The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by sanvia, 2018-11-11 09:32:14

6seidimbekov a_ kungir kungir kumbezder

6seidimbekov a_ kungir kungir kumbezder

АҚСЕЛЕУ
СЕЙДІМБЕКОВ

күңгір-күңгір
КҮМБЕЗДЕР

СҰЛУЛЫҚ ТУРАЛЫ СЫРЛАР

Алматы
«Жалын»

1981

63.3(2К)л6
СЗ1

Сейдімбеков Ақселеу.
С 31 Күңгір-күңгір күмбездер: Сұлулық туралы сыр-

лар.-Алматы: Жалын, 1981,— 240 бет.

Тарих, мәдениет ескерткіштері біздің елде халықтың рухани асыл
қазынасы ретінде мемлекет қамқорлығына алынған. Автор бұл кітабын-
да мол тарихи, археологиялық, этнографиялык дерекгерге сүйене оты-
рып, туған жер төсіндегі ескерткіш белгілер туралы сыр шертеді. Ұр-
пақтардың рухани сабақтастығы, халқымыздың терең тамырлы мәде-
ниеті, бүгінгі гулденіп-көркейген Советтік Қазақстанның кемел шағы
жайында ой толғайды.

63.3(2К)л6 + Қаз2
С 470088(0035—)81192—37-81-4802000000
(С) «Жалын» баспасы —- 1981

. АЛҒЫ СӨЗ

Ұлы сахараны ескі дәуірлерде қоныстанған мал бағушы тайпа-
лар жасаған мәдениет, өнер — ойға зор әсер ететін, зерттеуді керек
қылатын бір таңсық нәрсе. Олардан бүгінге дейін сақталып келген
көркем бейнелер қараушыны еріксіз өзіне тартып, Отанының ескі
дәуірдегі мәдениет үлгісін жарқын түрде сипаттайтын, бүгінгі рухани
қазынасының арналы бір саласы болып отыр.

Совет дәуірінде археологтар зерттеуімен табылған қаншама бай-
лықтар бар, оның көбі алтыннан, күмістен, әдемі қоладан жасалған
сұлу дүниелер. Олар — бүгінгі совет музейлерінің айшықты асыл
қазынасы, сонымен бірге елдің өткен ғұмыр шежіресінің жанды ай-
ғақтары. Міне, осынау әр текті, шалғай өрістерден тартылатын мол-
мол мағлұмат аз аяда ғана белгілі. Арнайы шұғылданып жүрген
тарихшы, археолог ғалымдар қазір қыруар деректер жинақтап үлгер-
ді. Ал қалың оқушы қауым, әсіресе жаңа талап жауқазын жаста-
рымыз сол байтақ мағлұматтарға құныға ден қоюы оңайға түспейді.
Ғылымның қиын қалтарыстарынан дұрыс жол тауып шығып,
пайдалы ұғым-түсінік орнықтыру үшін, жас адамға әр қашан
қолқабыс жасап отыру парыз. Жас ұрпаққа жақсы өнеге көрсету-
дің небір ұрымтал үлгілері мәдениеті озық елдерде аса ыждаһатпен
қолға алынады. Мұның ең бір жарқын айғағы ғылымның әртүрлі те-
гін тектейтін көпшілік қолды кітаптарды шығаруға ден қою деп бі-
лемін. Сонда ой-санасы орныға бастаған, қиялы қара қанаттанған
жас ұрпақ ел-жұртына пайдалы талпыныстарға ден қойып, өнегелі
ғұмыр кешпек. Ақселеу Сейдімбековтың «Күңгір-күңгір күмбездер»
деп аталатын кітабы осындай шуақты ойларға тиек болатын еңбек.

Автор байтақ даладағы бақташы елдердің тарихына, география-
сына. кандай тіршілік жасағанына ерекше көңіл қойып, әсіресе
олардың мәдениетіне, өнер түріне, әдетіне, істейтін ісіне, тігетін киі-
міне, ішетін асына, ғұрпына, барлық этнографиясына жарқын көзбен
қарап, оларды ғылыми, көркем тілмен айтып беруді мақсат еткен.
Қытай, грек, латын тілінде бақташылар туралы жазылған байтақ
мәліметтерді пайдалана отырып, кейінгі замандағы атақты саяхат-
шыларды, топ-тобымен зерттеген ғалымдарды еске түсіріп отырады.
Сондықтан да болар А. Сейдімбеков кітабын әрі ғылыми дұрыс, әрі
жанға жайлы жұғымды, көпшілік әдемі түсінетін, жарқын тілмен
жазған.

Кітаптың ішіндегі терең оймен жазылған бір бөлімі—көп ға-
сырлар ішінде көшпелілер даласында жасалган байтақ мәдениет.
оның тұлғалары, сабақтас болып өсуі, өркенді дәстүрлері туралы.

3

Мәдениет дегеніміз—адамзат баласының ақыл-ойы, маңдай тері,
қажырлы еңбегі; мұның бәрі — зор қоғамдық сипат. Қазақстанның
кең сахарасында бүгінде 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш-
тер бар. Олардың үлкен бір тобы Қазақстанда қола дәуірінің ұлы
бір мәдениет үлгісі (цивилизация) болғанын сипаттайды, оның сирек
жолығатын түрі қола дәуіріндегі қыстақтардың орны, кен қазып
шығарушылардың қыстаулары, зәулім қалқа тастан жасалған архи-
тектура көрінісі, биік меңгірлер — қалқа тастар, қанат тастар, қотан
тастар. Бұлармен сабақтас болып тұрғызылған бақташы тайпалар-
дың зәулім обалары — тас оба, жер оба, бес . шатыр. Олардың ең
зәулімдерін Т. У. Аткинсон Тарбағатай тауынан, Қапал тауынан, Іле
өзені бойынан көріп, қағазға түсірген. Сондай зәулім төбелер (оба)
әсіресе Орталық Қазақстанда, Ертіс бойында, Алтай, Қалуа, Сауыр
тауларында орасан көп.

Мәдениеттің өнерге негіз болған енді бір түрі мүсін тастар. Бақ-
ташы елдің шеберлері тас қашауды, кен қазуды жетік білген. Қа-
зақстандағы мүсін тастың ең ескі түрі ғұндар заманында шыға
бастаған. Олардың ерекшелігі — өте биік етіп жасалғаны (4-5 метрге
дейін), мұның үлгілері Қарқаралы тауының ішінде (Ақ-қойтас),
Атасу өзенінің бойында сақталған. Оны бастырып шығаруға мүм-
кіндік болмай отыр.

Мүсін тастың көбі түркі қағанаты кезінде қойылған. Ол Қазақ-
станның барлық жерінде кездеседі, олар көбінесе ескі замандағы
атақты ерлерді, ақылды билерді, ақын-жырауларды суреттейді
(Қарқаралы, Баян-Аула, Қөкшетау, Ұлытау). Қыпшақ дәуірінің
мүсін тастары көбінесе мал күтетін әйелді, қойшыны, бақсыны қадір-
лейді, малды көбейтетін солар деп түсінген. Қарлық, шектілердің
мүсін тастары да осы тәрізді, сонымен қатар, олар саятшы, құсбе-
гілерді, сұңқар, лашын, қаршыға салатын аңшыларды тас мүсінмен
бедерлеп отырған.

Қазақстандағы қала мәдениетінің қалдығы орасан көп, олар
өліп жатқан тау сияқты Жетісуда, Шу, Талас өзені бойында, Сыр-
дария, Арал теңізі өлкесінде, Орталық Қазақстанда, Жайық, Жем
өзені бойында, Маңғыстауда жиі-жиі кездесіп отырады.

Міне, сан ғасырды көктей өтіп сабақтасып жатқан осы байтақ
мәдениет қалдығын, көркем мұраларды жүйрік біліп түсінуге, олар-
ға тарихи мән беріп, зерттеуге көп шеберлік керек. Біздің бұл өс-
кен заманда Отанның тарихын, оның мәдениетін жүйрік білудің зор
мәні бар. Ол — Отанды ардақтайтын ой-сананың бір түрі. Бұл мәсе-
лені В. И. Ленин 1918 жылы қол қойған мәдени ескерткіштерді қор-
ғау жөніндегі Декретте ашып сипаттаған. В. И. Ленин мәдени мұ-
раларды мемлекет қамқорлығына алып, оған арнаулы қаржы бөлуге
зор көңіл бөлді.

Осыларды еске алып отырып, жазушы А. Сейдімбеков сахарада-

4

ғы мәдениет нұсқаларына, белгілеріне айрықша көңіл бөледі. Ол
үшін Сарыарқаның географиялық- мәніне тоқталып, оның әдемі
тау-тасын, өзендерін, сай-саласын, үңгір-оқаптарын, архитектуралық
үлгілерін, мал өсіріп, егін салуын өте жарқын түрде терең мағынада
көрсетіп бере алған. Оның бүгінгі заманда да гүлденіп келе жат-
қаны жан-жақты сипатталады.

Автордың аса көп ой бөлгені—бақташылар дәуірі. Олардың қо-
нысы, тұрмыс жағдайы, мәдениет қалдығы. Соның ішінде көбірек
жүгініп отыратыны сактар (не скифтер), ғұндар, үйсіндер, қаңлы-
лар, кейінірек түркі қағанатына кірген тайпалар. Олардың әдемі киіз

үйлері қытай тарихы бойынша Лу-Мао-Цзай кітабынан алынған, бө-
ріні, маралды қадірлеуі, тұлпар ат, желдей жүйрік нар түйелерді жа-
рыстырып қызық көруі, сол ортаның рухани тіршілігі, ескі жазула-
ры болғаны: ертек, аңыздары, қария сөздері, шешендік сөздері, эпос
жырлары болғаны кітапта тартымды әңгімеленген ғылыми ойларға
өріс болған.

Ескі тайпалардан өздерінің тарихтағы ізін суытпай бері қарай
өсіп келгендері — үйсін, қаңлы, дулат, суандар (қытай жазуында
юебань, чуван), қыпшақтар, арғындар, наймандар (сегіз өгіз), уақ-
керейлер, адайлар, кердерілер, қияттар (коңыраттар). Олардан тара-
ған әйелдер ер жігітпен бірдей еркін болды (Құртқа, Ақжүніс, На-
зым, Карлыға). Атақты би, тегіндермен қатар ел басқару ісіне
қатысқан данышпан әйелдер де аз болмаған. Абулғазы тарихшының
айтуынша, Сырдария бойын мекендеген бір оғыз ұлысының өзінен
7 данышпан қыз шығып, ел билеген, соның бірі атақты Алпамыс
батырдың әйелі — Гүлбаршын, ол қыз өлгенде оның атына оғыз бен
қыпшақтар бір қаланың атын "Баршын-кент" деп қойған. Баршын-
ды жақсы көрген оғыз ұрпақтары — кейінгі қазақтар оны «Қыз
қала» деп атаған. Оған таяу тұрған атақты Көк-Кесенені Абулғазы
осы Баршын сұлудың күмбезі еді дейді. Сондай тарихта аты қалған.
әйелдердің бір тобы Баян сұлу (күмбезі Аякөзде), Белең-ана, Жұ-
бан-ана (күмбездері Сарысу өзенінің бойында сақталған), Құлан-қа-
тын, (XIII ғ. Шықғыс ханның тоқалы), Болған-ана (XIII ғ.) Жошы-
ханның қызы, Каңлы сұлтандарының бәйбішесі (күмбезі Кеңгір өзе-
нінің аяғында). Бұл атақты белгілер XVIII ғасырдан бері қарай
орыс әдебиетінде әдемі айтылып келеді. А. Сейдімбеков өз кітабында
байырғы еңбектерге ыждаһатпен, ұрымтал жүгіне отырып, әдемі
ойлар айтады, тарих, мәдениет белгілерін қорғайтын орындарға жар-
қын кеңес береді.

Жазушының көп ой бөлген мәселесі, ғасырлар бойы сақталып
келе жатқаи кейбір тарихи қымбат белгілерді қалай сақтап қалу
жайы. Олардық көбі бүгін-ертең жойылып кетуге жақын тұр. Олар-
дың ішінде әдемі сәулет өнері Алаша хан мазары, (XI ғ.), Аяққа-
мыр (XI ғ.), Жошы-хан мазары (XIII ғ.) тағы басқалар. Мұндай

5

қымбат ескерткіш белгілерді сақтамай, тоздырып алу өшпейтін бір
өкініш қой.

Мәдениеттің күрделі ізін жазушы А. Сейдімбеков толып жатқан
тас үңгірлерден, тас бетіндегі сайраған суреттерден көреді. Сондай
жарқын ойлардың бірі Орталық Қазақстанның, Бетпақдаланың жер
аттары, сол Бетпақдаланың ұзақ шөлін ерте кезде кесіп өткен неше
алуан сусыз жолдары туралы. Соның бәрі де тартымды тілмен,
жүйелі оймен, әсіресе ел ішінен ерінбей жинаған қызықты деректе-
рімен баурап отырады.

Сайып келгенде, кітап өте мазмүнды, білікті де бай деректерге
сүйеніп, әдемі тілмен жазылған, көпшілік құлшына оқиды деп сене-
міз. Кітаптың түйінді ойы — тарихи-мәдени белгілер ұлы Отанның
бір қырын танытар айнасы дегенге саяды.

Әлкей МАРҒҮЛАН,
академик.

Я чувствую, как меня делает история
10. Н. Т ы н я н о в.

I. Табанымызды шөп сүрткен, маңдайымызды күн
иіскеген балалық шақтың бір сәті естен кетпейді. Бір
сәт деймін-ау, жо-жоқ, ол осынау дүние дидарына
салынған әсте ұмытылмас ғажайып сурет болатын. Сол
сурет балалық көкірегіме шыжғырып басқандай мәң-
гілік жатталып қалыпты. Тауы тау, даласы дала, көлі
көл, тасы тас, гүлі гүл... қалпында. Есіме түскен сайын
жүрегімді шымырлатады.

Жаз. Жайлау. Жыл құсының ұя салып, жұмыртқа
төккен кезі. Оты-суы мол өлкеге шашырай қонған ауыл-
ел жер-ананын жұпар төсін иіскеп, мұңсыз-қамсыз
асыр салған нәрестені елестетеді. Тірі жан атаулы сырт
қараған көзге бір сәт өзінің дәурен күйін шертіп, осын-
ау дүние дидарынан қайталанбас үйлесім тапқандай.

Ышқырында асығы салдыраған бір топ қара табан
баланың таусылмас кызығы да, тауыса алмас кұпиясы
да осы далада. Қызғалдағы мен сарғалдағы шоқтай
жайнаған дала, қой жуасы мен тау жуасы сілекейінді
үйірген дала, ор бұтаның түбінде жыл құсының етек
толтырар жұмыртқасы жатқан дала бала шіркінге
байыз таптырсын ба?! Құмырсканың илеуінен бастап,
құз-қиядан үңіле қараған арқарына дейін мың-сая
қызығы мен кұпясына еліктіріп, баурап алады.

Сол қызық пен құпия әлгі, бір топ қара табан бала-
ны ауыл шетіне алып шығады. Қыр астында құс жолын-
дай бозара созылып жаткан айтақыр бар. Сол айта-
қырда асық ойнаймыз. Осынау ұлы сүрлеу қасқа жол
қашан, қайдан басталған? Қай қиырға маңдай тірейді?
Оны бала түгілі көнекөз қарттардың өзі ұмыта баста-
ған. Бар білетіндері —«Хан жолы» деген жалғыз атау.
Егер бұл жолдың қайдан шыққанын, қай қиырға

1 Мен өзімді тарихтың қалай қалыпқа салып отырғанын се-
зінемін.

Ю. Н. Т ы н я н о в .

бастайтынын сұрай түссеңіз: «Е-е, шырақтарым, бұ-
рынғының айтуы рас болса, бұл жол Ханбалық деген
шаһардан басталатын керуен жолының бір тармағы
болса керек. Маңдайы Жатжұрт деп аталатын түнек
далаға жетіп жоғалады екен»,— дейді қариялар.
Шығыстың, Батыстың, ұлы Сібірдің ортасына түскен
көне тарихтың табан ізі туралы ауызша жеткен дерек
осымен бітеді. Әрине, айтақыр жолда асық ойнаған
балалар Ханбалық деген шаһардың Пекин екенін, Жат-
жұрт дегені қазақ даласының солтүстік жапсарынан
басталатын Сібір ойпаты, одан арғы мұз құрсанған
«Джатжұд»— түнек өлке /ал-Идриси/ екенін білмейді.
Енді бала қиялы әлгі бір тапшы деректі әрі қарай
өзі-ақ сан-саққа жүгіртіп, осынау кұлазып жатқан
қасқа жолдың үстін қайнаған тіршілікке толтырады.
Дулығасы жарқылдап, қорамсағы салпылдаған батыр
да, айыр көмей ақын да, ақ сақалы беліне түскен ақыл-
гөй дана да, асай-мүсейін арқалаған диуана да, ат
сауырына көз жасы тамған ару да, моншақтай тізілген
қалың керуеннің алды-артын ораған алаяқ саудагерлер
де осы жолдың үстінде ерсілі-қарсылы сапырылысып
жатады. Бала қиялы тірілткен елестің бастауы күңгірт,
байлауы көмескі. Мықтаса ертегі, аңыз болып тынады.

