The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by sanvia, 2018-11-11 09:22:45

7Zhezkazgan entsiklopediyalik aniktama

7Zhezkazgan entsiklopediyalik aniktama

Жезқазған қаласының әкімдігі
Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

ЖЕЗҚАЗҒАН

энциклоапнеыдиқтяалмыақ

Идея, ғылыми НАУРЫЗБАЙ Ж.Ж.,
жетешілік Ө.А.Байқоңыров атындағы

және менеджмент Жезқазған университетінің ректоры,
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор,
Халықаралық жоғары мектеп
ғылым академиясының академигі



АЛМАТЫ 2005

ЖЕЗҚАЗҒАН

энциклоапнеыдиқтяалмыақ

Бас редактор: ҚОЖАМСЕЙІТОВ С.Ү. -
Жезқазған кдласы мемлекеттік мұрағатының
директоры.

Жауапты редактор: Ештанаев Ғ.Е., филол.
ғыл. кандидаты, доцент, "Ұлытау" ғылыми
орталығының директоры

Жауапты хатшылар: Балкенов К.Б.,
"Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи
мұражай-қорығының директоры, Үржанов А. Ү.
тарих ғылымдарының кандидаты, кафедра
меңгерушісі.

Редакциялық алқа мүшелері:\Аймышев Ш.,
Ақпанбеков Ғ.Ә., Алдабергенов М.Н.,
Ахметов К.К., Әкімбекова Б.Б.,
Әбеуов М.Ә., Әуезов М.Т., Әуезов Ғ.Ж.,
Жәлелов Ө.Ж., Ибаділдин Ж.И., Ижанов Б.И.,
Құсайынов А.Я., Мұхтарова С.К,
Мырзалы Г.Ж., Мұса Қ.Ш., Нұрғалиева З.Ж.,
Темірбаева Г.Р., Төрегелдин М.Т.,
Филиппович С.В.

УДК 94(574)
ББК 63.3(2к)я2
Ж41

ЖЕЗҚАЗҒАН. Энциклопедиялық анықтама. Алматы "Эверо"
баспасы, 2004, 400 бет.

ІSBN 9965-680-67-1

Жезқазған қаласының 50 жылдық мерейтойына орай шығарылып
отырған бұл энциклопедиялық анықтамаға өңірдің байырғы тарихы-
нан бүгінгі күнге дейінгі тыныс-тіршілігі, табиғи ерекшеліктері, қала
өмірінің әр түрлі салаларында өзіндік қолтаңбалары бар тұлғалар,
тарихи оқиғалар мен тарихи-мәдени ескерткіштер туралы деректер
енгізілді.

Еңбек қала тарихы жайлы білгісі келген көпшілікке арналады.

ББК 63.3(2каз)я2

050020905
00(05)-04

ІSBN 9965 -707-02-2 © Ө.А. Байқоңыров атындағы
Жезқазған университеті

Қадірменді оқырман!

Туған қаламыздың жарты ғасырлық мерейлі тойына арнайы 50 тар-
ту жасауға үндеп, бастама көтерген едік. Қолдарыңызға тиіп отырған
"Жезқазған" энциклопедиясы - сол бастама аясында даярланған бірегей
еңбек.

Бірегей болатын сыры - аталмыш энциклопедияда сүйікті қаламыздың
өткені мен бүгіні, жылдар легімен жарыса тарих еншісіне айналған кешегі
өзгерістер мен сол жаңалықтарды өз еңбегімөн іске асырған абзал жандар
жайында алғаш рет жинакталып беріліп отыр. Бұл жағдай өзі тірлік кешіп
жатқан орта туралы жан-жақты, толымды мағлұмат алуға құмартқан үлкен-
кішінің талап-тілегін қанағаттандыруға мүмкіндік берері анық..

Тарихи тамырына көз жүгіртсек, түркі дүниесіндегі тұңғыш
энциклопедиялық жинақ - Махмұд Қашғаридың "Түркі сөздерінің жинағы"
(1074 ж.)- XI ғасыр еншісінде. Аса маңызды деректерді топтастыратын
энциклопедиялық еңбектер шығару ісі Шығыс топырағында XIII ғасырдан
(Мұхаммед Ауфи Самарқанди. "Жүректердің жүрегі", 1220 ж.) бастау алса,
Европа елдерінде XVI ғасырда (Конрад Геснер. "Жалпы кітапхана", 1545
ж.) пайда болған екен, Бұл тұрғыда "Жезқазған" энциклопедиясы - ізашар
бабаларымыздың игі дәстүрінің заңды жалғасы, әрі төл қаламыздың ке-
мелдік биігіне жеткендігінің айғағы.

Сонымен қатар, "Жезқазған" энциклопедиясы - алдағы күндерге
жоспарланып отырған, бүгінде қажетті дерек-мағлұматтары жинақталып
жатқан Ұлытау - Жезқазған аймағына арналатын ауқымды еңбектің бас-
тамасы.

Кешегі тарихы ұрпақтан-ұрпаққа ұлағат боп ұласқан Жезқазған
- бүгінгі таңда экономикалық-өндірістік қуаты тұрғысынан да, мәдени-ғылы-
ми әлеуеті жағынан да тәуелсіз еліміздің өрісті қадамдарына елеулі үлес
қосып отырған құт мекен; Қаныш Сәтбаев сияқты ұлы тұлғалардың өшпес
ізі сақталған тағылымды орда. 50 жылдың бедерінде төрткүл дүниеге таны-
лып үлгерген Жезқазғанның келер күндерде жаһанды елеңдетер жарқын
жаңалықтардың Отанына айналары да шүбәсіз.

Өткені өнегелі, келешегі келісті қаламыздың бет-бейнесін танытуды
мұрат тұтқан "Жезқазған" энциклопедиясы - жезқазғандық әр азаматтың
шаңырағында қастерлі мүлік, үстелінде қажетті кітап боларына сенемін.
Латын нақылында "Мен жасадым өз қолымнан келгенді, жетпегенін
қосарсың, дос, сен де енді" - деп айтылғандай, біз мүмкіндігіміз келгенін-
ше қала тарихына қатысты деректерді жинастыруға, басын құрап, тасқа
басуға талпындық. Олқы тұс, қағаберісте қалған мәлімет, деректер болса,
алдағы күндерде толықтырыла түседі деген сенімдеміз. Басталған істі
жалғастырар жанашырлар табылатынына шүбәміз жоқ.

Осы кітаптың шығуына тілеулестік танытып, қолындағы дерек-
мәліметтерімен бөліскен жанашыр жандардан бастап, еңбекті дайындау
барысында басы-қасында жүрген азаматтардың баршасына да шын
жүректен алғыс айтамын.

Ж.Ж. Наурызбай

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Жезқазғанға сапары туралы

Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың
Жезқазғанға сапары туралы

1991 жыл 27 қараша. Президент сайлауы қарсаңында
Н.Назарбаев сайлаушылармен кездесу үшін Жезқазғанда болды.
Жезқазған әуежайында белгілі жырау, айтыс ақыны Шынболат Діл-
дебаев мемлекет басшысын арнау-жырмен қарсы алды. Елбасы
сол кездегі "Жезқазғантүстіметалл" ғылыми-өндірістік бірлестігінің
бірқатар кәсіпорындарын аралап, еңбеккерлермен жүздесті. Ұлытау
жерінде болып, тарихи орындармен, ескерткіштермен танысты.
Ұлытау баурайында болашақта бой көтерер ескерткіш орнына бел-
гітас қойды. Осы жерде жиналған жұртшылық алдында ел бірлігі,
татулық пен ынтымақ хақында сөз сөйледі.

1994 жыл 3 қараша. Елбасы жаңа өндіріс ошағы - "Казкат"
бірлескен кәсіпорнының ашылуына қатысты. Кәсіпорын әр түрлі
көлемдегі мыс ширатпасын өндіреді. Оны американың "Саутваер"
және Түркияның "Энтес" фирмалары бірлесіп салды. Қазір аталмыш
кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істеп тұр. Елбасы қаладағы қазақтың
дауылпаз ақыны, мемлекет қайраткері, 100 жылдық мерейтойы атап
өтілген С.Сейфуллиннің ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын
қойды. Ол сондай-ақ оңтүстіккореялық "Самсунг" фирмасы салып
жатқан медициналық кешенде болды. Мемлекет басшысының Жез-
ді ауданында болғанда арнайы ат басын тіреген жері тау-кен және
металл балқыту ісінің шежіре тарихын шертер мұражай болды. Бұл
күнде мұражай республикадағы аса маңызды тарихи-мәдени кешен
саналады.

1996 жыл 4 сәуір. Жұмыс бабындағы сапармен Жезқазғанға
келген Елбасы бұл жолы Қазаннан ұшып жетіп еді. Онда ол Татар-
стан Президенті Минтемір Шаймиевтің қызметіне кірісу салтанатына
қатысқан болатын. Президент "Жезқазғантүстіметалл" акционерлік
қоғамының жаңадан іске қосылған Анненск шахтасында болды. Жаңа
шахтаны аралағаннан кейін Елбасы облыс активінің жиналысына
қатысты. Актив жиналысын өзі жүргізіп отырды.

1996 жыл 16 сәуір. Елбасы бұған дейін Жезқазған облысы әкімі
қызметін атқарған Қ.Нағымановтың басқа жұмысқа ауысуына байла-
нысты облыстың жаңа әкімі - Е.Смайыловты облыс жұртшылығына
таныстырды.

1997 жыл 19 мамыр. Елбасы мысты өңірге екі мақсатпен кел-
гендігін айтты. Біріншісі - "Самсунг" фирмасының басқаруында
жұмыс істеп жатқан өндіріс жағдайымен танысу, екіншісі - бұрынғы
Жезқазған облысының Қарағанды облысына қосылуына байланысты
халықтың көңіл-күйін білу.

ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
_

Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВ

ЖЕЗҚАЗҒАН энңиклопедиялық анықтама

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Жезқазғанға сапары туралы

1998 жыл 25 тамыз. Н.Назарбаев ғарышта 208 тәулік болған
қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаевты Жезқазған әуежайында қарсы
алды.

2000 жыл 1 тамыз. Алдымен Оңтүстік Жезқазған кенішінде бол-
ды. Сәтбаев қаласындағы Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайын
аралап көріп, осы сарай жанында жұртшылықпен кездесті. Түс
қайта таяуда ғана пайдалануға берілген "Байқоңыр" қонақ үйінде
"Қазақмыс" корпорациясының активімен бас қосты. "Самсунг" фир-
масы жөнінде оң пікірін білдірді.

2001 жыл 12 қыркүйек. Елбасы "Қазақмыс" корпорациясының
бірқатар нысандарында болды. Алдымен ат басын тіреген жері
- Сәтбаев қаласында жақында ғана іске қосылған стоматологиялық
орталық. Содан соң Жезқазған байыту фабрикасындағы ксантоге-
нат өндіретін цехты аралады. Жезқазған мыс қорыту зауытының
ауласында Республика Президентінің қатысуымен жиын өтті. Сапар
"Самсунг" фирмасы салып берген медициналық орталықта болуымен
аяқталды.

2003 жыл 28 қазан. Елбасы "Қазақмыс" корпорациясының ба-
лалар-жасөспірімдер спорт мектебімен танысты. Жезқазған мыс
қорыту зауытының жұмысшыларымен кездесті. Сәтбаев қаласындағы
жаңадан қалпына келтірілген қалалық ауруханаға беттеп бара жатып,
жолай корпорацияның жол қүрлысын жүргізетін техникаларын та-
машалады. "Қазақмыс" Сәтбаев қаласындағы аурухананы күрделі
жөндеуден өткізуге 400 млн. теңгеден астам қаржы жұмсады.
Н.Назарбаев аурухананы аралап көрді, перзентханада дүниге келген
Нұрсұлтан есімді сәбиге құтты болсын айтып, ақ батасын берді.

2005 жыл 15 маусым. Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Ә. Назарбаев ресми сапармен Жезқазған қаласына келді. Елбасы
Жезқазған мыс заводында болды, завод жұмысшыларымен кездесті.
Бұдан кейін Алаш алаңына жиналған қала жұртшылығымен жүздесіп,
кездесуден кейін Сәтбаев қаласына барды. Мұнда "Қазақмыс" кор-
порациясының спорттық кешенінде болып, жаңа нысанның қызмет
түрімен танысты. Елбасы республикамыздың экономикалық, әле-
уметтік дамуындағы "Қазақмыс" корпорациясының үлесін айрықша
атап өтті. Кездесулерде "Біз сізге сенеміз" деген жұртшылық ықы-
ласы да айқын сезіледі. Келесі күні Н. Ә. Назарбаев облыс орталығы
- Қарағанды қаласына жүріп кетті.

8

ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

ЖЕЗҚАЗҒАН

Жезқазған
Жезқазған - еліміздегі түсті металлургияның орталығы.
Өндірісінің қарыштап дамуы арқылы Қарағанды облысының
әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсара түсуіне зор үлесін
қосуда. Аймақтағы өнеркәсіп ауданың шеңберінде ірі мыс кен
көздері орналасқан. Кенінің құрамында мыспен қатар қорғасын,
күміс, рений және басқа да сирек элементтер, тіпті алтын да
кездеседі. Аймақта жүлгесі 3000 шақырымға дейін созылып жатқан
темір кен орны да бар.
Жезқазған жеріндегі ғасырлар бойы тұнып жатқан қазына
байлығы адамзатқа сонау көне заманнан белгілі болған. Біздің
дәуірімізге дейінгі V ғасырда өмір сүрген Геродотқа жүгінсек, қазіргі
Жезқазған жерін жайлаған сақтардың үлкен тайпасы массагеттер
мыс пен алтын өндіруді игеріп, қару-жарақты мыстан дайындаған
көрінеді. Ал, одан берідегі бұл өлкенің табиғи байлығы жөніндегі
көлемді мәліметтер XVIII ғасырдың екінші жартысында Қазақстан
жеріне жіберілген Ресейдің ғылыми-экспедициялық зерттеулері
арқылы алынған. Кеңес заманы кезінде Жезқазған кен орындарының
арғы тарихтарын (1946, 1947, 1949 ж.ж.) Н.В. Валукинский, Ә.Х.
Марғұлан, А. Машани зерттеген. Геолог С. Боллдың деректері
бойынша, көне дәуірдің өзінде Жезқазған кеніш орындарынан
млн.тоннадан астам мыс өндірілген. Жезқазғанның ежелгі және
ортағасырлық орталығы Милықұдық қаласы болған, оның ескі
атауы Елуқұдық. Ол қазіргі Кресто шахтасынан оңтүстікке қарай
1 шақырым жерде. Мұндағы қола дәуірінен бастап кейінгі орта
ғасырларға дейін пайдаланылған кен қорыту орындары, мыс,
қалайы, темір, алтын, күміс қорытпалары және олардың өңделген
қалдықтары сол замандағы адамдардың мүмкіндіктерін көрсетеді.
Жиырмасыншы ғасырдың елуінші жылдарында игеріле бастаған
Кресто, Покро, Златоуст және Тасқұдық кен орындары ежелгі
және ортағасырдағы негізгі кен алып, қорытқан кеніштер болғанын
академик Әлкей Марғұлан өз еңбектерінде жан-жақты дәлелдеген.
Қазіргі заманғы алғашқы мыс кәсіпшілігін 1847 ж. Н.Ушаков
ашқан. 1904 ж. Жезқазған кен орны ағылшындардың "Атбасар
мыс кентасы" акционерлік қоғамына концессияға берілген. Жете
барлау жұмыстары 1925 ж.-дан жүргізіле бастады. Бірінші отандық
мыс 1928 ж. Қарсақбай зауытында балқытылды. Академик
Қ.И. Сәтбаевтың 1929 ж. қолға алуымен басталған геологиялық
барлау жұмыстарының нәтижесінде Жезқазған мысын игеру
қолға алынып, ол КСРО Түстіметалдар Бас басқармасының негізгі
жоспарына енгізілген болатын.
Бүгінгі Жезқазғанның іргесі 1938 ж. Кеңгір ауылының орнында
тұрғызылған. Онда 1939 жылы 3 мыңнан астам адам тұрды. 1941-
1954 ж.ж. Үлкен Жезқазған кенті аталды. 1954 ж. 20 желтоқсанда
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Жезқазғанға
қала мәртебесі берілді. Ол кезде қалада 30 мың тұрғын бар
еді. Жезқазған 1973 ж. 20 наурыздан 1997 ж. 3 мамырға дейін
облыс орталығы болды. Ол кезде қала халқының саны 107 мыңға

Жезқазған

жетті. Жезқазған облысының таратылуына байланысты (3.05.1997)
Жезқазған қаласы Қарағанды облысына қарайды. 1997 ж. мамырдан
бастап 2003 ж. соңғы айларына дейін Сәтбаев қаласы (Жезқазған
кентімен қоса) әкімшілік жағынан Жезқазғанға бағынысты болып
тұрған.

Жезқазған қаласы Ұлытау ауданының шөлейтті-дапалық
аймағында, Кеңгір су қоймасының оң жақ жағалауына орналасқан.
Жер үстіндегі ресурстары Кеңгір су қоймасының пайдалы су
қорынан тұрады. Жерасты суларының көзі қалаға жақын жерлерде
мүлдем шектеулі. Олардың ең ірілері Есқұла, Үйтас-Айдос, Есентай,
Қожамсейіт жерасты су көздері болып табылады. Аймақтың климаты
өткір-континентальды, қыста суық, қар аз түседі, жазы құрғақ ыстық
болып келеді. Көбінесе жел шығыстан және солтүстік-шығыстан
болып тұрады. Ылғал түсу көлемі онша көп емес, жылына орташа
100-125 мм. Кеңгір, Талап және Малшыбай селолық округтері
әкімшілік бағыныстылығы жағынан Жезқазған қаласына қарайды.
Қаланың жалпы аумағы 1760,97 шаршы шақырым. Тұрғындардың
орташа тығыздығы Жезқазған қаласы бойынша 1 шаршы шақырымға
54 адамнан келеді. Қалада 2004 ж. дерек бойынша 95,7 мың адам
тұрады. Оның ішінде 49 070 қазақ, 31 966 орыс, қалғандары басқа
ұлт өкілдері.

