №5, 2016. №3, 2018. 3. Аханбаев К . Химия.- Алматы. «Ана тілі» , 2010 4. «Химия мектепте» журналы №6, 2003; №4, 2004; №3, 2005: №2, 2006; №2,№3 2008. 5. Мырзабаев А. Элементтер – химия негізі. – Алматы. «Рауан», 2008 6. Интернеттен іздеу: www.chemistry.bsu.by/abc - Азбука web - поиска для химиков. www.chemistry. nm.ru – интернет репетитор по химии. 7. Интернеттен іздеу: www.chem.msu.su – портал фундаментального химического образования. www.chembridqe.ru «Chembridqt corporation» – синтез химических соединений. 8. Қ.Бекішев, Р.Рысқалиева, А. Солтанбекова «Жалпы химия есептері мен жаттығулары», Алматы, 2009 9. Мендалиева Д.К. «Сапалық химиялық анализден зертханалық практикум», (мектеп оқушыларының факультативтік сабақтарына арналған), Алматы, 2014 10. И.Г. Хомченко «Сборник задач и упражнений по химии» Москва,2013 11. Г.П. Хомченко, И.Г. Хомченко «Сборник задач по химии для поступающих в ВУЗЫ», Москва, 2013


40 МАЗМҰНЫ Кіріспе.......................................................................................................................3 Үлгілік тақырыптық жоспар...................................................................................6 «Қызықты химия» курс мазмұны..........................................................................9 Сынақ алуға арналған сұрақтардың тізімі .........................................................10 Сабақ өткізуге арналған материалдар.................................................................11 Үлгілік тапсырмалар.............................................................................................30 №1 бақылау жұмысының үлгілік тапсырмалары...............................................34 №2 бақылау жұмысының үлгілік тапсырмалары...............................................36 Оқушылардың бір жыл бойына білім алу қызметін бағалау бағдарламасы.........................................................................................................38 Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................39


Click to View FlipBook Version