Асан Қайғы айтпақшы, «Төс табаны төрт елі атан
жүрер...» көне жолдың үстінде қаннен-қаперсіз асық
ойнаған ауыл балалары әрі-беріден соң зерігеді. Зері-
геді де басқа ермек іздейді. Сол кезде, қозы өрісіндей
жердегі жазықта құж-құж болып шөгіп жаткан қалың
тас қорымды көреді. Әр қайсысы кереге қанатындай
жақпар-жақпар алып тастарды әлдекім әлде қайдан
көтеріп әкеліп, қырынан қоя-қоя салған. Енді бір жерде
ат үстінен қол созсаң бойың жетпейтін шомбал сын тас-
ты әлдеқандай құдірет күш иесі бір-ақ нұқып жерге
қадап кеткендей. Ол да ештеңе емес-ау, одан әрі ара-
лай түссеңіз алдыңыздан қыр мұрынды, қияқ мұртты
тас бейнелер шығады. Осынау ауыл орындай жерді
алып жатқан тіс-тіс, құж-құж, аңғал-саңғал тас қорым-
ды кірпік қақпай күзетіп тұрған тас батыр сияқты.
Белінде — кісе, мықынында — қылыш. Тап бір елдің
шеті, жаудың бетінде тұрып шөлдеген соң таңдайын
жібіту үшін сапты аяғына сусын құйып алған ба дерсіз.
Сол бетінде тас болып қатып қалған.

Бұл қорым кай кездің белгісі? Кімнен қалған?
Мынау әрқайсысы киіз үйдің бір-бір қанатындай тастар-

8

ды кім, қалай, не үшін орнатқан? Білмекке құмарлық
бала көңіліне осы сұрақтарға жауап іздетіп шарқ
ұрғызады. Олардың жүгінетіні тағы да қарттар. Ал
карттардың білетіні сол тастардың атауы ғана. Әрбір
тас белгінің бітім-болмысына қарап мық тас, дың, бал-
бал, тұнжыр, сын тас, үй тас, шарбақ тас, серек тас,
бағана тас, қыз тас, келіншек тас, кемпір тас, тас батыр,
бақсы тас деп айдар таға ажыратып айтады. Тіптен жер
аттарының өзі сол тастардың бітімімен орайлас атала-
ды. Егер әрі қарай қаузап сұрай түссеңіз: «Е-е кім
біледі, бұрынғының кісілері ірі болған деседі ғой, арғы
бабаларымыздың қалдырған белгісі болар»,—деп қай-
ыра салады.

Әрине, бала қиялына мұнан арғы деректің керегі де
жоқ. Олардың ұшқыр қиялы осынау кұпия тас қорымға
тағы да жан бітіріп, тағы да қайнаған тіршілікке бөлей-
ді. Небір ғажайып оқиғалар мына шомбал тастардың
бір-біреуін арқалап, көз алдындағы даланың көне
тарихындай күңіренеді...

Әжесі айтқан ертектің әсері болар, атасы жырлаған
қисса, хикаяның жаңғырығы болар, әйтеуір бала көкі-
регі болмашыдан осылайша байтақ әлем тудырып ала
береді.

Ауыл шетіне шыққан бір топ бала мұнымен де тын-
байды. Қалың қорымды түртіп оятып, тірішілік дарыт-
қан бала қиялы сол қорымды қайтадан тас қалпына
түсіріп қатырады да келесі қызықты тамашалауға
ойысады.

Балалардың келесі тамашалайтын жері Аюшат деп
аталатын тау аңғары. Аңғар аузында қараған жанның
тақиясын түсірердей жалама жартас тұр. Мұны жер-
гілікті жұрт «Таңбалы тас» деп атайды. Десе дегендей,
жартас беті небір шимайлы суретке, құпия белгіге,
қым-ғуыт таңбаға толы. Таңбалы тастың алдында қан
қызыл күйген кірпіштен өрілген күмбезді мазар тұр.
Мазарға қарасаң таңбалы тастың барлық құпиясын
бауырына басып жатқан сол секілді көрінеді. Ал таң-
балы тасқа қарасаң, анау жалтыр бетіне салынған
қалың белгі мына мазардың шежіресіндей әсер береді.

Бұл да бала қиялын, балаң қиялды өз соңынан
дедектете ілестіріп жөнеледі.

Аюшаттағы таңбалы тастың бауыздау алқымында
үңгір бар. Үңгір аузынан жүрелеп кіруге болады. Әрі
қарай кең сарай, алып күмбез. Қадам басып, бойлаған

9

сайын тас қараңғылық көзіңді жасқап, салқын леп
бетіңді шарпиды. Бір сәт деміңді басып, тына қалсаң
алыс түкпірден су сылдыры естіледі. Оның қайдан шы-
ғып, қайда сіңіп жатқаны белгісіз.

Ауылдың балалары Аюшатты армансыз аралайды,
зерікпес құмарлықпен тамашалайды. Құпия күмбездің
әр кірпішін сипап, әрбір иіні мен бұрышына сұқтана
қадалады. Сұқтана қадалған сайын сұлулық атты
құдірет кішкене жүректеріне мәңгілікке қонақтап жата-
тынын олар сезбейді, әрине.

Ал жартастағы жазуларға қараған кезде балалар-
дың қиялы қанаттанып кетеді. Тас бетіне салынған
мыңдаған жылдар бұрынғы жан-жануарға тіршілік
дарып, қым-ғуыт қимыл басталады. Сурет аңшылардың
жебелері суылдап, найзалары зуылдап, мүйізі қара-
ғайдай бұғылар жанталасады. Дәл қазір қос дөңгелекті
арба да, қосақтап жегілген өгіз де, көкке қол жайған
ана да, етекке оралған бала да қимыл үстінде. Тіптен
құпия таңбалар мен белгілердің өзі үн қатып, жыпыр-
лап, сөйлеп кеткендей...

Көне заман құпиясын бала қиялы өзінше жориды,
өзінше сөйлетеді. Адамзаттың балаң кезіндегі ұғым-
түсінігі қалдырған белгі-бедер бала санасымен үндесіп
жатқандай, тіл табысқандай. Сол көне белгілердіц
бүгінгі таңдағы ең зерек жорушылары да осынау бала-
лар сияқты.

Жартастағы суреттерді армансыз сөйлеткен балалар
енді, сөз жоқ, үңгірге кіреді. Үңгірдің әсері әрине,
айырықша. Дәл қазір күнұзынғы айтақыр жолдан, бай-
тақ тас қорымнан жұмбақ мазардан, құпия суреттерден
туындаған небір қиял-ғажайып елестер енді шындыққа
айналып, алдыңнан шығатындай. Көз жетер жерден әріге
аттап басуға батылы жетпеген балалардың балапан
жүректері дүңгір қағып, біріне-бірі иін тіреседі. Білмекке
деген құмарлық жіпсіз байлап тастағандай.

Амал қанша, ғасырлардың құпиясы бала аңсарына
оңайлықпен ашыла ма! Міз бақпастан, тырс етпес тыл-
сым күйін өзгертпестен қала береді.

Балалар тас түнек үңгірді артқа тастап, сыртқа бет-
тейді. Жарық дүние, туған жердің көк торғын аспаны
алдынан шығады.

Көк торғын аспан... Көк жүзінде айқыш-ұйқыш ақ
жолақ іздер жатыр. Бұл—бүгінгі күннің үйреншікті ізі,
Күн сайын күміс қанаты жалтырап, байтақ даланы

10

тітірете ұшып өтетін көк сұңқарының соңында шүйкедей
созылып осы секілді ақ жолақ қалатын. Бала қиялы
бұған да ілесіп жөнеледі. Шіркін-ай, ұшырып бара жат-
қан кім екен? Кайдан ұшып шықты екен? Қайда асы-
ғып барады? Ұлы сезім — кұдірет түйсік — білмекке
деген құмарлық титтей жүректі тулата жөнеледі. Бұл
адамзат баласының маңдайына жазылған мәңгілік
қасиет.

Шексіз ғұмыр, мәңгілік даму алдында бұрынғы өмір
сүргендердің бәрі де нәресте іспеттес. Анау сайрап жат-
қан айтақыр жол да, сыр-мұңын ішіне түйіп мүлгіген
тас қорым да, мынау күңгір қаққан мазар да, тұла бойы
жазу-сызуға толы жалама жартас та, тылсым түнекті
алдыңа тұтар үңгір де, тіптен сонау көк жүзінде қалған
ақ жолақ та... бәрі-бәрі білмекке деген кұмарлықтың із-
дері.

Иә, нәресте сезім, балаң түсінік туған жер төсіндегі
шежірелі сораптарды шиырлап жүргенде жиырмасын-
шы ғасыр ақыл-ойының ізі сол даланың көгіне шимай
салып кетіпті... Міне, балалық шақтың естен кетпейтін
бір суреті осы еді.

...Содан бері де талай уақыт өтті. Талай рет көктем
гүл шашып, жыл құстары жұмыртқа салды. Дала әлі
де сондағы сабыр мен сырға тұнған қалпында. Тауы тау,
тасы тас, көлі көл, гүлі гүл күйінде. Айтақыр Хан жолы
да, ауыл орнындай тас қорым да, мүлгіген мазар да,
меңірейген жартас та, ондағы шым-шытырық жазу-сызу
да, үңгір де еш өзгермеген.

2. Өзгергені бір-ақ нәрсе. Ол — балалық қиялымыз.
Дәлірек айтсак, балаң қиялымыз. Ғасырлар бойы өзін-өзі
тани алмай, туған жердің құпиясына таңырқап, тамаша-
лап өткен балаң қиялымыз байсал тартқандай. Оң-солы-
мызды, тереңдік-биігімізді, арғы-бергімізді тани баста-
дық. Бұл — халык өміріндегі рухани мәдениеттің, ғылы-
ми ойдың, тегеурінді әрекеттің жаңа кезеңі. Мұндай ұлы
бетбұрысты Октябрь революциясының шұғылалы шапа-
ғы ала келді. Байтақ дала төсіндегі көз алдымызда өт-
кен формациялық алмасулар, әлеуметтік өзгерістер,
экономикалық жаңғырулар сол даланың дидарына жаңа
рең, жарқын шырай ұялатты. КПСС Орталық Комитеті-
нің Бас секретары, СССР Жоғарғы Советі Президиумы-
ның Председателі Л. И. Брежнев жолдастың сөзімен
айтқанда: «Туысқан республикалар шоғырында қазір

11

Қазақстан жұлдызы бұрынғыдан да жайнап, жарқырай
түсті» (5, 174).

Даланың түлеуі, сөз жоқ, сол даламен тағдырлас ха-
лықтың жан дүниесін де нұрландырмақ. Бұл—әлеумет-
тік-экономикалық ілгерілеудін рухани толысуға шапаға-
тын тигізетін әліппе шындығы. Ғасырлар бойы тусырап
жатқан дала төсіне кен барлаушылардыц бұрғысы ғана
бойлап қойған жоқ, сонымен бірге археологтардың абай
қимылы да алыс заманалардың қатпарына үңіле баста-
ды. Кен барлаушылар «көкектен басқа құсы жоқ, көкпек-
тен басқа шөбі жоқ» құла дүздің қойнынан небір асыл
қазыналарды тауып, өлкемізді құт мекенге айналдырса,
археолог-тарихшыларымыз сол даланың шежіре сырын
алдымен өзіне, қала берді әлемге паш етті.

...Жұмыр жер адамзат баласының ғұмыр шежіресін
қаза жіберместен өзінің өн бойына жазып жатады. Тек
оны оқи білер кез, түсіне білер көкірек керек. Бақсақ,
бала кезімізде, балаң кезімізде асық ойнаған айтақыр
төрткүл дүниені орап кететіи қасқа жолдын бір тармағы
екен. Анау жалама жартас түбіндегі үңгірді паналап, сол
үңгір ішінде бауыр көтерген адам әулеті арада әлденеше
мыңдаған жылдар өткенде, дәл сол өңірден адамзат бала-
сының тарихында тұңғыш рет космос кеңістігіне көтеріл-
ді. Тас түнек үңгір... шексіз кеңістік! Әсіре-қызылы жоқ,
бірақ қиялдың өзі қызғанардай шындық. Иә, тастүнек
үңгір мен шексіз кеңістік! Адамзат баласының бүгінге
дейінгі ғұмыр шежіресі осы екі аралықта сайрап жатыр.
Әлгі тасқорым да, балбалдар мен тұнжырлар да, жалама
жартас бетіндегі белгі-бедер де, күңгірлеген мазар да, көк
жүзіне шимайлы із тастаған самолеттер де бәрі-бәрі жа-
ңағы тас үңгірден бергі өмір жолымыздың өн бойына жа-
зылған ғұмыр шежірелеріміз. Әр ұрпақ бүкпесіз шындық-
пен өз болмысының ізін калдырған. Тас үңгірден бергі
шежірелі жолдың өн бойында мың-сан ұрпақтың өмір
үшін тырбанған тынымсыз тіршілігі, үғым-сенімі, салт-
дәстүрі, тірнектеп жинаған тәжірибесі, бір-біріне көрсет-
кен зорлығы мен қорлығы, сирек те болса қуаныш белгі-
лері сайрап жатыр. Бұл — таным жолы. Ең ғажабы

1 Бұл жерде және бұдан былайғы беттерде жақша ішіндегі бі-
рінші цифр кітап соңында берілген әдебиеттер тізімінің рет санын
білдіреді. Екіиші цифр—цитата келтірілген шығарманың бетін
көрсетеді. Егер цифрлар саны үшеу болса, онда біріншісі жүгінген
әдебиетіміздің кітап соңындағы рет санын, екіншісі сол әдебиеттің
томын, ал үшіншісі—бетін көрсетеді.

12

сол—Адам құдірет табанын тасқа тілдіріп, маңдайын
күнге күйдіріп, көбесін сөгіп, өкпесі өшіп, ілгері жылжы-
ған сайын өзінің асқақ тұлғасын талмастан шыңдап оты-
рыпты. Мұның өзі сайып келгенде танымның шыңдалуы.
дәстүрдің шыңдалуы, сұлулық туралы ұғым-түсініктің
шыңдалуы...

Міне, қадірлі оқушым, туған өңір өзінің шежірелі сы-
рын тыңдату үшін жолға шығарған жайы бар. Рас, табан
жолымыз алыс қиянды шарламайды. Оның есесіне уақыт
жолы бізді алыс заманалар сілеміне бастайды. Уақыттың
тым шалғай да шимайлы жолы бізді Сарыарқа деп ата-
латын құба жонның төсіндегі құжынап жатқан тарихи,
археологиялық, топонимиялық, эпиграфикалық, архитек-
туралық белгі-бедерлеріне алып келер. Осы тұста
негізгі мақсаттың басын аша кеткен артық емес. Біз әлгі
белгі-бедерлерге тізгін тарта отырып, халқымыздың ға-
сырлар қойнауынан басталар рухани таным-түсінігі
жайында, дәстүрлі өнеріміздің тегі туралы, сол дәстүрлі
өнеріміздің уақыт толқынында жіңішкеруі бар, бірақ
үзілмеген ерекшелігі хақында ой өрбітіп көрмекшіміз.

Қандай бір белгі-бедерге назар аударсақ та, осы
уақытқа дейін жинақталған тарихи, археологиялық де-
ректер, пайымдаулар қаперімізде отырады. Әрине, ойды
ортаға салудан зиян жоқ, ол айтылмай қалса — өкінішті.
Бәлкім, кей тұстарда жаза басып, жаңсақ кеткендей
жайымыз да болар. Қалай дегенмен де, шындықтың
(ғылымның) жолы — шырғалаң, күрделі де қиын соқпақ.
Ал сол шырғалаң жолдың аузына «Басқалардың кіруіне
болмайды» деген жазуды іліп қоюға тағы да болмайды
( 96, 20). Олай болды дегенше, ондай жолға шөп шығып
кету оп-оңай. Ашық аспан астында, туған өлке төсінде
тұнып жаткан шежіре сырды жол-женекей хал-қадіріміз-
ше айта жүруге жарасақ арман бар ма!

Себепсіз салдар жоқ. Хал-қадіріңізше бір істі тын-
дырдым-ау, дегенде, сол іске демеу болғандар еске түс-
еді. Сайын даланың сағымды белдерін бірге шарлап,
қанатты ойларын ортаға салған Ғабдолла Құлқыбаев,
Марат Сенбин, Жомарт Әбдіхалықов сияқты достардың
есімін құрметпен атаймын. Әсіре қызылдан ада, ғылыми
ақиқатты темірқазық еткен академик Әлкей Марғұлан-
ның ақыл-кеңестеріне айтар алғысымыз айырықша.

11. БОЛМЫС БЕДЕРІ

Если бы предоставить всем народам, на свете вы-
бирать самые лучшие из всех обычаи. и правы, то
каждый народ, внимательно рассмотрев их, вы-
брал бы свои собственные1.

Г е р о д о т.

I. Сабақтастық. Кез келген халыктың алыс замана-
лардан бері қалыптасқан өзіндік болмыс-бітімі, салт-
дәстүрі, материалдық және рухани мұралары — сол
халықтың ғұмыр жолының айнасы. Өткен заманалардан
жеткен мұралар бүгінгі ұрпақ үшін тек тарихтың қара-
пайым куәгері ғана емес, сонымен бірге қазіргі сан тарау
мәденнетіміздің бой көтерген берік тұғыры да. Адам
баласының таным-түсінігі толысқан сайын өзіне дейінгі
ұрпақтар жасаған матрериалдық және рухани мұраларды
зерттеп, игеруге деген қажеттігі арта түспек. Өткенді
түсінбей тұрып болашақты дұрыс бажайлауға болмайды.
Біздің әрқайсымыздың кіндігіміз ілгеріде өткен туған-
туысқандарымызбен ғана жалғасып жатқан жоқ, солар
өмір сүрген байтақ өмірмен де біте қайнасқан. Адамзат
баласының тарихи сілемінде әр ұрпақтың тіршілік-тыны-
сына айғақ болар белгі атаулының бәрін белгілі дәреже-
де сол ұрпақтың рухани, мәдени болмысының нышандары-
на балайтынымыз сондықтан. Бүгінгі таңдағы ғылыми
түсінік ғылымды да, әдебиет пен өнерді де, ел-жұрттың
білім өрісі мен сауатын да, халықтың тұрмыс-тіршілігі
мен өндіріс ауқымын да, ойдың оралымдылығы мен тіл-
дің құнарын да, материалдық және рухани қажеттілік-
тердің деңгей-дәрежесін де, ең арғысы талғамның таты-
мына дейін мәдениеттің аясына сиғызады. Демек, мәде-
ниет дегеніміз адамзат баласының ақыл-ойы мен маңдай
тері тудырған жетістіктердің бәрін қамтиды екен (106,
7). Мұның өзі біз ат басын тірейтін үңгірлерден, тас қа-
шау жазулардан бастап, сұлулықтың тәңіріндей күмбез-

1Егер халық біткенге әлемдегі барша әдет-ғұрыптар мен салт-
дәстүрлердің ішінен ең озығын таңдауға ерік берілер болса, онда
әрбір халық мұқият елеп-екшей келіп өздерінің әдет-ғұрыптары
мен салт-дәстүрлерін таңдаған болар еді.