Жезқазған аймағының дамуы бірінші кезекте оның пайдалы
қазбаларын игерумен байланысты десек те қалада енеркәсіптің
түсті металлургия, электр энергетика, машина бөлшектерін жасау
мен металл өңдеу, тамақ өнеркәсібі салалары кеңінен дамыған.

Қарағанды-Жезқазған теміржолы (11.11.1937ж. іске қосылған)
осы қалаға жетіп шектеледі. Одан кейін пайдалануға берілген Үлкен
Жезқазған Весовая (Новорудная)-Жезқазған теміржолы кеніштермен
аралықтағы өндірістік мақсатқа қолданылуда. Арқалық-Жезқазған-
Қызылорда және Қарағанды-Жезқазған автомобиль жолдары,
Павлодар-Шымкент мұнай құбыры бар. Жезқазған облыстың
орталығы Қарағандыдан 520 шақырым қашықтықта тұр. Қаланың
кабельді, радиорелелі және спутниктік байланысын қамтамасыз
ететін телекоммуникациялық жүйелерінің деңгейі жоғары.

Жезқазған - ірі мәдени-әлеуметтік саланы шоғырландырған
қала. Жан-жақты білім беретін университеті, 5 колледж, 2 кәсіптік-
техникалық мектеп, 13 орта мектеп, қазақ-түрік лицейі, сазды
драма театры, филармония, бірнеше халықтық ансамбльдер, қазіргі
заманғы жетілдірілген аппаратуралармен жабдықталған бірнеше
медициналық мекемелері, емханалар мен ауруханалары бар.

Әдеб: С.А.Брагин. Ақылмен және балғамен. Москва, 1975ж. Ә.Әмірәлин. Арқада
туған алып. Алматы, "Қазақстан", 1981ж. 92-бет.

ЖЕ3ҚАЗҒАН энциклопедиялық, анықтама

Табиғаты

ТАБИҒАТЫ

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ. Қарағанды облысының ірі өнеркәсіп
орталығы - Жезқазған қаласы. Қазақтың ұсақ шоқылы, аласа та-
улы аймағы - Сарыарқаның оңтүстік батысында орналасқан. Са-
рысу өзенінің ірі саласының бірі - Қаракеңгірдің төменгі ағысында
жайғасқан, теңіз деңгейінен 345 м жоғары.

Жезқазған қаласының табиғатына шөлейт аймақ табиғи ланд-
шафтыларының ерекшеліктері тән. Қала маңында жазықты далалы-
шөлді, жазықты-шоқылы ландшафтылары жазықты шөлді, жазықты-
ойысты, сортаңды-шөлді ландшафтылармен араласып кездесіп
отырады. Жезқазған еліміздің ірі өнеркәсіп орталығы. Халқы 95
мың-нан астам (2004 ж.).

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

Жезқазған қаласы эпипалеозойлық платформаның қазақ
қалқанының батысында орналасқан. Эпипалеозойлық платформа-
ның қазақ қалқанының солтүстік-батыс және батыс бөлігі ежелгі
құрылымдар-каледон (ерте палеозой) қатпарлы аймағына жата-
ды. Оған солтүстіктегі Арғанаты, Ұлытаудан бастап Сарысу-Теңіз
дөңесі, Қарсақбай қыраты және Бетпақдаланың батыс бөлігі кіреді.
Каледондық құрылымдар - Теңіз ойысы, Ұлытау антиклинорийі, Са-
рысу-Теңіз көтерілімі, Жезқазған ойысы. Каледондық құрылымдарға
екі қабатты құрылыс тән. Төменгі құрылымдық қабатты палеозойға
дейінгі және төменгі палеозойдың метаморфтық, магмалық интру-
зивтік және жанартаулық шөгінді тау жыныстары құрайды (гнейс-
тер, кристалды тақтатастар, кварц, конгломераттар, аргиллиттер).
Жоғарғы құрылымдық қабатты ортаңғы және жоғарғы палеозойдың
орогенді типтегі формация және карбонатты шөгінділері құрайды
(аргиллиттер, конгломераттар, мергель, әктастар). Төменгі және
жоғарғы палеозойдың тау жыныстары аласа таулар мен биік
шоқыларда жалаңаштанып, жер бетіне шығып жатады. Ал Ұлытау
антиклинорийінің өзегінде (ядросында) кембрийге дейінгі заманның
метаморфтық тау жыныстары (гнейс, кристалды тақтатастар, кварц,
мрамор, гранитойдтар) жер бетіне шығып жатады.

Жас мезокайнозойлық шөгінділер сирек кездеседі. Палеогендік
шөгінділер Қайдауыл жазығында, Қарсақбай қыратында кездеседі.
Неогендік шөгінділер Жыланшық және Жезқазған жазықтарын түзеді.
Төрттік шөгінділер көбінесе жер бедерінің теріс, ойыс жерлерінде,
өзен аңғарлары мен көлдердің қазаншұңқырларында жиналған.
Мысалы, Шұбар Теңіз, Шошқакөл т.б. көл ойыстарында, Сарысу,
Сарыкеңгір, Қаракеңгір сияқты өзендер аңғарында кездеседі.

12

ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Жер бедері (рельефі)

ЖЕР БЕДЕРІ (рельефі)

Жезқазған қаласы Сарысу-Теңіз қыратының оңтүстік-батысын-
да орналасқан. Қаланың төңірегі негізінен жазықты, ұсақ шоқылы
келеді. Қыраттың жер бедерінде тегістелген палеозойлық іргетасты
дөңес жазықтықтар басым. Олардың орташа биіктіктері 300-500
м, арасында 700-800 м болатын шоқылар да баршылық. Қырат-
тың екі жағынан құлап ағып жатқан өзендер жер бедерін тілімдеп,
оны жеке сілемдерге бөліп тұр. Қырат күнбатыс, солтүстік пен
оңтүстігінде бірте-бірте сатыланып барып аласарады. Іргетасты
құрап тұрған аналық тау жыныстары қыраттың тек жонында ғана
жер бетіне шығып жатыр. Ал беткейлері палеозой және кайнозой-
дың құмды-сазды, пролювийлі жыныстармен көмкерілген. Іргетасты
дөңес жазықтықтарда шөгінді тасты каолин сазы да береді. Оларда
сортаңды топырақтар мен сорлар көптеп кездеседі. Қала төңірегінің
жер бедерінде ұсақ шоқылар да басым. Олар жаңа тектоникалық
қозғалыстан жіктеліп көтерілген шоқылар тізбегін береді.

Қаптадыр ұсақ шоқыларында палеозойлық эффузивтік және
әктасты тау жыныстары төбе-төбе болып жер бетінде ашық
көтеріліп жатыр. Шоқылардың өзара салыстырмалы биіктіктері 80-
100 м. Шоқылар тізбегінің ұшы қиыры жоқ, 10-15 шақырымға дейін
созылып кетеді. Шоқылар беткейлерінің пішіндері әр түрлі. Егер
олар гранитті тау жыныстарынан тұрса, жарлы-құзды, бөлшектенген
тақтастардан және олардың үйінділерінен тұрады. Ал егер әктас-
ты не эффузивті тау жыныстарынан тұрса, беткейлермен төбесі
жұмырланып, біртегіс пішінді болады. Қиыршық тасты жұқа ғана
топырақ жамылғысы шоқыларды шөгінді жамылғысымен көмкеріп
жатады.

Дөңес, биік жазықтықтар мен шоқылар өзен торларымен тілім-
денген. Жыралы-сайлы жер бедері формалары жиі кездеседі. Жон-
ды кең табанды көне аңғарлармен бірге, кейін пайда болған өзен
аңғарлары да жер бедерін тілімдеген.

Суайрық жоталар алабындағы тегістелген жерлерде дөңгелек
табақша тәрізді ойыстар мен ойпаңдар көп. Олар көктемде қар суы-
мен толғанымен, жазға қарай кеуіп кетеді. Сонымен қатар сортаңды
және кебірлі ойыстар да көптеп кездеседі. Қазіргі уақытта жер
бедерінің жаңадан көтерілуімен қатар құрғақ климатты жағдайда
бұзылу, үгілу мен тегістелу процестері жүруде. Табиғи жер бедері
қала жағдайына сәйкес өзгеріп келеді.

Пайдалы қазбаларды алу, суландыру және жол жүйелерін
салу барысында жер бедерінің антропогендік пішіндері (карьер-
лер, террикондар, өңделмеген өндіріс қалдықтарының үйіндісі т.б.)
қалыптасуда.

13

ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық аныктама

Ішкі суы

ІШКІ СУЫ

ЖЕР БЕТІНІҢ СУ ҚОРЫ Қала және оның төңірегіндегі өзендер
Сарысу алабына жатады. Негізінен бұлар қар, жерасты суымен және
атмосфералық жауын-шашын суымен қоректенеді. Соңғы екеуінің
үлесі аз. Өзендер суының деңгейі тек көктемде, қар ерігенде ғана
көтеріледі. Сәуірдің екінші жартысы мен мамырдың алғашқы бөлігі
аралығында өзендердің жылдық ағысының 80-90% ағып өтеді. Жаз
кезінде түсетін жауын-шашын өзендердің су режиміне көп ықпалын
тигізбейді. Өйткені олардың көбі топырақтың беткі қабатына
сіңіп, ауаға буланып кетеді. Күздегі жауын-шашын өзен деңгейіне
айтарлықтай өзгеріс әкелмейді. Күннің суытуына байланысты өзен-
дер суы қата бастайды. Қараша айының соңына қарай өзендерде
мұз қату басталып, тұрақтанады. Оның орташа жылдық ұзақтығы
130-165 күнге созылады.

Өзен суы көктемде ғана тұщиды. Ал су азайғанда судың кермек-
тілігі артып, ащыланады.

Қала маңынан Қаракеңгір өзенінің төменгі ағысы өтеді. Өзеннің
арнасына Кеңгір су қоймасы салынған. Қаракеңгір өзені - Сарысу
өзенінің ірі саласы. Өзен Ұлытаудың Жақсы-Арғанаты сілемдерінен
басталып, бағытын өзгертпей, солтүстіктен оңтүстікке қарай ағып
өтеді. Өзеннің ұзындығы 350 шақырым, су жинайтын алабының
ауданы 16700 шаршы шақырым, орташа жылдық ағыс шығыны - 2,1
м3/сек.

Өзен аңғары қалыптасқан кең алқапты жерлерінде сатылар айқын
көрінеді. Биік және ұсақ шоқылар арасымен өткенде аңғарлары та-
рылып, каньон тәрізді тар шатқалды, терең арнадан тұрады. Өзен
қар суымен қоректенеді. Сондықтан жылдық ағысының 85-95%-ы
көктем айларына келеді. Өзен аңғарында шоқ-шоқ тоғайлар өседі.
Олардың су қорын тұрақтандыруда маңызы зор.

Қала өңіріне байланысты су көзіне Кеңгір су қоймасы жатады.
Ол көктемгі еріген қар суын жинап, үнемдеп жұмсауға мүмкіндік
береді. Кеңгір су қоймасының ауданы - 3700 га. Судың көлемі 319
млн.м3. Су қоймасының ұзындығы 30-35 шақырым. Су қоймасының
орташа тереңдігі 8,6 м, тереңдігі 24,0 м.

Кеңгір су қоймасы Қаракеңгір өзенінің суымен және қар суы-
мен толығады. Су деңгейінің төмендеуі жаз, күз, қыс мезгілінде
болады, сәуір айында күрт көтеріледі. Судың толысуы өзен суы-
ның ағынына және судың шаруашылықта қолдануына байланысты.
Қойма суы минералдығымен көзге түседі. Максимальды көрсеткіші
2 г/м3. Көктемде тасқын суының келуімен судың тұщылануы жүреді.
Суда иондардан кальций, магний, сульфаттар кездеседі. Химиялық
құрамы жағынан сульфаттар класының, натрий тобының элемент-
тері басым.

Кеңгір су қоймасында балықтың түрлері көп. Олар: шортан,
алабұға, шабақ, сазан, дөңмаңай, табан балықтары және т.б.

14 ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Климаты
Су қоймасы, жағалауында сауықтыру және демалыс орындары
орналасқан.

КЛИМАТЫ

Жезқазған қаласының климаты шұғыл континентальды, қысы
суық, қары аз, жазы ыстық, құрғақ. Оның шұғыл континенттігі
Жезқазған қаласының Қазақстанның Орталық бөлігінде, яғни 46°011
пен 50°051 с.е және 62 451 пен 69°331 ш.б. аралығында, құрғақ да-
ланың шөлейтке одан әрі шөлді зонасына ауысуына, Бетпақдала
үстірті мен Қызылқұм және Қарақұм құмды жазықтардың оңтүстік,
оңтүстік-батыста орналасуымен байланысты.

Ауаның орташа жылдық температурасы жылыға жатады, +4 бо-
лады, ең суық қаңтар айының орташа температурасы -15,4 °С, ең
ыстық шілде айының температурасы +23 °С

Жезқазған қаласының климатының ерекшелігі ауа-температура-
сының жылдық және тәуліктік қатты ауытқуы.

Қала бойынша ең төменгі температура абсолюттік минимум
-50°С, ал ең жоғарғы температура, абсолюттік максимум +43°С. Со-
нымен ауаның жылдық температура ауытқуы (ең жоғарғы және ең
төменгі температураның қосындысы) 93°-тен ( 1 - кесте)

1 кесте
Жезқазған қаласының климат көрсеткіштері
(Жезқазған метеостанциясының көп жылдық бақылауы бойынша)

15

ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама



Климаты

Жезқазған қаласының мұхиттан алыс, материктің орталық
ішкі аймағында орналасуына байланысты аспан ашық, бұлтты
күндер аз.

Күннің жарқырап сәуле шашып тұру мерзімінің ұзақтығына бай-
ланысты жердің беті қатты қызады, ал түнде жылудың қайтадан мол
қайтуынан тез суынады.

Жылы кезеңнің ұзақтығы (0°С және одан жоғары) 214 тәулікке
тең, ал аязды кезең 151 тәулік. Көктемде күннің тұрақты жылынуы
сәуір айының бірінші онкүндігінде туады. Бұл кезең көктемде өзен-
дер суының тасуына сәйкес келеді.

Жезқазған қаласының климаты өте құрғақ, ал табиғи ылғал-
мен қамтамасыз етілуі жеткіліксіз. Бір жылда жауын-шашынның
қосындысы шамамен 160-180 мм. Яғни табиғи ылғалмен қамтамасыз
етілуі 10%-дан аспайды.

Атмосфералық жауын-шашындар жер беті су ресурстарының
жартысын құрайды. Ал жаз айларында жаңбырлар ылғал көбеюіне
аз ықпалын тигізеді, өйткені олар құрғақ топыраққа сіңіп, ағын
суларға жетпей буланады. Сондықтан су ресурстары негізінен қар
суымен толықтырылады. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының
аяғында- желтоқсанның басында құралады. Қар жамылғысының
қалыңдығы біркелкі емес. Оның орташа қалыңдығы 7-35 см-ге дейін
барады. (1-сурет).

Жезқазған қаласы жел қуатының қорына өте бай. Желдің орта-
ша жылдық шапшаңдығы секундына 4,1 м. Күз айларында желдің
күштілігі салыстыра алғанда бәсеңдеу болады да, ал қыс, көктем ай-
ларында (ақпан, наурыз, сәуір) желдің шапшаңдығы күшейе түседі.
Өте-мөте қатты жел ақпан мен наурызда байқалады, сол кезде ол
бұрқасынды күшейтеді, борандар болады, олар қар жиналуына
ықпал жасайды.

Бір жыл бойына көбінесе желдер солтүстік және солтүстік-
шығыс румбті. Жазғы маусымда, әсіресе басында шаң дауылда-
ры байқалады. Маусым мен шілде айында Жезқазған қаласының
маңында 5-6 күнге дейін шаңды дауылдар болады. Басым бола-
тын желдің бағыттары шығыстан солтүстік бағытта, сирек - батыс
бағытта, одан сирек - оңтүстік және оңтүстік-шығыс (2- сурет)

Жыл маусымдарының ұзақтығына қарасақ, Жезқазған қаласына
қыс пен жазғы маусымдар тең келеді. Көктем ерте және тез келеді.
(2-кесте)

ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Топырақ

2кесте

Жезқазған қаласының жыл маусымдарының ұзақтылығы.

Сонымен Жезқазған қаласының ауа райының қолайсыз
құбылыстарына жататындар: көктемгі және ерте күзгі аяздар, ат-
мосфера және топырақ қуаңшылығы, аңызақ желдер, кейде шаң
және құм дауылына, бұрқасынға айналатын қатты жел, көктайғақ,
қабыршақ мұз.

ТОПЫРАҚ

Жезқазған қаласы және оның төңірегінің топырақ қабаттарының
құрылымы, оны түзуші аналық тау жыныстарының құрамына және
шұғыл континентальді құрғақ климатқа байланысты болып, не-
гізінен терістік суық аймақтың құба буырыл топырағына жатады.
Ауадан түсетін ылғалдың өте аздығынан, буланудың көптігінен
топырақ құрамында карбонаттар, гипстер, суға тез еритін басқа
да тұздар мол кездеседі. Морфологиялық пішіні жөнді дамымаған,
жоғары қабаты жұқа, қарашірігі өте аз 1-1,5%, азот пен фосфор
жеткіліксіз, механикалық құрамы саздақты, ауырлау болып келеді.
Ал қабатының қалыңдығы 15-20 см, топырақ қабыршығы 15-7 см,
оның асты бозғыл құба түсті, механикалық құрамы ауырлау, көп
жағдайларда сортаңдау В қабаты (15-20, 30-40 см) орналасқан.
Карбонаттар топырақ бетінен, ал гипстер В, ВС қабаттарынан кез-
деседі (ВС 40-50 см, С 50-70 см). Көгалдандыру, жеміс-жидек, ауыл
шаруашылығы дақылдарын егіп өсіру тек суармалы жерде ғана
мүмкін. Күннің ыстығы мен ұзақтығына орай суарып, тыңайтқыштар
енгізген кезде суға қанған егістіктер тамаша өнімдер береді.

