The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Электронды-оқу.-Робототехника (1)

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by atibeknazym, 2022-05-05 07:48:59

Электронды-оқу.-Робототехника (1)

Электронды-оқу.-Робототехника (1)

№5 зертханалық жұмыс. Кегельринг

Робототехникадағы жарыстардың бір түрі кегельринг деп аталады. Бұл
жарыстағы роботтың мақсаты – сақина шеңберінен (ринг) кегельдерді аз
уақыт ішінде итеріп шығару.

Кегельринг жобасын жасау.
Программаның алгоритмі:
1. LEGO MINDSTORMS Education EV3 программасын ашамыз;
2. Жаңа жоба ⇒ Программа әрекеттерін орындаймыз;
3. Программаның басына Күту блогын жалғап, Уақыт (Время)

батырмасын басып, жанасу датчигі мәзірінен Салыстыру
(Сравнение) ⇒ Күй (Состояние) батырмасын басамыз;
4. Шерту (Щелчок) күйін 2-ге келтіреміз;
5. Датчиктер блогына өтіп, түс датчигін жалғап, порт күйін 2 деп
көрсетеміз;
6. Өлшеу ⇒ Түс (Измерение ⇒ Цвет) батырмасынан Калибровка ⇒
Жарық қарқындылығы ⇒ Қалпына келтіру (Сброс) қадамдарын
орындаймыз;
7. Күту блогын 5 секунд уақытқа кешіктіру режиміне қоямыз;
8. Негізгі циклді қалған блоктарды орналастыру үшін жалғап, жан-
жағын тартып, үлкейтеміз;
9. Цикл ішіне тағы бір негізгі циклді жалғап, жоғарыда көрсетілген
санды 02-ге ауыстырамыз;
10.Сол циклдің ішіне қозғалтқыш үшін Рульдік басқару блогын жалғап,
мәзірден Қосу (Включить) батырмасын басып, В+С портына
келтіреміз.
11.Рульдік басқаруды 100 санына дейін көтеріп, циклде ультрадыбыс
датчигін 60 сантиметрден төмен жағдайдағы күйге келтіреміз.
12.Ішкі циклге Рульдік басқаруды жалғап, қозғалтқышты тоқтату үшін
оны Өшіру режиміне қосамыз.
13.Роботты тағы алға жылжытып, түс датчигі қара сызықты көріп, қайта
тоқтау үшін келесі циклді (цикл төбесіндегі сан 03-ке өзгертіледі)
және цикл ішіне Рульдік басқару блогын жалғап, мәзірден Қосу
(Включить) батырмасын басу керек. Порт автоматты түрде В+С
күйіне келеді;
14.Робот ринг ортасына келіп, әрекетті қайталау үшін, циклдің Шекті
мәнін (Пороговое значения) 20-ға өзгертеміз;
15.3-циклге Рульдік басқаруды жалғап, қозғалтқышты тоқтату үшін
оны Өшіру режиміне қосамыз;
16.Рульдік басқару блогын тағы жалғап, Қуаттылығын (Мощность) (-
60), Айналымды (Оборот) 2,5 деп көрсетеміз;
17.1-цикл соңына программаны тоқтату блогын жалғаймыз;
18.Программаны іске қосып тексереміз.

51

№6 зертханалық жұмыс. Кегельринг. Жоба құру
 LEGO MINDSTORMS Education EV3 программасын іске қосу.
 Программаға қажетті блоктарды таңдап алу.
 Жарыққа қатысатын робот пен кегельдің бағыттарын анықтау.
 Түс датчигін қолдану.
 Мәзірден Қосу (Включить) батырмасын басу.
 Программаны іске қосып тексеру.

1-тапсырма
Робот рингтің дәл ортасында тұрып, кегельдерді байқағанша сағат
тілінің бағытымен айналып тұруы керек.
2-тапсырма
Робот кегельдердің бағытымен қозғала отырып, оларды шеңберден
итеріп шығаруы қажет.
3-тапсырма
Өрістің қара шекарасын байқаған соң, робот бастапқы орынға
оралатындай программа құрыңыз.

Қорытынды
1. Жасаған жұмыстарыңыз өзіңізге ұнады ма?
2. Сізге қандай тапсырманы орындау қиын болды?

