Сынып: 5
Пәні: қазақ әдебиеті
3-бөлім. Адамгершілік – асыл қасиет
№ 16 сабақтың тақырыбы: Марат Қабанбайдың
“Бауыр” әңгімесі. Арман
Оқу мақсаты:
5А/И1 әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен
қарама-қарсы суреттеулерді табу
Бүгінгі сабақта сіз:
әдеби шығармадағы қарама-қарсы суреттеулерді анықтайсыз.
Бағалау критерийлері:
• шығарманың мазмұнын есіне түсіреді;
• кейіпкерлердің іс-әрекетін сәйкестендіреді;
• кейіпкерлерді салыстыра талдайды;
• үзінділерден қарама-қарсы суреттеулерді анықтап, өз ойын
тұжырымдайды;
• кейіпкердің өмірге деген көзқарасына баға береді.
1-тапсырма
Оқиғаның дұрыс не бұрыстығын анықтаңыз.
Дескриптор:
шығарма мазмұнын еске түсіреді.
Оқиға желісі Дұрыс Бұрыс
Манап бауырын іздеп балалар үйіне келеді.
Қали ағасын қуана қарсы алады.
Манап бір сәт те бауырын естен шығармады, Қалиға сыйлық
алу үшін құрылыста жұмыс жасады.
Бауырын сағынған Қали ағасымен ұзақ әңгімелесті.
Манап інісін 11 жыл көрмегендіктен суық амандасты.
Қали ағасымен қоштасып: «Сапарыңыз сәтті болсын!» - деді
де спорт залына қарай жөнеле берді.
Жауабы:
Оқиға желісі Дұрыс Бұрыс
Манап бауырын іздеп балалар үйіне келеді.
Қали ағасын қуана қарсы алады.
Манап бір сәт те бауырын естен шығармады, Қалиға сыйлық
алу үшін құрылыста жұмыс жасады.
Бауырын сағынған Қали ағасымен ұзақ әңгімелесті.
Манап інісін 11 жыл көрмегендіктен суық амандасты.
Қали ағасымен қоштасып: «Сапарыңыз сәтті болсын!» - деді
де спорт залына қарай жөнеле берді.
2-тапсырма Эльжбета Сергеевна
Кейіпкерлердің іс-әрекетін сәйкестендіріңіз. Манап
Дескриптор: Қали
кейіпкерлердің іс-әрекетін анықтайды.
–Түу, Эльжбета Сергеевна, терді жаңа ғана үгіп,
тырыс-бырысты жаза бастағанымыз сол еді. Басқа
қолайлы уақыт табылмады ма? – деді қалыптасып
қалған қоңыр үнмен.
− Бар екенсің, бауырым! – деп, алға созған екі қолын
айқара ашып, ыстық құшаққа айналдыра беріп еді…
...Жаттығу ағаңнан қымбат болып па? Алыстағы ағаң
жыл он екі айда бір рет келеді. Жаттығу қайда
қашады, ертең-ақ сүмек боп терлеп, кеткен ақыңды
артығымен қайтарып аласың, – деді жымиған қалпын
мысқал бұзбаған...
Жауабы: Эльжбета Сергеевна
Манап
− Бар екенсің, бауырым! – деп, алға созған екі қолын Қали
айқара ашып, ыстық құшаққа айналдыра беріп еді…
–Түу, Эльжбета Сергеевна, терді жаңа ғана үгіп,
тырыс-бырысты жаза бастағанымыз сол еді. Басқа
қолайлы уақыт табылмады ма? – деді қалыптасып
қалған қоңыр үнмен.
...Жаттығу ағаңнан қымбат болып па? Алыстағы ағаң
жыл он екі айда бір рет келеді. Жаттығу қайда
қашады, ертең-ақ сүмек боп терлеп, кеткен ақыңды
артығымен қайтарып аласың, – деді жымиған қалпын
мысқал бұзбаған...
3-тапсырма
Кейіпкерлерді салыстырыңыз.
Дескриптор:
• Манап пен Қалидың айырмашылығын жазады;
• ұқсастығын анықтайды.
Манап Ұқсастығы Қали
Жауап үлгісі: Ұқсастығы Қали
Манап
Мектеп-интернатта Екеуі де –Төрекелдиевтердің Төрт жасында балалар үйіне
оқыды. Болашақ философ. ұрпағы. Ата-анасынан ерте қабылданады.
Көкесінің басына тас айырылған. Бала күнінде ағасын қатты
жинап, қорған көтерді. жақсы көрген.
Бауырын іздеп балалар Бозбала шағында ағасына
үйіне келеді. Бауырын салқынқандылық танытады,
қатты жақсы көреді. себебі 11 жыл бойы
отбасынан, туған жерінен
алшақ өзге ортада
тәрбиеленеді.
Балалар үйінде бірге өскен
досына жанашыр болады.