Осы негізгі топырақ түрінен басқа органикалық қалдықтары мол
шалғынды құба-қоңыр топырақтың сортаңды түрлері ылғалы мол
Қаракенгір өзенінің аңғарында, Рыбачий, Комбинатский кенттері
орналасқан ойпаңдау жерлерде қалыптасқан.

Аналық тау жыныстарының үгілуінен пайда болып толығырақ
жетілмеген, құрамында қиыршық тастары мол механикалық құрамы
құмайтты құба топырақ Кеңгір су қоймасының жағалауының ала-
бында дамыған.

18

ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Флорасы

Талап елді мекені, қаланың аэропорт маңайының топырақтары
құба сазды болып келеді. Осы алқаптарды суарудың дұрыс
қолданылмауынан жеңіл еритін тұз ертінділері топырақ бетіне шығып
кей жерлерде сазды құба-қоңыр топырақтар сорланып кеткен.

ФЛОРАСЫ

Шөлейт аймағында орналасқан Жезқазған қаласы төңірегінің
өсімдік жамылғысы кедей, әрі жұтаң. Құрғақшылықтың артуына
байланысты өсімдік жамылғысы жер бедерінің теріс формаларьінда
- уақытша жылғалар арнасында, сай-салаларда, қазаншұңқырларда
жинақталады және өсімдік түр құрамының байлығы жазық жерлер-
ден таулы аймаққа қарай өседі. Жезқазған аймағы флорасында
маусымдық өзгеріс айқын білінеді. Қар еріп, күн жылысымен-ақ
тіршіліктің алғашқы белгілеріндей қылтиып нәзік бәйшешектер мен
алқызыл кызғалдақтар, қазжуалар мен сарғалдақтар шығады. Олар-
дың гүлдеу кезеңі бітіп, сирей бастағанда әсем құртқашаштар мен
шөпжиярлар, сәнді қойжелкектер өсе бастайды. Мұнан кейін Арқа
жерінде жусан иісі аңқиды.

Қала мен Ұлытау төңірегінде мыңнан астам өсімдік түрі өседі.
Солардың басым көпшілігі (17%) астралылар тұқымдасына жатады.
Оның негізгі өкілдерінің бірі - сусанның Жезқазған аймағында 30-

дан аса түрі өседі. Олар әр түрлі
ценоздарды құрауға қатысады.
Адырлар беткейлерінде жусан-
ды-бетегелі тектес өсімдіктер
бірлестіктері өседі. Жусаннан
мұнда майқара жусан, тамыр
жусан, тықыр жусан, мұз жу-
сан, тұран жусаны т.б. түрлері
кездеседі. Өзен аңғарларының
жеңіл құмдақ топырағында сор-
таң шалғындарын құрап бөрте
жусан, тас жусан, көк шағыр, шыбық жусан, сирек бас жусан т.б.
түрлерімен араласа бетеге, қау, түрлі сәнді шөптер өседі. Шоқы
аралық ойпаң жерлерде қараған, тобылғы бұталарының арасында
түйе жусан, саралжын жусан кездеседі.
Аймақ флорасын құрауда Алабұталар мен Қоңырбастар
тұқымдастарының үлесі де зор. Алабұталардан жиі кездесетіні
- алабұта, көкпек, изен, ебелек, әр түрлі сораңдар, теріскен,
бұйырғын, тасбұйырғын, т.б., ал Қоңырбастардан - бетеге, қау,
қамыс, ши, қоңырбас, қызылот, тарақбоз, бидайық, мысыққұйрық,
қияқ т.б. Флора құрамында 100-ден аса құнды жем-шөптік, 50
шақты дәрілік, бір қатар тағамдық, техникалық, улы, бал бергіш,
сәнді-декоративтік, т.б. пайдалы түрлер бар.

19

ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Флорасы

Солтүстіктен оңтүс-
тікке қарай шөлейттік жу-
санды-қоңырбастар текті
өсімдіктер бірлестіктері
шөлдік жусанды-сораңды
бірлестіктерімен алма-
сады. Сонымен қатар,
аймақтық шығыс және
батыс бөліктерінде жа-
уын-шашын мөлшерінің
әр түрлі болуына байла-
нысты өсімдік жамылғысы
мен флорасында едәуір айырмашылықтар бар.
Биіктігінің және азды-көпті бүлақ суларының арқасында
Ұлытаудың өсімдік жамылғысы жазық алқаптардан күрт өзгеше,
флорасы едәуір бай - 995 түрден тұрады. Тау бөктерлерін орап
шалғынды-орман өсімдіктері өседі. Тау етегіндегі бұлақ маңында
қайың-көктеректен түзілген қалдықтық ормандар бар. Ондағы
ағаштар діңгегі қар мен желдің ықпалынан қисайып, "билеп" тұрған
пішінге ие болған. Орманда, биіктігі 5-10 м-ге жететін бірінші ярусты
қотыр қайың, көктерек, үшкір жемісті жиде, долана құрайды. Екінші,
бұталы ярус талдармен, қотыр раушан, татар ұшқатымен түзілген.
Үшінші және төртінші ярусты қоңырбастар (шалғындық қоңырбас,
қылтықсыз қызылот, айрауық) мен түрлі шөптер ( бөріаяқ, сарғалдақ,
шелна, британ андызы, ұзын жапырақты бөденешөп) өкілдерінен
құралған шөптесін жамылғысы түзеді. Тау беткейлерінде - өрме-
леп өскен арша, аңғарларында - мойыл, қойбүлдірген, қарақат,
таңқурай, итмұрын сияқты бұталы-ағашты бірлестіктер түрлі шөптер-
қоңырбасты текті өсімдіктер бірлестіктерімен алмасып өседі.
Тау шатқалдары бірқатар сирек реликті түрлерге пана болып,
олардың қазіргі кезге дейін сақталып келуіне мүмкіндік жасады.
Ұлытау реликтеріне усасыр қырыққұлағы, бористен сылдыршөбі, ко-
рольков доланасы, бұқтарма таспасы, коржинский миясы, селькирк
шегіргүлі, сібір балдырғаны, кәдімгі шәңкіш, т.б. жатады.
Жезқазған аймағы флорасында Қазақстанның Қызыл кітабына
енген түрлер кездеседі (Шренк тобылғытүсі, түйесіңір, Бектауата
тиынтағы, Бетпақдала сылдыршөбі, Траутфеттер строгановиясы,
альберт қызғалдағы, т.б.). Сондай-ақ, аймақ флорасында сирек
эндемикалық түрлердің саны да баршылық. Олар - шөл самерария-
сы, сумневич астрагалы, кіндікті лепехиниелла, Ұлытау түймешетені,
жабық жемісті кәріқыз, т.б. Ареалы шағын әрі популяция қоры аз
бұл түрлер адамның іс-әрекетінің әсерінен азайып барады.
Осы күндері өзінің пайдалы қасиетінен аса зиян шегетін түрлер
саны көбейіп барады. Атап айтсақ, тағамдық жуалардың ішіндегі ең
дәмдісі әрі ерте көктейтін - тау жуа, шипалық қасиеті бар - дәрілік
шелна, құмдық солыбас, шәйқурай, жұпаргүл, сәнді гүлдейтін -
қызғалдақтар, сепкілгүлдер, т.б. Олардың популяция қоры жергілікті

20 ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Флорасы
тұрғындардың жаппай жинау салдарынан күрт қысқаруда. Осынау
сирек кездесетін және сирексіп бара жатқан түрлер қорғауды қажет
етеді. Ұлытау өңірінде табиғи-тарихи қорық ұйымдастырылған.

Жезқазған қаласы шегіндегі жасыл желек шамамен 193 га.
Көгалдандыру үшін қарағаш, терек, тал, шаған, үйеңкі, жиде,
қарағай, балқарағай, т.б. ағаш түрлері, жыңғыл, акация, итмұрын,
ұшқат, қарақат, сирень, шеңгел, т.б. бұта өсімдіктері пайдаланы-
лады. Қаланы безендіру үшін аумақты гүлзарлар (Алаш, Метал-
лургтар, Алғашқы құрылысшылар алаңдарында, Даңқ мемориалы,
Атракциондар паркі, т.б.) егілген. Мұнда жаз айларында барқытшөп,
тырнақгүл, петуния, гүлтәжі, сүттіген, есінекгүл, т.б., көптеп
отырғызылады. Қаланы көгалдандыруда Жастар және Наурыз
парктерінің, Сейфуллин бақжолындағы Космонавтар аллеясының
маңызы зор. Жезқазған маңындағы Кеңгір су қоймасы жағалауында
74 га жасыл желек отырғызылған. Жасыл желекті жаңа алқап жаса-
лумен бірге бұрынғы алқаптар жаңартылуда.
ӘДЕБИЕТ: Байтенов М.С. В мире редких растений - Алма-Ата: Кайнар,
1985.
Баймухамбетова Ж.У. Реликтовые и эндемичные виды растений Улытау
//Изучение и охрана заповедных объектов. - Алма-Ата: Кайнар, 1984.
Винтерголлер Б.А. Редкие растения Казахстана - Алма-Ата: Наука, 1975.
Красная книга Казахской ССР. Редкие и находящиеся под угрозой исчезно-
вения виды животных и растении. Растения - Алма-Ата: Наука, 1981.
Мурзалиева Г.Ж. Географо-генетический анализ сосудистых растений в
бассейне реки Сарысу. - Автореферат канд.дисс. Алматы, 1994.
Темереева Ф.М. Природа Жезказганского края - Жезказган: ЖезУ, 2001.
Филатова Н. С. К географии полыней Казахстана. - /Интродукция растений и
озеленение городов.- Алма-Ата: АН Каз.ССР, 1964.

21

ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Фаунасы

Аймағымыздың қазіргі жануарлар

дүниесі алуан түрлі, ал оның кең байтақ

жерінде бұрын да көптеген жануарлар

мекендеген. Мұнда бір кезде құрып

кеткен омыртқалылардың 200-ден ас-

там түрі, көне дәуірдегі теңіз жайыл-

масында тіршілік еткен бауырымен

жорғалаушылардың, балықтардың,

омыртқасыз жәндіктердің, мәселен,
ұлулардың бірнеше жүздеген түрі та-
былды.

Аймақтың табиғат жағдайлары бір-
келкі болмағандықтан жергілікті жердің
табиғатына әбден бейімделген жабайы
аңдар мен құстар сусыз, құрғақ жазға,
сирек әрі аласа шөптесінге жерсінген,
денелері сары, қызғылт, сұр түстері

күнге күйген шөл даладан ешбір ерекшеленбейтін жануарлар тір-
шілік етеді. Жезқазған аймағында сүтқоректілердің - 100, құстың
- 200, бауырымен жорғалаушылардың - 25, қосмекенділердің

- 6, балықтың - 75-ке жуық түрі бар. Омыртқасыз жәндіктер
(бунақденелілер, шаян, өрмекші тәрізділер, ұлулар, құрттар т.б.)
бұдан да көп. Тек бунақденелілер түрлерінің өзі 10-мыңнан асады.

Құрғақ дала аймағында өсімдік жамылғысының біршама сиреуі-
не және жердің игерілуіне байланысты дала жануарларының өкілдері

- тарбаған, ақ қоян, сұр тышқан, үйрек, қаз, кіші бозторғай, қара
бозторғай, дала бозторғайы тіршілік етеді.

Шоқылы аймақтарда даланың шақылдақ тышқаны кездеседі.
Дала зонасында суыр, дала тышқаны, дала шақылдағы сияқты жа-
нуарлармен қатар аққоян, сілеусін, елік, арқар мекендеген.

Өсімдік жамылғысы әркелкі шөлейт зонада - дала алақоржыны,
құмтышқан, сарытышқан, үлкен қосаяқ, шақылдақ тышқан, эвер-
сман аламаны, т.б. Жыртқыш құстардан - дала қыраны, құзғын,
қарақұс, ақсары, дала құладыны бар. Жыртқыш емес құстардан

- бозторғай, тасторғай, аққанат торғай, жасыл жадырақ, ақ
шақшақай т.б. Бауырмен жорғалаушылардан - кесіртке мен жылан-
дардың көп түрлері кездеседі. Кәсіпшілік мәні зор киіктер бар. Олар
Шұбар-Теңізден бастап Мойынты өзені аралығын жайлайды. Тау-
лардың баурай беткейлерінде сирек аңдар қатарына жататын арқар
мекендейді.

22 ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Фаунасы

Сазды және қиыршық

тасты шөл дала жануарлары-

нан бізден басқа жерде кез-
деспейтін ерекше түқымдас

өкілі - жалманды атап өткен

жөн. Ол тек Бетпақдалада,

Балқаш көлінің солтүстік

жағалауындағы кейбір

аудандарда ғана кездескен.

Ірі жануарлардан осы шөл

далада ақбөкен, қара

құйрық қыстайды. Мұнда құстан шіл, қылқұйрық, тырна, жек дуадақ,

сексеуіл жорға торғайы, айдарлы торғай, ақ бауыр және қара бауыр

бүлдырық кездеседі. Сексеуіл мен тобылғы тоғайларында қырғауыл,

сауысқан, қарға, сұр кекілік кездеседі. Түк аяқты қосаяқ, үшбашай-

лы ергежейлі қосаяқ, құм тышқаны, жіңішке башайлы саршұнақ,

ала жертесер, құм мысығы т.б. құм ішінде тіршілік етуге бейім-

делген. Құмайтты шөлде бірқатар кесіртке (жұмыр бас, ешкіемер),

жылан (оқ жылан, айдаһар, қара шұбар жылан т.б.) түрлері, дала

тасбақасы тараған. Өзен-көл аңғарындағы орман-тоғайларда елік,

жабайы шошқа, құм қоян, қырғауыл т.б. кездеседі.

Сарысудың қамыс қ ұ р т ы арасында жабайы шошқалар кез-

деседі. Жәндіктердің түрлері мен санының көптігі ерекше жай.

Бұлардың ішінде мал мен адамға қауіпті улы өрмекші тәрізділер

- қарақұрт, бүйі және құр шаяндары мекендейді.

Қазақстан республикасының Қызыл кітабына енген жануарлары

мен құстары: ақбас тырна, ақбауыр бұлдырақ, ақ құйрық қызғыш,

ақ тырна, ала жертесер, арқар, безгелдек, бес башайлы ергежейлі

қосаяқ, бүркіт, бұйра бірқазан, жалман, жорға дуадақ, жұқатұмсық

жылқышы, жыланбүркіт, кәдімгі қоқиқаз, қара ләйлек, қарақұйрық,

сабаншы, сұрбүркіт, сұңқылдақ аққу, тарғақ, ұзын құйрық ақиық,

үш башайлы ергежейлі қосаяқ, шұбар күзен ерекше қорғауға алын-

ды.

ӘДЕБИЕТТЕР:
Ф.Теміреева, С.Нұрсейтов. Жезказған қаласының географиясы, Алматы,
"Рауан", 1994 ж. Красная книга Казахской ССР, часть I., Изд-во "Наук Казах-
ской ССР", Алматы, 1981 г.

2233

ЖЕЗҚАЗҒАН энэцницкилколпоепдеидяиляылыққ анықтама

Халқы

ХАЛКЫ

Жезқазған қалалық торабына (агломерация) Жезқазған қаласы
мен үш селолық округ (Кеңгір, Талап, Малшыбай) енеді. Жезқазған
қаласы халқының саны жағынан облыс бойынша Қарағанды,
Теміртау қалаларынан кейінгі үшінші орынды иеленеді. 2004 жылғы 1
қаңтардағы мәлімет бойынша Жезқазған торабы халқының саны 95
166 адам, оның 90 363-і қала халқы, 4803-і ауыл халқы. 1989 жылғы
(107 053 адам) және 1999 жылғы (90 001 адам) санақ аралығында
Жезқазған қаласының халқы 17 052 адамға (15,1%-ға) азайды.
Халық санының азаюының басты себебі қоныс аударып кетушілердің
көбеюі болды. 1985 ж. жалпы республикада болған белсенді
миграциялық үрдіс Жезқазған қаласында да айқын байқалды. Осы
жылдардағы Германия, Израиль және басқа елдердің мемлекеттік
саясатының нәтижесінде қаладағы басқа ұлт өкілдерінің (әсіресе
орыс, неміс, еврей т.б.) Қазақстаннан, тіпті КСРО аумағынан тыс
елдерге қоныс аударуы бел алды. Жиырмасыншы ғасырдың 80-ші
жылдарындағы миграциялық қозғалыс көрінісі 30-60 жылдардағы
миграциялық көрініске қарама-қайшы болуымен ерекшеленеді.
Бұл оқиға табиғи өсімнің азайып, өлімнің көбеюімен тұспа тұс
келді. Көші-қон қозғалысы нәтижесінде жергілікті халық өкілдерін
басқа ұлт өкілдерімен салыстырғанда сан жағынан басымдылыққа
ие болды, қазақтардың ара салмағы өсті. 1994 ж. қаладан көшіп
кетушілердің саны ең жоғарғы көрсеткішке жетті - 6639 адам, қалаға
келгендер саны 2005 адам болды. Миграция сальдосы - 4634 адам.
1995 ж. қалаға республиканың басқа облыстарынан, ауылдан көшіп
келушілер есебінен эмиграция көрсеткіші азайды.