52

№7 зертханалық жұмыс. Роботтың бұрыш жасау программасы
Программа құру.
Роботты 180°-қа бұрып тоқтататын программа құрыңыз:

 Моторды тәуелсіз басқару блогын таңдаңыз. Оң жақ мотордың
қуатын 15, ал сол жақ мотордың қуатын (-15)-ке өзгертіңіз.

 Күту блогын жалғаңыз, датчиктің параметрлерін енгізіңіз. Робот
бұрылыс мәні 180°-қа тең болғанша бұрылады да, Моторды тәуелсіз
басқару блогында мотор өшіріледі.

Ой толғау.
Бұрыш пен жылдамдық шамалары оң немесе теріс мәндерді қабылдауы
мүмкін. Сағат тілі бағытымен бұру және сағат тіліне қарсы бағытта бұру
қандай мәндерді береді?

53

№8 зертханалық жұмыс. Гироскопиялық датчик. Жоба құру
Роботтың бұрыштық бейімділігін анықтау үшін программалар жасау.
1-тапсырма
LEGO MINDSTORMS Education EV3 программасын іске қосып,
роботтың 45°-қа дейінгі айналу бұрышын өлшейтін блокты құрастырыңыз.
2-тапсырма
1. Старт блогына моторды Моторды тәуелсіз басқару блогын

жалғаңыз.
2. Моторды тәуелсіз басқару блогының көрсеткіштерін В [20] және С

[-20] болатындай етіп өзгертіңіз.
3. Күту блогына Гироскопиялық датчик көрсеткіштерін енгізіңіз.

Гироскопиялық датчик ⇒ Өзгерту ⇒ Бұрыш мәндерін таңдаңыз.
Робот бұрылғанда оның бұрылу бұрышының мәні 45° болсын.
4. Моторды тәуелсіз басқару блогын таңдаңыз. Моторды өшіріңіз.

3-тапсырма
2-тапсырмадағы программаны іске қосып, EV3 модуліне жүктеңіз, оны
тексеріп, программаның орындалғанына көз жеткізіңіз.
Қорытынды
1. Қандай нәтиже алдыңыз?
2. Жасаған жұмыстарыңыз көңіліңізден шықты ма?
3. Тапсырманы орындау кезінде қиындық туындады ма?

54

№9 зертханалық жұмыс. Роботты көрсетілген градусқа бұру
Гироскопиялық датчикті пайдаланып, робот 90°-қа бұрылатын
программа құрып көрейік.
1. Старт блогына Тәуелсіз басқару блогын жалғаймыз.
2. Қосу режимін таңдаймыз.
3. Сол жақ мотордың қуатын 40, оң жақ мотордың қуатын 0 деп

өзгертеміз.
4. Тәуелсіз басқару блогына Күту блогын жалғаймыз.
5. Датчиктен мәліметтерді алу үшін оның режимін ауыстырамыз:

Гироскопиялық датчик ⇒ Өзгерту ⇒ Бұрыш (Бағыты – 0, бұрыш
– 90).
6. Күту блогына тағы бір Тәуелсіз басқару блогын қосамыз.
7. Өшіру режимін орнатамыз. Нәтижесінде робот 90°-қа айналған соң,
бұл оны тоқтатады.
Орындап көріңіз.
Гироскопиялық датчикті роботқа орналастыру алгоритімін жазыңыз.
Ой толғау.
Білім беру роботына гироскопиялық датчикті жалғағаннан кейін
«Өлшеу», «Салыстыру» және «Қалпына келтіру» режимдерінде қалай
жұмыс істеді? Зерттеу жүргізіп, өз ойыңызды айтыңыз.