Г е р о д о т.
14

дерге дейінгі, ауыл, село, қалалардан бастап, ондағы
завод, фабрикаларға дейінгі сан тарау ғұмырдың белгі-
бедерін рухани, мәдени нышандар — бір сөзбен айтқанда,
өмір салтының, тіршілік болмысының бедері деп қарауы-
мызға дес береді. Бұл, әсіресе, бүгінгі таңда, кемелденген
социалистік коғамымызда эстетикалық мәдениет бүкіл-
халықтық іс-әрекетке айналған шақта тіпті айқынырақ
аңғарылып отыр. Әрі қарай ой өрбітсек, эстетиканың
нысана етері тек қана әдебиет, көркем сурет, мүсін, му-
зыка, архитектура, сахна өнері ғана емес, сонымен бірге
қоғамдық өміріміздің материалдық-өндірістік, әлеумет-
тік-саяси жәпе рухани өрістерін де қамтитынын көреміз.
Әрбір индивидтің рухани деңгейі практикалық іс-әрекет-
тің әмбебабтығына, жан-жақтылығына байланысты деп
келетін тұжырым — эстетика туралы түсініктің адастыр-
мас бағдаршысы. К. Маркстың мына сөзін оқып көріңіз:
«Воздействуя... на внешнюю природу и изменяя ее, он в
то же время изменяет свою собственную природу. Он
развивает дремлющие в ней силы и подчиняет игру этих
сил своей собственной власти» (1, 23, 188-189). Тағы да
былай дейді: «Лишь благодаря предметно развернутому
богатству человеческого существа развивается, а частью
и впервые порождается, богатство субъективной челове-
ческой чувственности: музыкальное ухо, чувствующий
красоту формы глаз...» (2, 593). Ендеше қоғамдық сана
қоғамдық болмыстың перзенті екеніне күмән болмаса
керек. Ал мынау байтақ даламыздағы шашырап жатқан
ескерткіш белгілердің бәрі де, сөз жоқ, саналы әрекет-
тердің сілемі. Уакыттың сан тарау толқыны тудырған сол
ескерткіш белгілерге зер сала отырып адамдардың ұғым
түсінігін, тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын, тылсым дүние-
ні сұлулық заңдылықтары бойынша игерген талғам дең-
гейлерін анықтауға болады. Адам жасаған мәдениет
атаулы сол адам қалыптасқан мәдени ортаның деңгей-
дәрежесімен өлшенеді.

Ескіні жаңаның ығыстыруы, жаңаның уақытқа қыз-
мет етуі, бұл — мәңгілік процесс. Осынау бірін-бірі жоқ-
қа шығарып жататын мәңгілік процестің үзілмей созы-

1К. Маркстың айтуынша адам баласы өзін коршаған табиғи
ортаға ықпал жасап, оны өзгерту аркылы өзінің де жаратылысын
өзгертіп отырады (1, 23, 188-189). Сол сияқты адамзат баласы жа-
ратылысындағы мүмкіндігі мол ерекшеліктердің арқасында музы-
каны айырар құлақ, сұлулықты танитын кез... сияқты субъективті
сезімдерін шыңдап отыратынын ескертеді (2, 593).

15

латын бір арқауы бар. Ол —дәстүр. Көрнекті совет
филологы, профессор А. Ф. Лосевтің айтуы бойынша
мәдеииеттің қандай бір айғағы болса да, мейлі мифоло-
гиялық, философиялық, эстетикалық, филологиялық не-
месе тар аядағы терминологиялық айғақтар болсын,
бәрі-бәрі мәдениет атты байтақ әлемде тек қана дәстүр-
дің көлігіне мінгесіп ілгері жылжиды. Тарих кең көзді
елек сияқты. Уақыт екшеуіне төтеп бере алмағандар сол
елек көзінен түсіп қалады, Бұл қатал заңдылық дәстүрге
де қатысты. Қоғам дамуына қағажу келтірген дәстүр
атаулы тарихи прогрестің шаңын қауып қалмақ. Бірақ
қандай бір әлеуметтік өзгерістерде де тіршілік болмысы-
ның дәстүрлік сабақтастығы үзілмейді. Егер біз адамзат
мәдениетін мәңгілік мұхитқа бет алған өзенге теңесек,
ал дәстүр сабақтастығын сол өзенге нәр беріп жатқан
бастау бұлаққа теңеуге болар еді.

Дүние — үлкен көл,
Заман — соққан жел,
АЛДЫҢҒЫ толқын — ағалар,
Артқы толқын — інілер,
Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай көрінер,—

деп ұлы Абай айтқандай, ұрпақтардың алмасуы тоқта-
маған жерде дүние болмыс-бітімінін сабақтастығы
үзілмек емес. Сондықтан да өмір тіршіліктің әр саладағы
дәстүрлік жалғасуын адамзат тәжірибесінің, адамзат
мәдениетінің арбакешіне баласа лайық. Дәстүрдің жал-
пы философиялық мәні де осыған саяды. Дүниеге келген
адам бойында адам болудың нышаны ғана болады. Сол
адам нышанындағы тіршілік иесін әлеуметтік тарихи
тұлға (личность) ретінде қалыптастыратын—әр халық-
тың тарихи-табиғи болмыс-бітімінің табы, дәстүрдің
құдіреті, мәдениеттің сабақтастығы. Адам ешуақытта
өзінен-өзі адам болмайды, адам болуды шыр етіп дүние-
ге келген күнінен бастап үйренеді. Ал адамды адам ете-
тін — жұмыр жерді мекен еткен сан толқын ұрпақтардың
ақыл-ойы мен тірнектеп жинаған тәжірибесі. Ғасырдан
ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға ауысатын
тарихи-әлеуметтік, қоғамдық практикалық болмыс-бітім,
қасиетті дәстүр сабақтастығы болмаса адамзаттық про-
гресс те болмас еді. Өмір-салт, тіршілік болмысының
ғажайып сабақтастығы үзілген жерде бәрін де тырбанып
қайтадан бастауға мәжбур болар едік. Әрбір адамның

16

бойында адамзат баласы жүріп келе жатқан жолдағы
баға жетпес тарихи тәжірибенің үлгісі бар. Адамзат
баласы жасаған мәдениет маржандарын теңдеп алған

дәстүрдің ұлы керуені мәнгілік тоқтамастан уақытқа
ілесіп отырмақ. Партиямыздың XXII съезінде қабылдан-
ган КПСС Программасындағы «Дүние жүзілік мәдениет-
те жасалған не жақсының бәрін өз бойына жинақтап
алып, онан әрі дамытушы коммунизм мәдениеті — адам-
заттың мәдени дамуындағы жаңа, жоғары саты. Бұл мә-
дениет коғамның рухани өмірінің барлық алуан түрі мен
байлығын, жаңа дүниенің жоғары идеялылығы мен
адамгершілігін өз бойына жинақтайтын болады. Бұл
тапсыз қоғамның мәдениеті жалпы халықтық, жалпы
адамзаттық мәдениет болады» (6, 447—448),—деген
тұжырымдар бүгінгі таңда рухани танымның алтын
қазығы.
Ұрпақтар сабақтастығының, дәстүр сабақтастығының,
мәдениет сабақтастығының айғағын бүгінгі гүлденіп-көр-
кейген Казақстанның тарихи болмысынан айқын аңғару-
ға болады. Советтің шығыстанушы археологтары,
лингвистері, нумизматтары, архитектура тарихын зерттеу-
шілері, әдебиет пен өнердің, ғылымның тарихын
зерттеушілері, этнографтары бүтінгі таңда Орта Азия
халықтарының мыңдаған жылдық ғұмыр шежіресін паш
ете алар қыруар мағұлматтар жинақтап үлгерді. Рас,
Орта Азия халықтарының, соның ішінде дала әлемін ме-
кендеген қазақтар сияқты көшпелі1 елдердің ата-баба-
лары туралы деректер шумерлер мен мысырлықтардың
(Египет), эламиттер мен урартулықтардың жазбаларын-
да, парсы патшаларының тасқа басылған шежірелерінде,
Тәуратта (Библия), Қиыр Шығыс пен Европа жиһанкез-
дерінің, тарихшыларының жазбаларында кездеседі.
Әрине, оларлың қай-қайысысы да дала тұрғындарының
болашағын ойлағандықтан деректер қалдырмаған. Олар
сол даламен сауда-саттық жасасқан, сол далаға жорық-
қа аттанған, сол даладағы тасқын судай қалың нөпір
қарулы қолдан талай рет зардап та шеккен. Шығыс
тарихын зеттеуші ғалым Л. Н. Гумилев айтатын ұлы
даладағы көшпелілер империясы тарихтың ұзына бойы-
на төңірегіндегі отырықшы елдердің қай-қайсысының

1 Көшпелі —«көшпенді» емес. Тіліміздегі «көшпенді», «тастан-
ды», «жуынды», «шәйінді», «ірінді», «қиынды», «жаттанды» сияқты
«иды-нді» жұрнағымен айтылатын сөздердің бәрі де жағымсыз мағ-
на береді. Демек, дұрысы «кешпелі» болады.

17

да өмір жолына тайға таңба басқандай іздерін қалдырып
отырған. Әрине, мұның бәрі бүгінгі байсалды методоло-
гиялық принииптер бойынша көшпелілердің тарихи аре-
алындағы көптеген халықтардың әлеуметтік-саяси бай-
ланысы, тарихи-мәдени қарым-қатынасы, рухани
алмасуы, бірін-бірі байытуы тұрғысында қаралады"

Туған өлкенің қызық та, күрделі тарихын танып-білу-
де Октябрь революциясына дейінгі орыс ориенталистері
нің сіңірген еңбегі де айырықша. Сөйте тұра, шын мәнін-
дегі ғылыми тұжырымды нақтылы деректерге жүгіне
отырып арғы-бергі тарихымыздың күрделі шежіресін
совет ғалымдары жасады. Олар темірқазық еткен мето-
дологиялық принцип—диалектикалық материалистік
концепция отандық ориенталистика жинақтаған қыруар
материалдар мен деректерді саралап берді деп мақта-
нышпен айтуға болады. Совет ғалымдарының табанды
еңбегінің арқасында тұңғыш рет байтақ Отанымыздың
шығыс өңірін мекендеген халықтардың шыншыл, ғылыми
тарихы жасалды. Отаршыл менмендіктен ада немесе кі-
ріптар қорғаншақтығы жоқ тарихи шежіренің жасалуы
Советтік Отанымызды мекендеген халықтардың өткені
мен бүгінін танып білуіне, болашағына сеніммен қарауы-
на себеп болып отыр. Мұның өзі, сайып келгенде, халық-
тың рухани таным-түсінігі балаңдықтан байсалдылыққа
көшу деген сөз. Жеті атасын ғана білгенге мәз болған
ел-жұрт енді жеті ықылым заманғы тарихи жолын танып
білуге ден қойды. Советтік Казақстанның бүгінгі таң-
дағы гуманитарлық ғылымы сан тарау өрістерге шығып,
халықтың өткенін бойлай зерттеуде. Тарихшылардың,
археологтардың, этнографтардың, фольклористердің,
өнердің әр түрін зерттеуші мамандардың эмпирикалық
материалдарында сүйене отырып, іргелі тарихымыз ту-
ралы, дәстүрлі өнеріміз туралы, халқымыздың ғасырлар
қойнауынан тартылатын эстетикалық таным-түсінігі
туралы толғамды ойлар қозғауға мол мүмкіндіктер туды.
Байтақ дала төсіндегі шашырап жатқан алыс замана-
лардың белгі-бедері тарихи тұрғыдан ғана құпия сырын
ашып койған жоқ. Енді касқая созылған айтақыр жол-
дар да, құж-кұж болып шөккен тас қорымдар да, күңгір-
леген күмбездер де, құпия жазулар да халқымыздың
өткен өмір жолын, таным- түйсігін, эстетикалық талғам-
татымын танып-білуге көмектесер кілтке айнала бастады.
Тарихи-мәдени, археологиялық мұраларды іздеп табу,
тіркеуге алу бір ғанибет болса, оларды аялап, корғап

18

қалпына келтіріп, ұрпақтар игілігіне айналдыру—екін-
ші қажеттілік. Ал табылған, тіркеуге алынған асыл
мұралардың тарихи-мәдени мәнін ашу, халқымыздың
тарихи болмысының айғағы ете зерттеу, эстетикалық
таным-түсінікпен тамырластығын анықтау — міне, бұл
ең мәнді, ең негізгі мақсат. Тарихи-мәдени мұралардың

тағылымдық қасиетінің ізі, міне, осында болса керек.
2. Қазір Қазақстан жерінде, Республикамыздың бай-
тақ даласында ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге
дейінгі уақыттың куәгері сияқты 25 мыңнан астам тари-
хи, мәдени ескерткіштердің бар екендігі анықталып отыр
(42, 14). Халқымыздың осынау ғажайып мұрасын есепке
алу, оларды қорғау және ғылыми білгірлікпен қалпына
келтіру аса мәнді проблемалардың бірі. Оған қоса сол
тарих ескерткіштерінің ғылыми мәнін саралау, халқы-
мыздың сан ғасырлық мәдени болмысына айғақ ету бү-
гінгі кемел уақытымыздың рухани кажеті. Шашырап

жатқан сан ғасырлық көркем мұраларды,замана айғақ-
тарын типологиялық және нақтылы тарихи аспектіде
зерттей отырып, әрбір ғылыми жаңалықтың бұқаралық
сипат алуына, мән бере білудің маңызы зор. Халықтың

ғұмыр шежіресімен сабақтас археологиялық, этногра-
фиялық тың деректер, тарихи, эстетикалык соны пайым-

даулар аз аяның, тар өрістің «жаңалық-жетістігі» болып
қалмай, халықтың рухани игілігіне ұласуы керек. Жаңа
социалистік мәдениеттің алғы шарты ретінде, ғасырлар
бойы тарихи даму барысында жасалған мәдени мұраға
сын көзімен қарай отырып, оның сабақтастығын қамта-
масыз ету қажеттігін кезінде В. И. Ленин атап көрсетті
(4, 31, 288).

Ұлы Октябрь социалистік революциясының алғашкы'
күндерінен бастап-ақ Коммунистік партия мен Совет үкі-
меті мәдениет байлыктарын бұқара халықтың игілігіне
айналдыру шараларына айрықша мән берді. 1918 жыл-
дың 14 апрелінде Халық Комиссарлар Советі жарияла-
ған "Республика ескерткіштері туралы" Декреті, 1918
жылдың 5 октябрінде В. И. Ленин қол қойған «Жеке
адамдардың, жұртшылықтың, мекемелердің иелігіндегі
өнер және ескілікті ескерткіштерді тіркеу, есепке алу,
қорғау туралы» Декрет немесе 1919 жылдың 18 апрелін-
де үкімет декретімен құрылып, кейін СССР Ғылым Ака-
демиясының құрамына енген Россияның материалдық
мәдениет Академиясы сияқты ауқымды шаралар тарих
және мәдениет ескерткіштерін қорғау үшін жасалған

19

теңдесі жоқ қамқорлықтар еді. Одан бері де партия мен
үкімет Совет Одағындағы халықтардың мәдени мұра-
ларына ұдайы әкелік қомқорлық көрсетумен келеді. Со-
лардың ішінде 1923 жылы мәдени мұраларды мемлекет
қамқорлығына алу үшін арнаулы қаржы бөлу туралы
қабылданған қаулының мән-маңызы ерекше болды.
Байсалдылықпен жүргізілген бұл сияқты игі шара-
лардың қай-қайсысы да, сөз жоқ, өз нәтижесін беруде.

1976 жылы «Тарих пен мәдениет ескерткіштерін қор-
ғау және пайдалану туралы» СССР Заңы, ал 1978жылы
«Тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайда-
лану туралы» Қазақ ССР Заңы жарық көрді. Бұл сияқ-
ты заңдардың қабылдануы — бұқара халықтың кемел-
денуі мен рухани толысуын одан әрі жақсарту жолында
Коммунистік партияның және Советтік мемлекетіміздің
аса зор қамқорлығының тағы да бір тамаша айғағы бол-
ды. Жаңа заңдарда тарих пен мәдениет ескерткіштерін
мемлекеттік тіркеуге алудан бастап, оларды қорғау мен
пайдалануға және әрбір ұйымдар мен азаматтардың
жауапкершілігіне дейінгі мәселелерді жан-жақты ескер-
ген. Осынау өзекті талаптардың қай-қайсысында да
халықтың рухани мәдениетінің өсіп-өркендеуіне ыжда-
ғаттықпен қарау жөнінде В. И. Ленин идеяларының бас-
шылыққа алынып отырғанын айқын аңғарамыз. Жаңа
Заңға тән ерекшеліктердің бірі — мәдени мұраларға
қамқорлықпен қарап, оны қорғау ғана емес, сонымен
бірге тарих және мәдениет ескерткіштерін идеялық-тәр-
бие жұмыстары үшін мейлінше тиімді пайдалану болып
табылады. Социалистік қоғамымызда жеке адамның
қалыптасуына, халық санасының өсуіне, қоғамдық пси-
хологияның қалыптасу процесіне, ұлттық сана-сезімнің
шыңдалуына тарихи-мәдени мұралардың ықпалы ерек-
ше. Сондықтан да Жана Заң бізден тарих пен мәдениет-
тің озық үлгілерін көздің қарашығындай сақтауды талап
етеді, сол озық үлгілер арқылы идеялық сенімімізді
нығайтуға, бүгінгі ірге тасы биіктеп бара жатқан мәде-
ниетіміздің талғамды да татымды, ойлы да өнегелі бо-
луына ықпал етуге шақырады.