2004 ж. қалаға 2631 адам көшіп келді, 2644 адам көшіп кетті.
Миграция сальдосы 13 адам. Жезқазған халқы көп ұлтты. Жалпы
қала халқы саны 95 167 адамды құраса, оны 53 971-і қазақтар, 28
672-і орыстар, 4411-украиндар, 1557-і немістер, 1302-і татарлар,
1009-ы белорустар, 677-кәрістер, 242-і башқұрттар, 204-і шешендер,
131-і поляктар, 601-і әзербайжандар, 2390-ы басқа ұлт өкілдері (N1
кестені қараңыз).
N1 кесте

24 ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Халқы

Қала тұрғындарының 42 895-і еркектер (47,5%), 47 468-і
әйелдер (52,5%), ауыл халқының 2496-еркектер, 2307-і әйелдер.
1994 жылдан бастап туу коэффиценті төмендей бастады: 1993 ж.
15,4 болса, 2000 ж. 11,7 болды. Ал өлу коэффиценті, керісінше, өсті.
1991 ж. 6,9 болса, 2003 ж. 11,3 болды (№ 2 кестені қараңыз). Соңғы
жыпдардағы демографиялық көрсеткіш динамикасы халық санының
өсіміндегі оң өзгерістерді байқатады. 2004 жылдың басында 1424
туған нәресте, 1055 қайтыс болған адам тіркелді, табиғи өсім 369
адам болды.

N2 кесте

Жезқазған қаласы бойынша көрсеткіш

Пайд. әдеб: "Итоги переписи населения 1999 г. в РК" (Статистика
жөніндегі ҚР Агенттігінің дерегі); Қарағ. обл. Статистика жөніндегі
басқарма мәліметі; Жезқ. қалалық статистика жөніндегі комитет
мәліметі.

ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама 25

Тарихы

ТАРИХЫ

Бүгінгі Жезқазған мен оның іргесіндегі аудандар тұрған жердің
тарихы сонау көне замандардан бастау алады. Табиғи-климаттық
жағдайы және қазба байлықтарының молдығы, ертеден көшпелі
және жартылай көшпелі тайпалардың осы өңірді мекен етуіне
алғышарттар жасаған. Қазіргі Жезқазған қаласының Арқа төсіндегі
ірі өндіріс ошақтарының бірі ретінде қалыптасуы мен тарихтың сан
ғасырлы белестерінен өтіп, қала мәртебесіне ие болуы адамдардың
осы жерді өз мекеніне айналдырып, кен өндіріп, оны өз пайдасына
жаратқан кезеңінен басталады. Қала маңындағы ежелгі тас дәуірінің
ескерткіштері әлі зерттелмеген. Бұл аймақтағы ең ежелгі ескерткі-
штердің көрнектісі - қола дәуіріне жатады. Жезқазған - көптеген өзен-
дер мен олардың салалары ағып өтетін, төбешігі көп тастақты жерде
орналасқан. Кеңгір, Қаракеңгір, Сарыкеңгір, Жыланды сияқты өзен-
дердің бойында ежелден-ақ тайпалар қоныс тепкен. Археологтардың
зерттеуінше, осы аймақта неолиттік дәуірдің ескерткіштері - мәдени
кешенді құрайды. Жезқазған - далалық неолиттің дамуындағы ірі
тораптың бірі болды, одан кейін, кейінгі неолиттің негізінде Орталық
Қазақстандағы қола мәдениетінің пайда болуы мен қалыптасуының
орталық ошағына айналды. Б.з.д. V-IV мың жылдықта осы өңірде бір-
типті микролиттік мәдениет дамыды. Бұл мәдениет өзінің гүлденген
дәуірінен кейінгі неолит пен энеолитте (б.з.д. І\/-ІІІ мыңжылдық)
жетті. Неолит дәуірінің тұрақтарын алғаш 1946 ж. Жезқазған мыс
комбинатының геология бөлімінің қызметкерлері тапты. Жезқазған
аймағындағы Милықұдық, Кресто, Петрохолм, Раймунд, Карпиенс-
кий, Никольский, Анненскі, Ақши, Айнакөл, Златоуст, Беловский кен-
ді аудандарынан неолит дәуірінде жерленген адамдардың 8 обасы
табылды. Жерленген адамдар ұзынынан сол жақ қырымен шалқалай
жатқызылған. Шынтақтары бүгіліп, жоғары көтерілген, бас жағында
тастан жасалған құралдар қойылған. Бас жағы мен аяқ жағында

26 ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Тарихы

ертедегі адамдар "сиқырлы
күші" бар деп санаған
тотыққан малахит, лазурит-
тер қойылған. Бұл бейіт-
терде керамика мен сәндік
заттардың болмауы олардың
ежелгі дәуірге жататындығын
меңзейді. Сыртқы пішіні
Алтайдағы Афанасьев

қорымдарына ұқсас. Со-
нымен қатар Жезқазған
аумағында тұрақтардың 16
тобы анықталды: Милықұдық

(Жезқазған IX), Кресто-Солтүстік (Жезқазған VII), Кресто-Орталық
(Жезқазған VII), Петрохолм-Покровский (Жезқазған V), Раймунд-
Батыс (Жезқазған VI), Аннескі (Жезқазған XIV, XIII), Никольский
(Жезқазған XV), Айнакөл (Жезқазған XIII), Ақши (Жезқазған IV),
Спасск (Жезқазған III), Сорқұдық (Жезқазған I), Златоуст-Белов
(Жезқазған X), Қосқұдық (Жезқазған XI) т.б. тұрақтары. Жезқазған
аумағындағы неолиттік тұрақтардың басты ерекшелігі шақпақ тас
құралдардың басым болуы және керамиканың болмауы. Зерт-
теуші Н.В. Валукинскийдің пікірінше, сол дәуірдегі адамдардың
ыдыс-аяқтары малдың терілерінен жасалғандықтан бізге жетпеген.
Тұрақтар маңындағы ошақтарда қазба жұмыстарын жүргізгенде
ірі және кіші жануарлардың сүйектері табылды, яғни бұл неолит
дәуіріндегі адамдардың аңшылықпен айналысқандығын көрсетеді.
Табылған заттардың ішінде әр түрлі пішіндегі қырғыштар, жебенің
ұштары, пышақ пішіндес жұқа тастар, найзаның ұштары кезде-
седі. Шақпақ тастан жасалған құралдарды дайындауда түрлі-түсті
кварциттер пайдаланылған. Жезқазғандағы неолит дәуіріндегі
тұрақтардан барлығы 20 мыңнан аса тас құралдар жинап алынды.

Жезқазған және оның төңірегіндегі тас дәуірінің ескерткіштерін
қола мәдениетінің ескерткіштері байыта түседі. Қола дәуіріндегі
тайпалар отырықшы тіршілік кешіп, өзен бойларында қоныстанған
және жартылай жеркепелерде тұрған. Өзен бойындағы жердің
құнарлылығы, жайылым жерлердің молдығы мал шаруашылығының

және егіншіліктің дамуына
жағдай жасады. Тайпалардың
бір бөлігі кен өндіруді, одан
металды балқытып алуға
икемделе бастады. Кейін-
гі қола ғасырда тайпалар
өзен алқаптарынан жыраққа
кетіп, шаруашылықтарына
қажетті құдықтар қазып
алуды, су қоймаларын жасау-
ды меңгерген. Малшылар

ЖЕЗҚАЗҒАН 27

энциклопедиялық анықтама

Тарихы

табиғат жағдайын, жер рельефін ескере отырып өз үйлерін сала бас-
тады. Қазақтардың қыстауы тәріздес қола дәуір адамдары өздерінің
қоныстарын таулы жерлердің ықтасындарына салған. Қола дәуірінде
Жезқазған Орт. Қазақстандағы металлургияның орталығы ретін-
де экономикалық және мәдени маңызға ие болды. Жезқазғандық
қоныстардың ең ірілері - Кресто, Милықұдық, Айнакөл, Сорқұдық,
Златоуст. Осы сияқты, сол дәуірге тән Тасқұдық, Ақши, Құяман,
Талдысай елді мекендерінен де қола дәуірінінің тұрақтары табылды.
Аталған қоныстар Кеңгір және Жезді өзендерінің бойын қуалай оты-
рып бір-бірінен 3-тен 8-км дейін қашықтықта орналасқан. Андронов
және Беғазы-Дәндібай мәдениетіне (б.з.д. Х\/І!І-\/ІІІ ғ.ғ.) жататын
ескерткіштердің бұндай шоғырлануы осы өңірде тас дәуірінен тір-
шіліктің үзілмей жалғасқандығын дәлелдейді. Айбас-Дарасындағы
бейіттен табылған сирек кездесетін түтік тәрізді алтын білезіктің
табылуы б.з.д. I - ші мыңжылдықта осы өңірдегі сәндік бұйымдарды
жасау өнерінің жоғары дамығандығын көрсетеді. Діни-наным сенім-

дері мен бейнелеу өне-

рінің жәдігерлері Теректі-
әулие, Бұланты, Ұлытау,
Арғанаты, Шонабайдағы
тасқа қашап салынған
жан-жануарлардың бейне-
лері қ.д. мәдениетінің бір
көрінісі.
Қала маңы тарихының
келесі бір дәуірі қазақ
даласындағы алғашқы
көшпелілер мемлекетінің
пайда болуымен байла-
нысты. Б.з.д. VІІІ-ІІІ ғ.ғ.

аралығында өмір сүрген сақ тайпалық бірлестігінің қалдырған
Тасмола мәдениетінің іздері осы өңірде де сақталған. Ол "Мұртты
оба" түрінде кездеседі.
Орта ғасырлардағы осы өңір жөніндегі негізгі деректер араб са-
яхатшысы Әл-Ідірісидің "Китаб-Роджер" кітабы мен өзі жасаған "Су-
рат ал-Ард" картасында кездеседі. Орта ғасырда осы аймақта қала
мәдениеті өркендеді. Ол оғыздар мемлекетімен тікелей байланысты.
VІІІ-Х ғ.ғ. оғыз тайпаларының негізгі бөлігі Орт. Қазақстанда және
Солт. Арал өңірін қоныстанған. Оғыздар аты алғаш ежелгі түріктердің
руналық жазбаларында кездеседі, онда І-ші мыңжылдықтың екін-
ші жартысында олардың Оңт. Сібірден батысқа жылжығандығы
айтылған. Жергілікті тайпалармен қосылған соң, оғыздар бірлестігі
өмірге келді. Нәтижесінде Жезқазған-Ұлытау өңірі оғыз мемлекетінің
саяси орталығына айналды. Сол тұста Басқамыр, Нөгербек дарасы,
Хан-Ордасы сияқты қалалар мемлекеттің тірегіне айналды. Хғасырда
оғыздардың төменгі Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алып,
мемлекеттің астанасының Жаңакентке ауысуының нәтижесінде осы

28 ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Тарихы

еңірдегі қалалар өз маңызын жоғалтып, құлдырауға ұшырады. Ал,
ХIIІ ғасырдан бастап осы өңірдің саяси орталыққа айналуына байла-
нысты қалалардың дамуы орын алды. Бұл кезең Шыңғысхан импе-
риясының тарихи сахнаға шығуымен белгілі. Өз ұлысын балаларына
бөліп бергенде Шыңғысханның үлкен ұлына Дешті-Қыпшақ даласы
бұйырды. Зерттеушілердің пікірінше, Жошы-ханның астанасы - Орда
Базар қаласы осы Ұлытауда. Жошы өлген соң таққа отырған Бату
ханның да астанасы осы қалада орналасты. Ал, Батудың батысқа
жасаған жорығы нәтижесінде мемлекеттің астанасы Сарайшыққа
ауысып, Орда базар қаласы енді кеңейген Орда-Ежен ұлысының
астанасына айналды. Осы уақыттарда ортағасырлық араб-парсы
деректерінде Жезқазған-Ұлытау өңірінде Болған-Ана, Сарайлы, То-
райлы, Сарай, Талмас-Ата сияқты қалалардың болғандығы мәлім
болып отыр. Археолог-ғалымдарымыздың XX ғ. 90 жылдарындағы
жүргізген зерттеуперіне сүйенсек, жоғарыдағы қала-қоныстар
бүгінде Жошы-Ордасы, Болған-Ана, Белен-Ана, Аяққамыр, Шотқара
деп аталынады. Жошы ұлысының саяси орталығына айналған,
осы өңірде сол уақыттағы тарихи тұлғалардың аттарын иеленген
көптеген ескерткіштер шоғырланған. Атап айтсақ, Жошы хан маза-
ры, Аптын Ордаға билігін жүргізген Едігенің атымен аталатын Едіге
тауы, Орыс ханның немересі Барақ ханның атымен байланысты
Барақ көлін атауға болады.

ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы бұл өңір жөніндегі деректер өте аз.
Тек қана XVI ғ. жазылған "Үлкен Сызба кітабында" Сауық қаласы
туралы ғана айтылған. Ал, ел аузындағы деректерге қарағанда
Сауық - бастауын Ұлытау және Арғанаты тауларынан алатын Торғай
өзенінің ежелгі аты. Соған қарағанда XVI-XVII ғасырларда Жезқазған-
Ұлытау өңіріндегі отырықшы мәдениет құлдырауға ұшырап, көшпелі
халықтың тіршілік еткен даласына ғана айналған деп айта аламыз.

Қазақ хандықтары XVIII ғ. басынан-ақ, сыртқы саяси жағдайдың
одан әрі шиеленісуі туғызған аса ауыр халді басынан кешірді. Тәуке
хан руаралық қырқысты уақытша болса да тоқтатып, жүздерде
тыныштық орнатып, сол арқылы қазақ руларының қоныстарын
сырттан басып кіруден қауіпсіздендірді. Алайда билік үшін күрескен
сұлтандардың оқшаулануға ұмтылуы кеп кешікпей бірлікті бұзды,
оны көршілер пайдаланып қалды; оңт. батыстан Еділ қалмақтары
шапқыншылық жасады, солтүстіктен Сібір казактары шабуылға
шықты; Жайықтың арғы бетіндегі жерлерден башқұрттар дәмеленді;
оңт. жағынан қазақтарды Орта Азия хандықтары ығыстырды. Бірақ,
ең қатерлі қауіп шығыстағы күші басым Жоңғар хандығынан төнді.
1710-1711 ж. жоңғар әскерлерінің ірі күштері қазақ жеріне басып
кірді. Сыртқы жауға күшті біріктіру мақсатында 1710 ж. Қарақұмда
қазақ жүздері өкілдерінің үлкен жиналысы өтті. Қарақұм шағылдары
солт. және солт. шығыс Арал өңірінде үлкен аймақты алып жатыр.
Олар Ұлытау сілемдерінің өзіне дейін созылады. Бұл сиезге
барлық үш жүздің өкілдері, билер мен батырлар қатысты. Осы
жиында "Қалмақтардың езгісінен оларды қуып шығу арқылы құтылу"

29

ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Тарихы

ұйғарылды. Қазақ жасақтарына Бөгенбай батыр жетекші болып
сайланса, хан билігі Әбілхайырға берілді. Қазақстан тарихында
"Отан соғысы" деп бағаланып жүрген XVIII ғ. қазақ-жоңғар
соғыстарының негізгі ошақтарының бірі осы Жезқазған-Ұлытау өңірі
болды. Жоңғарлар осы ғасырдың 20-шы жылдарында қазақ жерінің
орасан көп бөлігін басып алды. Соғысушы жақтардың арасындағы,
шамамен алғандағы шекара Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас
өзендері арасындағы өңір болды. Қожаберген жыраудың айтуынша,
қазақтар ұрыса отырып шегінген, жасақтар Бетпақдала құмдарында
қуып келе жатқан жаудан қара үзіп кетіп, Таңбалытас ауданындағы
ұрыстарда оған тойтарыс берген, сөйтіп оны Сарысу өзені
жағасында қорғанысқа көшуге мәжбүр еткен. Ұлытаудың таулар
жүйесіне иелік ету қазақ-жоңғар соғысы барысында маңызды кезең
болды. "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" (1723-1730ж.ж.)
жылдарындағы аса маңызды шайқастардың бірі Ұлытау етегінде
өтті. 1728 ж. көктемінде Ұлытау етегіндегі Бұланты мен Білеуті өзен-
дері аралығындағы Қарасиыр деп аталатын жерде ірі шайқас болып,
қазақ жасақтары жеңіске жетті. Бұл Бұланты шайқасы қазақтардың
жеңіске деген орасан зор ерік-жігерін көрсетті. Қаракерей Қабан-
бай, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Бәсентин Малайсары, Тарақты
Ер Байғозы және т.б. Әбілхайыр хан мен Қанжығалы Бөгенбайдың
жалпы басшылығымен ынтымақты қимыл жасай отырып, қолды
ұрысқа бастады. Дархан ұстаның басшылық етуімен Ұлытауда қару
жасайтын шеберлер еңбек етті. Бұланты-Білеуті жеріндегі жеңістің
зор маңызы болды. XVIII ғ. 20 .жылдардың аяғына қарай жоңғарлар
Ұлытау аймағынан ығыстырылып шығарылды. Мұндағы соңғы тай-
талас Жақсықон өзенінің ағысына жапсарлас жатқан аудандағы
Қарамолда деген жердегі шайқас болды. Бүкіл аймаққа бұл
жер "Қалмаққырылған" деген атпен белгілі. Қазақ жасақтарының
Бұланты-Білеуті маңындағы жеңісі Аңырақай шайқасының табысқа
жетуін анықтап берді.