55

№10 зертханалық жұмыс. Роботтың сызық бойымен қозғалысы
1-тапсырма
Сызық бойымен қозғалыс жасауды ұйымдастыруды үйрену үшін LEGO
MINDSTORMS Education EV3 роботын бір түсті датчикпен пайдаланып
көрелік.
1. Старт блогына Цикл блогын жалғаймыз.
2. Цикл блогына Өшіріп-қосқыш блогын жалғаймыз.
3. Датчиктен мәліметтерді алу үшін оның режимін ауыстырамыз:

Түс датчигі ⇒ Өлшеу ⇒ Түс.
4. Өшіріп-қосқыш блогының үстіңгі жағына Рульдік басқару блогын

жалғап, Қосу режимін таңдаймыз. Рульдік басқару күйін 50-ге
келтіреміз. Түсін қараға өзгертеміз.
5. Өшіріп-қосқыш блогының төменгі жағындағы түсті «ақ түске»
өзгертуді ұмытпау керек. Рульдік басқару блогын жалғап, Қосу
режимін таңдаймыз. Рульдік басқару күйін (-50) –ге келтіреміз.
6. Программаны роботқа жүктеп, тексереміз.
2-тапсырма
1. Программа бойынша робот қандай түстерді көреді?
2. Робот қандай сызықпен қозғалыс жасайды?

56

№11 зертханалық жұмыс. Роботтың сызық бойымен қозғалысы.
Жоба құру

 LEGO MINDSTORMS Education EV3 программасын іске қосу.
 Программаға қажетті блоктарды таңдап алу.
 Түс датчигін қолдану.
 Мәзірден Қосу (Включить) батырмасын басу.
 Программаны іске қосып тексеру.

1-тапсырма
Робот сары түсті анықтайтын, түс атауын айтатын программаны
кубоидты пайдаланып жасаңыз. Программаны роботқа жүктеңіз.
2-тапсырма
Кубоидты пайдаланып, робот кубоидтағы барлық түстердің атауын
айтатын программаны құрыңыз. Программаны роботқа жүктеңіз.
3-тапсырма
Роботтың жасыл сызық бойымен жүретін программасын құрыңыз.
Программаны іске қоысып, тексеріңіз.
Қорытынды
1. Қандай нәтиже алдыңыз?
2. Жасаған жұмысыңыз көңіліңізден шықты ма?
3. Тапсырманы орындау барысында қиындық туындады ма?

57

№12 зертханалық жұмыс. Робо-сумо. Жоба құру
Нысанды табу үшін ультрадыбыстық датчикті пайдаланыңыз. Робот
қозғалысын ұйымдастыруға арналған түс датчигін қолданыңыз.

 LEGO MINDSTORMS Education EV3 программасын іске қосу.
 Программаға қажетті блоктарды таңдап алу.
 Түс датчигі мен ультрадыбыстық датчикті қолдану.
 Мәзірден Қосу (Включить) батырмасын басу.
 Программаны іске қосып тексеру.
1-тапсырма
Роботты шеңбердің ортасына орналастырып, 5 секунд күткен соң,
шеңбердің шекарасына қарай шегіну программасын құрыңыз.
2-тапсырма
Робот шекараға жеткен соң, алға қарай қайта жылжу керек. Үлкен
мотордың А және В порттарындағы қуаттылықтарын 40-қа теңестіру
программасын құрыңыз.
3-тапсырма
1-тапсырма мен 2-тапсырмадағы программаны бір-біріне қосыңыз,
программаны іске қосып, тексеріп көріңіз.

Қорытынды
1. Қандай нәтиже алдыңыз?
2. Жасаған жұмыстарыңыз көңіліңізден шықты ма?
3. Тапсырма орындау барысында қандай қиындық туындады?

58

№13 зертханалық жұмыс. Робот бұрылыстары бойынша программа
құру

Берілген алгоритм бойынша программа жазыңыз:
1. Старт блогы.
2. Рульдік басқару блогы.
3. Моторды тәуіелсіз басқару блогы.
4. Күту блогы.
5. Моторды тәуелсіз басқару блоы.
6. Көрсеткіштерін суреттегідей өзгертіңіз.
7. Дайын программаны EV3 модуліне жүктеңіз.

1. Программа нәтижесінде не байқадыңыз?
2. Роботтың қозғалысы қалай болды?
3. Ойыңызбен бөлісіңіз.