Бүгінгі ұрпақтың тәрбиешісі тек туған шаңырағы,
білім алған мектебі немесе жолдас-жоралары ғана емес.
Сонымен бірге, өткен өмірдің белгі-бедері, жаңғырығы,
тарихы — біздің, әр қайсымыздың көзге көрінбес «ұс-
тазымыз». Жолың түскен бір шақтарда көзі қарақты

20

серігін «мына төбенің етегіне еліміздің тарихындағы
тұңғыш мыс заводы салыныпты», «осы даладағы әр түп
көденің тамырын әйгілі Ақан серінің дауысы дірілдеткен»

десе, немесе «мына бір ағаш үйде Михаил Васильевич
Фрунзе оқыған», «ал мына бір үйде дауылпаз ақын Қа-
сым Аманжолов тұрған» десе, осы бір болмашы деректің
өзі-ақ сіздің сана-сезім әлеміңізді туған жердің шежірелі
тарихымен тамырластырып кетпей ме! Демек тарихтың
сан толқын дерегін, туған еліміздің еңбек шежіресін,
революциялық дәстүрін, сан тарау өнерінің сабақтасты-
ғын білу арқылы біз ең алдымен өзімізді өзіміз танимыз.
Қайдан шығып, қайда бағдар түзегенімізді білеміз.
Тарихи-мәдени мұраны танып-білу арқылы біздің әр
қайсымыз өткеніміз бен бүгінгіміз үшін, жарқын бола-
шағымыз үшін парасат-болмысымызды шыңдаймыз.
Адам баласы үп еткен желге тамырын үзіп, тоқтаған
жерге тұқымын төгетін қаңбақ емес қой. Саналы адам-
ның( хомо сапнэнс) ең бір мәнді белгісі: ол рухани
отырықшылығымен, яғни қоғамдық-әлеуметтік күнкөріс,
түсінік тәжірибесінің тарихи сабақтастығымен дара-
ланады. Біздің ата-бабаларымыздың өмір-салты көшпелі
болғанымен, рухани болмысы көшпелі болмаған. Кез
келген көшпелі бабаларымыз туған жердің өзен-көлін,
тау-тасын, орман-тоғайын ешбір отырықшы замандас-
тарынан кем сүймеген. Сондықтан да кіндік қаны тамған
жері үшін тайсалмастан жүрек қанын да төге білген.
Сондықтан да сол даланы әнмен әлдилеп, күймен тербе-
ген. Сол далаға ең аяулы атаулар берген. Сол далаға
тек қана сұлулық деп аталатын ұлы түйсікпен үндесетін
белгілер қалдырған. Кысқасы, байтақ дала көшпелілер-
дің рухани әлемі болған. Ендеше, дәл бүгінгі таңда да
туған шаңырағыңнан бастап, өз мектебіңді, өз ауылың-
ды, өзіңнің қалаң мен далаңды, туған еліңді, бүкіл адам-
затты сүю, осынау байтақ әлемдегі рухани асылдарды
ардақ тұту—ең алдымен адамның рухани отырықшы-
лығы үшін, демек, адамгершілік түйсік-сезімнің, дүние-
таным түсініктің тегеурінділігі үшін де қажет. Туған
жер төсіндегі тарихи мұраға немкетті қарау—туған ел
тағдырына немкетті қараумен бара-бар...

Сондықтан да біз туған жердің төсіндеғі белгі-бедерге
сергек мойын бұра отырып, өткенге ой зерделетеміз, бү-
гінгі жеткен жерімізді бажайлаймыз, болашағымызға
жауапкершілікпен қарап, ертеңіміз үшін еркін әрекетпен
батыл күресеміз.

Итак, если быть справедливыми, мы должны
оплакать тот час, когда последний хуннский
шаньюй упал, израненный, с боевого коня и под-
хваченный верными сподвижниками, умчался в
никуда. Он сражался за неосуществившуюся ци-
вилизацию...1.

Л. И. Г у ми ле в.
Сенде, менде жоқ,
Сеңгір тауда жоқ,
Отта, таста жоқ,
Қыпшақта жоқ.

"Кодекс-куманикус" кітабынан жұмбақ.
Ш е ш у і: Кұс сүті.

I. Дала. Бұл даланың бітім-болмысы тұтас бір құр-
лықтық ұғыммен шендескендей байтақ мекен. Егер
Қазақстанның географиялық қартасына зер салсаныз,
жуан ортасында ат жалданып жатқан адырлы ай-мақ
көрінеді. Қыран құстың қанатын талдырардай осынау
сары жон мыңдаған шақырым жерге созылып жатыр.
Солтүстігі — Батыс-Сібір ойпатынан басталып, оңтүсті-
гі — Балқаш-Алакөл құйылымына дейін созылған, шы-
ғысы —Алтай, Сауыр, Тарбағатай сілемдерінен баста-
лып, батысы — Торғай жазығына дейін созылған алып
жонды ертеден-ақ халқымыз Сарыарқа деп атаған. Ев-
разия сияқты қойындасып жатқан қос құрлықтың апай
тесінде жатқан ұлы даламыз (36, 3—8) осы.

Ең алдымен осы даланың мейілінше ұрымтал қойыл-
ған атауы назар аударады. Шоқтық сілемі көзге түсер
тау емес, қолтық қойнауын аралап көрер көл емес, көк-
жиекпен астасып керіліп жатқан байтақ "құрылықтың"
дөңес жон екенін көкке көтерілмей-ақ жазықта жүріп
елестете білу географиялық ұғым-түсініктің ерекше

1 Сонымен, әділдікке дес берер болсақ, ен сонғы ғұнның бозда-
ғы ереулі аттан жараланып кұлап түскен сәтті, сонан соң адал
серіктері колтығынан демеп әкеткен сол боздақтың, басы ауған
жаққа кұйындата шауып қарасын батырған сәтті сұнқылдап тұрып
жоқтауға тиіспіз. Ол жүзеге аспай қалған цивилизация үшін күрес-
кен еді.

Л. Н. Г у м и л е в
22

сезімталдығына айғақ. Бүгінгі география ғылымы Сары-
арқаның мыңдаған шақырым жерге созылған қоянжон
дөңес екенін тайға таңба басқандай қағазға түсіріп беріп
отыр. Шынында да Арқа десе арқа екен. Осынау сұлап
жатқан ұзын жалдың, дөңес белдің қос қапталындағы
өзен атаулы екі жаққа айырыла ағып жатыр. Бір сәт, шы-
ғысында — құс тұмсықтана біткен Тарбағатай сілемінен
бастап, батысында —керіліп жатқан Торғай ойпатына
ДЕЙІНГІ аралықтағы Сарыарқаның апай төсіне зер
салыңыз. Алып жонның өзендері екі жаққа ағады. Сол-
қапталынан төгіле аққан Шар, Шағын, Ащысу,
Түндік, Көктал, Жарлы, Талды, Өлеңті, Сілеті, Есіл,
Нұра, Қүланөтпес, Терісаққан сияқты арналы өзендер
мандайын солтүстікке қаратқан. Ал енді осы өзендермен
бастауы бір, шыққан жері ортак Аякөз, Бақанас, Тоқыр-
ауын, Былқылдақ, Қаратал, Қаршығалы, Жіңішке,
Жәмші, Мойынты, Сарысу, Сарыкеңгір, Қаракеңгір
сияқты жылғасы мол, суы тұщы өзендер кереғар бағыт-
та оңтүстікікке қарай жамырай ағып жатыр. Міне, осы
келтірілген мысалдардан-ақ Сарыарқаның алып су айы-
рығы екенін, ағын су атаулы сол қоянжон дөңестің қос
қапталынан төгіле ағатынын көреміз. Мұндай байтақ
жонды Арқа демеске болмайтын да секілді. Басқаша-
атау көкейге қонбайтындай, көңілге орнықпайтындай.
Көңіл зеректігіне қоса кең ауқымдағы сұлулықты
сезіп білудің дәлдігі де қайран қалдырады. Сарыжон
емес. Сарыжазық емес, Сарыдала емес... Сарыарқа! Са-
ры десе дегендей, бұл байтақ өлкенің мың сан өсімдігінен
бастап, тау-тасына дейін сарғыш тартып жатады. Сон-
дықтан да дендей біткен өсімдіктерін боз бетеге, боз
жусан, сары көде, ақ селеу, ақ ши, шұбар тарлау, ақ
қайыңды ақтоғай, боз тораңғы, боз тал деп атайды. Ал
жұмыр жердің өзімен құрдас дерлік әбден мүжіле тоз-
ған тауларын көбінесе Ақтау, Сарытау, Қызылтау, Қы-
зылжал, Ақсеңгір, Қызыларай, Ақшатау деп атаса,
жазық далаларын Сарыжазық, Ақдала, Бозжазық, Жо-
салы деп тайды. Арқа тауларындағы мүжілген жартас-
тар мен қақырайған қүз қияларына дейін қатпар-қатпар
қызғылт сары құмқайрақ тас (песчаник) болып келеді.
Ең арғысы бұл өлкенің қойдай өрген киігі мен түлкісі де
қызғылт сары, арқары сарғыш, қасқыры көкшулан бол-
ып кездеседі.
Сарыарқаның табиғаты да өзіндік ерекшелігімен қай-
ран қалдырады. Мүлгіген қара орманы, мөлдіреген айна

23

көлдері, көк майса шалғынды алқаптары, көдесі ұйысқан
сары жазықтары мен қарағайлы таулары Арқаның ен
бойында ұшырасып отырады. Әсіресе, талы мен шілігі,
қайыңы мен терегі, мойылы мен қарағашы күлтелене
біткен ұсақ өзендері Сарыарқаның реңін келістіріп, кө-
рер көзді қуантқандай . Әрине, суы тұщы, кос қапталы-
ның оты мол мұндай өзендер ең алдымен төрт түлік мал-
ға қолайлы. Мына бір мысалды қараңыз, бір ғана Қара-
ғанды, Жезқазған облыстарының жерінде 5500 өзен мен
өзен сағалары бар екен. Олардың жалпы ұзындығы 34
мың километр. Ал, үлкенді-кішілі көлдерінің саны 5 мың-
нан астам (114 ,8).

Сарыарқаның қысқа қайырым тілмен айтылған осы-
нау бітім-болмысы «Көшпелілер» атты тарихи этникалық
атаумен қойындасып жатыр (110, 79). Байтақ дала өзі-
нің географиялык орналасуымен ғана Қазақстанның
барлық өңірімен жалғасып жатқан жоқ, оның шежірелі
тарихы да теңірегіне сұғына сабақтасып жатыр. Жалпы
тарихты, әсіресе көшпелілер тарихын географиялық қар-
таға түскен сызықтар аясында алып қарауға болмайды,
Мұның өзі Азияның апай төсін алыс заманалардан бері
тұрақ еткен көшпелі ру-тайпалардың конгломераты —
қазақ сияқты елдің тарихын да, рухани дәстүрін де те-
рең танып білуге тосқауыл болатын тенденция. Демек,
Сарыарқаның төсінде шашырап жатқан белгі-бедерді
тілге тиек еткенде тарихи-мәдени мұралардың алыс за-
маналардан бүгінгі күнге дейін жалғасып жатқан сабақ-
тастығын ескере отырып, Сарыарқа регионын төңірегін-
дегі байтақ далалармен, көршілес ел-жұртпен, олардың
тарихымен тығыз байланыста қарау керек. Жалпы
дамудың тегіне, әсіресе мәдениеттің түп тамырына тари-
хи диалектикалық аспектіде қарамаса болмайды. Мұн-
даіі методологиялық принципті темірқазық етпеген жер-
де - мәдениеттің тарихи сабақтастығынан, дәстүрлік
сипатының өзіндік ерекшелігінен көз жазып қалу оп-оң-
ай. Халықтың тарихи дәстүрінен тамырын үзген көркем
мәдениеттің болашағы бедеулікте өтеді. Дәстүрлі танымы
орныққан, адамзаттық рухани игіліктермен талғамы
шыңдалған, дүние дидарына сұлулык заңдылықтары бой-
ынша өзіндік ерекшеліктермен қарай алатын Мәдениет
қана уақыттың талғампаз керуеніне ілесе алады. Ұлы
Лениннің дәстүр сабақтастығы туралы теориялык терең
мәні бар пайымдаулары. «Философиялық дәптерлерінде»
айқын түйінделген. В. И. Лениннің айтуы бойынша соц-

24

налистік қоғамның жаңа мәдениеті күні өткен, ескі мәде-
ниеттің, ескі құрылыстың іріп-шіріген, реакцияшыл
тамырына балта шаба отырып, өткеннің ең озық, про-
грессивті мәдени дәстүрінің логикалык жалғасы ретінде
дамуы тиіс. Ал бүгінгі таңда, халықтың рухани даму
жолын мейілінше саралап тануға мол мүмкіндіктер бар.
Социализм тек қана бүгініңді бажайлатып, болашағыңа
сеніммен қаратып отырған жоқ, сонымен бірге халық-
тардың алыс заманалармен сабақтас өткен өмір жолын
танып-білуге де жағдай жасап отыр.
Осы уақытқа дейін жинақталған тарихи, археология-
лык деректер Евразиядағы байтақ тіршілік құрған көш-
пелілер жайында ғана емес, шағын региондардың да ше-
жіресін саралап айтуға мүмкіндік береді. Ел тарихы,
жер тарихы, сол жер бетіндегі тарихи-мәдени мұралар
тарихы бір-бірімен тығыз бірлікте. Бұларды ешуақытта
бір-бірінен бөліп карауға болмайды. Бірін сөз етіп оты-
рып, екіншісін қаперімізге ілмеу қате болар еді.
2. Өткеннің бәрі — өмірбаян. Біздің заманымыздан
бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі тек қана археологиялық
деректер арқылы тіл қатады. Адамның тіршілік-қараке-
тіне айғақ болар сол деректерді үшке беліп қарау бүгінгі
тандағы тарих ғылымының орныққан дәстүрі. Данияның
тіс қақкан алып-сатары, кейін Копенгаген музейінің
коллекция сақтаушысы Христиан Томсен ұсынған осынау
үштік бөлік — тастың, мыстың (немесе қоланың) және
темірдің атауымен аталады. Біздің заманымызға дейінгі
дәуірлерде өмір сүрген адамдар тұтынған негізгі ма-
териалдарды сұрыптау барысында тілге оралған осы
шартты бөлік — ғасырлардың әйгілі үштік схемасы ретің-
де тас дәуірі, мыс (немесе қола) дәуірі, темір дәуірі бол-
ып тарих ғылымының тіліне енді. Алайда, бұл үштік бө-
лік адмазат баласының даму жолын елестету үшін ұрым-
тал болғанымен, оларды уақыт аясында хронологиялық
ретпен саралауда барлық жерде бірдей сәйкес келе бер-
мейді. Өйткені, ең алғашқы адам тектес тіршілік иесінің
қай өңірде қаз басқанын білу күні бүгінге дейін даулы бо-
лып отырғанда, қолға түскен археологиялык деректерді
сапасына қарап белгілі бір уакытқа тели салу ағаттық
болып шығар еді. Сондықтан да бүгінгі тарих ғылымы
адамзат баласының пайда болу, даму кезеңдерін уақыт
аясында елестету үшін геологиялық хронологияға арқа
сүйейді.

25

Геология жұмыр жердің тарихын төрт заманға (эра)
бөледі. Олар: архей, палеозой, мезозой және кайнозой
деп аталады. Әрбір заман өз ішінде кезеңдерге, ал әрбір
кезең дәуірлер мен ғасырларға бөлінеді. Жер бетіндегі
тіршілік сілемін уақыт аясында елестету үшін кайнозой
заманынан бері қарай қыдыра қараса жетіп жатыр. Кай-
нозой өз ішінде екі кезеңге бөлінеді. Бірі — шамамен 60
миллион жылға созылған геологиялық үштік кезең. Екін-
шісі — шамамен 1 миллион жыл бұрын басталып, бүгінгі
күнге дейін жалғасып жатқан ширектік кезең. Осы ши-
ректік кезеңнің өзі екі дәуірге бөлінеді. Біріншісі — плей-
стоцен—дүниені мұз басқан дәуір. Екіншісі—голо-
цен—мұздықтан кейінгі дәуір (11, 212).

Алғашқы адам тақылеттес тіршілік иелерінің (хомо
Һавилис) өмір сүрген кезі геологиялық антропоген дәуі-
рі. Ал жер бетін соңғы рет жапқан мұздақтан кейінгі
Дәуірдің адамын бүгінгі ғылыми пайымдаулар "саналы
адам" (хомо сапиэнс) деп қабылдап отыр. Қазіргі адам-
дар тақылеттес осынау саналы адамға бұдан 40—30 мың
жыл бұрын өмір сүрген неоантроптар жатады.

Міне, осы саналы адамның тіршілік-тынысынан жет-
кен белгі — солар тұтынған тастар ғана. Әлгі, тас дәуірі
дейтін шартты атаудың дүниеге келуі де осы тас құрал-
дарға байланысты. Адамзат баласының ең ұзаққа созыл-
ған азапты жолы да осы тас дәуірінің еншісінде. Ғалым-
дардың пәтуалы пікірі бойынша тас дәуірі үш кезеңге
бөлінеді. Бірінші — палеолит — ең ежелгі кезеңі. Екін-
ші — мезолит — орталық кезең. Үшінші —неолит — ең
соңғы кезең.