Орта жүздің көптеген билеушілері XVIII ғ. 30-40 ж. Ресей
бодандығын қабылдағанына қарамастан, олардың бағынуы нақты
болмады. XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басында Ресейдің отарлық саяса-
тының күшеюіне қарсы ұлт-азаттық көтерілістер етек алды. Әсіре-
се, Кенесары Қасымұлының азаттық үшін күресі (1837-1847ж.ж.)
Жезқазған-Ұлытау өңірін де қамтып, осы жерлер күрес орталығына
айналды. Мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы күреске
қатардағы егіншілер де, сұлтандар да тартылды. Кенесары ханның
жанында атақты халық батырлары: Ағыбай, Иман, Басығара, Аңғал,
Жанайдар, Жәуке, Сұраншы, Байсейіт, Жоламан, Бұқарбай және т.б.
болды. 1841ж. қыркүйегінде қазақтың үш жүзінің ықпалды билері,
сұлтандары К. Қасымұлын Ұлытау маңында ақ киізге көтеріп, қазақ
жерінің ханы етіп сайлады. Кенесары ханды екі жақтан қыспаққа
алып, Сарыарқаның сайын даласынан ығыстырып шығару үшін
Ор-Ырғыз-Торғай-Ұлытау бекіністер тізбегі салынды. Оған Орын-
бор генерал-губернаторының әскери министрге жазған қатынас

ЖЕЗҚАЗҒАН энцикЖлЕоЗпҚеАдЗиҒАяНлыэнқцикалнопыедқитялаымқ аанықтама

Тарихы

қағазында: "Қазақ даласындағы Орынбормен шекаралас Ұлытау
мен Арғанаты таулары бақылауға ыңғайсыздығына және жем-шөп
пен суы молдығына байланысты әрқашанда бұзақылардың, әсіресе
соңғы кездері Кенесары сұлтан мен оның сыбайластарының ордасы
болып отыр"-деп жазғаны дәлел. (Қ. Ахметов. Ұлы даланың Ұлытауы.
І-кітап, Омбы, 1999, 220 бет). Сөйтіп, 1843 ж. 8 наурызында әскери
кеңестің нұсқауына сай Сібір шебі казак әскерлерінің 2-ші полкы
осында көшіріліп әкелініп Ұлытау станицасының іргесі қаланды.
Әскери шептің келуімен бірге осы өңірге бақылау да күшейтілді.
Тек 1862 ж. 20 тамызда империяның әскери Кеңесінің шешімімен
Атбасар округінің Ұлытау станицасы таратылып, тұрғындары үлкен
Сандықтау көлі жанындағы Жабай өзені, Көкшетау мен Атбасар
арасындағы Сандықтау станицасына көшірілді. 1865 ж. Ұлытау
бекіністі бекеті мен Атбасардан Ұлытауға дейінгі бекеттер жабылды.
Деректерге қарағанда Ұлытауда 1861 ж. 239 казак отбасы орнала-
сыпты.

XIX ғ. соңғы ширегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық
дамуында бетбұрысты кезеңге айналды. Өңдеуші өнеркәсіптің
ұлғаюы, кен өндіретін өнеркәсіптің біршама тез дамуы, жаңа темір
жол, автокөлік жолдарының салынуы, урбанизация үрдісі, жұмысшы
табының қалыптасуы - осының бәрі жинақтап алғанда, әлеуметтік-
экономикалық факторлардың бүкіл жүйесінің өзгеруіне әкеп соғып,
Қазақстанды отар аймаққа айналдырды.

Қала тарихына қатысты алғашқы деректер осы өңірдің табиғат
кенін анықтау және зерттеуді мақсат етіп келген генерал фон Трау-
бенбергтің басшылығымен болған экспедиция құрамындағы капитан
Н.П. Рычковтың, Ресей ҒА-ның ұйымдастырған экспедицияларында
болған белгілі ғалымдар П. Паллас, И. Фальк, И. Георги, Б. Герман-
Набаков т.б. жазбаларында кездеседі.

Ресейдің қорғаныс істеріне қажеттілік жағдайына байланысты
металдарды шет аймақтардан іздеу XVIII ғ. соңы - XIX ғасырдың ба-
сында бұрынғыдан да қызу қолға алынды. Нәтижесінде 1813 жылы
Орынбордың әскери губернаторы князь Г.С. Волконскийдің ұйым-
дастыруымен болған экспедиция Ұлытау бекінісінің маңайындағы
Қараторғай өзенінің бойында бай күміс қоспалы қорғасын кені
бар Қорғасынтауды анықтады. 1815 жылдың мамыр айында пат-
ша үкіметінің арнаулы нұсқауымен Жезқазған өңіріне маркшейдер
М. Германның басшылығымен жаңа экспедиция жіберілді. Аталған
экспедиция жұмысында 500-ге дейін әр түрлі мамандықтағы
жұмысшылар жұмыс істеп, Қорғасынтаудан күніне 126-дан 837
пұтқа дейін кен өндірді. М. Германның экспедициясы, сонымен
бірге Қорғасынтаудан басқа, Қанша-Болған өзенінің жағасында
орналасқан Мыстау кенін ашты. Аталған кеніштен экспедиция 1 ап-
таның ішінде, Жезқазған өңірінде 100 пұттан артық кен қазып, пай-
далы қазбалардың 47 түрін тапты.

Тек XVIII ғ. соңғы ширегі XIX ғ. басында Қазақстан жеріне
ұйымдастырылған онға жуық экспедицияның көпшілігі Жезқазған

31

ЖЕ3ҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Тарихы

өңірінің жерасты кендерін зерттеуге бағытталды. Бұдан кейін де
орыс бай-көпестерінің осы өңірге деген қызығушылығы арта берді.
Солардың ішінде кәсіпкерлер С.И. Попов және Н. Ушаковтар бол-
ды. 1846 жылы Батыс-Сібір генерал-губернаторы П. Горчаковқа
жазған өтінішінде Н. Ушаков сол жылдың қараша айында Ұлытаудың
оңтүстік-шығысында 100 шақырым жердегі Жезқазған тауларына
келіп мыс кенін ашқандығын айтады. Ал 1847 ж. қараша айында
Н. Ушаков Жезқазған жерінде алты бай мыс кенін ашқанын ай-
тады. Олар: Покровск, Петропавловск, Златоустовск, Никольск,
Спасск, Крестодвиженск кен орындары еді. Одан басқа 1850 жылы
желтоқсанда Ұлытау бөктеріндегі Жанай, Есқұла бойында кен орын-
дары да Н. Ушаков бастаған кәсіпкерлер күшімен ашылды, бірақ
аталған кен орындарын игеру жұмыстары XX ғ. басында шетел
капиталы кіргенге дейін жүргізілмеді. Орыс көпестері ашылған кен
орындарын шетел кәсіпкерлеріне сатумен айналысты.

Жезқазған қаласы орналасқан аймақ XX ғ. басында әкімшілік-
территориялық жағынан Ақмола облысының Атбасар уезіне
бағынды. Аталған уезді мекендеген қазақтар Ресей отарларындағы
сияқты бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыр зардаптарын тартты.
Оның үстіне осы өңірдегі шұрайлы жерлерге Ресей аймағынан
шаруалар келіп қоныстана бастады. Қазақ даласына капиталистік
қатынастардың енуі жалданып жұмыс істеуші жұмысшылар мен
орыс шаруашылықтарында еңбек ететін қазақтарды қалыптастырды.
1913 ж. өлкенің барлық жер асты қазба байлықтарының иесі бо-
лып ірі шетелдік серіктестік Спасск мыс кеніштерінің акционерлік
қоғамы" саналды. Оның меншігіне Спасск мыс зауыты, Сарысу
байыту фабрикасы, Өспен, Жезқазған мыс кені, Байқоңыр көмір,
Қарсақбай мыс зауыты т.б. көшті. 1915-16 ж. АҚ-да барлығы 4257
адам еңбек етсе, оның 2993-і қазақтар болды. Жұмысшылар еңбегі
қаналды. Байқоңыр көмір кенішінде есепші болып жұмыс істеген
П. Холмецкий естелігінде: "Ағылшын әкімшілігі сол уақыттағы бар
мемлекеттік инспекциясының тарапынан бақылаудың болмауын
және өздерінің шалғайда жатқанын пайдаланып жұмысшылардың
тұрмысы мен еңбек жағдайын жақсартуға еш тырыспастан-ақ
оларды ең төменгі жұмысшы құқықтарынан айырды" - деп жазады.
(ҚРПМ, 811-қ, Т-6, іс-73). Осындай патша үкіметінің отарлық саяса-
тының қысымына және жұмыс берушінің тарапынан қанауға ұшы-
рауы жергілікті қазақтардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске
белсене қатысуына алғышарттар жасады. Патша үкіметінің 1916 ж,
25 маусым жарлығына сәйкес Атбасар уезінде қара жұмысқа алы-
натындар саны - 11 870 адам болды. Жалпы уезде сол тұста 126
ауылды құрап, 26 болыстыққа бөлінген, 98 274 адам мекендеген.
Қолына қару алып, үдере көтерілген қазақтар алғашқы кезде рулық
белгілеріне қарай біріге бастады. Арғын руының жігіттерін молда
Балақожа, Ж. Мырзақожин, X. Жаныбековтер ұйымдастырып, 800-
ге тарта сарбаз Жыланды тауына бекінді. Бағаналы руының жігіт-
терін Ж. Ниязбеков пен Ж. Құлжановтар ұйымдастырды. Жиылған

Тарихы
жұрт орталарынан Жырық руының танымал азаматы Қасқабаев Ха-
сенді хан сайлады. 7 мыңдай сарбаз атқа қонды. Атбасар уезіндегі
көтерілісті басу үшін полковник Иванов бастаған 2 рота жаяу әскер,
1 атты жүздік, 2 пулеметі бар жазалаушы әскер шықты. Ең ірі шайқас
1916 ж. 23 қыркүйекте Қаражарда өтті. Қазақ сарбаздары жеңіліс
тауып шегініп кетті. Республика көлеміндегі мұрағат қорында осы
өңірдегі қазақтардан қанша адамның қара жұмысқа алынғандығы
жөнінде дерек беретін құжаттар сақталмаған. Тізімге ілінгендердің
көбісі көтерілген сарбаздардың құрамында болды. 1917 ж. 8 ақпанда
Қазан әскери қолбасшысы А.Г. Сандецкий бас штабқа хабарлаған
ақпарында осы өңірдегі көтерілген қазақтардың әлі де қаруларын
тастамай, күресін жалғастыруда екендігін жазды. Ресейдегі 1917 ж.
ақпан төңкерісі ел ішіне үлкен қуаныш әкелді. 1917 ж.15 маусымда
X. Қасқабаев, X. Бекхожин, И. Төлеубаев, О. Жанайдаров т.б. Атба-
сар уезінің он бестей өкілдері Петербургтегі Мемлекеттік Думаның
атқарушы комитеті төрағасының атына жеделхат жөнелтіп, уақытша
өкіметті қолдайтындықтарын білдірді. 1917 ж. күзде Жезқазған-
Ұлытау төңірегіндегі халық үлкен жиын өткізіп, жаңа өкімет орнап,
тыныштық орнағанша Бағаналы хандығын таратпау жөнінде шешім
қабылдады. Осы өңірдегі сол уақыттағы саяси орталық саналған
Атбасар қаласында Ресейдегі сияқты билік үшін күрес жүріп жатқан
болатын. Бұнда 1918 ж. қаңтарда жұмысшы-шаруа депутаттары
Кеңесі құрылды. Төрағасы - П. Басов, орынбасары Ә. Майкөтов
болды. 1918 ж. 23 мамырда Омбыда Алашорда үкіметінің Атбасар
уездік атқару комитеті құрылды. Төрағасы - Ә. Жылқайдаров болды.
Өз алдына дербес саясат ұстанған Бағаналы хандығы Ақмешіттегі
Кеңес үкіметімен келісімге отырып, сауда-саттық күшейді. Ала-
шорданың Атбасар атқару комитетінің шешімімен Бағаналы болы-
сының жері "Бағаналы ауданы" болып, өзгертіліп, аудандық коми-
тет төрағасы болып X. Қасқабаев тағайындалды. Сонымен қатар
Орта арғын ауданы құрылып, аудандық комитет төрағасы болып С.
Дәрменов тағайындалды. Республика территориясындағы кеңес өкі-
метінің күшейіп, қызыл әскерлердің 1919 ж. 25-ші қазанда Петро-
павлды, 25-ші қарашада Ақмола, желтоқсанның басында Қарағамды
қалаларын басып алуы Алашорда өкіметі билігінің әлсіреуіне себеп
болды. Жұмысшы-шаруа депутаттары Түркістан ісі жөніндегі Кеңесі
1919 ж. 23 қарашада№ 684-і мандатты беріп, С. Шәріповты Оңтүстік
Атбасар уезінің 11 болысында, Қарсақбай, Байқоңыр өндіріс орын-
дарында Кеңес өкіметінің жергілікті билік орындарын ұйымдас-
тыру үшін жіберді. С. Шәріпов Қарсақбайға келіп, жиын өткізіп
Бағаналы хандығының таратылатындығын жариялап, аудандық
ревкомды құрды. Атбасар уездік ревкомының 1920 ж. 11.05. № 47
хаттамасымен Бағаналы аудандық ревкомының төрағасы болып
А. Оразбаев, мүшелері И. Тілеубаев, А. Жылқайдаров, М. Көтібаров,
А. Түксікбаев болып тағайындалды. Жезқазған мен Байқоңырда да
Кеңес үкіметінің жергілікті ұйымдары құрылды. Осы өңірдегі боль-
шевиктік бағыттағы И. Деев, П. Холмецкий, С. Перчаткин, А. Комис-

ЖЕ3ҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Тарихы

саров, Н. Саусақов, М. Васильев, И. Прокопьев, А. Вдовин т.б. кеңес
үкіметінің жұмыстарына белсене араласты.

Жергілікті халыққа кеңес өкіметінің алғашқы ызғары азық-түлік
салығын салумен сезілді. Халық Комитеті Кеңесінің 1919 ж. 11
қаңтардағы декреті бойынша азық-түлік салығы белгіленді. Осы
пәрменді жарлықты іске асыру ұшін 1920 ж. 21 қыркүйегінде іске
кіріскен Қазақ азық-түлік халкомы, Мәскеуден келіп түскен нұсқауға
сәйкес республикада азық-түлік дайындау ісіне басшылық жаса-
ды. Сөйтіп, 1920 ж. 20.10.-1921 ж. 10.09 аралығында тек Ақмола
губерниясы бойынша, 1 334 781 пұт ет дайындау жүктелді. Бұл
мал шаруашылығымен айналысатын қазақтарға ауыр соққы бол-
ды. 1920 ж. мәлімет бойынша Атбасар уезі 10,5% шаруашылықтың
ешқандай малы болмаса, 20,2% шаруашылықта 2 бас, 11,9%
шаруашылықта 3 бастан ғана мал болған. Көшпелі қазақтардың
аштыққа ұшырау қаупі төніп тұрса да қолындағы бар малын өзіне
жегізбей жоспарланған етті дайындауға алу мақсатында арнайы
бұйрықтар шығарылды. 1921 ж. 24 мамырда Атбасар ревкомы
төрағасының мәліметінде бұдан әрі салықты салуға болмайты-
нын, өйткені малдың 50%-ы қырылып қалғаны, ал қалғандарының
арық-тұрақ екенін айтқан өтінішін ешкім ескерген жоқ. Жоғарыдан
түскен жарлықты орындауда билік басындағылар елді күштеу әдіс-
теріне көшті. Бұған төзбеген халық қарулы қарсылыққа шығуға
мәжбүр болды. Осы өңірдегі 1921-22 ж.ж. халық бас көтеруінің
басында Торғай даласынан келген Кейкі Көкембаев жүрді. Оның
сарбаздарының саны 300-ден асты. Жергілікті билік басындағылар
"бандитизммен күрес" ұранын көтерді. Халық наразылығы күшпен
басылғанымен, елдің аштыққа ұшырауы жалғаса берді. Билік тек
ресми түрде 1932 ж. 18 мамырында ғана Ақмола губерниясы атқару

34 ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Тарихы

комитетінің шешімімен "Атбасар мен Ақмола уезіндегі оңтүстік
қазақ аудандары ашығуда" - деп мойындады. Осыдан кейін ғана
елге көмек көрсетіліп, жеңілдіктер жасалына бастады.

Жезқазған аймағындағы ағылшын иелігіндегі өнеркәсіптер жаңа
өкіметтің баса назар аударған саласы және мемлекеттің қорғаныс
қабілетін нығайтудағы стратегиялық орталықтардың бірі болды.
1918 ж. 17 мамырда РСФСР Хал. Ком. Кеңесі Жезқазған кеніші мен
Қарсақбай зауытын национализациялау туралы шешім қабылдады.
1923 ж. Жезқазған кеніші мен Қарсақбайда геологиялық барлау
жүргізіле бастады. 1925 ж. 10 маусымда Атбасар түсті металдар
тресі құрылды. 1926 ж. Атбасар тресінде геологиялық барлау
бөлімі, ізінше комбинаттың өзінде дербес геологиялық барлау
саласы ұйымдастырылды. Оны Қ. И. Сәтбаев басқарды. 1926 ж.
күзінде Қазақстан Өлкелік партия комитеті мен Қазақ АКСР үкіметі
Доссор мен Риддерде, Қарсақбайда жаңа аудандар ұйымдастыру
жөнінде қаулы қабылдады. Сөйтіп, 1927 ж. 10 қазаннан бастап
Қарсақбай ауданы Атбасар уезі құрамынан шығарылып, Сырдария
облысына берілді. Осы уақытта бұл ауданда 1 клуб үйі, 1 бала
бақшасы, 100 балалық екі бастауыш мектеп, 40 төсектік аурухана,
284 пәтерлік тұрғын үй, 5 жұмысшы жатақханасы болды. Аудан 18
әкімшілік ауылдық кеңеске бөлінді, 3 жұмысшы поселкесі болды.
Қала мәртебесін алып қалыптаспағандықтан Жезқазған бұл кезде
әкімшілік-аумақтық жағынан Қарсақбай ауданына қарайтын. 1926-
27 ж. оқу жылында ауданда 10 бастауыш мектеп жұмыс істеді. Халық
ағарту саласының осы кездегі ардагерлері: А. Сақабаев, С. Смай-
лов, М. Достәуров, т.б. Кеңес Одағы көлеміндегі сауатсыздықпен
күрес осы өңірде де жалғасын тапты. Қарсақбайда егде жастағы
адамдар үшін кешкі профтехкурстар, ал жастар үшін бригада-
лар жүйесіндегі оқулар ұйымдастырылды. 100-ге тарта қазақ
жастары Атбасар тресінің жолдамасымен Орал түсті металлургия
кәсіпорындарында өз біліктіліктерін көтеру үшін жіберілді. 1928 ж.
19 қазанда Қарсақбай зауыты іске қосылды. 1929 ж. 6 тамызында
Ленинград жұмысшыларының бастауымен "Бүкілодақтық индуст-
рияландыру" күні аталып өтті. Осы бастаманы қолдаған Қарсақбай
зауытының жұмысшылары "Жезқазған" таңбасы басылған 2447
тонна мыс өндірді. Аймақта байланыс жүйесі де қалпына келтіріліп
жұмыс істей бастады. Бірі - Жезқазған кенішінде, бірі - Байқоңырда
орналасқан екі почта бөлімшесі іске қосылды. Алғашқы байланысшы-
лар ретінде А. Ақшалов, Б. Қонысалдин, Қ. Жаңабатыровтарды
атауға болады. 1929 ж. күзде Қарсақбайда әуесқойлар театры
ашылды. Ұйымдастырушылар Жезқазған кен-барлау партиясының
жұмыскерлері ерлі-зайыпты Полшковтар еді.