59

№14 зертханалық жұмыс. Роботтың алгоритмін құру
1-тапсырма
Роботты берілген қабырғасы бар шаршы бойымен жылжытудың
сызықтық алгоритмін құрастырыңыз.
Ең алдымен, сізге қандай командалар қажет екенін, сервомотордың қай
бағытта айналуы керектігін, сервомотордың бір жаққа қозғалу уақытының
интервалын және командалардың орындалу ретін анықтаңыз.
2-тапсырма
Сол тапсырманы орындау үшін құрылған сызықтық алгоритмді
циклдікке өзгертіңіз.
3-тапсырма
Роботтың үшбұрыштағы қозғалысының алгоритмін құрыңыз.
4-тапсырма

1. Бағыты бар картаны алыңыз.
2. Роботты жинаңыз.
3. Алгоритм жазу.
4. Алаңда тексеріңіз.

60

№15 зертханалық жұмыс. Робо-сумо программасын құру
EV3 роботы үшін алгоритм және қарапайым робо-сумо программасын
құрайық.
1. LEGO MINDSTORMS Education EV3 программасында жаңа бет

ашыңыз.
2. Старт блогына Цикл блогын жалғаңыз.
3. Цикл блогына осы Операторларды басқару блогынан

Ауыстырып-қосқышты (Переключатель) жалғаңыз.
4. Датчиктен мәліметтерді алу үшін оның режимін ауыстырыңыз:

Түс датчигі – Өлшеу (Измерение) – Түс (Цвет).
5. Өшіріп-қосқыш блогының үстіңгі жағына Ультрадыбыстық датчик

блогын жалғап, Салыстыру (Сравнение) – Сантиметр бойынша
қашықтық (Расстояние в сантиметрах) параметрін таңдаңыз.
Салыстыру типін (Тип сравнение) 2-ге Шекті мәнін (Пороговое
значение) 57-ге теңестіріңіз.
6. Ультрадыбыстық датчик блогына Рульдік басқару блогын
жалғап, Қосу режимін таңдаңыз.
7. Өшіріп-қосқыш блогының төменгі жағына Тәуелсіз басқару
блогын жалғап, Айналым саны бойынша қосу (Включить на
количество оборотов) режимін таңдаңыз. Сол жақ мотор қуатын (-
50)-ге, оң жақ мотор қуатын 50-ге, айналым санын 1-ге теңестіріңіз.
8. Программаны роботқа жүктеңіз.

61

4-бөлім. Тест

1. «Робот» сөзін кім ойлап тапты?
А) Айзек Азимов өзінің қиял-ғажайып әңгімелерінде, 1950 ж.
В) Бұл сөз ежелгі грек мифтерінде айтылады.
С) Чех жазушысы Карел Чапек және оның ағасы Йозеф, 1920 ж.

2. Қай тұжырым робототехниканың үш заңының біріне жатпайды?
А) Робот адамға зиян тигізе алмайды немесе әрекетсіздігі арқылы адамға
зиян келтіруге мүмкіндік береді.
В) Робот бірінші немесе екінші заңдарға қайшы келмейтіндей дәрежеде
тірі жандардың қауіпсіздігіне қамқорлық жасауы керек.
С) Робот адам берген барлық бұйрықтарға, егер бұл бұйрықтар Бірінші
Заңға қайшы келмесе, бағынуы керек.

3. NASA мен General Motors әзірлеген және ХҒС-қа жеткізілген робот
қалай аталады?

А) Валли
В) ASIMO
С) Робонавт-2

4. Қандай Boston Dynamics роботының дөңгелектері бар?
А) RiSE
В) Handle
С) PETMAN

5. Робототехниканың үш заңын кім ойлап тапты?
А) Айзек Азимов
В) Шешімді робототехника бойынша халықаралық комиссия әзірледі
С) Жюль Верн

6. Адам типті роботтың аты қалай?
А) Андроид
В) Киборг
С) Механоид

7. «Жұлдызды соғыстар» фильміндегі ең танымал робот?
А) Вуки
В) С-ИО
С) R2-D2

8. Терминатор фильмінде Арнольд Шварцнеггер ойнаған роботтың аты
қалай болды?

А) Т-800
В) С-ЗРО

62

С) Мегатрон

9. Робот мүшелері әдетте қалай аталады?
А) Механикалық мүшелер
В) Қолдар
С) Манипуляторлар

10.Aldebaran Robotics жасаған жаппай сатылымдағы адам типті робот
қалай аталады?