Қазақстан мен Орта Азияны тұрақ еткен ең ежелгі
адамдардың айғағы қазіргі кезде кіші Қаратаудың сол-
түстік шығыс өңіріндегі Шабақты, Тәңірқазған, Бөрік-
қазған, Аққөл, Қазанғап деп аталатын жерлерден табы-
лып отыр (51, 1, 59). Ғалымдарымыз мұны ежелгі палео-
литтің белгісі ретінде шель-ашель дәуіріне жатқызады.
Бұл осыдан 800 мың жыл бұрынғы уақыттан бастап
100 мың жыл бұрынғыға дейінгі уақыт аралығын қам-
тып жатыр. Ежелгі палеолиттің адамдары Орталық
Қазақстан өңірінде, байтақ жатқан Сарыарқада шель-
ашель дәуірінің соңын ала пайда болды. Оның археоло-
гиялық айғақтары Жезқазған облысындағы Обалысай,
Мұзбел, Талдысай, Жаман Айбат, Қосмола, Қызылжар
деп аталатын жерлерден табылған (59, 123—128). Көп-
теген зерттеушілеріміз бұл айғақтарды осыдан 100—40

26

мың жыл бұрынғы орталық палеолит немесе мустьер
дәуірінің адамдары тұтынған дейді. Ғалым тілінде неан-

дерталь деп аталатын адамдар, міне, осылар.
Бұл кездегі байтақ қазақ даласының, оның ішінде

Сарыарқаның географиялық жағдайы да өзгеше еді,
Соңғы мұздақ дәуірінің сірескен сеңгір мұздары серпіліп
барып солтүстігінде Сібір жазығына жеткен. Ал Жоңғар
Алатауынан бастап Алтай, Саян тауларына ұласқан мұз-
дақ, оңтүстік, шығыс өңірін құрсап жатты. Батысында
Оралдың мұз жалдары кес-кестеді. Сонда Қазақстанның
кең даласы осынау серпіле түрілген мұз құрсаудың орта-
сында көктем кезіндегі қары тесілген құба жон сияқты
еді. Ал мұз құрсаудан төгіле аққан Обь, Ертіс, Есіл өзен-
дері Сарыарқаны шыр айналып отырып, Торғай ойпаты
аркылы Арал мен Каспийге құятын (84, 8).

Оты-суы мол дала төсінде мамонттар мен жүнді
мүйіз тұмсықтар, үңгір аюлары мен барыстар, құландар

тарпандар, тау текелері мен киіктер сияқты алуан
түрлі аң жосып жүрді (18, 54). Осылардың ортасында
бірін азық етіп, енді біріне өзі жем болып, тастан басқа
қаруы жоқ адамдар да тіршілік құрды.

Қатал табиғат аясында тіршілігін үзіп алмаудың ең
бір күйкі әрекеттерімен тырбанған палеолиттің адам-
дары мезолит, одан кейінгі неолит дәуірлеріндегі сана
деңгейіне жеткенше дамудың ең ұзақ, ең қиын-қыстау
жолын бастан кешті. Бір ғажабы сол, жерден бауырын
көтерген адамзат әулеті ғасырдан ғасыр, дәуірден дәуір,
заманнан заман озған сайын жалпы даму қарқынын
ұдайы үдетіп келеді. «Әлем тарихының ұзак-ұзақ дәуір-
лерінде акселерация (дамудың жеделдеуі) айрықша ай-
кын байқалады. Тас дәуірі қола дәуірінен ұзақ, ал қола
дәуірі машина пайда болған дәуірден ұзақ. Тас дәуірінің
аясындағы жоғары палеолит мезолиттен, мезолит нео-
литтен ұзақ. Сондай-ақ қоланы тұтынған ғасырлар темір-
ді тұтынған ғасырлардан әлдеқайда ұзақ. Одан да беріге
зер салсақ, ерте дүние тарихы орта ғасырдан ұзақ, орта
ғасыр—жаңа заманнан, жана заман—ең жаңа заман-
нан ұзақ. Осынау бөліктердің әрқайсысының өз ішінде
де акцелерация ап-айқын байқалады» (96, 28).

Геологиялық ширектік кезеңде пайда болып, тасты
қару еткен адамнан бастап бүгінгі ядролық реактордың
тұтқасын ұстаған адамға дейінгі аралықтағы дамудың
ұзақ жолын елестету үшін мынадай бір қарапайым шарт-
ты мысал келтіруге болады. Адамзат баласы дамуының

27

осынау қияннан басталған қиын жолын мың шақырым
деп алар болсақ, соның тоғыз жүз тоқсан шақырымы
табанын тасқа тілдіріп, маңдайын күнге күйдіріп,
аш-жалаңаш, жаяу шұбағандардың еншісіне тиер еді.
Мұнан кейінгі тоғыз шақырымды бірі ит пен бұғы жегіп,
бірі түйе мен өгіз мініп, санаулылары ғана атқа тақы-
мын тигізіп жүріп өткендей. Ал, жиырмасыншы ғасырдың
ең жүрдек көлігін мінген замандастарымыздың жүрген
жолы жаңағы мың шақырымның ең соңғы бір шақыры-
мы ғана болып шығады. Міне, адамзат баласының жал-
пы даму жолына ой зерделеткенде әрі жантүршіктірер,
әрі шүкірлік еткізер ащы шындық осы. Бұл — өмір үшін
басты бәйгеге тіккен күрес жолы, зорлық пен қорлыктың,
ізденіс пен шыңдалудың жолы. Тек қана жеке адамдар-
дың шыңдалуы емес, тұтас қоғамдардың, байтақ құрлық-
тардың формациялық алмасуларының, тарихи-әлеумет-
тік дамуларының айғағы. Ең бастысы адам сияқты
тіршілік иесінің адам құдіретке айналып, тілі мен
наным-сенімін, салт-дәстүрі мен моральдық-этикалық
қасиеттерін, ақыл-ойы мен тарихи тәжірибесін шыңдау-
дың шытырман жолдары. Дәстүр, мәдениет атты ұлы
құбылыстың тегін тектеп, тамырын бойлау үшін осынау
шытырман жолды шарламай болмайды. Бұл жолда
адамзат баласының көңілге тоқығаны, көзге көрінері
бергі сілемдер ғана. Арғы, ұзаққа созылған заманалар
болмысын археологиялық ізденістеріміз арқылы білеміз.
Бұл орайда әсіресе соңғы 40—50 жыл аясында жүргізіл-
ген жұмыстардың ауқымы да, мән-маңызы да айрықша.
Шығысында Ұлы Қытай қорғанынан бастап, батысында
Дунай бойына дейінгі 40 және 50-параллельдің арасын-
дағы байтақ дала әлемін мекен еткен көшпелілердің сан
мыңдаған жылдық ғұмыр шежіресі жөнінде қазір совет
археологтары орнықты пікір айта алады. Әсіресе СССР
Ғылым академиясы Сібір бөлімшесі мен Монғолия ғы-
лым академиясы жүргізіп жатқан жұмыстар, қазақстан-
дық ғалымдар Ә. Марғұлан, К. Ақышев. М. Алпысбаев,
М. Қадырбаев, Л. Ерзакович, К. Байпаков сияқты
тарихшы археологтарымыздың ізденіс табыстары Сібір
мен Орталық Азия көшпелі халықтарының мәдениеті
жайында, тарихи сабақтастығы туралы айқын айғақтар
тауып отыр.

Қалай десек те, адамзат тарихы туралы жазба дерек-
терге қарағанда заттық айғақтардың айтары мол. Өйт-
кені, неғұрлым бағзы заман тереңіне үңілген сайын жаз-

28

ба дерек селдірей береді. Егер осыдан 2 мың жылбұрын
жазба дерек қалдыра алған жерлерді елестетсек, есіңізге
Батыс Европа, Кіші және Алдыңғы Азия, Солтүстік
Америка және Қытай түсер еді. Ал егер 2500 жыл бұрын-
ғыны елестетсек, жаңағы тізімнен Батыс Европа мен
Альпі тауының солтүстік және батыс қапталы шығып
қалады. Егер 3 мың жыл бұрынға шегінсек, алғашқы
тізімнен Италия мен Грецияны өшіруге мәжбүр боламыз.
4 мың жылға шегінсек, Кіші Азия мен Қытай да жазба
дерегін көрсете алмайды. Егер, 5 мың жылға шегінсек,
жазба дерегін көрсете алатын Египет пен Месопотамия
ғана болып шығар еді (11, 14). Ал адамзат баласының
тарихы 5 мың жыл ғана емес, миллиондаған жылдарды
қамтитыны әркімге аян. Осыдан барып материалдық ай-
ғақтардың мәні де айрықша арта түседі.

Сол айғактарға арқа сүйесек, тасты тірек еткен мезо-
лит пен неолит дәуірлері Қазақстан жерінде біздің за-
манымызға дейінгі XII—X мың жылдықтан бастап III
мың жылдыққа дейінгі аралықты алып жатыр. Бұл кез-
дегі байтақ дала көрінісі қазіргі бедер-бейнесін, табиғи
бітімін қалыптастырып үлгерген. Ал адамдардың тірші-
лік қаракеті бұрынғыдай табиғаттың «дайын» азығын
тұтынудан гөрі, қолға мал ұстап, жерге дән сіңіріп, тау-
кен жұмыстарына бейімделіп, өрмек тоқуға ойысқан
шағы. Бұл дегеніңіз жоғарыда айқын 40—50 параллельді
дендей қамтып жатқан байтақ даладағы этностардың
пайда бола бастаған, этностық тұтасу нышаны бастал-
ған кезең еді. Осы орайда, ел-халық болмысының өткенін
зерттеп-зерделеуде, материалдық және рухани даму-
ды алыс заманалардан бастап бүгінгі күнге дейін сабақ-
тастыра қарауда тарихи этнологиялық ой ауқымы қажет.
Мұның өзі өмірдің мың сан ұсақ уақиғаларын тәптіштеп
қуаламай, заманалық ауқымда кең аяны қарпып ой
түюді талап етеді. Әйгілі ғалым Лев Николаевич Гуми-
левтың мынадай бір тоқтамды ой-талғамы назар аудара-
ды. «Мен білімім бойынша тарихшымын, қажеттілік
бойынша этнолог болған жанмын,— дейді Л. Н. Гуми-
лев — Жер бетіндегі халық атаулының, тек қана қазір-
гі бары емес, құрып кеткен халықтардың да баршасы-
ның тарихын уақиға қуалап жазатын дәстүрлі тәсілмен
зерттеу мүлде мүмкін емес. Осыдан кейін, тәжірибе не-
месе үлгі алу десе де болар, географиялык цикл аясында
қойындасып жатқан жаратылыс тану ғылымдарына
жүгінуге мәжбүр болдым. Халықтар тарихының— ғылы-

29

ми тілмен, айтсақ этностар тарихының дәстүрлі тарих-
нама аясына сыймайтынын жаратылыс тану ғылымдары-
нын арқасында түсіндім. Әрі қарай бұл жөнінде бірнеше
кітап та жаздым. Демек, менің түсінігім бойынша, этно-
логия — әрі тарих, әрі география, әрі этнопсихология
материалдарынан нәр алған айырықша ғылым" (35).
Бұдан шығар қорытынды, тарихқа осындай ауқыммен,
осындай дайындықпен қарағанда ғана этностың ғұмыр-
намасы тұлғаланады. Сонсоң ғана мәдениеттің сабақ-
тастығы, алыс заманалар қойнауында пайда болған
ғажайып мұраларды кімдердің еншілеп отырғаны сара-
ланады. Тарихи деректер, фактілер, уақиғалар осындай
сараланып-салаланған ойды орнықтыру үшін керек.
Бұл тұрғыдан келгенде, тарихты — бастауы бар да тұйық-
талуы жоқ жіп десек, фактіні — жуалдыз инеге теңеу-
ге болады. Бірінсіз бірі кәдеге жарамайды. Тарих пен
фактіні сабақтай алмаған сөзде пәтуа жоқ.

Ендеше, осынау далада белгі берген этностың кейінгі
ғұмырнамасы еріксіз мойын бұра отыруды қажет етеді.
Әрине, уақиға қуалап емес, көктей шолып, барлау жасай
алсақ, кейін сөз болатын сан сала рухани сабақтастық-
тың тегін тектеуге демеу болуға тиіс. Сөз орайында
айырықша мән бере кетуді қажет ететін бір жағдай бар.
Ол — байтақ дала тарихтың өн бойында небір зобалаң-
зұлматқа тап болса да төсіндегі ұрпағының сабақтасты-
ғын үзбегені. Мұнда небір қанқасап қырғын соғыс та,
ұрпақтарды қынадай қырған індет те, жалмап-жайпап
кеткен ашаршылық-жұт та болып баққан. Сонда да
ұрпақтар сабақтастығы үзілмеген. Мұның айғағы мың
сан. Археологиялық дерек түрінде, тарихи жазбалар
нұсқасында, этнографиялық сәйкестік күйінде, нәсілдік
бітім, тілдік үйлесім тұрғысында — зер сала білсек бері-
сі қазақ халкының, әрісі даланы мекен еткен көшпелі-
лер әулетінің ғасырлар қойнауынан бері қарай үзілмей
жалғасқан сабақтастығын көруге болады. Бұл ойды
ғалымдарымыздың дәлелді айғақ, табанды пікірлері де
қуаттайды. Байтақ даладағы саналы тіршіліктің авто-
хондығы, мәдениетінің сабақтастысы Ә, Марғұлан,
К. Ақышев, М. П. Грязнов, К. В. Сальников сияқты ға-
лымдардың еңбектерінде тамаша дәлелін тапты. Ғасыр-
лар қойнауынан тартылар ұрпақтар сабақтастығын
саралап тану — кез келген этностың тарихи тұрғыда тегін
тектеу үшін ғана емес, сол этностың бүгіні мен бола-
шағына деген сенім күшін орнықтыру үшін айырықша

30

қажет. Ел-жұрттың өткен өмір жолын тарихи формация-
лық дамудың қанжығасына бөктеріп, сол тарихи даму
жолын бастан кешкені үшін өткеннің бәріне топырақ
шашып қарауға әсте болмайды. Социалистік система
дүниеге келгенге дейін адамзат баласы азапты даму жо-
лын бастан өткергені үшін кінәлі емес. Жеке адам өз
өмірбаянынан тана алмайтыны сиякты адамзат баласы
дамудың бұралаң жолын шиырлап баққанын ешкім де
жоққа шығара алмайды. Социалистік система орнаған-
ға дейінгі формациялар аясындағы этностар болмысына
бірыңғай қара күйе жағып карау — халықтың ғұмырна-
масын саралайтын материалистік-диалектикалык таным-
мен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын көрбілтелік бо-
лып шығады. Сондықтан да бүгінгі көсегесі көгерген
халқымыздың ғұмырнамасы ғасырлар қойнауынан бас-
талғанын, халқымыздың рухани тегі Ұлы Октябрь
социалистік революциясының арқасында шешек атып,
дамудың жарқын жолына түскенін танып-түсіну кемел
уақытымыздың талабы...

Осынау қысқа-қайырым пікір арнасы тек ұрпақтар
сабақтастығының хронологиясын жасау керек дегенге
саймайды. Бұл, ең алдымен, алыс заманалардан жеткен
материалдық және рухани мұралардың ел-халық өмірі-
мен біте қайнаскан сабақтастығын саралауға қажет.

...Сонымен, сан мыңдаған жылдық мезолит дәуірін
артқа тастаған дала неолит дәуірінің табалдырығын ат-
тады дедік. Бұл—дамудың мыңдаған тіптен миллион-
даған жылдық азапты жолын артқа тастаған ұрпақтың
жаңаша тіршілік ырғағын бастауы еді. Бүгінгі ғылыми
тілде «көшпелі өмір салты» болып орныққан, байтақ
дала төсінде тек ғана өз болмысы қалыптастырған
тіршілік ырғағы басталды. Бұл адамзат баласының күр-
делі тарихындағы ең тапшы деректер қалдырған, ең шы-
тырман жұмбактай елес беретін, ең ұзақ формацияны
бастан өткерген тұтас бір әлем болатын. Шығысыңда
Хуанхэ өзенінен бастап батысы Карпат тауларына де-
йін созылған Евразияның шетсіз-шексіз кең даласын
жайлаған ру-тайпалардың дамылсыз көшіп-қонуы, көш-
пелілер атануы — олардың бойындағы туа біткен қасиет
емес, осынау ортадағы тіршілік кұрудың бұлтартпас қа-
жеттілігі болатын. Сол бұлтартпас қажеттілік өзіндік
дара касиеті бар көшпелі өмір салтын дүниеге әкелді.
Күнделікті тұтынатын заттарынан бастап, тіршілік тура-
лы ұғым-түсініктеріне дейін, моральдық-этикалық қарым-

31

қатынастарынан бастап әлеуметтік-қоғамдық болмыс-
тарына дейін көшпелі өмір ырғағымен үндесіп жатты.