Жергілікті халыққа социалистік қоғам жөнінде партияның саяса-
тын түсіндіруде, үгіт-насихат жүргізуде Кеңгір бойындағы ел ішінде
құрылған "Қызыл отау" үгіт көшінің жетекшісі, әрі сот К. Жәутіков
үлкен еңбек сіңірді. 1930 ж. қарсаңында Қарсақбай зауытының
басшылары жұмысшылар арасынан белсенді, екпінділерді іріктеп

ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Тарихы

арнайы жолдамамен ауыл шаруашылығындағы жауапты жұмыстарға
аттандырды. Байлардың мал-мүлкін тәркілеу науқаны аяқталысымен
өмірге келген мал серіктігі алғаш рет Қаракеңгірде ұйымдастырылды.
Қаракеңгірліктер арқа өңірінде бірінші болып Кеңгір өзенін бөгеп,
егіншілік кәсібімен шұғылдана бастады. Жартылай көшпелі ел
Қаракеңгір, Сарыкеңгір, Сарысу өзендері мен Ұлытау, Кішітаудың
кең қойнауларына, сондай-ақ Қарсақбай, Байқоңыр, Жезқазған
төңірегіне түпкілікті қоныстана бастады. Ауылдарда Кеңестік
мал серіктіктері жаппай құрыла бастады. Кеңгір бойында
ұйымдастырылған "Қызыл коммуна" ұжымдық шаруашылығы
(колхоз) халық тұрмысына елеулі көмек көрсетті. 1931 ж. 7 қараша
күні Қарсақбай ауданында екі газеттің "Қызыл кеншінің" (алғашқы
редакторы Ә. Тәжібаев) және "За медьтің" (редакторы Ф.М. Голо-
вин) алғашқы сандары жарық көрді. Бұл аудан халқы үшін зор саяси
және мәдени маңызы бар оқиға болды.

КСРО-да 1928 ж. басталған ұжымдастыру саясаты араға жыл
салып бүкіл Қазақстанды қамтыды. БКП(б) Қазөлкекомитетінің
1930 ж. күзде 350 мың шаруашылық ұжымдастыру жөніндегі
шешімін Қарсақбай аудандық комитеті басшылыққа алды. Ал 1930
ж. көктемінде 3300 га. егін егу, құрал жабдықтармен қамтамасыз
ету үшін 14 мың сом, 200 соқа бөлінді. Аудандағы бар 5 колхозға
қоса тағы 10 колхоз ұйымдастыру көзделді. Ауылдарға колхоздар-
ды ұйымдастыру үшін 15 бригада (45 адам) жіберілді. Барлығы
аудан бойынша 28 колхоз ұйымдастырылды. Ауылдарда ұжымдас-
тыру кезінде халықты қорқыту, күштеу саясаты етек алды. 1932 ж.
Қарсақбай аудандық партия комитетінің хатшысы Шиленков а.ш.
артельдерін құруды қолға алды. Бірақ, мал шаруашылығымен ай-
налысатын аудан халқының жағдайы қиындай берді. Күштеп ұжым-
дастырудың нәтижесінде мал басы қырылып, ел аштыққа ұшырады.
Аудандағы мал басының қысқаруын төмендегі кестеден кереміз:

Аштық пен әр түрлі жұқпалы аурудың нөтижесінде аудан
халқының саны азайды. 1930 ж. мәлімет бойынша, аудан халқының
саны 40532 болған. 1933 ж. қарай шаруа қожалықтарының саны 3483-
ке дейін, халықтың саны 15-18 мыңға дейін қысқарды. Ашаршылық
кезінде ата-анасынан айырылған жетім балаларға арналып 1933 ж.
Қарсақбайда тұңғыш балалар үйі ашылды.

36 ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Тарихы
30-шы жылдардың басында сол кездегі одақ көлемінде ір-

гелі өнеркәсіп аймағына айналған Жезқазған өңірінің мыс өнді-
ру кәсіпорындарын маман жұмысшы және инженер кадрлармен
қамтамасыз ету үлкен қарқынмен жүргізілу негізінде кадр мәселесі
шешілді. Өндіріс орындарында үш жарым мыңға жуық тұрақты
жұмысшы күші қалыптасты. XX ғ. 30-шы жылдардың басында Үлкен
Жезқазғанды игеру мәселесі көтерілді. 1931 ж. КСРО мыс өндіру
мен оны ауыр өнеркәсіпте пайдалану арасындағы айырмашылық,
яғни мыстың жетімсіздігі 23 мың тоннаға жетті. 1929 ж. 2 тамызында
Еңбек және Қорғаныс Кеңесі "Түстіметалл өнеркәсібінің даму
болашағы" туралы қаулы қабылдады. Даму болашағы зор аймақ
ретінде Қазақстан ерекше атап көрсетілді. Бұл жоспарды жүзеге
асыруда басты назар Жезқазған өлкесіне, жақында іске қосылған
Қарсақбай комбинатына аударылды. 1929 ж. Түстіметалл Бас
Басқармасы Қарсақбай комбинатының бесжылдық жоспарын
бекітті. Алайда қабылданған жоспар Қарсақбай комбинатының
мүмкіндігіне сай келмеді. Қарсақбай комбинатының өнімділігін
арттырып, жетілдіру туралы ауқымды шаралар белгіленгенімен,
Жезқазған өңірінің қазба байлығын толық көлемде игеруге оның
күші жеткіліксіз болды. Осы кезде Жезқазған комбинатын іске
қосу мәселесі көтерілді. Жезқазғанның болашағын тек жан-жақты
геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу арқылы ғана анықтауға
болатынын жақсы түсінген Қ. Сәтбаев бастаған геологтар тынымсыз
еңбек етті. 1931 ж. есепке алынған мыс кенінің қоры 2 млн. тонна-
дан асып кетті. Кен қоры жөнінен Жезқазған сол кезде "мыс алы-
бы" аталған Қоңырат кенішін (Балқаш), Орал, Башқұртстан, Орта
Азиядағы мыс кен орындарын артқа тастап, КСРО бойынша бірінші
орынға, ал Африкадағы Родезия, Катанби, Америка континентінде-
гі Чилиден кейінгі төртінші орынға шықты. Түстіметалл және алтын
Бас Басқармасы 1930 ж. өзінде Жезқазған мыс кенішінде жылдық
өнімділігі 25 мың т.мыс болатын жаңа комбинат салу жөнінде шешім
қабылдады. 1934 ж. Мәскеуде КСРО ҒА-ның КСРО Жоспарлау Ко-
митетінің, Түстіметалл Бас Басқармасы, ҚазКСР Халық Комитеті
Кеңесінің шешімдерімен Үлкен Жезқазғанның өзекті мәселелеріне
арналған КСРОҒА қазақстандық базасының ғылыми сессиясы бол-
ды. Бұл арнаулы сессияда да Жезқазғанның мол қазына байлығын
толықтай өндіру үшін мүмкіндігі көбірек, өнімділігі жоғары жаңа ком-
бинат салу қажет деген қорытынды шығарылды. 1936 ж. мамырын-
да Түстімет Бас Басқармасының арнайы комиссиясы Жезқазғанға
келіп комбинат салатын жерді анықтады. Құрылысқа қолайлы деп
Қарсақбайдан 58 шақырым жердегі алаң таңдап алынды. Ком-
бинат салынатын жер тек кәсіпорынға ғана емес, сонымен бірге
болашақ кеншілердің қалашығына да қолайлы болуы керек еді.
Келешекте бұл жерді тек өнеркәсіп орталығы ғана емес, әкімшілік-
басқару орталығына да айналдыру жоспарланды. Бірінші кезекте
жобалау, техникалық дайындық, құрылыстармен қатар жеткілікті
мөлшерде азық-түлік базасын, қосымша кәсіпорындарды, тұрғын

ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама _

Тарихы

үй, тұрмыстық мекемелерді комбинат құрылысы басталғанға дейін
әзірлеу көзделді. Алдын ала жүргізілген геологиялық зерттеулерге
сүйене отырып, мамандар су қоймасын Жезқазғаннан 25 шақырым
жердегі Кеңгір өзенінің жағасынан салуды жоспарлады. Қоймадағы
судың жылдық қоры 42 млн.куб.м. болатыны, ал өндіріс үшін жыл
сайын тек 25-30 млн куб. су кететіні анықталды. Салынуға тиісті
Жезқазған комбинатының құрамына Жезқазған мыс кеніштері,
байыту фабрикасы, мыс балқыту зауыты, ЖЭО, жөндеу механикалық
зауыты және басқа қосымша кәсіпорындар, екі қала кіруі тиіс болды.
Жалпы, комбинат құрылысын 1943 ж. аяқтау жоспарланды.

Ұлы Отан соғысына дейінгі жылдарда өздерінің ерен еңбектерімен
тарихта қалған жезқазғандық жұмысшыларды атауға болады: тұңғыш
металлург Б. Дәуітбаев, кран машинистері Б. Мәмбетов, Қ. Жан-
пейісов, М. Көккөзов, М. Жүсіпов, X. Байұзақов, С. Ахметов т.б.,
алғашқы темір жол машинистері Даяр, Шажай, Қасым Мырзатов-
тар, құрылысшылар Қ. Мәдиев, Б. Әбеуов, А. Сейітов, т.б. алғашқы
бесжылдықтың топтан озған екпінділері. Қала тарихында тұңғыш
рекордты 1935 ж. 22 қарашада бұрғышы Зияда Түсіпбаев жасады.
Бұдан кейінгі рекордты "қаракүш алыбы" атанған Ә. Жаңғабылов,
1 12 шахтаның бұрғышысы 3. Биболатов, А. Сафиндер жаңартты.
1937 ж. КСРО Жоғары Кеңесіне осы өңірден Б. Бақбергенов пен
А. Сафин депутат болып сайланды. Сонымен қатар мәдени өмірде
де елеулі өзгерістер болып жатты. 1935 ж. қазақтың өнері мен әде-
биетінің Мәскеуде өткен онкүндігіне осы өңірден халық ақындары
Т. Қалмағанбетов пен И. Жылқайдаров қатысты. Қазіргі Жезқазған
қаласының солтүстік-батысында 25 км жердегі Жезқазған кеніші
1937 ж. қала типті поселке мәртебесіне ие болды. 1938 ж. салынған
Жезқазған-Новорудная теміржол тармағы арқылы болашақ қала тір-
шілігі Қарағанды теміржолымен жалғасты. Сол жылы Кеңгір өзенінде
бөгеттің салынуына орай Кеңгір поселкесінің іргесі қаланды. Ол 1941 ж.
Үлкен Жезқазған қала типті поселкесіне айналды.

Сонымен 30-жылдардың аяғында Үлкен Жезқазған құрылысын
кең ауқымда жүргізуге негізгі алғышарттардың барлығы қалыптасты.
Бірақ, сол кездегі Кеңес өкіметінің ресми басшылығы ірі
құрылыстарға, өндіріс орындарына қажетті мыңдаған жұмыс күшінің
ақысыз, сұраусыз тегін табылатын жаңа жолы - ГУЛАГ жүйесін
құрған болатын. Үлкен Жезқазған құрылысы 1940 ж. 1 сәуірінен
бастап осы ГУЛАГ жүйесіне берілді. 50-і жылдардың аяғына дейін
алып құрылыс негізінен Степлаг сияқты азап лагерінде болған
тұтқындардың қолымен салынды.

Қала Ұлы Отан соғысында фашизмді жеңуге де айтарлықтай
өз үлесін қосты. Жалпы осы өңірден нақты қанша адамның әскер
қатарына шақырылғаны, оның қаншасы қайтып келмегені туралы де-
ректерсақталмаған. Майдан даласынан 10 500-дей жезқазғандықтар
оралмаған. Соғыстың алдындағы жылдарда Жезқазғанда Покро,
Петро, 31 және 32-ші шахталар қызу қарқынмен салына бастаған еді.
Олар 1941 ж. пайдалануға беріліп, Жезқазғанда 1942 ж. мыс өндіру

ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Тарихы

айтулы оқиғалардың бірі Кеңгір кенті аталған мекенге 1954 ж. 20
желтоқсанында қала мәртебесінің берілуі және оның Жезқазған
атын иеленуі болды. Жезқазған қала мәртебесін алғаннан кейін
оның басшылық құрылымы мен басшылары өз қызметтеріне кірісті.
1955 ж. 20 наурызда қалалық партия комитетінің І-ші пленумында
қалалық комитеттің бюросы және хатшылары сайланды. Әр жылдарда
хатшы қызметін төмендегілер атқарды: Саратов А.С. (03.1955-12.
1956 ж.); Закиров Р.К. (12.1956-02. 1960 ж.); Давыдов Н.Г. (02.1960-
03. 1969 ж.); Салықов К. (03.1969-03.1973 ж); Асылбеков О. (03.1973-
11.1985 ж); Сүлейменов Э.О. (11.1985-03.1990 ж.); Көпеев М.Ж.
(03.1990-1991 ж.); қалалық партия комитеті 1955-1973 ж. аралығында
Қарағанды облыстық партия комитетіне қараса, 1973 ж. 20 наурызда
Жезқазған облысының ашылуына байланысты осы облыстық партия
комитетіне қарады. Қалапық комитет өз қызметін 1991 ж. қыркүйегіне
дейін атқарды.

1954 ж. 20 желтоқсанда Жезқазған қала мәртебесін алғаннан
кейін еңбекшілер депутаттары қалалық Кеңесі сайланды. Бұл Кеңес
өзінің атқару комитетін, төрағасын, мүшелерін сайлады. Кеңес
дәуірінде осы қалалық атқару комитеті төрағалары болып: Бара-
нов А.Н. (18.03.1955-12.12.1956 ж.); Юровский Г.И. (12.12.1956-
27.05.1958 ж.); Жанасов Ж.Ж. (27.05.1958-17.03.1965 ж.); Мах-
мутов М. (17.03. 1965-31.03.1969 ж.); Иванченков Л.Н. (31.03.
1969-26.09.1972 ж.); Лейченков В.Т. (26.09.1972-27.02.1976 ж.);
Чуйков Ю.А. (27.02.1976-06.06.1981 ж.); Лавецкий В.И. (6.06.1981-
6.03,1985 ж.); Шатохин Г.И. (6.03.1985-27.12.1988 ж.); Рыбал-
кин Ю.Д. (15.01.1988-11.06.1990 ж.); Көпеев М.Ж. (20.03.1991-
26.06.1991 ж.) қызмет атқарды. Қалалық атқару комитеті ҚР
Үкіметінің 1.02.1992 ж. күшіне енген "Жергілікті өзін-өзі басқару
және жергілікті халық депутаттары Кеңесі туралы" заңына сәйкес өз
қызметін тоқтатты. Қалалық атқару комитетінің мұрагері Жезқазған
қалалық әкімшілігі құрылды. Оның төрағасы болып Қаленов Т.Қ.
(19.02.1992-18.01.1995 ж.) тағайындалды. 1995 ж. 30 тамызына
дейін қалалық әкімшілік "ҚР-нда әкім институтының енгізілуі туралы"
ҚР-ның Президентінің Жарлығына сәйкес 1995 ж. 5 қыркүйектен
бастап қалалық әкімдік деп аталды. Осы жарлыққа сәйкес қалалық
әкімшілік басшысының орнына қала әкімі тағайындалды. 1995 ж.
қаңтарынан 2005 ж. наурыз айына дейін Жезқазған қаласы әкімі
болып Ибаділдин Ж.И. қызмет атқарды. Соңынан бұл қызметке
Бейсенов А. Қ. тағайындалды.

Қаланың қарқындап өсу кезеңі 1970-80ж.ж. сәйкес келді. Халық
шаруашылығының жоспарларын орындаудағы жетістіктері үшін
қала 1974, 1976, 1978 ж.ж. Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық
комитетінің, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің, Қазақстан кәсіподақ
кеңесінің және ҚЛКЖО-ның Ауыспалы Қызыл Туымен марапатталды.

Қала экономикасы дамыды, енеркәсіп орындары: Қ.И. Сәтбаев
атындағы кен-металлургия комбинатының, мыс балқыту зауыты, кен
байыту фабрикасы, құю механикалық зауыты және тоқыма фаб-
рикасы, жылу электр орталығы, құрылыс монтаж трестері, тұрмыс

ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Тарихы

қажетін өтейтін комбинат, ет комбинаты, сыра, нан, сүт, кірпіш за-
уыттары жұмыс істеді.