А) Atlas
В) Pepper
С) ASIMO

11.Роботқа банкаларды қара сызықтан итеру тапсырылған жарыс түрі?
А) Сумо
В) Кегельринг
С) Слалом

12.Кегельринг роботы үшін қандай датчиктер қолданылады?
А) Жанасу датчигі мен ультрадыбыстық датчик
В) Түс датчигі мен ультрадыбыстық датчик
С) Түс датчигі мен гироскопиялық датчик

13.Суретте көрсетілген датчик қалай аталады?

А) Гироскопиялық датчик
В) Ультрадыбыстық датчик
С) Түс датчигі

14.«Цикл» блогы бағдарламада қалай көрінеді?

А) В) С)

63

15.Датчик мәндерін қай қойындыда көруге болады?

А) 1
В) 2
С) 3
16.Моторды қандай порттарға қосу керек?
А) В және С
В) 3 және 4
С) В және 3
17.Бағдарлама шарттарына сәйкес келетін жауап нұсқасын таңдаңыз:

А) 700 градус артқа жылжыңыз, солға 360 градусқа бұрылыңыз.
В) 700 градус алға жылжыңыз, оңға 360 градусқа бұрылыңыз.
С) 700 градусқа солға бұрылыңыз, 360 градусқа алға жылжыңыз.
18.Суретте көрсетілген программа блогы қалай аталады?

А) Моторды тәуелсіз басқару
В) Рульдік басқару
С) Үлкен мотор
19.Суретте көрсетілген бөліктің дұрыс атауы?

64

А) Орта сервомотор EV3
В) Үлкен сервомотор EV3
С) Интерактивті сервомотор NXT

20. Ультрадыбыстық датчиктің негізгі мақсаты?
А) Оған әкелінген заттың түсін анықтау.
В) Алдындағы заттарға дейінгі қашықтықты анықтау.
С) Роботтың айналу қозғалысын және оның бағдарының өзгеруін
өлшейді.

21. Сервомотор дегеніміз не?
А) түсті анықтауға арналған құрылғы
В) роботтың қозғалысына арналған құрылғы
С) Деректерді сақтауға арналған құрылғы

22. «Моторларды тәуелсіз басқару» басқарады...
А) екі сервомоторды
В) бір сервомотор мен бір датчик
С) Екі орта моторды

23. Жиынтықта қанша жанасу датчигі бар?
А) 3
В) 5
С) 2

24. Қандай қозғалтқыш жылдам жауап береді?
А) Орта
В) Үлкен
С) Екпінді

25. Жанасу датчигі дегеніміз не?
А) Он разрядтық датчик
В) Аналогты датчик
С) сандық датчик

26. Түс датчигінде қандай жұмыс режимі жоқ?
А) Датчик жарығының жарықтығы
В) Шағылысқан жарықтың жарықтығы
С) Жарықтандыру

65

27.Аккумулятордан қандай кернеу шығады?
А) 12
В) 10
С) 9

28.Жаңа бағдарламаны құрған кезде автоматты түрде не құрылады?
А) Жоба
В) Файл
С) Терезе

29.Роботқа объектіге дейінгі қашықтықты анықтауға және қозғалысқа
жауап беруге мүмкіндік беретін құрылғы … болып табылады

А) Ультрадыбыстық датчик
В) Дыбыс датчигі
С) Гироскопиялық датчик

30. Ультрадыбыстық датчик нысанды анықтай алатын ең үлкен
қашықтық қанша см?

А) 100 см
В) 250 см
С) 500 см

31.Әрбір ұялы роботтың қандай негізгі бөлігі бар?
А) Манипулятор
В) Автоматты басқарылатын жетектері бар қозғаушы шасси
С) шынжыр табан

32.Батарея толық зарядталған кезде қандай шам жанып тұрады? Жасыл
немесе қызыл?

А) Қызыл
В) Қызғылт сары
С) Жасыл

33.LEGO Mindstorms EV3 конструкторында роботтың дәл және қуатты
қозғалысын бағдарламалауға арналған бөлшегі:

А) мотор
В) Жанасу датчигі
С) Дыбыс датчигі

34.Екі моторды бір уақытта үйлестіру үшін қандай бағдарламалық
блоктарды пайдалануға болады?