Евразиядағы ең алғашқы көшпелілер сақ сияқты тай-
палар болған. Алтай тауларынан бастап Днепрге дейінгі
аралықта шашырап жаткан қорған төбелер осындай тай-
палардың көсемдеріне тұрғызған ескерткіш белгілер.
Орта Азияны, Қазақстанды, Оңтүстік Сібірді де сақ, ғұн,.
усунь тайпалары ен жайлап жатты. Бұлардың шалғайы
Орталық Азияны да шарпыды. Әрине, кез кезген регион-
ның ғұмырнамасы секілді, бұл даланың да өзіндік бағы
мен соры, үйлесімі мен қайшылығы бір басына жетерлік
еді. Алайда, барша адамзаттық дамудың күрделі жолын-
да бұл даланы даралап көрсететін бір ерекшелігі бол-
ды. Ол—тым-тым ұзаққа созылған көшпелі өмір салты
еді. «Ескі және Жаңа Әлем мемлекеттері ұлан-ғайыр
өзгерістерді бастан кешіп жатты, ал дала, ондағы көш-
пелі халықтардың өмір салты мейлінше баяу өзгерді»
(79, 4). «Көшпелі мал шаруашылығы—шын мәнінде
шаруашылықтың ең бір тұрақты формасы еді» (34, 4).
«Неолит дәуірінде-ақ бола бастаған шаруашылық өз-
герістері нәтижесінде,— деп жазылған «Қазақ ССР та-
рихында»,—біздің заманымыздан бұрынғы II мың жыл-
дықта малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары
дамыған металлургия қалыптасты. Өндіруші тұрпатта-
ғЫ экономикаға көшу Қазақстан территориясындағы
бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өз-
гертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ
және қуатты бірлестіктер құрды» (54, 1, 104). Осынау
алыс кезеңнен бастап, тарих сахнасында капиталистік
қоғам пайда болғанға дейін көшпелілер әлемі адамзат
баласының тарихындағы ең құдіретті күштердің бірі бо-
лып қалды. Мұның ең кесек айғақтары ретінде Шығыс-
тан салынған Ұлы Қытай қорғанын, Александр Македон-
скийдің осы даладан сансырап шегінгенін, Вавилонға
тізе бүктірген Дарийдің бұл даладан тауы шағылып
қайтқанын, кек қуалап келген Кирдің қанға тұншығып
өлгенін, әйгілі Рим империясының құлауы ғұндардыц
(күн) шапқыншылығымен байланысты екенін, сонсоң
орта ғасырға дейін байтақ Европаның көшпелілер атын
естісе құты қашатынын айтса да жетіп жатыр. Бір
ғажабы сол, Ахамен әулетінің аузынан жалын шашқан
ұлдары да, ұлтарағына дейін темірмен құрсанған маке-
дондық гректер де, Қытай империясының жер қабырға-
сын қайыстырған жауынгерлері де көшпелілер қоныс

32

еткен байтақ даладан тоқымдай жер ала алмағаны
тарихтың шығар күндей шындығы.

Тарих сахнасында үш мың жыл шамасында тасы өрге
домалаған өзіндік болмыс-бітімі бөлек көшпелілер им-

периясы бүгінгі ұрпақтары үшін байлық та, бақ та қал-
дырған жоқ. Сөйтсе-дағы ойсыз көзге шалына бермес

асыл мұра—тіршілік салтының болмыс-бедері біздің
кіндігімізді алыс заманалармен жалғастырып жатыр.
Соның бір саласы — өнердегі дәстүрдің сабақтыстығы.
Иә, найзаның ұшы, қылыштың жүзі, алтынның буы
қалыптастырған дәстүр емес, халық жүрегін жарып шық-
қан өнердің дәстүрі. Патшадан қалған із жоқ, байлықтан
калған белгі жоқ, империядан қалған жұрт жоқ. Ал асыл
дәстүр үзілмепті, асыл өнер сарқылмапты. Ол қандай өн-
ер?І Бұл—күні бүгінге дейін қасиет-құны сараланып
болмаған, күні бүгінге дейін құпия сыры толық ашылма-
ған, тек қана көшпелі өмір салты дүниеге әкелген сан-
сала өнер. «Біздің заманымызға дейінгі II мыңжылдық-
тағы көшпелілер өнерінің өзіндік дара сипаты болды.
Керек десеңіз, бұл кездегі өнер XVIII—XIX ғасырларда-
ғы көшпелілер өнерінен әлдеқайда жоғары тұрғанын
этнографтар бақайшағына дейін шағып дәлелдеп берген.
Мұның өзі көшпелілердің дара ерекшелігі бар далалық
мәдениеті Европа, Үндістан немесе Қытай мәдениеті
сияқты бірде шарықтауды, бірде тежеуді бастап өткерге-
нін пайымдатады. Демек, кейбір европалық ғалымдардың
тәнті болып айтатынындай, «дала мәдениетінде тоқырау
болмаған, даму үстінде болған» (36, 8). Біздің заманы-
мыздан бұрынғы тарихшылардың дуалы аузына іліккен
(30, 187), орта ғасыр ақындарының шабытты жырына
арқау болған (34, 72), Ұрым императорының елшісі Мен-
андардың өзін қайран қалдырған киіз үйді алыңыз. Көш-
пелілердің өмір салтынан бастап, ең қанатты шабытына
дейінгі бүкіл даналығы осынау ғажайып жинамалы
архитектураға шоғырланған. Немесе адамзат баласы
талғамының ең нәзік үлгісі сияқты әсер беретін, ең үш-
қыр қиялын танытатын жануарлар стиліндегі мұраларға
зер салыңыз. Мұның ғасырлар тосқауылынан үзілмей
жеткен сабақтас сілемін ою-өрнектерімізден айқын аң-
ғаруға болады. Сол сияқты осы дала төсінде ғасырлар
бойы, қайғыда да, қуанышта да, қанатын қомдамастан
қалықтап жүрген музыкаға құлақ түріп көріңізші. Осы-
дан мың жыл бұрынғы, тіптен екі-үш мың жыл бұрынғы
ұрпақтың ұйып тыңдаған сарындарын сыбызғы, қобыз,

2—729 33

домбыра тілінде бүгін де тебірене тындауға болады. Бұл
далада туған бесік жырынан бастап эпикалық жырлары-
на дейінгі сөз өнерін алыңыз. Сол даланың өзіндей
молдығына қоса рухани кесек сұлулықтардың куәсі
боласыз ғой. Ал, тек кана көшпелі өмір салты дүниеге
әкелген материалдық мұралар ше! Бұлар өз алдына бір
бөлек сұлулықпен тектес, өнердей өнегелі арна кұрайды.
Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде көп
кездесетін көне мәдениет ескерткіштері қола дәуірінікі,
сол кездегі қалқа тастан тұрғызған мегалит, дольмен,
кромлен қыстақтар орта ғасырларда Қазақстанның бар
жерінде топтанған қалалар, күмбездер, арықтар, егін-
жайлар түрінде молынан ұшырасады. Міне, мұның бәрі
де көктен түспеген, осы дала төсінде сабақтаса шыңдал-
ған тарихи-мәдени мұра айғақтары.

Осынау өнердегі дәстүрдің сабақтастығы, сөз жоқ,
ұрпақтардың да сабақтастығын зерделетеді. Бұл дала-
дан бәлен деген халық кұрып кеткен, оның орнына тү-
ген деген халық келіп қоныстанған деп келетін сөздің
төркіні дәлелден гөрі долбарға жуық. Бүгінгі кемел зер-
денің заманында долбар сөздің дуасы болмақ емес.Оның
үстіне, байтақ дала төсіндегі заманалық, дәуірлік мәде-
ниеттердің кіндігі үзілмеген сілемді айғағын археология-
лық зерттеулер тайға таңба басқандай дәлелдеп беріп
отыр. Қазір ғылым тіліне орныққан қола дәуірінің мәде-
ниеті, Скиф-Сақ мәдениеті бірімен-бір жалғасып жатқан
далалық айырықша рухани шежіренің белгілері екені
бұлтартпас дәлелін тапты (72, 21).

«... әрбір тарихи дәстүрдің ізі турлі кезеңде мейілінше
айқын ескерткіштер түрінде сайрап жатыр. Олардың бі-
тімдерді дара, бір-бірімен шатастыру мүмкін емес. Олар-
ды мына сияқты хронологиялық кезеңдерге бөліп қарауға
болады: энеолит (мысты-тас ғасыры), біздің заманымыз-
ға дейінгі IV—III мың жылдықтр; алғашқы қола, біздің
заманымызға дейінгі III мың жылдықтың соңы мен II мың
ж ы л д ы қ т ы ң б а с ы - О р т а л ы қ Қазақстанда нұра ке-
зеңіне, Оралда федеровск кезеңіне сай келеді; орталық
қола, біздің заманымызға дейінгі XVIII—XIV ғасыр-
лар — Орталық Қазақстанда атасу кезеңіне, Оралда ала-
көл кезеңіне сай келеді; орталық коладан соңғы колаға
өтпелі кезең, біздің заманымызға дейінгі XIII—XI ғасыр-
лар; соңғы қола, бегазы-дандыбай кезеңі, біздің заманы-
мызға дейінгі XI—VIII ғасырлар.

34

Қола дәуіріндегі Орталық Қазақстан ескерткіштерін
ұзақ жылдар зерттеудің нәтижесі бұл өңірде қола мәде-
ниетінің мыңдаған жылдар бойы дамығанын, үнемі өз-
герістерді бастан өткеріп отырғанын көрсетіп берді.
Энеолитте пайда болған бұл мәдениет бірнеше тарихи
кезеңді бастан өткере отырып, біздің заманымызға дейін-
гі екінші мың жылдықтың соңы мен бірінші мың жыл-
дықтың басында өзінің ең бір гүлденіп-көркею шыңына
жетті. Бұл мәдениеттің даму барысындағы хроноло-
г и я л ы қ с а б а қ т а с т ы қ (астын сызған біз — А. С.)
алғашқы қола немесе нұра кезеңінде (Ақшатау, Бота-
қара, Байбала I, Бүғылы I,Ақмола және басқа топтар),
орта қола немесе атасу кезеңінде (Балақұлболды I, Бес-
оба, Айшырақ А, Былқылдақ I, II, III, Қарасай, Қарасай
I, Беласар, Егізек, Саңғыру II, Ақсу-Аюлы I, Бегазы I,
Жамбай-Қарасу, Жыланды және басқалары), соңғы
қола немесе бегазы-дандыбай мәдениетінде (Айбас-Дара-
сы, Айдарлы, Бегазы II, Бұғылы II, III, Дандыбай,
Қызыл-Арай, Саңғыру I, III, құрылыс және басқалары
айрықша айқын аңғарылады»,— деп жазады белгілі
ғалым Әлкей Марғұлан (72, 58).

Енді осы сабақтастық тереңіне үңіле түссек, соңғы
қола немесе Бегазы-Дандыбай мәденитінің алғашқы
скиф мәденнетімен ұштасып жатқанын көреміз (72, 21).
Бұл мысалдар рухани сабақтастыққа алтын арқау бола
алатын тарихи бағасы зор, айырықша мәнді айғақтар.

Көне заман тарихшылары Аристотель мен Геродот-
тың, Помпей Торг пен Страбонның жазбалары бұл күн-
дері археологтардың, антропологтардың зерттеулерінде
айғақтарын тауып, VI ғасырға дейін сақ, скиф аталып
келген көшпелілер — ру-тайпа одақтарының жиынтық
атауы екені анықталып отыр. Ру-тайпа болып жіктелген
көшпелілердін бас-басына өз жұрты, өз жайлауы, өзін-
дік көш жолдары болғанымен, бұлардың басын бірікті-
ретіп, ұлы тұтастықта біте қайнасқан бір жағдай бар еді.
Ол — ен даланы еркін жайлаған көшпелі өмір салты еді.
Шығысында Алтай, Тарбағатай, Еренқабырға, Алатау
бөктерлеріндегі Пазырық, Есік корғандарынан табылған
өнер туындылары мен батысында Дон, Днепр бойында-
ғы Күлоба, Чертомлық, Солоха қорғандарынан табылған
өнер туындыларының сырт көздің өзіне шалынар тек-
тестігін, сөз жоқ, осынау байтақ даладағы халықтардың
біте қайнасқан өмір тіршілігінен іздеу керек. Міне, осы
далада малдың тісіне еріп, табиғаттың өзімен үндес тір-

35

шілік салтын қалыптастырған көшпелілер біздің заман-
ның VI ғасырына қарай түркілер деп атала бастады.
Түркі сөзі жазба дерек жүзінде алғаш рет біздің
заманымыздың V ғасырында қытай жылнамасында
аталады. Жылнамада ТУ-ГЮ деген қос иероглифпен
берілген Бэй-Вэй әулеті шежірешілерінің айтуынша,
түркілер Монғолия мен Алтайды қоныс еткен көшпелі
тайпалардың атауы (Н. Я.Бичурин). Әрине, «түркі» ата-
уы тарих анналына тіркелмей тұрып-ақ түркі жұртының,
түркі тілінің болғаны күмән тудырмаса керек.

Түркі тайпаларының бас біріктіруі біздің заманымыз-
ға дейінгі III ғасырда жүзеге аса бастады. Бұл жөнінде
ғүндар (хунну) одағының бірігуі деген әңгіме қытай
жылнамасында жазылған (Н. Я. Бичурин). Байкалдан
Тибетке дейінгі, Орта Азиядан Хуанхэ өзеніне дейінгі
ғұндар топтасуына тірек болған түркі-монғол тайпалары
еді. IV—V ғасырлардағы Рим мен Константинопольдегі
жылнамалардың жазбасындағы шабуыл жасайтын белгі-
сіз «варварлар» міне, осы ғұндар болатын. Ғұндардың
құрамындағы түркілер батысқа қоныс аударған соң
барған жеріндегі ел-жұрттың біріне тілін берді, екіншісі-
не этнонимін берді, келесісіне із-түссіз жұтылып кетті.
Мәселен, Дунайдың жуан ортасынан қонысын ойып ал-
ған мадьярлар сол жердің байырғы венгрлеріне тілін
берді. Ал, тарихи аз аяда славянданып шыға келген Ду-
най бұлғарлары болашақ болгар халқына өзінің этнони-
мін берді. Жұтылып кеткен (ассимилияция) тайпалар
туралы сөз қозғамаса да болды. Қысқасы, осы сияқты бо-
лып пышыраған ғұндардың орынынан кешікпей-ақ Түркі
қағанаты (VI—VII ғ. ғ.) сияқты державаның (Д. Е. Ере-
меев) бой көтеруі — ғұндардың құрамында түркі тайпа-
ларының басым болғанын әйгілейді.

Мұнан әрі (VI ғасырдан бастап) түркілер туралы
Қытай ғана емес, Арменияның, Ұрымның, Иранның ше-
жірешілері қаламын құрғатпай жазып отырғанын
көреміз.

Түркілердің пайда болуы туралы айтылатын генеало-
гиялық аңыз қытай жылнамасында келтірілген. Бұл аңыз
Римнің негізін салатын Ромул мен Ремнін Капитолий
қасқырын еміп күн көретіні сияқты әңгімені көлденең
тартады. Ел-жұртын жау жайлап кеткенде тірі қалған
жалғыз баланы қасқыр каншығы баурына алады. Кейін
сол баладан он ұл тарайды. Алғашқы түркілер осылар еді

36

дейді. Осы тұста — Күлтегін ескерткішіндеті Истеми қа-
ғанның он тайпаны біріктіретіні, көне түркілердің қас-
кырды қасиет (тотем) тұтып, атын атамай «бөрі», «ит-
құс» дейтіні, қазақ ішінде «бөрлі» деген рудың, жер
аттарының кездесетіні, тіптен кейбір рудың туына қас-
қырдың бейнесі салынып, ұранына айналғаны еске
түседі.

Мәселен, Ұлы жүз ішінде Шапырашты деп аталатын
іргелі рудың бары белгілі. Шапыраштылардың туында
қасқырдың басы бейнеленетін болған. Жетісудың ақиық
ақыны Аронұлы Сүйінбайдың:

"Бөрі басы — ұраным,
Бөрлі менің байрағым,
Бөрлі байрақ көтерсе,
Қозып кетер қайдағым",—

дейтіні де сондықтан болар деп жоруға келеді. Шапыр-
аштылардың таңбасы ұшбұрыш, тұмар таңба. Шапыр-
аштыдан шыққан Сұраншы, Бұғыбай батырлардың
найзасының сабында желеп-жебеушісі сияқты, алтыннан
құйып орнатқан қасқыр басының бейнесі болған. Тағы
да еске түсетін мәнді бір дерек, Шапыраштының шеше-
сі Мапыраш қасқырдың бауырына жерік болды деген
аңыз бар. Қасқырдың табанын, тұяғын, тұмсығын, құла-
ғын қасиет тұтып, баланың бесігіне байлау, қасқырдын
өті мен бауырын емге қолдану исі қазаққа ортақ ырым.

Міне, осы келтірілген мысалдар түркі атауына бай-
ланысты қасқырдың аңыз түрінде, тотемдік ырым
түрінде, этнонимдік, топонимдік атау түрінде молынан
кездесетінін анғартып қана қоймайды, сонымен бірге
түркілердің үзілмей желі тартып, сабақтасып жатқан
сүйекті бір ұрпағы қазақтар екенін зерделетеді.

Түркі этнонимі сөз болғанда, біздің заманымыздан
бұрынғы I мың жылдықта жазылды делінетін зороас-
тризмнің қасиетті «Авеста» кітабында шығысқа қарай
қанатты атпен көшетін елдің «тур» деп аталуы, олар
қоныстанған жердің «Туран» (Қаратау мен Маңқыстау
арасындағы ойпат) аталуы да ойлантады. Көне Рим
тарихшысы Помпей Торг бүгінгі Қазақстан территория-
сында I ғасырдың өзінде-ақ белгілі бола бастаған сак,
массагет, кас, аримас, арғымпей, жырық сияқты ру-тайпа
атауларымен бірге түркі тайпасының да болғанын ай-
тады.