1971-1978 ж.ж. аралығындағы өнеркәсіп өнімдерін шығару
қарқыны 17,5%-дан 39%-ға өсті. Еңбек өнімділігі 23%-дан 27%-
ға өсті. 1985 ж. ортасына қарай өнеркәсіп өнімінің көлемі қала
кәсіпорындарында жылына 600 млн.сомға ұлғайды. 1980-ші жылдар-
дың соңына қарай Жезқазған облыс бойынша өндірілетін өнеркәсіп
өнімдерінің жартысынан астамын шығарды. Мұнда одақ бойынша
өндірілетін мыстың 40%, күмістің 70%-ы шығарылды. Мыс зауыты
металлургия саласында техниканың ең соңғы жаңалықтарымен
жарақталған жоғары сапалы өнім беретін кәсіпорын. 1974 жылы
мыс зауытында жаңа рудатермикалық пеш іске қосылды. Тауар ай-
налымы ұлғайды. Қоғамдық тамақтандыру орындары, кәсіпорындар,
дүкендер көбейіп көлемі 1250 шаршы м. өсті. 1973-1993 жылдары 8
млрд. 285 млн. сомның негізгі қорлары іске қосылған, оның ішінде
өндірістік мақсаттағысы 6 млрд. сом болды.

Күрделі құрылыс осы жылдары ұлғая түсті. Осы бағытта көлемді
қаржы жұмсалып отырды. Жұмсалған 15 млрд.сомға жуық негізгі
қаржының 1,2 млрд.сомы тұрғын үй құрылысына жұмсалып, жалпы
8,9 млрд.сомның құрылыс-құрау жұмыстары жүргізілді. 70-ші жыл-
дары Жезқазған қаласында жыл сайын 50-55 мың шаршы м.-ден
кем болмайтын тұрғын үйлер салынып отырды. Осы жылдары 4,5,6-
шы шағын аудандар құрылыстары аяқталды. Тұрғын үй қоры 850
мың.кв.м. дейін жетті. Қалада әкімшілік ғимараттар, халыққа қызмет
көрсету мекемелері бой түзеді. Тұрмыстық қызмет үйі, "Орбита"
кинотеатры, "Жезқазған" қонақ үйі, мемлекеттік банк ғимараты,
байланыс үйі, кәсіподақтар кеңесі, тұтынушылар одағы, кеңес үйі,
саяси-мәдени ағарту үйі, "Жигули" автомашина жөндеу шеберхана-
сы, "Силуэт" ательесі, 1, 3,7,8 мектеп ғимараттары т.б. пайдалануға
берілді.

Қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында
көптеген шаралар жүзеге асырылды. Жаңа автобус маршруттары,
автомобиль жолдары, тұрақты әуе рейстері іске қосылды. 1977 жылы
Жезқазған-Мәскеуді байланыстыратын ТУ-154 тұрақты рейсі,
1983 ж. 3200 нөмірлік автоматты телефон станциясы, қалааралық
телефон байланыстары қайта жабдықталып іске қосылды. 1988-
1989ж. қалааралық телефон байланысының сыйымдылығы 180
каналға ұлғайтылды. Почта, телеграф жұмыстары күшейтілді. 80-ші
жылдардың соңына қарай қала тұрғындарына қызмет көрсетудің
600-ден астам түрі ұсынылды.

Халықтың денсаулығын көтеру алдыңғы орынға шықты. 70-ші
жылдары денсаулық саласына бөлінетін қаржы 5.302.000 сомды
құрады. Қалада әрбір 10 мың адамға 19 дәрігерден келді. 1988-
1989 ж.ж. еңбекшілердің денсаулығын жақсартуға 25 млн. сом
жұмсалды. Қалада 690 төсектік 3 аурухана, 6 емхана, 3 профилакто-
рия, әйелдер консультациясы, санитарлық-эпидемиологиялық стан-
ция, қалалық перзентхана жұмыс істеді. 1989 ж. облыстық аурухана

ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Тарихы

жанынан жаңа технологиямен жабдықталған ірі диагностикалық
орталық ашылды. 1983 жылдан бастап балаларға арналған арнайы
мамандандырылған емхана жұмыс істей бастады. Мұнда спорт са-
райы, стадион жұмыс істеп тұрды. 1984 ж. туристік фирма ашылды.
қала спортшылары 1985 ж, 1986 ж.ж. облыстық, республикалық жа-
рыстарда жақсы көрсеткіштерге жетті. Қалада "А" класс тобындағы
шеберлер командасы "Жезказганец" Қазақ ССР футбол федера-
циясының шешімімен құрылды. Сол сияқты "Купрум" спорт клубы
құрылды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарында да ілгерілеушілік байқалды.
70-ші жылдардың ортасында қалада әр салада 56 ғылым канди-
даты жұмыс істеді. Ғылыми конференциялар өткізілді. 1982 ж.
"Пайдалы қазбаларды кешенді пайдалану мәселесіне" арналған
республикалық ғылыми-техникалық конференция өтті. 1987 ж.
Жезқазған кен-металлургия комбинаты мен Жезқазған түсті метал-
дар ғылыми-өндірістік институты негізінде Жезқазған түсті металдар
ғылыми-өндірістік бірлестігі құрылды.

Қала мәдениеті қарқындап өсті. Мұнда 2 жоғары оқу орны:
педагогтік институт, Қарағанды политехникалық институтының фи-
лиалы, 5 арнаулы орта оқу орындары: медучилище, педучилище,
музыка училищесі, құрылыс техникумы, совхоз-техникумы, өнер
мектебі, филармония, мәдениет сарайы, театр, кітапханалар, "қазақ
тілі" қоғамы, клубтар, көркемөнерпаздар ансамбльдері жұмыс істеді.
"Жезқазған туы", "Жезказганская правда" газеттері шығарылып
тұрды. 1982 ж. қала тұрғындары 100 мың данадан астам газет
журналдарды жаздырып оқыды. Қалада облыстық ақындар айтысы,
жас музыканттар конкурсы, жастар форумы өткізілді. Жалпы білім
беретін мектептерден 16 мыңнан астам балалар білім алды, кәсіптік-
техникалық училищелерден 1500 жасөспірім мамандық алып шықты.
8500 жас бүлдіршіндер қаладағы бала-бақшалар, яслилерде
тәрбиеленді. 1000-нан астам мұғалімдер мен оқытушылар мектеп-
тер мен оқу орындарында сабақ берді. 10 мыңға жуық студенттер
мен жұмысшылар, қызметшілер, оқушылар көркемөнерпаздар
үйірмесіне қатысты. Қала халқы мәдени хабарларды Алматыдан
таратылатын теледидар бағдарламалары арқылы көре алды. 1989ж.
жезқазғандықтар "Наурыз" мерекесін тойлады.

70-ші жылдардан бастап халықтың рухани жағдайын жақсарту
мақсатында қалалық "Білім" қоғамы жұмыс істеді. Өндіріс, техника,
ғылымды дамытуға арналған лекциялар мен баяндамалар оқылды.
Құқықтық білім мен қоғамды дамытуға бағытталған ақпараттар на-
сихатталды.

Қайта құру жылдары Жезқазған қаласында түбегейлі өзгеріс-
тер шаруашылық-тұрмыс, қоғамдық-саяси, ғылыми-өндіріс са-
лаларында жүргізілді. "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" заңға
сәйкес кәсіпорындарда еңбекші ұжымдар Кеңесі құрылды. 60-қа
жуық кооперативтік қозғалыстар, "Тұрғын үй-91" бағдарламалары,
қазақ тілін үйренуге арналған 49 үйірме жұмыс істеді. 1988 жылы
Жезқазған түстіметалл ғылыми-өндірістік-бірлестігі түсті металлур-

42 ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Тарихы

гия кәсіпорындары арасында
алғаш рет толық шаруашылық
есепке көшіп, өзін-өзі
қаржыландыруға бағыт алды.
Мұндағы тауар өнімділігінің
жоспарлы көлемі 1986-1990
ж.ж. 11%-ға өсті.

XX ғ. 90 ж. басында тәуел-
сіздік алып, нарықтық қатынас
жолын таңдаған елімізде
көп өзгерістер орын алды.
Жезқазған қаласының әконо-
микасында өнеркәсіп жетек-
ші роль атқарды. «Жезқазғантүстімет" АҚ-ның негізінде құрылған
"Қазақмыс" корпорациясы республикадағы ірі өндіріс ошағы бо-
лып қала берді. 1992-1997 ж. тұрғын-үй коммуналдық реформасы
жүргізілді. Тұрғын үйлер жеке меншікке беріліп, пәтер иелері коопе-
ративтері құрылды (ПИК). Қаламызда орта және кіші бизнесті дамы-
ту қолға алынды. 1997-2000 ж. кейін сатып алуы үшін 94 бос қалған
нысандар жалға берілді. Сауда, тұрмыстық қызмет көрсету және
қоғамдық тамақтандыру саласында даму жандана түсті. 2000 ж.
маусымында Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында 262 дүкен, 6
базар, 5 сауда қатары, 431 дүңгіршек, 45 қоғамдық тамақтандыру
орындары, 26 шағын наубайхана, 71 тұрмыстық қызмет көрсету
кәсіпорындары жұмыс істеді. Қаланың аграрлық секторында 1996 ж.
аяғында "Агро" облыстық ассоциациясы 1250 шаруа және фермерлік
шаруашылықтарды біріктіріп, а.ш. өзгерістерге ұйтқы болды. 1995 ж.
қаладағы денсаулық саласында да реформалар жүргізілді. "Жүрек"
кардиологиялық орталығы, "Малютка", "Стоматология", "Қаратал",
"Дезинфекция", "Денсаупық сақтау" орталығы сияқты жеке мен-
шік дәрігерлік қызмет көрсету орталықтары ашылды. Отбасылық-
дәрігерлік амбулаториялар құрылды. 2000 ж. ортасында қалада 8
аурухана, 2 СЭС, 2 дәрігерлік жедел жәрдем станциясы, 5 емдеу-
профилактикалық мекемелері: 9 жекеменшік ОДА (СВА), аймақтық
қарттар үйі қызмет көрсетті. Білім беру саласында да оң өзгерістер
орын алды. 1996 ж. 4 қазанда қаладағы педагогикалық және тау-кен
институттары біріктіріліп, Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған уни-
верситеті құрылды. Қазақстан-Ресей қазіргі гуманитарлық универ-
ситетінің, Орталық Азия университетінің филиалдары, сол сияқты
11 орта мектеп, жеке меншік "Ұлағат", "Родник", "Ұлан" мектеп-
тері, "Плюс" лицейі, балалар үйі, интернаттар ашылды. Қалада 90-
шы жылдары мәдени қайта ерлеу белең алды. Корей, неміс, шешен
және ингуш, орыс мәдени-ұлттық орталықтары ашылды. Бұндай
ашылған орталықтардың барлық саны 7-еу болды. Дәстүрлі халық
өнерін жандандыруда "Ұлытау үні", "Байқоңыр үні" фестивальдері
ерекшеленді. Өз өнерлерімен республикада, шетелдерде "Мақпал",
"Шашу" ән-би ансамбльдері танылды. С. Қожамқұлов атындағы

ЖЕЗҚАЗҒАН знциклопедиялық анықтама

Тарихы
музыкапық-драма театр ұжымы да қала мақтанышына айналды.
Қапалық тарихи-археологиялық мұражай ұйымдастырған "Алтай-
Дунай" архео-этнологиялық экспедициясы Еуразия кеңістігіндегі
ертедегі көшпелілердің тарихи-мәдени құндылықтарын жаңғыртуға
өзіндік үлес қосты. Тарихи-сәулет өнерінің мұралары Алаша-хан,
Жошы-хан мазарлары күрделі жөндеулерден өткізілді.

Сонымен, 90-шы жылдары Жезқазғанда жаңа экономикалық
қатынастар, қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани
дамуындағы нарықтық жүйе нақты жетістіктерге жетті.

ӘДЕБИЕТТЕР: Маргулан А.Х. Сочинения. В 14-томах. Т-1. А. 1998.
Сәтбаев Қ.И. Таңдамалы еңбектері. А. 1968.
Садықов Т.С. Сарыарқаның мыс алыбы. Қарағанды. 1998.
Жұмабаева Ж.К. Жезқазған өлкесінің тарихы. (Оқу құралы). Жезқазған,
1998.
Пинегина Л., Федюкин С.А. Джезказган-город меди. А. 1996.
Большой Жезказган: становление, развитие, перспективы АО
"Жезказганцветмет" А. 1994.
Муканов У. Почетные граждане города Жезказгана. Жезказган, 2003.
Елеуов Т. Қазақ ауылында Совет үкіметінің орнауы және нығаюы. (1917-
1920). А. 1967.
Смаилов Ж.Е. Памятники археологии западной Сары-Арки. Балхаш. 1997.
Книга Большому чертежу. М. 1960.
Материалы по историй казахских ханств ХY-ХYІІІ вв. А. 1969.
Тизенгаузен В.Г. Сб.материалов относящихся к истории Золотой Орды. Т-1.
М. 1941

ЭКОНОМИКАСЫ

Жезқазған қаласы - түсті металлургияның орталығы болғандықтан
да оның экономикасының негізгі көрсеткіштері осы саламен тікелей
байланысты. Мәселен, өнеркәсіп өнімдерінің 96%-ы "Қазақмыс" корпо-
рациясының еншісінде. Корпорацияның басты өнімі катод мысы мен
мыс ширатпалары әлемдік стандарт талабына сай, сондықтан оны
дүниежүзінің көптеген елдері үлкен ықыласпен сатып алуда. Тәуелсіз
Қазақстан экономикасының алғашқы қалыптасу кезеңінде жұмыс
істеп тұрған кәсіпорындарды сақтап қалу мен әрі қарай дамыту үшін
инвестиция тартудың маңызды орын алғаны белгілі. Жезқазған мен
Сәтбаев қалаларының негізін құрап отырған "Жезқазғантүстіметалл"
ғылыми орталығы нарықтық экономикаға көшу кезеңінде (1993-
1994) бұрынғы жоспарлау жүйесі мен шаруашылықтық байланыстар-
дың үзілуіне байланысты күрделі жағдайды бастан өткерді. Соның
салдарынан 1995 ж. мыс өндіру көлемі екі есеге дейін төмендеп кетті.
Елбасы Н. Назарбаев белгілеген ұлттық экономиканы тұрақтандыру

44 ЖЕЗҚАЗҒАН знциклопедиялық анықтама

Экономикасы

және одан әрі көтеру жөніндегі стратегиялық бағдарламаға сәйкес
осы кезеңде республикамызға шетелдік инвесторлар келе бастаған
болатын. Жезқазған комбинатын басқаруға келген (маусым, 1995 ж.)
Оңтүстік Кореяның "Самсунг" фирмасы 5 жылға Үкіметпен келісім-шарт
жасасып, бұрынғы "Жезқазғантүстіметалл" ғылыми-өндірістік бірлес-
тігінің негізінде "Қазақмыс" корпорациясы құрылды. "Самсунг" фир-
масы корпорацияға (1995 ж.) 200 млн. АҚШ доллары көлемінде несие
бөлді. Осы қаржы қысқа мерзімде өндіріс жағдайын тұрақтандырып,
техникалық қайта жабдықтау ісін бастауға мүмкіндік берді. Бұл несиені
"Қазақмыс" корпорациясы 1998 ж. өзінде толықтай қайтарды.

Бүгінде "Қазақмыс" корпорациясы тек Жезқазған өңірінің ғана
емес. Қарағанды обл. экономикасының қалыпты дамуына зор үлес
қосып отырған, сапалық жағынан мүлдем жаңа тұрпатты кәсіпорын
болып табылады. Ондағы жоғары деңгейдегі менеджерлік жұмыс
жүйесі мен жоғары білікті мамандардың іс-қимылының ұштаса білуі
өндірісті барынша дамытуға жол ашты. "Қазақмыс" корпорация-
сының активтері (2002 ж.) салыстырмалы баға бойынша 4 есеге
ұлғайып, 900 млн. АҚШ долларынан асты.

Қазірде қаланың нақты әкономика секторы, импорт алмастыру
және шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламалары бар. Осыған
орай әкономиканың өріс алуына корпорация құрылымдарынан басқа
салалар да оң ықпалын тигізуде. 2003 ж. қорытындысы бойын-
ша (Сәтбаев қ-сын қоса есептегенде) 77 млрд. 756 млн. теңгенің
өнеркәсіп өнімдері шығарылды, жылу және электр энергиясын өнді-
ру ұлғайды, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 755,5 млн.
теңгені құрады. Алдындағы жылға қарағанда (2003) ет өндіру - 1,7%,
сүт - 8%, жұмыртқа - 56% өсті.

Даму бағдарламасына сәйкес 2003 ж. қала кәсіпорындары эко-
номиканы дамыту үшін 4 млрд. 150 млн. инвестиция құюды жос-
парласа, іс жүзінде 8 млрд. 251 млн. теңге қаржы игерілді. Оның
ішінде "Қазақмыс" корпорациясының үлесі 94,7% (тау-кен машина-

ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Экономикасы

ларын алу, байыту фабрикасы мен мыс заводын техникалық қайта
жарақтандыруға), "ЖезРЭК" АҚ қала экономикасына 75,7 млн. теңге,
"Балапан" АҚ 30 млн. теңге, "Надежность и долговечность" ЖШС 5,7
млн. теңге инвестиция салды. Жалпы кейінгі 7 жылдың ішінде инвес-
тицияның жылдық көлемі 3 млрд. 716 млн. теңгеден (1995) 8 млрд.
209 млн. (2002) теңгеге дейін өсті.

Импорт алмастыру өндірісін дамыту бағдарламасы шеңберінде
(2003ж.) жоспарланған 7 млрд. 712 млн. теңге орнына 8 млрд.
878 млн. теңгенің келісімдері жасалды. Бұл бағдарламаның
маңыздылығы сол, бұрын сырттан, шетелдерден алынып келген
жабдықтарды енді отандық кәсіпорындардың өзінде өндіруге жол
ашылды. Соның нәтижесінде Қарағанды обл. өзінде бұрын тоқтап
қалған бірнеше кәсіпорындар жұмысын қайтадан жандандырып,
жаңа жұмыс орындары ашылды. Мысалға, "Қазақмыс" корпорация-
сының қатысуымен Қарағанды қ-да кен үгітетін шарлар шығаратын
завод, керамикалық бұйымдар, кен ататын жарылғыштар цехы, Пав-
лодарда кабель өндіретін завод іске қосылды. Жыл сайын осындай
өндіріс орындарының қатары көбейе түсуде.