А) «Моторды тәуелсіз басқару» блогы
В) «Рульдік басқару» блогы
С) «Қашықтықтан басқару» блогы

66

35.Микроконтроллерде датчиктер үшін қанша порттар
орналастырылған?

А) 2
В) 3
С) 4

36. EV3 операциялық жүйесі?
А) ORACLE
В) LINUX
С) UNIX

37.Робототехника қандай пәндерге сүйенеді?
А) Электроника
В) Механика
С) Информатика
D) Барлық аталғандар

38.Робототехниканың түрлері, артығын көрсетіңіз:
А) Авициялық
В) Ғарыштық
С) Әскери
D) Дұрыс жауабы жоқ

39.«Робот» сөзі қай жылы ойлап табылды?
А) 1918
В) 1919
С) 1920

D) 1921

40."Р. У. Р." ғылыми-фантастикалық пьесасының авторы, жазушының
атын көрсетіңіз:

А) Рэй Бредбери
В) Жюль Верн
С) Сергей Синякин
D) Карел Чапек

41.Қолданбалы ғылым «робототехника» robotics аударылған
А) ағылшын
В) неміс
С) француз
D) Барлық аталғандар

42.«Р.У.Р» пьесасының авторының туған жерін көрсетіңіз.
А) Америка
В) Франция

67

С) Ресей
D) Чехия

43.«Робот» чех тілінен аудармасын көрсетіңіз:
А) Дос
В) Құл
С) Бауыр
D) Бәрібір

44. «Андроид» грек тілінен аударғанда:
А) Ер
В) Әйел
С) Ұқсастық
D) Адам тәрізді

45. Роботтың кластарын көрсетіңіз:
А) Стационарлық
В) Ұялы
С) Манипуляциялық
D) Барлық аталғандар

46.Сілтемелердегі қозғалысты қамтамасыз ету үшін қандай дискілерді
пайдалануға болады?

А) Электрлік
В) Гидрафликалық
С) Пневматикалық
D) Барлық аталғандар

47.Жапондардың ұлттық күресі:
А) Сумо
В) Дзю-до
С) Джиу-джитсу
D) Ушу

48.Робот-аспаздар тағам дайындауға неше уақыт жұмсайды?
А) 10 минут
В) 5 минут
С) 2 минут
D) 3 минут

49. «Лабиринт» сөзі грек тілінен аударғанда:
А) Жерүсті жолы
В) Суасты жолы
С) Жерасты жолы
D) Дұрыс жауабы жоқ

68

50. Кегельринг жарысы неше кезеңнен тұрады?
А) 4 кезеңнен
В) 3 кезеңнен
С) 2 кезеңнен
D) 1 кезеңнен

69

Тест жауаптары

1С 11 В 21 В 31 В 41 A
2В 12 В 22 А 32 С 42 D
3С 13 В 23 С 33 А 43 B
4В 14 А 24 А 34 В 44 D
5А 15 С 25 С 35 С 45 D
6А 16 А 26 А 36 В 46 D
7С 17 А 27 В 47 A
8В 18 А 28 А 37 D 48 D
9С 19 В 29 А 49 C
10 В 20 В 30 В 38 D 50 C

39 C

40 D

70

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Копосов Д.Г. Технология. Робототехника. 5 класс. – М., 2017.
2. Макаров И.М. Робототехника. История и перспективы. – М., 2015.
3. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, Астана, [ЭР].

Қолжетімділік тәртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1100000487.
4. Әбішева Д. Бастауыш сыныпта информатика пәнін енгізудің қажеттілігі

//Информатика негіздері. – № 8. – 13-б. 2012.
5. Бройнль Т. Встраиваемые робототехнические системы. Проектирование

и применение мобильных роботов со встроенными системами
управления/Томас Бройнль. –Москва: РГГУ, 2012. – 520 с.
6. Көпеева Г.А., Ділманова Ү.М. Информатика. Жалпы білім беретін
мектептің 5-сыныбына арналған оқулық.
Электрондық қорлар
1. infourok.ru
2. younglinux.info
3. metodist.lbz.ru
4. kitap.kz
5. akmoedu.kz
6. bilimsite.kz