Түркілердің тарих сахнасында бел алуы қазіргі

37

Қазақстан, Оңтүстік Сібір, Орталық Азия аймағында
шашырай көшіп-қонып жүрген ру-тайпалардың тұтас-
тануы арқылы жүзеге асты. Ал мұндай тұтастануға мәж-
бүр еткен түркілердін мекен-жайына, байлық-дәулетіне,
мәдениеті мен тіліне Жужань мемлекетінің көз алартуы
да себелші болды. Жужань деп отырғанымыз IV ғасыр
ортасында пайда болған далалық хандықтың аты. Бұлар
Халхе, Хинган, Ханчай маңын мекен еткен. Жужаньдар-
дың ту сыртында азу тісін ақситып Қытай империясы
тұрды. Осынау теке тірес заманның отты шарпысуы қазір-
гі ұйғырлардың ата-бабалары Теле елін күйретіп кетті.
Қазақстанның солтүстік-шығысындағы түркі тайпалары
да бұл шарпысуда қанатын отқа шалдырғандай күй кеш-
ті. Бұлар қазіргі қазақтардың ата-бабалары болатын.
Аз уақыт тізе батырған жужаньдар түркілердің бір тай-
пасын асыл аң терісін дайындату үшін Сібірге қуды,
екінші тайпасын кұлан аулату үшін байтақ далаға
шұбыртты, үшіншілерін темір өндірту үшін Алтай шат-
қалдарына куып тықты. Тұтас түркі одағын-ғана емес,
олардың әріден желі тартқан өзіндік өнер дәстүріне
індеттей тиген осынау зауал шақтан құткаруға себепші
болған түркі тарихының айтулы қолбасшы-қағандары
Истеми мен Бумын еді. Бұлардың қажымас ақыл-қай-
раты Жужаньның үстемдігін серпіп тастаумен ғана тын-
ған жоқ, шығысында Хинган жотасынан бастап батысын-
дағы Кавказдың сеңгір тауларына дейінгі аралықтағы
байтақ даланы түйілген жұдырықтай етіп біріктірді. Ор-
та Азияны мекендеген ғұн тайпалары абдалдарды (эфта-
лит) өзіне бағындырып, сол жылы (568) ж.) Шығыс Рим
императоры Маврикийге Истеми қаған елші жіберді.
Қағанның елшілері императордың мәрмәр сарайына
екпіндей кіріп, «жаһанның жеті бөлігін, яғни аяқ жетер
жерді жеңіп алғанын» асқақ үнмен саңқылдай хабарла-
ған болатын (113, 78). Жужаньдарды тып-тыйпыл етіп,
Қытайдың өзіне жалын күдірейткен Истеми мен Бумын-
ның жұртына қытайлар жыл сайын жүз мың жыртыстық
жібек беріп тұрмақшы болып әзер сауға сұрап алған.
Мұнан әрі түркі жауынгерлері атының басын Тынық
мұхитқа дейін тіреп, Орхон мен Арғын өзендерінің шал-
ғынды алқабына Түркі қағанатының ордасы — алтын
үзікті киіз үйлерін тігіп отырғаны тарихтан белгілі. Кейін
қағанаттың ордасы «көне үйсін жеріне» қоныс аударды.
Мұның өзі мейілінше ілкімді, жауынгер рулардың ірік-
теліп шығуымен байланысты болады. Бұл іріктелуді не-

38

месе жұрт ауыстыруды XIX ғасырдың Шығысты зерт-
теушілері Батыс-Түркі қағанатының пайда болуы деп
атап кетті. Өзінің көлемі жөнінен Түркі кағанаты ғұн-
дардан әлдеқайда үлкен еді (37, 1, 223). Осылайша шы-

сы—Саян тауларынан бастап, батысы—Кавказ бен
Қара теңіз аралығына дейінгі Ұлы далада Истеми мен
Бумын іргесін калаған байтақ мемлекет дүниеге келді.
Сөз орайында осынау қос арыстаң есімі Күлтегіннің құр-
метіне қойылған ежелгі түркі сына жазуымен жазылған
ескерткіште айрықша құрметпен аталатынын айта кет-
кен артық емес. Күлтегін ескерткішінде Истеми қаған-
ның он тайпаны (оон ок бодун) біріктергені мадақтала-
ды ғой. Осы он тайпа көне заман тарихшыларының
жазбасына іліккен сақ, массагет, каспий, дай, арғын,
аримас, жырық, түркі, қаңлы, үйсін сияқты рулардың
ұрпақтары болатын, Қазіргі жинақталған тарихи дерек-
тер Батыс-түркі қағанатының шанырағын көтерген ар-
ғұн (арғын), кыпшақ-түркі, алшын, найман, керей, аз
(уак), қоңырат, жалайыр сияқты орта ғасырда-ақ әбден
белгілі болған рулар екенін саралап беріп отыр. Көп
томды «СССР тарихында»: «Осынау рулардың негізінде,
қазіргі Қазақстан территориясында, біздің заманның
VII ғасырында-ақ болашақ қазақ жұртының (народ-
ность) негізі қалана бастады»,— деп жазылған.

Ал енді қазақ даласындағы сілемді шежірені қыды-
ра отырып орта ғасырлар ахуалына зер салсақ. — небір
аласапыран кезеңдерді бастан өткерген халқымыздың
тұлғасы айқындала түседі. Бұл кезендер туралы дерек
мейілінше мол және тарихи еңбектерде жүйелі саралан-
ған. Сол жүйелерді көктей шолсақ осынау ұлы дала
адамзат баласының қомақты бір бөлігі—сақтар, ғұн-
дар, үйсіндер тарих сахнасына шыққанын зерделей оты-
рып, жаңағы Түркі қағанаты осынау далалық-тайпа-
лардың тікелей жалғасы екенін аңғарар едік. Бұл — да-
лалық ру-тайпалардың тұтастанып, Батыс-Шығыс де-
ректерінде, шежірелерімізде қағанат—ұлы ел—дер-
жава ретінде танылған кезі /VI ғ./. Осы тұтастануға
Енесай /Енисей/ бойының кырғыздары келіп қосылған-
да, Амур мен Памир арасындағы байтақ Ұйғыр ханды-
ғы аралас-құралас болғанда Ұлы даладағы өмір салты
жаңа сападағы тарихи-әлеуметтік ырғаққа ойысқанын
көреміз. Қала сала бастау, жер суландырумен айна-
лысу, жазу-сызулардың көрініс табуы осы кезеңнің про-
грессивтік дамуына айғақ. Мұнан кейін Қазақстанның

39

оңтүстік-шығысында VIII ғасырға қарай Түргеш, Қар-
лұқ қағанаттары құрылып, ол айтулы Карахандар мем-
лекетіне ұласты. Х-ХІ ғасырда Жетісу алабының басым
бөлігі Қарахандар мемлекетінің аясында болды. IX—XI
ғасырлардағы Қазақстанның оңтүстік-батыс және ба-
тыс бөлігі оғыз тайпалары болып бірікті. Ал VІІ-ІХ ға-
сырлардағы Қазақстанның солтүстік-шығыс өңіріндегі
ру-тайпалар кимактар деген атаумен де белгілі. Осынау
ру-тайпалар әр ел жолаушыларының жазбаларында
осылайша әртүрлі аталады. Алайда, сол ен далада VI-
XV ғасырларда көрініс тауып, белгілі болған Дешті-
қыпшақ, қыпшақ деп аталған елдің көктен түспегені,
Жонғария мен Венгрияның арасындағы байтақ алапты
мекен еткен байырғы ру-тайпалардың тұтастануы арқы-
лы тарих сахнасына шыққаны бүгінгі тарих ғылымын-
да орныққан пікір. Осынау бірінші және екінші мың-
жылдықтардың түйіскен тұсындағы тарихи белес қазақ
даласындағы тарихи-әлеуметтік және мәдени дамудың
айырықша қарқын алған тұсы. Дешті-қыпшақ елі атан-
ған далада әрі отырықшы, әрі көшпелі өмір салты ерек-
ше үйлесім тауып, ру-тайпалар одақтарының арасында-
ғы кірігіп-тұтастану /консолидация, интеграция проце-
сі мейлінше ширақ жүзеге асты. Мұның өзі жаңа сапада-
ғы рухани мәдениеттің қалыптасуына ықпал етіп қана
қойған жоқ, сонымен бірге кейінгі тарихи ситуацияларда
бөлшектенген түркі тілдес елдердің рухани мәдениетін-
дегі тектестіктің ең негізгі факторы да болды. Қазақ,
қырғыз, өзбек қарақалпақ, башкұрт, татар, ноғай си-
яқты ұлттардың рухани мұраларындағы, салт-дәстүрле-
ріндегі текстестіктің тамыры осынау тарихи өзектестікте
жатыр.

Мұнан кейін қазақ даласы монғол үстемдігін бастан
кешті... Осы орайдағы бір тарихи шындық—монғол
шапқыншылығы қазақ даласындағы көптеген ру-тайпа-
лар үшін қанқасап соғыс түрінде емес, мақсат ортақ-
тастыру түрінде өтті. Мұның ең негізгі айғағы ретін-
де — монғол әскерлерінің басым көпшілігі болашақ қа-
зақ халқының негізін құраған ру-тайпалар екенін айту-
ға болады. Батыс-Шығыстың мың сан тарихи еңбекте-
рін былай қойғанда, "Монғолдың құпия шежіресінде"
/Баян-Өлгий, 1978 жыл, қазақ тілінде/ Шыңғыс хан әу-
летінің ең басты арқа сүйгені найман, керей, арғын, қо-
ңырат, аз /уақ/ сияқты рулар болғаны айқын айтылады.
Міне, осынау тарихи кезеңде қазақ даласында Жошы

40

ұлысы (империя) пайда болды (XIII ғ.). Жошы ұлысы
өз ішінде Ақ орда және Көк орда болып бөлінді. Ақ ор-
да шығысында Оңтүстік Сібір, Алтай, Тарбағатай сі-
лемдерінен бастап, байтақ Сарыарқа даласын, Жетісу-
дың кей бетін, Сырдария, Арал теңізі бойын алып
жатты. XV ғасырға қарай Ақ орда қақ жарылып қазақ-
ноғай және қазақ-өзбек деп аталатын феодалдық хан-
дықтар құрады. XV -XVIII ғасырлар бойы сүттей ұйы-
ған қазақ-ноғай хандығы Тобылдан бастап Еділге дейін-
гі аралықты мекен етті. Ал қазақ-өзбек хандығы Арал
мен Сырдарияның солтүстік алабынан бастап, Тобыл
мен Ертіске дейінгі аралықтағы байтақ өңірді иемденді.
Осы тұстағы қазақ пен ноғайдың айрылысуы, Шайбани
хан бастаған өзбек пен қазақтың айрылысуы далалық
ел-жұрттың едәуір ұсақтануына, әлсіреуіне әкеліп соқ-
ты. Дегенмен сахарада шашылған ру-тайпалар ел шеті-
не жау келгенде жұдырықтай түйіле алатын халге жет-
кен. Мұның тарихи айғағын XVII—XVIII ғасырларда үш
жүз болып сараланған тас түйін қазақ халқының Жоң-
ғар шапқыншылығынан өзінің азаттығын қорғап қала
білгенінен айқын көреміз...

...Біз мұны айтқанда көне тарихтың жұрт білмейтін
дерегін келтірдік демейміз, әрине. Мұндағы мақсат —
ұрпақтардың көне заманнан бергі үзілмеген сабақтас-
тығын еске салу. Сол арқылы өнер тегі, өнердегі дәстүр,
өнердің сабақтастығы деген арналы әңгімеміздің кисы-
ны бар екенін орнықтыра түсу мақсатымен белгілі де-
ректерді қыдыра шолып, еске түсіріп отырмыз. Әйткені
маркстік-лениндік ғылыми ойдың парасы кез келген қо-
ғамның ілгері дамуы үшін міндетті түрде тарихи сабақ-
тастық болу керек деп үйретеді. Дамудың белгілі бір
кезеңдеріне өту барысында тарихи тәжірибелер, мәдени-
еттің озық үлгілері одан әрі кәдеге жарап, жетіліп,
шыңдала түспек. Сол топыраққа тән көркемдік стиль
қалыптаспақ. Мұнсыз өзіндік дара өрнегі бар рухани
мұра жасалмақ емес. Тарихи дамудың, тіршілік диалек-
тикасының бұлтартпас шындығы осы.

Ал «қазіргі Қазақстан мен Орта Азияда тұратын қа-
зақтардың, қырғыздардың, өзбектердің, тәжіктердің,
түрікмендердің, қарақалпақтардың, ұйғырлардың ата-
бабалары басқа жерден ауып келмеген, олардың арғы
тегі осы жерде туып-өскен» /76, 88/.

IV. КӨШПЕЛІЛЕР ӘЛЕМІ

Против догматов, против верований, как бы они
ни были безумны, одним отрицанием, как бы оно
ни было умно, бороться нельзя,— сказать "не
верь!" так же авторитетно и в сущности, нелегго,
как сказать, "верь!"1

А. И. Г е р ц е н. К старому товарищу.
Малым — жанымның садағасы,
Жаным — арымның садағасы.

Қазақтың халық мақалы.

1. Ең биік баспалдақ. Сонымен, археологиялық
және тарихи деректерге сүйенсек, евразиялық байтақ
дала алабында (солтүстік ендіктерде шамамен 35 және
55 градус аралығы, Аравия жарты аралын басып өтетін
15 градусқа дейін) біздің жыл санауымызға дейінгі II
мың жылдық пен I мың жылдық шамасында таулы -
далалы аймақ көшпелілері қалыптаса бастаған. Осы-
нау көшпелі өмір салтының біз өмір сүріп отырған XX
ғасырға тұяқ іліктіргені де тарихи шындық (8, 31).
Әрине, небір аласапыран тарихи оқиғалар, өмір тәжіри-
бесінің жинақталуы көшпелі өмір салтын мыңдаған
жылдар бойы бірде шарықтатып, бірде ауыздықтап
дегендей, іштей неше түрлі сапалық өзгерістерге түсіріп
отырғаны аян. Бірақ қандай күй кешседе бұл даланың
базистік негізі, тіршілік құру тәсілі көшпелі болып жал-
ғаса берді. Әрине, бұл адамзат баласының тарихындағы
айырықша жағдай. Десек те, мәселенің түйіні ерекше-
лікті бөліп көрсетуде ңемесе соған таңданып қана қою-
да емес, соның себебін ұғынып, түсінуде болса керек.
Көшпелі өмір салтының осынша ұзақ уақыт тұракты
болуының себебі не? Ең бастысы, сол "тұрақтылықтың"
шапағаты қайсы? Кесірі қандай?

1 Қаншалықты сорақы болса да немесе қаншалықты көшелі
болып көрінсе дё қасаң қағида мен соқыр-сенімге қарсы бір ғана
бекерге шығарумен күресуге болмайды; «сенбе!» немесе "сен!" деп
айтылған асқақ сөздіқ, шынтуайтка келгенде, ақымақтық болып
шығатыны бар.

А. И. Г е р ц е н. Байырғы досқа.
42

Көшпелілердің өмір салты, тіршілік көзі осы дала-
мен тамырлас еді. Қара жерден карыс көтерілсе қау-
қары кұритын Антей сиякты, осынау ұлы даладан көз
жазған ұрпақ көшпелі өмір салтын сол далаға калды-
рып кететін болған. Бұл дала, дәлірек айтсақ, төсіндегі
ұрпағынан айрылса да, келесі ұрпақтың ғұмыр-тірші-
лігін тек қана көшпелі етіп бастап отырған. 155-158
жылдарғы ғұндардың (Хундар) Еділ бойына, Оралдан
арғы атырапқа ұлы босқыны басталды. Одан кейінгі
ғасырларда да дәл осы даладан шыққан "нөкерлердің"
(кейде ру-тайпалардың) бірі арабтар мен парсыларға,
бірі Рум (Византия) мен Европаға ат ойнатып барып,
сол жақта талайының аяғы тұсалып қалғаны тарихтан
аян. Соның бәрі де Ұлы даладан кіндігін үзген соң көш-
пелі өмір салтын ғана жоғалтып қойған жоқ, сонымен
бірге кұмға сіңген су сияқты далалық болмыс-бітім-
дерін де жоғалтты. Бірер ұрпақ алмаспай жатып-ақ
отырықшы болып шыға келді.

Мұның себебі, адамзат баласының әлеуметтік-эконо-
микалық даму деңгейі жиырмасыншы ғасырға тұяқ
іліктіргенге дейін бұл далада игілік атаулыны тек қана
малдың тұяғымен жасауға болатын еді. Қысы катты,
жазы ыстық байтақ дала, суы тұщы, шөбі шүйгін ен
дала тек малдың тісіне ере білсең ғана құт мекен бол-
ғандай. Күн көрістің басқа жолын таңдау-тылсым таби-
ғатқа адамдардың кіріптар қалпында қалумен пара-
пар болды. Көне заманның өзінде-ақ бұл далада оты-
рықшы елді мекендер болған, егін егіп, металл өндіру
де таңсық емес еді (57), (78), (72). Алайда, ғылыми
ақыл-ойдың балаң кезіндегі мұндай әрекет тірлік емес
тырбаныс сияқты болатын. Көкжиекке сұғына жол ше-
гіп, оң-солын тани бастаған ұрпақ көшпелі ғұмырға
біржола ден қойды. Сөйтіп, Ұлы дала көшпелілердің
тіршілік тірегі ғана емес, рухани әлеміне де айналды.

Марксизм-ленинизм классиктері адам баласы қо-
ғамдық-өндірістік қатынастардың қандай тарихи
формацияларында өмір сүрсе де ол үшін бірден-бір тір-
шілік кезі — еңбек деп үйретеді. Егер кең мағынада
елестетер болсақ, көшпелілер үшін дала еңбек кұралы
іспеттес. К. Маркстің сөзімен айтқанда, жер-ана төсінен
алынар не қажеттің бәрі де табиғаттың тарту еткен ең-
бек құралдары. Мәселен, орманнан кесілген ағаш, жер-
ден қазылған кен — міне, мұның бәрі де адам өміріне
қажет еңбек кұралдары (1, 23 189), Ал көшпелілер

43

үшін өмір-тіршіліктің ең негізгі көзі байтақ дала еді
(1, 12, 724).