Жезқазған қаласының қаржы-экономикалық жағдайы ойдағыдай
дамуда. Жыл ішінде (2003 ж.) кәсіпорындардың кредиторлық
қарыздары 6 млрд. теңгеге жуық кемітілді. Бюджеттік мекемелер
мен коммуналдық кәсіпорындардың жалақы жөнінен қарыздары жоқ.
2003 ж. қаланың өндірістік-шаруашылықтық нысандары 43 млрд.
13 млн. теңге пайда алды. Жоспарланған 1600 орнына 1806 жаңа
жұмыс орындары ашылды. Оның 1541-і шағын бизнес салаларында
болса, 256-сы экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар ен-
шісіне жатады.

ӨНЕРКӘСІБІ. Жезқазған өңірінің дамуы оның қазба
байлықтарымен байланысты. 2002 ж. Жезқазғанда кен өндіру
көлемі 27 млн тоннаға жетті, 254 мың тонна мыс алынды. Қалада
18 ірі өнеркәсіп кәсіпорыны бар, олардың 2-і мемлекеттік меншікте,
қалғандары мемлекеттік емес меншік түрлерінде. Оларда 31500 адам
еңбек етеді. Қаланың негізін ұстап отырған ірі кәсіпорын "Қазақмыс"
корпорациясының құрамындағы Жезқазған кен-металлургия комби-
наты болып табылады. Ол кен өндіру кеніштерінен бастап байыту
фабрикасы, мыс қорыту және құю-механикалық заводтары, жылу-
электр орталығы, мыс ширатпасы заводы сияқты өнеркәсіптің ірі
кешендерін қамтиды. Жылына орта есеппен 75 млрд. 486 млн.
теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілсе, соның ішінде Жезқазғанның
басты енімі саналатын шақпақ мыс жылына 253 мың тонна (2003 ж.),
мыс ширатпасы 60 мың тонна көлемінде жөнелтілуде. Сондай-ақ
"Қазақмыс" кәсіпорындарында жылына 650 тоннаға дейін күміс,
5580 килоға дейін алтын өндіріледі. Қанаттас қос қаланың тұрғын үй
аумақтары мен өнеркәсіп аудандарын электр қуатымен жабдықтау 3
жоғары кернеулі желілер және Жезқазған ЖЭО арқылы жүзеге асы-
рылуда. Жылына (2003 ж.) 1120,5 млн. квт. сағат электр қуаты, 2100
мың Г калория жылу қуаты осы кәсіпорындар күшімен өндірілуде.

46 ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Экономикасы

"Жезқазғансирекмет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны ҚР
Үкіметінің қаулысымен (28.09.1995 ж.) құрылған маңызды құрылым.
Оның товарлы өнімі аммоний перренаты және осмий-187 изотопы
болып табылады. Әлемдік рынокта осмий өнімін өткізу оңай емес,
сондықтан да кәсіпорын құрылғаннан бері аммоний перренаты мен
рений қышқылын өткізуден түскен қаржыға өмір сүруде.

Қаланың тамақ өнеркәсібі саласындағы "Балапан", "Астық
өнімдері" АҚ, "Жезқазған-Сүт" ЖШС өнім өндіруде өзіндік орны
бар кәсіпорындар. "Арат" фирмасына қарасты "Жезқазған-Сүт"
ЖШС айран, қаймақ, ірімішік, жент сияқты 17 түрлі сүт өнімдерін
шығарады. Кәсіпорын жылына тұтынушыларға 81 млн. теңгенің
өнімін өткізіп, республикаға танымал "Фуд Мастер", "Балқаш-сүт"
сынды қуатты заводтардың бәсекесіне төтеп беруде. Ал, "Астық
өнімдері" акционерлік қоғамы жылына Ұлытау ауданы диқандарынан
15-16 мың тоннаға дейін астық қабылдап, Жезқазған мен Сәтбаев
қалалары тұрғындарын сапалы ұнмен қамтамасыз етуде. Сонымен
қатар онда құрама жем шығаратын ірі завод жұмыс істейді.

Жезқазғанның байланыс саласы да қазіргі заманға сай даму
үстінде. Қалада жаңа байланыс технологиясымен жабдықталған
алты АТС бар. Бүгінде Жезқ. қ-қ телекоммуникация дирекциясы
"Қазақтелеком" ААҚ филиалы - Қарағанды обл. дирекциясының
бөлімшесі болып табылады. Цифрлы халықаралық телефон канал-
дарының ұзындығы 46190 шақырым, жалпы пайдаланылатын 33453
телефон аппараты бар. Жылына (2002ж.) 474 млн. 629 мың теңге
көлемінде байланыс қызметі көрсетіледі.

КӨЛІК САЛАСЫ. Қаланың көлік қатынасын теміржол, автомобиль
және ішінара әуе көліктері қамтамасыз етеді. Көлік түрлері бір-бірін
толықтырып, дамып келеді. Жезқазған теміржол торабы вагон айна-
лымын арттырып, осы өңірге келетін жүкті түсіру және жөнелтілетін
тиеу көрсеткіштерін ойдағыдай жүзеге асыруда. Жезқ. әуежайынан
Алматы мен Астанаға ұшақтар ұшады. Қарағанды мен Қызылордаға
автобус тұрақты жүріп тұрады. Қала ішінде көпшілікке арналған
маршрутты автобустар мен таксилер қызмет көрсетеді. Қала ішін-
дегі 10 бағыт бойынша негізінен "ПАЗ" және "Газель" маркалы 90-ға
тарта автобус жүріп тұрады. Сонымен қатар "Қазақмыс" корпораци-
ясының 1 автокөлік кәсіпорнының "Икарус" автобустары өнеркәсіп
аймақтарын қаламен байланыстыратын бағыттар бойынша жолау-
шылар тасымалдаумен айналысады.

Асфальт көмкерілген қала жолдарының басым бөлігі 1969 ж.
салынған, ені 7,5 м. болатын, олар үшінші дәрежедегі жолға жа-
тады. Жалпы пайдаланудағы асфальт жолдың ұзындығы 122,1
шақырым. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының тарауына
байланысты (1996 ж.) "Қалажолқұрылысы" жалгерлік кәсіпорнының
базасында қала автожолдарын басқару жөніндегі коммуналдық
мемл. кәсіпорны құрылды. Осы мекеме жолды күтіп ұстау, ой-

ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Экономикасы

шұқырын жөндеу, сондай-ақ көшелерді көріктендіріп, көгалдандыру
жұмыстарын жүргізеді. Қазір де автомобиль жолдары өздерінің
амортизациялық пайдалану мерзімін 2 есеге жуық өткерді. 2002 ж.
қорытындысы бойынша барлық көлік түрлерімен 172 мың тонна жүк,
324828,6 шақырым-жолаушы тасымалданды.

ҚҰРЫЛЫС. Үлкен Жезқазған кентінде 1952 ж. 16 мың халық
тұрса, жалпы тұрғын үй алаңы 66441 шаршы м. ғана болатын.
"Қазмысқұрлыс" тресі (1951-1955 ж.ж.) өмірлік маңызы бар нысан-
дарды салумен айналысты. Байыту фабрикасы, ЖЭО, үй құрылысы
комбинаты және әлеуметтік ғимараттар осы трестің күшімен
тұрғызылды. 1970ж. трест жылына 80 мың шаршы м. дейін тұрғын
үй салып, пайдалануға берді. Жезқазған обл. болып құрылғаннан
кейін (1973 ж.) қанаттас екі қаладағы құрылыс ауқымы қанатын жая
түсті. Сол кезеңде 4-ші, 5-ші және 6-шы ықшам аудандар, олардағы
төрт балабақша, екі мектеп, қонақ үй, политех. институтының
жатақханалары, ішкі істер басқармасы, байланыс үйі, сот, проку-
ратура ғимараттары, саяси ағарту үйі, қазіргі әкімдік ғимараттары,
әуежай және көптеген басқа да құрылыстар айналдырған 7-8 жылда
(1985ж. дейін) салынып біткен еді. Нарықтық қатынастарға көшкен
соң (1996ж.) "Қазмысқұрылыс" тресі де тоқырап, тарап тынды.
Қазірде аса ауқымды емес құрылыс нысандарын шағын жекемен-
шік фирмалар жүргізуде. Олар көбінесе шағын бизнеске арналған
ғимараттар салуда. 2003 ж. қалада 8,38 мың шаршы м. тұрғын үй
пайдалануға берілді.

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ. Еңбекшілер депутаттары
қалалық Кеңесі атқару комитетінің коммуналдық шаруашылық
бөлімі 1959 ж. құрылып, Қарағанды облкомхозына бағынышты бол-
ды. Қалалық коммуналдық шаруашылықтың өндірістік құрылымында
(1970 ж.) жасыл құрылыс телімі, монша-кір жуу комбинаты, сантех-
тазалау базасы, анықтама-ақпарат бюросы, жерлеу рәсімі бюросы,
қалалық газ басқармасы, үй басқармасы, қонақ үйі бар болатын.
1975 ж. тұрғын үй қорының жалпы алаңы 76,5 мың шаршы м. болып,
пәтер саны 1563-ке жетті. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
саласында басталған (1995 ж.) реформа қазірде толық аяқталған.
Жезқ. қ-да 774 тұрғын үйді қамтитын (2003 ж.) 49 ПИК, 10 көп
қабатты үйде 10 кондоминиум құрылып жұмыс істейді.

Қаладағы жылу жүйелерінің жалпы ұзындығы 338,7 шақырым,
оның ішінде 57,6 шақырымы магистральдық, 281,1 шақырымы ор-
дар арасында. Су құбырлары жүйесі-289,5, канализация жүйесі 251
шақырым. Үш су көзі бар, олар - "Кессон", "Үйтас-Айдос", және
"Промышленный". "Кессон" су көзі 1964ж. пайдалануға берілген,
барлық 6 насосы жұмыс істейтін жағдайда. Үйтас-Айдос 1968ж.
пайдалануға берілген, 20 скважинадан су 20 насос арқылы беріледі.
"Промышленный" су көзінен су өндірістік аймаққа жіберіледі.

48

ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама

Экономикасы

Қаланы электрмен жабдықтау 3 жоғары кернеулі желілер және
Жезқазған ЖЭО арқылы жүзеге асырылады. ЖЭО 217 мВт. электр
қуатын, сағатына 410 гекокалория жылу өндіреді. Тұрғын үйлер мен
әлеуметтік салаларды электрмен жабдықтау үшін (1996ж.) "Горэлек-
тросеть" АҚ құрылған, ол келісімшарт арқылы Жезқазған ЖЭО-нан
35 кВ жоғары кернеулі алты желі арқылы электр қуатын алады. "Гор-
электросеть" АҚ балансында 348,9 шақырымдық жоғары кернеулі
желі, 15 кіші станция бар. Трансформаторлардың жиынтық қуаты
383,4 кВА.

ЖЭО арқылы қалаға жылу, ыстық су беріледі және желдеткіш
жүйелері қамтамасыз етіледі. Жылу қуаты ыстық су түрінде қаланың
негізгі үш құбыры және "Қазақмыс" корпорациясы өнеркәсіптік
кәсіпорындарының екі құбыры арқылы жіберіледі. Жылу қуатын
және шаруашылық-ауызсу беру, ағынды суларды бөлу, қаланың
инженерлік желілерін күтіп ұстау үшін "Жылумен-сумен жабдықтау
кәсіпорны" ААҚ құрылған. Қаланың қатты қоқыс қалдықтарын та-
сымалдау және қоқыс төгетін орынды күтімге алу жұмыстарымен
2002 ж. бері "Қазақмыс" корпорациясының автокелік кәсіпорны
айналысуда.

ШАҒЫН және ОРТА БИЗНЕС. Қалада шағын және орта биз-
несті дамытуға зор қөңіл бөлінуде. ҚР Президентінің (6.03.1997ж.)
"Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетуді және
оны жандандыруды күшейту женіндегі шаралар туралы" Жарлығына
сәйкес көптеген жұмыстар жүргізілген. Жезқазғанда (1.06.2004ж.)
3491 шағын кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейтін болса, оның 664-і
заңды және 2827-і жеке тұлғалар. Бұл салада 2003 ж. 7893 адам
еңбек етсе, 2004 ж. кәсіпкерлікпен айналысушылар саны 8679-ға
жетті. Еңбекке жарамды тұрғындардың 15,8% осы сала үлесінде.
Олардың өткізген өнімдері мен көрсеткен қызметтерінен 2004 ж.
бірінші жарты жылдығында 1387,8 млн. теңге кіріс түскен. Сондай-
ақ осы мерзімде шағын кәсіпкерлік нысандарынан бюджетке түскен
төлем көлемі 209,3 млн. теңге болды. Шағын бизнес салаларында
431 жұмыс орны ашылған.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың 54-і өнеркәсіп өндірісі-
мен, оның ішінде 8-і ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен, 52-і
құрылыспен, 500-ге жуығы сауда және қызмет көрсету ісімен
шұғылданады. Бүкіл қала тұрғындарының азық-түлікке және киім-
кешек пен өнеркәсіптік товарларға деген сұраныстарын толықтай
осы шағын кәсіпкерлікпен айналысушылар өтеп отыр. Әрқайсысы
300-400 орындық үш базар бар, олар "Нарық", "Шаруа" және "Ме-
рей" сауда орталықтары деп аталады. Қаладағы ірі фирмалар мен
ілкімді бизнесмендер қатарында "Самға" ЖШС (директоры А. Бай-
ділдаев), "Юникс" ЖШС (директоры С. Сурнин), "Нұртай" фирма-
сы (директоры Қ. Ділдебаев), "С-Мұнай" фирмасы (С. Сейілов),
"Дәулетбаева" ЖК (директоры Ф. Дәулетбаева) сияқтыларды атауға
болады. Несие алу жолымен ашылып, өз өндірісін жолға қоя білген

ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық 49

анықтама

Экономикасы

"БАТТ-Ботлерс" ЖШС шығаратын "Ұлытау" ауызсуы қазір республи-
ка көлемінде сұранысқа ие.

Бір кездегі облыстық сауда басқармасы және асханалар мен
ресторандар тресінің атқаратын қызметі бүгінде шағын және орта
бизнес салаларының міндетіне көшкен. 2003 ж. өзінде 3 мың шар-
шы м. жуық сауда алаңдары қайта жаңғыртылып немесе жаңадан
салынған, 304 орындық 7 қоғамдық тамақтандыру орны іске
қосылған. Сауда мен мейрамхана бизнесінен (2003) бюджетке 318,2
млн. теңге түсіпті. Жезқазған қ-да "ЦУМ", "Мечта", "Самади", "Гранд
Стивал", "Нұр", "Престиж" және басқа да бірінші деңгейлі дүкендер
тұтынушылар талабына сай қызмет көрсетеді.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Қазақстанның барлық қалаларынан
Жезқазғанның бір ерекшелігі , оның аумақтық бөлінісіне 3 селолық
округ қарайды. Олар - қаладан 9 шақырым қашықтықтағы Кеңгір,
20 шақырым жердегі Талап және 70 шақырым Малшыбай ауыл-
дары. Алғашқыда бұл селолар Жезқ. кен-металлургия комби-
натының қосалқы шаруашылықтары ретінде құрылған. Қазірде
қосалқы шаруашылық жабылған, оның негізінде жекеменшік шаруа
қожалықтары даму үстінде. Кеңгір селосындағы бұрынғы құс фаб-
рикасы акционерлік қоғам ретінде жұмыс істейді. Қала аумағында
(1.01.2004) 9 мың бас ірі қара, 21,3 мың қой-ешкі, 1600 жылқы,
4200 шошқа, 191 мың құс өсірілуде. 2003 ж. 1197 тонна ет, 5,2 мың
тонна сүт, 14,9 мың дана жұмыртқа алынған. Сондай-ақ селоларда
картоп, көкөніс елеулі мөлшерде өсіріліп, қала сауда орындарында
сатылады. Жоғарыда аталған үш село қала тұрғындарының а. шар-
ғы өнімдеріне деген орташа сұранысының үштен бірін қамтамасыз
ете алады. Сонымен қатар қала базарлары Ұлытау және Жаңаарқа
аудандары шаруа қожалықтары өндірген өнімдермен де ішінара
толығып отырады.

Жезқазған аймағында (2004 ж.) 205 шаруа қожалығы тіркелген.
Таратып айтқанда оның 23-і Жезқазғанда, Кеңгірде - 74, Талап-
та - 33, Малшыбайда - 135. Олардың қарамағында 281,6 мың га.
а.шаруашылығы жайылымдық жері, 246,5 га. жыртылған алқап бар.

Селоға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында 2001ж. бастап
обл. бюджеттен жеңілдетілген несие беру жүзеге асырылды. 111
шаруа қожалығы (2001-2003) 231 млн. 144,6 млн. теңге несие алды.
Село тұрғындарына шағын несие беретін "МКО ДОС 1 С" сияқты
ұйым құрылған. "Жезқазған-Сүт" ЖШС Ұлытау және Талап селола-
рында қабылдау пунктін ашу арқылы сүт өнімдерін көбейтпекші.

А. шаруашылығын дамытудың көкжиектерімен қатар проблема-
лары да бар. Кеңес заманында Талапта Жезқ. кеңшар-техникумы
ұйымдастырылып, 3 мың га. алқапты суаратын ондаған шақырымға
созылған үлкен суару жүйесі салынған болатын. Кейін ол иесіздік-
ке ұшырап, жұмыс істемей қалды. Бұл жерде көзін тапса картоп,
көкөніс және бақша өнімдерін өсіріп, сүт пен ет өндіруді көбейту
мүмкіндіктері бар. Жезқ. аймағы үшін жылқы санын көбейту де

50 ЖЕ3ҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама


Click to View FlipBook Version