Әскери ұшқыш болуды
армандайды.
Есте сақтаңыз!
Қарама-қарсы Салыстыра суреттеу – ұқсату
арқылы адамның ішкі және
суреттеу – шығармадағы екі сыртқы әрекеттерін
нәрсенің қарама-қарсы байланыстыруға мүмкіндік
суреттелуі. беретіндіктен, заттар мен
құбылыстарды суреттеу.
4-тапсырма
Үзінділерден қарама-қарсы суреттеуді анықтаңыз.
Дескриптор:
• үзінділерден қарама-қарсы суреттеулерді анықтайды;
• өз ойын тұжырымдайды.
Үзінді Қарама-қарсы Тұжырым
суреттеу
Қалидың амандасу үшін солаңдатып ұсынған
қолын ұстай алды да, сілкіп өзіне тартып, төсіне
төс тигізді, маңдайынан иіскеді. Тіп-тік бозбала
иілмеді, ағаштан шабылған жансыз мүсінді
құшақтағандай болды. Эльжбета Сергеевнадан
қысылды ма, Қали бетін алып қашып, құшағынан
сытылып шыға берді.
- Кешіріңіз ... маған сыймайды. Артық та емес.
Қатар жатқан Эльдар Ғизатулинге құйып
қойғандай екен. Бірге оқимыз. Бойы тәштік. Соған
сіздің атыңыздан сыйлайын. Ренжімейсіз бе?
Қалиды қайдам, ініге аға болып, еміренуден Манап
қалыпты. Ойлап отырса, он бір жыл бұрын Қалиды
балалар үйіне тапсырып тұрып, сорасы ағып, үнсіз
жылағанда ғана аға болыпты. Сүтпісірім бұрын
Қалиды көргенде ғана кеудесіне нұр құйылды. Осы
минутта оның орнына у құйылғандай.
Жауап үлгісі:
Үзінді Қарама-қарсы Тұжырым
суреттеу
Қалидың амандасу үшін солаңдатып ұсынған
қолын ұстай алды да, сілкіп өзіне тартып, төсіне Үзіндіде автор екі кейіпкердің
төс тигізді, маңдайынан иіскеді. Тіп-тік бозбала бір-біріне деген сезімін қарама-
иілмеді, ағаштан шабылған жансыз мүсінді қарсы суреттеген. Манаптың
құшақтағандай болды. Эльжбета Сергеевнадан бауырына деген сағынышы мен
қысылды ма, Қали бетін алып қашып, құшағынан қамқорлығын суреттей келе,
сытылып шыға берді. Қалидың ағасына деген
салқынқандылығын көрсеткен.
- Кешіріңіз ... маған сыймайды. Артық та емес.
Қатар жатқан Эльдар Ғизатулинге құйып
қойғандай екен. Бірге оқимыз. Бойы тәштік. Соған
сіздің атыңыздан сыйлайын. Ренжімейсіз бе?
Қалиды қайдам, ініге аға болып, еміренуден Он бір жылда бауырлардың
Манап қалыпты. Ойлап отырса, он бір жыл бұрын арасы суып кеткен.
Қалиды балалар үйіне тапсырып тұрып, сорасы
ағып, үнсіз жылағанда ғана аға болыпты.
Сүтпісірім бұрын Қалиды көргенде ғана кеудесіне
нұр құйылды. Осы минутта оның орнына у
құйылғандай.
5-тапсырма
Кейіпкердің өмірге деген көзқарасына баға беріңіз.
Дескриптор:
• кейіпкердің арманын анықтайды;
• кейіпкердің іс-әрекетіне өз көзқарасын білдіреді.
Кейіпкер Кейіпкердің арманы Менің көзқарасым
Қали
Жауап үлгісі: Кейіпкердің арманы Менің көзқарасым
Кейіпкер
Қали әскери ұшқыш Бұл әрекетінен Қалидың
Қали болуды армандады, болашаққа мақсат қойып,
себебі балалар үйінен арманына жету жолында
түлеген ұшқыш неден болса да
ағаларға қызығады аянбайтындығын көруге
және мақтан тұтады. болады. Ол ұшқыш болу
үшін спортпен айналысып,
үнемі жаттығып, денесін
шынықтырады. Ерінбей
еңбектенген адам міндетті
түрде арманына жетеді деп
ойлаймын.
Бүгінгі сабақта сіз:
• шығарманың мазмұнын еске түсірдіңіз;
• кейіпкерлердің іс-әрекетін сәйкестендірдіңіз
• кейіпкерлерді салыстыра талдадыңыз;
• үзінділерден қарама-қарсы суреттеулерді анықтап, өз
ойыңызды тұжырымдадыңыз;
• кейіпкердің өмірге деген көзқарасына баға бердіңіз.
Қосымша тапсырма.
“Менің арманым” тақырыбында шағын эссе жазыңыз.