71

МАЗМҰНЫ 3
Кіріспе........................................................................................................... 4
1-бөлім. Дәріс кешені................................................................................... 4
Дәріс-1. Робототехника негіздері................................................................ 6
Дәріс-2. Роботтар және роботтардың жіктелуі.......................................... 7
Дәріс-3. Робототехникалық жобалауға арналған білім салалары............ 9
Дәріс-4. Роботтың қуат жүйелері................................................................ 11
13
Дәріс-5. Атқарушы құрылғылар.................................................................. 14
Дәріс-6. Робототехникалық жүйелерді басқару түрлері........................... 15
Дәріс-7. Роботтарды басқару архитектурасы............................................. 16
Дәріс-8. LEGO MINDSTORM Education жинағы....................................... 19
Дәріс-9-10. ЕV3-тің технологиясы..............................................................
Дәріс-11. EV3 модулінің интерфейсі.......................................................... 21
22
Дәріс-12. Интеллектуалды роботты басқару жүйесін құрудың 24
ерекшеліктері................................................................................................. 27
Дәріс-13. Білім берудегі экзотикалық роботтар..........................................
Дәріс-14. Қазақстан «robotic education» аумағындағы жағдай..................
Дәріс-15. Өнеркәсіптік роботтар және олардың классификациясы..........

2-бөлім. Практикалық тапсырмалар....................................................... 30
№1 практикалық тапсырма. Түс датчигі...................................................... 30
№2 практикалық тапсырма. Бағдаршам-робот........................................... 31
№3 практикалық тапсырма. Ультрадыбыс датчигі.................................... 32
№4 практикалық тапсырма. Робот түрлері және оларды қолдану............ 33
№5 практикалық тапсырма. Гироскопиялық датчик.................................. 34
№6 практикалық тапсырма. Бұрылыстар.................................................... 36
№7 практикалық тапсырма. Роботтардың қолданылу саласы................... 37
№8 практикалық тапсырма. Роботтың сызық бойымен қозғалысы.......... 38
№9 практикалық тапсырма. Робо-сумо....................................................... 39
№10 практикалық тапсырма. Датчиктер..................................................... 40
№11 практикалық тапсырма. Программа блоктары................................... 41
№12 практикалық тапсырма. Циклдік алгоритмдер.................................. 42
№13 практикалық тапсырма. Тармақталу................................................... 43
№14 практикалық тапсырма. Ультрадыбыстық сенсорды зерттеу........... 44
№15 практикалық тапсырма. Ультрадыбыстық сенсорды зерттеу........... 45

3-бөлім. Зертханалық жұмыстар............................................................ 46
№1 зертханалық жұмыс. Түс датчигі........................................................... 46
№2 зертханалық жұмыс. Ультрадыбыстық датчик.................................... 48
№3 зертханалық жұмыс. Ультрадыбыстық датчик, Жоба құру................ 49
№4 зертханалық жұмыс. Лабиринттен шығу.............................................. 50
№5 зертханалық жұмыс. Кегельринг........................................................... 51
№6 зертханалық жұмыс. Кегельринг. Жоба құру....................................... 52
№7 зертханалық жұмыс. Роботтың бұрыш жасау программасы............... 53
№8 зертханалық жұмыс. Гироскопиялық датчик. Жоба құру................... 54

72

№9 зертханалық жұмыс. Роботты көрсетілген градусқа бұру................... 55
№10 зертханалық жұмыс. Роботтың сызық бойымен қозғалысы............. 56
№11 зертханалық жұмыс. Роботтың сызық бойымен қозғалысы. Жоба
құру................................................................................................................. 57
№12 зертханалық жұмыс. Робо-сумо. Жоба құру....................................... 58
№13 зертханалық жұмыс. Робот бұрылыстары бойынша программа
құру................................................................................................................. 59
№14 зертханалық жұмыс. Роботтың алгоритмін құру............................... 60
№15 зертханалық жұмыс. Робо-сумо программасын құру....................... 61

4-бөлім. Тест................................................................................................ 62
Тест жауаптары............................................................................................. 70
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................ 71

73


Click to View FlipBook Version