Адамзат баласының тарихындағы ең ұзақ жасаған
әлеуметтік-тарихи формацияны көшпелілер бастан өт-
керді. Біздің жыл санауымыздан көп бұрын кешпелі
өмір салтын қалыптастырып үлгерген далалық ру-тай-
палар сол өмір салтымен жиырмасыншы ғасырға аяқ
басты. «Біздің заманымызға дейінгі XI ғасырдан бас-
тап біздің заманымыздың XVIII ғасырына дейін евра-
зиялық далада бір ғана өндіріс тәсілі болды, ол —
көшпелі мал бағушылық еді»,— деп жазады Л. Н.
Гумилев (37, 2, 5). Осынау, бір текті тіршілік тәсілінің
көшпелілер әлемі үшін зиянды да, пайдалы да жағы
болды. Зияны — көшпелілермен жапсар жатқан, бір
кездері әлеуметтік-экономикалық базасы тектес болған
Азияның, Шығыс Европаның, Солтүстік Африканың ел-
дері дамудың әр түрлі тарихи кезеңдерін бастан өткізіп
үлгерді. Бұл сияқты ұлы өзгерістер қоғам дамуын жаңа
сападағы әлеуметтік-экономикалық сатыға шығарып
отырумен бірге, тұтас халықтардың идеологиялық, мо-
ральдық-этикалық болмыс-бітімдерінің, эстетикалық
таным-түсініктерінің әр текті өрістерді шиырлауына
әсер етті. Жаңа әлем мен Ескі әлем мемлекеттерінің
тарихи даму жолында мұның ізі сайрап жатыр.
Әлеуметтік-экономикалық базасы жеке адамды құлдану-
дан бастап тұтас халықты отарлауға дейін созылған ел-
дер арада ұзақ-ұзак ғасырлар өткенде бір ырғақты тір-
шілік болмысынан, өмір салтынан танбай келе жатқан
к ө ш п е л і л е р г е енді экономикалық үстемдігін, саяси
алаяқтығын, рухани мардымсуын көрсететін болды.
Бұл, әрине, бір кездері Евразия тарихының шежіресін
тұлпардың тұяғымен жазысқан көшпелілер империясы-
ның (Л. Н. Гумилев) күні өткендігінің нышаны еді.

Ал енді, мыңдаған жылға созылған көшпелілер өмір
салтының пайдасы дегенде — әлеуметтік-экономикалық
болмысы көшпелі бола отырып, рухани біртектілікте
шыңдалуды, іштей ұдайы сапалық жетілуін тоқтатпа-
ған. «Көшпелілер мәдениеті өзінің 3000 жылдық ғұмы-
рында Жерорта теңізі мен Қиыр Шығыс елдеріне
қарағанда творчестволық эволюцияны бастан өткерді»
(37, 2, 5). Сан ғасырға созылған біртектілік көшпелілер
үшін мал жаюдың тәсілдерін ғана шындап қойған жоқ,
күнделікті тұтынатын заттары мен құралдарынан бас-
тап моральдық-этикалық таным-түсініктеріне дейін,

44

мейілінше көне ән-күйлерінен бастап тіліне дейін шың-
даумен болды. Біздің жыл санауымыздан бес ғасыр бұ-
рын өмір сүрген Геродот жазбаларындағы дәстүрлер,
тіршілік құралдары, өмір салттары негізінен өзгермес-
тен жиырмасыншы ғасырға дейін жеткені тайға таңба
басқандай. «Қос мүйізді Ескендір» атты күй бүгінгі ұр-
пақ үшін көне сарын қалпында ғана жеткен жоқ, күйдің
шежіре аңызы біздің жыл санауымызға дейінгі үшінші
ғасырға алып барады. Сол сияқты осыдан аттай мың
жыл бұрынғы Қорқыттың қыруар күйлерін, сегіз жүз
жыл бұрынғы «Ақсақ құлан» күйін бүгінгі ұрпақ өзіне
рухани азық етіп отыр. Домбыра мен қобыз ұстаған
екінің бірі, бұл күйлерді ойнай жөнеледі. Немесе, V-Х
ғасырлар мұрасы болып саналатын Орхон тастарын-
дағы Күл-Тегін ескерткішінің тілін, ХIIІ-ХІV ғасырда
жазылған көне қыпшақ тілінің әйгілі ескерткіші «Ко-
декс-куманикус» кітабындағы сөздерді бүгінгі мектеп
оқушыларының өздері-ақ ешқандай аудармасыз түсіне
алады. Сөз жоқ, мұның бәрі де кездейсоқ мысалдар
емес. Мұндай мысалдарды жер бетіндегі кез-келген ел
жайып сала алмайды.

Шокан Уәлихановтың мына бір сөзі еске түседі:
«Далалық орданың тұрғыны қырғыз (қазақ—А. С.)
өзінің моральдық қасиеті, ақыл-ой қабілеті жөнінен
отырықшы татар немесе түркі шаруаларына қарағанда
әлдеқайда жоғары тұр... Осынау дала көшпелілерінің
ақын-жанды болып келетіні, ой-қиялының жүйрік бо-
лып бітетіні мұңсыз-қамсыз көшпелі тіршіліктің арқасы
болу керек немесе ұдайы ашық аспан астында, шет-
шегі жоқ шүйгін дала құшағында ғұмыр кешкен соң
табиғат шіркінді тәңірі тұтқандықтан да болар... Татар
атаулы халыктар арасында өзінің ақындық қабілет-
дарыны жөнінен қырғыздар (қазақтар — А. С.) бірінші
орында болса керек» (28, 1, 390). Дамудың біртектілігі
көшпелілердің рухани болмысын айлап, жылдап емес,
ғасырлап шыңдап отыруы үшін ең негізгі фактор бол-
ған. Сондықтан да тарихтың небір аласапыран кезеңін-
де, қайғы мен қуанышта көшпелілер әлемі творчество-
лық тұғырынан бір сәт түсіп көрген емес. Халыктың
ғажайып өнері үн қоспаған тарихи кезең жоқ деп сенім-
мен айтуға болады.

Адамзат атаулы нақты материалдық жағдайлар
мен мүмкіндіктерге орай өзінің тарихын жасайды.
К. Маркстің ескерткеніндей, адамдар актер ғана емес,

45

өзінің тағдыр драмасынын авторы да.Халық өмірі тек
қана экономикалық, әлеуметтік, рухани әрекеті арқылы
қалыптасып қоймайды, сонымен бірге материалдық
және рухани әрекеттің бөлінбес сыңары сияқты эстети-
калық таным-түсінігі де шыңдалып отырады. Сондық-
тан да маркстік эстетика адам баласының дүниені сұлу-
лық заңдылықтарымен игеруін, эстетикалық сезім мен
талғамның шыңдалуын қоғамдық-тарихи тәжірибемен
сабақтастықта қарайды. Сол қоғамдық-тарихи тәжірибе
аясында өтетін саналы әрекеттің арқасында адамдар
өзін-өзі түлетеді.

Ал көшпелілердің тарихи-әлеуметтік дамуындағы
ұзақ ғасырларға созылған біртектілік (әрине, дамудың
іштей сапалық сатыларын жоққа шығаруға болмайды),
даланың табиғи ерекшеліктерін шебер пайдалана білу-
дің аркасында жинақталған материалдық игілік, ша-
ғын ауылдардан бастап байтақ көшпелілер әлемін қам-
тып жатқан қарға тамырлы рулық пәтуа — міне, мұ-
ның бәрі де сол қоғамда дүниеге келген адамдардың
эстетикалық мұратына әсер етпей қойған жоқ. Жай
ғана әсер ету емес, эстетикалык таным-түсініктің
ұдайы шыңдалып отыруына ықпал етті. Өйткені көш-
пелілердің нақтылы өмірі мен мақсаты арасында айыр-
машылық жоққа тән еді. Экономикалық және әлеумет-
тік дамудың қарабайырлығы, тарихи шектелушілік әр-
бір жеке адам мен көшпелі өмірдің кіндігін жалғасты-
рып тұрды. Демек, мұндай ортада нақтылы өмірдің өзі
адам мұратының жүзеге асуымен пара-пар болған. Бас-
қаша айтсақ, көшпелілердің идеалы өмір шындығын
жатсынбаған.

Бұл ойдың әлі де болса түсінікті бола түсуі үшін
көне Грекиядағы полис-мемлекеттерді тарихи-әлеумет-
тік тұрғыда көшпелілер әлемімен салыстыра кету
артықтығы жоқ.

2. Мысал үшін. Көшпелілер әлемі секілді көне
Грекиядағы полис-мемлекеттердің де экономнкалық,
және әлеуметтік дамуы мейлінше қарабайыр болған.
Шағын-шағын жеке меншік иелерінің өз еріктерімен
пәтуашыл полистерге бірігуін көшпелілердің ру-тайпа
одақтарына теңеуге болады. Сол полис-мемлекеттер
дүниеге әкелген керемет өнер туындылары күні бүгін-
ге дейін сұлулықтың тәңіріндей табындырып келе жат-
қан жоқ па? Мұның себебін диалектикалык матер-
иалистік ғылыми түсінік—көне дүниедегі адамдар

46

діни, саяси, экономикалық қарабайыр тірліктеріне қа-
рамастан өздерін қоғамдық өндірістің мақсаты ретінде
көрсетіп отырды деп түсіндіреді. Яғни Грекияның сұлу-
лық идеалына тұғыр болған себеп — жалпы және жал-
қы мақсаттардың бір-бірімен біте кайнасып жатқан-
дығы, жеке тұлға мен қоғам өмірінің қойындасқан
үйлесімі (2,468). Мұндай үйлесім-үндестік біздің жыл са-
науымыздан бұрынғы V ғасырға дейін сақталып кел-
гені, сонсоң көне грек демократиясының шаңырағы
шайқалғаны, оның салқыны классикалық өнерге де ти-
гені тарихтан мәлім. Сөз орайында айта кетелік, жеке
адамның жан-жақты дамуы үшін көне дүниенің әлеу-
меттік-экономикалык жағдайы қаншалыкты қарабайыр
болса да буржуазиялык қоғамдық қарым-қатынасқа қа-
рағанда әлдеқайда аскақ көрінеді. Өйткені, буржуазия-
лық қоғамда жеке адам болмысымен қойындасып
жатқан үйлесім жок. «Өмірдің рақаты—еңбектен ажы-
раған, күн көріс әрікеті — мақсаттан бөлінген, қажыр-
қайратың ескеріп-есіркеусіз қалған» (118, 6, 265),
Ұлы ойшылдың сөзі еске түседі: «Поэтому младеи-
ческий древний мир представляется, с одной стороны,
чем-то более возвышенным, нежели современный (бур-
жуазный мир — А. С.) С другой же стороны, древний
мир, действительно, возвышеннее современного во всем
том, в чем стремится найти законченный образ, закон-
ченную форму и заранее установленное ограничение.
Он дает удовлетворение с ограниченной точки зрения,
тогда как современное состояние мира не дает удовлет-
ворения; там же, где оно выступает самоудовлетворен-
ным, оно—пошло»1,—деп жазды К. Маркс (1, 46, ч. 1
476)1

Демек, көне дүниедегі сұлулық туралы идеал — қо-
ғам дамуының тарихи шектеулі аясында жеке адамның
жан-жақты үйлесімділікте дамуы, жеке тұлға ретінде
қалыптасуы деген ойлармен сабақтасып жатыр екен.
Сондықтан да көне дүниенің сұлулық туралы идеалы
күні бүгінге дейін адамзат атаулыға асқақ үлгі болу-
дан танбай келеді. Міне, полис-мемлекет бітімі мен
көшпелі өмір болмысы арасындағы сәйкестікті осынау
ой торабынан іздеу керек. Рас, көшпелілер даласынан

1 Сондықтан да К. Маркс буржуазиялық қоғамға қарағанда
көне дүние әлде қайда асқақ көрінетінін айырықша атап өткен
(1, 46, ч. 1, 476).

47

Пелледегі ақ мәрмәр асқақ сарайларды, Пергамдағы
Зевстің құрбандық шалатын тұғырын, Афиныдағы
ғибадатханаларды немесе апталап отырып ойып көре-
тін Римдегі амфитеатрды таба алмайсыз. «Неге жоқ?»
— деп сұрақ қоюға да болмайды. Ондай сұрақ, сөз жоқ,
сырттай ұқсастық іздеуге, үстірттікке алып келеді.
Көшпелілер әлемі мен полис-мемлекеттер сәйкестігі
материалдық мұралардың ұқсастығында емес, тарихи-
әлеуметтік болмысының тектестігінде; заттық игілік-
тердің қандай ауқымда жасалғандығында емес, сол
заттық игіліктерді адамдардың кандай қоғамдық
қарым-қатынаста игергендігінде. Көшпелілердің әлеу-
меттік қажеттілігі тудырған мұралардың көне Грекия
мұраларына ұқсамауының себебі де осында. Сондық-
тан да сыртқы ұқсастықты іздеу — көне Грекияның
классикалық өнерінен киіз үйді, алтын киімді адамды,
жануарлар стиліндегі ғажайып өнер туындыларын із-
деумен бара-бар болып шығар еді.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайы сан ғасырлар
бойы бір текті дамыған көшпелілердің рухани әлемін-
дегі ұдайы шыңдалып отыруды осынау пайымдаулар
орнықтыра түссе керек. Орнықтырып қана қоймайды,
осы уақытқа дейін тарих ғылымының етегіне шеңгелдей
жабысып қалмай келе жатқан «мәдениетті отырықшы
ел жасайды» деген пікірдің (95, 190), (19, 1, 36) тайған-
ақтығын зерделетеді. Мұның өзі халыктық өнерді дәс-
түрлі сабақтастықта қарауға салқынын тигізеді. Көш-
пелілердің тарихы мен мәдениетіне қатысты небір жел-
буаз, нәуетек пікірді де, көзсіз келісімпаздықты да,
мүсіркеушілікті де, тіптен «европалык үлгіге» тартып
тырбаңдаушылықты да тарих ғылымы жақсы біледі.
Белгілі тарихшы Л. Н. Гумилев айтпақшы: «Он тоғы-
зыншы ғасырдың бізге мұра етіп қалдырған концепция-
сы бойынша прогресшіл цивилизацияны жасаушы тек
қана отырықшы елдер, ал Орталық Азия-
да бейне бір тапжылмас тоқырау немесе варварлық
пен жабайылық шөгіп жатқандай. Бұл концепцияның
сорақылығы қате екендігінде болса бір сәрі болар еді,
мәселе мұндай сорақылық ғылымның күмән тудырмас
жетістігі ретінде ұсынылып отыр ғой. Көлеңкеге тон
пішкен кез келген пікірдің қауіптілігі де осында болса
керек» (36, 8).

Тарих пен мәдениетке қатысты жинақталған сан
сала материалдарға диалектикалық-материалистік тұр-

48

ғыда қарау бүгінгі таңда халқымыздың дәстүрлі өнерін
тарихи сабақтастықта зерттеуге, тегін танып білуге

мүмкіндік тудырып отыр. Қазақ этносы өзінің этно-
нимінің кеш қалыптасқанына қарамастан түпкі тегі
Евразия халықтарының ішіндегі ең көне халықтардың
бірі екені, толып жатқан тарихи-этникалық бірігулер-
дің арқасында пайда болғаны, дала әлемінің тарихын-
да белсенді көрініс тапқаны — бүгінгі тарих ғылымы-
ның пәтуаға келген байламы. Мұның өзі көшпелілер
өмірінің ұзақ тарихында айғақ болар мәдени мұралар-
ды қазақ халқына да тікелей қатысы бар деп қарауы-
мызға дес береді. Демек, халықтық мәдениеттің тегін
сол халықтың этнонимі басталған кезден бергі жерден
іздеу — дауыс жетер жерден арғыны танып-білмеу бо-
лып шығады. Бүгінгі өркен жайып, гүлденіп-көркейген
мәдениетіміздің тарихи тамыры көне заманалардан
бері қарай желі тартып жатыр. Өйткені, мына тұрған
орта ғасырда тарих сахнасында аты аталған қазақ
халқы бір күнде көктен түскен жоқ, өзіне дейінгі ұзақ
тарихтың әлеуметтік-саяси толғатуларының арқасын-
да пайда болған. Марксизмнің методологиялық прин-
ципіне арқа сүйеген мұндай пайымдаудан қылдай
ауытқу жаңағы мәдениеттің алыс заманалардан тар-
тылған сабақтастығын жоққа шығаруы сөзсіз. Халық-
тың дәстүрлі өнерін тарихи сабақтастықта қарай ал-
мау, сөз жоқ, көркемөнерге нәр беріп тұрған қайнар
бұлақтың көзін бітегенмен бара-бар. Тарихи пайымдау-
лардағы методологиялық қысқа бақайлық, көрсоқыр-
лық халықтың өткен өмірін сөз еткенде идеялық қарсы-
ластарымыздың қыбын қандырып отыруға себепші.
Мәселен, Ұлы Октябрь революциясына дейін қазақ
даласын «кұлазыған», «иесіз», «бетпақ», «жабайы» де-
ген пікірлердің етек алуы, біріншіден — буржуазия
идеологтарының жергілікті тұрғындарды кемсітіп,
адам санатына коспау ниетінен болса, екіншіден -
отаршыл алпауыттардың «ешкімге зәбіріміз жоқ» деп
көлгірситін аққаптал саясатына ұрымтал еді. Өткен
заман өз болмысындағы сүреңсіздікті кең далаға телі-
генімен ештеңе шықпады. Жиырмасыншы ғасырдың
перзенті атанған социалистік қоғамымыз байтақ дала-
ның қашаннан бері құт мекен екенін, халықтың мәдени
дәстүрінің қайнар бұлақтары мол екенін дәлелдеп бер-
ді. Бүгінгі Қазақстан дидарына ойлы көзбен зер салар
болсаңыз, бүкіл бітім-болмысымен, жазықтық-терең-

49


Click to View FlipBook Version